|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жер асты сулары 3 страница§14. Жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы 1.Қазақстанның қазіргі жер бедері немен тікелей байланысты? Оның геологиялық құрылысы мен даму тарихымен 2.Жер бедеріне әсер ететін күштерді ата. Ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) күштер 3.Ішкі күштердің әсерінен болатын өзгерістер қандай құбылыстардан көрінеді? Тау түзілу процестерінде, яғни жер қыртысының ғасырлық тербелістері нәтижесінде 4.Тектоникалық қозғалыстар деген не? Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстар 5.Жаңа тектоникалық қозғалыстар қай уақытты қамтиды? Кайнозой эрасының неоген және төрттік кезеңдерін қамтиды 6.Жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде не пайда болды? Қазақстан таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы таулар қалыптасты 7.Сейсмология ғылымы нені зерттейді? Жер сілкіну процестерін 8.Жер сілкінуді сезетін аспапты қалай атаймыз? Сейсмограф 9.Сейсмографтың есебінше, әр тәулік сайын орта есеппен қанша жер сілкінісі болып тұрады екен? 200-ден астам 10.Ал бір жылда ше? 100 мыңға жуық 11.Жер сілкіну деген не? Жер асты күштерінің әсерінен жер беті қыртысының тербелуі 12.Жер сілкіну қанша балдық шкаламен өлшенеді? 12 13.МSK-64 деген не? Жер сілкінуді зерттеуде қолданылатын халықаралық кесте 14.Бұл атау қайдан алынған? С.Медведев-КСРО, В.Шпонхойер-ФРГ, В.Карник-Чехия ғалымдары 15.Бұл атауға қай жылы өзгеріс енгізілді? 1984 жылы 16.Қазір бұл атау қалай аталады? ММSK-84 17.1 балл мен 4 балл аралығындағы жер сілкінуді кімдер сезеді? Жан-жануарлар мен адамдар 18.Ал, 7-9 балда нені байқауға болады? Құрылыс орындары қирайды 19.10-12 балдық жер сілкінулер кезінде жер бетінде қандай өзгерістер болады? Жер бедері ірі өзгерістерге (опырылу, жарылу, ығысу, т.б.) ұшырайды 20.Қазақстанның қай бөлігінде жер сілкінулерді жиі байқауға болады? Неге? Шығысы мен оңтүстік-шығысында, өйткені ол жерлерде биік таулар бар 21.Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі жер сілкінісі өте күшті болатын таулы аймақтарды ата. Қырғыз, Іле және Күнгей Алатауы 22.Жер сілкінудің қарқындылығы жөнінен екінші аймақты ата. Жетісу Алатауы 23.1887 жылы Алматыда қанша балдық жер сілкіну болды? 10 балдық 24.Жер бедерін өзгеріске ұшырататын сыртқы күштерге нелер жатады? Климат, мұз басу, ағын су әрекеті, сел тасқындары, жел 25.Мұз басу әрекетінен жер бедерінде қандай өзгерістер болады? Астау тәрізді аңғарлар, мореналық төбелер, т.б. 26.Жер бедері ағын судың әрекетінен қандай өзгеріске түседі? Су эрозиясына (су шайып жібереді) 27.Мұздықтардың жер бедеріне әсері қандай? Сел тасқындары болады 28.Сел тасқындары қалай пайда болады? Мұздықтардың еруінен, ұзақ жауатын нөсер жаңбырдан тау басындағы көлдердің деңгейі көтеріліп, төмен қарай аққан тау өзендерінің арнасынан асуынан 29.Сел тасқындарының қалай алдын алуға болады? Бөгендер салу керек 30.Жер бедерінің өзгеруінде желдің қандай әсері бар? Жел эрозиясына ұшырайды §15. Қазақстан жазықтары, үстірттері мен қыраттары 1.Қазақстан жерінің қанша бөлігін жазықтар алып жатыр? 1/3 2.Батыс Сібір жазығы еліміздің қай бөлігінде орналасқан? Қай жерлерді қамтиды? Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылып жатыр 3.Жазық қандай жыныстардан тұрады? Саз, саздауыт, құмнан 4.Сарыарқамен шектесетін жерінде жазықтың биіктігі қанша метр болады? 200 метр 5.Батыс Сібір жазығын орнына қарай нешеге бөлеміз? 2, Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазығы 6.Тұран ойпаты еліміздің қай жерлерін алып жатыр? Оңтүстік-батысын 7.Тұран ойпаты қандай жыныстардан тұрады? Лесс тәрізді саз, құм, құмайт 8.Сырдария өзені Қазақстан жерінде Тұран ойпатын қандай бөліктерге бөледі? Солтүстік және оңтүстік 9.Оңтүстік бөлігінде не жатыр? Қызылқұм 10.Солтүстік бөлігінде не бар? Арал маңы Қарақұмы, Үлкен және Кіші Борсық құмдары 11.Каспий маңы ойпаты қай жерде орналасқан? Еліміздің батысында 12.Каспий теңізі жағалауында ойпат теңіз деңгейінен қанша метр төменде жатыр? -27 метр 13.Каспий маңы ойпатында қандай құмдар бар? Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Мыңтеке, Тайсойған, Қарақұм 14.Құмдардың ең үлкені қайсысы? Нарын 15.Бэр төбешіктері деген не? Каспий маңы ойпатындағы күмбез тәрізді қыраттар 16.Бэр төбешіктері қандай пайдалы қазбалардан тұрады? Мұнай, гипс, ас тұзы, т.б. 17.Қазақстан үстірттерін атап, картадан көрсет. Үстірт, Торғай, Орал алды (Жем), Бетпақдала үстірттері, Жалпы Сырт қыраты, Балқаш маңы жазығы 18.Үстірт үстірті еліміздің қай жерінде орналасқан? Солтүстік және солтүстік-батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі 19.Үстірт үстіртінің теңіз деңгейінен биіктігі қанша? 200 метрге жуық 20.Қазақстан жеріндегі ең биік жері қанша, қалай аталады? Мұзбел, 340 метр 21.Торғай үстірті қай жерде орналасқан? Мұғалжар мен Сарыарқа аралығында 22.Торғай қолаты деген не? Ол басқаша тағы қалай аталады? Торғай үстіртінің орталығында солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан ойыс. Оны қолат, қақпа, бұғаз деп те атайды. 23.Орал алды (Жем) үстірті еліміздің қай бөлігінде орналасқан? Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар таулары аралығында 24. Орал алды үстіртінің орташа биіктігі қанша метр? 100-300 метрге жуық 25.Жалпы Сырт қай жерде орналасқан қырат? Орал тауы мен Еділ өзені аралығында 26.Жалпы Сырт қандай жыныстардан түзілген? Әктас, бор, т.б. 27.Бетпақдала үстірті қай жерде орналасқан? Сарысу мен Балқаш көлі, Сарыарқа мен Шу өзендері аралығында 28.Бетпақдала үстіртінің орташа биіктігі қанша? 300-350 метр 29.Бетпақдала үстіртінде ағын су қалай таралған? Ағын су жоқтың қасы 30.Балқаш маңы жазығы қай жерлерді алып жатыр? Балқаш көлінің оңтүстігінен биік тауларға дейін 31.Балқаш маңы жазығының құрылысына тән өзіндік ерекшелігі неде? Жекелеген таулы қыраттармен көмкерілген 32.Жазық аумағында қандай құмды шөлдер бар? Тауқұм, Сарыесік-Атырау құмдары, Бақанас тақырлы, сазды-құмды жазығы созылып жатыр §16. Аласа таулы өлкелер 1.Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне қай таулар жатады? Сарыарқа, Мұғалжар, Маңқыстау 2.Сарыарқа қай жерлерді алып жатыр? Қазақстанның орталық бөлігін 3.Сарыарқаның екінші атауы қалай аталады? Қазақтың ұсақ шоқысы 4.