|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Доц. Радюк М.И
доц. Нұрахов Д.Б. аға оқыт. Жумаева Г.Ш. ДӘРІС 1 ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІНЕ КІРІСПЕ. ФАРМАЦИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАР ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МАҚСАТЫ Студенттерді фармация экономикасының ерекшеліктерімен және фармацевтикалық нарықтағы тұтынушылар іс-әрекетімен таныстыру.
ЖОСПАР 1. Тауарлық айналыс жүйесіндегі фармацевтикалық экономика. 2. Материалды ресурстардың қозғалысы. 3. Фармацевтикалық нарықтағы сатып алушылар іс-әрекетінің ерекшеліктері.
Тауарлық айналыс жүйесіндегі фармацевтикалық экономика Фармацевтикалық экономика интегралды пәндерге жатады, өйткені әртүрлі ғылымдар-дың жетістіктерін қолданады: математика және статистика (мысалы, ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау және болжау үшін инструмент ретінде); химия, биология, медицинаның (фармацевтикалық саланың негізгі өнімі – дәрілік заттарды құрудың негізі ретінде), сонымен бірге әлеуметтану, саясаттану, психология, менеджмент және маркетинг саласындағы тәжірибеге, мүмкіндіктерге сүйенеді. Қазіргі таңдағы фармацевтикалық экономиканың интегралды сипаттамасы заманауи экономикалық теорияда үш құраушының бірігуімен негізделеді: · саяси экономиканың (маңыздылық талдау); · микро- және макроэкономиканың (функционалды талдау); · мемлекеттің шаруашылық жүйесінің (институционалды талдау). Әртүрлі ыңғайлар шаруашылық қызметтің және соның негізінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастардың екі жағы бар екенін ескеруді талап етеді – объективті, ең алдымен меншік қатынастарымен анықталатын, және субъективті, шаруашылықтың әртүрлі субъектілерінің экономикалық іс-әрекеттерінде көрінетін (тұтынушы, ұйым, мемлекет). Сонымен, жаңа экономикалық теория шаруашылықты жүргізудің объективті заңдарын және әртүрлі деңгейлердегі (мега-, макро-, микродеңгейлер) шаруашылық етуші субъектілердің рационалды іс-әрекеттерін зерттейді. Фармацевтикалық экономиканы, сонымен бірге мемлекеттің макроэкономикалық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде де қарауға болады, сондықтан ол бірқатар жалпы және жеке принциптерге негізделеді. Жалпы принциптеріне жатады: · объективті экономикалық заңдардың әрекетін есепке алу; · экономикалық ғылымды және оның болуын анықтайтын кез келген экономикалық теорияның бастапқы қағидасы ретінде ресурстардың шектеулілігі және қажеттіліктердің шексіздігі; · фармацевтикалық көмекке қажеттілікті қанағаттандыруға нақты үлесін мойындау ретінде әлеуметтік маңыздылығының болуы; · теория мен тәжірибенің өзара әрекеті; · микро- және макроталдаудың бірыңғайлығы; · нақты тарихи принцип. Жеке принциптеріне жататындары: · денінің сау болуына жеке қызығушылығының болуы; · фармацевтикалық көмекті көрсетуге ресурстарды жұмсауда рационалды іс-әрекетті көрсету. Рационалды іс-әрекет қолда бар шектеулер шегінде максимальды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған; · әртүрлі экономикалық көрінулерді сандық өлуше. Заманауи экономикада материалды ресурстардың қозғалысының үш сферасы объективті өзара әрекет етеді (схема 1). Тауарлық Тауарлық Тауарлар мен өндіріс айналыс қызметті тұтыну сферасы сферасы сферасы
Тауарлық өндіріс сфеасында шешілетін негізгі сұрақтар, – не, қалай және кім үшін шығару керек? Тауарлық айналыс сферасындағы басты функционалдық бағыттылық – өндіріс және тұтыну сферасын рационалды айырбастау және біріктіру. Тауарлар айырбасын қызмет көрсету екі формада жүргізіледі – натуральды-заттық және құндық. Айналыс сферасындағы сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыруға бағыталған кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сауда болып табылады. Сауда қызметінің негізгі түрлері: көтерме, майда көтерме, бөлшек және майда бөлшек.
