|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Адам экологиясы
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар 1.Адам экологиясы нендей жағдайға тұжырымдама береді? Болашақ ұрпақтың сақталуына, адамдардың денсаулығына, болашағына 2.Бүгінгі күні туындап отырған экологиялық мәселелерді қалай шешу керек? Табиғи ортаны адам баласының денсаулығын сақтау үшін қорғау керек және табиғатты тиімді пайдалану керек 3.Қазіргі кездегі экологиялық мәселелердің туындауына не себеп болды? Адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмағандықтан 4.Адам экологиясын зерттеу қай уақыттан қолға алына бастады? Кейінгі жылдары ғана, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап 5.Қоршаған орта мен адам денсаулығының бір-біріне қандай қатысы бар? Қоршаған ортаның бұзылуы адамның денсаулығына зиян әкеледі 6.Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға не әсер етті? ХХ ғасырда өмірге келген „Қоршаған орта түсінігі” 7.Табиғат пен адамды бірге алып қарастырғанда, адам деген кім? Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды 8.Табиғат деген не? Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін ортасы, адамның сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі 9.Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары нені анықтайды? Адамның шаруашылық әрекетінің түрін 10.Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетін анықтайтындығын неден көруімізге болады? Мысалы, Қазақстанның далалы, шөлейтті аймақтарында ауыл шаруашылығының қай саласымен айналысады? Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан 11.Ал, адамдар өзен бойларында немен айналысады? Суармалы егіншілікпен 12.Қоршаған орта адамның денсаулығына қалай әсер етеді? Қоршаған ортаның тазалығы адамның жұмысқа қабілетін арттырып, өмір сүру жасын ұлғайтады 13.Қазіргі кезде адамның қоршаған ортаға ықпалы неліктен артып отыр? Ғылым мен техниканың өркендеуі нәтижесінде 14.Адамға қоршаған орта ықпалының зиянды жақтарының бірі не? Адамның денсаулығына әсері 15.Адамдардың тыныс жолы аурулары қай жерлерде артуда? Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес елді мекендерде 16.Адамдар арасында асқазан, ішек аурулары ненің себебінен туындауда? Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауынан 17.Сапалы ауыз суы болмаған жағдайда қандай мәселе туындайды? Өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану нәтижесінде ауруға шалдығу 18.Адамның денсаулығына ядролық жарылыстардың қандай әсері бар? Зиянды әсері өте үлкен 19.Қатерлі ісік, қан аздығы, ақ қан ауруларымен қай аймақтардың тұрғындары жиі аурады? Космодромға көршілес аймақтарда және полигон төңірегінде тұратындар 20.Орталық Қазақстан тұрғындарының денсаулығына зиянын тигізіп отырған қандай жағдай? Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, құлаған „Протон” қондырғылары 21.Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар қай ғылыммен байланысты? Медицинамен 22.Елімізде аурулардың аумаққа таралу заңдылықтарын зерттеу үшін қай ғылымды дамыту маңызды болып саналады? Медициналық география 23.Медициналық география нені зерттейді? Адамның денсаулығына қоршаған ортаның табиғат жағдайларының әсер етуін 24.Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы неге байланысты? Жергілікті табиғат жағдайларына 25.Республика аумағын қанша экологиялық ауданға бөлеміз? 3 ауданға 26.Еліміздің экологиялық аудандарын ата. Экологиялық жағдайы нашар, орташа, салыстырмалы түрде жақсы аудандар 27.Экологиялық жағдайы нашар аудандарға қай аймақтар жатады? Мұнай, газ өндіретін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы 28.Экологиялық жағдайы орташа аудандарға қай жерлер жатады? Ауыл шаруашылығы дамыған аудандар 29.Экологиялық жағдайы салыстырмалы түрде жақсы аудандарға қай жерлер жатады? Басқа жерлерге қарағанда табиғат ландшафтылары аз өзгерген орманды дала мен таулы аймақтар 30.Адам – табиғат қарым-қатынасы өте күрделі екендігін неден көруге болады? Бүгінгі күні туындап отырған экологиялық мәселелерден §51. Қазақстанның экологиялық проблемалары 1.Табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше факторды ата. Адамның шаруашылық әрекеті 2.Адам қоршаған ортаны өзгерту барысында нені ескеруі керек? Кейінгі болатын зардаптарды 3.