АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Желдеткіштер

Читайте также:
  1. Дефрагментациялау
  2. КЭШ – жады
  3. Орауын шешу

Компьютердегі желдеткіштің міндеті – әртүрлі құрылғыларды салқындату, жүйелік блоктан немесе қоректену жүйесінен ауаны айдау және шығару. Штаттық режимде жұмыс істей отырып, олар барлық жүйенің жалпы температуралық қалпын қамтамасыз етеді. Сондықтан әрбір желдеткіштің жұмыс істеуін қадағалау керек.

Желдеткіш «босаңқырай» бастағанда аз жиілікті шу немесе діріл пайда болады. Мұнда жүйеден шығатын шудың көп шығатындығы ғана айтылмайды, бірақ бірте-бірте температуралық режимнің бұзылуына және тіпті құрылғылардың істен шығуына әкеліп соғады. Әсіресе, бұл қоректену блогына, процессорға және бейнекартаға қатысы бар.

 

 

2.5-сурет.Желдеткіштер

 

Мұндай жағдайды болдырмас үшін, желдеткішке жүйелі тазарту жүргізу керек.

Желдеткіште ерте не кеш ақаулар пайда болады. Бұл құраушының істен шығуымен қатар басқада факторларға байланысты. Мысалы, компьютерді қате қоректендірумен немесе бөлменің қатты ластануымен байланысты, желдеткіш әртүрлі дыбыстар шығара бастайды немесе тоқтап қалады. Бұл өз кезегінде процессордың дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді. Желдеткіштің дұрыс жұмыс жасамауынан компьютер «тұрып қалады».

Компьютерде орнатылған желдеткіштердің саны әртүрлі болуы мүмкін. Ең аз дегенде процессордағы және бейнекартадағы кулер, қоректену жүйесіндегі желдеткіш болу керек. Қораптың әртүрлі бөліктерінде орналастырылған қосымша желдеткіштер де қолданылуы мүмкін. Олар тек көлемімен, сымға қосылу тәсілімен немесе қоректену мөлшерімен ерекшеленеді.

Ережеге сай, компьютерде орнатылған желдеткіштер үлкен айналымды болып келеді. Айналудың үлкен жылдамдығы уақыт өте келе желдеткіштін майының кеуіп кетуіне әкеліп соғады, нәтижесінде дыбыстың жәй жиілігі пайда болып қана қоймай, сонымен қатар айналу жылдамдығы кемиді немесе желдеткіштің тұрақсыз айналуы басталады. Бұған қоса өзінің «қара қызметін» желдеткіштің ішіне кіріп кеткен шаң-тозаң жүзеге асырады.

Егер осындай жағдайға тап болсақ, желдеткішті шаңнан тазартып және оны арнайы маймен майлау керек.

 

2.6-сурет.Процессорға ілетін кулер

 

Ең бірінші іс-желдеткішті ағыту керек. Қай жерде орналасқанына қарай, ол әртүрлі тәсілмен ағытылуы мүмкін. Егер желдеткіш қоректену блогында, жүйелік тақшасында, жетектердің біреуінде тұрған болса, оны ағыту қиын емес. Ол үшін оны ұстап тұрған бұранданы бұрап алу керек.

Егер желдеткіш радиаторда орналасқан болса (процессор немесе графикалық процессорда), онда оны радиатордан шешіп алу керек. Ережеге сай, желдеткіш оған төрт кішкентай бұрандамен бекітіледі. Оны шешіп немесе ағытып алып, одан қоректену блогын сөндіруді ұмытпай желдеткішті алу керек.

Ескеретін жай, желдеткіш кулердің құрылымы мен қиындығына қарай басқалай да орналастырылуы мүмкін.

Желдеткіш қалақшасын шаңнан тазарту үшін спиртке малынып алынған мақталы таяқшаны қолдануға болады. Егер желдеткіш көптен бері тазартылмаған болса, онда оның үстіне шаң көп тұрып қалуы, тіпті қатқыл қабықша болып қатып қалуы мүмкін. Сондықтан оны кетіру үшін азғана күш салуға да болады.

