АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жетісу Алатауы

Читайте также:
  1. Syllabus
  2. VII. ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ __________________________________
  3. Адам экологиясы.
  4. Айналым. Тест тапсырмалары.
  5. Алматы 2012 2 страница
  6. Алтын Орда
  7. Антарктида
  8. Бейбітшілік эпицентрі
  9. ГЕОГРАФИЯ
  10. ГЕОГРАФИЯ
  11. ГЕОГРАФИЯ
  12. ГЕОГРАФИЯ

1.Жетісу Алатауы қай тау жүйесінің жалғасы? Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы

2.Жетісу Алатауы қай жерде орналасқан? Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғары аралығында

3.Жетісу Алатауын батыста және шығыста қай өзендер бөліп жатады? Батыста Көксу, шығыста Боротола өзендері

4.Жетісу Алатауын құрайтын екі тау жотасы қалай аталады? Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы

5.Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің қай жоталары толығымен Қытай жерінде орналасқан? Сарышоқы және Борохоро жоталары

6.Қазақстан жеріне таянғанда Орқашар Барлық тауымен жалғаса отырып, қай аласа жотаға ауысады? Жайыр Майлы аласа жотасына

7.Ебінұр көлінің Алакөл көлінің қазаншұңқырымен шектесетін жеріндегі алқап қалай аталады? Жетісу қақпасы

8.Жетісу Алатауының қазақстандық бөлігі қай жерден басталып, қай жерге дейін созылып жатыр? Жетісу қақпасынан басталып, Боротола өзеніне дейін Қытай – Қазақстан шекарасы бойымен созылып жатыр

9.Солтүстік Жетісу Алатауының ең биік нүктесінің биіктігі қанша метр, ол қалай аталады? Бесбақан, биіктігі 4622 метр

10.Оңтүстік Жетісу Алатауының ең биік нүктесінің биіктігі қанша метр, ол қалай аталады? Мұзтау, биіктігі 4370 метр

11.Солтүстік Жетісу Алатауының сатылап орналасып барып, кең жазыққа айналатын аймағындағы қазаншұңқырлардың ең ірісі қайсысы? Ойжайлау

12.Жетісу жоталарының қайсысы қатты тілімделген? Оңтүстік Жетісу Алатауы

13.Жетісу Алатауының құрылымы қандай жыныстардан тұрады? Кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан

14.Жетісу Алатауы қай тау түзілу кезеңінде қатпарлы тауға айналған? Каледон мен герцин тау түзілуі кезеңінде

15.Жетісу Алатауы қай эрада мүжіліп, аласарды? Мезозой мен төменгі кайнозойда

16.Альпі қатпарлығы кезінде тау жүйесінде қандай өзгеріс болды? Қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналды

17.Жетісу Алатауының жер бедерінің қалыптасуына ненің ықпалы болды? Ертедегі және қазіргі мұз басулар

18.Жетісу Алатауының өзендерінің аңғарлары неліктен шатқалды, құзды болып келеді? Ағысы қатты өзендердің эрозиялық әрекетінен

19.Жетісу Алатауының климатының қалыптасуына не әсер етеді? Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы

20.Тау етегінде қандай климат қалыптасқан? Неғұрлым құрғақ, континентті

21.Жетісу Алатауының қысқы және жазғы орташа температурасы қанша? Қысқы орташа температурасы -100 -110 С, жазғы орташа температурасы +180 +200 С

22.Жетісу Алатауындағы жылдық жауын-шашын мөлшері қанша? 600-800 мм

23.Жетісу қақпасы бойымен қандай жергілікті желдер соғады? Ебі, Сайқан

24.Жетісу Алатауының қай жоталары өзен суына бай? Солтүстік Жетісу Алатауы

25.Тау өзендерінің көпшілігі қай көлге бағытталған? Балқаш көліне

26.Мұздықтарының көпшілігі қай жотасында орналасқан, олардың саны қанша? 700, көпшілігі Солтүстік Жетісу Алатауында

27.Жетісу Алатауының биіктік белдеулері қай табиғат зоналарынан басталады? Шөл, шөлейт табиғат зоналарынан

28.Жетісу Алатауының өсімдіктерін ата. Шырша, самырсын, т.б.