Адамның табиғат кешендеріне кері әсеріне озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы бар ма? Тікелей қатысы жоқ 4.Қоршаған орта жағдайын нашарлататын қандай жағдайлар? Техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің есепке алынбауы 5.Адамдардың табиғатқа кері әсері нені ескермеуінде болып отыр? Аумақтың табиғат ерекшеліктерін 6.Қазіргі кезде қандай ландшафт басым? Антропогендік ландшафт 7.Мелиорация деген не? Жердің жағдайын жақсарту және оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы 8.Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау қалай қарастырылуы керек? Кешенді түрде 9.Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік проблемалары және қоршаған ортаның жағдайы қандай деңгейде қарастырылады? Ғаламдық, ұлттық, жергілікті 10.Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік проблемалары және қоршаған ортаның жағдайын ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қарастыру кезінде қандай қағида ескерілген? Рио-де-Жанейро декларациясының қағидалары 11.Қазақстандағы ғаламдық экологиялық проблемаларға не жатады? Климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) 12.Ұлттық экологиялық проблемалар нені қамтиды? Каспий теңізі ресурстарының белсенді игерілуін, тарихи ластануды, трансшекаралық мәселелерді, әскери-ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін 13.Жергілікті экологиялық проблемаларға не жатады? Ауа бассейнінің ластануы, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар әсері, табиғи және техногендік төтенше жағдайлар 14.Қазақстан жерінде адам әрекетінен туындаған, тез шешуді қажет ететін проблемаларға не жатады? Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш көлінің экологиялық проблемалары, үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы 15.Каспий теңізі еліміздің шөлді аймақтары үшін қандай маңызды рөл атқарады? Шөлді аймақтарға ылғал әкелуші су айдыны 16.Каспийдің экологиялық жағдайының нашарлауына не әсер етті? Мұнай кәсіпшілігі, Еділ өзеніне салынған бөген 17.Каспийдің байлығын игеруде табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты қандай проблемалар туындауда? Тұрғындардың денсаулығының күрт нашарлауы, балықтардың қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кемуі, осы көлге ғана тән эндемикалық итбалықтардың қырылуы, жел эрозиясы 18.Арал теңізінде экологиялық проблемалардың туындауына себепші болған не? Адам әрекеті 19.Қазіргі кезде Арал қандай екі су айдынына бөлінген? Үлкен және Кіші теңіз 20.Арал теңізін қалпына келтіру мақсатында қандай шаралар жүзеге асырылуда? Көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалуда, соның бірі – аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру 21.Балқаш проблемасының туындауы қандай себептерге байланысты? Іле өзеніне Қапшағай бөгені мен су электр стансасын салу 22.ХХІ ғасырда Балқаш көліне қандай қауіп төнуде? Көлдің батыс бөлігі құрғап, шығысының тұзы шалшыққа айналуы мүмкін 23.Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуі қандай жағдайға әкеп соғуда? Суының шамадан тыс минералдануына 24.Ғалымдардың болжауынша Балқаштың тартылуы қандай жағдайға апарып соғуы мүмкін? Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларының өзгеруіне 25.Үлкен қалалар мен өндіріс орындарында ауаға шығатын улы заттар концентрациясы белгіленген мөлшерден қанша есе артып отыр? 5-10 есе 26.Қоршаған ортасы ластанған ең ауыр жағдайдағы қалаларды ата. Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Риддер, Өскемен 27.Өндіріс орындарының әсерінен үлкен зардап шегіп отырған қай өзен? Сырдария 28.Елімізде химиялық ластанудың көлемі неліктен ұлғайып отыр? Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нәтижесінде 29.Семей ядролық полигонынан қоршаған ортаға қандай экологиялық апаттар қалыптасып отыр? 1948-1964 жылдары жер бетінде, 1964-1989 жылдары жер астында ядролық сынақтардың жүргізілуі нәтижесінде табиғи ортаның және адамдардың денсаулығының нашарлауы 30.Еліміздегі қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қандай жоспарлы жұмыстар жүргізілуде? Жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру)
