АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Эмоциялар мен сезімдер

Читайте также:
  1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004.
  2. Анальгетиктер
  3. Аталады?
  4. Болады?
  5. Дурова, Е.П. 9 страница
  6. Жоспары
  7. Жоспары
  8. Жоспары
  9. Жоспары
  10. Кіріспе 4 страница
  11. ОБЩАЯ ХИРУРГИЯ 7 страница
  12. Объект ТГП 4 страница

Сезімдер-өте күрделі психикалық процестер. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім дейміз. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сезім адамның бүкіл өмірімен адамның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне дүниеге көзқарасы мен сеніміне. мінез-құлқы мен білім көлеміне, саналы ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, долдану, абыржу, үрейлену, үмітсіздену, т.б. жатады. Осы айтылғанмен қатар қарапайым және күрделі эмоциялар болып бөлінеді. Күрделі түрлеріне:көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Құмарлық-адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең эмоция.

Жоғарғы сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектілік деп аталатын сезімдер кіреді. Адамгершілік сезіміне достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б. жатады. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Интеллектілік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Сезімнің осы процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады.

Сезімдер мен эмоцияларды адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатқа жету қиынға соғады. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны жек көріп отыру заңдылық.

Жаңа сөздер

Табысқа жету-достигнуть успеха

Қарапайым-простой

Жауапкершілік-ответственность

Үрейлену-тревожется

Ләззат-удовольствие

Абыржу-беспокоиться

3.Сұрақтарға жауап беріңіз?

1)Сезім деген не? Оның қандай түрлері бар?

2)Эмоциялардың түрлерін айтыңыз?

3)Эстетикалық сезімдерді қалай ояту керек?

4) «Сезімді ақылға жеңдіріңіз» дегенді қалай түсінесіз?

5.Төмендегі сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құрыңыз.

Құбылыс, сана, үрейлену, адамгершілік, ләззат

6.Мына сөздердің синонимін табыңыз.

Күшті, зор, қиын, көзқарас, әрекет, алдағы

7.Қорқу эмоциясы кезіндегі адамның сыртқы бейнесін сын есімнің түрлерін пайдалана отырып суреттеңіз.

8.Мәтіннен психологиялық терминді сөздерді теріп жазып, есте сақтаңыз.

9.Мәтіннің соңғы абзацын қайталап оқып, тірек сөздер мен сөз тіркесін табыңыз.

10.Үйден Абай өлеңдерінде кездсетін эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінде байқалатын әр түрлі мәнерлі қозғалыстарды тауып жазып келіңіз.

Өзімізді байқап көрейік!

1)Бір адам өз келген тоқтамына (решение) сын көзбен қарап, басқалардың сөзіне сене бермейді. Осы сезімнің қандай түріне жатады?

2)Кейде мынадай оқиғаны кездестіруге болады: кейбіреулер қатты ашуланып, беті бозарып-көгереді, жұдырығын түйіп, кейде айқайлайды. Эмоцияның бұл түрі қалай пайда болады, не деп аталады?

1. Мәтінді оқып, сөздікті пайдалана отырып, аударыңыз.

Мінез

Әр адамға сыртқы дүниенің тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Әр адамда әр түрлі мінез болуы-оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі. Адамның кейбір мінез бітістері оның темпераментіне, тума қасиеттеріне байланысты болады. Мінез-кең мағыналы ұғым. Мінез адамның даралық өзгешелігін көрсетеді. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелігі, бірқалыптылығы, салмақтылығы-оның негізгі сапалары болып табылады.

Моральдық жағынан тәрбиеленген мінездің адамдарға қамқорлық, гуманизм, жұртшылық пікірмен санаса білушілік, адалдық сияқты сапалық компоненттер болады. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Кімнің мінезі толық болса соның мінезі бірқалыпты келеді.

Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, қабілетімен, темпераментімен тығыз байланысты. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Адамда қабілеттің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді.

Жаңа сөздер

Тәрбиелі-воспитанный

Бірқалыпты-уравновешенный

Салмақты-спокойный

Рухани дүние-духовный мир

Ұғым-понятие

Мінез-құлық – поведение

Талғам-вкус

3. Сұрақтарға жауап беріңіз

1)Мінездің әр түрлі болуы неге байланысты?

2)Мінездің қандай сапалары бар?

3)Мінез бен темперамент арсында қандай байланыс бар?

4)Мінезді тәрбие арқылы өзгертуге бол ма? Сіз қалай ойлайсыз?

5)Өз бойыңызда кездесетін кемшіліктеріңіз бар ма? Болса, түзеткіңіз келе ме?

6)Қазақ халқында мынадай мақал бар: "Түсі игіден түңілме. Осы мақалды қалай түсінесіз? Адамның бет әлпетіне қарап оның мінезін, қасиеттерін байқауға бола ма?

7)Адам бойындағы қандай мінезді ұнатасыз?

8) Ер адам бойындағы қандай мінезді бағалайсыз?

9) Әйел адам бойындағы қандай мінезді бағалайсыз?

4. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастырыңыз.

Мінез, салмақты, тәрбиелі, қабілетті, талғам, көзқарас, қамқорлық, тітіркендіргіш, кемшілік

5.Досыңның мінезі туралы 4-5 сөйлем жаз.

6. Мәтіндегі психологиялық терминдерді көшіріп жазып, есте сақтаңыз.

7. Төмендегі сөз тіркестерінің мәнін қалай түсінетіндігіңіңзді айтып беріңіз.

Басқалардың жетегінде кетпеу, жұрт пікірімен санаса білу, толық мінезді адам, рухани дүниесі бай адам, тума қасиеттер.

8.Мәтіннің соңғы абзацын қайталап оқып, мысал келтіре отырып баяндаңыз.

9.Адамның мінезі мен адам бойындағы қасиеттер деген ұғымдарда қандай айырмашылық бар? Мәтіннен адамның мінезін білдіретін сөздерді бір бағанаға, қасиетін білдіретін сөздерді бір бағанаға теріп жазыңыз. Өзіңіз тағы қандай сөздерді білесіз?

10. Осы берілген нақыл сөздерді есіңізде сақтап, өз беттеріңізше 5-6 мақал-мәтел тауып дәптеріңізге жазыңыз.

Адам мінезі негізінен өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)