АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

К.Д. Ушинский

Читайте также:
  1. Константин Дмитриевич Ушинский
  2. Разработка педагогических (Ушинский) и естественно-научных (Сеченов, Покровский, Дементьев) основ физического воспитания

Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенді-бұлар адамшылық болып табылады.

Әл-Фараби

Апта

Фразеология: қайнар көзі, типі, құрамы

«Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды», – деп жазады.

Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған. Солардың бастылар:

1. Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған

құбылыстардың нақты бейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанымен, қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, адамға байланысты айтылатын болған. Арс етті (беттен алды, қарсы келді) деген фразеологизмдердің негізінде иттің қарсылық білдіріп айбат шегуі жатыр. Кейіннен бұл мағына адамға қатысты айтылатын болған. От ала келген кісідей асығыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге айтылады. Бұл тұрақты тіркестің о бастағы от ала келу мағынасы ұмытылып, қазір адамның өзіне тікеле қоланылып кеткен.

2.Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған. Мысалы:

а)Уақыт, мерзім өлшемдері: күн шыға, сәске түсте, тападай тал түсте, шаңқай түсте, түс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынға отыра, көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде, іңір қараңғысында

ә) көлем өлшемдері: бір топ (ошар) жан, бір тайпа ел, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір

қоспақ түйе,бір табын сиыр, бір көген қозы, бір желі құлын, бір айдам жер, бір мая шөп, бір ұртам су

б) ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері: бармақ қазы, бір елі, үш елі, сала құлаш жіп,

қол созымы жер, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ат шаптырым, айлық жол, кісі бойы, ат кекілінен;

3.Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет ғұрыптарға байланысты

жасалған. Мысалы: ант су ішті, аруақ атсын, бата қылды, бір тарының қауызына сыйғызды, дін мұсылман ағайын, діні қатты, жазмыштан озмыш жоқ, жан берді, жан таласты, жетісін берді, қырқын берді, заманақыр, қылкөпір

4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: Қайда арса да Қорқыттың көрі; Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы; ердің құны, нардың пұлы; есте жоқ ескі мезгілде, жазған құлда шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты, отқа май құйды, жыртысын жыртты, сойылын соқты, шашбауын көтерді, қол шоқпар болды, қол жаулық.

3. Үзіндіні оқып, пікір қосыңыз.

Фразеологизмдерді аудару мәселесі белгілі бір ұлтқа, халыққа тән ұлттық, тарихи ерекшеліктерін, екінші бір тіл оқырмандарына өзгеріссіз, түсінікті етіп жеткізу – маңызды мәселе болып табылады. Фразеологизмдердің белгілі бір халыққа, этносқа тән ұлттық бояуларының бар екендігіне, оны аудармада ерекше ескеру керектігін, көркем аудармадағы олардың аударылып, берілу дәрежесін зерттеу – тіл білімі ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Фразеология саласы – тіл біліміндегі ең күрделі сала. Сондықтан аудармашы сөйлем ішінен фразеологиялық бірліктерді ажырата білуі қажет және сөйлемде берілген тұрақты сөз тіркестерінің ұлттық-мәдени бояуларын анықтай алуы керек.

4. Аудармасын табыңыз.

1. Ел тұрсын, кешегі жиында бетімізге былш еткізіп, жарып айтқан жатты терге. А. Жених и в гробу не улежит, если калым отдавать начал
2. Жалғыз ақыл жақсы, бірақ екеу болса бекем болар. Ә. И с правого и с виноватого будешь драть, и никто тебя судить не посмеет.
3. Абай өз жүрегінің аттай тулап қаққан дүрсілін естіді.   Б. Стоит рискнуть малым ради большого.
4. Шырағым Абай, қарындасқа қайырымы бар бала... В. Насильно мил не будешь.
5. Өлі-тірісін берген соң, ол жігіт жата ма? Г. Своя ноша не тянет.
6. Ақ деп те жейсің, қара деп те жейсің. Ғ. Мягкость не слабость.
7. Бастан құлақ садақа. Ж. Свет мой, Абай... я услышал, что ты добр к сородичам.
8. Жүрекке әмір жүрмейді. З. Сердце Абая громко стучало.
9. Өзім дегенде өгіз қара күшім бар.   Д. Один ум хорошо, а два – еще лучше.
10. Ұяңдық жасықтық емес. И.Не только свои – чужие вчера бросили нам грязь в лицо.