§52. Апатты табиғат құбылыстары және олармен күресу шаралары 1.Табиғаттағы апатты құбылыстар шығу тегіне қарай қалай бөлінеді? Эндогенді және экзогенді 2.Эндогенді апат деген не? Жер қыртысындағы өзгерістерге байланысты туындайтын ішкі апаттар 3.Эндогендік апатқа не жатады? Жер сілкіну, жанартау атқылау 4.Экзогенді апат деген не? Табиғи және адам әрекетінен болатын сыртқы апат 5.Экзогендік апатқа қандай апат түрлері жатады? Табиғи – сел тасқыны, қар көшкіні, күшті дауылдар, аңызақ желдер, теңіз деңгейінің көтерілуі, жұт, ал адамның әрекетінен – табиғи қорлардың сарқыла бастауы, қоршаған ортаның ластануы, топырақтың құнарсыздануы, т.б. 6.Қазақстанның қай бөлігінде жер сілкіністері жиі болып тұрады? Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 7.Қазақстанның қай бөлігін сейсмикалық аудандарға жатқызамыз? Оңтүстігін 8.Экзогендік апатқа көбіне қандай жағдай себепші болады? Адамның әрекеті 9.Республикамыздың таулы аудандарында қандай экзогендік апаттар қаупі бар? Сел, қар көшкіні 10.Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарымызда қанша мұздық бар? 2724 мұздық 11.Сел тасқындары не себептен болады? Мұздықтардың еруінен, қардың қалың түсуінен 12.Сел тасқындарының алдын алмаса нәтижесі қандай болуы мүмкін? Зор материалдық шығын және адам шығыны болуы мүмкін 13.Алматы қаласын селден сақтау үшін қандай шаралар жүргізілген? Медеу бөгені салынған және таулы аймақтарда сел жөнінде дер кезінде хабар беретін қондырғылар орнатылған 14.Сейсмологиялық институт немен айналысады? Жер сілкінуді алдын ала болжаумен 15.Сейсмологиялық институттағы негізгі зерттеу қалай жүзеге асады? Ең жаңа құралдармен және үй жануарларының көмегі арқылы 16.Республикамыздың климат ерекшеліктеріне байланысты жаз айларында қандай жағдай жиі болады? Аңызақ желдер 17.Аңызақ желдің қандай зияны бар? Егістікке зиянын тигізеді, топырақты құрғатып жібереді 18.Күшті дауылдардың қандай зияны бар? Тұрғын үйлерді, байланыс жүйелерін, жолдарды қиратуы мүмкін 19.Ғарыштық метеорологиялық зерттеулер арқылы нені болжауға болады? Аңызақ желдерді алдын ала болжауға 20.Табиғаттағы апатты құбылыстардың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керек? Тұрғын үйді апатқа төтеп беретіндей етіп салу керек, елді мекендерді орналастыруда табиғат ерекшеліктерін ескеру керек 21.Табиғатта қандай апаттар заңды түрде жүріп отырады? Белгілі бір уақытта қайталанып отыратын ырғақтық (циклдық) апаттар 22.Табиғаттағы ырғақты болып тұратын апаттарға нелер жатады? Теңіз деңгейінің көтерілуі, жұт сияқты апаттар 23.Табиғатта болып тұратын экзогендік және эндогендік апаттардың ұқсастығы неде? Екеуі де материалдық және адам шығынын әкелуі мүмкін 24.Экзогендік және эндогендік апаттардың айырмашылығы неде? Экзогендік апаттар табиғи болуымен қатар, антропогендік фактор әсерінен де болуы мүмкін, ал эндогендік апаттар табиғаттағы ішкі өзгерістерге байланысты болады 25.Қоршаған орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін бе? Қоршаған орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес 26.Қоршаған орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес деп неліктен айтамыз? Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста болатындықтан 27.Қоғамның алға қарай дамуына негіз болатын не нәрсе? Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау 28.Қоршаған ортаның қолайлы болуы не үшін маңызды? Адамның дұрыс білім алуы, еңбек етуі, материалдық жағынан қамтамасыз етілуі үшін 29.Табиғатты қорғау не үшін керек? Адамның дұрыс білім алуы, еңбек етуі, дені сау болуы, материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын ысырапсыз жеткізу үшін 30.Табиғатқа аялы көзқарасты қалай қалыптастыруға болады? Туған өлкеге туристік саяхат жасау, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысу арқылы §53.Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы 1.Көптеген зерттеушілерді табиғатқа қатысты қандай жағдай ойландырады? Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсері, адамзаттың тағдыры 2.Кез келген нысандарды жобалауда алдымен не істеу керек? Ғылыми болжам жасау керек 3.Ғалымдардың болжамдары нені қамтиды? Табиғаттың өзгеруіне талдау жасауды, болашақта табиғатқа адам әрекетінің сипаты қандай болуы керектігі жөнінде құнды мәліметтерді 4.Болжамдар бойынша болашақта қандай қорлар түрлері таусылады? Отын-энергетикалық және минералды қорлар 5.Табиғат байлықтары қорының таусылмауы үшін не істеу керек? Қазба байлықтарды өндіруде оның экономикалық тиімділігі мен қорын ескеріп, ұтымды пайдалану керек 6.