Фармацевтикалық нарықтағы тұтынушылар іс-әрекетінің ерекшеліктері Ұсыныс сұраныстан жоғары болатын нарықтық экономика жағдайында тұтынушы үшін бәсекелестік күрес жүреді. Соған байланысты сатып алудың стандартты микроэкономикалық теориясы бір сәттік акт болып табылады. Сатып алушы өзінің мұқтажын біледі, сатушымен кездеседі, келісім бағасы бойынша бұйымды бір қолдан екінші қолғаберу жүргізіледі. АҚШ, Канада және Батыс Европа елдерінде қабылданған сатып алушылар іс-әрекетінің базалық моделі де осылай көрінеді. Оның негізіне бихевиористік принцип алынған: дем беру – реакция. Рольдер және статустар. Жеке тұлға көптеген топтарға, әртүрлі ұйымдарға, отбасына және т.б. тиісті болады. Ролі жеке тұлғаның өзін қоршаған адамдарға қатысты орындайтын қызметіне байланысты болады. Жеке факторлар. Сатып алушылардың шешіміне жынысы, жасы, өмірлік циклының кезеңдері сияқты жеке сипаттамалары әсерін тигізеді. Айналысатын қызмет түрі де сатып алуға үлкен әсерін тигізеді. Психологиялық факторлар. Жеке тұлғаның сатып алушылық әрекетіне төрт негізгі психологиялық фактор әсерін тигізеді: мотивации, қабылдау, үйрену (зерттеу), сендіру және белгілеу. Маслоу мотивациясының теориясы. Психолог Абрахам Маслоу «Неліктен адамдар қандай да бір қажеттіліктерді белгілі бір уақыт кезінде қажет етеді?» деген сұрақ қойды. Маслоудың түсініктемесі бойынша, адам қажеттіліктері белгілі бір иерархиялық реттілікпен орналасады – «төменнен» материалдық, «жоғарғы» рухани қажеттілікке дейін. Маңыздылығы бойынша бұл қажеттіліктер: физиологиялық, қауіпсіздікке, әлеуметтік, құрметтеуге және өзін маңыздандырруға (самоактуализация). Адам ең алдымен маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Нарықтық эконоиканың барлық категорияларына (бизнеске, бәсекелестік күреске, маркетингтік қызметке, коммерциялық тәуекелге, қаржыландыру стратегиясына, зиянсыз және қажетті деңгейдегі рентабельділікке қол жеткізуге, тұтынушыларға сапалы қызмет көрестуге) қолданылатын дәстүрлі жоспарлаудың барлық жағын қолданатын кәсіпорын қызметінің белгілі бір моделі ретінде бизнес-жоспарды көрсетуге болады. Бизнес-жоспар көп уақытқа дейін тек бір іс-шараның немесе кішігірім кәсіпорынның даму немесе қалыптасу жоспары ретінде қарастырылып келді.
ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Абдуллин К.А. Экономика фармации. Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 195 с. 3. Пелих А.С. Бизнес-план, или как организовать собственный бизнес. – Москва: ОСЬ-89, 1997. – 96 с. Қосымша: 1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. Тауар айналысы сферасындағы фармацевтикалық экономика. 2. Материалды рпсурстардың қозғалысы. 3. Фармацевтикалық нарықтағы сатып алушылар іс-әрекетінің ерекшеліктері. 4. Сатып алушылар іс-әрекетіне әсерін тигізетін факторлар. 5. Маслоу мотивациясының теориясы.
ДӘРІС 2 ТАҚЫРЫП: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ БОЛЖАУ ӘДІСІ МАҚСАТЫ Студенттерді дәріхана ұйымының негізгі экономикалық көрсеткіштерін болжау әдістерімен таныстыру.
ЖОСПАР 1. Баланстық әдіс. 2. Техникалық-экономикалық есептеулер әдісі мен экономикалық-математикалық әдістер. 3. Экономикалық-аналитикалық әдістер және динамикалық көрсеткіштер әдісі.
