|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Білім беруГ.С.Таженова КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ Педагогика және психология мамандығына арналған
Тараз - 2014 ж.
Апта Тіл және лебіз Бес тармақ Тіл Тілді анықтайтын екі сын есім – Тілге қатысты үш әрекет (етістік) - Тіл туралы сіздің көзқарасыңыз - Тілдің синонимі –
1.Сөздік жұмысы. 2. Берілген ғылыми түсініктемені оқып, сол бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырыңыз. Тіл - адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың танымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғатты танып, ондағы заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлттық тілдің бірлігі мен байланысы осы жерде тоғысады. Тіл – халықтың жинаған рухани қазынасының жиынтығы, соның бәрін сақтайтын "қоймасы" болса, сол "қоймадағы" таңбалардың әртүрлі мақсатта жұмсалуы, сөйлеуші мен тыңдаушының арасында болатын әңгімеден бастап, ғылыми, көркем шығармаларда, ресми құжаттардағы қолданысы лебізді құрайды. Лебіз – тілдегі бірліктердің сөйлеу барысындағы қолданысы, жұмсалуы, белгілі бір уақыт аралығында жазбаша немесе ауызша түрде әр алуан, әр типті ақпарат беру құралына айналуы. Тіл қарым-қатынас жасаудың құралы, лебіз осы құрал арқылы сөйлеуді жүзеге асырады. Лебізде сөзді әркім өзінің ыңғайына сай, танымдық, біліктілік, білімділік деңгейіне қарай өз көзқарасын айту үшін қолданса, тілдегі бірліктердің мағынасы ортақ ұғымды таңбалайды. Лебіз адамдар арасында коммуникативтік қарым-қатынас орнатады, сондықтан ауызша лебізде дауыc ырғағы, темп, тембр, интонация т.б. қатынасады. Лебізде адамның сезімі, ой-өрісі, толғанысы, дүниетанымы, көзқарасы көрінеді. Лебізге тек ауызекі сөйлеу үлгісі ғана еніп қоймайды, жазбаша жазылған кез келген ақпараттық мәтін(ғылыми, мәдени, ресми т.б.) лебіз ретінде танылады.
3. Мәтінді белгі қойып оқыңыз, сөздікпен жұмыс жасаңыз. Қазақ тілінің тарихы Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері семьясының түркі тілдері тобына жатады. Ал, жалпы Алтай тілдері семьясына түркі тілдерінен басқа тұңғыс-манчжур, монғол, фин-угро тілдері де кіреді. Сондай-ақ, кейбір болжамдар бойынша жапон және корей тілдері де Алтай тіл семьясына жатады екен. Шамамен 60-тан астам түркі халықтары бар.Түркі халықтары бірнеше тіл топтарына бөлінеді, оның ішінде ең ірілері әрі белгілілері: қыпшақ тобы, оғыз тобы, бұлғар тобы және сібір тобы. Қыпшақ тобын татарлар, башқұрттар, қазақтар, қарақалпақтар, ноғайлар, құмықтар, карашайлар, балқарлар құрайды. Оғыз тобын түркімендер, әзербайжандар, түріктер, гагауыздар құрайды. Ал бұлғар тобына чуваштар жатады. Қарлық тобына жататын халықтар: өзбектер, ұйғырлар. Сібір тобының халықтары сахалар, хақастар және т.б. Қазақ халқының атауының пайда болуына қатысты көптеген болжамдар бар. Бірақ, біздің ойымша түркі тілдеріндегі «қазақтар» – еркін, бостандық сүйгіш деген ұғым беретін мағынасы көкейге қонады. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады. Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі. 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған. 4. Шетелдік туристерге қазақ тілі туралы лебіз айтыңыз. 5. Төменде берілген лебізге пікір білдіріңіз (қолдау, қарсылық білдіру, дәлелдеу). Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.