Сарыарқа қай жерлермен шектеседі? Солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақдаламен, батысында Торғай үстіртімен және Тұран ойпатымен, шығысында Алтай, Сауыр-Тарбағатай тауларымен 5.Сарыарқа қандай таулы өлке? Мүжілген ең ежелгі, аласа таулы өлке 6.Сарыарқаның орташа биіктігі қанша? 500-600 метр 7.Сарыарқаның қай бөлігі биіктеу болып келеді? Орталығы мен шығысы 8.Сарыарқа қай бағытқа қарай аласара түседі? Солтүстікке, оңтүстікке және батысқа қарай 9.Қазақтың қатпарлы өлкесі қай эраның қандай жыныстарынан түзілген? Архей мен протерозойдың гранит, порфирит, кварцит, құмтас, тақтатастан 10.Сарыарқаның ең биік таулары қатарына қай таулар жатады? Қызыларай, Қарқаралы, Шыңғыстау, Ұлытау таулары 11.Сарыарқаның ең биік тауын, оның ең биік нүктесін ата. Қызыларай (Ақсораң 1565 м) 12.«Қазақстан Швейцариясы» деп қай жерді атаймыз? Көкшетауды 13.Сарыарқаның табиғи әсем жерлерін ата. „Жұмбақтас”, „Оқжетпес„, „Жеке батыр”, „Салт атты”, „Көкшенің шоқылары”, т.б. 14.Қазақстанның аумағына Орал тауларының қай бөлігі кіреді? Оңтүстігі 15.Қазақстан аумағындағы Орал тауларының жалғасы қалай аталады? Мұғалжар 16.Мұғалжардың Орал тауынан айырмасы неде? Оның шығыс беткейі көлбеу, батыс беткейі тік болып келеді 17.Мұғалжар солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша километрге созылып жатыр? Солтүстіктен оңтүстүстікке қарай 450 км-ге созылып жатыр 18.Мұғалжар қандай тау жыныстарынан тұрады? Шөгінді және магмалық жыныстардан 19.Мұғалжардың ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша метр? Үлкен Боқтыбай, биіктігі 657 метр 20.Маңқыстау таулары қай жерлерді алып жатыр? Каспий теңізінің Маңқыстау түбегін 21.Маңқыстау тауларына қай тау тізбектері кіреді? Ақтау, Қаратау 22.Қаратаудың ұзындығы қанша километр? 117 км 23.Ал, Ақтаудың ұзындығы қанша километр? 70 км 24.Қаратау және Ақтау немен тілімделген? Сай, жыра, шатқалдармен 25.Маңқыстау қай тауларға қарағанда жас болғанымен, жер бедерінің сипаты жағынан ұқсас болып келеді? Сарыарқаға 26.Маңқыстаудың ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша? Қаратау тауларындағы Бесшоқы, биіктігі 556 метр 27.Маңқыстау таулары қандай жыныстардан тұрады? Құм, кристалды тақтатас, ақ, қара әктастардан 28.Қаратау, Ақтау тауларының атауы неліктен осылай аталған? Қара және ақ әктастан тұруынан 29.Маңқыстау тауларының оңтүстігінде не орналасқан? Қарақия (Батыр) ойысы (-136 метр) 30.Қарақия немесе Батыр ойысы тереңдігі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? ТМД елдері ішінде 1-орында, дүниежүзі бойынша 5-орында §17. Биік таулы өлкелер 1.Қазақстанның биік таулары оның қай бөлігінде орналасқан? Шығысы мен оңтүстік-шығысында 2.Биік таулы өлкелерге қай таулар жүйесі кіреді? Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тянь-Шань таулары 3.Қазақстанның биік таулары қай уақытта көтерілген? Палеозой қатпарлығында 4.Бұл таулар мезозой эрасында қандай күйде болған? Тегістелген 5.Қазақстанның биік таулары қай уақытта қайта жаңғырған? Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде 6.Биік таулы өлкелердің аласа таулардан қандай айырмасы бар? Биік таулы өлкелердің жер бедері биік әрі күшті тілімделген 7.Алтай тауларының Қазақстан жеріне қай бөлігі кіреді? Оңтүстік-батыс бөлігі 8.