|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Полимиксин М, полимиксин В (аэроспорин, полмикс, бациллоспорин), полимиксин Е (колистин) сульфаттарыӘсер ету механизмі: микроорганизмдердің цитоплазмасының құрылысы мен қызметін бұзып,бактерицидті әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі тар: грамм (-) таяқшаларға: көкірің таяқшаларға, дизентерия мен шек таяқшаларына, іш сүзегі мен паратиф таяқшаларына, холера вибрионына, клебсиеллаға,энтеробактерге, гемофильді таяқшаларына әсер етеді. Қолдану көрсеткіштері: полимиксиндер - терапевті әсерлерінің кеңдігі аз, жоғары уытты препараттар, сондықтан оларды тек өте қажетті жағдайда қолданады. Емдеу ұзақтығы 5-7 күннен аспауы тиіс. Полимиксиндер АІЖ-да сіңірілмейді және парентеральды енгізгенде ұлпаларға нашар таралады. Полимиксин М сульфаты іріңді жарақаттарды, күйік және жараларды, іріңді отит пен конъюктивитті емдеу үшін ертінді немесе жағылма түрінде жергілікті сыртқа қолданылады. Басқа антибиотиктерге (гастроэнтероколит, жітіт және созылмалы дизентерия) сезімталдығы төмен көкірің таяқшалары мен басқа да грамм (-) флора тудырған ауыр ішек инфекцияларында, сонымен бірге операция алдында ішекті санация жасау үшін ішке қолданылады. Полимиксин В және Е сульфаттары көкрің таяқшаларымен, клебсиелламен және энтеробактермен шақырылған сепсисте, пневманияда, эндокардитте, несеп шығару жолдарының созылмалы ауруларында парентеральды енгізіледі. Жанама әсері: полимиксин М сульфатын ішке және жергілікті қолданғанда жанама әсер байқалмайды. Эпигастра тұсының ауырсынулары, диспепсия, аллергия аз байқалып, суперинфекция болуы мүмкін. Полимиксин В және Е сульфаттары парентеральды енгізгенде флебит, нефро- және нейротоксикалық әсер көрсетуі мүмкін. Қарсы көрсеткіштері бауыр, бүйрек қызметінің бұзылуы және жүктілікте. Полимиксин М сульфаты Polimyxini M sulfas(Б): 500 000 ӘБ және 1 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып,50-100 мл 0,9% NaCl ертіндісі немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіп, ертіндіні тампон мен сальфетканы дымқылдап, шаю (бүрку) үшін немесе тамшы түрінде қолданылады; 2% жағылма;500 000 ӘБ таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 4-6 рет белгіленеді. 7. Әртурлі топтағы антибиотиктер 1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид). Гликопептиттер - стафилакокктарға қарсы резервтегі антибиотиктер. Олар бактерецидті әсер көрсетеді: жасуша қабықшасының синтезін тежейді, цитоплазмалық мембраманың құрылысы мен қызметін бұзып, рибасома деңгейінде РНҚ-ң синтезін әлсіретеді. Әсер ету спектрі тар: тек грамм (+) аэробты бактерияларға,бета-лактамаза түзушілер мен метициллинрезистентті стафилакокктарға,клостридиялар мен корнебактерияларға әсер етеді.Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі өте баяу дамиды,басқа антибиотиктермен қиыспалы тұрақтылығы жоқ.. Күре тамырға өте баяу енгізіледі. Басқа антибиотиктерге тұрақты стафилакококктар тудырған ауыр инфекцияларда: сепсисте, стафилакоккты және стрептококкты эндокардитте, пневманияда, менингитте, стафилакоккты энтероколитте, псевдо-мембранозды колитте, аурухана ішілік инфекцияларда қолданылады. Гликопептидтер - терапевтикалық әсерінің кеңдігі тар улы антибиотиктер. Жанама әсері: нефроуытты; отоуытты; гемотоуытты; тромбофлебит; анафилаксия; бет пен мойынның қызаруы, гипотензия, кеуде мен омыртқа жотасының түйілуі (әсіресе жылдам енгізгенде) байқалуы мүмкін. 2. Ристомицин - микроб қабықшасының синтезін бұзып, бактероцидті әсер етеді. Көбінесе грамм (+) кокктарға (стафилококк, стрептококк, пневмококк, энтерококк), сонымен бірге грамм (+) бактерияларға (листерия, клостридия, кейбір анаэробтар, коринебактериялар) әсер көрсетеді. Ристомицин грамм (+) қоздырғыштармен шақырылған (көбінесе стафилакокк немесе басқа антибиотиктер әсер етпей жатқанда) ауыр септикалық ауруларда тағайындап, тек к/т енгізіледі. Микроорагнизмдердің екіншілік резистенттілігі баяу дамиды. Ристомицин — улы; флебит, аллергия, дірілдеу, жүрек айну, есту жүйесінің қайтымсыз зақымдалуы, гемато-, нефро-, кейде гепатотоксикалық әсер тудыруы мүмкін. 3. Анзамициндер: рифампицин (бенемицин). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді. Әсер ету спектрі кең: сонымен қатар рифампицинге жоғары сезімтал микроорагнизмдерге (туберкулез микробактериясына, лепра, гемофильді таяқшалар) бактерицидті әсер етеді. Кокктарға, соның ішінде гонорея, сібір жарасының таяқшасы, газды гангрена клостридиясы, протей, сальмонелла, бруцелла, трахома, коклюш, кұтыру қоздырғыштарына белсенділігі жоғары.Рифампицинге микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі жылдам пайда болады, сондықтан резервтегі антибиотик болып табылады. Оны көбінесе басқа микробқа қарсы дәрілермен қиыстырады. Қолдану көрсеткіштері: негізгі қолдану көрсеткіштері өкпе мен басқа да мушелердің туберкулезі (рифампицин АІЖ-да жақсы сіңіргіш, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйытықтарына жақсы таралады, туберкулезді емдеу үшін туберкулезге қарсы дәрлермен қиыстырылып қолданылады), алапесті (лепраны) емдеуде, тыныс алу мүшелерінің инфекциясында, менингитте, остеомиелитте, зәр және өт жолдарының инфекциясында, жіті гонореяда қолданылады. Жанама әсері аллергиялық реакциялар, диспепсия, бауыр қызметің бұзылуы, лейкопения, зәр, сілекей, көз жас сұйықтықтарының қызыл сары түске боялуы мүмкін. Рифампицин бауырдың метаболикалык процестеріне әсер етіп, кейбір заттардың биотрансформациясын жылдамдатады (оймақгул препараттары, әсері тікелей емес антикоаугулянттар, пероральды гипогликемиялық дәрілер, контрацептивтер, Д, К, Вс витаминдері). Қарсы көрсеткіштері: бауыр мен бүйрек ауруларында, көтере алмауда, жүктілікте, емшектегі балаға қолдануға болмайды. Рифампицин-Rifampicinum (Б): 0,15 және 0,3 капс шығарылып, 1-2 капс, 2-3 рет тәулігіне 30 минут -1 сағат тамақтан бұрын; 0,15 құрғақ зат флаконда шығарылып, 2-5 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 125 мл 5% глюкоза еріт. тәулігіне 2-3 рет тамшылатып к/т енгізіледі. Рифампицин туындылары: рифабутин (микобутин) - туберкулез микробактериясына әсері жағынан рифампициннен 2-20 есе жоғары: рифамлетен - әсері ұзартылған препарат, аптасына 1 рет белгіленеді. 