|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Реестрді тазарту
Әрқашан, қандай да бір бағдарламаны компьютерге орнатқан кезде, жүйелі реестр деген арнайы қоймаға өзі туралы мәлімет енгізеді. Операциялық жүйе немесе қолданбалы бағдарламаның қалыпты жұмыс жасауы үшін инициализация параметрлері, драйвер жайында мәлімет, аралық және қорытынды нәтежелері реестрге түседі. Уақыт өте келе маңызды қойма “жұмыс орнынан” жойып отыруға ұмытылған, кәсіби емес бағдарламалармен ретсіз толған “қоқысқа” айналады. “Толған” реестр кесірінен жүйе қарапайым операцияларды дұрыс орындай алмайды. Сол себепті, реестр жедел жадысына көшіріледі және ол мөлшерлі болған сайын, жүйеге әрқашан жетпейтін жедел жадыны таңдауға тура келеді. Осыдан реестрді жиі тазартып тұру керек деген шешімге келеміз. Оны тазарту үшін, кәсіпкерлер мен компьютер әуесқойлары жазған көптеген бағдарламалар мен утилиталарды кездестіреміз. Бағдарламалардың көбі реестрды тазалаумен қатар, басқа да қызметті ұсынуы мүмкін, мысалы: автожүктеу мәзірін өңдеу, орнатылған бағдарламаны жою, жүйелік қызметті айыру және т.б. Негізінен бұл утилиталар барлық қызметін қолданып, ұсақ заттарға көңіл аудармай, реестрді жылдамырақ және сапалы тазартады. Реестрді тазартатын басқа бағдарламалар: Advanced Registry Doctor Pro, Registry Defragmentation, Registry Clean Expert және т.б. болуы мүмкін. Соның бірі TweakNow RegCleaner бағдарламасы жиі қолданыста.
5.3-cурет. TweakNow RegCleaner бағдарламасы
Бағдарламаның интерфейсі қарапайым және түсінікті. Сканерлеуді бастамас бұрын, екі нұсқаның бірін таңдауды - жылдам немесе баптау сканерлеуін сұрайды. Бұл жағдайда, қажет немесе жылдам сканерлеу тізіміне түспеген “аймақты” қамтуға мүмкіндік беретін екінші нұсқаны таңдаған жөн. Қай нұсқаны таңдасақта, Clean now батырмасын басу керек. Осы кезде терезе мазмұны өзгереді, одан сканерлеу нәтижесінің үш бағытын көруге болады: қателерді қауіпсіз жою, жоюға толықтай қауіпті емес қателер және белгісіз қателер. 4.4 Деректерді мұрағаттау және қалпына келтіру
Компьютердің істен шығу қаупі болғандықтан, деректерді сақтау мәселесі өте маңызды. Ол мәліметтер қорына, серверлерге және т.б. қойылатын басты талаптардың бірі болып саналады. Бірақ қарапайым қолданушының компьютері сервер болмаса да, онда сақталатын ақпараттың құндылығын азайтпайды. Сондықтан қатқыл дискіде жазылған деректерді жоғалтпас үшін, резервті көшіруді мерзімді жасап тұру керек. Резервті көшіру - бұл қарапайым іс, оны жай қолданушы да оңайлықпен атқара алады. Операциялық жүйенің ішінде бағдарламалар орналасқандықтан, ешқандай қосымша бағдарламаларды іздеудің қажеті жоқ. Windows Vista/7-ні өңдеушілер қолданушылардың ойынан шықты және Мұрағаттау және қалпына келтіру орталық құраушыларын ұсынды. Біріншіден, Басқару панелін ашып, Мұрағаттау және қалпына келтіру элементін қосу қажет. Қорытындысында, кейбір әрекетке сәйкес келетін батырмалар мен сілтемелері бар терезе пайда болады. Қисынды жағынан үш іс-әрекетті ерекшелеуге болады: · файлды мұрағаттау және қайта қалпына келтіру. · компьютерді мұрағаттау және қайта қалпына келтіру. · жүйенің қалпына келтіру нүктесін құру және сол арқылы қайта қалпына келтіру. Файлдарды мұрағаттау және қайта қалпына келтіру. Бұл механизмнің көмегімен операциялық жүйедегі автоматты түрде мұрағаттауды қайта қалпына келтіреді. Бұл әрекет, болашақта керек жағдайда файлдарды қайта жаңғыртуға көмектеседі. Ең