|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жер асты сулары 6 страница12.Жарықшақты типті жер асты сулары Қазақстанның қай аймақтарында таралған? Тянь-Шань, Жетісу Алатауы,Сарыарқа, Орал-Мұғалжар тауларында 13.Жарықшақты типті жер асты сулары қандай тереңдікте орналасады? 30-50 метр, кейде 100-300 метр тереңдікте 14.Қат-қабатты типті жер асты сулары қай жерлерде кездеседі? Қазақстанның батыс, оңтүстік және солтүстік-шығысында 15.Жарықшақты-қат-қабатты типті жер асты сулары қай эра жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасқан? Палеозой мен мезозой жыныстарының 16.Жарықшақты-қат-қабатты типті жер асты сулары таулы өңірлердің қанша бөлігінде кездеседі? 860 мың км2 жерінде 17.Қат-қабатты типті жер асты сулары қай жерлерде кеңінен таралған? Шөгінді жыныстардың арасында 18.Қат-қабатты типті жер асты сулары Қазақстанның қай аймақтарында кездеседі? Шу-Сарысу, Қопа-Іле, Балқаш-Алакөл ойыстарының өзен аңғарларында 19.Тереңдік жағдайына қарай жер асты сулары қалай бөлінеді? Грунт (еспе) және артезиан суы 20.Грунт суы дегеніміз не? Жер бетіне таяу орналасқан су 21.Грунт суының деңгейі неге байланысты болады? Жауын-шашынның түсуіне 22.Грунт (еспе) суы халық шаруашылығын сумен қамтамасыз ете ала ма? Жоқ, толық қамтамасыз ете алмайды 23.Артезиан суы деген не? Терең қабат аралық жер асты суы 24.Артезиан суы қай жерлерде кездеседі? Платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда 25.Мойынқұмның астындағы тұтас жер асты теңізі қанша тереңдікте, қанша аумақты алып жатыр? 300-500 метр тереңдікте 50 мың км2 жерді 26.Қазақстанның қай жерінде 80-300 м тереңдікте жатқан зор жер асты суы табылды? Қызылқұмда 27.Қазақстанда қандай суды табу үшін барлау жұмыстары жүріп жатыр? Термальды (ыстық) суды 28.Республикамыздың аумағында қанша минералды бұлақтар зерттеліп, олардың шипалық қасиеттері анықталды? 300-ден аса 29.Қай минералды сулар туралы Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында айтылған, яғни адамзатқа ХІV ғасырдан белгілі болған? Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі туралы 30.1834 жылы қай қайнар жөнінде баспасөз беттерінде жарияланған? Алтайдағы Рахман қайнары жөнінде
§34. Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң 1.Қазақстан өзендерінің негізгі су көзі не? Мұздықтар 2.Не нәрсе тұщы су қоймасы болып табылады? Мұздықтар 3.Қазақстан ғалымдары не құрастырды? Мұздықтар каталогын 4.Қазақстан ғалымдары құрастырған каталогтың нәтижесінде не жасалды? Карта 5.Мұздықтар Қазақстанның қай аймақтарында таралған? Шығыс және оңтүстік-шығыс 6.Неліктен мұздықтар Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған? Өйткені, ол жерлерде еліміздің биік таулары орналасқан 7.Республиканың барлық тауларында қанша мұздық бар? 2724 мұздық 8.Қазақстан мұздықтарының алып жатқан ауданы қанша? 2033,3 км2 9.Қазақстан мұздықтарының көлемі қанша? 100 км3 10.Республика мұздықтары көлемі өзен ағындарының жылдық мөлшерінен қанша артық? Екі есе артық 11.Мұздықтардың пайда болуы үшін қандай жағдай болуы шарт? Олар орналасатын жер бедері мен қатты күйдегі жауын-шашын болуы шарт 12.Мұздықтар құрлықтың жер бедеріне қалай әсер етеді? Жер бедерінің пішінін қалыптастырады 13.Мұздықтар қалыптасатын ерекше белдем қалай аталады? Хионосфера 14.Қазақстан тауларында қар сызығы неліктен биікте орналасқан? Ауа құрғақ және климат континентті болғандықтан 15.Қар сызығының биіктігі оңтүстіктен солтүстікке қарай қалай өзгереді? Оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай төмендейді 16.Мұздықтардың ең көп шоғырланған ауданы қай аймақ? Жетісу Алатауы 17.Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің қанша негізгі топтары бар? 3 18.Таулы бөліктегі мұздықтар типтерінің негізгі топтарын ата. Тегістелген төбе мұздықтары, тау беткейлерінің мұздықтары және аңғарлық мұздықтар 19.Тегістелген төбе мұздықтары қай жерде пайда болады? Биік таулардың басында 20.Тау беткейлерінің мұздықтары республика мұздықтарының қанша пайызын алып жатыр? 33% 21.Республика мұздықтарының қанша пайызын аңғарлық мұздықтар алып жатыр? 66% 22.Қазақстандағы ең үлкен мұздық қалай аталады? Корженевский мұздығы 23.Корженевский мұздығының ұзындығы мен ауданы қанша? Ұзындығы 14,4 км, ауданы 36,8 км2 24.Республикамыздағы үлкен мұздықтар қай жерлерде орналасқан? Ірі өзендердің басталатын жерлерінде 25.Тау өзендерінің қоректену көзі не? Мұздықтар 26.Қазақстанның биік тауларының климаты қандай? Қатал 27.Қыста мұз бетінің температурасы қанша градусқа төмендейді? -100С дейін 28.Жазда мұз бетінің температурасы қанша болады? 00С шамасында 29.Алтайдағы көпжылдық тоңның төменгі шекарасы қанша? 2000 метр 30.Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына қанша метрге шегініп отырады? 30 метрге §35. Қазақстанның топырақ жамылғысы 1.Топырақ деген не? Табиғат компоненттерінің бірі 2.Топырақты неліктен табиғат компоненті дейміз? Өйткені, топырақ табиғат кешенінің бір бөлігі 3.Жердің геологиялық тарихында алдымен не пайда болған? Топырақ 4.Алғашқы жұқа топырақ қабаты қай уақытта пайда болған? 500 млн жыл бұрын 5.Бұл кезде өсімдік жамылғысы қалыптасқан ба еді? Қалыптаспаған 6.Топырақ жамылғысын зерттейтін ғылым қалай аталады? Топырақтану 7.Топырақтану ғылымының негізін салған кім? В.В.Докучаев 8.Топырақтану ғылым ретінде қай уақыттан бастап қалыптаса бастады? ХІХ ғасырдың 80-жылдары 9.В.В.Докучаев топыраққа қандай анықтама берді? „Топырақ – табиғи және тарихи дене” деген 10.Топырақ жамылғысын құрайтын факторларға нелер жатады? Су, ауа, жылу, тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі 10.Құнарлы топырақ қабаты қалай пайда болады? Топырақ түзуші факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде 11.Құнарлы топырақ қабаты қалай пайда болады? Су, ауа, өсімдік, тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуінен 12.Топырақ жамылғысының түзілуі қанша уақытқа созылады? Өте ұзаққа созылады 13.Топырақтың негізгі қасиеті қандай? Құнарлылығы 14.Гумус қабаты деген не? Топырақтың беткі құнарлы қабаты 15.Өсімдіктер топырақтың қалыптасуына қалай әсер етеді? Өсімдіктер шірігенде топырақтың құнарлы қабатын толықтырады 16.Жануарлар топырақтың қалыптасуына қалай әсер етеді? Өздерінің тіршілік әрекетінің нәтижесінде әсер етеді, өлгендері шірінді қабатты көбейтеді 17.Топырақ жамылғысының түзілуіне климаттың қандай әсері бар? Алдында айтылған топырақ түзуге қатысы бар микроағзалар, өсімдік, жануарлардың тіршілігі климатқа байланысты 18.Аязды кездерде топырақтың түзілуінде қандай өзгеріс болады? Топырақтың түзілуі тоқтайды 19.Қуаңшылық кездерде топырақ қалай түзіледі? Топырақтың түзілуі баяулайды 20.Топырақ жамылғысы қай бағытта таралады? Ендік зоналылық, биіктік белдеулік бағытта 21.Топырақ жамылғысының ендік зоналылық пен биіктік белдеуде таралуына не әсер етеді? Климат 22.Жер бедерінің топырақ түзуге қатысы бар екенін неден білуге болады? Беткейлерге жылу мен ылғалдың түсуіне, ылғалдың топыраққа сіңуіне байланысты 23.Адам баласының топырақтың түзілуіне қандай әсері бар? Бір жағынан топырақтың құнарлылығын арттырып, жерді суарып, батпақты құрғатса, тыңайтылған жерлерді дұрыс пайдаланбай, жел эрозиясына ұшыратады 24.