|
|||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Ж. Аймауытов (1889 - 1931) – психологЖүсіппек Аймауытов 1889 жылы Семей облысының Қызылтау ауылында дүниеге келген. Ол Керекудегі мектеп – интернатта, Семейдегі мұғалімдер семинариясында білім алған. Ж. Аймауытов психология саласында алты кітап жазған. Оның «Психология» атты оқу құралы осы саладағы қазақ тілінде жазылған құнды еңбектерінің бірі. Бұл кітаптың бірінші саласында психология ғылымының екі мың жылдық тарихынан біраз мәлімет береді. Ал екінші тарауында адамның жан – дүниесін, мінез – құлқын зерттеу әдістерін айтады. Бақылау анкета, әңгімелесу, тәжірибе әдістері туралы түсінік береді. Бесінші тарауда эмоция мен сезімі, адамның бет әлпетіндегі ым, т.б. қазақ өмірінен алынған қызықты деректер арқылы жазылған. Ал психологиялық ғылыми категориялар ойлау мен сөйлеу, ұғым мен сөз, елестету мен ұғым т.б. психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Түйсік пен қабылдау, ынта, ес пен елес, қиял мен шығармашылық мәселелері – алтыншы, сегізінші тараулардың бас тақырыптары. Оның «Жан жүйесі мен өнер таңдауы (Мәскеу, 1962) еңбегі психологиялық зерттеу әдістерінің нәтижесі негізінде жазылған. Ж. Аймауытов мамандық таңдауда адам өзінің жеке қасиеттері мен кейбір тумысынан берілетін ерекшеліктерін (темперамент, нышан т.б.) ескеру қажеттілігін, бұл жерде кісі өзін – өзі басқарып, жеке басын жетілдіру керектігін айтады. Ж. Аймауытовтың психологиялық еңбектері ұлттық психологиялық терминдердің қалыптасып, жүйеге түсуіне негіз болған. Жаңа сөздер Сала – отрасыль Әдіс – метод Тәжірибе – эксперимент Жан дүние – внуттенний мир Бет әлпет – облик Ым – мимика, жест Елестету – представлять Қабылдау – восприятие Ынта – желание Ес – память Қиял – воображение Нышан – знак Тумысынан берілетін – передаваемое от рождения Ескеру – учитывать 2. Сұрақтарға жауап беріңіз а) Ж. Аймауытов кім? ә) Ж. Аймауытовтың қандай еңбектерін білесіз? б) Қандай еңбегін оқыдыңыз? в) Мақал – мәтелдер туралы не білесіз? 3.Мына кестені мәтінде кездесетін психологиялық терминдермен толықтырыңыз, оларды есте сақтаңыз. Жан дүниесі ..... .... Адамның .... .... 4. Мәтінде кездесетін мамандық таңдауда адам өзінің жеке қасиеттері мен кейбір туыстан берілетін ерекшеліктерін ескеру қажет, адам өзін – өзі басқарып, жеке басын жетілдіру керек деген тіркестердің мәнін түсіндіріңіз. 5. Төмендегі сөздерге тиісті жалғауларды жалғап, сөйлем құрастырыңыз. Ж. Аймауытов, білім алу, мұғалім семинариясы, Семей. Кітап, адам, екінші тарау, әдіс, айту, зерттеу, жан – дүние, мінез – құлық. Кітап, бұл, психология ғылымы, тарихы, мәлімет, беру, екі мың, жыл. Апта 1. Мәтінді оқып,сөздікті пайдалана отырып, мазмұнын түсініңіз Даму және тәрбие Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «дәрменсіздігі» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген. Өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендер) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес,жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады. Адамның белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталды. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертабыс, жаңашылықтың бастауы мен қозғаушы күшіне айналды. Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: білім алу-танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалық дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерінің ашылуына осының бәрі баланың дамуының нәтижелігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы. Жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады. Оқушының қажеттіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күш. Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланаң қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз. Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көпғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тектілік) және әлеуметтік факторлардың (қоршаған орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қортындысы еш дау туғызбайды. Жеке тұлғаның қалыптасуына мынандай заңдылықтар әсер етеді: әлеуметтік алдын-ала анықталып қою, іс-әрекеттің амал-тәсілдері, көпфакторлық, педагогикалық процестің ақиқат-шындығы. Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И.Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін «жөнді универсалды уақыты» керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.
