|
|||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Иммуноглобулиндер
Адамның қалыпты иммуноглобулині (интраглобин, сандоглобулин, октаган, пентаглобин) жұқпалы аурулар түрінде өтетін біріншілік және екіншілік иммунды тапшылықта орын басушы терапия ретінде қолданылады. Ағзаның қорғаныш қасиетін және зат алмасу процесін жақсарту арқылы иммунитеті қуаттандырғыш әсер ететін препараттары: - Өсімдіктекті препараттары: жень-шень тұндырмасы, аралия тұндырмасы, элеутерококк тұндырмасы, қызғылт семізот (алтын тамыр) сығындысы жалпы тонусты реттейтін әсері бар. - Витаминдер: аскорбин қышқылы, ретинол, α-токоферол, В және басқа тобының витаминдері – ағзаның резистенттілігін (қарсы тұру) күшейтеді. - Пробиотиктер мен эубиотиктер: бифидумбактерин, лактобактерин, бификол және т.б. препараттары ішектін қалыпты микрофлорасын қалпына келтіре отырып, имунитетті жоғарлататын миктобтық масса.
Иммунодепрессивті дәрілер (Иммуносупрессорлар) Бұл топ препараттары жасушалық иммунитетті тежеп, баяу типті гипериммундық реакцияларда, ауыр аутоиммундық ауруларда (спецификалық емес ревматоидты полиартритте, спецификалық емес тоқ ішек жарасында, жүйелі қызыл жегінде, ОЖЖ-сі мен бүйректің иммунды бұзылуында, созылмалы гепатитте) және мүшелердің ауыстырып қондырымында (бүйрек, жүрек, өкпе, бас ми) қолданылады. Иммунодепрессанттардың әсер ету механизмі антигенмен шақырылған иммунды жасушаларының кооперативті реакциялардың тежелуімен, Т-лимфоциттердің пролиферациясымен және олардың Т-киллерге, Т-супрессорға, Т-хлеперге өзгеруінен, сондай-ақ ұлпалардың зақымдануын төмендетуімен байланысты.
Цитостатикалық дәрілер: азатиоприн (имуран), циклофосфан, метотрексат – иммуножепрессивті әсерінен басқа азатиоприннің ісікке қарсы белсенділігі (азиотопринде цитостатикалық белсенділігі төмен) басым. Цитостатикалық ДНҚ-ң және РНҚ-ң бұзып, жасушаларыдың, әсіресе тез бөлінетін жасушалар, көбінесе лимфоциттердің бөлінуін тежейді. Көбінесе аутоиммунды ауруларда қолданылады. Қан жасалуын бұзып, АІЖ-ң жаралары, диспепсия, бауыр мен бүйректің зақымдалуын, жұқпалы аурулардың өршіуін тудырып, канцерогенді және тератогенді әсер көрсетеді. Азатиоприн – Azathioprinum (А): 0,05 таб. шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 2-3 рет (қанның құрамын үнемі бақылап отырып, науқас дәрігердің бақылауында болуы қажет) белгіленеді.
Антибиотиктер: циклоспорин (сандиммун), такролимус (АК-506, прогаф) – мүшелердің ауыстырып қондырымында қолданылады (ішке және күре тамырға енгізіледі). Циклоспорин нефро-және гепатотоксикалық әсер етеді, ал такролимус нефро- және нейротоксикалық әсер етіп, АҚ-ң және қандағы қанттың мөлшерін жоғарлатады.
Батриден – бүйректің ауыстырып қондырымында (глюкокортикоидтармен, антибиотиктермен бірге) және созылмалы гломерулонефритте (0,1таб) қолданылады.
Глюкокортикоидтар – преднизолон, дексаметазон және т.б. Т-лимфоциттердің пролиферациясын және В-лимфоциттермен кооперациясын тежеп, иммуноглобулиндердің синтезін төмендетеді. Сонымен қатар күшті қабынуға қарсы әсері бар. Аутоиммундық ауруларда қолданылады.