Апта 1. Мәтінді түсініп оқыңыз, аударыңыз. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді. Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді». Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған. Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары. Қайта өрлеу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды. Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу. Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. «Оқу негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс»; «Естігенді – көргенмен, сөзді- қол əрекетімен байланыстыру қажет»; «əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет»… Ұлы педагогтың осы тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр. Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи сатыларынан бастау алады. Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті. 2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз. 3. Мәтінді әңгімелеңіз. 4. Төмендегі мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз. Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында –«Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда. Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне берілген. «Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады»- деп жазған еді ұлы ғұлама. Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде: «Тəрбиедегі барлық істер тəрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тəрбие күші тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады». «Ешбір жарғы немесе бағдарлама, ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса да, тəрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды» - деген К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті: «…теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі – медицинадағы тəуіпшілдікпен тең».
1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Дидактика туралы жалпы түсінік Дидактика – педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (didaktikas-оқытушы, didasko- оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке. Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А.Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің «Ұлы дидактика» еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» деген сұрақтарға жауап береді. Қазіргі түсінік бойынша, дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижесі. Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Дидактикалық принцип-оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида. Бұл қағидада оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру формасына және әдістеріне қойылатын талаптар көрсетіледі. Оқыту принциптері тәрбие мақсаттарына сәйкес келіп, онымен үйлесіп жатуы тиіс. Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламмасы мен жоспарына, оқулыққа, сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады. Дегенмен, оқу материалының түріне, олардың өтілу кезеңдеріне қарай дидактикалық принцип ережелерін қолданудың ерекшеліктері болады. Мәселен, оқу мен грамматика қазақ тілі пәнінің бөлімдеріне жата тұрса да, көрнекілік принципі оларды оқытуға өзгеше қолданылады. Ана тілі сабақтарында түрлі сурет, фильмдер көрсетіледі, экскурсиялық бақылау материалдары пайдаланылады, мәнерлеп оқуға маңызды орын беріледі. Ал, грамматиканы оқытуда көбіне кескін, кеспе, кесте және кейбір техникалық құралдар қолданылады. Жаңа сөздер Түсінік-понятие әдістер-методы жүйелі-системный ой-қорытуы-мышление сипаттамасы-характеристика топтастыру-групировать нәтижелері-результаты оқыту-учить ұғымдар-понятие үйлесу-сходиться, совпадение негізгі-основной ұлғаяды-повышается болжамдар-обоснование пайымдаулар-обоснование қағида-теория 3.