АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Анальгетиктер

Читайте также:
  1. Аналептиктер
  2. Иммуноглобулиндер.
  3. ОБЩАЯ ХИРУРГИЯ 4 страница
  4. ОБЩАЯ ХИРУРГИЯ 6 страница
  5. Поливитаминдер
  6. Развитие ребенка от рождения до 17 лет. 1 страница
  7. Травматология
  8. Тыныс алу стимуляторы (тыныс алу аналептиктер)
  9. Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
  10. Этил спирті

Ауырып тұрған сезімді алып тастайтын дәрілік заттар (болеутоляющие).

Оларды анальгетиктер дейміз – резорбтивті әсер етіп таңдамалы ауырып тұрған сезімді алып тастайды. Орталық жүйке жүйесіне кері әсері жоқ. ауыру синдромымен көптеген аурулар жүреді. Ол табиғи химиялық, механикалық, биологиялық күшті тітікендіргіштердің әсерінен пайда болады. Сондықтан ауырсынудың этиологиясы мен патогенезіне байланысты анальгетиктер тобына жататын дәрілердің көмегімен ауырсынуды төмендетуге немесе толық басуға мүмкіндік береді. Анальгетиктердің әсерінен ОЖЖ-нің координацияланған қозғалғыш қызметі мен естің, сезмтал мүшелерінің қызметінің сақталуымен реакциялар таңдамалы тежеледі. әсер ету механизміне байланысты 2 топқа бөлінеді:

- Наркотикалық

- Бейнаркотикалық (наркотикалық емес)

Наркотикалық анальгетиктер

Наркотикалық (опиотты) анальгетиктер морфин препараттары және оның синтетикалық ауыстырушылары. Олар ауырып тұрған сезімді басады. Наркотикалық анальгетиктер эйфория (адам өзін жақсы сезінеді) шақырады және дәрілік бейімдеушілік болады. Наркомания тудырады.

Абстиненттік синдром осы препараттарды бірден қолданудан алып тастағанда туады: қорқыныш, үрей, галюценация. Ұйқысықздық, тахикардия, қан қысымының өзгеруі біресе жоғарлайды немесе төмендейді, құсық, кей кезде өлімге дейін апарады.

Әсер ету механизмі: эндогенді нейро пиптидтердің әсер етуін ынталандырады. Оларды опиотты рецепторлармен біріктіріп анальгетикалық әсер көрсетеді. Орталық жүйке жүйесіндегі рецепторларды және шеткі тіндердің импулстарын берілуін бұзады. Сөйтіп ауырып тұрған сезімді басады.

Классификациясы:

1) Алкалоидты опиоттар: морфин, морфилонг, омнопон

2) Ситетикалық морфиндер: промедол, фентанил, суфентанил, пентазоцин (фортрал, лексир), буторфанол (бефорал, морадол, стадол), бупренорфин (норфин, темгезик), нальбуфин (нубаин), трамадол (трамал), пиритрамид (дипидолор), эстоцин, тилидин, просидол.

3) Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.

Морфин опиа алкалойды болып табылады, опиада 20дан астам алкалойд бар. Негізі опий мак гүлінің шырынынан алынады.

Морфиннің фармакологиялық тиімділігі әр түрлі.

а) ауыру сезімінің орталығын тежейді, жөтелдің және тыныс алу орталығын да тежейді. Морфин ұйқтатқыш және седативті әсер көрсетіп эйфория шақырады. Жылу реттеу орталығын тежейді, дене температурасы төмен түседі.

б) ынталандырады: көздің қозғалыс нервісінің орталығын ынталандырып миоз (көздің қарашығының тарылуы) шақырады. Құсық орталығын ынталандырып құсық шақырады.

Наркотикалық анальгетиктердің қолданылуы: қатты күйіктерде, шоктарда, операциядан кейінгі кездерде, қатерлі ісіктерде, инфаркт миакардада, бауыр, бүйрек, ішек шаншуларында және т.б. кезеңдерде қолданамыз.

