АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

А)Пенициллиндер

1.Табиғи пенициллиндер.

әсер ету механизмі:грамм (+) микроорганизмдерге: (стафилококтар,пенициллиназ β-лактамаздар шығаруын)- пенициллиндердің β-лактамды шеңберін бұзатын фермент;стептококктар,пневмококктар;дифтерия коринебактерлер,сібір ашық жарасының таяқшасы;анаэробты споро тәріздес таяқша(газды гангрена клострииді,сіріспе,ботулизм-тағам арқылы улану),грамм теріс микроорганизмдер(гонококктар,менингококктар,сирохеттер);кейбір саңырауқұлақтар(актиномицеттер).Пенициллиндер тек микроорганизмдердің вегетативті формаларына әсер етеді,спорлы формасына әсер етпейді.

Қолданылуы: пневмонияда,бронхитте,ангинада,дифтерия,жұмсақ тіндердің іріңді инфекциясында,акушерлік-гинекологиялық және урологиялық практикада,септикалық эндокардитте,іріңді плевритте,перотонитте,сепсисте(микробтардың қанға тарауы),менингитте,остеомиелитте,гонореяда,сифилисте,көздің қабыну дерттерінде,басқа да пинициллинге сезімтал микрофлораның патологиялық сезімталдығы жоғары болса.

Кері әсері: Әртүрлі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қабылдауға болмайды: пенициллиндерге сезімталдығы жоғары болса, аллергиялық дерттер(бронхты астма,крапивница және т.б.)

А)Әсер ету мерзімі қысқа препараттар(3-4 сағат)

Benzylpenicillinum –natrium –бензилпенициллин натрий тұзы- бензилпенициллин натривая соль-(Б) фл.250 000, 500 000 және 1000 000 ЕД (әсер ету бірлігі) құрғақ ұнтақ-бұлшық етке, әр 4-6 сағат арасында енгіземіз, енгізер алдында 1-3 мл заласыздандырылған инъекцияға арналған сумен ерітіп немесе 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен немесе 0,5 % новокаин ерітіндісіне (пенициллиннің новокаин тұзы түзіледі, әсері ұзақ уақытқа созылады, бензилпенициллиннің новокаин тұзы бұлыңғыр кристалды ерітінді бұлшық етке енгізу болады) көк тамырға тездетіп 1 000 000 -2 000 000 ЕД (5-10 мл инъекцияға арналған сумен немесе изотоникалық натрий хлорид ерітіндісімен ерітіп енгіземіз)тамшылатып 2 000 000 -5 000 000 ЕД(100-200 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі немесе 5 % глюкоза ерітіндісі)тәулігіне 1-2 мезгіл, араластырып бұлшық етке арасында енгіземіз.Препаратты сүйек ішіне,ингаляция түрінде,көз,құлақ,мұрын тамшылары ретінде,қақырықты түсіргіш зат ретінде де қолданылады. Ішке қолданбаймыз,себебі асқазан сөдлің тұз қышқылы бұзады.

Бензилпенициллин калий тұзы- Benzylpenicillinum-kalium(Б): натрий тұзына ұқсас,препарат тек б/е және т/а енгізіледі.Аэрозоль және көз тамшылары түрінде жергілікті қолданылады.Күре тамырға және эндолюмбальды енгізуге болмайды,себебі калий иондары тырысу және жүрек қызметін тежеуіне алып келеді.Препарат күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.

Феноксиментилпенициллин (Клиацил,Фау-пенициллин)-Рhenoxymethylenicillinum(Б):0,1 және 0,25 таб.-2 таб.тәулігіне 4-6 рет тамақтан ½ -1 сағат бұрын қабылдау қажет.Бензилпенициллиннен айырмашылығы қышқылға тұрақты, яғни асқазан сөлінің тұз қышқылында бұзылмайды,АІЖ-да жақсы сіңіріледі.Орта дәрежелі инфекцияларда қолданылады.Жүрек айну,құсу,іш өту байқалуы мүмкін.

Б)Әсері ұзақ препараттар.Бициллин-1-Bicillinum-1(Экстенциллин,бензатин)(Б): 300000,600 000ӘБ құрғақ зат флаконда-аптасына 1 рет;1 200 000 және 2 400 000 ӘБ -2 аптада 1 рет енгізу қажет. Егізер алдында флакон құрамын инъекцияға арналған суда немесе 0,9% NaС1 ерітіндісімен араластырғанда суспензия түзіледі, сондықтан тек бұлшық етке енгізіледі. Препарат ревматизмді алдын алу және емдеу үшін, мерезді емдеу үшін қолданылады.