Қалақшадағы шаңды ұяшықтан алмай-ақ тазарта аламыз. Бірақ, желдеткішті майлау үшін оны бәрібір алуға тура келеді.

Желдеткіштің ұяшығының төменгі жағында (кейде жоғарғы жағында), астында қатты механизм тұратын жабыстырма бар. Қалақша желдеткіштің ұяшығында тұруы үшін, оның темір табанының аяқталған жерінде сақина тәрізді тесік бар.

Оны ұяшыққа салғаннан кейін, осы тесікке қалақша ұстап тұратын пластикалық, кейде темір шайба кигізіледі.

Шайба қалақшаның тесігіне қатты кіріп тұратындықтан оны алу қиынға соғады. Жіңішке түйрегіші бар қысқышпен, қалың инемен түйреп, сосын қысқышпен іліп алуға болады. Осыдан кейін қалақшаны тартып алуға жол ашылады.

Спиртке малынып алынған мақталы таяқшаны алып ұяшықтың ішкі бөлігін сүрту керек. Қалақша арнайы тесікке орналастырылады және оны майлау керек. Майлау үшін белгілі бір жабысқақтығы бар арнайы май қолданылады.

Мұндай май жылуға төзімді болып келеді, ол желдеткішті орнықты ұстап тұрады және діріл пайда болуына жол бермейді. Уақыт өте келе, әрине, май өзінің қасиетін жоғалтады және тағы да шу пайда болады, бірақ бұл әдісті қайталауға болады.

Осылайша, майды қалақшаның белдігіне жағып, оны өз орнына қою керек. Осыдан кейін қалақшада май біркелкі таралу үшін бірнеше рет айналдыру қажет.

Нәтижесінде қалақшаның кигізілген жерінен айнала май шығуы мүмкін, оны сүртіп алу керек. Осыдан кейін тіреуіш шайбаны орналастырып, жапсырманы жапсырамыз.

Осымен желдеткішті тазалауды аяқтауға болады. Желдеткішті өз орнына орналастырып, қоректенуді қосқаннан кейін компьютерді қосып, жұмыс нәтижесін көруге болады.

Жүйелік блоктың әрбір желдеткішін тап осылайша тазартуға болады немесе жаңадан желдеткіш сатып алып (немесе кулер), ескісінің орнына орналастыруға болады.

Жүйелік блокты шаңнан тазарту

Жүйелік блок – компьютердің жұмысына жауап беретін құраушылардың қоры. Мұнда жүйелік тақша, графикалық бейімдеуіш, жинақтауыштар, қоректену блок, желдеткіштер, көптеген біріктіруші сымдар мен шлейфтер және т.б. орналасқан. Мұнда ауа және желдеткіш арқылы кірген бірталай шаңды көруге болады.

Осындай жағдайда микроклимат пайда болады. Бұл микроклимат қанша қауіп төндірсе, сонша жүйенің жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Сондықтан да, компьютерді ұзаққа пайдалану үшін әртүрлі тәсілді қолданып, күресу қажет.

Шаң – тек қана адамның басты жауы ғана емес, әр механикалық және электрондық құрылғының жауы. Шаңнан компьютер де зардап шегеді және оны қалпына келтіру мүмкін емес.

Шаңның ұсақ түйіршіктері ең кішкентай қуысқа кіріп, механизмдердің бөлшектерін тоздырады. Үлкен көлемді шаң ылғалды ауамен бірге лакпен қорғалмаған баспа тақталардың электрондық құраушылардың арасында ауытқуларды тудырады. Сонымен қатар, барлық қуыстарға кіріп, компьютердің жұмысының тоқтап қалуына немесе қайта жүктеуге тура келетін жағдай тудырады.

Әртүрлі желдеткіштер басты шаң жинақтауыштар болып табылады. Компьютердің артқы (алдыңғы, жанындағы) тақтадан ауаны тартуы өте күшті. Тәулік ішінде желдеткіш бірталай шаңды тартады. Сол шаңдар оның бөлшектері мен сымдарына қонады.