Ауыл шаруашылығын дамытуда нені ескеру қажет? Жер және су қорларын, өсімдік байлықтарының өзгеру сипаты мен оған әсер ететін факторларды кешенді түрде қарастыруды 7.Кез келген өндірістің жобасы қай кезде тиімді болады? Жан-жақты ғылыми болжамдарға сүйенгенде ғана 8.Бүгінгі таңда табиғат ерекшеліктері ескерілмей салынғандықтан қай жобалардан табиғи ортаға зиян келіп отыр? Қапшағай бөгені, ірі өнеркәсіп орындарын орналастыру жобаларынан 9.Алматы қаласының экологиялық жағдайы не себепті нашарлауда? Табиғат жағдайларын ескермей, ауыр өнеркәсіп орындарын орналастырудан қаланың экологиялық жағдайы нашарлап отыр 10.Табиғаттағы кездейсоқ апаттарды болжаудың қандай маңызы бар? Адам шығынының және материалдық шығынның азаюына көмегі бар 11.Елімізде нені игеру үшін кешенді ғылыми болжамдар қажет? Минералды су көздерін игеруде, курорт шаруашылығын өркендетуде 12.Ғылыми болжамдардың аталғандардан басқа тағы қандай мәселеде маңызы зор? Адамзат болашағы туралы мәселеде 13.В.И.Вернадский адамзат өркениетіне байланысты қандай пікір айтқан? В.И.Вернадский «Адамзат өркениеті үзіліп, жойылып кетуі мүмкін емес» деген 14.Табиғи қорлар таусылған күнде адамзат қалай өз мұқтаждарын қамтамасыз етуі тиіс? Ғылыми болжамдар арқылы жаңа шикізат, энергия көздерін анықтау нәтижесінде 15.Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны қандай? Игеру қарқыны артты 16.Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артқандықтан елімізде қандай шаралар ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр? Сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір қайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру 17.Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының маңызы неде? Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады 18.Қазіргі кезде нені қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды? Ландшафтыларды 19.Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы қашан қабылданды? 1997 жылы 15 шілдеде 20.Осы заңның 1-бабында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қандай анықтама берілген? „Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы үлескілері” 21.Елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаумен қатар, бұрыннан қорғалатын аумақтарға қатысты қандай мәселелер қойылуда? Бұрыннан қорғалатын аумақтардың санын арттырып, аумағын ұлғайту 22.Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтарға қандай нысандар жатады? Қорықтар, саябақтар, резерваттар, ауыл шаруашылық жерлері, табиғи ескерткіштер, дендрологиялық бақтар сияқты нысандар §54. Қорықтар 1.Мемлекеттік табиғи қорық қоры деген не? Қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге арналған нысандардың жиынтығы 2.Қорықтардың басты мақсаты не? Табиғи ландшафтылар эталонын онда тіршілік ететін өсімдіктер және жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау 3.Бүгінгі күні Қазақстан жерінде қанша қорық жұмыс істейді? 10 қорық 4.Қазақстан ТМД елдерінің арасында қорық саны жөнінен нешінші орында? 16-орында 5.Республика жерінің көлеміне шаққанда еліміз қорықтар үлесі жөнінен нешінші орында? 13-орында 6.Алдағы уақытта еліміздің қорықтарының саны қаншаға жеткізілмекші? 15-ке 7.Қазақстан қорықтарын ата. Ақсу Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжың, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл, Қаратау 8.Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорықты ата. Ақсу-Жабағылы 9.Ақсу-Жабағылы қорығы қайда орналасқан? Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 10.Ақсу-Жабағылы қорығында не қорғалады? Төрт биіктік белдеудің өсімдіктері мен жануарлары 11.Наурызым қорығы қай жерде ұйымдастырылған? Қостанай облысының Наурызым ауданында 12.Наурызым қорығында қандай фауна және флора өкілдері жерсініп кеткен? Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылуды сүйетін өсімдіктер мен жануарлар сияқты жерсініп кеткен 13.Малиус боката алмасы қай қорықта өсіріледі? Наурызым қорығында 14.Алматы қорығы қай жерде орналасқан? Іле Алатауы етегінде 15.Атақты Аққұм-Қалқан «әнші тауы» қай өзен бойында орналасқан? Іле өзенінің 16.Алматы қорығында қандай жануарлар кездеседі? Тянь-Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқыр 17.Барсакелмес қорығы қай жерде орналасқан? Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда 18.Барсакелмес қорығын ұйымдастырудағы басты мақсат не болды? Жалпы табиғат кешендерімен қатар, саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау 19.Аралдың экологиялық жағдайының нашарлауына байланысты қорықта қандай шаралар жүргізілген? Қорықтың біраз жануарлары басқа жерлерге көшірілген 20.Қорғалжың қорығы қай жылы, қай жерде құрылған? 1968 жылы Ақмола облысында 21.Дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне Қорғалжың қорығының қай жерлері кірген? Қорғалжың мен Теңіз көлдері 22.ЮНЕСКО тізіміне кірген қорықты ата. Қорғалжың қорығы 23.Марқакөл қорығы қай жылы, қай жерде ұйымдастырылған? 1976 жылы Алтайда 24.Марқакөл қорығында қандай өсімдіктер қорғалады? Дәрілік аралий мен «алтын тамыр» 25.Үстірт қорығының климаты қандай? Жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын-шашын мөлшері өте аз 26.Үстіртте қандай жануарлар кездеседі? Үстірт муфлоны, қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан, құстардан қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі 27.Батыс Алтайда өсімдіктер жамылғысының қандай типтері сақталған? Қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары 28.Алакөл қорығында не қорғалады? Атыраулық сулы-батпақты ландшафт 29.Қаратау қорығын құру себебі не? Аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтап қалу. Тағы бір себеп – Қаратау жотасының республикада саны бойынша көнежерортатеңіздік өсімдік элементтерінің таралуы жағынан бірінші орын алуында 30.Қаратау қорығынан Қызыл кітапқа не енгізілген? Қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь-шань аюы, қар барысы, тас сусары, жалпы құстарының 11 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. §55.Ұлттық саябақтар мен қорықшалар 1.Ұлттық саябақтар дегеніміз не? Елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі 2.Саябақтардың қорықтардан айырмашылығы неде? Туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі 3.Қазақстанда қанша саябақ бар? 5 саябақ 4.Еліміздегі саябақтарды ата. Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел, Көкшетау 5.Еліміздегі алғашқы саябақ қайсысы? Баянауыл ұлттық саябағы 6.Баянауыл ұлттық саябағы қай жерде орналасқан? Павлодар облысының Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған 7.Баянауыл тауларын не деп атайды? „Шөлді даладағы таулы-орманды шұрат” 8.Іле Алатауы саябағы қай жылы, қай жерде ұйымдастырылған? 1996 жылы Іле Алатауының солтүстік беткейінде 9.Іле Алатауы саябағында өсімдіктердің қанша түрі қорғауға алынған? 1282 түрі 10.Қарқаралы саябағы қай жылы, қай жерде ұйымдастырылған? 1998 жылы Қарағанды облысында 11.Алтынемел табиғи саябағы қай жерде орналасқан? Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандарының жерінде 12.Алтынемел саябағында қандай аңдар қорғауға алынған? Таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр 13.Көкшетау саябағы қай жылы, қай облыс аумағында ұйымдастырылған? 1996 жылы Ақмола облысында 14.Қорықшалардың ерекшелігі неде? Мұнда табиғат нысандарының тек жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп, зиян келтірмей пайдалануға рұқсат етіледі 15.Қазіргі кезде Қазақстанда қанша қорықша бар? 80 қорықша 16.Қорықшалар қорғалатын нысандарына қарай қалай бөлінеді? Геологиялық, ботаникалық, хайуанаттар қорықшалары болып бөлінеді 17.Геологиялық қорықшалар нені қамтиды? Ерекше, сирек кездесетін геологиялық түзілістері мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтыларды 18.Ботаникалық қорықшалар қай жерлерде орналасады? Өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне қарай әр зонаның ландшафтыларында 19.Хайуанаттар қорықшалары нені қамтиды? Жабайы жануарлар мен құстардың миграциясының жолдарында орналасқан табиғат кешендерін 20.Биосфералық қорықтар, резерваттар қандай мақсатта ұйымдастырылады? Қоршаған ортаның жай-күйіне байланысты ғылыми жұмыстар жүргізу мақсатында 21.Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшаларды ата. Алматы, Зеренді, Рахман қайнары, Балқаш маңы 22.Алматы мемлекеттік қорықшасында қандай жануарлар бар? Сілеусін, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, елік, арқар, таутеке 23.Зеренді мемлекеттік қорықшасы аумағының ерекшелігі неде? Оқшау орналасқан гранитті таңғажайып шоқылардың, жалдар мен бұйраттардың болуы 24.