Алтай тауларын қандай бөліктерге бөлеміз? Оңтүстік Алтай, Батыс (Кенді) Алтай, Қалба жота 9.Оңтүстік Алтай қай жерлерді алып жатыр? Солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр 10.Оңтүстік Алтайдың ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша? Мұзтау (4506 м) 11.Батыс немесе Кенді Алтайдың Қазақстан жеріне қай бөлігі кіреді? Батысы 12.Батыс немесе Кенді Алтайдың басты жоталарын ата. Листвяга, Холзун, Көксу, Үлбі, Иванов, Үбі 13.Тау неге Кенді Алтай деп аталады? Пайдалы қазбаларға өте бай болғандықтан 14.Қалба жотасы қай жерлерде орналасқан? Ертіс өзенінен батысқа қарай 400 км-ге созылып жатыр 15.Қалба жотасының ең биік жері қалай аталады, биіктігі қанша метр? Сарышоқы (1606 м) 16.Қалба жотасы батысында немен жалғасады? Сарыарқамен 17.Сауыр-Тарбағатай қай жерде орналасқан? Солтүстігінде Зайсан, оңтүстігінде Алакөл қазан-шұңқырларының аралығында жатыр 18.Сауыр жотасының ең биік жері қалай аталады, оның биіктігі қанша метр? Мұзтау (3816 м) 19.Тарбағатай мен Сауырдың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар? Тарбағатай Сауырдан аласа 20.Тарбағатайдың ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша метр? Тастау (2992 м) 21.Қазақстан жеріне Жетісу Алатауының қай бөлігі кіреді? Солтүстік, оңтүстік-батысы 22.Қазақстан жеріндегі Жетісу Алатауы қанша километрге созылып жатыр? 450 км-ге 23.Жетісу қақпасы деген не? Қазақстан мен Қытай шекарасындағы тауаралық ойыс 24.Жетісу қақпасы қай жерлерді жалғастырып жатыр? Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосады 25.Жетісу Алатауының солтүстіктегі ең биік жері қалай аталады, биіктігі қанша метр? Бесбақан (4622 м) 26.Жетісу Алатауының оңтүстіктегі ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша метр? Тышқантау (4359 м) 27.Жетісу Алатауының ерекшелігі неде? Тау төбелерінде тегістелген жазықтардың болуы 28.Тянь-Шань таулы өлкесі Қазақстанның қай бөлігін ала орналасқан? Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысын 29.Қазақстан жеріне Тянь-Шань таулы өлкесінің қай бөлігі кіреді? орталық, солтүстік және аздап батыс бөлігі 30.Қазақстан аумағындағы Тянь-Шань тауларын қанша бөлікке бөлеміз? Орталық Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Кетпен жотасы, Күнгей Алатауы, Іле Алатауы, Шу-Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Батыс Тянь-Шань 31.Қазақстанның ең биік нүктесі қалай аталады? Оның биіктігі қанша? Хантәңірі (6995 м) 32.Алматы қаласы қай таудың етегінде орналасқан? Іле Алатауының 33.Батыс Тянь-Шаньның Қазақстан жеріндегі орнын анықта. Талас Алатауынан басталып, оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр 34.Батыс Тянь-Шаньның аса ірі жоталарын ата. Өгем, Піскем, Қаратау 35.Аталған жоталардың ішіндегі Қазақстан жеріне толықтай кіретіні қай жотасы? Қаратау 36.Қаратау қандай жота? Тянь-Шаньның қатты өзгеріске ұшыраған бұзылған ең шеткі солтүстік-батыс жотасы §18. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар 1.Қазақстанның жер қойнауы қандай? Байлығымен әйгілі 2.Еліміздің жер қойнауының бай болуы неге байланысты? Геологиялық құрылысы мен даму тарихына байланысты 3.