Қатқыл дискімен одан да қиын жағдай. Бір ұсақ шаңның өзі қатқыл дискіге кірген кезде үлкен зиян келтіруі мүмкін. Әрине, өндірушілер винчестердің шаңды ортада жұмыс жасайтындай мүмкін болатын сүзгілерді ойлап табады.

Шаңмен күресудің жолдары өте қарапайым: компьютер мен бөлменің жиі профилактикасы және компьютерді тазалау. Сонымен қатар, төмендегі мына қарапайым ережелерді сақтау қажет:

1. Бөлменің еденін, терезелерін, компьютерлік үстелді таза ұстау;

2. Компьютердің артқы жағы ашық қалмағаны жөн. Бұл жағдай қақпақшаларды бұрап сындырудан пайда болады. Оларды жабу үшін комплектке кіретін ауыстырмалы қақпақшаларды қолдану қажет. Егер олар болмаса, сервистік орталыққа барып алуға болады.

3. Желдеткіш пен қораптың ішкі құрылысын жиі тазалап тұру. Қораптың ішкі құрылысын жай шаңсорғышпен тазалауға болады. Ең бастысы қоректендіру блоктың шаңын тазарту.

4. Қорап, монитор, тінтуір, пернетақта, принтер, сканер және басқа да құрылғылар уақыт өткен сайын ластанып, сарғаяды. Сондықтанда, олардың үстін сүртіп тұру қажет. Ол үшін жай сабынды суды қолдануға болады. Бірақ, сабынды су сарғыш пен желімді кетірмейді. Ол үшін әртүрлі антистатиктер, спрейлер, гельдер, салфеткалар және т.б. компьютердің құрылғыларын тазартуға қолдануға болады.

Жоғарыда айтылған ережелерді сақтау барысында, компьютердің өмірін ұзарта аламыз.

 

Құрылғыларды қолайлы орналастыру

Жүйелік блоктің ішінде орналасқан әр құрылғы температураның тепе-теңдігіне өз үлестерін қосып отырады. Бір құрылғы температураны ұлғайтса, басқалары оны түсіріп, қажетті тепе-теңдік жасайды. Егер құрылғыларды дұрыс орнына қойсақ, температураның тепе-теңдігін сақтауға көмектесеміз.

Жүйелік блокты тазарту да ұқыптылықты талап етеді.

Алдымен, қақпағын ашамыз. Ең бірінші көзге түсетіні – жүйелік тақшадағы кеңейткіш бейімдеуіштер. Егер де бірнеше бейімдеуіштер орналасқан болса, мысалы бейнелік бейімдеуіш, дыбыстық бейімдеуіш, FireWire - бейімдеуіш және т.б., онда арасына үлкен орын қалдырып қою керек. Егер де бірнеше бейімдеуіштер жүйелік тақшада кішкентай форматты болса, онда орын қалдыра алмаймыз. Егер де, АТХ-тақшасы тұрса, онда ешқандай тосқауыл жоқ.

Ең «ыстық» тақша – бейнекарта, ол басқалардан алысырақ орналасуы керек, себебі оған процессор кулерінен, қоректену блоктың желдеткішінен, жанындағы желдеткіштен өте көп ауа қажет. Содан кейін аздап ысытатын тақша - FireWire-бейімдеуіш немесе модем орналасуы қажет.

Дұрысында, орналастырылған тақшалар арасында бір бос слот болуы тиіс. Бұл ауаның тақшалар арасына кіруді қамтамасыз етеді және шаңнан тазартуға жеңіл болады.

Жинақтауыштармен де солай істеу керек. Егер тек қана қатқыл дискі мен DVD диск-жетек болса да, екеуінің арақашықтығын ұлғайту қажет. Ал, егер де компьютерде бірнеше жинақтауыштар болса, тездетіп орын қалдыру қажет. Қатқыл дискінің біреуін қораптың түбіне қоюға болады. Бұл жағдайда температура төмендейді және шуылы аз болады.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)