 

1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.

Зейін

Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бағытталып жинақталуын айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбыластарын анығырақ тану үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бағытталып, жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды құбылыстарды жақсылап, толығырақ қабылдау мүмкін болмас еді.

Зейінді екі түрге бөлуге болады: ерікті және еріксіз. Ерікті зейін-адам әдейілеп алдына мақсат қойып жігерін жұмсамаса да, дүниедегі заттардың әсері арқылы өздігінен пайда болады. Ерікті зейін-көбінесе адамның қызығуымен байланысты.

Ал еріксіз зейін - адамның жігерін жұмсап, алдына саналы түрде мақсат қоюды керек етеді. Еріксіз зейін - пайда болу үшін адам зейінін әдейілеп заттарға, болмысқа бөліп отыруы керек. Адамда ерікті зейін болмаса, жақсылап еңбек те ете алмайды, оқуды да жақсылап ұға алмайды.

Жаңа сөздер:

бағытталу-направляться

еріксіз-непроизвольное

ерікті-произвольное

жұмсау-применять

әсер-влияние

ұғу-понять

саналы түрде-сознательно

4. Сөздікті пайдаланып мына сөз тіркестерін аударыңыз, сөйлем құрыңыз.

Сыртқы дүние заттары, дүниедегі заттардың әсері, адамның қызығуы, зейінін аудару, көңіл бөлу.

5. Төмендегі сөздерге сын есімнің салыстырмалы шырайының жұрнақтарын жалғап сөз тіркесін құрыңыз.

Анық, жақсы, толық

6. Дүние сөзінің синонимдерін атаңыз.

7. Берілген етістіктерді қалай рай формасында жіктеңіз.

Еңбек ету, бағыттау, ұғу, қабылдау.

8. Мәтіннің мағынасын түсініп, 2, 3, абзацтарға мысал келтіріңіз.

9. Төмендегі сөз тіркестері бойынша зейін сөзінің қандай мағыналарда жұмсалатынын анықтаңыз.

1)зейінді бала

2)оның бар зейіні оқуда

3)зейін аудару

10. Тақырыпқа сай психологиялық 10 терминдерді жазып, есте сақтаңыз.

11. Жоғарыда мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың қандай шырайда қолданылып тұрғанын анықтаңыз.

12. Мәтінді аударыңыз, мазмұнын баяндаңыз.

1. Мәтінді оқып, түсінігіңізді айтып беріңіз.

Қабілет

Қабілетсіз адам болмайды, тек әркімнің қабілеті әр түрлі деңгейде болады. Қабілеттіліктің өлшемі белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін қабілет дейміз. Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын жалпы қабілет деп аталады.

Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық, т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.

Адам кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мұны нышан дейміз. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейміз. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Мысалы, 9 жасар Гете неміс, латын, грек тілдерінде өлең жазатын болған. Шопен 11 жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Қабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін талант деген сөзбен белгілейді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. А.М.Горький «талантты өсіретін нәрсе-істі сүюің» деп бекер айтпаған.

Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуына мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың бейімділігін дамытып отыру оның дамуына, ақыл-ой қабілетінің әр қилы, тек оны үнемі жан-жақты дамытып отыру қажет.

Жаңа сөздер

өлшем-мера

зейінділік-внимательность

бақылағыштық-наблюдательность

зеректік-сообразительность

тапқырлық-находчивость

мүмкіндік-возможность

өзгешіліктер-особенности

ана құрсағында- в утробе матери

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Қабілет деген не? Оның қандай түрлері бар?

