АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Диагностика

Читайте также:
  1. AuamocTukaДиагностика психического развития детей 3—7 лет
  2. I.Диагностика самоотношения.
  3. Аденовирусная инфекция. Этиология, патогенез, классификация, клиника фарингоконъюнктивальной лихорадки. Диагностика, лечение.
  4. Артериовенозные мальформации. Клиника. Диагностика. Хирургическое лечение.
  5. Болезни нарушения обмена веществ – ферментопатии. Фенилкетонурия, клиника, диагностика, лечение.
  6. Ботаническая и зоологическая биоиндикация и диагностика почв
  7. Вакционоассоциированный полиомиелит. Клиника. Диагностика. Профилактика.
  8. Внутримозговое кровоизлияние (геморрагический инсульт): этиология, патогенез, диагностика, лечение.
  9. Внутричерепные менингеомы. Клиника. Диагностика.
  10. Возбудители анкилостомидоза: биология и распространение паразитов. Диагностика и профилактика заболевания.
  11. Вопрос 58. Причины нарушений слуха, их диагностика и медицинская реабилитация
  12. Гемофильная инфекция у детей. Этиология, эпидемиология, классификация. Клиника, диагностика, лечение. Профилактика

Қатқыл дискінің ақаулығын жоймас бұрын, диагностикадан өткізген жөн. Бұл үшін арнайы утилиталардың бірін қолдану жеткілікті. Винчестердің күйін көру үшін S.M.A.R.T. технологиясымен тікелей жұмыс жасайтын утилитті қолдану қажет.

 

3.1-кесте

S.M.A.R.T.-ң негізгі критикалық және критикалық емес атрибуттары және олардың қысқаша сипаттамалары

Атрибут Сипаттама
Raw Read Error Rate Критикалық атрибут, мәліметтерді оқу барысында қате жиілігінің көрінісін бейнелейді. Бұл қатқыл дискінің аппараттық бөлігі кесірінен пайда болады.
Spin Up Time Критикалық атрибут, шпиндель қозғалтқышының тыныш күйінен бастап, жұмыс жиілігі айналымынан аяқтап, айналым уақытын бейнелейді.
Spin Up Retry Count Критикалық атрибут, айналым жиілігі жұмыс жасауға дейінгі дискі шпинделінің қайталама әрекетінің санын бейнелейді.
Seek Error Rate Критикалық атрибут, бастиек жиілігіндегі қатені бейнелейді.
Reallocated sector Count Қатқыл дискі үшін ең критикалық атрибут, Remap секторындағы операция санын бейнелеу.
Start/Stop Count Критикалық емес атрибут, дискіні іске қосу мен тоқталым санын бейнелеу. Әрбір механикалық құрылымның өз жұмысы болады, яғни кепілденген жұмыс уақыты. Қатқыл дискіде аналогтық уақыт бар. Пластина блоктардың айналдыратын қозғалтқыштың іске қосылу мен тоқтау тактісінің санын бейленейді.
Power On Hours Критикалық емес атрибут, қосылған күйдегі қатқыл дискінің жалпы уақытын бейнелейді. Эталонды жұмыс уақыты есебінде өндіруші қатқыл дискінің, мың сағаттан тұратын құжаттық уақытын көрсетеді
Drive Power Cycle Count Критикалық емес атрибут, қатқыл дискінің қосылу мен айырылу цикл санын бейнелейді.
Temperature Критикалық емес атрибут, құрамдас термобергіш көрсеткішін бейнелейді
Current Pending Sector Count Критикалық емес атрибут, уақытша ақау кестесінде енгізілген сектор санын бейнелейді.
Uncorrectable Sector Count Критикалық емес атрибут, сектормен жұмыс кезінде айқындалған, ары қарай түзетілмеген қате санын бейнелейді.
UDMA CRC Error Rate Критикалық емес атрибут, интерфейс мәліметтері бойынша мәліметтерді беру нәтижесінде пайда болған қате санын бейнелейді.
Write Error Rate Критикалық емес атрибут, ақпаратты жазу барысында пайда болған қате санын бейнелейді.

 

Жинақтауышты қорапқа орнату

 

Жинақтауышты қорапқа орнату – мүлдем жаңадан бастаған қолданушының жүзеге асыра алатын қарапайым тапсырмасы. Бұл жұмыста ең бастысы ұқыптылық және орнатылатын құрылғының қосу/ауыстыру ретін білу керек.