Экономикалық көрсеткшітерді жоспарлау әдістері Дәріхана қызметінің қол жеткізген нәтижелері туралы ақпаратты алу үшін, талдауды жүргізу және осы көрсеткіштердің болжамдық шамаларын алу үшін келесі әдістер қолданылады: 1. Баланстық әдіс ресурстар көздері мен олардың бөлінуін көрсетеді. Баланс келесідей бөлінеді: 1) материалдық (натуралды); 2) құндық (ақшалық); 3) еңбек ресурстарының балансы. Тауарлық баланстың классикалық формуласы: Қб + Т = С + Ш + Қс, мұндағы Қб – кезеңнің басындағы қор немесе қалдық; Қс – кезеңнің аяғындағы қор немесе қалдық; Т – тауардың түсуі; Ш – шығын (өзге шығындар); С – шығын, соның ішінде сатылу. 2. Техникалық-экономикалық есептеулер (нормативті) әдісі материалды заттардың (ресурстардың) бекітілген нормативтері мен шығын нормасын қолдануға негізделген. Бұл әдіс, мысалы, спиртке, есірткі заттарға және арнайы әсер ететін дәрілік заттарға қажеттілікті анықтағанда, штаттық бірлікті есетегенде, желіні кеңейткенде және т.б. қолданылады. 3. Экономикалық-математикалық әдістер көрсеткіштер арасындағы сандық өзара байланысты көрсететін математикалық модельдерді құруға негізделген. Дәріхана жүйесінде регрессивті модельдер кеңінен қолданылады (бір және көп факторлы). 4. Экономикалық-аналитикалық (статистикалық) әдістер. Әдістемелік тәсілдерге көрсеткіштерді топтау, салыстыру жатады. Бұл әдістерді қолданғанда есеп және есеп берудің статистикалық мәліметтері қолданылады. 5. Экономикалық тиімділік әдістері (жоспарлы шешімдерді оптимизациялау). Жоспарды құрастыру кезінде бір ғана міндеттің көп варианттары шешімдері орындалады. Солардың ішінен тапсырманың оптимальды, яғни нақты жағдайда тиімдірек болып табылатын варианты таңдалып алынады. Мұндай жоспарлауға мысал ретінде PERT (Project evaluation and review technique) әдісін айтуға болады – жоспарды бағалау және қайта қарау әдісі. Әдістің маңызы: көрсеткіштің үш түрлі болжамы анықталады: О – оптимистік, М – барынша ықтималды, П – пессимистік. 1) Көрсеткіштің күтілмелі болжамы (КБ) келесі формуламен анықталады:
2) Стандартты ауытқу келоесі формуламен анықталады:
Нәтижесінде көрсеткіш болжамы және ьолжамның шегі 95% ықтималдылықпен алынады. 3) Болжамның барынша ықтималды мәні: КБ ± 2СА (болжам шекаралары).
ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003. Қосымша: 1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. Ағымдағы жоспарлаудың формалары. 2. Баланстық әдіс. 3. Жоспарлаудың нормативті әдісі. 4. Экономикалық-математикалық әдістер. 5. Экономикалық тиімділік әдісі. 6. Экономикалық көрсеткіштер әдісі және оның құраушыларын.
Экономикалық талдау әдістері. Негізгі экономикалық көрсеткштерді болжау әдістері. Жоспарлау басқару функциясы ретінде. ТАҚЫРЫП: НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСІ
МАҚСАТЫ Студенттерді жоспардың түрлерімен және тиімді жоспарлау шарттарымен таныстыру.
ЖОСПАРЫ 1. Баланстық әдіс. 2. Техникалық-экономикалық есептеулер әдісі және экономикалық-математикалық әдістер. 3. Экономикалық-аналитикалық әдістер және динамикалық көрсеткіштер әдісі.
Жоспарлау басқару функциясы ретінде Кәсіпорын қызметінің табысы көп жағдайда фирманың болашағын көре білу сапасына, яғни жоспарлау сапасына байланысты болады. Кәсіпорынның мақсатына қол жеткізу және дамыту бағдарламаларын қалыптастыру процесі жоспарлау деп аталады. Жоспарлау – бұл басқарудың маңызды, алдыңғы қатарлы функциясы. Нарық үлкен болған сайын, жоспар маңыздырақ болады. Фирманың шаруашылық қызметі үшін жоспарлаудың маңызын ескере отырып, ағылшын ғалымы, басқару бойынша маман К.Л. Хадсон былай деп жазды: «Жоспарлау – бұл белгіленген шығын шегінде және белгілі бір уақыт кезеңінде белгіленген нәтижелерді алу үшін фирманың болашақ қызметінің схемасын жасау». Жоспарлау кәсіпорын үшін жоғары тәртіптегі қызмет болып табылады. Тиімді жоспарлау келесідей негізгі шарттарды орындауды ұсынады: · икемділігі және бейімділігі, яғни жоспарлау кәсіпорынның сыртқы ортасының өзгеруіне өз уақытында жауап беретіндей болуы керек; · жоспарды жасаумен жасалған жоспарды орындаумен айналысатын айналысуы керек; · жоспарлаудағы компетенттілік деңгейі кәсіпорын ресурстарын жұмсауға қатысты компетенттілік деңгейіне сәйкес болуы керек. Жоспарлау келесідей болады: · стратегиялық; · ағымдағы (тактикалық). Әдісті таңдап болғанан кейін тактика жасалады. Стратегиялық жоспарлау процесін бірнеше этапқа бөлуге болады: Кәсіпорын стратегиясы әртүрлі бағытта жасалуы мүмкін. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы облысындағы ірі американдық маман Э. Портердің пікірінше, негізіне «түр» стратегиясын ала отырып, стратегиялардың көпшілігін біріктіруге болады. Ол стратегияның үш түрін ұсынды: 1) шығынға бақылау; 2) дифференциация; 3) фокустеу (көңіл қою).
