АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жер асты сулары 4 страница

Читайте также:
  1. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 1 страница
  2. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 2 страница
  3. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 3 страница
  4. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 4 страница
  5. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 5 страница
  6. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 6 страница
  7. I. ОСНОВЫ МОЛЕКУЛЯРНОЙ СТАТИСТИКИ 7 страница
  8. I. Перевести текст. 1 страница
  9. I. Перевести текст. 10 страница
  10. I. Перевести текст. 11 страница
  11. I. Перевести текст. 2 страница
  12. I. Перевести текст. 3 страница

10.Күн радиациясы деген не? Күннен шығатын сәулелі қуат

11.Күн радиациясының қандай түрлері бар? Тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан

12.Тура күн радиациясы деген не? Күннен келетін 80% радиация

13.Шашыранды радиация деген не? Күннен келетін сәуленің 20%-ының кері шағылысуын айтамыз

14.Жиынтық радиация деген не? Тура радиация мен шағылысқан радиацияның қосындысы

15.Жұтылған радиация деген не? Жиынтық радиацияның жерге сіңуі

16.Шағылысқан радиация деген не? Жер беті кері шағылыстырған радиация

17.Күн радиациясы түсіретін шама неге байланысты болады? Жарық шағылысы түсетін беткі қабат сипатына байланысты

18.Қара топырақ күн радиациясының қанша пайызын кері шағылыстырады? 5%-ын

19.Жаңа жауған қар күн радиациясының қанша пайызын кері шағылыстырады? 90%-ын

20.Неліктен қыс кезінде күн радиациясының мөлшері азаяды? Түсу бұрышының аздығына және күннің қысқалығына,қардың күн сәулесін шағылыстыруына байланысты

21.Күн радиациясының жер бетіне жетуі географиялық ендікке ғана емес, тағы неге байланысты болады? Атмосфераның мөлдірлігіне, және күн сәулесінің түсу ұзақтығына

22.Қазақстан аумағына күн сәулесінің түсу ұзақтығы қанша сағат? 2000-3000 сағат

23.Қостанайда күн сәулесінің түсу ұзақтығы қанша сағат? 2132 сағат

24.Қызылордада күн сәулесінің түсу ұзақтығы қанша сағат? 3042 сағат

25.Қазақстанның солтүстігінде қанша ашық күн болады? 120 күн

26.Қазақстанның оңтүстігінде қанша ашық күн болады? 260 күн

27.Қазақстанның солтүстігінде қанша бұлтты күн болады? 60 күн

28.Қазақстанның оңтүстігінде қанша бұлтты күн болады? 10 күн

29.Қазақстанның солтүстігінде жиынтық радиация нешеге тең? 100 ккал

30.Қазақстанның оңтүстігінде жиынтық радиация нешеге тең? 155 ккал

§21. Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары

1.Ауа ағындары қалай пайда болады? Атмосферадағы қозғалысқа байланысты

2.Ауаның өзіне тән қасиеттерін ата. Температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі

3.Атмосфералық циркуляцияның басты ерекшеліктері неге байланысты? Ғаламшарлық циркуляцияның әсеріне

4.Ауа массасы деген не? Өзіне тән қасиеттері бар үлкен көлемді ауа

5.Республика аймағының климатына қандай ауа массаларының типтері әсер етеді? Арктикалық, қоңыржай, тропиктік

6.Қазақстан жеріне қай мұхиттардың әсері жоқ? Үнді және Тынық мұхиттарының

7.Еліміздің климатына қай мұхиттардың әсері тиеді? Солтүстік Мұзды және Атлант мұхиттарының

8.Неліктен ауа массалары солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа еркін қозғала алады? Жолына кедергі жасайтын таулардың болмауынан

9.Арктикалық ауа массалары қай жерлерде қалыптасады? Солтүстік Мұзды мұхиты үстінде және оның жағалық құрлықтары мен аралдарында қалыптасады

10.Арктикалық ауа массалары деген қандай ауа массасы? Өте мөлдір, құрғақ, антициклонды

11.Неліктен Қазақстан жерінде қыста антициклонды ауа райы орнайды? Ауа қысымы жоғарылап, температураның төмендеуіне, арктикалық ауа массасының енуіне байланысты

12.Антициклондық ауа райының сипаты қандай? Өте суық, құрғақ

13.Қазақстан жеріндегі көктемгі, күзгі үсіктер неге байланысты болады? Континентті арктикалық ауаға

14.Арктикалық ауа массасы жазда қандай ауа массаларына айналады? Қоңыржай ендіктің континенттік ауасына

15.Трансформация деген не? ауа массаларының бір жерден екінші жерге ауысуынан қасиетінің өзгеруі