Бициллин-5 - Вicillinum-5 (Б): 1 500 000 ӘБ құрғак зат флаконда шығарлып, 4 аптада 1 рет қолданылады. флакон құрамын 5 мл арнайы еріткіште ерікенде суспензия түзіледі, сондықтан

тек бұлшық етке енгізіледі. Препарат ревматизмді алдын алуда қолданылады.

2. Жартылай синтетикалық пенициллиндер. Оксациллин натрий тұзы - Охасillinum-natrium (Б): 0,25 және 0,5 таб және 0,25 капс-1-2 таб (капс) тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1 сағ.алдын немесе тамақтан 2-3 сағ. соң қабылдау қажет. 0,25 және 0,5 құрғак зат флаконда шығарылып, тәулігіне 4-6 рет б/е; флакон құрамын арнайы ертіндіде (инъекцияға арналған суда)ерітеді; 5-10 мл 0,9% NаС1 ерiт. ерітіп к/т баяу ағынмен, 250 мл 0,9% NаС1 ерiт. немесе 5%глюкоза еріт. ерітіп тамшылатып (1-2 сағ бойы) к/т енгізіледі. Оксациллин пенициллин түзгіш стафилакокктармен шақырылған инфекцияларда қолданылады, сонымен қатар қышқылға тұрақты.

Ампициллин тригидраты (Пентрексил) - Аmpicillini trihydras (Б): 0,25 таб. (капс) шығарылып, 2 таб (капс) тәулігіне 4-6 рет тамақтың алдында белгіленеді.

Ампициллин натрий тұзы – Аmpicillini - natrium (Б): 0,25 және 0,5 құрғак зат флаконда шығарылып, тәулігіне 4-6 рет б/е; флакон құрамын 2-3 мл еріткіште (инъекцияға арналған су) ерітеді; 5-10 мл к/т баяу ағынмен, 250 мл 0,9% NаС1 ертіндісімен - тамшылатып енгізіледі.Ампициллиннің микробтарға қарсы әсерінің спектрі кең. Бензилпенициллин белсенділік көрсететін қоздырғыштарға қоса, ампициллин грамм (-) микроорганизмдерге: сальмонелла (іш сүзегі, паратиф, сальмонелез қоздырғыштары); шигелла (дизентерия қоздырғыштар); ішек таяқшалары (эшерихиоз қоздырғыштары), протей, Фридлендер таяқшалары (пневмания клебсиелласы); инфлюэнция таяқшаларына әсер етеді. Ампициллин қышқылға тұрақты, бірақ пепициллиназа әсерінен жойылады. Аралас инфекцияларда тиімді бірақ ұзақ емдеу кезінде суперинфекция шақыруы мүмкін. Кандидамикозды алдын алу үшін нистатинді немесе леворинді бірге қолдану тиімді.

Ампиокс - Аmpioxum (Б): 0,25 капc шығарылып, 2-4 капс тәулігіне 4 рет тамақтан 1 сағ. Бұрынбелгіленеді.

Ампиокс-натрий - Аmpioxum- natrium (Б): 0,2 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, 3-4рет тәулігіне б/е, флакон құрамын 2-5 мл арнайы еріткіште ертп, 5-10 мл баяу ағынмен к/т; 100-200 мл 0,9% NаС1 ерітіндісімен тамшылатып енгізіледі.

Ампиокс - оксациллии мен ампициллиннщ аралас препараттары. Препараттарды араластыруарқылы әсер ету спектрін кенейтіп, әр препараттың әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Амоксициллин (хиконцил, гоноформ) - ампициллинге ұқсас, АІЖ-да жақсы сіңіріліп ішке (1,0таб; 0,25 және 0,5 капс) белгіленеді.

Уназин (сулациллин) - құрамында ампициллин мен сульбактамы (0,75; 1,5 және 3,0 құргақ затфлаконда - б/е және к/т; 0,375 тәулгіне 2 рет) бар.

«Амоксиклав» («аугментин» - құрамында амоксициллин және клавулон қышқылы (официнтаб – тәулігіне 4 рет тамақ үстінде) бар.

Сульбактам мен клавулон қышқылы пенициллиназаның ингибиторы, пенициллинді инактивациядан қорғайды.

Карбенициллин - әсер ету спектрі ампициллинге ұқсас, сонымен қатар ол көкіріңді таяқша,протейдің барлық түрлеріне әсер етеді, бірақ стафилакокктарға әсер етпейді.

Тикарициллин, аэлоциллин (секуропен) және пиперациллин (Исипен) карбенициллингеұқсас, көкіріңді таяқшаларға қарсы антибиотиктер.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)