Кері әсері: тыныс алу орталығын тежейді, брадикардия шақырады, құсық, жүрек айниды, іш қатады.

Қабылдауға болмайды: 3 жасқа дейінгі балаларға және жасы үлкен қарттарға. Ми зақымдалғанда және диагноз әлі дұрыс қойылмаған кезде қабылдауға болмайды.

Басқа да наркотикалық анальгетиктердің ерекшеліктері

Омнопон – новогаленді препарат, құрамында 50% морфині бар, анальгетикалық әсері төмен, құрамындағы папавирин алкалойды жұмсақ бұлшық еттердің спазмасын босатады сондықтан оны бауыр, бүйрек, ішек шаншуларында қолданамыз. Спазмалитиктермен (атропин, папавирин, но – шпа) бірге қосып қолдануға болады.

Промедол – морфинге қарағанда әлсіз, тыныс алу орталығын аз тежейді, зәр шығаратын жолдардың бұлшықеттерін босатады, асқазан ішек жолдары, қынаптағы жұмсақ бұлшықеттерді де босатады бірақ тонусын жоғарлатады, қынаптың жиырылуын күшейтеді. Сондықтан жүкті әйелдер қабылдағанда тез босанады. Ал морфиннің өзі қынаптың жұмсақ бұлшық еттерін босатады туу процесін ұзартады және нәрестенің тыныс алуын қиындатады.

Фентанил – морфинге қарағанда 100-150 есе күштірек бірақ әсер етуі қысқа 30 минут. Нейролептанальдық жағдайларда және болевой шокта қолданылады, морфинге қарағанда тыныс алу орталығын қатты тежейді.

Пентазоцин, буторфанол, трамадол – тыныс алу орталығын тежемейді және бейімдеушілікті аз шақырады.

Просидол – морфинге қарағанда күші аз, жұмсақ бұлшық еттерді (қуықтың және ішектің) босатады.

Трамадол – әсер ету механизмі аралас келеді. Себебі ол опиотты және опиотты емес анальгетик болып келеді. Нерв синомстарының сератин және норадреналиннің нейроналдық байланысына әсер етеді. Тыныс алу орталығына аз әсер етеді, асқазан ішек жолдарына жақсы әсер етеді. Дәрілік бейімдеушілігі аз әсер етуі 3-5 сағатқа созылады, өткір ауыру сезімдеріде және созылмалы, орташа созылмалы дерттерде қолданылады.

Наркотикалық анальгетиктермен қатты уыттанғанда адам есінен таниды, тыныс алуы қиындайды, қан қысымы төмендейді, миоз және дене температурасыда төмендейді. Балаларда тырысу пайда болады, өлім тыныс алу орталығының параличінен болады.

Көмек: асқазан жуу 0,05% калий перманганатымен ерітіндісімен бірнеше рет жуамыз немесе белсендірілген көмірден суспензия дайындап жуамыз. Себебі морфин асқазан шырышты қабаттарынан жақсы бөлініп қайтадан қанға сіңеді. Ішке белсендірілген көмір және тұз ерітінділерін қабылдаймыз, көк тамырға наркотикалық анальгетиктердің антагонисін налоксон қолданамыз, ол наркотикалық анальгетиктерін опиотты рецепторлармен байланысуын тежейді немесе опиотты рецепторларға мүлдем байланыстырмайды. Әсер етуі 1-2 сағаттан кейін басталады, 24-48 сағатқа созылады, көбінесе наркоманияға қолданылады, оттегі терапиясы да қолданылуы мүмкін, жасанды өкпе вентиляциясын жасаймыз. Аналептиктер қолданамыз, атропин, диурез шақырамыз, науқастың денесін жылы ұстаймыз, тілінің өңешке кетпеуін қадағалаймыз.

Морфин гидрохлориді – Morphini hydrochloridum (А): таб 0,01 күніне 2-3 мезгіл 1таб. Ампула (шприц-тюба) 1% ды 1мл тері астына енгіземіз. Әсер етуі 3-5 сағат.

