|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жер асты сулары 2 страница12.Қазақстан табиғатын шын мағынасында ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеу қай уақытта басталды? ХІХ ғасырдың екінші жартысында 13.Қазақстан табиғатын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеуге еңбек сіңірген зерттеушілерді ата. П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н.А.Северцов, Ш.Ш.Уәлиханов, И.В.Мушкетов, А.Н.Краснов, Л.С.Берг 14.П.П.Семенов-Тян-Шанский кім? Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын алғашқы болып зерттегендердің бірі 15.П.П.Семенов-Тян-Шанский қандай зерттеулер жасаған? 1856-1857 жылдары Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасады 16.Ол Тянь-Шань туралы қандай ұғымды теріске шығарды? Тянь-Шань жанартау әрекетінен пайда болған деген ұғымды жоққа шығарды 17.Осы саладағы еңбегі үшін ғалым қандай атаққа ие болды? Семенов-Тян-Шанский 18.Н.А.Северцов Қазақстан жерін зерттеуге қандай үлес қосты? Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі саласын, Тянь-Шань, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерін зерттеді 19.Н.А.Северцов табиғат компоненттерінің байланысын зерттей отырып, географиядағы қандай бағыттың дамуына жол ашты? Экологиялық 20.И.В.Мушкетов кім? Геолог, географ 21.И.В.Мушкетов Орта Азияның географиясы мен геологиясына арнап қандай еңбек жазды? „Түркістан” 22.И.В.Мушкетов қай жылы, кай таудың алғашқы геологиялық картасын жасаған? Тянь-Шань 23.1887 жылы Верныйда болған жер сілкінудің себептері туралы деректер жинаған кім? И.В.Мушкетов 24.А.Н.Краснов қай аймақтардың өсімдіктерін зерттеген? Тянь-Шань мен Балқаш маңының 25.Өз зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстан аумағын 9 аумаққа аудандастырған кім? Л.С.Берг 26.Л.С.Бергтің еңбектері несімен ерекшеленеді? Табиғат құбылыстарын тұтас бірлікте алып қарауымен 27.Л.С.Берг 1908 жылы қай еңбегін жазды? „Арал теңізі” 28.В.А.Обручев пен В.В.Сапожников қай жерлерді зерттеуге еңбек сіңірді? Жетісу мен Тянь-Шань 29.Н.И.Андрусов қай жерді зерттеді? Маңғыстау түбегін 30.С.С.Неструев қай аймақтағы топырақ типтерін сипаттауға үлес қосты? Жер қабатының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар мен Оңтүстік Қазақстанның топырақ типтерін §8. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов 1.Ш.Ш.Уәлиханов кім? Қазақтан шыққан тұңғыш географ- ғалым 2.Ш.Уәлиханов өз саяхаттарында неге ерекше назар аударды? Зерттеген аймақтарындағы халықтардың әдет-ғұрпына, салтына, тіліне, көне аңыздарына 3.Шоқан саяхаты неше кезеңнен тұрды? 2 4.Бірінші кезең қай аймақтарды қамтыды? Жоңғар, Жетісу, Іле өлкелері арқылы Ыстықкөлге 5.Екінші кезеңдегі саяхаты қай жерлерді қамтыды? Сырдарияның негізгі саласы Нарын өзенінің жоғарғы сағасынан Қашғарияға дейін 6.Ш.Уәлихановтың қай саяхат кезеңі ерекше нәтижелі, жаңалықтарға толы болды? Екінші 7.Шоқан өз саяхаты кезінде не қолданды? Күнделік жазды 8.Ол қай жерлердің картасын зерттей отырып, өзінің жүріп өткен жерлерінің картасын жасады? Орта Азия карталарын зерттей отырып, өзі жүріп өткен экспедициясының картасын жасады. 9.Ғалымның қандай еңбектері жарық көрді? „Жоңғария очерктері”, „Алтыншар туралы...” 10.Шоқанның тарихи-географиялық ғылыми еңбектері қай аймақтарға арналды? Ыстықкөл, Тянь-Шань, Жетісу және Шығыс Түркістан аймақтарына 11.