АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Суда еритін витаминдер

Читайте также:
  1. Поливитаминдер

Тиамин бромиді - Thiamini bromidum: 3 % және 6% еріт. амп шығарылып 1 мл тәулігіне 1 рет б/е енгізіледі. В1 дәнде дақылдарды, ашытқының, бауырдың, бүйректің құрамында кездеседі. Көмірсу алмасуына қатысатын ағзада кокарбоксилазаға айналады. В1 витамині ацетилхолиннің синтезі үшін қажет. Гиповитаминозда: бұлшық ет әлсіздігі, полиневриттер, сезімталдықтың бұзылуы, ал ауыр жағдайларда бери-бери (парез, салдану, жүрек жеткліксіздігі, ісінулер, диспепсия) байқалады.

Невритте, невралгияда, радикулитте, АІЖ-ң жүрек қан тамыр жүйесі және тері ауруларында қолданылады.

Жанама әсері: аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.

Кокарбоксилаза гидрохлориді – Cocarboxylasi hydrochloridum: 0,05 құрғақ зат амп. шығарылып, 2 мл еріткіште ерітіп, 2-4 мл-ден тәулігіне 1 рет бұлшық етке, кей жағдайларда тері астына, күре тамырға енгізіледі.

Рибофлавин – Riboflavinum (Vit B2) 0,005 және 0,01 таб; 0,001% еріт. көз тамшысы түрінде шығарылады. В2 бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүт өнімдері, ашытқа және дәнді дақылдардың құрамында кездеседі. Тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысады. Жеткіліксіздігінде ангулярлы хейлит (ерін шырышты қабатының қабынуы) глоссит, мұрын терісінің және құлақ қалқанының зақымдалуы, васкулярлы кератит, ал балаларда анемия және дене салмағының төмендеуі байқалады. Кератитте, коньюктивитте, иритте, терінің жұқпалы ауруларында және сәуле ауруында қолданылады.

Никотин қышқылы – Acidum nicotinicum (Vit PP, B3)(Б): 0,05 таб; 1% 1 мл еріт. амп шығарылып, к/т енгізіледі. Тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысып ағзада никотин қышқылының амидіне айналады. Тамақтың құрамында болмаған жағдайда пеллагра: дерматит, диарея, деменция (жарымес) және дистрофия байқалады. Никотин қышқылының айқын, бірақ қысқа мерзімді қан тамырды кеңейтетін әсері бар. Ол кезде беттің қызаруы, бас айналу, АҚ-ң төмендеуі, тахикардия және т.б. байқалады. Ал никотинамид мұндай әсер көрсетпейді. Никотин қышқылы қандағы холестериннің және бос май қышқылдарының құрамын төмендетіп, липид алмасуына қатысады. Екі препарат пеллаграда (В3 тапшылығынан болған ауру), бауыр ауруларында, қышқылдығы төмен гастритте, тері ауруларында, қан тамыр спазмдарында және атеросклерозда қолданылады.

Пиридоксин гидрохлориді – Pyridoxini hydrochloridum `Vit B6: 1% және 5% 1 мл еріт. амп – 1мл тәулігіне 1 рет б/е және т/а енгізіледі. Ашытқының, дәнді дақылдарды, бұршақ тұқымдастарының, банан, ет балық, бауыр және бүйректің құрамында кездеседі. Ақуыз алмасуына қатысады. Гиповитаминоз кейде балаларда (тырысу, дерматит) және туберкулезге қарсы препараттармен (изониазид) емдеуде (шеткерлік неврит байқалғанда пиридоксинмен басамыз) байқалады. Витамин жеткліксіздігінде, изониазидпен, антибиотиктермен емделуде, жүктіліктің токсикозында, паркинсонизмде, радикулитте, невритте, сәуле ауруында, гепатитте және тері ауруларында қолданылады.

В12 және В6 витаминдері («Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер» тақырыбына қара).

Аскорбин қышқылы – Acidum ascorbinicum (Vit.C): 0,1 таб 0,05 драже 5% және 10% 1 мл еріт. амп шығарылып, 1 мл-ден б/е, к/т енгізіледі. Көкөністердің, жемістердің құрамында кездеседі. Тотығу-тотықсыздану процесі мен дәнекер ұлпаның синтезіне қатысып, антиоксидантты әсер көрсетеді. Авитамиинозды Цинга (құрқұлақ) ауруы байқалады. Гиповитаминозда, қан кетулерде, инфекцияларда, химиялық заттармен улануда, атеросклерозда, сәуле ауруларда, ағзаға шамадан тыс күш түскенде және т.б. жағдайларда белгіленеді. Үлкен мөлшерде ұзақ қолданғанда ұйқы безі мен бүйректі (АҚ-ы жоғарлатады) зақымдайды.

Рутин – Rutinum (Vit. P): 0,02 таб шығарылып, цитрустарда, итмұрын (шиповник) жемісі, қара жемісті шетеннің жидегі (рябина черноплодная), көк шай жапырақтарының және т.б. құрамында кезедседі. Тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысып, капилярлардың өткізгіштігі мен жарылуын төмендетеді. Геморрагиялық диатезде, әсіресе аскорбин қышқылымен бірге (қиыстырылған препараттары: (Аскорутин»- “Ascorutinum”) қолданған тиімді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)