2) Нышан қай уақытта пайда болады?

3) Таланттың дамуы неге байланысты?

4) Бейімділік дегенді қалай түсінесіз?

5) Алуан-алуан жүйрік бар. Әліне қарай шабатының дегенді қалай түсінесіз?

6) Қабілетті жолдастарыңыз бар ма? Оларды неге қабілетті деп ойлайсыз?

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып, мәнін түсініңіз.

Жеке қасиеттер, жеке салалар, арнаулы қабілет.

5.Мына сөздердің синонимін табыңыз.

Қабілеттілік, қолайлы, орай, әрекет.

6.Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз:

...-оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Адам қабілеттілігі....тек оны үнемі... дамытып отыру қажет.

8.Мәтіннен психологиялық терминдерді көшіріп жазып, есте сақтаңыз.

9.Мәтіннің 2-абзацын қайталап оқып, тірек сөздер мен сөз тіркесін табыңыз.

Апта

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Сөздіктердің қандай түрлерін білесіздер?

2) Сөздіктану ұғымын қалай түсінесіз?

СӨЗДІКТАНУ

Тіліміздегі барлық сөздердіжинақтап, жүйелеп, бір ізге түсіру, сөйтіп сөздік түрінде жинау үлкен ғылыми-тәжірибелік мәні бар іс саналады. Сөздік – жазу мәдениеті мен халықтың рухани мәдениетінің, ғылымы мен білімінің дамуына, өзге тілді көрші халықтармен араласуына, түсінісуіне игі ықпал ететін, экономикалық, мәдени, саяси қарым-қатынас жасауда басты қажеттілік болып табылатын, жалпыға ортақ құндылық. Сөздік – белгілі бір тілдегі сөздердің әр түрлі мақсатқа (анықтамалық, түсіндірмелік, энциклопедиялық, аударма т.б.) байланысты қоғамдағы қажеттілікке орай (балаларға, студенттерге, ғалымдарға, жалпы көпшілікке, тіл үйренушілерге, туристерге, белгілі мамандыққа қатысты) арналып жазылған сөздердің жүйеленген жиынтығы.

Сөздік өзінің мақсатына сай реестр (тізбе) атаулардан, сөздік мақалалардан, түсініктемелерден құралады. Сөздіктің ақпараттық қызметі мен ондағы нақтылықтың көрінісі энциклопедиялық сөздіктер мен түсіндірме сөздіктерден айқын аңғарылады. Сөздіктану – тілдегі барлық сөздік қордың әр түрлі сөздіктерде жинақталып, жүйеге түсірілуін, сөздіктердің жасалу тарихы мен теориясын, сөздік жасаудың қағидаларын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Тіл білімінде лексикография саласы (грек. lexikos – сөздікке қатысты) және grapho – жазамын) сөздік жасау қағидаларын, оның теориясын зерделеуді, яғни сөздік материалын сұрыптау, орналастыру, стилистикалық жіктеу қағидаларын, сондай-ақ сөздіктерді жасау тәжірибесін анықтауды мақсат етеді. Бұл терімсөз кез келген тілдегі лингвистикалық сөздіктердің жиынтығын белгілеу үшін де қолданылады.

2. Мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз.

Қазақ сөздігінің тарихы түркі тіл білімінің ең ірі тұлғасы, атақты ғұлама ғалым ХІ ғасырда ғұмыр кешкен М. Қашқаридың “Диуани лұғат-ат түрік” атты салыстырмалы-тарихи сөздігінен басталады. “Диуани лұғат-ат түрік” - ХІ ғасырдың өзінде-ақ, барлық түркі тілдері туралы байсалды, байыпты ғылыми тұжырымдар жасаған энциклопедиялық еңбек. Мұнда түркі халқының дүниетанымдық көзқарасы мен ділі айқын көрініс тапқан. Әдеби қолданыстағы барлық екі әріпті, үш әріпті, төрт әріпті, бес әріпті, алты әріпті, жеті әріпті сөздердің мағынасын анықтап, нақты тілдік деректермен көрсеткен.