Шоқанның ертеден қандай арманы бар еді? Орта Азияны зерттеп білу 12.Шоқан қай тілдегі мәтіндермен жұмыс жасаған? Парсы, араб, түркі тілдеріндегі 13.Ол өзге тілдердегі қандай кітаптарды аударған? „Бабыр-наме”, „Тарихи-Рашида„, „Тазкирян ходжаган” 14.Шоқан қай тілде сабақ берген? Петербургтегі жоғары мектепте түрік тілдерінен сабақ берген 15.Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде қай аймақтардың өзен торларын зерттеген? Жетісу Алатауының, Солтүстік және Ішкі Тянь-Шаньның 16.Ыстықкөлге сапар күнделігінде қай өзендер туралы қызықты деректер келтірген? Аягөз, Ақсу, Лепсі, Іле, Шелек, Шарын 17.Шоқан өзендерді зерттегенде тек оларға сипаттама жасаумен шектелді ме? Геологиялық құрылымы мен пайда болуын, ағыс бағытын, климатын, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін 18.Шоқанның Тянь-Шань тауларына зерттеулері қай бағытта болды? Тянь-Шань тауларының жануарлары мен өсімдіктер дүниесін зерттеу бағытында жұмыс істеді. 19.Шоқан қай аймақта зоогеографиялық аудандастыру жасауға талап қылды? Тянь-Шань тауларын 20.Ш.Уәлихановтың Тянь-Шаньға жасаған зерттеулері қандай табысқа ие болды? Сүтқоректі жануарлары мен құстарының таралу заңдылықтарын ашып, тау жүйесінің зоогеографиялық жағынан аудандастырды. Өсімдіктері мен жануарларының коллекциясын жасаған. 21.Ол орыс география қоғамына толық мүше болып қай уақытта сайланды? 1857 жылы 21 ақпанда 22.Шоқан Уәлихановтың орыс география қоғамына мүше болуы нені дәлелдейді? Жас ғалымның ресейлік ғылымға қосқан үлесін тану екендігін §9. Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі 1.Қазақстан жерін зерттеудің жаңа кезеңі қашан басталды? ХХ ғасырдың 20-жылдары 2.Ол зерттеулер не үшін маңызды болып саналды? Табиғи қорларды ашу, теміржолдар салу, өндіргіш күштерді дамытуда 3.Сол кезеңдерде қай жерлерде орыс география қоғамының бөлімшелері болған? Батыс Сібір, Түркістан, Орынборда 4.Қазақстанды зерттеу қоғамы қай жылы құрылды? 1920 жылы 5.Қазақстан жерінде минералдық шикізаттың қорын анықтаумен айналысқан қай бөлімше? Орталық геология институтының сібір бөлімшесі 6.Алтай полиметалл тресі қашан құрылды? 1924 жылы 7.Атбасар полиметалл тресі қашан құрылды? 1925 жылы 8.Қазақ геологиялық-барлау тресі қашан құрылды? 1926 жылы 9.Кеңес Одағы кезіндегі Ғылым академиясының оқымыстылары Қазақстан жерінде қандай зерттеулер жасаған? Табиғат компоненттерін жинақтады 10.Осылардың ішінде А.К.Мейстер мен М.П.Русаков қай саланы зерттеулермен айналысты? Геология 11.Н.Л.Корженевский мен И.П.Герасимов қай салада зерттеулер жасады? Геоморфология 12.М.Д.Пономарев пен В.Н.Борсуков зерттеулері қай бағытқа арналды? Климат 13.П.Н.Лебедев нені зерттеді? Гидрология 14.К.Д.Глинка мен Л.И.Прасолов нені танумен шұғылданды? Топырақтану 15.И.В.Ларин мен Р.И.Аболин қандай зерттеулер жасады? Ботаника 16.Қай жылы Алматыда КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы ашылды? 1932 жылы 17.1936 жылы ол база қалай өзгертілді? КСРО ҒА-ның Қазақстандық филиалы 18.Қазақстанда Ғылым академиясы қай жылы ашылды? 1946 жылы 19.Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы президенті кім болды? Қ.И.Сәтбаев 20.Бұл кезеңде қай жерлер жан-жақты зерттелді? Ұлытау-Жезқазған, Қоңырат-Балқаш, Қаратау 21.