АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жер асты сулары 5 страница

Читайте также:
  1. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 1 страница
  2. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 2 страница
  3. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 3 страница
  4. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 4 страница
  5. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 5 страница
  6. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 6 страница
  7. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 7 страница
  8. I. Перевести текст. 1 страница
  9. I. Перевести текст. 10 страница
  10. I. Перевести текст. 11 страница
  11. I. Перевести текст. 2 страница
  12. I. Перевести текст. 3 страница

15.Еліміздің солтүстік аймағының климаттық қоры не өсіру үшін қолайлы болып келеді? Жаздық бидай, зығыр, көкөніс, бау-бақша дақылдарын

16.Қазақстанның орталық бөлігінің климаты қандай? Құрғақ

17.Еліміздің орталық бөлігінде жылу қоры қанша? 24000-28000

18.Орталықта орташа температура қанша күн 100С-тан жоғары болады? 150-160 күн

19.Еліміздің орталық өңірлері қандай дақылдар өсіруге қолайлы? Дәнді дақылдар, күнбағыс, картоп, қарақұмық

20.Республикамыздың орталығында өсіп-өну кезеңі қанша күнге созылады? 150-160 күнге

21.Қазақстанның оңтүстігінде өсіп-өну кезеңі қанша күнге созылады? 180 күннен астам

22.Қазақстанның оңтүстігінде неліктен жылу сүйгіш өсімдіктер өсіріледі? Себебі, оңтүстікте өсіп-өну уақыты (вегетациялық мерзім) ұзақ

23.Республикамыздың оңтүстік өңірлерінде қандай дақылдар өсіру тиімді? Күріш, мақта, темекі, жүзім, қант қызылшасы, т.б.

24.Жаз кезінде радиацияның қарқынды түсуінен шөлді аймақтарда күн қуатын қандай мақсатта пайдалануға болады? Техникалық мақсатта

25.Шөлді аймақтарда күн қуатын техникалық мақсатта пайдаланып не салу жоспарлануда? Гелиотехникалық станса

26.Қазақстанның қай бөлігінде қыста қар жамылғысы жұқа болады? Оңтүстігінде

27.Қыста оңтүстікте қар жамылғысының жұқа болуының ауыл шаруашылығы үшін қандай пайдасы бар? Мал жайылым шөбін қар астынан өндіре алады

28.Климаттық жағдайлар барлық уақытта бірдей қолайлы бола ма? Жоқ, барлық уақытта бірдей қолайлы емес

29.Климаттық жағдайларда қандай қолайсыздықтар кездесуі мүмкін? Жылылықтар мен аяздың қайталанып келуі, кенеттен жауған қарлар, күшті желдер

30.Адамдар неліктен қосымша жер қорларын дайындауға мәжбүр болады? Климаттың тосын жағдайларына байланысты

 

Қазақстанның ішкі сулары

§27. Қазақстанның өзендері

1.Судың адамзат өмірінде алатын орны қандай? Тіршілік көзі

2.Судың қандай қасиеттері бар? Су 3 күйде бола алады (сұйық, қатты, бу) және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын минерал

3.Қазақстан жерінде ішкі су неге әркелкі таралған? Жер бедеріне байланысты

4.Еліміздің қай табиғат зонасында көлдер мен өзендер өте аз? Шөлейт және шөл

5.Қай табиғат зоналарында едәуір мол? Орманды дала және дала

6.Республика аумағындағы ішкі суларға нелер жатады? Өзендер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, бөгендер, каналдар

7.Қазақстан аумағында қанша өзен бар? 85 мың

8.Қазақстан өзендерінің қаншасының ұзындығы 1 000 км-ден асады? Жетеуінің

9.Ұзындығы 1 000 км-ден асатын өзендерді ата. Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария,Іле, Шу

10.Еліміздегі өзендер қай алаптарға құяды? Солтүстік Мұзды мұхиты және ішкі тұйық алап

11.Солтүстік Мұзды мұхиты алабына құятын өзендерді ата. Ертіс, Есіл, Тобыл

12.Ертіс өзенінің ірі салаларын ата. Есіл, Тобыл

13.Каспий теңізі алабына жататын өзендерді ата. Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен, т.б.