Қазақ тілі лексикасын алғаш салыстырып зерттеген ғалымдардың бірі – неміс ғалымы Г.Ю. Клапрот (1783-1835). Оның 1825 жылы жазған еңбегінде алдымен қазақ халқы туралы қысқаша тарихи анықтама, одан соң түрік, қазан татары, тобыл татары және монғол тілдерінің сөздерімен салыстыра отырып жасаған қысқаша французша-қазақша сөздікше берілген.

Н.И. Ильминский 1860-1861 жылдары Қазанда шыққан “Материалы к изучению киргизского наречия” деп аталатын еңбегінде қазақ тілінің грамматикалық жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбек болып табылады. В.В. Радловтың “Опыт словаря тюркских наречий” атты көлемді сөздігі (4 том, 8 кітап) түркі тілдерінің сөз жүйесі мен лексикографиясын зерттеу тарихында елеулі орын алады. Сөздіктің құрастырылуы техникасы күрделі: реестрде алдымен түркі сөздері авторлық транскрипциямен берілген. Л.З. Будаговтың “Сравнительный словарь турецко-татарских наречий” атты жұмысы тек нағыз қажетті де керекті сөздердің салыстырмалы түрде түсіндірілуін мақсат еткен. Сөздіктегі барлық сөздер түбір тұлғасында берілген, яғни барлық туынды сөздердің формасы түбірмен негізімен бір ұяда қалыптасқандығы көрсетілген, тіпті кейбір жағдайда керекті сөзді іздеу барысында барлық берілген мақалаларды толық қарастыруға тура келеді.

Т. Бокиннің “Орысша-қазақша сөздігі” 1913 жылы тілмаштық қызметке арналып жарық көреді. Барлығы 1082 сөз қамтылған.

Қазақ сөздігінің дамуы кеңестік кезеңге тән. Бұл жылдардың басты жетістігі тұңғыш рет қазақша “Қазақ Совет энциклопедиясының” он томдығы жарық көрді. Оның бас редакторы академик М. Қаратаев болды.

“Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің” он томы жарыққа шықты, жалпы редакциясын басқарған – профессор А. Ысқақов; орфографиялық, орфоэпиялық, этимологиялық, диалектологиялық, фразеологиялық, синонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, жиілік сөздік, әр түрлі ғылым саласы бойынша түсіндірме сөздіктер, аударма сөздіктер, терминологиялық сөздіктер шықты.

1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз.

 

Еңбек

Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі- еңбек. Еңбек-адам тіршілігінің басты шарты. Еңбек-адам психологиясын, адамдардың бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор.

Еңбек процесі қызметкерді арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын және еңбек тәртібін қажет етеді. Жеке адам қоғамнан тыс жеке еңбек етіп, өз қажеттерін қанағаттандыра алмайды. Қоғаммен байланыстағы еңбек қана адамға зор қуат беріп, психикасын байытады.

Еңбек үстінде адам өзіне, қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық т.б) қалыптастырып отырады. Адам өз еңбегінің жұртқа пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені сезіп, отыруы тиіс. Еңбек өнімді, пайдалы және шығармашылықты болуы керек. Оған күшті ерік-жігер, қайрат керек. Тұрлаулы, нәтижелі еңбек шыдамды, ұқыпты адамның ғана қолынан келеді. Жалқау адамда шығармашылық еңбек болмайды.

Жас баланың еңбек дағдылары жанұяда қалыптаса бастайды. Мектепке дейінгі баланың үй ішіне көмектесу-еңбек процестерінің нақты көріністері. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесі-баланы жүйелі түрде еңбек дағдыларына үйретудің бірінші қадамы.