Сұрақтарға жауап беріңіз. а) Дидактикалық теория нені зертейді? ә) Дидактикалық теорияның құрамына не кіреді? б) Сипатына қарай қалай бөлінеді? в) Оқыту теориясы дегеніміз не? г) Оқыту теориясы нені зерттейді? д) Дидактикалық принциптерде не баяндалады? ж) Грамматиканы оқытуда не қолданылады? з) Теориялық әдістердің ерекшелігі неде? 4.Берілген сөздермен сөйлем құраңыз. Қағида, әдістер, жүйелі, қорытуы, сипаттамасы, топтастыру, нәтижелері, үйлесу, ұғымдар, кескін, кеспе, кесте, негізгі, ұлғаяды, болжамдар, пайымдаулар 4.Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз. 1)Дидактикалық құбылыстарды... 2)Оқыту теория... 3)Әр түрлі құбылыстарға... 4)Сипатына қарай... 5)Теориялық әдістердің басқа... 5.Мәтінді мағыналық жағынан бөлімдерге бөліңіз. а)Жоспар құрыңыз. ә)Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз. 6. Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз. Апта Орфоэпия және орфография Әрбір халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай нормалары болады. Сол нормалар жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия деп аталады. Әрбір әдеби тілдің орфоэпиясы дыбыстар мен дыбыстар тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерін ғана емес, сонымен бірге сөздер мен фразалардың да дұрыс айтылу ережелерін қамтиды. Мысалы Аманкелді [Амаңгелді], көнбеді[көмбеді], ұзын[ұзұн] сөздерін айтқанда ішіндегі дыбыстардың бір-біріне әсер ету, соған орай өзара үндесу ерекшеліктерін сақтау керек. Қазақ тіліндегі дыбыстар табиғатына қарай сөз ішінде бір-бірімен тіркесу қабілетіне ие, олар бір-бірімен үндесіп, жымдасып келеді. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде нг, нғ, нм, нп дыбыстары тіркесі айтуда ұшырамайды. Сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөз арасында көбіне дауыстылармен қатар келетін қатаң дыбыстар ұяңданады (п→б, қ→ғ, к→г), мысалы: ала кел [ала гел], үйге қарай[үйге ғарай], Ботакөз[ботагөз] т.б. Яғни алдыңғы дыбыс өзінен кейінгі дыбысқа әсер етіп тұр, бұл құбылыс тіл білімінде ілгерінді ықпал деп аталады. Керісінше соңғы дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер етуі кейінді ықпал деп аталады жамбады, тірегі, сұрағы, сөз жоқ[сөжжоқ]. Көрші дыбыстардың бір-біріне әсер ету арқылы өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады он қабатты[оңғабатты], бес жүз[бешшүз]. Сөздің дұрыс айтылуында ерін үндестігін сақтаудың да маңызы зор. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді, яғни сөздің бірінші буынында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү) келіп, екінші буында езулік е, ы, і келсе олар ө, ұ, ү болып айтылады: өмүр, орұн, күлүп т.б.
1-жаттығу. Төмендегі сөздердің дұрыс жазылуын көрсетіңіз. Өлөң, қомбады, көссүз, мімбе, башшы, көгөнүс, келалмады, жаспала, таспауыр, қайтағұру, көрөдү, түскөн, көңүл, тұңғұш, өзөңге, қағазғалам, біссіз, күннөн-күңгө, бүгүңгү, кейіңгі, түнгү, сеңгісі келмеді, үлкөңғалым, келгеммен, баралмады. 2-жаттығу. Сөздерді ықпал түріне қарай топтастырыңыз. Жазса, ошжақ, көбжер, жұмышшы, теққана, сөшшең, ажжылда, тешшық, жалғаңған, тірегі, жауабы, ашша, жүжжыл, сұрағы, түңгө, балалар, оңғап, бешшүз, Нұргелді, оңгүн, омбес, көсалажүр, сембеді.