14.Арал теңізі алабына құятын өзендерді ата. Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас, т.б.

15.Балқаш-Алакөл алабының өзендерін ата. Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан, т.б.

16.Қазақстан өзендерінің ерекшеліктерін ата. 1) жасы әр түрлі; 2) әркелкі таралуы

17.Жазық жерлердегі өзендердің сипаты қандай? Өзінің даму сатысының соңғы кезеңін өткізіп жатқан жазық жерлердің өзендері кең аңғарлы болып келеді;

18.Ал, таулы аймақтар өзендері қандай сипатта болады? Бойлық қимасы тік, құламалы келуінен бұл өзендердің геологиялық даму тарихы жас екенін, өз дамуының алғашқы сатыларын бастап кешіруде екенін байқауға болады

19.Қазақстан жазықтарында өзен торлары қалай таралған? Солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды

20.Су шығыны дегеніміз не? Өзеннің су қимасынан 1 секундта ағып өтетін су мөлшері

21.Жылдық ағын деген не? Өзеннен жыл ішінде ағып шыққан су шығыны

22.Бөген деген не? ағып келе жатқан өзенді бөгеу арқылы халықтың қажетін өтеуге пайдалану

23.Бөген не үшін пайдаланылады? Қолдан жер суаруға, электр қуатын өндіруге, т.б.

24.Қазақстанда қанша бөген бар? 168

25.Еліміздегі бөгендердің ең ірілерін ата. Бұқтырма, Қапшағай

26.Қазақстан өзендері немен қоректенеді? Қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суларымен

27.Жазық жерлердегі өзендер немен қоректенеді? Қар-жаңбыр суымен және қар суымен

28.Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерді ата. Есіл, Тобыл,

29.Қар суымен қоректенетін өзендерді ата. Нұра, Жайық, Сағыз, Торғай, Сарысу

30.Қар суымен және мұздықтармен қоректенетін өзендерді ата. Ертіс, Сырдария, Іле, Қаратал, т.б.

 

§28. Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама

1.Солтүстік Мұзды мұхит алабының ірі өзенін ата. Ертіс

2.Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы қанша км? 4248 км

3.Оның Қазақстан жерінен ағып өтетін ұзындығы қанша? 1 700 км

4.Ертіс өзені қай жерден басталады? Қытай жерінен

5.Ертіс өзені Қытай жерінде қалай аталады? Бала Ертіс

6.Ертіс өзені Қазақстан жерінде қалай аталады? Қара Ертіс

7.Ертіс өзені Қазақстан жерінде қай көлге құяды? Жайсан (Зайсан)

8.Жайсан көлінен ағып шыққанда өзен қалай аталады? Ақ Ертіс немесе Ертіс

9.Ертістің ірі салаларын ата. Есіл, Тобыл, Бұқтырма

10.Ертіс Ресей жеріне барып, қай өзенге құяды? Обь

11.Ертіс өзеніне салынған ең ірі СЭС қалай аталады? Бұқтырма

12.Ертіс өзені қалай қоректенеді? Аралас

13.Оңтүстік Қазақстанға су тартылған канал қалай аталады? Ертіс-Қарағанды

14.Ертіс-Қарағанды каналы қай облыстарды сумен қамтамасыз етеді? Қарағанды, Павлодар

15.Жайық өзені қай жерден басталады? Орал тауларынан

16.Жайық өзені қай алапқа құяды? Каспий теңізі алабына

17.Жайықтың республика жеріндегі ұзындығы қанша км? 1082 км

18.Каспий теңізі алабына жататын, бірақ көлге жетпей жерге сіңіп кететін өзенді ата. Жем (Ембі)