Жаңа сөздер

әрекет-действие

білім жүйесі- система образования

дағды-привычка

қуат(күш-қуат)-сила

өндіру-добывать

ұқыптылық-аккуратность

игілік-благо

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Адам тіршілігіндегі еңбекті қалай түсінесіз?

2) Әр адамның істеген еңбегі қандай болуы керек?

3) Жас балада (нәрестеде) еңбек дағдылары қай уақыттан бастап қалыптасады?

3. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз, сөз тіркестерін құрастырыңыз.

4. Берілген сын есімдермен сөйлем құрастырыңыз.

Нәтижелі, шыдамды, ұқыпты, басты.

5. Төмендегі тіркестердің мәнін мысалмен түсіндіріңіз.

Тіршіліктің басты шарты, материалдық игіліктерді өндіру, ынтымақты қарым-қатынас.

6. Сөздердің синонимдерін атаңыз.

Дағды, қуат, икемділік, жалқау.

7. Берілген мақал-мәтелдердің, нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройыңды кетірер.

Еңбек сүйгіщтік-адамның адамдық қасиетінің өлшемдерінің бірі.

Еңбек адамның мінезіндегі өзімшіл сипаттарды жоюға көмектеседі. Ш. Айтматов

8. Қысқаша баяндап беріңіз. Сіздің отбасыңызда кім еңбекқор?

9. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

10. Мәтіннің төртінші абзацын қайталап оқып, күнделікті өмірден мысал келтіріңіз.

 

1.Мәтінді оқып, орысшаға аударыңыз.

Іс-әрекет

Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл-ойы, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады. Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады. Сана іс-әрекет кезінде қалыптаса отырып, сол іс-әрекет арқылы көрінеді.

Іс-әрекет-әлуметтік категория. Адам өзін табиғаттан саналы түрде ерекшелеп көрсетеді. Ол өз алдында мақсат қояды, соған жетуге әрекеттенеді.

Іс-әрекеттің қандай түрі болса да қозғалыс күйінде өтеді. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара-қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетті реттеп отырады.

Табысқа жету немесе сәтсідікке ұшырау адамның ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі іс-әрекетке әкеледі. Мәселен табысқа жету адамды талаптандырады, екінші жағынан масаттанушылықты туғызады. Сәтсіздік адам бойында қалыптасқан мінезге қарай жұмысын тоқтатуын немесе жаңадан әрекет жасауы мүмкін.

Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау-қажыған адамың көңіл күйі. Шаршау сезіміне адамның жұмысқа көзқарасы, дене және ой қызметіне дағдылану дәрежесі де енеді.

Жаңа сөздер

Іс-әрекет-деятельность

Жігер-энергия

Икемділік-сплсобность, ловкость

Қозғалыс-движение

Табысқа жету-достигнуть успеха

Сәтсіздік-неудача, безуспешность

Қажу-утомление

Таусылу-истощение

Масаттанушылық-самодовольство

Қажыту-утомить

2.Төменгі сөздермен психологиялық мәндегі сөз тіркесін құрастырыңыз.

Іс-әрекет, ерік, жігер, икемділік, қозғалыс, сәтсіздік, қажу

3. Етістіктердің мағынасы түсініп, сөйлем құрастырыңыз.

Таусылу, шаршау, реттеу, ұшырау, талаптану

5.Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

1) Іс-әрекет арқылы..

2) Сана іс-әрекет кезінде...

3) Психика мен іс-әрекет арасында...

4) Табысқа жету немесе сәтсіздікке ұшырау...

5) Қажу, шаршау адамның...

6. 1)Мәтінді мағыналық жағынан бөлімдерге бөліңіз.

2)Жоспар құрыңыз.

3)Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

7. Ерік, жігер, сәтсіздік сөздерін септеңіз (тәуелді септеу)

Үлгі: әрекет-әрекеті

А.әрекеті

І.әрекетінің

Б.әрекетіне

Т.әрекетін

Ж.әрекетінде

Ш.әрекетінен

К.әрекетімен

7.Қортындылау үшін пікірталас тақырыбы:

1)Іс-әрекет-әлеуметтік категория

2)Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды

3)Іс-әрекет қандайы болсын адамды қажытады.