1.Мәтінді оқып, сөздік арқылы аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Педагогика пәні және міндеттері Педагогика- тәрбие туралы ғылым. Я.А.Коменский-педагогиканың негізін салушы. Педагогика адам баласының тәрбиеленуі мен білім алуын зерттейді. Педагогика дегенiмiз тәрбие, бiлiм туралы ғылым. Ертеде педагогика философия ғылымында болды. 17 ғасырда педагогика философиядан бөлініп шықты. Педагогиканы филсофиядан бөліп қараған Я.А.Коменский: «Ұлы дидактика»да қарастырылған Педагогиканың алғашқы мәні «үлгі аларлық» дегенді білдіреді деп түсіндірген. Педагогиканың зерттеу пәні, қызметі бала, адам-солардың тәрбиесi, білім беру, қалыптасуы, дамуы. Педагогика пән және ғылым. Ғылым дегенiмiз - объективтi ақиқатқа жетуге заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған жүйелi түрде құрылған бiлiмнiң жоғары формасы. Пән дегенiмiз- ғылыми материалды жүйелi түрде қарапайым тiлде оқырмандарына жеткiзу түрi. Педагогиканың нысаны-қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстары. Алғашқы педагогикалық ой-пiкiрлер шығыс елдерiнде пайда болды. Орта ғасырда мұсылмандық, монастырлық мектептер пайда болды. Педагогикада гуманистiк бағыт 15-16 ғ.ғ пайда болды. Алғаш гуманистiк бағытты ұстағандар Әбунасыр әл-Фараби, Әбурайхан әл-Бируни, Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла. Алғашқы тәрбие туралы ой қозғаған грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, Тертуллиана. Қазақ даласына Еуропалық мектеп үлгісін енгізген Ыбырай Алтынсарин. Педагогиканың салалары салыстырмалы, ұлттық, әлеуметтiк‚ мектепке дейiнгi, бастауыш мектеп‚ орта мектеп, жоғары мектеп, әскери, өндiрiстiк педагогика және олардың тарихы, пән әдiстемелерi. Педагогиканың категорияларына (негiзгi ұғымдарына) оқу‚ оқыту‚ тәрбие, бiлiм алу‚ даму‚ қалыптасу жатады. Тәрбие дегеніміз аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжiрибенi беру процесi, жаңа ұрпақты өмiрге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамассыз ету. Бiлiм дегеніміз ғылымдар жүйесiнен бiлiм берiп, танымдылық, iскерлiк, дағдыны қалыптастыру, көзқарасын тұрақтандырып, адамгершiлiк т.б қасиеттердi дарытып, шығармашылық күштi, қабiлеттi дамыту. Жаңа сөздер Есебінен-насчет ақиқат-истина аға ұрпақ-старщое поколение қабiлет-спообность қабырғасы-стена нығыз кептелген-притянутые жетілдірілді-достигла жүйелілігі-систематизация анағұрлым-больше қанат жайды-распространилась болмыс-натура ой-пiкiрлер-мнение 3.Сұрақтарға жауап беріңіз. а) Педагогика қандай ғылым? ә) Педагогиканың негізін салушы кім? б) Педагогика дегеніміз не? в) Педагогикада қандай ұғымдар кездеседі? г) Алғашқы педагогикалық ой-пiкiрлер қай елдерде пайда болды? д) Тәрбие дегеніміз не? е) Білім дегеніміз не? 4.Сөздікті пайдаланып мына сөз тіркестерін аударыңыз, сөйлем құрыңыз. Педагогика салалары, бастауыш мектеп‚ орта мектеп, жоғары мектеп, өндiрiстiк педагогика, пән әдiстемелерi, аға ұрпақ, жас ұрпақ, тарихи тәжiрибе, білім беру процесi, жаңа ұрпақ, еңбекке дайындау, қамтамассыз ету, ғылымдар жүйесi, дағдыны қалыптастыру, көзқарасын тұрақтандыру, адамгершiлiк қасиеттерi, шығармашылық шабыт, қабiлеттiлікті дамыту. 5.Берілген етістіктерді қалау рай формасында жіктеңіз. Еңбек ету,бағыттау, ұғу, қабылдау, жетілдіру, негізін салу. 6. Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз. 7. Жаңаша педагогикалық ой-пікірлердің жүзеге асуы? деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз. 1.Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірбиесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден-бір ғылыми пән. Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогикалық ғылымдар жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХIХ-ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекеті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз өзгерту мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқиғаның және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикалық психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаның зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланылады.