Пайдалы қазбалар деген не? Табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын тау жыныстары 4.Рудалы пайдалы қазбалар қай жерлерде кездеседі? Таулы аймақтарда және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда 5.Шөгінді пайдалы қазбаларға нелер жатады? Мұнай, газ, көмір, уран, т.б. 6.Шөгінді пайдалы қазбаларды қай жерлерден кездестіруге болады? Шөгінді қабығы бар платформалардан 7.Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері қай жылдары анықталды? 1919-1923 жылдары 8.Еліміз жерінде Менделеев кестесіндегі элементтердің қаншасы барланған? 70-інің мол қоры барланған 9.Қазіргі кезде барланған элементтердің қаншасы өндіріледі? 60-тан астамы 10.Елімізде қанша пайдалы қазбалар кен орындары ашылған? 6 мыңға жуық 11.Еліміз қай элементтер қоры бойынша дүние жүзінде 2-орында? Уран, хром, марганец 12.Еліміз қай элементтер қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы бестікке кіреді? Мырыш, молибден, қорғасын, мыс, вольфрам, алтын 13.Еліміз мұнай, темір, қалайы қорынан дүние жүзінде қандай орынға ие? Алғашқы он орынның біріне 14.Алтын қоры жөнінен еліміз дүние жүзі бойынша нешінші орында? Алғашқы бестікте 15.Пайдалы қазбалар орындары қанша топқа бөлінеді? Жанатын, кен және кен емес болып 3 топқа бөлінеді 16.Жанатын пайдалы қазбаларға не жатады? Мұнай, газ, көмір, уран, т.б. 17.Мұнай қоры еліміздің қай аймақтарында шоғырланған? Атырау, Маңқыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан жерлерінде 18.Елімізде бірінші рет қай мұнай кен орны анықталды? 1899 жылы Қарашүңгілдегі Эмбі 19.1911 және 1915 жылдары қай мұнай кен орындары пайдалануға берілді? Доссор, Мақат 20.Еліміздегі басқа да мұнай мен газ кен орындарын ата. Өзен, Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Теңіз, Жаңажол, Кеңқияқ, Қарашығанақ, Құмкөл, Қашаған 21.Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған қанша алап, қанша кен орны бар? 14 алап, 207 кен орны бар 22.Жалпы газ қоры жөнінен Қазақстан дүние жүзінде нешінші орында? 12-орында 23.Қазақстанда көмірдің қанша алабы, қанша кен орны бар? 10 алабы, 300 кен орны бар 24.Қазақстанның негізгі көмір кен орындарын ата. Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Торғай 25.Қарағанды көмір алабы қандай алап? Еліміздің негізгі көмір базасы 26.Қарағанды көмірінің сапасы қандай? Сапасы өте жоғары кокстелетін көмір 27.Екібастұз көмір алабында қандай көмір өндіріледі? Ашық әдіспен өндірілетін қоңыр көмір 28.Соңғы кезде қай алаптарда көмір өндіріле бастады? Майкүбі (Павлодар) және Обаған (Торғай) 29.Дүние жүзіндегі уранның қанша %-ы еліміздің аумағында кездеседі? 25% 30.Елімізде уранның қанша кен орындары барланған? 100-ге жуық §19. Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар 1.Рудалы пайдалы қазбаларға қайсысы жатады? Темір, марганец, хром, никель, алюминий, мыс, полиметалдар, алтын, т.б. 2.Рудасыз пайдалы қазбаларға қай қазбалар жатады? Асбест, фосфорит, тұз 3.Сирек кездесетін металдарға нелер жатады? Вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сурьма, т.б. 4.Темір қоры жөніне ТМД елдері бойынша Қазақстан нешінші орында? 3-орында (Ресей,Украинадан кейін) 5.Оның 93%-ы қай кен орындарында шоғырланған? Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаков 6.Сарыбай кен орнын кім ашқан? Ұшқыш М.Сургутанов 7.Елімізде марганецтің қанша кен орны бар? 11 кен орны 8.Марганец өндіруден еліміз дүние жүзі бойынша нешінші орында? 2 9.Хром кен орындары көп таралған аймағын ата. Мұғалжар таулары 10.Жоғары сапалы хром кен орындарын ата. Кемпірсай, Дөң 11.ТМД елдері бойынша хромиттің қанша %-ы Қазақстан жерінде өндіріледі? 97% 12.Никельдің 40-тан астам кен орны қай облыста кездеседі? Ақтөбе облысында 13.Еліміз аумағындағы никель кен орындарын ата. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе 14.Алюминийдің негізгі шикізаты не? Боксит 15.Алюминийдің негізгі кен орындарын ата. Ақмола және Торғай ойысында 16.Қазақстанның басты мыс кен аймағын ата. Жезқазған 17.Біздің кен орнымыз мыс өндіруден ТМД елдері арасында нешінші орында? 1-орында 18.Қазақстан мыс өндіру жөнінен дүниежүзінде нешінші орында? 2-орында 19.Қазақстан мысының қанша %-ы шет елге шығарылады? 92%-ы 20.Жезқазғаннан басқа да мыс кен орындарын ата. Қоңырат, Бозшакөл 21.Полиметалл дегеніміз не? Көптеген металдардан тұратын қоспа 22.Оның құрамында қандай металдар болады? Қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс, т.б. металдар 23.Полиметалл кен орындарын ата. Кенді Алтайдағы Риддер, Зырян кен орындары, Жетісу Алатауындағы Текелі, Қаратаудағы Ащысай және Мырғалымсай 24.Қазақстанда алтынның қанша кен орны бар? 196 25.Еліміздің қай өңірлерінде алтын өндіріледі? Алтайда, Орталық Қазақстанда, Жетісу және Іле Алатауларында 26.Сирек кездесетін металдарды өндіруден еліміздің қай аймағы ерекшеленеді? Орталық Қазақстан 27.Ірі асбест кен орындарын ата. Қостанай (Жітіқара), Қарағанды (Жезқазған) 28.Қазақстан фосфорит қоры жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? АҚШ-тан кейінгі 2-орында 29.Тұзға бай аймақты ата. Каспий маңы, Батыс Сібір, Арал маңы 30.Құрылыс материалдарының қандай түрлері кездеседі? Әктас, мергель, мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз, кварц құмы, минералды бояулар 31.Қазақстанда құрылыс материалдарының қанша кен орындары ашылған? 1500 кен орны 32.Бүгінгі күні шикізатты қалай пайдалану тиімді болып отыр? Қалдықсыз өңдеу технологиясымен §20. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы 1.Климат деген не? Белгілі бір жерге тән ауа райының жылма-жыл қайталануы 2.Қазақстанның климаты қандай? Шұғыл континентті 3.Қазақстан климатының континенттілігі неден көрінеді? Оның өзіндік ерекшеліктерінен 4.Біздің еліміз Еуразия материгінің қай бөлігінде орналасқан? Еуразия материгінің орталығында 5.Дүниежүзілік мұхиттың біздің климатымызға әсері қандай? Еліміз дүниежүзілік мұхиттардан алыс жатқандықтан, олардың Қазақстан климатын жұмсартарлық әсері аз. 6.Қазақстан аумағынан қандай климаттық белдеу өтеді? Қоңыржай 7.Қазақстан қоңыржай климаттық белдеудің қай жағында орналасқан? Оңтүстігінде 8.Неліктен біздің жерімізде жылдың төрт мезгілі айқын білінеді? Қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатқандықтан 9.Климат қалыптастырушы факторларды ата. Күн радиациясы, атмосфералық циркуляция, жердің төсеніш беті Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.027 сек.) |