4.Фузидин - натрий - ақуыз синтезін тежеп, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Фузидин стафилакокктарға, сонымен қатар стрептококктарға, менингококктарға, гонококктарға белсенділік көрсетеді. Стафилакоккты остеомиелитте және басқа да стафилококты инфекцияларда: пневмания, бауыр мен ет жолдарының ауруларында, септицемия, тері мен жұмсақ ұлпа инфекцияларында қолданылады. Жанама әсері ішке қабылдағанда диспепсия, күре тамырға енгізгенде флебит байқалуы мүмкін. 5. Фузафунжин (биопарокс) - микробқа қарсы және қабынуға қарсы әсері бар. Әсер ету спектрі: стрептококктар, пневмококктар, кейбір анаэробты, микоплазма, кандида тобындағы саңырауқұлақтар. Мұрын, жұтқыншақ, тыныс жолдарының (синусит, ринит, фарингит, тонзилит, ларингит, трахеит, бронхит) қабыну және жұқпалы ауруларын жергілікті емдеу үшін тек ингаляция түрінде белгіленеді.Емдеу курсы 10 күн, өйткені дисбактериоз пайда болуы мүмкін. Жанама әсері тітіркендіргіш әсер көрсетуі мүмкін. 2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер а) Сульфаниламидті препараттар. Әсер ету механизмі: сульфаниламидті препараттар сульфанил қышқылы амидінің туындысы болып табылады және химиялық құрылысы жағынан пара-аминобензой қышқылына (ПАБК,) ұқсас, ПАБК микроорганиздердің өсуі мен көбеюіне өте қажет. Микроорганизмдердің өсуі мен кебеюіне қажетті пуриннің, пиримидин негіздерінің, нуклеин қышқылдарының, ақуыздардың синтезіне қатысатын фолий қышқылынан (витамин Вс) фолиенді қышқыл түзілуіне жағдай жасайды. Сульфаниламидті препараттар ағзада - фолий қышқылын дегидрофолий қышқылына айналдыратын ферменттерді тежейді. Ол микроб жасушасының өсуі мен көбеюін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Сондықтан сульфаниламидті препараттарды ПАБК-ң бәсекелес антагонизмі деп атайды. Сульфаниламидтердің триметоприммен қиыстырылған препараттары (бисептол, лидаприм, сульфатон және т.б.) бактерицидті әсер етеді, себебі триметоприм фолий қышқылының синтезін тежейді, яғни қиыстырылған препараттар екі бағытта әсер етеді, фармакологиялық әсерін күшейтеді және микробқа қарсы әсерінің спектрін кеңейтеді. Сульфаниламидтердің бәсекелестік механизмінің әсеріне байланысты, қабылдау келесі кесте бойынша жүргізіледі: бірінші күні ең жоғары мөлшер, ал екінші күні орташа мөлшерде қабылдау қажет. Әсер ету спектрі кең: грамм (+) жэне грамм (-) кокктарға (энтерококктарға, стрептококктарға, стафилакокктарға әсер етпей), бактерияларға (ішек таяқшалары, шигелла, дизентерия, кейбір сальмонеллалар, холера вибрионы, клиебсиеллалар, сібір жарасының қоздырғышы, дифтерия, оба, бруцеллез, туляремия, клостридиялар), хламидияларға, қарапайымдылырға (безгек плазмодий, токсоплазмоз), саңырауқұлақтарға (актиномицеттер, нокардий) қарсы әсер етеді. Триметоприммен қиыстырылған препараттары, сондай-ақ пневмоцистерге, гемофильді таяқшаларға, легионеллага, аэромонадаларға әсер етеді. Сульфаниламидті препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда микроорганизмдер оларға тұрақты болып қалады, сондықтан сульфаниламидтердің әсер ету спектрі азайып, тиімділігі төмендеп кетті. Оларды көбінесе антибиотиктер әсер етпей жатқанда, немесе антибиотиктерге қоздырғыштардың тұрақтылығында, немесе антибиотиктермен бірге қиыстырып белгілейді. Сульфаниламидтерге екіншілік резистенттік тез пайда болады. І.А1Ж-да жақсы сіңірілетін сульфаниламидтер. Ағза сұйықтықтары мен ұлпаларына жақсы сіңіріледі, резорбтивті әсер етіп, жүйелі инфекцияларда қолданылады. Қолданылуы: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, ет пен несеп шығару жолдарының инфекциялары, хламидиялы инфекциялар, жұмсақ ұлпалар мен іріңді инфекциялар, отит, синусит, жара инфекциялары, токсоплазмоз, безгек (малярия). Жанама әсері: аллергиялык реакциялар, диспепсия, кристаллурия (сусындарды көп қабылдау қажет), бас айналу, бас ауруы, жағдайдың нашарлауы, анемия, лейкопения, невриттер байқалуы мүмкін. Аллергиялык реакцияларда, бауыр, бүйрек және қан жүйесі кызметі бұзылуларында қолдануға болмайды. а) әсері қысқа препараттары: стрептоцид (сульфаниламид), сульфацил-натрий (сульфацетамид, альбуцид), норсульфазол (сульфатиазол), этазол (сульфаэтидол),уросульфан (сульфакарбамид), сульфадимезин, сульфазин (сульфадиазин). Әсері қысқа 8-10 сағат. Бірінші күні ең жоғарғы мөлшерін- 2 г, содан соң 1 г-нан тәулігіне 4-6 рет тағайындалады. Сульфацил — натрий –Sulfacilum-natrium(Б): 30% - 5 мл ерітінді ампулада шығарылып, к/тенгізіледі; 20% және 30% - көз тамшысы; 30% көз жағылмасы (жаңа туған балалар мен ересектердің бленнореясын алдын алу және емдеу үшін, коньюктивитте, қасаң қабақ жарасында) бар. Сульфадимезин-Sulfadimezinum (Б): 0,5 таб түрінде шығарылады. Уросульфан -Urosulfanum(Б): 0,5 таб түрінде шығарылады. Уросульфан мен этазол несеп жолдарына кристалданбайды, сондықтан несеп