|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Бутирофенон туындысы: галоперидол, дроперидол4. Химиялық құрылысы басқа да препараттары: клозапин (азалептин, лепонекс), сульпирид (эглонил). Әсері айрықша байқалады. ету механизмі әртүрлі: дофаминолитикалық, серотонинолитикалық, α-адренолитикалық, М-холинолитикалық әсер етеді. Фармакологиялық әсері: 1. Психозға қарсы (сандырақ, елестеуді басады) – аминазинде, трифтазинде, левомепромазинде, этаперазинде, галоперидолда, хлорпротиксенде айрықша байқалады. 2. Транквилизаторлық (тыныштандырып, қорқыныш және үрейді басады) аминазинде, тизерцинде, галоперидолда, дроперидолда айрықша байқалады. 3. құсыққа қарсы әсері - галоперидолда, дроперидолда, этаперазинде, сульпиридте айрықша байқалады. 4. Гипотермиялық (жылу бөлінуін күшейтіп, жылу өнімін төмендетіп жасанды гипотермия тудырады) әсер көрсетеді. 5. Бұлшық ет босаңсытады. 6. Наркотикалық, ұйқытататын және анальгетикалық дәрілердің әсерін күшейтеді. 7. Антигистаминдік әсер көрсетеді. 8. Гипотензивті (α-адренорецепторды тежегіш әсерімен байланысты) әсер – аминазинде, дроперидолда айрықша байқалады. 9. Дәрілік паркинсонизм тудырады: көбінесе - галоперидолда, трифтазинде, аминазинде: сирек – хлорпротиксенде, клозапинде, сульпиридте байқалады. Осы жағдайды алдын алу үшін паркинсонизмге қарсы дәрілік заттарды (циклодол және т.б.) белгілейді. Шизофренияда, психозда, тоқтаусыз құсуда (сәулесоқпен емдеуде, цитостактиктермен емдеуде, ми ісігінде, наркозан кейін, жүктілікті), ықылықта, гипертониялық кризде, нейролептанальгезияда және операциядан алдын қолданылады. Жанама әсері: экстрапирамидті бұзылыстар (дәрілік паркинсонизм), артериялық гипотензия және коллапсқа алып келуі мүмкін, тахикардия, М – холинотежегіш әсерлер (ауыз қуысының құрғауы, көз қарашығының кеңеюі, глаукома, атониялық іш қату, қуық сфинктерінің дисфункциясы), бауыр қызметінің бұзылуы, қан жүйесінің бұзылуы (гемолитикалық анемия, клозапин қабылдағанда – агранулоцитоз байқалады), гипофиздің тропты гормонның секрециясының өзгеруінен (кортико -, сомато және лактотропты) эндокринді бұзылыстырға алып келуі мүмкін, аллергиялық реакциялар, күн сәулесіне тері сезімталдығының жоғарлауы, ұрықтың жатырішілік дамуының бұзылуы (терогенді әсер) және депрессия байқалады. Аминазин тітіркендіргіш әсер көрсетеді (флебит, инфильтрат). Бауыр, бүйрек зақымдалуында, тробоэмболияда және гипотонияда қолдануға болмайды. Аминазин – Aminazinum (Б): 0,025; 0,05; 0,1 драже. -1-2 дражеден тамақтан соң тәулігіне 1-3 рет; 2,5% -1;2;5; және 10мл амп. (1-5 мл+2-5 мл 0,25-0,5% новокаин еріт ерітіп б/е тәулігіне 3 реттен көп емес, 2-3 мл 0,25-0,5% немесе 40% глюкоза еріт к/т – баяу енгізіледі. Трифтазин – Triftazinum (Б): 0,005 және 0,01 таб – 1 таб тамақтан соң тәулігіне 2-4 рет; 0,2% 1 мл еріт амп. Шығарылып, 0,5-1 мл тәулігіне 2-4 рет б/е енгізіледі. Этаперазин – Aethaperazinum (Б): 0,004-0,006 және 0,01 таб 1 таб тамақтан соң тәулігіне 