Топырақтың механикалық құрамы неден тұрады? Ірілі-ұсақты минералды бөлшектерден 25.Топырақтың құнарлылығы неге байланысты болады? Топырақтың құрылымына 26.Топырақты құнарлылығына қарай қалай бөлеміз? Құрылымды топырақ, құрылымы жоқ топырақ 27.Құрылымды топырақ деген не? Құрылымы кесек топырақ 28.Құрылымы жоқ топырақ деген қандай болады? Түйіршіктері ұсақ болады 29.Топырақтың құрылымы нашар екенін қайдан білеміз? Құнарсыз болады, ондай топыраққа қар суы сіңбей, сай-салаға ағып кетеді 30.Құрылымды топырақтың тыныс алатынын қайдан білеміз? Күндіз топырақ қызып, ауаның көлемі ұлғайып, тысқа шығады, түнде керісінше ауа топыраққа өтеді §36. Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері 1.Қазақстанның топырақ жамылғысы қандай? Күрделі және әр түрлі 2.Қазақстанның аумағының қанша %-ын жазық алып жатыр? 86%-ын 3.Қазақстан топырағын негізінен қанша топырақ зоналарына бөлеміз? 3 4.Қазақстан топырақ зоналарын ата. Қара топырақты, қара қоңыр топырақты, қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона 5.Қара топырақты зона Қазақстанның қай бөлігінде тараған? Солтүстігінде 6.Қара топырақ Қазақстан аумағының қанша гектар жерін алып жатыр? 25,5 млн 7.Қара топырақты зона неше зона аралығына бөлінеді? 3 зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы 8.Қара топырақты зона не үшін қолайлы? Астық өсіруге 9.Қара қоңыр топырақ еліміздің қай бөлігінде таралған? Орталық бөлігінде 10.Қара қоңыр топырақ Қазақстан аумағының қанша гектар жерін алып жатыр? 90,6%-ын 11.Қара қоңыр топырақ зонасының үш зона аралығын ата. Қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырағы, қуаң даланың жай қара қоңыр топырағы, шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырағы 12.Топырақтың құнарлылығы қай бағытқа қарай кеми түседі? Солтүстіктен оңтүстікке қарай 13.Күңгірт қара қоңыр топырақтың гумусы қанша пайыз? 4,5-3,0% 14.Ал, шөлейттің ашық қызыл топырағының гумусы қанша пайыз? 3,0-2,0% 15.Қара қоңыр топырақты жерлерде ауыл шаруашылығының қай саласымен айналысу тиімді? Астық өндірумен, мал шаруашылығымен 16.Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігін қандай топырақ зонасы алып жатыр? Қоңыр және сұр қоңыр топырақ 17.Еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аймақтың топырағы қандай? Қоңыр және сұр қоңыр топырақ 18.Қоңыр және сұр қоңыр топырақты зона республика жерінің қанша пайызын алып жатыр? 44%-ын 19.Қоңыр және сұр қоңыр топырақты зонада ауыл шаруашылығының қай саласымен айналысу тиімді? Мал шаруашылығымен 20.Топырақтың құнарлылығын кемітетін апат қалай аталады? Эрозия 21.Топырақ эрозиясының қандай түрлері бар? Су және жел эрозиясы 22.Жел эрозиясы деген не? Топырақтың беткі құнарлы қабатын желдің ұшырып әкетуі 23.Топырақтың құнарлы қабатының 18 см-нің құрылуына қанша уақыт қажет? Өте қолайлы табиғи жағдай болғанның өзінде 1400-7000 жыл керек 24.Ал, бұл қабатты жел қанша уақытта ұшырып әкетеді? Оп-оңай, лезде 25.Қазақстан жерінде жел эрозиясының басым болуының себебі неде? Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы, күшті желдің соғуы, топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл топырақтың мол болуы 26.Су эрозиясы дегеніміз не? Топырақтың беткі құнарлы қабатын судың шайып кетуі 27.Адам жер ресурстарын қалай пайдаланады? Тиімсіз, ұқыпсыз пайдаланады 28.Топырақ эрозиясымен күресуде қандай агротехникалық шаралар қолдануға болады? Жер жырту, қар тоқтату, топырақты қайырмасыз соқамен жырту 29.Топырақ эрозиясымен күресуде қандай мелиорациялық шаралар қолдануға болады? Жыра мен сай, өзен жағаларына суару түрлері бойынша ағаш, бұта отырғызу 30.Топырақ эрозиясымен күресуде қандай гидротехникалық шаралар қолдануға болады? Жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбін су өткізбейтін бетондалған тақта, пленкалармен қаптау