29.Жетісу Алатауының жануарларын ата. Бұғы, аю, елік, т.б.

30.Жетісу Алатауында жануарлардың қандай түрлері таралған? Алтайлық және тянь-шаньдық түрлері

§47. Сауыр-Тарбағатай

1.Сауыр-Тарбағатай тау жүйесі қай ойпаттың оңтүстігінде орналасқан? Жайсан ойпатының

2.Сауыр-Тарбағатай тау жүйесі мен Жайсан ойпатының түйіскен жерімен қай елдердің шекарасы өтеді? Қытай-Қазақстан шекарасы

3.Сауыр таулары қай жерден басталып, қай жерге дейін созылып жатыр? Қытайдың Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай

4.Сауырдың Қазақстанға қай бөлігі кіреді? Батыс бөлігі

5.Тарбағатайдың Қазақстанға қай жерлері кіреді? Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі кіреді

6.Тарбағатай тауларының жалпы ұзындығы қанша? 300 км

7.Тарбағатай батысында қай таулармен шектеседі? Шыңғыстаумен

8.Сауыр және Тарбағатай тауларының арасын қай өзендер бөліп жатыр? Қандысу, Жоғарғы Емел өзендері

9.Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің биік бөлігі қайсысы? Сауыр жотасы

10.Сауыр жотасының ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша? Мұзтау, биіктігі 3816 метр

11.Сауыр жотасының Қазақстан жеріндегі ұзындығы қанша? 60-65 км

12.Сауырдың солтүстік беткейі қай тауларға ұқсайды? Алтай тауларына

13.Сауырдың оңтүстік беткейі қай тауларға ұқсайды? Орта Азия тауларына

14.Тарбағатай құрылымы жағынан неге ұқсайды? Әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді – массивтер сияқты

15.Тарбағатайдың ең биік нүктесі қалай аталады, оның биіктігі қанша? Тастау, биіктігі 2992 метр

16.Сауыр мен Тарбағатай жоталарының қайсысында мұздықтар бар? Мұзтауда

17.Сауыр-Тарбағатай қандай жыныстардан түзілген? Жоғарғы палеозой жыныстарынан

18.Сауыр-Тарбағатай қандай таулы өлке? Қатпарланған таулы өлке

19.Сауыр-Тарбағатайдың негізгі құрылымы қай уақытта қалыптасқан? Жоғарғы палеозойда герцин қатпарлығында

20.Альпі тау түзілісі кезінде тау жоталарында қандай өзгеріс болды? Жаңғырып

қайта көтерілген

21.1990 жылы Жайсанда болған, шаруашылыққа зиян әкелген қандай апат? Жер сілкіну

22.Сауыр-Тарбағатайда қандай пайдалы қазбалар кездеседі? Көмір, жанғыш тақтатас

23.Сауыр-Тарбағатайдың климаты қандай? Континентті

24.Сауыр-Тарбағатайдың қысқы және жазғы орташа температурасы қанша? Қысқы орташа температурасы -200 С, жазғы орташа температурасы +200 С

25.Сауыр-Тарбағатайдағы жылдық жауын-шашын мөлшері қанша? 350-500 мм

26.Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы табиғат ерекшеліктеріне байланысты қалай бөлінеді? Тарбағатай таулы-далалы аймағы, Сауырдың таулы орманды-шалғынды даласы

27.Сауыр-Тарбағатайдың биіктік белдеулері қай табиғат зоналарынан басталады? Шөлейт зонасынан

28.Сауыр-Тарбағатайда қандай өсімдіктер өседі? Бұталы өсімдіктер, жеміс-жидек ағаштары, көк терек, ақ терек, алма, түркістан аршасы, селеу, бетеге, көде, т.б.

29.Сауыр-Тарбағатайды мекендейтін жануарларды ата. Қоңыр аю, бұғы, елік, таутеке, арқар, қасқыр, қар барысы, сілеусін, түлкі, т.б.

30.Сауыр-Тарбағатайдың қандай құстары «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген? Ақбас тырна, дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ұлар, бүркіт, лашын, ителгі, үкі.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)