АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тетрациклиндер

Әсер ету механизмі: рибосомдық деңгейдегі ақуыз синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді.

Табиғи: тетрациклин, окситетирациклин (террамицин) - әсері қысқа 6-8 сағат.

Жартылай синтетикалық: метациклип (рондомицин), доксициклин (вибрамицин), миноциклин (миноцин) - әсері ұзақ 12-24 сағат.

Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) бактериялар, спирохета, риккетсия, хламидия, микоплазма, амеба. Тетрациклиндер жасуша ішінде орналасқан микроорганизмдерге қарсы әсер етеді. Оларға протей, көкірің таяқшалары, көбінесе саңырауқулақтар, ұсақ вирустар, бактериодтар тұрақты. Грамм (-) ішек микроорганизмдері метациклин мен доксициклинге тұрақты. Тетрациклиндерге екіншілік резистенттік баяу дамиды, бірақ моноциклиннен басқа осы топтың барлық препараттарына резистенттік қиылыспалы болып келеді.

Қолдану көрсеткіштері: тетрациклиндер - улы антибиотиктер, сондықтан оларды қазіргі кезде аз қолданады. Тетрациклиндерді негізінен микроорганизмдердің басқа топ препараттарына тұрақтылығы жоғары болғанда қолданады. Олар резервтегі антибиотиктер болып табылады. Тетрацилиндерді өте қауіпті инфекцияларда: тырысқақ (холера), оба, сібір жарасы, бруцеллез, туляремия, борреллиоз, риккетисиоз, бөртпе сүзегі, дақты қызба, Ку-кызба (доксициклин, м оноциклин); остеомиелитте, инфекциялык артритте; хламидия, микоплазма, трепонема және гонококк қоздырғыштарымен шақырылған урогенитальды инфекцияларда; микроплазмалық пневманияда; тархомада; тері және жұмсақ ұлпа инфекцияларында (моноциклин - теріге және

жұмсақ ұлпаларға жақсы сіңеді); бактериальды және амебты дизентерияда; асқазанның жара

ауруларында (доксициклин әсер етеді) қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, тітіркендіргіш әсер, гепатотоксикалық әсер, аллергия, дисбактериоз (суперинфекция, кандидамикозды алдын алу үшін нистатин қолданылады), энтерколит, фотосенсибилизация, тіс және сүйек дамуының бұзылуы (тетрациклиндер кальций тұздарымен кешенді қосылыстар түзіп, тіс пен сүйекте жиналып, ол тістің өсуін тежейді, кеш шығады, қарайып, кариеске бейім болады); катаболикалық әсер, иммунитеттің төмендеуі, қан жасалуының тежелуі, тератогендік әсер, ал миноциклинге вестибулярлық бұзылыстар байқалады. Қарсы керсеткіштері: жоғары сезімталдықта,саңырауқұлақ ауруларында, жүктілікте, 12 жасқа дейінгі балаларға: бауыр, бүйрек ауруларында және лейкопенияда абайлап қолдану қажет.

Тетрациклин (Б): 0,05; 0,1 және 0,25 таб. шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін; 1% көз жағылмасы, 3% дерматологиялық жағылмасы бар.

Окситетрациклин - сыртқа жағылма түрінде «Гиоксизон», аэрозольдер «Оксициклозоль»,

«Оксикорт».

Метациклин гидрохлориді (Б): 0,15 және 0,3 таб - 0,3 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе

тамақтан кейін.

Доксициклин гидрохлориді (Б): 0,1 капс. шығарылып, 1 капс. тәулігіне 1 рет тамақтан соң; 0,1құрғақ зат флакон құрамы 0,9% NaС1 ерiт. ерітіп, тәулігіне 1-2 рет к/т тамшылатып енгізіледі.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)