Жаңа сөздер Даму-развиваться маңызды -важное түрлендіру -развивать үлес-доля үздіксіз-непрерывный бөлшектер-части дарын-талант қозғалыс-движение ретсіз-беспорядочно озыңқы-опережающий 3. Сұрақтарға жауап беріңіз а) Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын атаңыз? ә) Педагогиканың «дәрменсіздігі» деген сөздің астарында не жатыр? б) Адамның белсенділігі неге бағыталады? в) Жеке тұлғаның белсенділігі неден көрініс табады? г) Жеке тұлғаның дамуы үшін не қажет? д) Жеке тұлғаның қалыптасуына қандай заңдылықтар әсер етеді? е) Н.И.Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін не қажет? 4.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрыңыз. Жеке тұлға, дамуы, маңызды фактор, тәрбиенің орны, баса айтқанда, адамды қоршаған орта, тәрбиенің әсері, пассивті объектісі, адамның белсенділігі, қоршаған өмір, ықпал ету, қайта құру, әлеуметтік белсенділік, қоғамдық өмір, ғылыми жаңалық, өнертабыс, жаңашылықтың бастауы, қозғаушы күш. 5.Мына қанатты сөздердің мағынасын түсініп, жаттап алыңыз. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылық.. Абай. Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені ең дұрыс жол. В.Г.Белинский 6. Мәтіннен педагогикалық терминдерді теріп жазып, есте сақтаңыз.
1. Мәтінді оқыңыз, мағынасын түсініңіз. Тұлға –тәрбиенің объекті және субъект Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан. Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). Жеке тұлға-бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен-жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табу арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйелері өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды. Жаңа сөздер Өзгеше-особенный дене мүшелері –части тела ыдырау- рассеиваться әлеуметтік-тұрмыстық –социальное жительство мінез-характер азырақ-немножко дербестік -особленность 3. Сұрақтарға жауап беріңіз а) Тәрбиенің негізгі мақсаты? ә) Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар ма? б) Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаны қалай есептеген? в) Жеке тұлға дегеніміз не? г) Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйелері өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды ма? д) Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады ма? 4.Тәрбие деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз. 5.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз. Тәрбиенің мақсаты, қалыптасып келе жатқан, жеке тұлға, әлеуметтік тәжірибе, жан-жақты үйлесімділік, тұлғаның дамуы, көп ғасырлық тарихы, әртүрлі ғылымдардың тоғысуы, әлеуметтік факторлар, әсер етуі, педагогикалық пікірлер, әлеуметтік қатынастар, саналы іс-әрекет, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуы, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, ең маңызды белгілер, саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы, сапалық өзгерістер. 6.Қазіргі педагогика туралы баспасөз материалдарын талдаңыздар. Апта Терімсөздер (термин) Терімсөз ілімі – әр алуан ғылым мен техника салаларына, олардың қызметіне байланысты терімсөздердің жиынтығы; терімсөз жүйесі бір-бірімен ұғымдық, лексика-семантикалық, сөзжасамдық, грамматикалық деңгейде байланысты болады. Терімсөздер жүйесін, оның мағыналық және грамматикалық ерекшеліктерін, сөзжасамдық сипатын, лебіздегі қызметін зерттейтін сала – терімсөзтану делінеді. Терімсөздің негізгі ерекшелігі – ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның атауы болады, ерекше анықтамасы (дефинициясы) беріледі; логикалық жүйеге негізделген нақты семантикасы, лебізде келісілген қолданысы болады. Яғни атау терімсөздік жүйеге толықтай еніп, қолданыста жүйелі жұмсалу үшін, саналы түрде келісіледі, терімсөз комиссиясы бекітеді. Мысалы: тіл білімі: дыбыс жүйесі, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис т.б. сөзжасам: сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, уәждеуші тұлға т.б. сөзжасамдық ұя: сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық саты т.б. Терімсөз табиғатына тән нәрсе – бірмағыналылық, дегенмен, бірмағыналылықты сақтау барлық жағдайда мүмкін бола бермейді. Өзге де тілдік бірлік сияқты терімсөздің де мазмұны мен мағынасы бар: терімсөздің мазмұны – оның әуелгі терімсөздік түсінігі де, мағынасы – терімсөз ретіндегі сипаты. Терімсөздің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнды ашуы тиіс. Қазақ тіліндегі терімсөздер жүйесінің жасалуын: 1. Төл негіздер арқылы жасалған терімсөздер; 2. Шетел тілінен енген терімсөздердің баламалық негізде (калька) аударылуы арқылы жасалған терімсөздер; 3. Өзгеріссіз енген шетелдік терімсөздер – деп бөлуге болады.