Қ.И.Сәтбаев кім? Қазақтан шыққан тұңғыш академик, академияның тұңғыш президенті, геолог 22.Сәтбаев Жезқазған-Ұлытау аймағында қандай кендерді ашып берді? Мыс, темір, марганец, қорғасын, көмір 23.Осы кезеңдерде Қазақстан жерін зерттеу туралы материалдар қай жинақтарда жарияланды? „Үлкен Алтай”, „Үлкен Ембі”, „Солтүстік Арал жағалауы”, „Қарағанды – үшінші көмір ошағы” 24.1950 жылы Сәтбаев және оның шәкірттерінің аса маңызды туындысы болып саналған не? Сарыарқаның металлогендік және болжам карталарын жасау 25.Ұжымдық зерттеулер нәтижесінде қай салалар ғылыми тұрғыда қорытылды? Қазақстан аумағын барлық сала бойынша картаға түсіру жұмысы аяқталды. 26.Осы кезеңде қай бағыттағы зерттеулер дами бастады? Ландшафтылық 27.Не себепті табиғатты қорғау ісі қолға алынды? Адамның шаруашылық әрекетінен табиғаттың өзгеріске түсуін зерттеу нәтижесінде 28.Табиғатты қорғау ісін қолға алуға байланысты география ғылымының қай саласы дами бастады? Экология 29.Ғылыми ой-пікірлердің дамуына байланысты табиғатты зерттеудің қандай жаңа тәсілдері енгізілді? Аэротәсілдер, компьютерлік болжамдау 30.Осы кезеңдердегі география ғылымы қандай ғылым ретінде таныла түсті? Қоршаған ортаның өзгерістері мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалануды және оның тұтастығын кешенді зерттейтін іргелі ғылым ретінде §10. Жер бедерінің негізгі сипаты 1.Қазақстанның жер бедері қандай? Өте күрделі және алуан түрлі 2.Қазақстан аумағының қанша бөлігін ойпаттар алып жатыр? 1/3 3.Қазақстан ойпаттарын ата. Солтүстік Қазақ жазығы, Каспий маңы, Тұран ойпаттары 4.Қазақстан аумағының қанша бөлігін көтеріңкі жазықтар мен үстірттер және ұсақ шоқылар алып жатыр? Жартысынан астамы 5.Қазақстан аумағындағы көтеріңкі жазықтар мен үстірттер және ұсақ шоқылардың биіктігі қанша метр? 400-500 метр 6.Қазақстан жеріндегі ұсақ шоқыларды ата. Торғай, Үстірт, Сарыарқа, т.б. 7.Республика жерінің қанша пайызын биік таулар алып жатыр? 10% 8.Қазақстан тауларының биіктігі қанша болып келеді? 4000-5000 м-ден астам 9.Биік таулар еліміздің қай бөліктерінде орналасқан? Шығысы мен оңтүстік-шығысын 10.Қазақстанның биік тауларын ата. Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань 11.Республика жерінің теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жерін ата. Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы 12.Оның теңіз деңгейінен төмендігі қанша метр? -132 м 13. Еліміздегі теңіз деңгейінен ең жоғары орналасқан нүктені ата. Хантәңірі шыңы 14.Хантәңірі шыңы қай тауда орналасқан? Тянь-Шань тауларында 15.Хантәңірі шыңының биіктігі қанша? 6995 метр 16.Қазақстан жер бедеріндегі ең төмен және ең жоғары нүктелердің айырмасы қанша? 7127 метр 17.Қазақстан жеріндегі жазықтар мен аласа таулар қай аймағында орналасқан? Батысы, солтүстігі мен орталығында 18.Биік таулы аймақтар еліміздің қай бөлігінің қанша аймағын қамтиды? Шығысы мен оңтүстік-шығыс бөлігінің шағын аумағын 19.Еліміздің бүкіл жер беті қай бағытта еңіс тарта түседі? Оңтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарай 20.Биік және аласа таулар жер бедерінің қандай пішінімен алмасып отырады? Тауаралық аңғарлармен және жазықтармен 21.Жер бедеріндегі мұндай ерекшеліктер ненің қалыптасуына әсерін тигізеді? Өзіне тән климат пен табиғат кешендерінің қалыптасуына әсер етеді 22.