§37. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі 1.Қазақстан өсімдіктері қай уақыттан бастап қалыптаса бастады? Бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінде, еліміздің жерінің негізгі бөлігін су басып жатқан кезде 2.Тұран ойпатын қай дәуірде теңіз суы басып жатты? Палеогенде 3.Неліктен осы кезеңде Қазақстан аумағы екіге бөлінді? Теңіз суы Қазақстан аумағын екі бөлікке бөліп жатты 4.Ангара флорасына қандай өсімдік түрлері жатады? Жалпақ жапырақты және мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдіктер 5.Ангара флорасы қай жерлерде таралған? Алтай, Сарыарқа жерлерінде 6.Полтава флорасында қандай түрлері дамыған? Мәңгі жасыл субтропиктік түрлер 7.Полтава флорасы қай жерлерде таралған? Торғай үстіртінен батысқа қарай Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірттерінде 8.Неогенде Торғай бұғазы қандай өзгеріске түсті? Суы тартылып, құрғап, екі жағы қосылды 9.Неогенде полтава флорасы қай жерлерге дейін жеткен? Шығысқа қарай тарап, Жайсанға дейін жеткен 10.Торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалай қалыптасқан? Шығыста өскен өсімдіктердің батысқа қарай ауысуына байланысты 11.Торғай флорасына қандай өсімдік түрлері жатады? Платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. 12.Қазақстан жеріне Африка флорасы қай дәуірде, қай жер арқылы кірген? Палеоген дәуірінен бастап Иран арқылы кірген 13.Африка флорасына қандай өсімдіктер жатады? Эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары, ағаштардың кейбір түрі 14.Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында еліміздің қыраттары мен тауларында қандай өсімдіктер тараған? Субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар 15.Неоген дәуіріндегі климаттың өзгеруіне байланысты қай түрлер жойылып кетіп, қай түрлер сақталып қалған? Жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған 16.Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы қанша өсімдік түрлерінен тұрады? 6000-дай 17.Қазақстан жерінде өсімдік түрлері не себепті аз болып келеді? Шөлейтті, шөлді аймақтың көптігінен, топырақ пен климаттың әсерінен 18.Қазақстанның таулы аймақтарында өсімдік қалай таралған? Өсімдікке бай 19.Еліміздің қай өңірлерінде бай флора сақталған? Батыс Тянь-Шаньда 20.Сырдария-Қаратау флорасында ғана кездесетін өсімдіктер түрлері қанша? 150 түр 21.Қазақстанның өсімдіктер дүниесінің қанша түрі Қызыл кітапқа енгізілген? 303 түрі 22.Жануарлар дүниесінің дамуы жөнінен еліміз қай облысқа кіреді? Палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа 23.Өсімдіктер мен жануарлардың қалыптасуында ұқсастықтар бар ма? Өсімдіктер мен жануарлардың даму тарихы ұқсас 24.Палеоген дәуірінде Қазақстанды қандай жануарлар мекендеген? Тропиктік және субтропиктік жануарлар 25.Мұз басу дәуірінде Қазақстан жеріне суыққа төзімді жануарлар қай жақтан ауысып келген? Солтүстіктен 26.Қазақстанда сүтқоректілердің қанша түрі бар? 178 27.Қазақстанда құстардың қанша түрі бар? 489 28.Қазақстанда балықтардың қанша түрі бар? 104 29.Қазақстанда омыртқасыздардың қанша түрі бар? 50 мыңнан астам 30.Қазақстанның өзіне тән жануарлары бар таулы аймақтары қатарына қай таулар жатады? Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань мен Сарыарқаның аласа таулы аймағы 31.Арал мен Каспийде балықтың қанша түрі бар? Аралда 40, Каспийде 50 түрі бар 32.Қазақстанның қанша омыртқалы, қанша омыртқасыз жануарлары Қызыл кітапқа енгізілген? 