16.Қоңыржай ауа массасы еліміздің қай жерлерінде қалыптасады? Материктің орта ендіктерінде

17.Қоңыржай ауа массаларының материктің орта ендіктерінде қалыптасуының себебі неде? Еліміз түгелімен қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан

18.Батыстағы Атлант мұхитынан еліміздің аумағына қандай ауа массасы келеді? Теңіздік қоңыржай ауа

19.Атлант мұхитының біздің тұратын жерімізге қандай әсері бар? Еліміздің батыс бөлігіне ылғал әкеледі

20.Ауа массалары неге салқындайды немесе конденсацияға айналады? Таулы шыңдарда температура төмендеп ауа салқындайды немесе конденсацияланады

21.Қоңыржай ауа массалары континенттік ауа қасиетіне қалай айналады? Конденсацияланған ауа массасы қыста температураны жоғарылатып, жазда төмендетуінен қалыптасады

22.Сөйтіп, ол ауа массалары қандай климат типі деп аталады? Қоңыржай континенттік

23.Тропиктік ауа массасы біздің жерімізге қай жақтан келеді? Орта Азия мен Ираннан

24.Континенттік тропиктік ауаны қалай атайды? Иран ауасы

25.Біздің жерімізде иран ауасы жылдың қай мезгілінде байқалады? Жазда

26.Тропиктік ауа массасы Қазақстанның қай аумақтарының климатына әсер етеді? Қиыр оңтүстігіне

27.Континенттік тропиктік ауа Қазақстанға қай жақтан келеді? Оңтүстіктен

28.Бұл континенттік тропиктік ауа қалай аталады? Тұран ауасы

29.Ауаның бұл типі Қазақстанның қай жерлерінде байқалады? Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты, Оңтүстік Қазақстан облысы

30.Континенттік тропиктік ауаның сипаты қандай? Ыстық, құрғақ,қапырық, шаңды дауылды

§22. Ауаның қысымы мен желдер

1.Атмосфералық қысым деген не? Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы

2.Атмосфералық қысымның таралуына не әсер етеді? Климат қалыптастырушы факторлар

3.Жер бетіне қысымның әр түрлі таралуының негізгі себебі неде? Күн сәулесінің әркелкі түсуінен

4.Жазда ауа қатты қызып, жеңілдеп жоғары өрлеген кезде қандай қысым пайда болады? Төмен қысым

5.Ал, қыста температура төмендеген кезде қысым қандай болады? Жоғары қысым

6.Воейков белдеуі нешінші ендіктен өтеді? 500 с.е.

7.Изобара дегеніміз не? Ауа қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық

8.Қазақстанда ең күшті желдер қай жерлерде соғады? Жетісу қақпасы мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында

9.Тау аңғарлық жел деген не? Тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын, жазда тауларда соғатын жел

10.Жергілікті жел деген не? Белгілі бір жерлерде тұрақты соғатын желдер

11.Дауыл деген не? Жылдамдығы 15-20 м/сек-тан немесе сағатына 72 км/сағ. асатын күшті жел

12.Жергілікті желдерді ата. Сайқан, Шілік, Ебі, Қордай, Арыстанды-Қарабас, Мұғалжар

13.Сайқан және Ебі желдері қай жерлерде соғады? Жетісу қақпасы арқылы бір-біріне қарама-қарсы

14.Шілік желі қай жерде соғады? Шілік өзенінен Іле аңғарына қарай

15.Ебі желі не себепті соғады? Ебінұр көлі қазаншұңқырында жоғары қысым болғандықтан

16.Ебі желінің ұзақтығы қанша күн? 70-100 күн

17.Сайқан желі қай бағытта соғады? Жетісу қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай

18.Сайқан желінің жылдамдығы қанша? 50-60 м/сек

19.Сайқан желі қай уақытта соғады? Қыркүйек пен сәуір айлары аралығында

20.Сайқан желі соққан кезде табиғатта нендей өзгеріс болады? Жауған қарды ұшырып, топырақты құрғатып, мал басын шығынға ұшыратады, жол қатынасын қиындатады, балық аулауға қиындық келтіреді

21.Шілік желінің жылдамдығы қанша? 8-10 м/сек

22.Арыстанды-Қарабас желі қай жерлерде соғады? Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады

23.Арыстанды-Қарабас желінің жылдамдығы қанша? 35 м/сек

24.Арыстанды-Қарабас желі соққан кезде табиғатта нендей өзгеріс болады? Жел Мойынқұмның үстімен өткенде құмды қара бұрқасын тудырады, жолдың көрінуін қиындатады. Арыстанды өзенінде желдің жылдамдығы одан сайын күшейе түседі.