шығару жолдарының инфекциясында қолданылып, бүйректен өзгеріссіз шығарылады. Стрептоцид пен норсульфазол тонзилитте, фарингитте, ларингитте, стоматитте қолданылып, «Ингалипт» аэрозолінің құрамына кіреді. Сульфазиннің күмісті тұзы іріңді жара, күйгенде, ойық жараларда, ойықтарда қолданылатын 1% «Сульфаргин» («Дермазин») жағылмасы бар. б) әсері ұзақ препараттары: сульфапиридазин (сульфаметоксипиридазин), Сульфадиметоксин -Sulfadimethoxinum(Б): 0,5таб. Сульфапиридазин таблеткадан басқа, көз тамшысы және көз пленкасы түрінде шығарылады. в) әсері өте ұзақ препараттары: сульфален (сульфаметосипиразин, келфизин). Орташа әсері 65 сағат, терапевтикалық концентрациясы ағзада 1 аптаға дейін сақталады, сондықтан аптасына 1 рет белгіленеді. Сульфален-Sulfalen (Б): 0,2 таб; бірінші күні 5 таб, кейін 1 таб, тәулігіне 1 рет тамақтан 30 минут бұрын (созылмалы инфекцияларында - 1 таб аптасына 1 рет) белгіленеді. II. А1Ж-да нашар сіңірілетін сульфаниламидтер. Сульгин (сульфагуанидин), фталазол Бұл препараттардың ішекте жоғары концентрациясы түзіледі, ішке қабылдайды. Қолданылуы: ішек инфекцияларында - колит, энтероколит, бацилді дизентерияда. Фталазол –Phthalasolum (Б): 0,5 таб шығарылып, әсері қысқа препараттардың кестесі бойынша тағайындалады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Салазосульфаниламидтер:салазопиридазин(салазодин),салазосульфапиридин(салазопирин, сульфасалазин), салазодиметоксин. Бұлар 5-аминосалицил қышқылымен қиыстырылған препараттар таблетка, суппозиторий, суспензия түрінде шығарылады. Тоқ ішекте бос сульфаниламид пен аминосалицил қышқылына ыдырап, қабынуға қарсы әсер көрсетеді. III. Триметоприммен қиыстырылған сульфаниламидті препараттары. Ко-тримоксазол Вisерtоl - бисептол (Б): - (0,12 және 0,48) офиц. таб. шығарылып, 2 таб. тәулігіне 2 рет тамақтан соң; 5 мл амп. шығарылып, 10 мл 250 мл 0,9% NaС1 еріт. тәулігіне 2 рет к/т тамшылатып енгізіледі.
Ескерту: сульфаниламидтерді новокаинмен, анестезинмен, фолий қышқылымен, новокаинамидпен бірге қолдануға болмайды, себебі олар ПАБҚ-ң бәсекелес антагонизмі, ягни сульфаниламидтер синтетикалық диабетке қарсы дәртердің әсері күшейіп (сульфанилмочевина туындылары - бутамид, глибенкламид жэне т.б. гипогликемияға алып келуі мүмкін; К витамині антагонистерінің әсері күшейтуінен қан кетуге алып келуі мүмкін, метотрексаттың әсерін (агранулоцитоз қауіпі бар) күшейтеді. б) Нитрофуран туындылары. Фурациллин («Антисептиктер» тақырыбына қараңыз), фуразолидон (нифурозид), нифуроксазид (эрцефурил), фурадонин (нитрофурантоин), фурагин (солафур), фуразолин, нифуратель (макмирор). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезі бұзады, цитоплазмалық мембранадағы тыныс алу ферменттерің қызметін тежеп, жасуша қабықшасының бузылуына алып келеді. Препараттың мөлшеріне байланысты бактериостатикалық және бактерицидті әсер көрсетеді. Бактериялардың ферменттік жүйелерін бұзу жолымен бактерицидті әсер етуі мүмкін, препараттың микробтарға қарсы әсер төзімді микроорганизмдер дамуын алдын алады. Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) кокктарға және бактерияларға, қарапайымдыларға (трихомонада, лямблий), хламидияға, клостридияға, спирохетке әсері төмен. Көкіріңі таяқшаларға, протейге, клебсиеллаға, энтеробактерияларға, саңырауқұлақтарға, вирустарға әсер етпейді. Нитрофурандарға микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу пайда болады. Колданылуы: Жергілікті, антисептик ретінде жара, күйікті емдеу үшін, қуыстарды жуу үшін 0,02% фурациллиннің еріт. және 0,5-1% фурагин еріт. (калий тұзы, солафур) қолданылады. Ішек инфекцияларын емдеу үшін (дизентерия, іш сүзегі, тамақпен улануда, лямблиоз, энтероколит, өт жолдарынын инфекциясында) фуразолидон және нифуроксазид ішке қолданылады. Урологиялық инфекцияны емдеу үшін фурадонин, фурагин, фуразолин - ішке; нифуратель таблетка, вагинальды суппозиторий және вагинальды жағылма түрінде қолданылады. Фуразолин мен фурагин кейде пневмонияда, сепсисте, остеомиелитте, тілме қабынуында қолданылады, себебі олар басқа препараттарға қарағанда ұлпаларға жеңіл етеді. Жанама әсері: диспепсия, аллергия, нейропатия (бас айналу, бас ауыру, полиневрит, есту қабілетінің бузылуы, көз жүйкесінің зақымдалуы)тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіштері бүйрек қызметі бұзылуында, жеке көтере алмаушылық, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі (эритроциттердің гемолизі пайда болуы мүмкін). Furazolidonum-фуразолидои (Б): 0,05 таб.; 2 таб. тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң. Furadoninum-фурадонин (Б): 0,05 таб.; 0,1 ішекте еритін таб. тәулігіне3-4 рет белгіленеді. в) Хинолондар. Хинолондардыц I буыны (8-оксихинолин туындылары). Әсер ету механизмі: ақуыздардың денатурациясын(ақуыздардың физиологиялық,физикалық қасиеттерін қыздыру,ренген сәулелерімен,химиялық заттармен өзгеруі) тудыратын, құрамында галогені бар (йод-энтеросептол және хиниофон, хлор-энтеросептол және хлорхинальдон, бром-интестопан), бактерицидті әсер көрсетеді. Микроорганизмдердің металлға тәуелді ферменттік жүйесін жояды. Хинозол ерітінді, сеппе, жағылма түрінде жергіліті антисептик ретінде қолданылады. Энтеросептол, хиниофон, хлорхинальдон, "Интестопан таб., «Интетрикс» капс. ішек инфекциясын емдеу үшін қолданылып, грамм (-) энтеробактерияларға, амебаларға, лямблияларға әсер етеді, улы болғандықтан (аллергия, йодизм немесе бромизм, шеткерлік невриттер, көру жүйкесінің зақымдалуын тудырады) қолданылуы шектеулі, микроорганизмдерге екіншілік резистенттік жылдам пайда болады. Мексаформ (құрамында энтеросептол, М-холиномиметик және т.