125 омыртқалылар, 96 омыртқасыздар 33.Қазақстан жерінде сырттан әкелінген қандай жануарлар жерсіндірілуде? Ондатр, қара күзен, бұлғын, жанат 34.Табиғат байлығы мен жануарларын қорғау мақсатында елімізде қанша ұлттық парк құрылған? 5, Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел, Ордабасы 35.Қазақстанда қанша қорық бар? 10, Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Марқакөл, Қорғалжың, Батыс Алтай, Алакөл, Қаратау §38. Орманды дала және дала зонасы 1.Табиғат зоналарын ең алдымен қай факторлар қалыптастырады? Сыртқы факторлар 2.Әр түрлі табиғи зоналар ненің нәтижесінде пайда болады? Жылу мен ылғалдың арақатынасының 3.Әрбір зона несімен ерекшеленеді? Климаты, топырағы, өсімдігі, жануарларымен 4.Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай қандай табиғат зоналары алмасып отырады? Орманды дала, дала, шөлейт, шөл 5.Республикамыздың биік таулы аймақтарында табиғат зоналары қалай ауысады? Биіктікке байланысты 6.Орманды дала зонасы Қазақстанның қай жерлерін алып жатыр? Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана жерін 7.Еліміздің аумағындағы орманды дала зонасының жалпы көлемі қанша? 1 млн га 8.Орманды дала зонасының климаты қандай? Қоңыржай континентті 9.Орманды дала зонасында жылдық жауын-шашын мөлшері қанша? 300-350 мм 10.Орманды дала зонасының жазғы орташа температурасы қанша? +180-200С 11.Орманды дала зонасының қысқы орташа температурасы қанша? -170-190С 12.Орманды дала зонасының өзендері немен қоректенеді? Қар суымен 13.Орманды дала зонасының топырағы қандай? Қара 14.Орманды даланың қара топырағының шіріндісі қанша пайыз? 9% 15.Қара топырақтың шіріндісі оңтүстікке қарай қаншаға дейін өзгереді? 6%-ға дейін азаяды 16.Орманды дала зонасы қандай өсімдіктерден тұрады? Шоқ-шоқ ормандар, қайың, көктерек, емен, жөке, қандыағаш, тал, долана, қарақарақат, тошала, жер бидайық, арпабас, сәбізшөп, беде, т.б. 17.Батыс Сібір жазығында қандай өсімдіктер шоқ-шоқ болып өседі? Ормандар 18.Орманның басты байлығы не? Шоқ қайыңдар, шоқ қарағайлар мен бұталар 19.10 млн га жерді алып жатқан шоқ қайыңдар мен қарағайлар және бұталар қай қорықшалар тарапынан қорғауға алынған? Дуброва, Мамлют қорықшалары 20.Орманды даланың өзіне ғана тән жануарлары бола ма? Болмайды 21.Орманды дала зонасында қандай жануарлар кездеседі? Саршұнақ, сұртышқандар, қосаяқтар, ақкіс, қоян, сусар, түлкі, қасқыр, бұлан, сібір еліктері, тиіндер, сарыбас жылан, сұр жылан, т.б. 22.Орманды дала зонасының құстарын ата. Ақ құр, бұлдырық, бөдене, ақ тұмсық қарға, шәуілдек, сауысқан, тоқылдақ, көкек, бозторғай, т.б. 23.Орманды дала зонасының жыртылмаған жерлері қандай мақсатта пайдаланылады? Шабындық, жайылым 24.Дала зонасы Қазақстанның қанша аумағын алып жатыр? 77 млн га 25.Дала зонасына еліміздің қай жерлері кіреді? Батыс Сібір жазығының оңтүстігі, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталығы 26.Дала зонасының климаты қандай? Континентті, жазы ыстық, әрі құрғақ, қысы қатаң, қары жұқа 27.Дала зонасының жазғы орташа температурасы қанша? Солтүстігінде +180С, оңтүстігінде +250С 28.Дала зонасының қысқы орташа температурасы қанша? -160С-180С 29.Дала зонасының жылдық жауын-шашын мөлшері қанша? 220-310 мм 30.Дала зонасындағы судың тапшылығы қалай шешілуде? Бөгендерге су жинау, каналдар салу арқылы (Ертіс-Қарағанды каналы) 31.Дала зонасының топырағы қандай? Қара және қызыл 32.Дала зонасының өсімдіктерін ата. Боз, бетеге, атқонақ, еркекшөп, кермек, қаңбақ, бидайық, арпабас, қоңырбас, жанаргүл, шайшөп, итмұрын, дәрілік валериан Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.022 сек.) |