3.7. Бейнекартаның ақаулары

 

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін кұрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты операциялардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Бейнекарта (3.13 сурет) мониторға 2D (қосөлшемді, тегіс), сонымен бірге 3D (көлемді) суреттерді шығарып қалыпқа келтіреді.

Шығарылатын суреттердің сапасы мен оны ойнату жылдамдығы бейнекартаға байланысты. Әсіресе, үш өлшемді графикамен жұмыс жасау жылдамдығы өте сыни, себебі барлық қазіргі заманғы ойындар мен күрделі 3D-объектілерді өндеуге арналған графикалық бағдарламалар дәл осы бейнекартаның 3D мүмкіндіктерін қолданады.

Компьютердің графикалық жүйесінің өнімділігіне көптеген көрсеткіштер әсер етеді.

· Бейнеақпарат берілетін мәліметтер шинасының жылдамдығы.

· Бейнекартада орнатылған бейнежадының жылдамдығы.

· Орнатылған бейнежадының көлемі.

· Графикалық процессор және сопроцессордың жылдамдығы.

· 3D-графикамен жұмыс кезіндегі ақпараттық технологиялар.

Бейнекартаның жұмыс жасау жылдамдығына өз үлесін, әрине, орталық процессор да қосады. Бірақ қазіргі заманғы графикалық адаптерлер оның қорын аз пайдаланады, себебі оларда өнімділігі жөнінен одан еш қалыспайтын жеке графикалық процессор бар. Сонымен қатар, графикалық процессор электрондық бөлшектің күрделілігі жағынан орталық процессордан бірнеше есе асып түседі.

Графикалық сопроцессоры бар бейнекарта – бұл негізін арифметикалық-логикалық жүйе (микропроцессорлар, жеке бейнежадында микронұсқаулармен жұмыс жасайтын) құрайтын жоғары интеллектуалды құрылғы.

 

3.14-сурет. nVidia GeForce 7800 GTX бейнеадаптері

 

Графикалық процессор мен жады жұмыс жасау кезінде қызып кетуі мүмкін, сондықтан оларды суыту үшін жылу қайтарғыш жүйе қолданылады. Ол жоғарыда келтірілген жүйелердің кез келген типінде болуы мүмкін, бірақ, көбінесе ауамен салқындату жүйесі мен жылу түтікшелерін қолданатын жүйе кездеседі.

Мониторда көрсетілетін ақпараттың жылдамдығы оның ағымдағы мүмкіндігіне, көрсетілетін түстердің мөлшеріне, экранның жаңару жиілігіне, бейнежадының көлемі мен шығарылатын объект күрделігіне байланысты.

Соңғы фактор 3D-графика үшін зор әсерін тигізеді, себебі бірнеше ондаған миллион полигондардан құрылған 3D-объектіні шығару оңай шаруа емес. Екі өлшемді графикамен жұмыс жасау үшін процессордың аса көп қуаты қажет емес.

Сонымен қатар, бейнекартада графикалық процессор ақпаратты өндеу үшін қолданатын технологиялар мен нұсқаулар жиынтығы бағынатын графикалық чипсет өте маңызды болып табылады. Өйткені, ол аппараттық деңгейде қаншалықты көп ақпаратты өндей алса, орталық процессорға бағдарламалық деңгейде оның орнына соншалық аз операцияларды орындауына тура келеді. Бұл компьютердің бейне жүйесінің жылдам жұмыс жасауына міндетті түрде әсер етеді.

Бейнекарта монитордың экранына шығаратын суретінің сапасына шешуі әсер етеді.

Монитордың ажырату қабілетінің көрсеткіші экранында бір мезгілде көрінетін нүктелер (оларды бұл сөздің ағылшынша айтылуына байланысты пиксель деп те атайды) санымен анықталады. Мысалы, 15-дюймдік монитор үшін стандартты рұқсат етілген өлшем 1024х768, ал 17-дюймдік монитор үшін – 1280х1024, 19-дюймдік монитор үшін – 1600х1200 және т.б.

Сонымен қатар, монитордың рұқсат етілген кеңейтілуінен онда көрсетілген ақпараттың саны тікелей байланысты. Браузер терезелерінің құрамын экранда көру, бетте мәтіндік және графикалық объектілердің шынайы орналасуын көру үшін оны созу қажет болмаған әлдеқайда жағымды.