Қай жерлердің табиғат зоналары ендік бағытта орналасады? Жазықтардың 23.Биіктік белдеулер қай жерлерде қалыптасады? Тауларда 24.Жер бедері ерекшеліктерінің не үшін маңызы зор? Адамдардың шаруашылық әрекетінде 25.Жазықтар мен тауаралық аңғарлар не үшін қолайлы болады? Егін шаруашылығымен айналысуға 26.Тау беткейлерінің қандай маңызы бар? Жайылым ретінде §11. Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте 1.Жердің және жер қыртысының тарихын білу не үшін қажет? Өзіміз тұрып жатқан ғаламшардың және жер қыртысының тарихын білу біз үшін өте маңызды. 2.Жердің даму тарихын қанша кезеңге бөлеміз? 2, ғаламшарлық және геологиялық даму кезеңі 3.Жердің ғаламшарлық даму кезеңі қай уақытты қамтиды? Жер ғаламшарының алғашқы пайда болған уақытынан жер қыртысының дамуына дейінгі уақытты 4.Жер ғаламшары қашан пайда болған? 4,5-4,6 млрд жыл бұрын 5.Жердің ғаламшарлық кезеңі қашан аяқталған? Жер қыртысы қалыптасқан соң 6.Жердің геологиялық даму кезеңі қай уақытты қамтиды? Жер қыртысының алғашқы қалыптаса бастауынан осы уақытқа дейін 7.Жер қыртысын өзгеріске келтіретін не? Ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) күштер 8.Эффузиялық тау жыныстары дегеніміз не? Жанартау кезінде төгілген лава жыныстары 9.Интрузивтік тау жыныстары деген не? Магманың жер бетіне шықпай қалған бөлігінен пайда болған тау жыныстары 10.Шөгінді жыныстар қай жерлерде қалыптасады? Материктегі ойыстар мен теңіз табандарында 11.Тау жыныстарының жасын анықтаудың қандай әдістері бар? Салыстырмалы және абсолютті 12.Тау жыныстарының салыстырмалы жасын қалай анықтайды? Шөгінді қабаттардың орналасуы арқылы 13.Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау деген не? Радиоактивті элементтердің ыдырауына байланысты анықтау 14.Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау қай ғасырдан басталды? ХХ ғасырдан 15.100 грамм ураннан 1 грамм қорғасын қанша жылда бөлінеді? 74 млн жылда 16.Жер қырытысының дамуы қанша эраны басынан кешірді? 5 17.Эраларды ретімен ата. Архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой 18.«Архей» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Көне тіршілік 19.«Протерозой» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Алғашқы 20.«Палеозой» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Көне 21.«Мезозой» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Орта 22.«Кайнозой» сөзі қандай мағынаны білдіреді? Жаңа 23.Палеозой эрасының дәуірлерін ата. Кембрий, ордовик, силур, девон, карбон, пермь 24.Мезозой эрасының дәуірлерін ата. Триас, юра, бор 25.Кайнозой эрасының дәуірлерін ата. Палеоген, неоген, төрттік (антропогендік) 26.Архей және протерозой эраларында қандай тау қатпарлығы жүрген? Байкал 27.Палеозой эрасында қандай тау қатпарлығы жүрген? Каледон, герцин 28.Мезозой эрасында қандай тау қатпарлығы жүрген? Мезозой 29.Кайнозой эрасында қандай тау қатпарлығы жүрген? Альпі 30.Біз өмір сүріп отырған уақыт қалай аталады? Кайнозой эрасының төрттік (антропогендік) дәуірі §12. Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы 1.Жердің геологиялық даму барысында Қазақстан жерінде қандай өзгерістер болған? Бірнеше рет су басып, кейінірек теңіз табаны құрлыққа айналған 2.