19.Арал теңізі алабының ірі өзенін ата. Сырдария

20.Сырдария өзені қай жерден басталады? Орталық Тянь-Шаньнан

21.Республика жерімен Сырдария өзенінің қанша км ағып өтеді? 1400 км

22.Сырдарияның Қазақстан жеріндегі жалғыз саласын ата. Арыс

23.Сырдария өзеніне қандай СЭС салынған? Шардара

24.Балқаш-Алакөл алабының ең үлкен өзенін ата. Іле

25.Іле өзені қай жерден басталады? Шығыс Тянь-Шаньнан

26.Іле өзенінің республика аумағындағы салаларын ата. Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Өсек

27.Іле алабындағы өзендерде тасты-лайлы тасқындардың жиі болуының себебі неде? Тау өзені болғандықтан сел жиі болып тұрады

28.Медеу бөгеті не үшін салынды? Селге қарсы тосқауыл қою мақсатында

29.Үлкен Алматы каналы қай аймақта салынған? Шілік-Шамалған аралығында Іле Алатауының етегінде

30.Іле өзеніне қандай СЭС салынып, қандай бөген пайда болды? Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болды

§29. Көлдер мен бөгендер

1.Көл дегеніміз не? Табиғи ойпаңдарға жиналған су

2.Қазақстан аумағында қанша көл бар? 48 мыңнан астам

3.Қазақстан көлдерінің көпшілігі қай бөлігінде орналасқан? Солтүстігінде

4.Көлдерінің көпшілігінің солтүстікте орналасу себебі неде? Климат жағдайына байланысты

5.Қазақстан көлдерінің ірілерін ата. Каспий, Арал, Балқаш, Жайсан, Алакөл

6.Еліміздің көлдерінің көпшілігі қандай болып келеді? Тұйық

7.Қазақстан аумағындағы жалғыз ағынды көлді ата. Жайсан

8.Қазақстан көлдерінің ерекшеліктерін ата. 1) әркелкі таралуы; 2) жасы әр түрлі;

9.Қазақстан көлдерінің әркелкі таралуы тікелей қандай жағдайға байланысты? Жылу мен ылғалдың таралуына, яғни табиғат зонасына

10.Ылғалы мол солтүстік аудандардың көлдері қандай болады? Көл суы көбірек, тұщы

11.Құрғақ климатты аймақта орналасқан көлдер қандай болады? Су деңгейі төмен, тұзды

12.Қай бағытқа қарай тұщы көлдер азайып, тұзды көлдер көбейе түседі? Солтүстіктен оңтүстікке қарай

13.Жазықтағы көлдердің көпшілігі қай дәуірлердің шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан? Неоген, антропоген шөгінді жыныстарының

14.Көлдердің су деңгейі неге байланысты? Судың кірісі мен шығысының арақатынасына

15.Көлдерді қазан-шұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлеміз? Тектоникалық, реликті (қалдық), мұздық, кар, ескі арна көлдері және суффозиялық көлдер

16.Тектоникалық көлдер қалай пайда болады? Тектоникалық жарықтар мен төмен түскен ойыстарда

17.Тектоникалық көлдерге қай көлдер жатады? Жайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз, Қорғалжын, Бурабай, Көкшетау көлдері, Есік көлі, т.б.

18.Реликті (қалдық) көлдерді ата. Каспий, Арал, Торғай қолатындағы, Балқаш-Алакөл ойысындағы көлдер

19.Мұздық көлдер типіне қай көлдер жатады? Үлкен Алматы көлі, Жасылкөл, т.б. мореналық көлдер жатады

20.Кар көлдері қай жерлерде таралады? Биік таулардағы қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда

21.Кар көлдерінің ерекшелігі неде? Олар көп, бірақ көлемі шағын болады

22.Суффозиялық көлдерді тағы басқаша қалай атаймыз? Борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер немесе дала табақшалары

23.Суффозиялық көлдер қай жерлерде кең таралған? Еліміздің солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында

24.Ескі арна көлдері қалай пайда болады? Өзендердің ирелеңдеп ағуы кезінде негізгі арнадан бөлініп қалуынан

25.Ескі арна көлдері қай жерлерде орналасады? Өзен жайылмаларында

26.Тоған деген не? Көлемі кіші ойыстарды бөгеу

27.Қазақстан аумағында қанша бөген бар? 3 мыңдай

28.Қазақстандағы бөгендерді тоғандар санымен қосқанда барлығы қанша болады? 4 мыңдай

29.Бөгендердің көпшілігі қай аймақтарда орналасқан? Орталық, Оңтүстік, Шығыс Қазақстанда

30.Бөгендердің қандай шаруашылық маңызы бар? Энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау үшін пайдаланылады

§30. Каспий теңізі

1.Каспий қандай көл? Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен көл

2.Каспий атауы қалай қойылған? ХVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпасының атауымен байланысты

3.Каспий теңізінің тарихи аттарын ата. Гиркан (Іғ.), Хазар (ІІ-Хғғ.), Хвалын (Х-ХІІІғғ.), т.б.

4.Каспий теңізі қай уақытта, қай теңізден бөлініп қалған? Неоген дәуірінің аяғында Қара теңізден

5.Каспий теңізі Қара теңізден не себепті бөлініп қалған? Жер қыртысының көтерілуінен

6.Каспийдің жалпы ауданы қанша? 376 мың км2

7.Каспий теңізінің жағалауын қанша ел бөліседі? 5 ел, Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан

8.Қазақстанға Каспийдің жағалау сызығының қанша пайызы тиесілі? 29%

9.Ресейге Каспий жағалауының қанша пайызы тиесілі? 16%

10.Түрікменстанға Каспийдің қанша пайызы тиесілі? 21%

11.Иранға Каспийдің қанша пайызы тиесілі? 14%

12.Әзірбайжанға Каспийдің қанша пайызы тиесілі? 20%

13.Каспий теңізіне қанша өзен мен ағынды сулар құяды? 130-ға жуық

14.Каспий қазаншұңқырының бедеріне қарай нешеге бөлінеді? 3, солтүстік бөлігі Маңғыстау түбегіне дейін, орталығы Апшерон түбегіне дейін, ал оңтүстігіне қалған бөлігі тиеді

15.Каспийдің Қазақстанға кіретін солтүстік және орталық бөліктерінің орташа тереңдігі қандай? Солтүстігінің көпшілік жерінің тереңдігі 5 метрден аспайды, ең терең жері 26 метр, орталығының орташа тереңдігі 200 метр, ең терең жері 788 метр

16.Каспийдің Қазақстан аумағындағы аралдарының ауданы қанша? 2045 км2

17.Каспийдің ең ірі аралдарын ата. Төленді, Құлалы, Морской

18.Каспийге шығыс жағынан қай түбектер сұғына еніп жатыр? Маңқыстау, Түпқараған, Бозащы

19.Каспий теңізінің ірі шығанақтарын ата. Маңқыстау, Қазақ

20.Каспий теңізі қанша климаттық белдеуде орналасқан? 2, қоңыржай, субтропиктік

21.Көл суының тұздылығы қандай? Құбылмалы, солтүстіктен оңтүстікке қарай тұздылығы артады

22.Көл деңгейінің үнемі өзгеріп тұруының себебі неде? Климаттық жағдайға байланысты

23.Көлде итбалықтың болуы нені дәлелдейді? Солтүстік Мұзды мұхитымен байланысы болғанын

24.Каспий теңізінің балыққа бай болуына не әсер етеді? Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты

25.Каспийде қандай бағалы балықтар бар? Бекіре, шоқыр, қортпа, т.б.

