|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
BIOS параметрін босату
Егер POST бағдарламасы ешқандай дыбыстық сигнал бермей, монитордің экраны қара күйінде қалса, ал сыртқы байқауын жүргізуі еш нәтиже көрсетпесе, тығырықтан шығудың бір амалы - BIOS параметрін босатып көру. Ал оны жасаудың екі амалы бар: 1. CMOS-жадын қоректендіретін аккумуляторлық батареяны алу керек. Ол үшін батареяның орнын ұстайтын қысқышты жанына итеріп алу қажет. Әдетте CMOS жадын параметрін тазарту үшін 1-2 секунд жетерлік. Кейін батареяны қайта орнына қою керек. 2. Жүйелік тақшадан арнайы Enable әлде On жағдайы бар маңдайшаны табу керек. Ол CMOS жадының параметрлерін босатады. Бұл үшін жүйелік тақшаның құжаттамасын қарау қажет. Осы әрекеттерден кейін, қолданушының берілген ұсыныстары жойылып BIOS-қа үнсіздік келісім бойынша берілген конфигурациясы жүктеледі. Мәселелерді шешу жолдары Мәселелерді шешу жолдары компьютердің ақауларына қарай әр-түрлі тәсілдермен іске асады, дегенмен 70%-да кездесетін мәселелерді қарапайым жолдармен шешуге болады. Компьютер іске қосылмайды. 1. Компьютердің артқы тақтасындағы және монитордағы ажыратқыштың іске қосылғанын тексеру. 2. Монитор және компьютердің қоректендіргіш кабельдерінің қосылғанын тексеру. Компьютерді іске қосқанда жүйелік блокпен монитордың индикаторы жанады, бірақ мониторда бейне жоқ. Жүктеу процессінде компьютер қысқа дыбысты сигнал береді. 1. Монитордың жарықтылығы мен айқындылығын тексеру. 2. Монитордың сигналдық кабелінің қосылғанын тексеру. POST-тестісін өткізу кезінде компьютер қателікті көрсетеді 1. Егер қате аумалы болса, <Ғ1> пернесін басып, жүктемені жалғастыра аласыз. 2. Егер құрылғыларды анықтау кезінде қате болса (Memory test failed, FDD test failed, қатқыл дискі немесе СD-RОМ анықталмайды), <DEL> пернесін басқанда, СMOS Setup Utility бағдарламасы іске қосылады. Конфигурациялық тараулары бар басты мәзір пайда болады. Керекті тарауды меңзерді басқару пернесімен және Enter пернесін басу арқылы тандай аламыз. Меңзер мәзірдің әртүрлі пунктеріне жылжыған сайын экран астында көмек хабар пайда болады. Бұл қолданушыға компьютердің әр функциясын дұрыс түсінуін жеңілдетеді. Содан кейін қолданушыға конфигурацияның параметрлерін өзгертуге болатын таңдап алынған тармақтың мәзірі пайда болады. 3. LAOD SETUP DEFAULTS тарауын таңдап алып, алғашқы орнатуды жүргіземіз. Осы функцияны қолдану үшін оны басты мәзірде белгілеп <Enter> пернесін басу қажет. Экранда орнату туралы хабар пайда болады. <Ү> пернесін басып, содан соң <Enter> пернесін басамыз. 4. Басты мәзірге шығу үшін <ЕSС> пернесін басу керек. 5. SАVЕ & ЕХІТ SЕТUР тарауын таңдап аламыз. Бұл функцияны қолдану үшін, оны басты мәзірде белгілеп, <Enter> пернесін басамыз. СМОS бағдарламасына «енгізілген өзгертулерді сақтағыңыз келе ме» деген хабар пайда болады. Алғашқы орнатылу аяқталған соң компьютер қайта жүктелінеді.
РОSТ-тестісінде қатқыл дискі анықталғанымен, операциялық жүйе жүктелмейді. 1. РОSТ-тесттен кейін <Ғ8> пернесін жедел басып, біраз уақыт ұстап тұру керек. 2. Жүктелу мәзірінен «Safe mode»-ты таңдап, жүйе қасиеттері мәзіріне кіріп, құрылғыларды тексеру керек (сары сұрау немесе леп белгілері). Басқа да ақаулықтар жоқ екенін тексеру. 3. Жүйені қайта жүктеу. 4. Егер қате жойылмаса, операциялық жүйені толық қайта орнату керек.
2.5. Профилактикалық шаралар бағдарламасы Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.) |