1. Берілген жұрнақтар арқылы төмендегі сөздерден термин жасаңыз. -шы, -ші, –ты, -ті,-сыз, - сіз, -лық, -лік, -ма, -ме, - у, - ым, -ім, -ман, -мен, - нама, -шілік, -шілдік, -ғыш, -гіш. салғырт, қамық, жемір, енжар, әкім, ұқсас, төре, дауыс, бір, ора, көбею, теңеу, азаю, қыстыр, жалға, ғұмыр. 2. Сөз тіркестерін жасалуына қарай топтаңыз. а) матаса байланысқан сөз тіркесінің лексикалануы арқылы жасалған терімсөздер: ә) қабыса байланысқан сөз тіркесінің лексикалануы арқылы жасалған терімсөздер: Адам құқығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, БҰҰ-ның Бейбітшілікті Қолдау жөніндегі операциялары, шегаралық өзендер БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі, кеден салықтары, әуе құқығы, Ғарыш құқығы, Заң ғылымдарының халықаралық Ассоциациясы, халықаралық еңбек ұйымы, халықаралық теңіз құқығы, халықаралық ұйымның жарғысы, адам құқығы т.б. аймақтық келісімдер, арнайы атташе, бейтараптық жүк, қабылдаушы мемлекет, қысқаша қол қою, мемлекеттік сапарлар, уақытша сенімді өкіл, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, баспана құқығы, баспасөз конференциясы,шегаралық шарттар, халықаралық шарттар, халықаралық терроризм, ортақ нарық, суық соғыс, сенім хат, сыртқы қарыз, қоғамдық пікір, ұлттық күш, халықаралық валюта қоры. 3. Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз.
4. Мәтінді оқыңыз. Ондағы мақсат мәнді конструкцияны табыңыз. Терімсөздердің қай салаға жататынын, анықтап көріңіз. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ғалым-физиктер Ф.Жолио-Кюри Э.Резерфорд, Н.Бор және тағы басқа ғалымдар атомдық ғылымды жылдам дамыту мақсатында өздерінің күшін біріктірді. Физик ғалымдар адамдарға пайда әкелу мақсатында, бейбітшілікке, прогреске қызмет ету мақсатында жұмыс істеді. Хиросима, Нагасаки трагедиясынан кейін ғалымдар қауіпті қаруға тыйым салу мақсатында әр түрлі қалаларда қарсылық митингісін өткізе бастады. Адамзатты құтқару мақсатында ғалымдар өздерінің ойлап тапқандарын өздері жоюға шешім қабылдады.1957 жылы атом энергиясын бейбіт пайдалану мақсатында халықаралық агенттік құрылды. 5. Күрделі сөйлемдердің мазмұнын мақсатында, мақсатпен сөздерін пайдалана отырып, айтыңыз. Төменде берілген сөздерді пайдаланыңыз. 1. Ғалымдар қоршаған ортаның одан әрі қарай ластануын тоқтату үшін және қалдықтар мөлшерін азайту үшін жаңа технологиялар жасауда. 2. БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықтар арасында ынтымақтастықты дамыту үшін және қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдау үшін құрылды. 3. Барлық прогрессивтік күштер Жерде бейбітшілікті сақтау үшін күштерін біріктіру керек. 4. Дау-жанжалдарды реттеуге жаңа жол табу үшін барлық күшті салу қажет. 5. Планетадағы соғыс ошақтарын жою үшін бейбітшіл күштер қажетті шараларды қолдануда. 6. (қолдау, дамыту, азайту, тоқтату, сақтау, жою) 1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Сөздікті пайдаланыңыз. Сөз әдебі Күнделікті тіршілік барысында адам әр түрлі адамдармен кездеседі, сөйлеседі, пікір алысады, тәжірбие алмасады. Ал олар адамдардың өзін – өзі ұстауы, мінез – құлық, жүріс – тұрыс, киім киюі сөйлеу арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы қарым – қатынас моральдік нормамен реттеледі. Қоғамдық ортада адамның мәдениеттілігі, өресі көбіне оның сөйлеуінен көрінеді. Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, мүмкін болса, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық сипат береді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілділігін көрсетіп тұрады. Шырағым, қарағым, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, әжей сияқты қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның “сіз” бен “ сен” сөзінің орынды қолдануы да әдеп сақтауға жатады. Жылы, жағымды сөздер адамның көңіл – күйіне тікелей әсер етеді. Сөздің қолдануы мен мағынасынан тыс сөйлеуге интонация, дауыс ырғағы да зор рөл атқарады. Айтылатын сөз немесе сөйлем интонация арқылы да әр түрге өзгереді. Мысалы, интонация арқылы сөзді немесе сөйлемді мәнерлі, жұмсақ әрі көркем етіп, жеткізуге болады. Әдепті адамның ісі де сөзі де жағымды әсер береді. Сөйлемде басқа тілдің сөздерін араластырып, тілді шұбарламай таза сөйлеу де адам өрісінің деңгейін көрсетеді. Жаңа сөздер әдеп – этикет сөз – зд.