26.Дүние жүзінде ауланатын бекіре балығының қанша пайызы Каспий теңізінің үлесіне тиеді? 40%-ы

27.Көлдің тек шығыс жағалауының өзіне кәсіптік маңызы бар қанша құс қонақтайды? 2млн

28.Каспий жағалауындағы қуатты қондырғы не үшін орнатылған? Каспийдің суын тұщыландыру үшін

29.«Астана» су кемесінің қандай мүмкіншіліктері бар? Жылына 2 млн тонна құрғақ өнімдер мен 10 млн тонна мұнай және мұнай өнімдерін тасуға мүмкіншілік береді

30.Каспий теңізіндегі ең ірі портты қалаларды ата. Ақтау, Атырау

 

§31. Арал теңізі

1.Арал теңізі қандай көл? Жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан тұйық көл.

2.Геологиялық тарихы жағынан Каспийге қарағанда қандай? Каспий теңізінен едәуір жас, неоген дәуірінің аяғында пайда болған құрғақ тектоникалық ойыс

3.Арал қай дәуірде құрғақ тектоникалық ойыс болған? Неоген дәуірінде

4.Арал теңізі қай дәуірде суға толған? Кайнозой эрасының антропогендік дәуірінде

5.Аралға құятын қандай ірі өзендерді білесің? Сырдария, Әмудария

6.Көл көлемі жөнінен елімізде нешінші орында? Каспийден кейінгі 2 орында

7.1961 жылға дейінгі Аралды сипатта. Теңіз деңгейінен 53 м биікте жатқан, ауданы 66 мың км2, суының көлемі 1064 км3, орташа тереңдігі 16,1 м, ең терең жері 67 м болатын

8.2002 жылғы жағдай қандай болды? Шаруашылыққа есепсіз пайдалану нәтижесінде деңгейі 20 м-ге төмендеді

9.Аралдың осындай күйге түсуіне қандай фактор әсер етті? Антропогендік

10.Сырдария қай уақыттан бері көлге құймайды? 1974 жылдан

11.Әмудария қай уақыттан бері көлге құймайды? 1982 жылдан

12.Арал теңізінде ірілі-ұсақты қанша арал болған екен? 1100 арал

13.Арал теңізінің Қазақстанға қарайтын жағалауы қандай? Жағалауы әртүрлі тілімделген

14.Аралдың жағалауы қандай құмдармен жалғасады? Арал маңы Қарақұмы мен Үлкен, Кіші Борсық құмдарына жалғасады

15.Көлдің климаты қандай? Шұғыл континентті

16.Шілденің орташа температурасы қанша? +24-260С

17.Қаңтардың орташа температурасы қанша? -6-120С

18.Қыста теңіздің қай бөлігі қатып жатады? Солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі

19.Оңтүстік-батыста жылдық орташа жауын-шашын мөлшері қанша? 100 мм

20.Солтүстік-шығыста жылдық орташа жауын-шашын мөлшері қанша?

25-130мм

21.Тұздылығы бұрын қанша болып еді? 9-11‰

22.Қазір теңіз суының тұздылығы қанша? 35‰

23.Тұздылығының жоғары болу себебі неде? Соңғы 40 жылда суармалы жер ұлғаюынан, Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендерінің салынуынан

24.Суының түсі қандай? Қара көк

25.Көл суының мөлдірлігі қандай? 25 м

26.Аралда балықтың қанша түрі бар? 20-дай

27.Кәсіптік маңызы жөнінен құнды балықтарына қайсысы жатады? Бекіре, сазан, шабақ, қаяз, ақмарқа, каспий шоқыры, балтық салакасы

28.Аралдың тартылуына байланысты қандай жағдай туындады? Экологиялық жағдай нашарлады, адамдардың денсаулығына зиян келді, егістік жерлер мен жайылымдарды құм мен тұз басып қалды

29.Қай жылы Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару қорын ұйымдастырды?

1994 жылы

30.Аралды қорғау қай уақыттан бастап әлемдік деңгейдегі мәселеге айналды?