Омнопон – Omnoponum (А): амп 1%; 2%; 1мл ден тері астына.

Промедол – Promedolum (А): таб 0,025; амп 1%; 2%; 1мл тері асты, көк тамыр, бұлшық ет.

Фентанил – Phentanylum (А): амп 0,005% 2 және 5 мл ерітінді. Бұлшық ет көк тамыр.

Пентазоцин – Pentazocinum (А): таб 0,05, амп 3% ерітінді 1мл, көк тамыр, бұлшық ет, тері асты.

Буторфанол – Butorfanolum (А): амп 0,2% ды ерітінді 1мл, в/в, в/м.

Бупренорфин – Buprenorphinum (А): таб 0,0002 – ішке және тіл астына, амп 0,03% ды ерітінді 1мл в/м, в/в.

Трамадол – Tramadolum (А): кап 0,05, тәулігіне 3-4 мезгіл (8 мезгілге дейін болады). Свечи 0,1, амп 5% ды ерітінді 1 және 2 мл в/м, в/в.

 

 

2. Наркотикалық емес анальгетиктер

Наркотикалық емес анальгетиктер ауырып тұрған сезімді басады, көтерілген дене температурасын түсіреді, қабынуға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы: оларды қабыну кезінде болатын ауырып тұрған сезімді алып тастау үшін қолданамыз: невралгияда, радикулитте, тіс, бас, буын бұлшық еттердің ауырғанда, ревматизмде, СЫНЫҚТАРДА ҚОЛДАНБАЙМЫЗ. Наркотикалық емес анальгетиктер жоғары дене температурасын түсіру үшін қолданылады. Наркотикалық анальгетиктерге қарағанда олар ұйқтатын және седативті әсері жоқ тыныс алу және жөтелу орталығын тежемейді, эйфария шақырмайды, дәрілік бейімдеушілігі жоқ.

Анальгетиктердің әсер ету механизмі: циклооксигеназдың ферментінің ингибиторы (тежегіш).

Дененің жоғары температурасын төмендетуі: дене температурасының реттегіш орталығын сезімталдығын төмендетеді.

Қабынуға қарсы әсері: простагландин медиаторының бөлінуін азайтады.

Классификациясы:

а) анальгетиктер – антипиретиктер (анальгетикалық және дене температурасын төмендететін дәрілік заттар).

1) Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышқылы (асперин), натрий салицилаты, салициламид.

2) Ацетилсалицил қышқылы – Acidum acetylsalicylicum: таб 0,25; 0,5 тамақтан кейін 1-4 мезгіл, ұсатып сүтпен бірге қабылдаймыз. Қабынуға қарсы, ауырып тұрған сезімді жояды, дене температурасын төмендетеді.

Кері әсері: диспепсия, жүрек айниды, құсық болады, асқазанда ауру сезімі пайда болады, асқазан ішек жолдарынан қан ағуы мүмкін, аллергиялық реакциялар, бронхоспазм, бас айналады, есту қабілеті төмендейді, құлақта шу пайда болады, қанның ұюы төмендейді. Ацетилсалицил қышқылынан дайындалатын препараттар: тромбо АСС, аспирин-кардио, 0,05; 0,1г болып келеді, тез еритін таб түрінде «Асперин С», «АЦЦ+С-Меркле», «Форталгин С», «Алка-Зельтцер».

Инекцияға арналған дәрілік заттар: ацеоизин (аспизоль), флакон 1мл ден 5мл инекцияға арналған сумен араластырып в/в, в/м – тамшылатып натрий хлорид немесе глюкоза ерітінділерін 200мл көлемде қосып енгіземіз, натрий салицилаты: амп 10% ерітінді 5 және 10мл болады в/в. Қосылып келетін препараттар: «Асфен», «Аскофен», «Кофицил», «Цитрамон», «Седальгин», «Олдон», «Ацифеин», «Миронал», «Томапирин», «Ринг N».


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)