 

Апта

Аударма мәселесі

Аударма жасау барысында аудармашы алдымен аударманың тәсілін, яғни аударма мәтініне сәйкес ақпарат тізбегінің көлемін анықтап алады. Осы кезде коммуникативтік тапсырмаға сәйкестендіріліп толық не қысқартылған аударма таңдалады. Қысқартылған аударманы мәтіннің барлық түрлеріне - қарапайым іскерлік хаттан романға дейін қолдануға болады. Қысқартылған аударманы қолданудың нәтижесіне мынадай мәтіндер: тезистер, конспектілер, рефераттар, аннотациялар, дайджесттер, қосымшалар, т.б. жатады. Мұндай мәтіндердің көлемі лексика – семантикалық, синтаксистік және стилистикалық бейнесі әрдайым аудармашының мақсатқа жетуі үшін таңдаған тәсіліне байланысты болады. Шын мәнінде, қысқартылған аударма екі түрлі негізгі тәсілдердің бірінің –таңдамалы аударма немесе функционалдық аударманың көмегімен орындалады.

Таңдамалы аударма қысқартылған аударманың тәсілі ретінде аудармашылардың пікірінше, бастапқы мәтін бірліктерінің ең қажеттісін таңдау мен олардың толық аудармасынан тұрады. Ал бастапқы мәтіннің қалған барлық құрамды бөліктері осындай тәсілде екінші орынға қойылады не тіпті аударылмайды. Мұндай тәсіл ресми хаттарды, газет материалдарын, ғылыми мақалалар және хабарламаларды, баяндамаларды тезистік – рефераттық түрде мазмұндауда жиі қолданылады.

Функционалдық аударма бастапқы мәтінді өзге тілге аударудағы қысқартылған аударманың тәсілі ретінде бастапқы мәтін бірліктерінің функционалдық қайта құрылуының негізінде аударма мәтінін құрамды бөліктерге бөлуге байланысты жасалады. Функционалдық қайта құру бастапқы мәтінді қысқарту мақсатында қолданылатын лексика – семантикалық, грамматикалық және стилистикалық өзгерістерге негізделеді. Үлкен шығарманы қысқартып, әдеби мазмұндауда функционалдық аударма қолданылады.

Ал қысқартылған аудармадан толық аударманың ерекшелігі – бастапқы мәтіннің ақпарат тізбегінің барлық құрамды бөліктерінің аударма тілінде толықтай берілуі болып табылады. Толық аударманы сөзбе сөз, семантикалық немесе коммуникативті аударма тәсілдерімен жасауға болады.

Сөзбе сөз аударма бастапқы мәтінді аударма тілінің бірліктерімен сөзбе сөз жеткізуге негізделеді. Шын мәнінде, сөзбе сөз аударма салыстырмалы түрде коммуникативтік мақсатта аз қолданылады және әдетте тек ғылыми салада ғана кездеседі.

Семантикалық аударма – аударма тілінің бірліктерімен бастапқы мәтін элементтерінің контекстік мағынасын толықтай беруге негізделеді. Семантикалық аударма үрдісі екі стратегияның: аударма тілі қабылдаған ойды жеткізуге бағытталған стратегиялар және ойды жеткізудің бастапқы түрінің ерекшеліктерін сақтауға бағытталған стратегиялардың өзара әрекеттестігін білдіреді.

1. Сұхбатты оқып, аударма мәселелерін баяндаңыз.

Темірғали Есембеков, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, «Ана тілі» газетіне берген сұхбатынан.

- Елімізде аударма мәселесіне айтылар сын көп. Бұл айналып келіп, аударматану саласына жауапкершілік жүктейді. Жалпы, біздегі аударматанудың деңгейі қандай?