25.Қордай желі қай жерлерде қалыптасады? Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғады

26.Қордай желінің жылдамдығы қанша? 40 м/сек

27.Қордай желі қанша уақыт соғады? 55 күн

28.Мұғалжар желі қай жерлерде қалыптасады? Мұғалжар тауында

29.Мұғалжар желінің жылдамдығы қанша? 50 м/сек

30.Желдің пайдасы мен зияны қандай? Пайдасы – желдің күшінен энергия алуға, құдықтардан су тартуға, жел диірмендерін жүргізуге болса, адамның өміріне, шаруашылық әрекетіне зиян тигізеді

§23. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы

1.Қазақстан аумағында ауа температурасының әркелкі таралуы неге байланысты? Еліміздің аумағының созылып жатуына, жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты

2.Ауа температурасының тәулік және жыл ішінде таралуына қандай белгі тән? Температураның ауытқуы тән

3.Жазық және таулы бөліктерде температура қай бағытта өзгереді? Солтүстіктен оңтүстікке қарай

4.Таулы аймақтарда температура қалай өзгереді? Биікке көтерілген сайын

5.Қазақстандағы ең суық айды ата, оның солтүстіктегі орташа температурасы қанша? Қаңтар, солтүстікте -190С;

6.Қаңтардағы оңтүстік аймақтың орташа температурасы қанша? - 1,50С

7.Республикамыздың қай бөлігі төмен температурасымен ерекшеленеді? Солтүстік-шығысы

8.Еліміздің қай бөлігінде ауа температурасының -300С-тан төмен болуы сирек кездеседі? Оңтүстігінде

9.Қазақстанның ең суық жерін ата. Атбасар өңірі

10.Қазақстанның ең суық жері – Атбасар өңірінде ауа температурасы қанша градусқа дейін жетеді? -570С

11.Қазақстан жерінде неліктен қыста көктайғақ болады? Оңтүстік өңірлерде күннің жылынып тұрып, кенет суытып кетуіне байланысты

12.Көктайғақ шаруашылықтың қай саласына зиянын тигізеді? Мал шаруашылығына

13.Қыста Қазақстан аумағында не басым болады? суық әрі құрғақ континентті арктикалық және қоңыржай ендік ауалары мен Сібір антициклоны

14.Температура инверсиясы деген не? Тау аңғарларының салқын ауаның әсері тимеген аймақтарында температураның жоғарылауы

15.Биіктеген сайын температураның төмендеуінің орнына жоғарылауы немен байланысты? Төменде жер бетінде ауаның өте суынуымен

16.Қазақстандағы ең жылы айды ата. Шілде

17.Қазақстандағы ең жылы айдың солтүстіктегі орташа температурасы қанша? +190С

18.Шілде айындағы оңтүстіктегі орташа температура қаншаға тең? +28-300С

19.Жазда еліміздің жерінде жылудың таралуына не әсер етеді? Күн сәулесінің түсу бұрышы мен күннің жер бетін қыздыру қарқыны

20.Қазақстандағы жазғы температура қай бағытқа қарай арта түседі? Оңтүстікке қарай

21.Жаз айларындағы солтүстіктегі ең жоғарғы температура қаншаға тең? +410С

22.Жаз айларындағы оңтүстіктегі ең жоғарғы температура қаншаға тең? +470С

23.Таулы аймақтарда жоғары көтерілген сайын шілденің температурасы қалай өзгереді? Төмендейді

24.Солтүстіктегі жылдық орташа температура амплитудасы қаншаға тең? 38 -400

25.Оңтүстіктегі жылдық орташа температура амплитудасы қаншаға тең? 30-350

26.Солтүстіктегі қаңтар айындағы тәуліктік орташа температура амплитудасы қаншаға тең? 90С

27.Солтүстіктегі шілде айындағы тәуліктік орташа температура амплитудасы қаншаға тең? 130С

28.Оңтүстіктегі қаңтар айындағы тәуліктік орташа температура амплитудасы қаншаға тең? 90С

29.Оңтүстіктегі шілде айындағы тәуліктік орташа температура амплитудасы қаншаға тең? 190С

30.Қазақстанның жылы маусымдағы температуралық режимі не үшін тиімді? Егін шаруашылығына

§24. Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы

1.Қазақстан жері ылғалдануы жөнінен қандай болып келеді? Қуаңшылықты, жауын-шашыны аз