б. бар) түйілумен жүретін энтероколитте қолданылады; мексаза (құрамында энтеросептол, ферменттер, ет қышқылдары бар) -метеоризмде, шекте ашу процестері күшейгенде қолданылады, Нитроксолин (5-НОК) - несеп шығару жолдарының инфекцияларында (пиелонефрит, цистит, уретрит, простатит және т.. б.)қолданылады, АІЖ-да жақсы сіңіріліп, бүйректен өзгеріссіз шығарылады. Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) бактерияларға, Candidа саңырауқұлақтарына басқа микробқа қарсы дәрілерге қоздырғыштардың тұрақтылығында әсері күшті. Жанама әсері: диспепсия, аллергия, зәрдің қызыл-сары түске боялуы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану керек. Nitroxolinum-нитроксолин (Б): 0,05 таб. (драже) шығарылып, 2 таб. (драже) тәулігіне 4 рет тамақ үстінде. Хинолондардың II буыны. Налидикс қышқылы (неграм, невиграмон), оксолиенді қышқыл (грамурин), пипемидин қышқылы (палин). Әсер ету механизмі: микроорганизмдердің металлға тәуелді ферментті жүйесін жояды. Препараттың мөлшеріне байланысты бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі: грамм (-) энтеробактерияларға - эшерихия, шигелла, сальмонелла, протей, клебсиеллаларға қарсы әсер көрсетеді, ал пипемидин қышкылы көкіріңді таяқшаларға әсер етеді. Екіншілік резистентілік жылдам пайда болады. Қолданылуы: жіті және созылмалы несеп шығару жолдарының инфекцияларында, ал налидикс қышқылы сондай-ақ энтероколитте, холециститте, отитте қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, аллергия, фотодерматоз, бас ауыру, бас айналу, оксолиен қышқылы тахикардия, ұйқысыздық шақыруы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бауыр және бүйрек қызметі бұзылуында, тыныс алу тежелуінде жүктіліктің алғашқы 3 айында, 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Аcidum nalidixicum- налидикс қышқылы (Б): 0,5 таб. және капс, шығарылып, 1-2 таб. (капс.) тәулігіне 3-4 рет белгіленеді. Ескерту: Хинолондарды нитрофурандармен (антагонист), антацидтермен, темір препаратымен (хинолондардын сіңірілуін төмендетеді) бірге қолдануға болмайды. Хинолондардың III буыны (фторхинолондар). Пефлоксацин (абактал, пефлацин), офлоксацин (таривид), норфлоксацин (нолицин, норбактин), ципрофлоксацин (сифлокс, цифран, ципролет, ципробай), ломефлоксацин (максаквин), спарфлоксацин (загам), флероксацин (хинодис). Әсер ету механизмі- бактериялардың ДНҚ-гидразасын тежеп, одан ДНҚ қызметі мен құрылысын бұзып, ақуыз синтезін тежейді. Бактерицидті әсер көрсетеді. Постантибиотикалық әсері (5-11 сағ.) бар. Әсер ету спектрі өте кең: аэробты грамм (-) микрооррганизмдерге белсенділік танытып, грамм (+) және жасуша ішілік қоздырғыштарға әсері әлсіз, аназробты бактерияларға белсенділігі төмен. Спарфлоксацин туберкулез микобактериясы мен лепраға, грамм (+) кокктарга эсер етед.
Спарфлоксацин мен флероксациннің хламидий мен микоплазмаға әсері жоғары. Фторхинолондарға: сұр тропонема, саңырауқұлақтар, вирустар, қарапайымдылар, метициллинрезистентті стафилококктар тұрақты болып келеді. Фторхинолондарға екіншілік резистенттік баяу дамиды. Қолданылуы: Фторхинолондар - резервті микробқа қарсы дәрілер, оларды белсенділігі жоғары кең спектрі антибиотиктердің парентеральды қолданылуында әсері болмаған жағдайда тағайын-дайды. Жеңіл инфекцияларда қолданылмайды. Фторхинолондарды тыныс алу инфекция-ларында; құлақ, тамақ, мұрын; өт пен несеп шығару жолдарының; іш қуысы мен кіші жамбас мүшелерінің; тері, жұмсақ ұлпалар мен сүйектің; гинекологиялық жұқпалы ауруларында; менингитте, гонореяда және простатитте; сепсис пен ауыр іріңді инфекцияларының асқынуында қолданылады. Барлық фторхинолондар АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағза ұлпаларына және сұйықтықтарға жақсы таралады..Қандағы терапевті концентрациясы 12 сағат, ал әсері ұзартылған препараттарында: спарфлоксацин, флероксацин және руфлоксацинде әсері 24 сағат. Жанама әсері: улылығы төмен; диспепсия, аллергия, фотосенсибилизация, кейде бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық немесе ұйқының келуі, кандидоз, қан құрамының, өзгеруі, бүйрек немесе бауыр қызметінің, бұзылуы байқалуы мүмкін. Жүктілікте, емізулі әйелдерге, 15 жасқа дейінгі балаларға, жоғары сезімталдык,та және эпилепсияда (тырысу болуы мүмкін) қолдануға болмайды. Ciprofloxacinum - ципрофлоксацин (Б): 0,25 және 0,5 таб. (шайнамай) тәулігіне 2 рет; 0,2% 50 және 100 мл еріт. түрінде флаконда шығарылып, тамшылатып к/т немесе тәулігіне 2 рет баяу; 1% 10 мл еріт. амп. - 50 мл 0,9% NaС1 еріт. немесе глюкозамен бірге - к/т; 0,3% 5 мл еріт. флаконда – көз тамшысы түрінде шығарылады. Ескерту: фторхинолондарды антацидтермен, сукральфаттармен, темір препараттарымен (хинолондардың сіңірілуі төмендейді) бірге қолдануға болмайды. г) Хиноксалин туындылары. Хиноксидин, диоксидин - бактерицидті әсері бар, әсер ету спектрі кең, сонымен қатар көкіріңді таяқшаларға, протейге, анаэробтарға және т.б. әсер етеді.Ауыр іріңді-қабыну процестерінде, өкпе абсцесінде, іріңді плевритте, перитонитте, пиелоциститте, холециститте, сепсисте, терең қуысты жараларда т.б. қолданылады. Бұл препараттар өте улы және жанама әсері өте көп болғандықтан, стационар жағдайында, дәрігердің қатаң қадағалауында тек ересектерге тағайындалады. Жанама әсері: бас ауыру, дене қызуының көтерілуі, диспепсия, аллергиялық реакциялар, бұлшық ет тырысулары және т.б. Тератогенді және эмбриотоксикалық әсеріне байланысты жүктілікте қолдануға болмайды.