алдымен шебер терезесінде соңғы мұрағатталған, оның жиілігін және орналасқан орнын көруге болады. Егер ондай ақпарат болса, бұл құраушы автоматты түрде орнатылғаны. Бүкіл параметрлері көңілімізден шықса, жоспардан тыс мәліметтерді мұрағаттау үшін, жәй ғана файлды мұрағаттау батырмасын басамыз. Ал егер мұрағаттау параметрін өзгертетін болсақ, параметрді өзгерту жүйесін қолдану қажет. Осыдан кейін, жүйе болашақ мұрағатты сақтау үшін қажетті құрылғыны іздеуге кіріседі және құрылған мұрағатты сақтау үшін орын таңдауға мүмкіндік ашылады. Таңдауға қатқыл дискі, DVD диск-жетегі және компьютердің жергілікті желісі беріледі. Құрылғыны таңдағаннан кейін, Келесі батырмасын таңдаймыз. Сақталынатын файлдың көлеміне байланысты, сақтау орнын таңдағанда, құрылған мұрағатты сыйғыза алатын құрылғыны таңдау керек. Содан кейін, файлды мұрағаттауды жүргізетін дискінің бөлімін таңдауға болатын терезе пайда болады. Автоматты түрде жүйелік дискі таңдалғандықтан, басқа бөлімдерді қоса аламыз. Әрі қарай жалғастыру үшін, Келесі батырмасын басамыз. Содан соң, файлдың сақталу түрлері ұсынылады. Қолданушы таңдауына төменде файлдың сегіз тобы көрсетілген: · Кескін. Көрсетілген бөлімдердің барлық қалталарында орналасқан кескіндерді қамтиды. · Музыка. Белгілі форматтағы барлық музыка файлын қамтиды. · Бейне. Белгілі форматтағы барлық бейнефайлдан құрылған. · Электрондық пошта. Бұл топқа барлық Windows поштасының клиенттері, сонымен қатар адрестік кітапшалары жатады. · Құжаттар. Бұл топқа құрылған құжаттардың барлығы жатады. Бұған мәтіндік және кесте редактор құжаттары, PDF құжаттары және т.б. жатады. · Телехабар. Құрылған немесе Windows Media Center-ден алынған спецификалық құжаттар тобын құрайды. · Мұрағатталған файлдар. Белгілі кеңейтілімді мұрағатты файлдар жатады. · Қосымша файлдар. Сонымен бірге жүйе мұрағаттау тек қатқыл дискінің NTFS-бөлімімен жасалынатынын ескертеді. Керекті топты таңдау үшін жәй ғана белгіні қойып, келесі батырмасын таңдаймыз. Осыдан кейін, тек мұрағатты құру мерзімін көрсету ғана қалады. Бұл жерде тек жиілігін (күнделікті, ай және апта сайын) көрсетіп, мұрағатты құру күні мен уақытын таңдау қажет. Бұл әрекет баптаудың соңғы бөлімі, бұдан кейін мұрағаттау үрдісі міндетті түрде іске қосылады. Оны қосу үшін, параметрді сақтау және мұрағаттауды бастау батырмасы басылады. Нәтижесінде мұрағаттау үрдісін бақылай алатын терезе пайда болады. Мұрағаттау үрдісінің ұзақтығы сақталынатын файлдың көлеміне байланысты. Егер көлемі үлкен болса ұзақ уақыт алуы мүмкін. Қандай жағдай болса да, файлды мұрағаттауды керек кезінде тоқтата аламыз, ол үшін жай ғана Мұрағаттауды тоқтату батырмасын басу жеткілікті. Мұрағаттаудың тоқтатылғанын арнайы терезенің пайда болуынан білуге болады. Оны жабу үшін қажетті батырманы басамыз. Сонымен бірге экранда арнайы қалқымалы анықтама пайда болады. Осымен файлды мұрағаттауды құру үрдісі аяқталды. Қажет болған жағдайда, мәліметтерді қайта құруды жеңілдету үшін, арнайы ақпарат басты терезеде пайда болады. Операциялық жүйенің істен шығуынан, қолданушының қателігінен немесе компьютерге кірген вирустың салдарынан маңызды деректер жойылуы мүмкін. Бұл жағдайда файлды қайлпына келтіру әрекеті қолданылады. Ал бұл үшін автоматты түрде құрылған файлдың мұрағаттық көшірмесі қажет болады. Өте қолайлы жағдай, егер автоматты мұрағаттауды күнделікті жүргізсе, маңызды ақпараттың жойылуын минимумға апаруға болады.
