АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тянь-Шань

Читайте также:
  1. Адам экологиясы.
  2. Административное устройство и родоплеменной состав.
  3. Александрова О.А. Французская географическая школа конца XIX – начала XX в. – М., 1972.
  4. Алтын Орда
  5. Антарктида
  6. Билет №2. основные этапы развития туризма.
  7. ВВЕДЕНИЕ
  8. ВВЕДЕНИЕ 3 страница
  9. Внутренние воды
  10. Вопрос Семенов Тян-Шанский
  11. Высокогорные области Казахстана
  12. ГЕОГРАФИЯ

1.Тянь-Шань қандай тау жүйесі? Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі

2.«Тянь-Шань» қытай тілінде қандай мағынаны білдіреді? „Тәңір шыңы, Аспан тау” деген мағынаны білдіреді

3.Қазақстанға Тянь-Шань тауларының қай бөлігі кіреді? Солтүстік және батыс бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның кейбір жоталары кіреді

4.Тянь-Шань тауларының ең биік нүктесінің биіктігі қанша, ол қалай аталады? Хантәңірі, биіктігі 6995 метр

5.Қазақстан аумағына кіретін Тянь-Шаньның ірі тау жүйелерін ата. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Іле Алатауы, Қырғыз Алатауының батыс бөлігі, Шу-Іле таулары, Батыс Тянь-Шаньнан Піскем, Өгем жоталарының оңтүстік-батысы, Қаратау, Орталық Тянь-Шаньдағы Талас Алатауының оңтүстік-батыс бөлігі

6.Іле Алатауының негізгі жотасы қалай орналасқан? Ендік бойымен созыла орналасқан

7.Іле Алатауы қандай шөгінділерден тұрады? Силур мен девонның құмтастарынан, порфир мен порфириттерден құралған төменгі палеозойдың эффузивті шөгінділерінен

8.Ұзынқара немесе Кетпен жотасы қай жерде орналасқан? Солтүстік Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде

9.Күнгей Алатауының Қазақстан жеріне қай бөлігі кіреді? Солтүстік-шығыс бөлігінің солтүстік беткейі ғана

10.Күнгей Алатауы қандай тау? Беткейі көлбеу келген, төбесі жазыңқы тау

11.Шу-Іле Алатауы қай жерде орналасқан? Іле Алатауының солтүстік-батысында

12.Шу-Іле Алатауы қандай адырлардан тұрады? Қатты мүжіліп, үгіліске ұшыраған Доланқара, Құлжабасы, Кіндіктас, Хантау, Алаайғыр сияқты жеке-жеке адырлардан тұрады

13.Шу-Іле Алатауы солтүстігінде қай жермен шектеседі? Бетпақдаламен

14.Батыс Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігі қай жотадан басталады? Қырғыз жотасынан

15.Қырғыз жотасының ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша? П.П.Семенов шыңы, биіктігі 4566 метр

16.Талас Алатауының қазақстандық бөлігі қалай аталады? Жабағылы таулары

17.Талас Алатауы қандай шөгінді жыныстардан тұрады? Ерте палеозойдың шөгінді эффузивтік жыныстарынан

18.Талас Алатауы қай өзеннің алқабын қоршайды? Ақсу-Жабағылы

19.Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы қалай аталады? Қаратау

20.Қаратау бойында қандай пайдалы қазбалардың мол қоры табылған? Қорғасын, мырыш, фосфорит, гипс, цемент, құрылыс материалдары, т.б.

21.Тянь-Шань тауларының климаты қандай? Құрғақ, құбылмалы

22.Тянь-Шань климатының құрғақ, құбылмалы болуына қандай жағдай әсер етеді? Арктикалық ауа массалары мен Сібірден келетін антициклон

23.Таулы аймақта күз бен көктемде қандай құбылыс жиі кездеседі? Үсік

24.Батыс Тянь-Шань климатының өзгешелеу болуына не әсер етеді? Оңтүстік Қазақстанның жылы ауа райы

25.Тянь-Шань арқылы қай өзендер ағып өтеді? Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шілік, Қаскелең, Күрті, Шарын

26.Іле Алатауында қанша мұздық бар? 380 мұздық

27.Тянь-Шаньның табиғат зоналары несімен ерекшеленеді? Биіктік белдеулігімен

28.Тянь-Шаньның өсімдіктерін ата. Қылқан жапырақты ормандар, субальпілік шалғындар, шөптесін өсімдіктер, қарағайлы, тобылғылы бұталар

