|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Жер асты сулары 1 страницаСынып §2. Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары 1.Қазақстан аумағы қанша? 2724,9 мың км2 2.Жерінің көлемі жөнінен дүние жүзі елдері бойынша нешінші орында? 9 3.Еліміз көлемі жөнінен дүние жүзінде қай елдерден кейінгі 9 орынды иемденеді? Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина, Қазақстан 4.Қазақстан Еуразия материгінің қай бөлігінде орналасқан? Орталығында 5.Қазақстанның дүниежүзілік мұхиттарға қатысты орны қандай? Бірдей дерлік қашықта 6.Қазақстан батыстан шығысқа дейін қай жерлер арқылы, қанша км-ге созылып жатыр? Еділдің төменгі ағысынан Алтай тауларына дейін 3000 км-ге 7.Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке дейін қай жерлер арқылы, қанша км-ге созылып жатыр? Солтүстік Қазақ жазығынан Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шаньға дейін 1650 км-ге 8.Республикамыздың географиялық орны нені анықтайды? Табиғат жағдайларын 9.Қазақстан қай климаттық белдеудің қандай ендіктерінде орналасқан? Қоңыржай ендіктің орта және оңтүстік ендіктерінде 10.Еліміз қандай климатымен көзге түседі? Шұғыл континенттік климатымен 11.Қазақстанның қай аймағында биіктік зоналары байқалады? Оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тауларда 12.Республикамыздың батыстағы шеткі нүктесі қай жер арқылы өтеді? Эльтон және Басқұншақ көлдері маңында 460 30 ш.б. 13.Республикамыздың шығыстағы шеткі нүктесі қай жерге сай келеді? Бұқтырма өзенінің бастауы 870 20 ш.б. 14.Қазақстан Каспий теңізі арқылы қай елдерге шыға алады? Әзірбайжан, Иран 15.Қазақстан Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы қай теңіздерге шыға алады? Азов және Қара теңіздерге 16.Еліміздің көп бөлігінің жер бедері қандай болып келеді? Жазық, үстіртті 17.Еліміздің шекарасының жалпы ұзындығы қанша км? 15 394 км 18.Оның қаншасы су арқылы өтеді? 2000 км-ден астамы 19.Еліміздің Ресеймен шекарасының ұзындығы қанша км? 7591 км 20.Қазақстанның Қытаймен шекарасының ұзындығы қанша км? 1782 км 21.Еліміздің Қытаймен шекарасы қай жерлер арқылы өтеді? Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңіріне) дейін 22.Еліміз оңтүстігінде қай елдермен шектеседі? Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан 23.Қырғызстанмен шекарасының ұзындығы қанша км? 1241 км 24.Түрікменстанмен шекарасының ұзындығы қанша км? 426 км 25.Өзбекстанмен шекарасының ұзындығы қанша км? 2354 км 26.Еліміздің шекарасы батысында қай жерлер арқылы өтеді? Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерімен 27.Еліміздің шекарасы оңтүстігінде қай жерлер арқылы өтеді? Тұран ойпатымен 28.Еліміздің шекарасы шығысында қай жерлер арқылы өтеді? Алтайдың батысымен 29.Еліміздің шекарасы оңтүстік-шығысында қай жерлер арқылы өтеді? Сауыр-Тарбағатаймен 30.Еліміздің шекарасы солтүстігінде қай жерлер арқылы өтеді? Батыс Сібір жазығының оңтүстігімен §3. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер 1.Уақыт деген не? Өмір сүру ұзақтығын өлшеу 2.Уақытты немен өлшейміз? Сағат 3.Уақыт өлшемдерін ата. Секунд, минут, сағат, тәулік, ай, жыл, ғасыр 4.Жер бетінде қанша сағаттық белдеу бар? 24 5.