3. Туберкулезға қарсы дәрілер. Қазақстанда туберкулез әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға байланысты негізгі орын алады. Сондықтан туберкулезге қарсы препараттар өзінің мәнін жоғалтпады және олардың, номенклатурасы әр жылы жаңа препараттармен толықтырылады. Қазіргі таңда ғалымдардың негізгі мақсаты белсенділігі жоғары, улылыры мен жанама әсері төмен препараттарды іздестіру болып табылады. Маңыздысы болып микобактерияға тұрақтылық баяу пайда болуы болып саналады. Мұндай препараттар медициналық тәжірибеде бағасы төмен болуы қажет, себебі олармен емдеу мерзімі ұзақ болып келеді. Туберкулезді дәрілермен кешенді емдеуде негізгі орынды химиотерапевтикалық дәрілер алады. Туберкулезге қарсы дәрілер антимикробты спектрі бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Туберкулезге қарсы дэрілер концентрациясына байланысты бактерицидеті немесе бактериостатикалық әсер көрсетеді. Туберкулез химиотерапиясының ұзақтығын (12-16 ай және одан да көп)ескере отырып, қоздырғышқа тұрақтылық, мәселесіне үлкен мән беріледі. Негізінен кейбіреулеріне (рифампицин, стрептомицин) ол тез, басқаларға салыстырмалы баяу (натрий парааминносамицилаты) пайда болады. Туберкулезге қарсы дәрілердің жіктелуі: Негізгі препараттары (І-топ): изониазид, рифампицин, пиразинамид, этамбутол, стрептомицин - әсері жоғары, жеңіл қабылданады, бірақ туберкулез микобактериясына тұрақтылық тез пайда болады. Қосымша препараттары (ІІ-топ): этионамид, протионамид, канамицин, циклосерин, натрий пара-аминосалицилаты (ПАСҚ аминацин), тиоацетазон - 6елсенділігі төмен, улылығы жоғары, микобактериялардың негізгі препараттарға тұрақты болғанда немесе оларды қабылдай алмаған жағдайда қолданылады. Тұрақтылықтың даму жылдамдығын төмендету үшін 2-3 препаратты қиыстырады. Емдеу басында бірден бірқатар туберкулезге қарсы дәрілерді қолданудың мағынасында берілген науқастың белгілі препараттарға сезімталдығының белгісіз болуы және бірнеше аптадан кейін анықталу мүмкіндігі жатыр. Сонымен қатар емдеуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жақсы ем жүреді, сондықтан химиотерапияны бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін күтпей бастайды. Туберкулезді емдеу клиникалық жағдайда процестің кезеңіне, түрне, орнығуы мен өршуіне байланысты арнайы кесте бойынша жүргізіледі.
Изониазид (изоникотин қышқылының гидразиді (ГИНҚ), тубазид) - тек туберкулез микобактериясына әсер ететін синтетикалык препарат, туберкулезге қарсы дәрлердің ішінде әсері жоғары болып табылады. Әсер ету механизмі: ауыр металл иондарымен хелатты кешен түзіп, микобактерияның тынысын тежейді. Жасуша жанында және жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсетеді. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпаларына өтеді, сонымен қатар гематоэнцефальды кедергіден өтіп, қандағы терапевті концентрациясы 6 сағаттан 24 сағатқа дейін сақталады. Изониазид туберкулезу- дің, барлық түрлерінде сонымен бірге алдын алу үшін қолданылады. Жанама әсері: нейротоксикалық (шеткерлік невриттер - алдын алу үшін В6 тагайындайды), бас ауыру, бас айналу, жүрек тұсының ауыруы, лоқсу, құсу, терінің аллергиялық реакциялары, эйфория, ұйқысыздық, кейде психоз, дәрілік гепатит, ерлерде гинекомастия, ал әйелдерде меноррагия байқалады. Қолдануға қарсы көрсеткіші: эпилепсия және тырысу ұстамасына бейімділік, бурын полиомиелитпен ауырған жағдай, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, айқын атеросклероз, ал флебитте к/т енгізуге болмайды.