Антилимфоцитарлы сары сулар: антилимфолин-К, АТГ-Фрезениус – құрамында иммунодепрессивті әсер ететін иммуноглобулині бар. Тек стационар жағдайында антибиотиктермен және глюкокортикоидтармен бірге мүшелер мен ұлпалардың ауыстырып қондыруда қолданылады.
Коллагеноздардың базисті терапиясындағы препараттары: хингамин (делагил, хлорохин) және гидроксихлорохин (плаквенил) – малярияға қарсы препарат; алтын препараттары: кризанол (5% 2 мл майлы суспензиясы ампулада шығарылып, аптасына 1 рет б/е енгізіледі) ауранофин (0,003 таб); пеницилламин (купренил) – «әлсіз иммунодепрессанттар», бұлар жасушалық және гуморальды иммунитетті төмендетіп, қабыну процесінің пролиферативті фазасын төмендетеді. Әсері баяу басталып (10-12 аптадан соң), ұзақ сақталады. Препаратты ұзақ қолданады (6 ай), алтын препараттары мен пеницилламин улы болып келеді. Препараттарды көбінесе ревматоидты артритте қолданады. Бұл препараттар қабыну процесінің жедел фазасында әсері тиімсіз.
Қатерлі ісікте қолданылатын дәрілер (Бластомаға қарсы дәрілер) Бластомаға қарсы дәрілер қанның қатерлі ісік ауруларындағы (лейкоздар және т.б.) қатерлі ісік жасушалары (рак және т.б.) мен форменді элементтердің дамуын тоқтатуға қабілетті дәрілер. Қатерлі ісіктер үшін инфильтративті өсу мен метастаз тән. Қатерсіз ісікте бұл әсерлер байқалмайды. Қатерлі ісіктерді бластомаға қарсы дәрілермен емдеу «химиотерапия» деп аталады. Онкологиялық науқастарды емдеуде химиотерапиямен қатар хирургиялық ем және сәулелі терапиясы тағайындалады.
Бластомаға қарсы дәрілердің жіктелуі
Бластомаға қарсы дәрілерді қолданғанда науқастардың 100%-де жанама әсерлер байқалады. Көбінесе лоқсу және құсу, қан жасалу мен иммунитеттің тежелуі, АІЖ-ң шырышты қабықшасының зақымдалуы, цистит, гепатит, бүйректің зақымдалуы, гиперурекемия, алопеция, неврологиялық бұзылыстар, өкпе мен миокардтың зақымдануы, аллергиялық реакциялар, дене қызуының көтерілуі, инфекцияның байқалуы мен асқынуы, гормондардың қызметінің бұзылуы және т.б. байқалады. Онкологиялық науқастарды емдеу арнайы емдеу мекемелерінде бластомаға қарсы дәрілерді белгілі бір кесте бойынша қиыстырылып тағайындалады.
Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің негізгі принциптері Удың қанға сіңірілуін тоқтату а) Асқазанды шаю – жылы сумен, калий перманганатының ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің суспензиясымен жүзеге асырылады, әсіресе ОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд (шолғы) арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда алдын ала наркотикалық анальгетиктер (морфин және т.б.), спазмолитиктер (атропин және т.б.) енгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет. б) Ішектегі уды шығару – тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір (сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін (магний сульфаты) дәрілер беріледі. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды. в) Токсинді заттардың тері мен шырышты қабыққа шашырағанда – көп мөлшердегі ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілермен (натрий гидрокарбонат ерітіндісімен), ал сілтіні қышқылдармен (3-5% сірке қышқылы ерітіндісімен) бейтараптау қажет. г) Токсинді заттың ағзаға өкпе арқылы түскенде – удан аластату, таза ауамен дем алуын қамтамасыз ету.
Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату. Табиғи әдістер: а) Форсирленген диурез – 1,5-2 л 0,9% натрий хлорид ерітіндісін к/т енгізіп, сонан соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит) енгізіледі. Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды. б) Егер заттар өкпеден бөлінетін болса, өкпенің гипервентиляциясын, карбогенмен ингаляциясын қамтамасыз ету қажет. Жасанды әдістер: а) перитонеальды диализ – іш қуысын электролитті ерітінділермен шаю; б) гемодиализ – қанды «жасанды бүйрек» диализаторы арқылы өткізеді; в) гемосорбция – улар сорбенттерде адсорбцияланады (мысалы, түйіршікті белсендірілген көмір); г) қан құю.