2.Қазақстан жеріне жауын-шашын қалай түседі? Аз және әркелкі

3.Қазақстан жеріне жауын-шашын біркелкі таралған ба? Әркелкі таралған

4.Қазақстан жеріне жауын-шашынның аз және әркелкі түсуінің себебі неде? Материктің орталығында орналасуы, Атлант мұхитынан алыс жатуы

5.Қазақстандағы жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері қанша? 130-1600 мм

6.Әсіресе, Қазақстанның қай аймақтарына жауын-шашын өте аз түседі? Арал теңізінің солтүстік-шығысымен іргелес жатқан ауданға және Балқаш көлінің батыс бөлігіне

7.Арал теңізінің солтүстік-шығысымен іргелес жатқан аудан мен Балқаш көлінің батыс бөлігіне жылына қанша жауын-шашын түседі? 100 мм

8.Қазақстандағы жауын-шашын ең көп түсетін жерді ата. Батыс Алтай

9.Республикамыздың жазық және аласа таулы өлкелерінде жауын-шашын қай бағытқа қарай кемиді? Солтүстіктен оңтүстікке қарай

10.Солтүстіктегі жауын-шашынның орташа мөлшері қанша? 400 мм

11.Орталықтағы жауын-шашынның орташа мөлшері қанша? 275 мм

12.Оңтүстіктегі жауын-шашынның орташа мөлшері қанша? 130 мм

13.Қазақстанда жауын-шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай қалай өзгереді? кеми береді

14.Еліміздің биік таулы өлкелерінде жауын-шашын қалай таралған? Аласа жерлерге қарағанда біршама мол

15.Республикамыздың қай аймақтары ылғалды өңір саналады? Шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы өңір

16.Қазақстанда жауын-шашынның жылдық таралуы қандай? Әркелкі

17.Солтүстік өңірлерге жауын-шашынның 70-80%-ы жылдың қай мезгілінде түседі? Жылы мезгілде

18.Қазақстан аумағына түсетін ылғалдың көп мөлшері қай айға сәйкес келеді? Шілде

19.Республикамыздың оңтүстік аймақтарына жауын-шашын қалай түседі? Өте аз

20.«Құрғақ жаңбыр» деген не? Жаңбыр тамшыларының жер бетіне түспей, ауада буланып кетуі

21.«Құрғақ жаңбыр» Қазақстанның қай жерлерінде байқалады? Оңтүстікте

22.Жылдың салқын уақытында Қазақстанда жауын-шашын қалай түседі? Аз түседі

23.Еліміздің солтүстігінде жылдық жауын-шашынның қанша пайызы қыста түседі? 20-30%

24.Еліміздің оңтүстігінде жылдық жауын-шашынның қанша пайызы қыста түседі? 50-60%

25.Алтайда және оңтүстік-шығыстағы тауларда тұрақты қар жамылғысы қай айда түседі? Қазан айының басында

26.Қазақстанның қай бөлігінде қар жамылғысы қалың болады? Солтүстігінде

27.Еліміздің қай бөлігінде қар жамылғысының жату ұзақтығы қысқа болып келеді? Оңтүстігінде

28.Ылғалдану коэффициенті дегеніміз не? Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы

29.Ылғалдану коэффициенті ненің таралуы заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік береді? Табиғат зоналарының таралу заңдылығын түсіндіруге

30.Ылғалдану коэффициентін білу қандай дақылдарды өсіретін жерлерді тиімді таңдауға мүмкіндік береді? Ылғал сүйгіш және қуаңшылыққа төзімді

§25. Климаттың адам өмірі мен

оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері

1.Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері қандай? Ерекше

2.Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері неге ерекше деп есептеледі? Себебі, бір дақылдарға жылу, екіншісіне ылғал, енді біріне жарық көбірек керек

3.Еліміз қандай егістік түрлерін егумен айналысады? Солтүстік және орталығында бидай, арпа, сұлы, қарақұмық сияқты егін егумен айналысса, оңтүстігінде суармалы егіншілікпен айналысады

4.Дақылдарды өсіру үшін оларға қандай жағдай керек? Жылу, ылғал, жарық

5.Климат жағдайлары ылғи да қолайлы болуы мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес

6.Адамның шаруашылық әрекетіне зиянын тигізетін табиғат құбылыстарын ата. Қуаңшылық, аңызақ жел, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдар, т.б.