Isoniazidum-изониазид (Б): 0,1; 0,2 және 0,3 таб.- тамақтан кейін; 10% 5 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т, ингаляциялық, каверноз ішіне енгізіледі. Изониазидтің аналогтары: фтивазид, салюзид, метазид, этионамид, протионамид - белсенділігі мен улылығы төмен. Рифампицин («Антибиотиктер» тақырыбына қараңыз) - белсенділігі жағынан изониазидке ұқсас, қандағы терапевті концентрациясы 8-12 сағат, жасуша жанындағы, жасуша ішіндегі, жасушадағы және казеозды ошақтағы (каверн ішіндегі) орналасқан микобактерияларға басқа препараттар әсері болмағанда тиімді. Стрептомицин («Антибиотиктер» тақырыбына қараңыз) -тек жасуша жанындағы микобактерияларға әсер етеді. Стрептомицин аналогтары (канамицин, амикацин, флоримицин, капреомицин) - кейде стрептомицинге тұрақтылык, жағдайында тиімді Этамбутол - жасушадан тыс және жасуша ішінде орналасқан микобактериялардың өсуін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсететін синтетикалық препарат. Этамбутол АІЖ-да жақ.сы с'іңіріліп, басқа туберкулезға қарсы дәрілермен (микобактериялардын, турак,тылыгын алдын алу үшін) қиыстырып қолданылады. Жанама әсері аз байқалады, көз көруінің нашарлауы, түсті қабылдаудың бұзылуы (жасыл және қызыл түстің), жүрек айну, анорексия(тәбеттің жойылуы), бас айналу, тері бөртпелері. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: көз көруінің бұзылулары, жүктілік. Еthambutolum-этамбутол (Б): 0,1; 0,2 және 0,4 таб. шығарылып, бір рет таңертеңгі тамақтан соң белгіленеді. Пиразинамид – жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактерицидті әсер етіп, жұлын ми сұйықтығы мен туберкулезбен зақымдалған ошаққа жеңіл өтетін синтетикалык, препарат. Казеозды лимфаденитте, туберкуломада, казеозды пневмониялық процеске әсер етеді. Жанама әсерлері: диспепсия, анорексия, аллергиялык, реакциялар, буын ауруы, подагра, бауыр қызметінің бұзылуы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бауыр қызметінің бұзылуы мен подагра. Рirazinamidum- пиразинамид (Б): 0,5 және 0,75 таб. түрінде шығарылады. Туберкулез қоздырғышының РНҚ-ң синтезін тежейді. Туберкулостатикалық, туберкулоцидтік әсер етеді. 4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер Мерезді емдеудің негізгі препараттары қысқа және ұзақ әсерлі пенициллиндер,мерездің барлық кезеңдеріне әсер етіп,спирохеттерге тұрақтылық пайда болмайды. Цефалоспориндердің I және ІІ буыны,макролидтер,тетрациклиндер мерезді емдеуде қосымша антибиотиктер болып табылады,бірак, олардың тиімділігі төмен. Висмут препараттары: бийохинол, бисмоверол. Әсер ету механизмі: микроорганизм ферменттерінің сульфгидрильді тобын тежеп, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі: тек мерез (сұр трепонема) қоздырғышына. Қолданылуы: мерездің барлық түрлерінде, белсенділігі жағынан бензилпенициллиндерге орын береді. Жанама әсері: гингивит, стоматит, қызыл иек жанында сұр висмуттық жиек түзілуі, дерматит, колит, бауыр және бүйрек зақымдалуы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: ауыз қуысының зақымдалуы, бауыр және бүйрек аурулары. Вiiochinolum - бийохинол (Б): 100 мл флаконда (кірпіш қызыл түсті висмут тұзының қоспасы) - 3 мл-ден 3 күнде 1 рет жылы күйінде б/е енгізіледі. Вismoverolum- бисмоверол (Б): 100 мл флаконда (ақ түсті қоспа) -1 мл-ден 2 күнде 1 рет б/е енгізіледі. Мерезді емдеу арнайы кестемен стационар жағдайында жүргізіледі. 5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер Қазіргі кезде кең таралған ауруларды (микоздар) көптеген патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар шақырады. Қоздырғышына байланысты өздеріне сай саңырауқұлаққа қарсы әсері бар препараттарды белгілейді. Онымен бірге препараттардың фармакокинетикасы мен улылық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Паразитті саңырауқұлақтармен шақырылған микозды емдеу үшін саңырауқұлаққа қарсы дәрілер тағайындалады. 1. Беттік микоздар: а) дерматомикоздар (эпидермофития, трихофития, микроспория, онихомикоздар және т.б.) - теі, шаш, тырнақты зақымдайды. б) кандидамикоздар (қоздыргышы-ашытқы тәрізді саңырауқұлақ түрі Сапdidа) - шырышты қабықша мен тері зақымдайды. 2.Жүйелі микоздар {бластомикоз, кокцидиоидоз, криптококкоз, гистоплазмоз, актиномикоз, нокардиоз, кандидоз, аспергиллез) - ішкі ағзаларды: өкпе, бауыр, АІЖ-н, ми мен ми қабықшаларын, сүйек, буын, лимфа түйіндерін зақымдайды. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілердің жіктелуі: 1. Полиенді антибиотиктер: нистатин, леворин, натамицин (пимафуцин), амфотерицин В (фунгизон), микогептин. Әсер ету механизмі: саңырауқұлақтардың жасуша мембранасының өткізгіштігін бұзып, мөлшеріне байланысты фунгистатикалық және фунгицидті әсер көрсетеді Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі баяу пайда болады. Нистатин, леворин және натамицин АІЖ-ң, тыныс алу жолдарының, қынаптың шырышты қабығы мен терінің кандидамикозын емдеу және оны алдын алу үшін қолданылады. Барлық препараттар ішке таблетка түрінде, жергілікті жағылма, вагинальді супп. (нистатин) немесе таб. (натамицин), еріт. ингаляциялау үшін, шаю, бүрку үшін (леворин) ерітінді түрінде қолданылады. Леворин кейде нистатиннің әсері болмаған жағдайда қолданылады. Жанама әсері: диарея, дене қызуының көтертуі (нистатин), терінің қышуы (леворин) байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: леворин - бауыр, АІЖ-ң ауруларында, жүктілікте; натамицин - тері туберкулезінде. Nistatinum - нистатин (Б): 250 000 ӘБ және 500 000 ӘБ таб. - 1-2 таб. тәулігіне 3-4 рет; 1% жағылма; 250 000 ӘБ және 500 000 ӘБ ректальды және вагинальды суппозиторий түрінде шығарылады. Нистатиннің қиыстырылған препараты: полижинакс (нистатин+полимиксин В+неомицин) Амфотерицин В - басқа саңырауқұлаққа қарсы дәрілер әсер етпеген жағдайда, жүйелі микозда қолданылады. Амфотерицин В АІЖ-да сіңірілмейді. Жанама әсері: улы; қызба, тырысу, гипотония, гипокалиемия, флебит, анемия; бауыр, бүйрек, жүрек жұмысының бұзылуы мүмкін; өмірлік маңызды жағдайда дәрігердің қадағалауымен белгіленеді. Балалар тәжірибесінде улылығы төмен АІЖ-да жақсы еритіндіктен пероральды қолдануға арналған амфоглюкамин аналогы қолданылады. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек, қан жүйесі қызметі бұзылуы, қант диабеті. Аmphotericinum В - амфотерицин В (Б): 50 000 ӘБ флаконда шығарылып, 10 мл иньекцияға арналған суда ерітіп, 450 мл 5% глюкоза ерітіндісіне қосып, 4-6 сағат бойы тамшылатып к/т аптасына 2-3 рет енгізіледі, 15,0 және 30,0 (1г - 30000 ӘБ) жағылмасы бар. Микогептин - құрылысы, әсер ету спектрі мен фармакологиялық әсері жағынан амфотерицин В-ға ұқсас, бірақ АІЖ-да жақсы сіңіріледі, сондықтан ішке (таб.) және жергілікті (жағылма түрінде) қолданады.
