АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Герольд Бельгер

Читайте также:
  1. II. Понятие социального действования
  2. Билет 15. Рыцарство ( IX-XIV вв.)
  3. ВМЕСТО ПОСЛЕСЛОВИЯ 5 страница
  4. ВМЕСТО ПОСЛЕСЛОВИЯ 6 страница
  5. ВОЗНИКНОВЕНИЕ И РАЗВИТИЕ СЦЕНЫ-КОРОБКИ
  6. Девять типов мировоззрения
  7. Доц. А.Н.Таукелев 18 страница
  8. ЗАПАДНАЯ АЗИЯ 5 страница
  9. ЗАПАДНАЯ АЗИЯ 7 страница
  10. Зачатки рекламы и PR в древности
  11. История возникновения символа
  12. КЛЮЧЕВЫЕ ПОНЯТИЯ

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Ес

 

Ес-күрделі психикалық процестердің бірі. Ол есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.

Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің салаларын қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Егер біздің есімізде өткенде қабылданған нәрселер сақталмаса, бізге өмірді әр кез қайта жасап отытуға тура келер еді. Немесе өмірдегі заттардың барлығы да әр уақытта белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.

Ес адамның басқа жан қуаттарымен де (қабылдау, ойлау, қиял т.б.) тығыз байланысты. Ол, әсіресе ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дұрыс сақталмаса, бұл жай ой-лауға қиындық келтіреді.

Ес қозғалыс, образдық, сөз -логикалық және эмоциялық естер болып бөлінеді.

Естің негізгі процестерінің бірі - есте қалдыру. Есте қалдыруда әр кез мақсат қойып, отыру маңызды. Есте қалдыру мағыналы болу үшін нәрсенің мәнін түсіну керек. Есте қалдыру арнайы және еріксіз болып бөлінеді.

Қайта жаңғырту процесі еріксіз және арнайы жаңғырту деп екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады. Арнайы қайта жаңғырту - әдейілеп еске түсіру, ойлаумен тығыз байланысты процесс. Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, арнаулы әдіс - тәсілдер қолданумен жүзеге асады.

Тану - бұрын қабылдағандармен қайтадан кезіккенде көрінетін ес процесі. Тану адамдардың қабылдау ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді.

Ұмыту процесі - есте қалдыру процесінде қарама-қарсы процесс. Есте қалдырудың нашар болуы адамның зейінсіздігіне байланысты болады.

Жаңа сөздер

арнайы-специально

жаңғырту-возобновление

әдейі-специально

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Ес қандай процестерден тұрады?

2) Ес адам баласының қандай жан құбылыстарымен байланысты?

3) Естің қандай түрлері бар?

4) Естің негізгі процестері туралы не білесіз?

3. Берілген сөздерді сөздік арқылы орыс тіліне аударыңыз.

Жаңғырту, тану, ұмыту, меңгеру, қабылдау, қиял, еріксіз, әдейі.

4.Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Еңгерген, қиындық келтіру, арнайы, әдейілеп еске түсіру, арнаулы әдіс, есте қалдыру, мақсат қою.

5.Берілген етістіктерді бұрынғы өткен шақта жіктеңіз.

Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту, зейінді болу.

6.Мәтіннен психологиялық терминдерді көшіріп жазып, оларды есте сақтаңыз.

7.Сөйлемді аяқтаңыз.

1) Ес процестерінсіз адам баласы...

2) Егер біздің есіміздің өткенде қабылдаған нәрселер сақталмаса...

3) Ес адам басқа да жан қуаттарымен...

4) Еріксіз қайта жаңғыртуда адам...

8.Ұмытудың қандай себептерін білесіз? Мысал келтіріңіз.

9.Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

 

1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз. Психологиялық терминдерді көшіріп жазып есте сақтаңыз.

Ойлау

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.

Ойлау-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарымен байланыс-қатынастардың миымызда сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіреді. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Ол айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңейте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейтін болады.

Адам сыртқы дүние құбылыстардың сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі. Ойлау-өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы прцесс. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы бар. Немесе белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық адамды түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға итермелейді. Ойлаудың ұғым, пікір, ой қортындылары деп аталатын бірнеше формасы бар. Ал түсіну ойлаудың негізгі белгісі болып табылады.

Ой әрекеті дүниені танып білуде негізгі рөл атқарады.

Жаңа сөздер

Ойлау-думать,мыслить

елес-представление

құрал-средство

өңдеу-обрабатывать

тану-узнать,признават

ойлау шеңбері-кругозор

тілі шығу-начинать говорить

жетілу-созреть

зер салу-обратить внимание

ынтызарлық-сильное желание,овладеть чем нибудь

итермелейді-подталкивает

2.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1)Ойлау дегеніміз не?