Жаңа сөздер Ұмтылу-стремиться педагогикалық шындық – педогогичная правдивость түсіндіру-объяснить үздіксіз-непрерывный үздікті-прерывный жиілік-частота шағын-небольшой ыршу-перепат, скочок тәуелділік-зависимость қатысынсыз-безучастие дамытылған-развитый түрленеді-преобретает міндеттер-обязанности жарықтандыру-осветить әдістер-приемы, способы 3.Сұрақтарға жауап беріңіз. а) Педагогика нені зерттейді? ә) Педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүйесімен байланысы бар ма? б) Педагогика қандай ғылым? в) Педагогикалық ой деп нені айтамыз? г) Педагогикалық ой қалай дамиды? д) Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы неге алып келді? е) Психология дегеніміз не? 4. Берілген сөз тіркестерінің орысша баламасын беріңіз. Педагогика білімі, педагогикалық шындық, педагогикалық процес, қызмет ету, заңдылықтарын зерттеу, теориялық білім, жүйеге келтіру, қайта құру, ғылыми зерттеулер, гуманитарлық білім, педагогикалық мақсаттылық, тұлғаның қалыптасуы, педагогикалық басшылық. 5. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз. Педагогикалық практика, ғылымдар жүйесі, гуманитарлық педагогика, мақсаттылық, философиялық, діни ілімдер, ғылыми дифференциялану, ойлау, іс-әрекет, мақсаттылық, психологиялық білім, педагогикалық міндеттер, зерттеу әдістері, сихометрия, жұптық салыстыру, даму заңдары, тұлғаның дамуы, тәрбиелілігін бағалау, педагогикалық ой, дербес ғылым. 6. Еңбеке, үлгі-өнегеге, тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдердің, нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріңіз. 1.Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройыңды кетірер. 2.Еңбек сүйгіштік-адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі. Ш.Айтматов. 3.Еңбек адамның мінезіндегі өзімшіл сипаттарды жоюға көмектеседі. 4.Кісінің көркі киім емес-білім, Білім арзан, білу қымбат. 7. Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз. 8. Қазіргі кезде педагогикалық шындық теориясының маңыздылығы деген тақырыпта әңгімелеңіз. Апта 1. Мәтінді шағын топта оқып, түсіндіріңіз, қарсы топтың сұрақтарына жауап беріңіз. Білім беру Білім беруұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру өте күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіндірудің әр түрлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жөнінде айтылса, онда бастауыш, орта және жоғары білім беру ұғымдары пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сөз етілсе, онда педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық т.б. осы сияқты ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдардың бір жағынан, өзара айырмашылығы, ал екінші жағынан, бір-бірімен ұштасып жататын табиғи байланысы болады. Халыққа білім беру ісінің негізі – жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой-өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады. Жастардың орта және жоғары дәрежелі мамандыққа ие болуы немесе өндірісте нәтижелі еңбек етуі орта білім алуға байланысты. Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты, біртекті, процесс: біріншіден, оқытушы оқушыға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады. Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдарын бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Осыған орай, мұғілім оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарастарын қалыптастырады, халқына берілгендіктен рухында тәрбиелеуге көмектеседі. Негізгі педагогикалық ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту бірінен-бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, практикаға дайындаудың басты құралдары. Жаңа сөздер Айтулы-прославленный, известный парапар-равный қойнауында-ложбине жинақтау-собранный борыш-долг ғаламдық-вселенная адамзат-человечество кеңістік-пространство қолдану-употреблять жаппай-массовый, всеобщий ой-өріс-кругозор іскерлік-деловитость, толковость дағды-привычка тәуелді-зависимый 3. Сұрақтарға жауап беріңіз а) Білім беру дегеніміз не? ә) Білім беруұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген кім? б) Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты ма? в) Білім беру қандай мәні бар нәрсе? г) Халыққа білім беру ісінің негізі – жалпы орта білім бе? д) Оқыту – білім берудің негізгі жолы ма? е) Негізгі педагогикалық ұғымдар неге байланысты? 4.Тыңдалған мәтінге тапсырма: 1.Сізге таныс қандай есімдер аталды? 2.Аталған есімдерден қайсысын көбірек білесіз? 3.Өзіңізге таныс есімдер туралы қосымша әңгімелеңіз. 5. а)Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз. ә)Мәтінді мағыналық жағынан бөлімге бөліңіз,ат қойыңыз,жоспар құрыңыз. б)Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркесін жазыңыз. в)Жоспарларыңыз бойынша мәтінді әңгімелеңіз. 6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз. Оқыту, біріккен іс-әрекеттер, екі жақты, біртекті, білім беру, іскерлік, дағдыға үйреу, ы таным міндеттері, жете түсіну, дағдыны игеру өмірде қолдану, тұтас процесс, іске асыру, теориялық білім, тәрбие беру, ғылыми-материалистік көзқарас, педагогикалық ұғымдар, табиғи байланыс, басты құралдары, өзара айырмашылығы, халыққа білім беру, дұрыс көзқарасы, мәдени деңгейі, нәтижелі еңбек. 7. .Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз. 8.Қорытынды сабақ ретінде. «ХХғасыр бізге не қалдырды?» деген тақырыпташағын эссе жазыңыз.