2. Имидазол жене триазол (азолдар) туындылары: кетоконазол (низорал), миконазол (дактарин), клотримазол (канестен, кандибене), эконазол (певарил), изоконазол (травоген), бифоназол (миноспор), флуконазол (дифлюкан), итраконазол (орунгал), тенонитрозол (атрикан), тионазол (вагистат), флутримаэол (мицетал). Әсер ету механизмі: саңырауқұлақтардың жасуша мембранасының өткізгіштігін бұзып, фунгицидті әсер етеді. Қолдану көрсеткіштері: беткі және терең микозда. Кetokonazol - кетоконазол (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. күніне 1 рет тамақ үстінде; 2% жағылма түрінде шығарылады. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ұлпалармен сұйықтықтарға жеңіл өтеді. Жанама әсері диспепсия,бас ауыру, тері қышымасы, ұйқы келу, гинекомастия, бауыр қызметінің бұзылуы. Жүктілікте, лактацияда, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды. Миконазол - улы, ішкі және жергілікті (крем, вагинальды таблеткалар және суппозиторийлер) белгіленіп, к/т (жүйелі микозда) енгізіледі. Клотримазол, эконазол, изоконазол, бифоназол - тек жергілікті табан микозы мен урогенитальды кандидозда қолданылады. Fluconazol - флуконазол (Б): 0,05; 0,1; 0,15 және 0,2 капс, шығарылып, 1 капс, тәулігіне 1 рет; 0,2% 100 мл флаконда шығарылып, тәулігіне 1 рет тамшылатып к/т енгізіледі. Шырышты қабықша кандидозында және терең микозда қолданылады. Жанама әсері улылығы төмен, диспепсия, тері бөрітпелері, бауыр қызметінің бұзылуы. Жүктілікте, бауыр ауруларында, 16 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Итраконазол - флуконазолга ұқсас, тек ішке қолданады. 3. Химиялық құрылысы әртүрлі са ңырауқұлақтарға қарсы дәрілер: гризеофульвин, тербинафин (ламизил), нафтифин (экзодерил), декамин (деквалинил), нитрофунгин (хлорнитрофенол), ундецин, цинкундан, микосептин, циклопироксоламин (батрафен), аморолфин (лоцерил), толциклат (толмицен), толнафтат (хинофунгин). Griseofulvinum - гризеофульвин (Б): 0,125 таб. - 1-2 таб. шығарылып, тәулігіне 4 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін; 2,5% линименті бар. Әсер ету спектрі тар, тек дерматомикоз қоздырғышына (эпидермофит, трихофитон, микроспорум, фавуса) әсер ететін саңырауқұлақтарға қарсы антибиотик болып табылады. Гризеофульвин нуклеин қышқылының синтезін тежеп, фунгистатикалық әсер көрсетеді. Саңырауқұлақтардың екіншілік резистенттілігі пайда болмайды. АІЖ-да жақсы сіңіріледі. Дерматомикозда қолданылады, емдеу мерзімі ұзақ. Жанама әсері: бас ауыру, бас айналу, дезориентация, аллергиялық реакциялар, лейкопения. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: қан жүйесінің ауруы, бауыр, бүйрек аурулары, жүктілік, қатерлі ісік, амбулаториялық жағдайда жүргізушілерге, ұшқыштарға және т.б. белгіленбейді.
Теrbinafin - тербинафин (Б); 0,125 және 0,25 таб. - 0,25 күніне (тамак, қабылдауына тәуеліз), 1% жағылмасы бар. Саңырауқұлақтардың жасуша қабықшасының синтезін бұзып, фунгицидті әсер етеді, екіншілік резистентік пайда болмайды, дерматомикозда әсіресе тырнақтың зақымдалуында, сонымен бірге тері кандидозы мен кебект теміреткіде қолданылады. Жанама әсері диспепсия, терінің аллергиялық реакциялары. Жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды. Нафтифин – беттік микозда тербинафин тәрізді әсер етеді,бірақ тек жергілікті (крем, ерітінді түрінде) қолданылады. Декамин - тері кандидозында, табан эпидермофитиясында (жағылма түрінде), стоматитті кандидозда, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну ауруларында (карамель – тіл астына) қолданылып, антибактериальды және фунгистатикалық әсер көрсетеді. Нитрофунгин (25 мл флаконда) ундецилен қышқылының препараттары - «Ундецин», «Цинкундан» және «Микосептин», циклопироксоламин, антисептиктер (салицил, бор, бензой қышқылдары, йод ертндісі, метилен көгі, бриллиантты жасыл) - беттік микоздарда сыртқа қолданылады. Қиыстырған препараттары: микозолон (клион Д + кандерм-БГ). 6. Вирусқа қарсы дәрілер. Вирустар жасуша ішіндегі паразиттер болып табылады. Жасуша иесінде РНҚ және ДНҚ вирустарының өзін өзі өндіру нәтижесінде вирустар көбейіп, одан жасуша алмасуы бұзылып, синтетикалык ресурстары азаяды. Жасуша иес1нщ сыртындагы вирустар зат алмасуы жойылган жэне дәрілік заттар оларға әсер ете алмайды, Жасуша иесіндегі вирусқа микроорганизм жасушасын зақымдамай әсер ету мүмкін емес. Вирусқа қарсы дәрілердің қолданылуына қарай жіктелуі: 1. Тұмауды алдын алу үшін қолданылатын дәрілер: ремантадин, дейтифорин, адапромин, оксолин, арбидол, рибамидил (рибавирин), лейкоцитарлы интерферон. Ремантадин, дейтифорин, адапромин, оксолин - тұмау вирусының адам ағзасының жасушасына енуінен қорғайды, эпидемия кезеңінен ауру басталғанша және аурудың алғашқы 2 күнінде тиімді (ауру кезеңдерін жеңілетеді). Ремантадин мен дейтифорин тұмау вирусының А түріне (әсіресе А2,), адапромин - тұмау вирусының А жэне В түріне, оксолин - вирус А мен аденовирусқа әсер етеді. Ремантадин, дейтифорин, адапромин 0,05 таблетка