Жер бетінде 24 сағаттық белдеудің болу себебі неде? Өйткені, бір тәулікте 24 сағатта Жер өз білігін бір айналып шығады 6.Әр елдің географиялық орны мен аумағына қарай уақытты өлшеудің қандай ұғымдары туады? Белдеулік, декреттік, жергілікті, жазғы уақыт ұғымдары 7.Уақыттың жылжу қозғалысы қандай құбылысқа байланысты болады? Жердің өз білігінен және Күнді айнала қозғалуына байланысты 8.Адам өміріне қолайсыздық тудырмау үшін Халықаралық келісім бойынша Жер шары неше сағаттық белдеуге бөлінген? 24 сағаттық 9.Әр сағаттық белдеу қанша градустан тұрады? 150-тан тұрады 10.Белдеулік уақыт деген не? Бір сағаттық белдеудің арасы 11.24 сағаттық белдеудің нөмірлері (сандары) қандай болып келеді? 0-ден 23-ке дейін 12.Белдеулік уақытты есептеу қай меридианнан басталады? Гринвич меридианынан (00 меридианнан) 13.Әрбір белдеудегі уақыт келесі белдеуден қанша айырмашылық жасайды? 1 сағат 14.Сағаттық белдеулер шекаралары неліктен меридиандар бойынша дәл жүргізілмеген? Облыстардың, қалалардың, мемлекеттердің уақыт өлшеміне қолайлы болу үшін 15.Қазақстан нешінші сағаттық белдеулерде жатыр? IV және V 16.Біз тұратын жердің үстінен қай сағаттық белдеу өтеді? V 17.Қазақстанның IV сағаттық белдеуде орналасқан облыстарын ата. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары 18.Еуразияның батысында күн батқан кезде шығысында қандай құбылыс болады? Келесі күннің таңы атады 19.Даталарды ауыстыру сызығы деген не? Жылдың тәуліктерін шатыстырып алмау үшін халықаралық келісім бойынша тағайындалған сызық 20.Даталарды ауыстыру сызығы қай жерлермен жүргізілген? 1800 меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейін 21.Егер саяхатшы даталарды ауыстыру сызығынан керісінше, батыстан шығысқа қарай жүрсе, ол не істеуі керек? Күнтізбені 1 күнге шегереді 22.Декреттік уақыт деген не? 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен (қаулысымен) енгізілген (1 сағат ілгері қою) 23.Декреттік уақыт қандай мақсатта енгізілген еді? Жұмыс күні ішінде жарықты толығырақ пайдалану және электр қуатын үнемдеу 24.Жер шары өз білігін қай бағытта, қанша уақытта айналып өтеді? Батыстан шығысқа,1 тәулікте 25.Жергілікті уақыт деген не? Солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі бір меридиан аралығындағы уақыт 26.Жергілікті уақыт қанша сағатта қайталанып отырады? 24 27.Жазғы уақыт деген не? Кей елдерде енгізілген жаз кезіндегі уақыт 28.Бойлықтар бойынша бір-бірінен қашық жатқан елді мекендер мен мемлекеттер арасында уақыт айырмашылығы қандай болады? Үлкен 29.Жергілікті уақыттар қандай ыңғайсыздық туғызады? Егер әр пункт өз уақыты бойынша қызмет істесе, әр ауылдың уақыты әр түрлі болар еді, ал аудан мен облыс орталығы да өзгеше уақытқа қарар еді 30.1884 жылы уақытты есептеудегі жергілікті ыңғайсыздықты жеңілдету үшін қандай өзгеріс енгізілді? Халықаралық астрономиялық конгресте уақыт есебін белдеулер бойынша жүргізу енгізілді §4. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар 1.Қазіргі Қазақстан қашаннан бері қоныс аймағы болған? Ерте заманнан бері 2.Қазіргі Қазақстанның ежелгі заманнан бері қоныс аймағы болғандығын неден білуге болады? Көне тарихи ескерткіштерден, қазбалардан 3.