1.Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз. Оқу үрдісінің мәні Адамның іс-әрекеттерін белгілі бір білімді, дағдыларды, іскерліктерді, мінез-құлық пен іс-әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән іс-әрекет, осының өзінде ол адам өз іс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам психикасының даму сатысында ғана мүмкін. Мұндай қабілет баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің бұған дейінгі түрлерінің – ойынның, сөйлеу қарым-қатынасының, практикалық іс-әрекеттердің негізінде қалыптасып, шамамен төрт-бес жаста ғана шығады. Кез келген іс-әрекет – практикалық болсын, сөйлеу жүзінде болсын қайсыбір физикалық іс-әрекеттердің жиынтығы. Демек, оқу да адамның түрлі іс-әрекеттер жасауы; қимылдары, жазуы, сөйлеуі т.б. арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті болып табылады. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары – танымдық іс-әрекетінің, кезеңдері кіреді: - таным міндеттеріне жете түсіну; - жаңа материалды қабылдау; - ұғыну – жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі; - білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру; - білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу; - оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау. Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д.Б.Эльконин) бар оқушыны ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады. Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады. Мұғалімнен, «екіліктен қорқып оқу» жағымсыз қылыққа жатады. Жаңа сөздер іс-әрекеттері-действия білімді-умный дағдылар-обычные іскерлік- деловитость мінез-құлық- характер мәлім-известно орасан зор-большой саналы-сознательный белсенділігі-активность даму сатысы-разветия стадий жиынтық-сумма ұғыну –понимать жетістіктер-успехи 3. Сұрақтарға жауап беріңіз. а) Оқу кімдерге тән қасиет? ә) Кез келген іс-әрекет ненің жиынтығы? б) Оқу не арқылы жүзеге асады? в) Ұғыну дегеніміз не? г) Оқу іс-әрекеті неге итермелейді? д) Оқушының оқуға деген ықыласын не оятады? е) Жағымсыз қылыққа не жатады? 4.Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, жасалу жолын анықтаңыз. Қолдана білу, мінез-құлық, саналы мақсат, даму сатысы, реттей алу, қарым-қатынас, жүзеге асу, құрылымын анықтау, таным міндеттері, материалды қабылдау, жетістіктерін талдау, меңгерту әдістері, ықыласын ояту, сабаққа қызықтыру, пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, білім алу, себепші болу, жағымсыз қылық. 5.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып, мәнін түсініңіз. Таным міндеттері, жете түсіну,жаңа материалды қабылдау, ұғынып-түсіну, жаңа оқу материалдары, түсініп жинақтау, оқу процесі, дағдыны бекіту, іскерлікті дамыту, практикада қолдана білу, жетістіктерін талдау, дағдысын тексеру, оқушылардың білімі. 6.Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз. 7.Абайдың ақыл, нақыл сөздерін түсініп, жаттап алыңыз. 1.Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің. 2.Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге. 3.Өнер алды-қызыл тіл. 4.Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған. Апта 1.Мәтінді оқып, аударыңыз, мағынасын түсініңіз. Оқытуды ұйымдастыру Оқытудың ұйымдастыру түрі (формасы) дегеніміз – ұстаз бен шәкірттердің арнайы ұйымдастырылған, белгіленген тәртіпте жүргізілетін оқу-таным, іс-әрекет процесі. Оқытуды ұйымдастыру оның мазмұны, әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Оқыту – таным әрекетінің ерекше түрі және білім берудің негізгі жолы. Оқытуда баланың таным қабілеті дамып, білімді, дағдыны, икемділікті игереді. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті – оқыту процесі бағынатын заңдылықтарды анықтау, ол заңдылықтарды мақсатқа сай қолданудың жолдарын қарастыру. Дидактика ғылым мен техниканың даму дәрежесін, балалардың жас ерекшелігін ескере отырып білім мазмұнын, икемділік пен дағдының мөлшерін, көлемін анықтау мәселесімен де шұғылданады. Дидактика философиямен, социологиямен, логикамен, физиологиямен, психологиямен, жеке пәндердің әдістемесімен, кибернетикамен, математикамен т.