3-4 рет енгізіледі. Галоперидол – Haloperidolum (Б): 0,0015 және 0,005 таб, - 1таб тамақтан бұрын тәулігіне 2-5 рет; 0,2% 10мл еріт. Флаконда шығарылып, 10-15 тамшыдан тамақтан соң тәулігіне 2-5 рет; 0,5% 1 мл еріт. Амп шығарылып, 0,4-1мл тәулігіне 2-3 рет б/е енгізіледі. Дроперидол – Droperidolum (Б): 0,25% 5 және 10 мл еріт. Амп шығарылып, 1-2 мл б/е және к/т енгізіледі. Хлорпротиксен – Chlorothixenum (Б): 0,015 және 0,05 таб 1 таб тамақтан бұрын тәулігіне 2-4 рет; 2,5% 1 мл еріт. амп – 1-2 мл б/е енгізіледі. Азалептин – Azaleptinum (Б): 0,025 және 0,1 таб – 1таб тамақтан соң тәулігіне 2-3 рет; лепонекс – 2,5% 2 мл еріт амп –б/е енгізіледі. Сульпирид – Sulpiridum (Б) таб. 0,05;0,1 және 0,2 - 1таб. күніне 1-4 мезгіл; амп. 5% ерітінді 2мл – бұлшық етке 1-3мезгіл. Құсыққа қарсы әсер ететіндігінен және асқазан шырышты қабатына «ципопротекторлы» әсер ету себебінен және нерв системасын реттеуші болғандықтан онекі елі ішектің және асқазан ойық жараларында қолданылады. 2. Траквилизаторлар(анксиолитиктер) – жүйке тозуында (невроз) және невроз тәрізді бұзылыстарда байқалатын, бұлар психотропты дәрілік заттар, қорқынышты, үрейді, эмоциялық қысылуды, мазасыздықты, невтік бұршылуды алып тастайды. Нейролептиктерге қарағанда антипсихотропты әсер көрсетпейді. Классификациясы: Бензодеазепин туындылары: диазепам (седуксен, сибазон, реланиум, валиум), феназепам, хлордиазепоксид (хлозепид, элениум, либриум), нозепам (оксазепам, тазепам), лоразепам, альпразолам (альпракс, ксанакс) медазепам (мезапам, рудотель, нобриум), тофизопам (грандаксин). 2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин. Негізгі фармакологиялық тиімділігі: - Транквилизациялаушы (анксиолитикалы - үрейге қарсы):феназепам, диазепам, лоразепам, хлордиазепоксид, мепробамат, амизилде. - Ұқтатқыш. - Тырырсуға қарсы. - Бұлшық еттерді босатады. - Транквилизаторлаушы әсерлері наркотикалық, ұқтатқыш және анальгетикалық әсерлерді күшейтеді. Әсер ету механизмі: бензодиазепин туындылары бензодиазепин рецепторларын қоздырады, орталық жүйке жүйесіндегі процестерді тежейді. Қабылданылуы: невроздарда, соматикалық дерттерде (гипертоникалық, ишемиялық жүрек дерті, он екі елі ішек және асқазан ойық жараларында, экзема, нейродермит, вегетососусты дистония). Кері әсері: эйфория шақырады, дәрілік бейімдеушілік, ұзақ уақыт қабылдар алып тастасақ абстиненетті синдром (ұйқысыздық, бұршылу, құсық, жүрек айну) жүрек дірілдеуі пайда болады. Транквилизаторлар есте сақтау қабілетін төмендетеді, ұйқышылдық пайда болады, депрессия, бұлшық еттер әлсіз болады. Қабылдауға болмайды: көлік жүргізгенде, ой жұмысымен айналысатын адамдарға. Бензодиазепин өткір бауыр бүйрек дерттерінде, жүктілікте. Қабылдауға болмайды: емделіп жатқанда, құрамында спирті бар ішімдікті қабылдауға болмиайды. Сибазон – Sibazonum (Б) 0,005 күніне 1-3 таб 1-2 мезгіл амп. 0,5% еріт 2 мл в/м 2-4 мл-н, в/в 4-6 мл баяу (10-20 мл. 40% глюкоза ерітіндісін араластырып