- Аударматану филологиялық пән. Осыны әлі күнге дейін әртүрлі бағалап жүргендер көп. Аударматануды негізінен екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші, аударма. Екінші, аударма үдерісі. Осы аударма үдерісі туралы бізде қалыптасқан пікір жоқ. Ал үдеріс болу үшін төрт түрлі мәселені қарастыруымыз керек. Бірінші, жоспарлау. Екінші, ұйымдастыру. Үшіншісі, ынталандыру. Төртіншісі, бағалау. Жалпы, аудармашыларды ұйымдастыру, оларды белгілі бір істерге жұмылдыру жөнінен келген кезде бізде ешқандай ұйым бұл жұмысты атқарып отырған жоқ. Аударманы дамыту үшін бір баспа құрылып еді. Бірақ сол баспаның жұмысы әлі күнге дейін өз деңгейінде емес. Өйткені, олар көбінесе бұрын басылған, аударылған әдебиеттерді қайта басып шығарумен айналысады. Ал аударма қалай болғанда да біраз уақытта ескіреді.

Аударма кәсіп пе, өнер ме?

– Біз аудармашыны шығармашылық тұлға немесе кәсіби маман деп бағалауымыз керек. Ақын-жазушылар көп жағдайда аударманы өнер деп ұғады. Ал өнерде рецепт жоқ. Қалай аудару керектігін ешкімге үйрете алмайсыз. Үйретсеңіз ол оны қабылдамайды. Егер аудармашылықты кәсіп дейтін болсақ онда оған қоятын талаптар бөлек. Кәсіби аудармашы аударудың түрлері, моделдері, басқа да әртүрлі үрдістермен танысып, біліп отырады. Сондай-ақ, «Неге мына әдісті қолдандың? Неге бұлай аудардың?» дегенге түсінік бере алатын болуы тиіс. Сондықтан, менің ойымша, аудармашыны кәсіби маман ретінде қараған дұрыс. Ал, шығармашылық тұлға мен кәсібилік астасып жатса тіптен құба-құп.

Қазақстанда аудармашының мәртебесі қандай?

– Бізде екі тіл білетін адам аудармашы бола алады дейтін түсінік бар. Мен осы қағидатқа қарсы уәж айтар едім. Сөзді түсіну, мағынасын ұғыну, оны тыңдай білудің барлығы белгілі дайындықты қажет етеді. Сондай-ақ, аудармашыға машық керек. Аударған дүниелері жарыққа шықпай жатса, ол да шығармашылық адам үшін қиын. Оған қоса аудармашының еңбегі жөнді бағаланбайды. Аудармашылар әртүрлі. Ғылыми мәтінмен айналысатындар, ісқағаздарындағы мәтінді аударатындар, көркем шығарма аударатын аудармашылар бар. Олардың деңгейі бірдей емес. Осыған қарамастан бізде барлығына аудармашы деген баға беріледі.

2. Мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. По некоторым источникам, до отъезда из Средней Азии, Фараби побывал в Шаме и Самарканде. По пути в Багдад он побывал в городах Ирана-Исфагане, Хамадане, Рее (Тегеран). Аль-Фараби изучил арабский, персидский, греческий языки. Есть сведения о том, что он знал более 70 языков. Утверждения ученого о вечности мира, подхваченное испано-арабскими философами, способствовало развитию материалистических идей на Западе Халифата, за Гибралтаром. В Европе, уже в ХІІ в. труды аль-Фараби были переведены на латынь.

Теперь мы можем найти ответ на вопрос почему молодой туранец стремительно шел навстречу трудностям. Да, Абу Насыр шел по тернистому пути. Сын степи, спустя 12 веков после великого ученого, мыслителя Аристотеля – воспитателя выдающегося полководца Александра Македонского был признан вторым учителем мира Прошло уже 12 веков со времен Абу-Насыра, а его имя не забыто, как не забыты его труды. Дети Турана должны помнить и почитать имя великого мыслителя – своего предка.