б. ғылым салаларымен байланысады. Философияның саласы – таным теориясы. Таным теориясы бізді қоршаған дүниені танып-білудің негізгі заңдылықтары мен әдістерін, тәсілдерін, формаларын зерттейді. Танымның алғашқы баспалдағы – сезім. Сезім тікелей шындықты бейнелеп қабылдайды. Оқытудың принципті ерекшелігі – теория мен практиканың бірлігі. Бұл бірлік тәрбиелеу мен оқыту міндеттерін байланыста шешуді қамтамасыз етеді. Оқыту процесі диалектика заңдарына бағынады. (Оған да қарама-қайшылық тән). Педагогтің материалды нақты беруі мен оны әр баланың меңгеруінің, баланың үйреншікті түсінігі мен жаңа, қарапайым ғылыми түсінігінің, баланың білімді игеру мен дамуының арасындағы қайшылықтар оқыту процесіне тән, өйткені қайшылықсыз даму жоқ. Жаңа сөздер еркін-свободно сезім-чувства ұйымдастыру түрі-вид организовывания тұрақты-устойчивый негізгі міндеті-основная обязаннасть бағыну-подчиняться дағды-привычка танып-білу-узнать икемділік-склонность үйреншікті-привычный баспалдақ-лестница таным-понимание қамтамасыз ету- быть обеспеченным қайшылықтар-противоречивости
3.Сұрақтарға жауап беріңіз. а) Оқытудың ұйымдастыру түрі дегеніміз не? ә) Оқыту дегеніміз не? б) Дидактиканың негізгі міндеті қандай? в) Дидактика ғылым мен техниканың даму дәрежесі немен шұғылданады? г) Таным теориясы нені зерттейді? е) Оқыту процесі неге бағынады? 4.Берілген сөз тіркестерінің орысша баламасын беріңіз. Оқу-таным, іс-әрекет процесі, білім беру, таным қабілеті, икемділікті игеру, оқыту процесі, қолданудың жолдары, даму дәрежесі, заңдылықтарды анықтау, қоршаған дүние, жас ерекшелігі, шындықты бейнелеу. 5. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз. Ғылыми түсінік, танып-білу, икемділікті игеру, оқыту процесі, қолданудың жолдары, қарама-қайшылықтар. 6.Еңбеке,өнер-білімге,үлгі-өнегеге,тәлім-тәрбиеге байланысты білетін мақал-мәтелдер, қанатты сөздер жазыңыз. Апта 1.Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның даму тарихы Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына себепші болды. Ежелгі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грекияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды.Адам тіршілігінің негізі-қан айналысына ерекшке мән берілді.Тіршіліктің негізі-қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д.XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған еді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді. Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы - жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктері мен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсінікткерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөліктен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден- өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрселердің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған. Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген:1)адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3)шырынның басымдылығы-қимыл-қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды. Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді. Психология-сан салалы ғылым. Бұл тақырыпта адам психикасының көріністері жан-жақты қарастырылып, олар өзара байланысты, біріне-бірі әсер етіп отыратын бірыңғай тұтас жан салалары екендігі айтылады. Мәселен кітапты оқу көру мүшесі арқылы, ал қабылдау арқылы текстіні толық түсініп, ол туралы ойлауға, ұғынуға мүмкіндік туады. Ол үшін зейінді шоғырландыру керек болады. Фактілерді еске түсіріп, олар қалай болар екен дегендей адамның қиялы шарықтайды.Адам психологиясын нақтылы әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады. Психология ғылымының даму тарихы біріне - бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың күресіне толы. Ол Аристотельден басталатын жан дүниесінің тарихы. Бұл ғылымның тарихи кезеңдері әйгілі оқымыстылардың ғылыми пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған.