Маркетинг жоспары кәсіпорын қызметін заман талаптарына сай қамтамасыз етеді. Жоспардың көптеген бөліктері ықтималды сипатта болады, сондықтан маркетинг жоспары – бұл икемді бағдарлама. Кәсіпорынның ағымдағы қызметінің кешенді жылдық жоспарларына келесі бөлімдер кіреді: · тауарайналымының жоспары; · негізгі және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кіріс жоспары; · шығын айналымының жоспары; · табыс жоспары; · қаржылық жоспар; · материалодық-техникалық базаны дамыту жоспары; · кәсіпорынның әлеуметтік даму жоспары. Фармацевтикалық сауда ұйымының қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне жатады: · тауарайналымы (сату көлемі); · жалпы табыс; · шығын; · сауда қызметінен (негізгі) жалпы табыс; · таза табыс.
ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003. Қосымша: 1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – С. 624. 2. Абдуллин К.А. Экономика фармации. Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 195 с.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. Ағымдағы жоспарлау формалары. 2. Баланстық әдіс. 3. Жоспарлаудың нормативті әдісі. 4. Экономикалық-математикалық әдістер. 5. Экономикалық тиімділік әдісі. 6. Экономикалық көрсеткіштер әдісі және оның құраушыларын.
ДӘРІС 4 ТАҚЫРЫП: ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРҒА БАҒА ТҮЗУДІҢ НЕГІЗДЕРІ МАҚСАТЫ Студенттерді таныстыру
ЖОСПАР 1. Баға, бағаның функциясы, ДП бағасына әсерін тигізетін факторлар. 2. Баға түзу стратегиясы. 3. Дәріханадағы ДП бағалық саясатты қалыптастыру.
1. Баға, баға функциясы, ДП бағасына әсерін тигізетін факторлар Баға – бұл маңызды экономикалық категориялардың бірі. Мұнан басқа, баға – сұраныс және ұсыныспен қатар нарықтық басқару инструменттерінің бірі болып табылады. Басқару функциясы ретінде баға бірқатар функцияларды орындайды: · есептік; · дем беруші; · реттеуші; · бөлу. Тауардың ерекшелігі – «дәрілік препараттар». ДП ерекше қатардағы тауарларға жататын болғандықтан, ДП бағасы осы ерекшеліктерді ескеру керек. Тауар ретінде ДП ерекшелігі неде? Біріншіден, кез келген тауар ретінде ДП-тың экономикалық маңыздылығы бар, ол дәрілік препаратты өндіру кезіндегі нітижелерді және шығындарды ескеретін ақшалық мәндегі құнмен беріледі, ДП-тың өзінің тұтынушылық құны. Екіншіден, ерекше қатардағы тауар ретінде ДП әлеуметтік-экономикалық тиімділікпен сипатталады. Экономикалық тиімділік көрсеткіші дәрілердің өндірісімен байланысты ұлттық кірістің өсуімен көрінеді, әлеуметтік тиімділігі материалдық, еңбек, қаржылық ресурстардың үнемделуімен беріледі. Үшіншіден, ДП деген қажеттілік физиологиялоық тұтыну нормасымен емес, адам патологиясымен реттеледі.. Төртіншіден, сұраныстың бағалық икемділігі аурудың сипатына да, дәрілік препаратқа төлем тәсіліне де (қолма-қол немесе аудару арқылы есеп айырысу) байланысты болуы мүмкін. Дәрілік препараттардың бағасына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды үш бағыт бойынша топтауға болады: сұраныс, ұсыныс және орта фактолрлары. Дәрілік препараттардың бағасына әсерін тигізетін факторлар:
2. Баға түзу стратегиясы Баға түзу стратегиясы келесі этаптардан тұрады: 1. Мақсаттарын қою. 2. Бағалық саясатты жасау. 3. Баға стратегиясын таңдау және жүзеге асыру. 4. Бағаны түзету. 2. Баға саясатын жасау. Баға саясаты құжат түрінде беріледі, онда келесі сұрақтарға жауаптар болады: · келесілерге бағаны есептеу кезінде бағаны анықтаудың қандай әдісі таңдалады: а) жаңа тауарларға; б) бұрыннан қалыптасқан тауарларға; · бәсеклестердің бағасы қалай көрінеді; · бағаның өзгеру жиілігі; · ТӨЦ байланысты бағаның өзгеруі; · бағадан жеңілдіктің болуы. 3. Дәріханадағы ДП бағалық саясатты қалыптастыру Заводтық жағдайда өндірілетін және шетедерден сатылып алынатын тауарларға келесідей баға түрлері белгіленеді: сатып алу бағасы – еркін босату келісімді босату контрактты (контрактыда көрсетілген) тұтынушылық бағасы – еркін босату еркін бөлшек келісімді бөлшек коммерциялық Баға түзу саясаты анықталады: а) нарықтағы ДП айырбас типімен; б) дәріхана мекемесінің функциясымен. Қосарлы айырбас кезінде тауар тікелей дайындаушы-заводтардан немесе фармацевтикалық фабрикалардан түседі. Бұл ДДЗ және дәріханада әрі қарай дайындауға арналған дәрілік заттар. Соңғы тұтынушыға тауар сатылатын баға келесідей қалыптасады:
Дәріхана бөлмелерін жалға алатын бөлімдердегі дәрілік заттарды дайындау, мысалы фитобөлім:
Мұндай бөлімдер өз қызметіне өз алдына есеп береді және өз Уставтары болады.
ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Абдуллин К.А. Экономика фармации. Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 195 с. Қосымша: 1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. Баға. 2. Бағаның функциясы. 3. Дәрілік препараттардың бағасына әсерін тигізетін факторлар. 4. Баға түзудің мақсаттары. 5. Дәрілік препараттарға бағалық саясатты қалыптастыру.
ДӘРІС 5 ТАҚЫРЫП: ӨТІМДІ БОЛЖАУ МАҚСАТЫ Студенттерді дәріхананың негізгі сату (өтім) элементтерімен таныстыру (тауарайналымының бөлімдерімен).
ЖОСПАРЫ 1. Дәріхананың өтімінің құрамдас элементтері – тауарайналымының бөлімдері. 2. Дәріхананың жалпы кірісі (сату көлемі). 3. Сату көлемін болжау үшін ақпарат.
Өтімнің құрамдас элементтері – тауарайналымының бөлімдері Өтімге өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізуге қажетті қызметтің барлық түрлері кіреді. Өтім, немесе өтім функциясы, тауарларды сатудан (реализация), сатып алудан, тасымалдаудан, қоймалаудан тұрады. Тар мағынада айтқанда өтім тек сатумен байланыстырылады. Өтімді болжау негізінде өндірістік, қаржылық қызметті жоспарлау құрылады, инвестицияны қайда және қандай көлемде бағыттау керектігі туралы шешім қабылданады. Экономикалық көзқарас тұрғысынан өтімді тауарлардың айналыс процесі немесе тауарайналымы ретінде қарастыруға болады. Тауарайналымы келесі бөлімдерден тұрады: · шығын (оның ішінде сату); · тауарлық қамтамасыз ету (тауарлардың түсуі); · тауарлар қоры (тауарайналысы). Тауарайналымының барлық бөлімдері өзара байланысты, олардың арасында баланстық байланыс бар.