7.Қазақстан климаты несімен ерекшеленеді? Құрғақшылығымен

8.Еліміздің оңтүстігінде құмның бетінің температурасы қанша градусқа дейін жетеді? +60-700С

9.Қазақстандағы құрғақ ауаның қалыптасуы немен байланысты? Тропиктік ауа массаларының әсерінен

10.Тропиктік ауа массаларының әсерінен не қалыптасады? Ылғалы аз, ыстық құрғақ жел – аңызақ

11.Дала зонасында аңызақ желдердің ұзақтығы қанша күнге жетеді? 5-10 күн

12.Шөлейт зонасында аңызақ желдердің ұзақтығы қанша күнге жетеді? 40 күн

13.Қызылқұмда аңызақ желдердің ұзақтығы қанша күнге жетеді? 100 күн

14.Қазақстанда соңғы 20 жыл ішінде қанша рет қуаңшылық болды? 4 рет

15.Аңызақ пен қуаңшылыққа қарсы қандай күрес жүргізуге болады? Қар тоқтату, жер суару, орман алқаптарын отырғызу, т.б.

16.Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде қандай табиғат құбылысы байқалады? Шаңды дауыл

17.Шаңды дауыл немен тығыз байланысты? Желдің жылдамдығы мен топырақ жамылғысының сипатына

18.Шаңды дауыл деген не? Ауа құрғаған кезде борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел

19.Дала зонасында орташа есеппен қанша күн шаңды дауыл соғады? 20-38 күн

20.Шаңды дауыл еліміздің қай аймағында 55-60 күн соғады? Балқаш көлінің оңтүстігінде

21.Қазақстанның қай бөлігінде шаңды дауылдар байқалмайды? Оңтүстік-шығысы мен шығысында

22.Үсік деген не? Қауырт атмосфералық құбылыс

23.Елімізде үсік қай кездерде болады? Көктемнің аяғы мен күздің басында, кейде теріскей жақтан арктикалық ауаның енуіне байланысты жазда да болады

24.Үсік қандай ауа массаларының климатқа әсерінен туындайды? Арктикалық ауа массасының

25.Үсік шалғанда қандай өзгеріс болады? Ауаның температурасы қысқа мерзімде 00С төмендеп, топырақ беті тоңазып кетеді

26.Үсік қауіпті аудандарына қай аймақтар жатады? Еліміздің солтүстігі мен орталығында

27.Көктайғақ қалай қалыптасады? Аязды ауа райынан кейін сіркіреме жаңбыр жауғанда

28.Көктайғақ еліміздің қай өңірлерінде жиі байқалады? Орталық және оңтүстік аймақтарда

29.Көктайғақ кезінде адамдар қандай зиян шегеді? Транспорттық апаттар, жол қатынасы тоқтайды, байланыс және энергия желілері үзіледі, адамдар құлап қалып денсаулығына зиян тигізеді

30.Көктайғақ солтүстікте неге сирек байқалады? Себебі, солтүстікке қар қалың және жиі түседі

§26. Агроклиматтық қорлар

1.Адамның тіршілігі үшін не қажет? Жарық, жылу, ауа, т.б.

2.Адам баласына климат қорларын қандай мақсатта пайдалануына болады? Маңызды емдеу факторлары ретінде

3.Климатология ғылымының қандай салаларын білесің? Медициналық және курорттық

4.Медициналық және курорттық климатология ғалымдары немен шұғылданады? Климат элементтерін – күн радиациясы, температура, ылғалдылық, жел, т.б. кешенді сипаттаумен айналысады

5.Аталған климат элементтерінің үйлесімі адамның көңіл-күйіне жайлы әсер етуін қалай атаймыз? Комфорт зонасы

6.Қазақстан климатының адамдардың денсаулығына әсері қандай? Тиімді

7.Адамдарының қан қысымы қалыптырақ, гипертония ауруларымен сирек ауыратын аймақтарды ата. Шөлді өңірлер мен таулы аймақтар

8.Климаттық санаторийлер қандай аймақтарға салынады? Қарағайлы ормандарға, өзен мен көл жағаларына, тау аңғарларына

9.Қазақстан аймақтарының климаттық қорларын сипаттайтын агроклиматтық мәлімет қалай аталады? Агроклиматтық анықтамалар

10.Агроклиматтық анықтамаларда қандай мәліметтер берілген? Жылу мен ылғал қоры, ауыл шаруашылық дақылдарының даму сатылары, үсікке шалдығу ықтималдығы, күздік дақылдардың қысқы жайы, т.б.

11.Орташа тәуліктік температура 100С-тан жоғары температураның жиынтығы солтүстікте қанша? 20000 -21000

12.Орташа тәуліктік температура 100С-тан жоғары температураның жиынтығы оңтүстікте қанша? 43000 -46000

13.Республикамыздың солтүстігінде орташа тәуліктік температура қанша күн 100С-тан жоғары болады? 130-135 күн

14.Республикамыздың солтүстігінде өсіп-өну кезеңі (вегетациялық) қанша күнге созылады? 130-135 күнге


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.024 сек.)