2. Ибн-Сина свои поэмы и стихи посвящал, в основном, проблемам здоровья человека. Какую бы проблему он не рассматривал, на первый план у него выходит человек. Его трудами по многим отраслям науки и по сей день пользуются ученые мира. Великая историческая заслуга Ибн-Сины заключается в том, что ученый подверг широкому обсуждению ряд проблем, которые в античной философии только были намечены. Поставил и проанализировал вопросы, продиктованные уровнем развития науки и общества, а также духом времени, обогатил философию и другие науки многими идеями и открытиями. Главным в философии Ибн-Сины наряду с доказательством изначальности и вечности мира, является обоснование извечности и объективности движения, пространства и времени. Анализируя проблему сущности материи Ибн-Сина дополняет и исправляет Аристотеля, так, он последовательно обосновывает идею об объективном характере движения, пространства и времени.

3.Курсивпен аударылған сөздердің баламасын беріңіз.

Балама сөз (калька) – қазақ тіліне енген кірме сөздердің ерекше түрі. Балама сөз – қоғамдағы мәдени, саяси өзгерістер мен ғылыми-техникалық прогреске сәйкес шет тілдерден енген атауларды жолма-жол аударудың арқасында пайда болған жаңа сөз, жаңа фразеологиялық атау немесе сөздің жаңа мағынасы. Балама сөз сөздік құрамды байытудың тиімді жолдарының бірі. Мәселен: тіл білімі, жаратылыстану, алғы сөз, кіріспе, сөздік, халықаралық, халықаралық қатынас, саяси пікір, сөнген жанартау, бірыңғай мемлекет, балама белгі, дара меншік, дербес күзет, әскери ант, әскери сот, әділ сот, әлеуметтік әдіс, ұқсас қылмыс, жоғарғы сот, сұйық отын, ішкі қызмет, қауырт соғыс, өткір радиация, әскери гигиена, жабық аукцион – ашық аукцион, жабық рынокашық рынок, жабық экономика – ашық экономика, ішкі шығын – сыртқы шығын, ішкі рынок – сыртқы рынок, тұрақты валюта – тұрақсыз валюта, қайтымды валютақайтымсыз валюта, ұшақ, тікұшақ, ғаламтор, жасуша, пернетақта, кері өзгеріс, кірме әсер, жеке кіріс, саяси ғылым, сыртқы сауда, сыртқы қарыз, аралас несие, айқын шығын, аралас экономика, аралас балама,артық шығын, ашық қарыз, арзанқол экспорт, әмбебап биржа, төте демократия, үстем мәдениет, сыртқы сауда, сыртқы қарыз, аралас несие, айқын шығын, дикторлық мәтін, ақша рыногы, депутаттық топ, дидактикалық поэзия, аңғал материализм, факсимильдық байланыс, факсимильдік аппарат, физикалық объект, көркем фильм, көркем бейне, педагогикалық әдеп т.б.

4. Қазақ тіліне аударыңыз.

По-моему, пришло время прежде всего изучить, осмыслить и обобщить то, что накоплено переводческим опытом в наших республиках. Именно на такой конструктивный разговор, хочу надеяться, и нацеливает нас новая рубрика «ЛГ» – «Художественный перевод – школа интернационализма».

Другая серьезная проблема подготовка переводческих кадров. Правда, последние годы в республике появилась группа молодежь (Е Сатыбалдиев, Колербеков, Бакбергенов, Канапьянов, Гайдуллин), которые пробует свои силы в художественной переводе с казахского на русский. Есть отдельные удачи. Однако не для всех из этой молодой волны перевод-страсть, призвание, профессия, а скорее что-то на уровне хобби, что-то такое, чем можно заниматься при случае, во вторую смену, а то и вовсе между делом. Ну а я полагаю, что в любом серьезном деле от самодеятельности, любительщины большого прока нет. Только высокий профессионализм должен стать шерифом в этой ответственной работе.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.031 сек.)