түрінде шығарылады. Жанама әсері жағынан ремантадинде асқазан тұсының ауырсынуы, дейтифоринде диспепсия және терінің аллергиялық реакциялары, адапроминде АҚ-ң төмендеуі және ұйқы келуі байқалуы мүмкін. Препараттарды бауыр және бүйрек ауруларында, жүктілікте (тератогенді және эмбриотоксикалық әсер) және тиреотоксикозда қолдануға болмайды. Remantadinum - ремантадин (Б): 0,05 таб. - 2 таб. шығарылып, 1-ші күні 3 рет, 2-ші және 3-ші күні 2 рет, ал 4-ші күні 1 рет тамақтан кейін; тумауды алдын алу үшін - 1 таб. күніне 1 рет 10-15 күн бойына тағайындалады. Охolinum- оксолин (Б): 0,25% жағылма түрінде тұмауды алдын алу үшін, оны мұрынның шырышты қабықшасына тәулігіне 2 рет жағады; 0,2% жаңа дайындалған ерітінді аденовирусты конъюнктивитте көз тамшысы түрінде (күніне 5-6 рет); 0,25% жағылма түрінде көздің қабағына түнде жағу үшін. Жанама әсері: тітіркендіріп, күйдіргіш сезімін тудыруы мүмкін. Оксолин сондай-ақ терінің вирусты ауруларында (кәдімгі ұшық, белдеулі теміреткі) 1%, 2% және 3% жағылма түрінде қолданылады. Тұмауға қарсы дәрілерге сондай-ақ әсер ету механизмі басқа да препараттар жатады: Арбидол - тұмау вирусының А және В түріне тежегіш әсер етіп, интерферонның, жасушалық және гуморальды иммунитетің өндірілуін күшейтіп, алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады. Рибамидил (рибавирин) - РНҚ және ДНҚ вирусының синтезін тежейді. Тұмау вирусының А және Б түріне, ұшық, қызылша, жел шешек, гепатит А және В вирустарына әсер етеді. Жанама әсері: асқазан тұсының ауырсынуы, метеоризм, қандағы тікелей емес билирубиннің жоғарылауы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жіті бауыр және бүйрек аурулары, тиреотоксикоз, жүктілік. Ribamidil - рибамидил (Б): 0,2 таб. - 1 таб. күніне 3-4 рет тамақтан соң тағайындалады. Interferonum leicocyticum - лейкоцитарлы интерферон - 2 мл флаконда құрғақ ұнтақ түрінде шығарылып, ампула құрамын 2 мл суытылған қайнаған су қосып, ерітіндіні әр мұрын қуысына 5 тамшыдан тәулігіне 2 рет немесе ингалятор көмегімен белгіленеді. Тұмауды, ЖРВИ (ОРВИ) және көздің вирусты ауруларды алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Интерферон адамның вирусқа қарсы иммунитетінің табиғи факторы болып табылады. 2. Ұшықты зақымдануларда қолданылатын дәрілер: рибамидил (рибавирин), ацикловир (зовиракс, виролекс), валацикловир (валтрекс), фамцикловир (фамвир), видарабин, идоксуридин (керецид), теброфен, риодоксол. Әсер ету механизмі: барлық препараттар вирустың нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады. Асусlovir - ацикловир (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 4-5 рет; 0,25 құрғақ заты флаконда - 50-100 мл 0,9% NaСl ерітіндісімен к/т тамшылатып, әр 12 сағ. сайын; 3% көз жағылмасы тюбикте, 5% 4,5 және 5,0 крем тюбикте шығарылып, зақымдалған жерге жағу үшін белгіленеді. Кәдімгі ұшықта, ұшықтық кератитте, генитальды ұшықта, жел шешекте қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, бас ауыруы, тер бөртпелері, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, жергілікті - тітіркендіргіш әсер, ал к/т енгізгенде флебиттер байк,алады. Жүктілікте қолдануға болмайды. Валацикловир және фамцикловир - ацикловир аналогы, валацикловир АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзада ацикловирге айналады. Видарабин - жергілікті (жағылма, көз жағылмасы) қолданылады, ұшықты энцефалитте күре тамырға енгізіледі. Идоксуридин – көздің ұшықты жұқпалы ауруларында жергілікті (0,1% көз тамшылары) қолданылады. Теброфен - 0,5% көз жағылмасы, 2% және 5% жағылмасын зақымдалған тері аймағына жергілікті қолданылады. Риодоксол - 0,5% жағылма түрінде жергілікті тері және ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануында қолданылады. 3. Цитомегаловирусты инфекцияда қолданылатын дәрілер: Gancyclovir - ганцикловир - 0,5 құрғақ заты флаконда - нұсқауы бойынша к/т; 1,0 капс. - күніне 3 рет. 4. Адамдағы иммуннотапшылық вирусына (АИТВ) әсер ететін Zidovudin - зидовудин - 0,1 капс. -1 -2 капс. күніне 4-6 рет. Ретровирус репликациясын (өзіне сәйкес құрылым өндіру) тежеп, ауру дамуы баяулап, 6-8 айдан кейін оған вирустың тұрақтылығы пайда болады. Жанама әсері: қан жүйесінің бұзылуы (анемия, лейкопения және т.б.), бас ауыру, ұйқысыздық, миалгия, қызба, бүйрек қызметінің тежелуі және т.б. Жүктілікте, емізулі әйелдерге қолдануға болмайды. Ставудин (зерит) - зидовудин аналогі, зидовудинмен ұзақ уақыт емделгеннен кейін ішке қолданылады. Диданозин (видекс) және зальцитабин (хивид) ЖИТС кешенді емдеуде және зидовудиннің тиімс1зд1пнде колданылады. АИТВ (ВИЧ) инфекциясын емдеу үшін терапия құрамына вирусты протеиназа ингибиторы болып табылатын препараттар қолданылады, олар вирус ақуыздарының түзілу процесін бұзады, вирустың белсенділігі темендеп, ауру дамуы баяулайды. Протеиназа ингибиторлары: саквинавир (инвираза), нельфинавир (вирасепт), индинавир. 5. Шешек (оспа) вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.032 сек.) |