речь пікір алысу – обмен мнениями (опытом) өзін – өзі ұстау – владеть собой мінез – құлық – характер өре – интеллект жүріс – тұрыс – поведение кішіпейілділік – вежливость майда сөз - вежливые слова ырғақ- ритм мәнерлі – выразительно әсер – впечатление деңгей – уровень шұбарламау – не искажать 2.Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз. Кішіпейіл, жарасымды, ерекшелік, мәнерлі, жұмсақ, өре, тіршілік, көңіл –күй. 3. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесіз? Антонимін атаңыз. 4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз. Күнделікті тіршілік, пікір алысу, тәжірибе алмасу, адаманың мәдениеттілігі, ілтипат көрсету, әдеп сақтау. 5. Мәтіннің 3- абзацын қайталап оқып, тірек сөздер мен сөз тіркесін табыңыз. Осы абзацқа күнделікті өмір көріністерінен мысал келтіріңіз. 6. Мәтіндегі сыпайылық танытатын сөздер мен қаратпа сөздер тізіміне тағы қандай сөздер қосар едіңіз? 7. Сөздерге тиісті жалғауларды жалғап сөйлем құрастырыңыз. Адам, кездесу, әр түрлі, адам, күнделікті тіршілік. Сөйлеу, әдеп, қалыптасу, норма. Жағымды, әсер ету, көңіл – күй, сөз, адам. Сөйлеу, интонация, рөл атқару, зор, дауыс ырғағы. Таза сөйлеу, көрсету, адам, өре, шұбарламай тіл. 1. Сөздікті пайдалана отырып мәтінді оқыңыз, мазмұнын түсініңіз. Әдептілік Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата – ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым – қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережесін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол – біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата – ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі. Отбасындағы тәрбие құдіреті осында. Адамдар арасындағы қарым – қатынас әдептілікке негізделсе, жан – жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады. Адам ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. Әдептілік – өзіңді әр түрлі жағдайда мінез құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді – өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым – қатынасы сыпайы бола түседі. Жаңа сөздер Қадірлеу – ценить, уважать Ізет көрсету – оказать уважение Өз тарапынан – со своей стороны Лайық – соответствующий Жарасымды қарым қатынас – взаимные отношения Жеміс – плод Үлгі – пример Құдірет – могушество Негізделу – основываться Қапаландыру – огорчать Ең әуелі – сначало Ыңғайсыздық – неудобство Айналасындағы – в окружений 2. Сұрақтарға өз бетіңізше жауап беріңіз. 1. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіз? 2. Оның ішінде сізге қайсысы ұнайды? 3. Салт-дәстүрлердің адам психологиясының қалыптасуына әсері бар ма? 4. Эстетикалық норма мен эстетикалық талап деген ұғымдарды қалай түсінесіз? 5. Мысал келтіріңіз. 3. Төмендегі сөздердің мағынасын түсініп, жасалу жолын анықтаңыз. Әдептілік, сыпайылық, тәртіптілік, жарасымдылық, қамқорлық, адамгершілік, ыңғайсыздық. 4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып, мәнін түсініңіз. Ізет көрсету, жек көру, жақсы көру, қастерлі қасиет, сөз жарыстыру, өзіңді ұстай білу, көңілге қарай білу. 5. Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз. Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі............ Әдептілік адам бойында бірден............... Адамдар арасында қарым – қатынас әдептілікке негізделсе...... Әдеп адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға.... 6. Мәтіннен психологиялық терминдерді көшіріп жазып, есте сақтаңыз. 7. 1) Мәтінде сіз келіспейтін пікір бар ма? 2) Сіздің ойңызша әдепті адам қандай болуы керек? Өзімізді байқап көрейік! 1- оқиға Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатыр. Белін жаза алмайды, басын көтеріп жолға қарауға шамасы келмей келе жатыр. Сіз оған қарсы кездестіңіз. Не ойлайсыз? Не істейсіз? Не дейсіз? 2- оқиға Сіз автобуста отырсыз, бір әжей кірді. Әрине тұрып орын бересіз. Әжей қуанып алғыс айтады. Отырғызып жатып сіз байқамай артыңыздағы адамды итеріп қалдыңыз, не аяғын басып алдыңыз. Ол адам ашуланып шу көтерді. Кім қандай сөз айытты? Кім не істеді? Мұның аяғы немен бітті деп ойлайсыз? Апта 1.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.032 сек.) |