Рахман қайнары қорықшасы қай аймақта орналасқан? Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында 25.Рахман қайнары суының температурасы қанша? +400С 26.Балқаш маңы қорықшасы қай облыс аумағында орналасқан? Алматы облысында 27.Қорғалатын табиғат нысандары арасындағы маңызды орын алатыны қайсысы? Табиғат ескерткіштері 28.Әрбір табиғат ескерткіштерінің көлемі қанша болуы керек? 2 гектардан аспауы керек 29.Табиғат ескерткіштері жанында қандай әрекетке тыйым салынған? Шаруашылық әрекетке 30.Қазақстанда қанша табиғат ескерткіштері бар? 26 табиғат ескерткіші 31.Республикамыздың аумағында ерекше қайталанбас нысандар саны қанша? 60-тан астам 32.Болашақта табиғат ескерткіштері қатарына қай нысандар қосылмақшы? „Сауыр шыршалы орманы”, „Көшқорған палеонтологиялық ескерткіші”, „Қарақия», „Мойылды көлі”, „Қарқаралы реликтің сфагнді батпағы”, „Сайбоздақ қайыңды орманы”, „Тархан геологиялық кешені”, „Шарын каньоны” §56.Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері 1.Еліміздегі табиғат байлықтары қандай мақсатта қолданылады? Халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты дамыту үшін қажеттің бәрін береді 2.Табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаса қандай күйге ұшырайды? Табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаса сарқылады 3.Табиғат байлықтарын қорғаудың маңызы қандай? Маңызы аса зор 4.Елімізде қай жылы табиғатты қорғау комитеті құрылды? 1918 жылы 5.1918 жылы табиғатты қорғау комитетін құру нәтижесінде қандай жұмыс жүргізілді? Табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды 6.Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы қай уақытта шықты? 1962 жылы 16 маусымда 7.1962 жылы 16 маусымда шыққан Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының жарлығында қай жерлерді қорғау қарастырылды? Пайдалы қазбаларды, суды, орманды, ауа, топырақ, сирек кездесетін ландшафтыларды қорғау 8.Бұл жарлыққа қосымша арнайы жазылған нұсқауда не туралы ережелер бар? Табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарлылығын сақтау, ауа, су қоймаларын сақтау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер 9.2003 жылы 3 желтоқсанда Астана қаласында қандай жарлық қабылданды? Қазақстан Республикасы Президентінің „Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы” жарлығы 10.2003 жылы 3 желтоқсанда Астана қаласында қабылданған жарлықта не айқындалды? Бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені 11.Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде не есепке алынған? Әр елдегі құрып кету қаупіндегі өсімдіктер мен жануарлар есепке алынған 12.Біздің елде «Қызыл кітап» қай жылы ұйымдастырылған? 1978 жылы 13.Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың қанша бағыты бар? 2 бағыты бар 14.Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың бағыттарын ата. Мемлекеттік және жалпыхалықтық 15.Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың мемлекеттік бағыты не арқылы анықталады? Тиісті заңдармен және үкіметтің қарарларымен 16.Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың жалпыхалықтық бағыты қалай іске асырылады? Адамның өзінің тікелей қатысуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы 17.Табиғатты қорғау саласында арнайы құрылған ұйымдардың ішіндегі көрнекті орын алатыны қайсысы? Қазақстанның табиғат комитеті 18.Қазақстанның Табиғат қорғау комитеті немен айналысады? Табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттап, республикадағы экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады 19.Елімізде Табиғатты қорғауға байланысты тағы қандай ұйым жұмыс істейді? Табиғатты қорғау қоғамы 20.Табиғатты қорғау саласында қай жастағы адамдардың белсенділігі жоғары? Қоғамның жас мүшелерінің 21.Табиғатты қорғау қоғамының жас мүшелерінің көмегімен қандай жұмыстар жасалуда? Жыл сайын бақтар мен саябақтар іргесі көтеріледі, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің тұқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады 22.Көптеген мектептерде қандай штабтар жұмыс істейді? „Жас орманшы”, „Су сақшылары”, т.б. 23.Республика табиғатын қорғауда әр азамат өз үлесін қалай қосады? Республика табиғатын қорғауда әр азаматтың өз үлесі болуы керек. Табиғат – біздің үйіміз
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.032 сек.) |