Сіңірілген удың әсерін басу. Улардың әсерін басу үшін антидот қолданылады, олар улармен химиялық немесе физикалық-химиялық әрекеттесетін заттар. Мысалы: белсендірілген көмір абсорбция әдісімен (физикалық-химиялық әрекеттесу) әсер етеді. Темір препараттарымен уланғанда антидот ретінде дефкроксамин; ауыр металл тұздарымен уланғанда унитиол; ФОҚ-мен уланғанда дипироксим мен изонитрозин; синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда метилен көгі мен натрий нитриті; гепариннің мөлшерін асырғанда протамин сульфаты және т.б. қолданылады. Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады. Мысалы, антихолинэстеразды дәрілермен уланғанда атропин, морфинмен уланғанда налоксон және т.б. қолданылады.
Жедел уланудың симптоматикалық терапиясы. Спецификалық антидот болмаған жағдайда жедел улануға симптоматикалық ем жүргізудің айрықша маңызы бар. Әсіресе қан айналым мен тыныс алу жүйесін қадағалау қажет. Жүрек глкозидтерін, АҚ реттейтін дәрілер, оттегі терапиясы, тыныс алу стимуляторлар, қажетті жағдайда бронхолитиктер, тырысуға қарсы, анальгетикалық дәрілер қолданылады. Су-электролитті балансты қадағалау қажет. Қажетті жағдайда реанимациялар шаралар жүргізіледі.
Дәрі дәрмекті қабылдау ережелері Тамақтан алдын 1. Тәбет ашатын дәрілер (ашылар және т.б.) – 20-30 мин тамақ алдында. 2. Құсық басатын дәрілер 3. Бырыстырғыш дәрілер 4. Өт айдаушы дәрілер 5. Антибиотиктер және басқада микробқа қарсы дәрілер 6. Бактериялық диареяға қарсы дәрілер – 20-30 мин тамақ алдында 7. Анорексинді дәрілер (немесе таңғы ас және түскі ас кезінде) 8. Жалпы тонусты реттейтін дәрілер 9. Витаминдер 10. Ауырсынуды басатын дәрілер (асқазан-ішек, бас ауруларына т.с.с).
Тамақ үстінде 1. Асқазан безі секрециясы төмендеуіндегі орынбасушы терапиядағы дәрілер 2. Тітіркендіргіш әсері бар кейбір препараттар (бутадион, «реопирин», ортофен, индометацин» кетопрофен, натрий вальпроаты және т.б.) 3. Таблетка түріндегі ферментті препараттар – шайнамай жұту керек (немесе тамақтан кейін).
Тамақтан кейін 1. Тітіркендіргіш әсері бар препараттар (ацетилсалицил қышқылы; құрамында ацетилсалицил қышқылы, анальгин, бутадион, фенацетині бар препарттар; индометацин, ортофен, мефенам қышқылы, диоксибензой қышқылы және т.б.). 2. Темір препарттары 3. Мышьяк препараттары 4. Йод препараттар 5. Химин препараттары(жүрек гликозиттері) 6. Гипотензивті препараттар 7. Несеп айдаушы дәрілер 8. Туберкулезге қарсы дәрілер 9. Әртүрлі дәрілер (пентоксил, метилурацил, аллохол, апрессин, викалин, амизил, этазол, никотин қышқылы, хлоралгидрат және т.б.).
Аш қарынға 1. Пиперазиннен басқа, құрттарға қарсы дәрілер 2. Тұзды іш айдаушы дәрілер 3. Минералды сулар 4. Майсана майы.
Ұйықтар алдында 1. Барлық ұйықтататын дәрілер 2. Іш қатудағы іш айдаушы дәрілер.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.019 сек.) |