Үлкен көлемді кеңейтілудің жалғыз қолайсыз жері – ұсақ символдар, әсіресе, кішкентай диагоналды мониторға стандартқа сәйкес емес үлкен кеңейтілу орнатылған болса. Сондықтан стандарттан ауытқымаған дұрыс және 17 дюймнен асатын диагоналі бар мониторды қолдану керек.

Бейнекартаның маңызды параметрі – суреттің көрсетілу жиілігі. Ол экранда ақпараттың қайта көрсету жылдамдығын анықтайды. Суреттің жаңартылуы монитордың аппараттық ерекшелігімен белгіленеді, себебі, сурет тек қана әрдайым жаңарту кезінде жарқырайтын нүктелерден тұрады. Негізінен бұл жеке нүктелердің құрылуы үшін электронды-сәулелік мониторларда қолданылатын люминоформен байланысты.

Танымал сұйықкристалды мониторға келетін болсақ, оларда көрсетілу қағидасы басқаша және ақпаратты жиі жаңартуды қажет етпегендіктен бұл параметр оларда әлдеқайда төменірек. Әдетте, ЭСТ-мониторлар экранының жаңартылу жиілігі 85 Гц (секундына 85 рет)-тен төмен емес. Оның кішіреюі көру деңгейінің нашарлауы мен көздің шаршауына әкеліп соғады. Сондықтан қолайлы жұмыс жасау үшін жаңартылу жиілігі 85 Гц-тен төмен болмағаны дұрыс. Қазіргі таңда жақсы ЭСТ- монитор 100 Гц және одан да жоғары орналастыруға мүмкіндік береді.

ТFТ мониторлар үшін әдеттегі жаңарту жиілігі – 60-75 Гц.

Бейнекартаның тағы бір маңызды параметрі – түстің қоюлығы. Бұл бір мезгілде шығарылатын суреттің құрамына кіретін түстердің мөлшері. Ол қаншалық көп болса, сурет соншалық шынайырақ болады. Түстің кез келген мөлшерін орнатуға болады, бірақ тәжірибеде дәл анық формуламен құрылған көрсеткіштер қолданылады. Осылай бір бит көмегімен екі түс – қара және ақ, екі бит көмегімен – төрт түс және т.б. көрсетіледі. Қорыта келгенде 2n арифметикалық тәуелділік пайда болады, ондағы n – бит саны.

Қазіргі кезде бейнекарталар 32 биттен тұратын түстің тереңдігін көрсетуге мүмкіндігі бар, ол 16 млн. реңдерден тұрады, бұл фотошынайы суреттердің шығарылуына толығымен жеткілікті.

Графикалық процессордың бейнеақпаратты дұрыс өңдей алуы үшін, оған бейнежадының қандай да бір көлемі қажет. Әсіресе, бұл күрделі 3D-объектілердің құрылуы мен өндеуіне байланысты болғанда маңызды болады.

Тек 2D-ақпараттың экранда бейнеленуіне кететін жадының шығынын есептеу өте оңай. Ағымдағы кеңейтілуді түстің тереңдігіне көбейту қажет, мысалы: 1280*1024*32=41943040 бит, немесе 5120 Кбайт, немесе 5 Мбайт.

Бейнеадаптерларда динамикалық жады қолданылады. Жадының бұл типі тиімдірек болып табылады, себебі мәліметтерді процессордың бір реттік тактінде екі жаққа жібереді. Қазіргі заманғы бейнеадаптерлер оған қатынау уақыты 1,2 – 4 нс құрайтын жадымен толығады.

Жоғарыда айтылғандай, бейнежадтың көлемі мен графикалық процессордың жылдамдығына суреттің сапасы мен бейнелену жылдамдығы бағынады. Қазіргі уақытта 128 – 256 Мбайт көлемді жадысы бар бейнекарталар кеңінен қолданылады.

Қазіргі күні чипсеттердің негізгі өндірушілері болып ATI және nVidia табылады. Орталық процессор жағдайындағыдай бейнекарта өндірушілердің әр түрінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан біреуі жақсырақ, біреуі нашар деп бөліп жарудың қажеті жоқ.

Егер әңгіме ойынға арналған компьютердің бейнекартасы туралы болса, міндетті түрде қарсылас түрлермен, олардың шынайы жылдам жұмыс жасауын көрсететін тестілерімен танысу керек.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)