Компьютерді мұрағаттау және қалпына келтіру. Компьютердің барлық деректерін мұрағаттау және операциялық жүйені қайта қалпына келтіру мүмкіндігі Windows Vista/7-де табылады. Бұл жағдай қосымша сақтау жабдығын талап етсе де, жұмыс істеу қасиетін жүз пайыз қалыптастыруына мүмкіндік береді. Компьютерді мұрағаттау механизмі қарапайым. Бағдарлама тек қана файл құжаттарын ғана емес, сонымен қатар дискі бөліміндегі деректерді де мұрағаттайды. Бұл ақпаратты түпнұсқасымен қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Ең алдымен Басқару панелін таңдап, Мұрағаттау және қайта құру орталық элементін іске қосамыз. Әрі қарай Компьютерді мұрағаттау батырмасын басамыз. Бұдан кейін бағдарлама деректерді сақтау үшін тиімді құрылғыны іздей бастайды. Іздестіру аяқталғаннан кейін, құрған мұрағатты сақтауға арналған құрылғыны таңдау терезесі ашылады. Қалыпты жағдайда қатқыл дискі немесе DVD диск-жетегін таңдауға болады. Қатқыл дискіде сақтауға орын жетпесе, арнайы ескерту пайда болады. Бұл ескерту көбінесе ақпараттық түрде келеді. Себебі, мұрағаттың нақты көлемін білу мүмкін емес. Сондықтан, мұндай хабарламаға көңіл бөлмеуге де болады. Бірақ тәуекелге бармай, сақтайтын басқа орын іздеген жөнді шешім болар еді, мысалы, DVD жинақтағышқа. Кейін, мұрағатқа сақтауға қажет дискілердің қасына кішкене жалаушалар қою қажет. Автоматты түрде жүйелік дискі белгіленіп тұрады. Себебі ол бұл жағдайда ең маңызды рөл атқарады. Өз талғамыңызға қарай басқа бөлімдерді де кірістіруге болады, бірақ бұл жағдай мұрағаттау бөлімінің және мөлшерінің көп болуына алып келеді де, DVD жинақтағышты көп қолдануыңызға тура келеді. Келесі терезеде бағдарлама мұрағаттауға қанша дискі бөлімі қатысатыны және қаншамасы керек екендігі туралы ақпарат береді. Жалғастыру үшін Мұрағаттау батырмасын басу керек. Егерде артқа оралу қажет болса, терезенің сол жақ жоғарғы жағында орналасқан сілтеуішті қолданамыз. Мұрағаттау батырмасын басқаннан кейін, бағдарлама өз жұмысын бастайды. Қысқа уақыт өткеннен кейін, таза DVD-жинақтағышты салуды талап етеді. Осындай хабарлама бірнеше рет пайда болуы мүмкін. Бұл құрылған мұрағаттыңмөлшеріне және DVD-жинақтағыш мөлшеріне байланысты. Егер Компьютерді қайта қалыптастыру батырмасын бассақ, компьютерді бір батырманы басумен қалпына келтіру мүмкін емес екендігі туралы хабарламаны көреміз. Бұл үшін, ең алдымен компьютерді қайта қосып, мәзірде орналасқан компьютерді қалыптастыру параметріндегі нұсқауларды орындау керек. Сонымен қатар, жүйе компьютерді қалыптастыру кезінде дискілердің қайта форматталатынын ескертеді. Сондықтан мұрағатты компьютерді мұрағаттау механизмі арқылы құрғанда, сақтап үлгермеген файлды сақтау жағдайын ойлау қажет. Нұсқау арқылы операциялық жүйені қайта қосқанда F8 пернесін басып, ұстап тұру қажет. Бұл мәзірдің пайда болуына әкеледі, ал одан қосымша қайта қосу нұсқауын, содан кейін, Жүйені қайта құру тармағын таңдау қажет. Егерде бұл нұсқау қиындық тудырса, басқа өндеушілердің өнімдерін қолдануға болады. Мысалы: Acronis True Image арқылы қайта қалыптастыруды біршама жеңілдетуге болады.
Қалпына келтіру нүктесін құру. Қалпына келтіру нүктесі, өз ішінде жұмысшы реестрдің және қатқыл дискідегі кейбір файлдардың көшірмесін құрайды. Ол автоматты түрде немесе қолданушының өз бетімен де орындалуы мүмкін. Ең алдымен Басқару панелін ашып, Мұрағаттау және қалпына келтіру орталық элементін іске қосамыз. Кейін терезенің сол жағынан Қалпына келтіру нүктесін құру және параметрді баптау сілтемесін таңдаймыз. Нәтижесінде, параметрлер орналасқан қалпына келтіру нүктесін құру және одан жүйені қалпына келтіретін Жүйені қорғау активті қосымшасы бар терезе ашылады. 4.5. Деректерді қалпына келтіру
Қолданушының файлдарды байқамай жоюы, техниканың істен шығуы немесе қаскүнемнің мәліметтерді қасақана ісімен бұзуы жағдайларында қажетті ақпараттар жойылып кетуі мүмкін. Осы тарауда, кең танымал жойылған ақпараттарды қалпына келтіру бағдарламалардың жұмысы көрсетіледі. Бірақ жойылған ақпаратты кез келген бағдарламамен қалпына келтіру барысында, аттас файлдардың болмауы және қайта құрылмауы қажет. Егер Windows ортасында қолданушы кез келген қалтада аттас файлдарды сақтай алса, қатқыл дискінің образында тек соңғы сәтте өзгертілген файл сақталады.