Қазақстандағы палеолит дәуіріндегі қоныстардың орны нені дәлелдейді? Қазақстан табиғатының тарихын, сол аймақты мекендеген халықтың тарихын 4.Қазақстан аумағындағы тас ғасырдың көне ескерткіштері қай жерлерден табылған? Қаратау маңынан, Еділдің сағасынан, Бетпақдаладан, Бұқтырма өзенінің бойынан, т.б. 5.Қола дәуірінде Қазақстан металл қорытудың ежелгі орталықтарының біріне айналғанын неден көруімізге болады? Балқымалардан жасалған өткір жүзді құралдардан, саймандардан 6.Қазақстанның өңірінде өндірілген темір қай жерлерде қорытылған? Алтайда, Қаратауда, Жезқазғанда және т.б. жерлерде 7.Сол кездерде өмір сүрген сақ тайпаларының мәдениетін неден көруімізге болады? Сақ мәдениетінің қазылып алынған үлгілеріндегі бағалы металдардан жасалған әшекейлерден 8.Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» бейнесі нені дәлелдейді? Сақ дәуіріндегі адамдардың металдарды балқытып, құрал-сайман, әшекей бұйымдар жасай білгендігіне алтын әшекейлермен қапталған киіммен жерленген сақ жауынгері дәлел бола алады 9.Қазақстан жері туралы мәлімет ерте кездерден-ақ кімдерге мәлім болған? Еуропа ғалымдары мен саяхатшыларына 10.Қазақстан жері туралы өзінің кітабына енгізген кім? Геродот (б.з.б. Vғ.) 11.Геродоттың кітабы қалай аталған? „Тарих” 12.Кітапта Қазақстанның қай жерлері туралы әңгіме болады? Каспий теңізі, Жалпы Сырт, Орал 13.Геродоттың жасаған картасы қалай аталған? „Жер пішіні” 14.Геродоттың «Жер пішіні» картасында Қазақстанның қай бөліктері бейнеленген? Еділ, Жайық, Жем өзендері 15.Қазақстан жері жайлы ежелгі Рим ғалымдарының қайсысының еңбектерінде кездестіруге болады? Страбон мен Птолемей 16.Страбон Каспий теңізі туралы не айтқан? Каспий теңізі тұйық алап емес, Солтүстік Мұзды мұхитының шығанағы 17.Страбон Арал теңізі туралы қандай деректер келтірген? Арал теңізі Каспийдің шығанағы деген 18.Страбон Сырдария мен Амудария туралы қандай мәлімет қалдырған? Дұрыс мәлімет қалдырған 19.Ежелгі Рим ғалымы Птолемей қандай бағыт ұстанған? Картографиялық 20.Птолемейдің географиялық зерттеулер жайлы еңбегі қалай аталады? „Географияға жетекші” 21.Птолемей «Географияға жетекші» еңбегінде қандай деректер жинақтаған? Жер туралы картографиялық деректер 22.Птолемей Каспийді картада бейнелегенде қандай қателік жіберген? Әмудария мен Сырдария Каспийге құяды деп есептеген. Картасында Каспий теңізін шығыстан батысқа қарай созып қате бейнелеген 23.Птолемей Сырдария мен Әмудария қайда құяды деп есептеген? Каспийге құяды деп есептеген 24.Птолемей картасында жіберілген қателіктерге қарамастан, оның қандай жаңалықтары болды? Ежелгі дүние елдерін сызып бейнелеп, ендіктер мен бойлықтар бойымен көрсетуде, күннің ұзақтығын анықтауда маңызы зор 25.Күннің ұзақтығын анықтауда көп жаңалық ашқан кім? Птолемей 26.Қытай саяхатшылары Қазақстанға қай уақытта келген? Б.з.б. ІІ-І ғасырларда 27.ІІ-І ғасырларда Қазақстанға келген қытай саяхатшыларын ата. Чжан Цянь мен Сюань-Цзан 28.Қытай саяхатшыларының жазбаларында не туралы айтылады? Жетісу бойының, оны мекендеген Үйсін елінің табиғаты мен тұрмысы, Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер айтылған 29.