1998 жылдан бері

 

§32. Балқаш көлі

1.Балқаш көлі ауданы жөнінен Қазақстанның нешінші көлі? Каспий мен Аралдан кейінгі 3-орындағы көл

2.Көл қай ойыста орналасқан? Балқаш-Алакөл ойысында

3.Балқаш көлінің теңіз деңгейінен биіктігі қанша? 340 м

4.Көлдің ауданы қанша? Құбылмалы, 17-22 мың км2

5.Балқаш көлінің ұзындығы қанша? 614 км

6.Ең енді жері қанша? 74 км

7.Жағалау сызығының ұзындығы қанша? 2383 км

8.Балқаш көлі қай қатпарлықпен қоршалған? Палеозой

9.Шоқан Уәлиханов Балқаш көлі туралы не айтқан? Алакөл тобы бір кезде Үлкен Балқаштан бөлініп қалған

10.Көлдің оңтүстігінде қандай құм бар? Сарыесік Атырау

11.Балқаш көлі қандай бөліктерге бөлініп жатыр? Батыс және шығыс

12.21 км-ге дейін сұғына еніп, көлді екі бөлікке бөліп жатқан қай түбек? Сарыесік түбегі

13.Ірі аралдарын ата. Басарал, Тасарал

14.Балқашқа қай өзендер құяды? Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас, т.б.

15.Көлдің Іле өзені арқылы қоректену үлесі қанша пайыз? 75%

16.Басқа өзендердің үлесі қанша пайыз? 15%

17.Жауын-шашынмен қоректену үлесі қанша пайыз? 8-11%

18.Жер асты суларымен қоректену үлесі қанша пайыз? 2%

19.Көлде қанша түрлі ағыс бар? 2

20.Көлдің тұздылығы қанша? 5,2‰

21.Көлдің қай бөлігінің суы тұщы? Батыс бөлігінің

22.Балқаштың батыс бөлігінің суы неліктен тұщы болады? Іле өзені келіп құятындықтан

23.Көлдің деңгейі не себепті ауысып тұрады? Құятын өзен ағысының өзгеруіне байланысты

24.Су деңгейінің ең жоғары кезі қай айларға сәйкес келеді? Сәуір-шілде

25.Көл климаты қандай? Континентті

26.Көл беті қанша күн мұз құрсанып жатады? 120-140 күн

27.Негізгі байлықтары не? Кәсіптік маңызы бар балықтар – балқаш алабұғасы, іле, балқаш көкбасы

28.Балқаш маңында қандай шаруашылық бар? Терісі бағалы ондатр жерсіндірілген

29.Қапшағай бөгені не үшін салынған? Егістік жерлерді суару мақсатында

30.Көлдің басты айлақтарын ата. Балқаш, Сарышаған, Бурылбайтал, Бөрлітөбе

 

Жер асты сулары

1.Жер асты суы қалай бағаланады? Пайдалы қазба

2.Қай ғасырда техногендік әрекеттер күшейе түсті? ХХ ғасырда

3.ХХ ғасырда техногендік әрекеттер күшейе түсуіне байланысты қандай жағдай туындады? Экологиялық

4.ХХ ғасырда жер беті суларында қандай өзгеріс болды? Ластанды

5.Жер бетіндегі сулардың ластануы нені қиындата түсті? Өнеркәсіп салалары мен халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуді

6.Ауыз суы мен экономика салалары үшін таза су мәселесін шешудің бірден-бір жолы не болып табылады? Жер асты суларын пайдалану

7.Жер асты сулары қандай су көзі болып табылады? Тұщы су көзі

8.Жер асты сулары жер қабықтарының қайсысында орналасқан? Литосферада

9.Жер асты сулары жер қабықтарының қайсысының құрамына кіреді? гидросфераның

10.Жер асты суларын қандай белгілеріне қарап типтерге бөлеміз? Сол жердің орографиясына, климатына, тау жыныстарының сипатына

11.Жер асты сулары типтерін ата. Жарықшақты, жарықшақты-қат-қабатты, қат-қабатты


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.029 сек.)