Ұзақ уақытқа созылған геологиялық даму барысында теңіз бен құрлықта қандай өзгерістер болған? Теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген 3.Архей мен протерозойда республика жері қандай аймақ болды? Теңіз суы тұтас басып жатқан 4.Палеозойға дейінгі кезеңде еліміздің батысында қай ежелгі платформа қалыптасты? Шығыс Еуропа (Орыс) платформасы 5.Палеозойдың басында Шығыс Еуропа платформасы қандай күйде болған? Біртіндеп төмен түсіп, бетін теңіз суы басты 6.Палеозой эрасында Қазақстан жерінде неше рет тау түзілістері болды? Байкал қатпарлығы аяқталып, палеозойдың өзінде 2 тау түзілісі болған 7.Палеозой эрасының геосинклиналды аймақтарындағы қатпарлықтар қалай аталады? Каледон, герцин қатпарлықтары 8.Каледондық тау түзілу палеозойдың қай кезеңіне сәйкес келеді? Палеозойдың ордовик, силур, девон дәуірлеріне 9.Каледондық тау түзілу кезінде Қазақстан жерінде қандай өзгерістер болған? Қозғалмалы құрлықтар қалыптаса бастады, күшті тектоникалық қозғалыс әсерінен Сарыарқаның солтүстік-батысы мен Тянь-Шаньның солтүстігі көтерілді, теңіз тартылып, құрлық көлемі ұлғая бастады 10. Каледондық тау түзілу кезінде жанартаудың әрекетіне байланысты не пайда болды? Кен қазба байлықтары 11.Герциндік тау түзілісі қай кезеңде жүзеге асқан? Палеозойдың соңында 12.Герциндік тау түзілісі процесінде еліміздің жер бедерінде қандай өзгерістер болған? Алтай, Жетісу Алатауы, Сарыарқаның шығысы, Мұғалжар көтерілді 13.Герциндік тау түзілісі процесінде қай платформалар көтеріле бастаған? Шығыс Еуропа және Сібір платформалары 14.Мезозой эрасында еліміздің қай бөлігін теңіз суы басып жатқан? Батыс Қазақстанды теңіз суы басып жатты 15.Мезозой эрасы кезінде Қазақстан жерінде қандай өзгерістер болды? Жер қыртысы тыныш күйде 16.Неліктен мезозой эрасында Қазақстан жері біршама тегіс аймаққа айналды? Бұл уақытта тектоникалық қозғалыстар баяу жүрген, бірде-бір тау жүйесі түзілмеген 17.Кайнозой эрасының басында геологиялық жағдай қандай күйде болды? Мезозойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол күйі сақталған 18.Кайнозойдың неоген дәуірінде жерімізде қандай өзгерістер болды? Теңіз суы тартылып, бірте-бірте тұтас құрлыққа айналған, альпілік тау түзілісі жүрген 19.Альпілік тау түзілісі қай уақытқа сәйкес келеді? Кайнозой эрасына 20.Альпілік тау түзілісі кезеңінде жер бетінде қандай өзгерістер болды? Жер қыртысында жарықтар пайда болып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп, бірі көтерілген 21.Альпілік тау түзілісі кезеңіндегі қозғалыстар нәтижесінде қандай таулы жүйелер қалыптасқан? Қатпарлы-жақпарлы 22.Альпілік тау түзілісі кезінде қай таулар екінші рет көтерілген? Алтай, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Тянь-Шань 23.Тектоника қандай ғылым? Жер қыртысының қозғалысы мен өзгерісін зерттейтін ғылым 24.Жер қыртысының қозғалмалы және салыстырмалы тұрақты бөліктерінде қандай аймақтарды ажыратуға болады? Геотектоникалық құрылымды аймақтарды 25.Қазақстан аумағындағы платформаларды ата. Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран 26.Республика аймағындағы ежелгі платформаны ата. Шығыс Еуропа 27.Қазақстан жеріне Шығыс Еуропа платформасының қай бөлігі кіреді? Оңтүстік-шығысы 28.Шығыс Еуропа платформасы неше қабаттан тұрады? 2, төменгі, үстіңгі 29.Төменгі қабаты неден тұрады? Кристалдық қатты жыныстардан 30.