Сол кездердің өзінде қытайлықтар Қазақстанның қай өңірінің картасын жасаған? Орталық және Орта Азияның 30.Қытай саяхатшылары жасаған картаға Қазақстанның қай жерлері кірген? Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары §5. Ұлы Жібек жолы 1.Ұлы Жібек жолы деген не? Адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіш 2.Ол қай уақытта басталған? Б.д.б. ІІ ғасырда 3.Оның маңызы неде? Батыс пен шығыстың арасын жалғастырған 4.VI ғасырдан бастап Қазақстан жерін басып өтер тұсында неше бағыты болған? 2 бағыты 5.Бірінші бағытын ата. Қытайдан басталып, Шығыc Түркістан (Қашғар) арқылы Жетісуға, одан Сырдарияны жағалай Арал, Маңғыстау, Еділ мен Дон арқылы Кавказға, Қара теңізге, таяу Шығыс пен Византияға, одан Батыс елдеріне өткен 6.Бұл бағыттың сауда қалаларын ата. Суяб, Навакет, Құлан, Тараз, Аспара, Сығанақ, Отырар, Шауғар, Янгикент 7.Бірінші бағытта батыс пен шығысты жалғастырған не? Сырдария өзені 8.Екінші бағыты қай жерлермен өткен? Шығыс Түркістаннан (Қашғар) басталып, Жетісу, Іле, Қырғыз, Талас Алатаулары, Шаш, Самарқан, Бұқара, Мерв арқылы Кіші Азия, Византия арқылы 9.Бұл бағыттағы сауда қалаларын ата. Суяб, Баласағұн, Сайрам, Құлан, Тараз, Қойлық, Сауран 10.Екінші бағыт қай елдер саудагерлері жолының орталығы болған? Жапон, корей, қытай 11.Орта Азия мен Қазақстан өлкесін әлемге әйгілеген екінші бағытпен саудагерден басқа кімдер жүрген? Елшілер, дипломаттар, саяхатшылар, көпес-саудагерлер, діндарлар 12.Ұлы Жібек жолы тек сауда-саттық жолы ғана болды ма? Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. 13.Ертеде Қазақстан жерін мекендеген халықтар немен айналысқан екен? Олар не қалдырған? Киіз үй, ат әбзелдері, кілем тоқу, күмістен әшекей зат жасауды, бай ауыз әдебиетін қалдырды 14.«Алтын киімді адам» Қазақстанның қай жерлерінен табылған? Есік және Аралтөбе қорымынан 15.Шығыс Қазақстандағы көп олжалар табылған жер қалай аталады? Берел қорымы 16.Орхон ескерткіші дегеніміз не? Түрік қағанатының Орхон, Сэлэнгі, Тоғыл дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-мәдени мұрасы 17.Біздің өткен тарихымызға, Орхон ескерткіштерін зерттеуге зор үлес қосқан ғалымдарды ата. Н.М.Ядринцев, В.В.Радлов, А.О.Гейкель 18.Қорқыт ата кім? VІІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. 19.Қорқыт ата мазарының жойылып кету себебі неде? Сырдарияның арнасынан асуы 20.Қорқыт ата мазарының жойылып кету оқиғасы қай жылы болды? 1960 жылы 21.Қорқыт ата ескерткіші қай жылы, қай жерге қайта тұрғызылды? 1980 жылы Қызылорда облысындағы Жосалы ауылынан 18 км жердегі бұрынғы Қорқыт мазарының орнына 22.Алаша хан күмбезі қай уақыттың архитектуралық ескерткіші? Х-ХІ ғасырлардағы ескерткіш 23.Алаша хан күмбезі қай жерде орналасқан? Ұлытау ауданының Қаракеңгір өзені бойында 24.Ахмет Йассауи кесенесі алғашқыда қай уақытта тұрғызылған? Алғашқысы ХІІ ғасырда, қираған іргесі ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында қайта тұрғызылған 25.XІV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдық басында кімнің бұйрығымен қайта салынған? Әмір Темірдің бұйрығымен 26.