ерітеміз. Феназепам – Phenazepamum (Б) 0,005 және 0,001 гр 1 таб күніне 2-3 мезгіл. Хлордиазепоксид – Chlordiazepoxidum (Б): таб 0,005 күніне 1-2 таб 1-4 мезгіл. Күндізгі уақытта қабылдауға болатын транвелизаторлар. Мезапам, Грандаксин, Оксилидин, Мебикар, Триоксазин бір қалыпты белсенді әсері бар. Транквелизаторлар ұйқышылдық шақырмайды тырысуға қарсы және бұлшық еттерді босатады, жұмыс істеу қабілетін төмендетпейді. Мезапам – Mezapamum (Б) таб 0,01гр 1 таб күніне 2-3 мезгіл. Грандаксин – Grandaxinum (Б) таб 0,05 1 таб күніне 1-3 мезгіл. Мебикар – Mebicarum (Б): таб 0,3гр 1 таб күніне 2-3 мезгіл.
3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын) Қоздырғыштықтық тітіркендіргіш әсерлерді басады, транвелизаторларға қарағанда бірқалыпты, ұйқышылдықты шақырмайды, бұлшық еттерді босатады, жұмыс істеу қабілетін төмендетпейді. Транквелизаторларға қарағанда қорқыныш үрейді алып тастамайды. Дәрілік бейімдеушілік болмайды, ұйқыға әсер етіп бірақ адамның өзінің ұйықтар кезін жақсартады. Оның тереңдігін көбейтеді, тиімділігін жоғарлатады. а) Бром препараты, Na бромиді, калий бромиді, бром камфора, бромидтер бас миындағы процестерді тежейді, қоздырғыштық және тежегіштік процестердің тепе-теңдігін шақырады, әсіресе ОЖЖ-н қозғанда. б) Дәрілік өсімдік препараттары: валериана, бессмертник, пустырник, пассифлора, пиона, ново-пассит. Валериана препараты тыныштандырғыш әсерден басқа спазмолитикалық әсер көрсетіп жүрек тамырлар системасындағы неврозда және асқазан ішек жолдарының спазмасында қолданамыз. өсімдіктің седативті әсерлері жеңіл невроздарда, невростенияда, жоғары тітіркену кезінде вегатоневроздарда (гипертония, жүрек тамыр системасының неврозы, асқазан ішек жолдарының спазмасы және т.б.) ұйқысыздықта өсімдік препараты жақсы ағзада жақсы қабылданады. Амбулатор практикада жиі қолданылады әсіресе ересек адамда. Кері әсері: бромидті ұзақ қабылдағанда кумуляция шақырады. Бромизм апатия (адамның ештеңеге көңіл күй бөлмейді, жан-жағынжа не болып жатқаны бәрі бір), мидың сақтау қабілеті төмендейді, шырышты қабаттар қабынады (канюктевит, жөтел, іш, өт, бронхит, грипп) теріде бөртпе пайда болады. Осы кезде бромид препаратын бірден алып тастау керек. Натрий хлорид пен бірге суды көп қабылдаймыз. (20 күнге дейін) Натрий бромиді Калий бромиді – Kalii Bromidum: 1-з% ерітінділер микстура құрамына кіріп ішке қабылданылады. Бромкамфора – Bromcamphora: таб 0,15 және 0,25 1-2 таб күніне 1-3 мезгіл. Настойка валерианы – Tincturae Valerianae: флакон 30 мл 20-30 тамшы Экстракт валерианы: таб 0,02 гр 1-2 таб күніне 3-4 мезгіл. Настойка пустырника: флакон 25 мл 30-50 тамшы дейін күніне 3-4 мезгіл. Қосылып келген препараттар: карболал, Волокордин, валокормид, волосидан, персен, корвалол. Корвалол – Corvalolum: флакон 15 мл күніне 2-3 мезігіл 15-40 тамшы. Карболол седативті, спазмолиткалық және тамырларды кеңейтетін әсер көрсетеді.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.) |