29.Тянь-Шаньда қандай жануарлар тіршілік етеді? Барыс, таутеке, ұлар, тау бүркіті, аю, қабан, елік,

30.Тянь-Шаньда қандай қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған? Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтары

Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану

§49. Табиғи қорлар және өндіріс

1.Табиғи қорлар деген не? Табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін өндірісте пайдаланылатын бөлігі

2.Табиғи қорларға қатысты қандай күрделі мәселе туындап отыр? Тиімді пайдалану және адамзаттың өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету

3.Табиғи қорларды тиімді пайдалануға қатысты қандай жұмыстарға күш салынуда? Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздестіру

4.Табиғи қорларды тиімді пайдалануды іске асырудың қандай маңызды жолдары бар? Басқа (арзан) шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану

5.Табиғи қорларды қорғаудың дүниежүзілік мәселе болып отыруы неліктен? Табиғи қорлардың сарқыла бастауы және оны тиімсіз пайдалану жер бетіндегі адамзат баласын алаңдатуда

6.Қазақстанда табиғи қорлардың мол шоғырлануына не әсер етеді? Тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының көлемді болуы

7.Еліміз қандай табиғат қорлары жөнінен дүниежүзілік деңгейде көрнекті орын алады? Климаттық, минералдық және отын-энергетикалық қорлар жөнінен 8.Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды қандай топтарға бөлуге болады? Отын-энергетикалық, минералдық, су, климаттық, топырақ-өсімдік, жануарлар дүниесі қорлары

9.Отын-энергетикалық қорларға не жатады? Тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ, жанғыш тақтатас

10.Қазақстанның көмір өндірілетін аудандарын ата. Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл

11.Қазақстанның көмір өндірісіндегі маңызды кен орындары қайсысы? Қарағанды мен Екібастұз алаптары

12.Мұнай мен газ еліміздің қай аймағында өндіріледі? Қазақстанның батысында

13.Қазақстанның минералдық қорларының ерекшелігі неде? Минералдық қорларының түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ

14.Темір кен орындары қай жерлерде орналасқан? Қазақстанның солтүстігіндегі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындарында

15.Қазақстанның қай аймақтарында полиметалл кендері кездеседі? Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда

16.Еліміздің аумағында кенді емес пайдалы қазбалардан не кездеседі? Фосфориттер, тұздар, құрылыс материалдары

17.Климаттық қорларға не жатады? Күн сәулесінің молдығы, өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы

18.Қазақстанның су қорына қандай су көздері жатады? Өзен, көл, мұздықтар сияқты беткі сулардан басқа жер асты сулары мен минералды су көздері жатады

19.Шөлейт және шөлді аудандарда мал шаруашылығын өркендету үшін су мәселесі қалай шешілуде? Артезиан құдықтарын пайдалану арқылы шешілуде

20.Қазақстан жерінде минералдық су көздерін пайдалану мақсатында қандай санаторий-курорттар, емдеу орындары салынған? Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш

21.1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында қандай ереже бекітілді? Трансшекаралық өзендер мен көлдерді қорғау мен тиімді пайдалану ережелері

22.Республикамыздағы топырақ-өсімдік қорларының ерекшелігі неде? Олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған

23.Қазақстанда топырақ қорына байланысты қандай міндет бар? Жарамсыз жерлерді өңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану

24.Қазақстандағы өсімдіктер қорын қандай топтарға бөлуге болады? Орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер

25.Елімізде дәрілік өсімдіктердің қанша түрі бар? 250 түрі

26.Елімізде ежелден мекен еткен қандай жануарлар қазіргі кезде жоқ немесе жоқтың қасына айналды? Жабайы жылқы, құлан, сусар, қоқиқаз, бұлғын, лашын сияқты жануарлар

27.Халықаралық табиғат пен табиғи байлықты қорғау одағы қай жылы құрылды? 1962 жылы

28.Қазақстанның Қызыл кітабы қай жылы шықты? 1966-1981 жылдары

29.Қазақстан аумағындағы табиғи қорларды игеруге қандай жағдай кедергі келтіреді? Қатаң табиғат жағдайлары

30.Табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуынан қандай мәселе туындады? Экологиялық

31.Қазақстан топырақ жамылғысы не себепті жел және су эрозиясына ұшырады? Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында

32.Еліміздің қанша жерін шөлейттер мен шөлдер алып жатыр? 167 млн га жерін

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)