Ахмет Йассауи кесенесінің маңызы неде? Бұл кесене халық өнерінің інжу-маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туынды. Бұл жер түркі халықтарының тәу ететін орталығы. БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілген. 27.Ежелгі Сарайшық қаласы қай жерде болған? Атырау қаласынан 55 км жерде Жайықтың оң жағалауында болған ежелгі қала орны 28.Ежелгі Тараз қаласы туралы араб географы әл-Макдиси не айтқан? „Тараз – бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар бекіністі ірі қала” 29.Отырар қай жерде орналасқан қала болған? Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына жақын орналасқан ортағасырлық ірі қала. 30. Оны қай уақытта, кімдер жаулап алған? 1219 жылы күзде монғолдар 31.Отырар қаласы үшін болған кескілескен күрес қанша уақытқа созылған? 6 айға 32.Құлан қай ғасырлардағы қала болған? VІІ-ХІІ ғ. орта ғасырлардағы шағын қала. Қазір Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы 33.Х ғасырда араб географы әл-Макдиси Құлан қаласын қалай сипаттап жазған? „Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала” 34.Қойлық қай жерде орналасқан, кімнің ордасы болған қала? Іле алабындағы аса ірі ежелгі қаланың орны (ІХ-ХІІІғ.). Қарлұқ қағаны Арыслан ханның ордасы болған 35.11 мұнаралы дуалмен қоршалған ежелгі қаланы ата. Саудакент 36.Саудакент қай жерде орналасқан қала болған? Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан (Х-ХІІІғ.) қала болған 37.Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет қашан құрылды? 1991 жылы §6. Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер 1.VІІ-VІІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жеріне араб саяхатшыларының келе бастауына не себеп болды? Ислам дінінің таралуы 2.Араб саяхатшыларының ішінде Қазақстан жері туралы маңызды еңбектер қалдырған кімдерді білесің? Ибн Хордадбек, ибн Хаукаль, әл-Истахри, әл-Масуди, әл-Идриси, ибн Фадлан 3.Араб саяхатшыларының жазбаларында қай жерлер туралы әңгіме болады? Отырар, Талас, Сайрам, Сауран қалалары мен Сырдария, Шу, Жайық, Жем өзендері жайлы мәліметтер болған 4.Арал теңізінің картографиялық бейнесін жасаған кім? Әл-Истахри 5.Әл-Масуди не жайлы жазған? Каспий теңізі мен оған таяу жатқан шөлді аймақтарды 6.Еділге саяхаты кезінде Қазақстан жерін басып өткен қай саяхатшы? Ибн-Фадлан 6.Ибн-Фадлан қай жерлер туралы деректер қалдырған? Еділге саяхаты жолында Батыс Қазақстан жерімен өткен. 8.Орта Азияның картасын жасаған кім? Ибн-Хаукаль 9.Орта ғасырлардағы араб саяхатшыларынан басқа кімдердің еңбектері маңызды саналады? Әл-Фараби, Махмуд Қашғари 10.Әбу Наср әл-Фараби кім? Египет, Сирия, Ирак елдерінде білім алған ұлы ғалым 11.Отырар қаласы сол кездерде ненің орталығы болған? Орта Азия мәдениетінің ірі орталығы болған 12.Жас кезінде Отырарда тәрбие алған әл-Фараби қай елдерде болып, білімін толықтырған? Египет, Сирия, Ирак елдерінде 13.Ұлы ғалым дәрежесіне жеткен әл-Фарабиді қалай атаймыз? Шығыстың Аристотелі 14.Әбу Наср әл-Фарабидің еңбектерін ата. „Ғылымдардың шығуы”, „Ғылымдар тізбегі” 15.Әбу Наср әл-Фараби табиғаттану туралы ойларын қай ғылымға негіздеген? Математикалық есептеуге негіздеген 16.Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын зерттеген кім? Әл-Фараби 17.Әбу Наср әл-Фараби математика арқылы нені анықтауға тырысты? Қалалардың орнын анықтауға, географиялық бағытты анықтауға 18.Математикалық жолмен жасалған күнтізбе, күн сағаты кімнің еңбегінің жемісі? Әл-Фарабидің 19.Махмұд Қашғари кім? Арабша жоғары білім алған өз заманының аса көрнекті ғалымы 20.Махмұд Қашғари өз білімін қай бағытқа жұмсаған? Туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында зерттеулер жүргізуге жұмсаған 21.Махмұд Қашғаридың географиялық тұрғыдан маңызды еңбегін ата. „Диуани луғат-ат-түрк” 22.М.Қашғаридың қолжазба күйінде сақталған еңбегін ата. „Дөңгелек карта” 23.Махмұд Қашғаридың «Дөңгелек картасын» кімдер зерттеген? К.Миллер, А.Герман, И.И.Умняков, Ш.Д.Алиев 24.Өзінің еңбегінде Азия таулары мен жазықтарын бөліп көрсеткен кім? Махмуд Қашғари 25.Елюй Чу-Цай мен Чань Чунь Қазақстан жеріне қай кезеңде келген? Елюй Чу-Цай (1219 жылы), Чань Чунь (1220 жылы) 26.Елюй Чу-Цай мен Чань Чунь Қазақстан жерін зерттеуге қандай үлес қосты? Іле – Талас өзендері аралығындағы елдер туралы мәліметтер жинақтаған, Алмалық қаласында болған. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат жағдайларын сипаттаған. 27.Еуропалық саяхатшылардың Орта Азия мен Қазақстанға саяхаты қай ғасырдан басталған? ХІІІ ғасырдан 28.Еуропалық саяхатшылардың ішінде кімдердің еңбектері маңызды деп саналады? Плано Карпини, Вильгельм Рубрук 29.Плано Карпини Қазақстанның қай жерлері туралы деректер қалдырған? Жайық өзені, Тянь-Шань, Тарбағатай таулары, Сырдария, Алакөл алқаптары жайлы 30.Вильгельм де Рубрук қандай нысандарды сипаттаған? Еділ, Жайық, Мұғалжар, Арал, Шу, Жетісу, Іле, Балқаш, т.б. өзіне кездескен нысандарды §7. XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу 1.Қазақстан жері туралы мәліметтер жинау XVI ғасырда орыс мемлекетіне не үшін керек болды? Екі ел арасында дипломатиялық, экономикалық байланыстардың орнауына байланысты 2.Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің еңбектерін ата. „Жылнамалар жинағы” („Жами ат-тауарих”) 3.Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар жинағы» еңбегін жазуына не себеп болды? Борис Годунов патшаның өтініші 4.Ол еңбектерде не жайлы айтылған? Қазақ халқы мен оның жері туралы 5.XVIІ ғасырда Қазақстан жері кімнің, қандай еңбегіне кірді? С.Ремезовтің „Сібірдің сызба кітабы” атты картасына 6.XVIІІ ғасырда Қазақстанмен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлген орыс патшасы кім еді? І Петр 7.Орыс патшасы І Петрдің Қазақстанмен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлуінің себебі неде? Ол Қазақстан жерін шығыс елдеріне шығар «қақпа әрі кілт» деп санады 8.Орынбор экспедициясы қай жылы ұйымдастырылды? 1734 жылы 9.Екінші академиялық экспедиция қай жылы жасақталды? 1768 жылы 10.Қазақстан жеріне ұйымдастырылған экспедиция жұмысына кімдер еңбек сіңірді? П.С.Паллас, И.П.Фальк, И.П.Рычков, И.Муравин, А.И.Бутаков, Г.С.Карелин 11.1832 жылы А.И.Левшин Қазақстан жері туралы қандай еңбек жазды? „Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ” Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.021 сек.) |