EasyRecovery Pro бағдарламасы Жойылған және зақымдалған файлдарды қалпына келтіруге арналған, кең таралған бағдарламаның бірі EasyRecovery Pro. EasyRecovery Pro бағдарламасымен жұмыс жасау және баптау қиын емес.
Сурет 5.1. EasyRecovery Pro бағдарламасының интерфейсі
Терезенің жоғарғы жағында 3 батырма орналасқан: · EasyUpdate батырмасы бағдарламаның автоматты түрде жаңарту шеберін қарқындатады. · Properties бағдарламаның қасиетін өзгертетін терезесін шақырады (Сурет 5.2.)
Сурет 5.2. EasyRecovery Pro бағдарламасының қасиеттер мәзірі · Quick Launch батырмасы бағдарламаны іске қосу кезінде пайда болатын мәзір тармақтарын таңдау терезесін шақырады (Customize Launchbar).
Сурет 5.3. Customize Launchbar терезесі
Жойылған деректерді қалпына келтіретін бағдарламалар өте көп, мықтыларының бірі: FinalData, GetDataBack және т.б.
Зақымдалған Microsoft Word құжаттарын қалпына келтіру Кейбір жағдайда, деректер белгісіз бір себептермен оқылмай не ашылмай қалады. Әсіресе Word құжаттарында жиі кездеседі. Ашылған жағдайда да мағынасы жоқ символдармен беріледі. Осы мәселені шешетін екі тәсіл бар Бірінші тәсіл · "Файл" (File) мәзіріне кіріп "Ашу" (Open) командасын таңдау керек. Экранға зақымдалған файлды таңдау үшін сұхбат терезе ашылады. Бірақ "Ашу" батырмасын басуға асықпау керек. · "Ашу" батырмасының жанында үшбұрышты белгіні тінтуірмен шертеміз. Шерткен кезде командалар тізімі көрінеді (төмендегі «скриншот»-та бейнеленген):
Сурет 5.4. «Ашу» командасын пайдалану үлгісі
· Осы тізімдердің ішінен "Ашу және қалпына келтіру" командасын таңдаймыз. Егер құжаттың қарпі кириллица болса, онда "Файлды түрлендіру" сұхбат терезесі ашылады. · Осы сәтте редактор қалпына келтірілетін файлдың кодировкасын таңдауын сұрайды. Еш нәрсені өзгертпей-ақ қоюға да болады, себебі Word үнсіздік келісім бойынша өзі керекті кодировкасын реттеп береді. Бірақ жүйеге қалыпқа келтірілетін файлдың кодировкасы белгісіз болса осы әдіспен берілген кұжат қалпына келмеуі де мүмкін. · Егер кұжатта орыс не қазақ пернетақта символдары болмаса, онда "Өзгертулерін көрсету" сұхбат терезесінен өзгертілген тізімін көре аламыз. Екінші тәсіл Екінші тәсілі біріншісіне қарағанда нәтижелі болып саналады. · "Файл" (File) мәзіріне кіріп "Ашу" (Open) командасын таңдаймыз. Экранда қайтадан зақымдалған файлды таңдау үшін сұхбат терезесі ашылады. Бірақ "Ашу" батырмасын басуға асықпау керек. · Сұқбат терезесінің төменгі жағынан файлдың типін таңдауға болатын тізім пайда болады. Үнсіздік келісім бойынша "Барлық файлдар (*.*)" типі ерекшеленіп тұрады:
Сурет 5.5. Файл типін таңдау
· Осы тізімнің ішінен келесі типті таңдаймыз: "Мәтінді кез келген файлдан қалпына келтіру (*.*)". "Ашу" (Open) командасын таңдаймыз. · Файл қалпына келтіріліп, ашылады. Бірақ безендірілуі мен кодировкасы өзгеше болғанмен құжатты оқуға келеді.
Бақылау сұрақтар 1. Қандай танымал антивирустік бағдарламалар бар? 2. Операциялық жүйенің алдын-ала профилактикасын жасау әрекеттері қандай? 3. «Трояндарды» және тыңшы бағдарламаларды жою жолдары? 4. Реестрді тазартатын бағдарламалар? 5. Деректерді мұрағаттау және қалпына келтіру қандай әдістермен іске асады? 6. Деректерді қалпына келтірудің басқа жолдары?
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.) |