Үстіңгі қабаты қандай жыныстардан тұрады? PZ, MZ және KZ- дың шөгінді жыныстарынан 31.Республика аймағындағы жас платформаларға қайсысы жатады? Батыс Сібір, Тұран 32.Қазақстан жеріндегі қатпарлы облыстарды ата. Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мұғалжар, Сарыарқа 33.Кайнозой эрасындағы жас қатпарлықта қай тауаралық қазаншұңқырлар қалыптасты? Балқаш-Алакөл, Жайсан тауаралық қазаншұңқырлары 34.Неоген мен антропогенде жүрген күшті тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қай таулардың қайта жаңғыруы басталды? Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы §13. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы 1.Геологтардың негізгі мақсаттарының бірін ата. Тау жыныстарының жасын анықтау 2.Геологтар тау жыныстарының жасын анықтауды қандай әдіс арқылы жүзеге асырады? Палеонтологиялық зерттеулер арқылы 3.Палеонтологиялық зерттеу тәсілдері қандай әдіспен жүргізіледі? Ағзалардың эволюциясын зерттеп, оларды даму кезеңдеріне бөлу әдісімен 4.Палеонтологиялық зерттеу тәсілдері арқылы не құрастыруға болады? Геохронологиялық кесте 5.Палеозойға дейінгі кезең деген қай уақыт? Архей мен протерозой 6.Палеозойға дейінгі жыныстар қай уақытта пайда болған? Ежелгі кезеңдерде 7.Палеозойға дейінгі жыныстар қай жерлерде жер бетіне шығып жатады? Күшті үгілген таулы аудандардың орталық қырқаларында 8.Палеозойға дейінгі жыныстарды қай жерлерден кездестіруге болады? Солтүстік Тянь-Шань, Мұғалжар, Қаратау, Ұлытаудан 9.Палеозой жыныстарын қай жерлерден кездестіруге болады? Таулы аудандардан – Мұғалжар, Сарыарқа, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Алтайдан 10.Палеозой жыныстарына қандай жыныстар жатады? Әктас, құмтас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас 11.Палеозойлық жыныстардың болуына байланысты қандай кен орындары пайда болған? Қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, алтын, т.б. 12.Еліміздің аумағының қай жерлерінен мезозой жыныстарын кездестіруге болады? Маңғыстаудағы Қаратау жотасынан, Жем үстіртінен, Іле және Торғай ойыстарынан ғана сирек кездестіруге болады. 13.Қазақстан жерінде мезозой жыныстарының сирек кездесуі неліктен? Себебі, мезозойда Қазақстанның жер қыртысында салыстырмалы түрде тыныштық болды. 14.Кайнозой шөгінділері Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі? Барлық жерінде 15.Кайнозой шөгінді жыныстары қалай бөлінеді? Палеогендік, неогендік, антропогендік 16.Палеогендік шөгінділерді қай жерлерден көруге болады? Шу, Іле, Зайсан және т.б. қазан-шұңқырлар мен ойыстардан, Үстірт, Арал маңынан, Торғай жазығынан 17.Неогендік шөгінділер нелерден тұрады? Қызыл түсті тығыз сазды құмтастардан, малтатасты, құмды қабатты сары саздауыттан 18.Неогендік шөгінділерді қай жерлерден кездестіреміз? Барлық таулы аймақтардан 19.Антропогендік шөгінділер қай жерлерде ұшырасады? Барлық аймақтарында 20.Теңіздік шөгінділер Қазақстанның қай аймағында таралған? Каспий маңы ойпаты, Қарақұм және Торғай үстіртінде 21.Антропогендік шөгінділерден нелер түзілген? Көлдік және өзендік террасалар мен жағалау бойындағы жазықтар 22.Мұздық шөгінділерді қай жерлерден кездестіреміз? Қазіргі мұз басқан Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелерінен Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.022 сек.) |