2.Мәтінге 6-7 сұрақ жазбаша жасаңыз, ауызша жауап беріңіз. 3. Мәтінді әңгімелеңіз. 4. Мәтінді оқып өз пікіріңізді білдіріңіз. Психология жан туралы ілім. Мұндай түсінік ерте замандардан XYIII ғасырдың басына дейін өктем болып келді. Психологияның өз алдына дербес эксперименттік ғылым болып бөлініп шығуы, В.Вундтың 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш лаборатория ұйымдастыруы. Сонымен қатар психология- сана туралы ілім. Ағылшын философы Джон Локктың “ сана- сыртқы заттық дүниенің бейнесі ” дейтін қағидасына орай пайда болды. Психологияның басқа ғылымдардан бөлініп дербес білім бола бастауы-Гартли бастаған ағылшынның эмпирикалық ассоциациялық психологиясы (XYIII ғ. Ортасы) XIXғ.60ж,-XIXғ.аяғында психология жеке ғылым ретінде пайда болды. Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысты сырт көзге байқала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай қарағанға “сыйыспайтындай” болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір - психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол- адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері. Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл. 5. Жоғарыдағы мәтіннен ықпал түрлеріне мысалдар келтіріңіз. 1. Мәтінді оқып, сөздік пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз. Психологияның маңызы Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар: түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б. Психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіретін психология ғылымы. Психология ежелгі Греция жерінде дүниеге келген. Психология «грек сөзі, «психоң» (жан), екіншісі «логос» (сөз, ілім). Сонымен психология «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Психология адамның өзін – өзі тәрбиелеуіне көмектеседі. Өз ерекшеліктерін ажырата білуге жәрдемдеседі. Психология ғылымы ұжымның жеке адамдарға жасайтын ықпалын көрсетеді. Ол қоғам мүшелерінің көңіл – күйі мен талғамдарын, қызығыуларын, мұраттарын да қарастырады. Әртүрлі әлеуметтік топтардың тұрмыс – салты, әдет – ғұрпына қарай этнопсихологиялық қырларын қарастыратын да психология ғылымы. Психологияның мұғалімдер үшін де маңызы зор. Психологияны білмейтін мұғалімнің оқу – тәрбие саласындағы еңбегі нәтижелі болмайды.
Жаңа сөздер қалыптасу - формироваться әдет - привычка құбылыс – явленме мінез – характер елес – представление ұжым – колектив сезім – чуства мұрат – цель тілек – желание ежелгі – древний қабілет – способность талғам – вкус қызығу – заинтересоваться 2. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1) Психология қандай ғылым? 2) Адамның жан дүниесін қандай тәсілдер арқылы зерттеуге болады? 3) Психология ғылымының мұғалімдер үшін қандай маңызы бар? 4) «Психология адамның өзін – өзі тәрбиелеуіне көмектеседі» дегенді қалай түсіндіресіз? 5) Өз ерекшелігін ажырата білуге жәрдемдеседі ме? 6) «Күнделікті өмірде психологияның маңызы қандай?» - деген сұрақтар төңірегінде өз ойыңызды білдіріңіз. 3. Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз. Түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, әдет, мінез, ұжым, ұғым. 4. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастырыңыз. Психология, міәнез, ой, қабілет, қызығу, әдет – ғұрып, тұрмыс – салт, ереже 5. Берілген етістіктерді өткен шақта жеткізіңіз. Табыну, жәрдемдесу, білд Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.082 сек.) |