2)Ойлау мен сөздің байланысы қандай?

3)Ойлаудың сыртқы ортамен қарым-қатынасының сыры неде?

4)Ойлаудың қандай формасы бар?

3.Берілген сөздердің жуан түбірге негізделгенін бір бағанаға, жіңішке түбірге негізделгенін бір бағанаға көшіріп жазыңыз. Сөздікті пайдаланып, орыс тіліне аударыңыз.

Түйсік, қабылдау, елес, тану, тығыз, сезім, құрал, ой, таным, шеңбер, қайшылық, белгісіз, ынтызарлық, пікір, белгі.

5.Етістіктердегі етіс фрмасын анықтаңыз.

Бейнелеу, өңделеді, ойландырады, кеңейтеді, зер салды, итермелейді.

6.Мәтіннің 2-3 абзацын қайталап оқып, тірек сөздермен сөз тіркестерін табыңыз.

7.Мәтіннің мазмұнын баяндаңыз.

Ой Лау
Түрлері сапасы
Практикалық ойлау,  
Нақтылы, бейнелі ойлау  
Теориялық ойлау  

8.Берілген сөздермен зат есім мағынасындағы бір, етістік мағынасындағы бір сөйлем құрастырыңыз.

Қабылдау, жетілу, тану, қызығу.

9.Өлеңнің мазмұнын түсініп жаттап алыңыз.

Ой деген у-

Ауызға алсаң қандырар.

Ой деген у-

Жанды есінен тандырар.

Ой деген у-

Ішсең мас боласың

Ой деген у-

Ішсең де соласың.

Ой бір теңіз-

қап-қара боп тебінерер.

Ой бір теңіз-

Толқвындана күңіренер.

Ой улады-

Жүректе зар көзде жас.

Ой улады-

Көмір болды жүрегім.

Ой улады-

Сарғаямын сенемін.

М.Жұмабаев

Апта

 

Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша жобалық жұмыстарды, презентацияларды жасау алдында қосымша материалдарды (газет, журнал, интернет, кітаптан алу) табу керек. Жұмыстың тақырыбын, мазмұнын өз сөздеріңізбен айтуға немесе қысқаша жазбаша түрде дайындаңыз. Слайдта материалдар қысқа және нақты болуы қажет.

Мәселен:

Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту

Негізгі ұғымдар: дидактика, оқыту процесі, оқытудың қызметі, оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары, танымдық іс-әрекет.

Дидактика -(гректің didakticos-үйретуші, оқытуға қатысты)- білім беру мен оқыту теориясы, педагогикалық саласы. Дидактиканың пәні адамға білім беру, оны тәрбиелеудің амал құралы ретіндегі оқыту. Дидактика теориялық және осымен байланысты бір мезгілге нормативтік –қолданбалы ғылым.

Дидактика балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттерді мен мазмұнын ашатын, білімді іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттерін оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігі.

Оқыту процесі- қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгере отырып мақсатты өалыптастыру мен дамфыту. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі- өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.

Оқытудың қызметтері – оқыту процесінің мәнін сипаттайды.

Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі оқытудың бірінші қызметі-оқушылардың білімділіктерін, дағдылары мен шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы.Екінші қызметі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.

Оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары- өзінің мәні жағынан оқыту-түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын прцесс.

Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы тұрақты және белгілі бір жағдайларды қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді.

Отудың заңдылықтары:

  1. Оқушының білімге ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі.
  2. Оқушының жеке және ұжымдық іса-әрекетінің оқытушының әсерінің сәйкестігі.
  3. оқушының танымдық, ақыл-ой басқа да мүмкіндігіне оқушының әсерінің сәйкестігі
  4. Оқытушы мен оқушының іс-әрекетін оқытушының техникалық құралдарының мүмкіндіктеріне сәйкстігі.
  5. Оқытушы мен оқушының іс-әрекетін қазіргі іс- әрекеттің талаптарына сәйкес моделдеу.

Ұстанымдары - жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі жетекші ережелер.

Негізгі оқыту ұстанымдары:

1. Теорияның және практиканың байланысы 2. Тәрбиелік 3. Ғылымшылық 4. Жүйелілік 5. Саналылық пен белсенділік 6. Көрнекілік 7. Түсініктілік

Танымдық іс - әрекет – Оқыту оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты. Мұғалім оқушының білімді меңгерумен қатар, оның оқу танымдық іс-әрекетін белсендіру жағына да баса назар аударуы керек.

Әдебиеттер: 1ә.,2ә.

 

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)