Дәріхананың жалпы кірісі (сату көлемі). Сипаттамасы, ерекшелігі Шығын (соның ішінде ДП мен ММБ сату) – бұл дәріхана ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің бірі. Жалпы табыстың, таза табыстың, шығынның көлемі соған байланысты болады. ДП мен ММБ сату сандық және сапалық көрсеткіштерде өлшенеді: · сандық – белгілі бір кезеңде еркін бөлшек сауда бағасындағы жалпы сату көлемі, теңгемен; · сапалық – бір тұрғынға сату, бір қызметкердің сатқан көлемі, тауар топтары бойынша сату. Сату көлемін болжау үшін ақпарат Сату көлемін болжау (түсім, жалпы табыс) – бұл уақыттың белгілі бір кезеңінде ақшалық мәндегі болашақ сатуды көлемін бағалау. Сатуды болжау кезінде келесі мақсаттар қойылады: 1. Төлемге қабілетті тұрғындардың сұраныс динамикасына дәне тауарлық ұсынысқа сәйкес сату көлемін экономикалық негіздеу. 2. Сату құрылымын сатуды ұйымдастыруға сәйкестендіру. Дағдарыс (инфляция) – бұл баға деңгейінің жоғарылауы. Оның маңызы ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуімен түсіндіріледі. Дағдарыс белгілі баға индекстерінің көмегімен өлшенеді. Дағдарыстық процестер кез келген экономикада болады. Дағдарыстың себептерінің ішінде экономистер екеуін бөледі: Сұраныс дағдарысы (сатылаитын тауарлар көлемі аз, сатып алуға ақша бар). Нарықта шектен тыс сұраныс байқалады, ал өндірістің өнім көлемін көбейту арқылы жауап беруге шамасы келмейді, өйткені барлық ресурстар қолданылып қойылған. Өнім бірлігіне шығынның көбеюімен болған дағдарыс. Өнім бірлігіне шығынның жоғарылауы табыстың қысқаруына және өнім көлесінің төмендеуіне әкеледі, бұл қалыптасқан баға деңгейінде болуы мүмкін. Нәтижесінде ұсыныс қысқарады, ол өз кезегінде баға деңгейін жоғарылатады.
ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – 447 с. Қосымша: 1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. Өтімнің құрамдас элементтері. 2. Тауарайналымының бөлімдері. 3. Дәріхананың жалпы табысы. 4. ДП мен ММБ сатудың сапалық көрсеткіштері. 5. ДП мен ММБ сатудың сандық көрсеткіштері. 6. Тауарайналымының бөлімдерінің баланстық байланысы. 7. ДП мен ММБ сатуды зерттеуде қандай ерекшеліктер бар. 8. Сатуды болжауда қойылатын мақсаттар. 9. Жоспарлау үшін қолданылатын ақпарат типтері. 10. Фирмаішілік ақпарат. 11. Жоспарлау үшін қолданылатын сыртқы ақпарат.
ДӘРІС 6 ТАҚЫРЫП: ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ РЕТІНДЕ МАҚСАТЫ Студенттерді дәріхана өтімінің негізгі элементтерімен таныстыру (тауарайналымының бөлімдерімен).
ЖОСПАРЫ 1. Сату көлемін жоспарлауға әдістемелік ыңғайлар. 2. Тұрғындарға сату көлемін жоспарлау. 3. ЕАҰ сату көлемін есептеу (көтерме тауарайналымы). 3. Сату көлемін бөліктерге бөлу әдістемесі. Сату көлемін жоспарлаудың әдістемелік ыңғайлары Экономикалық теорияға сәйкес, тауарайналымы сатып алу-сату процесі болып табылады. Оның негізінде тауарға деген меншік құқығын оның ақшалық эквивлентіне ауыстыру жатыр. Сонымен, макродеңгейде ол уақыттың белгілі бір кезеңіндесатылған сталып алынған тауарлардың барлық мәмілелерінің сомасы ретінде және тауарларды алуға стапы алушылардың жұмсаған, шығыны ретінде анықталады. Тауарайналымы – бұл белгілі бір кезеңде сатылған тауарлар және көрсетілген қзмет түрлерінің ақшалық мәндегі көлемі. Тауарайналымы нарыцқ статистикасының көрсеткіші ретінде оның конъюнктураларын (экономиканың ағцмдағы жағдайын сипаттайтын белгілердің жиынтығы) бағалауда қолданылады және көрсеткіш ретінд қарастырылады: · ұйым қызметінің масштабы; · сатылған тауарларға фармацевтикалық кәсіпорынның ақшалық түсімі; · тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуға сатып алушылардың ақшалық шығынының мөлшері; · тауарлық массаны тұтыну. Жалпы сату көлемін болжау кезінде қолдануға болады: 1) экономикалық-математикалық, экономикалық-аналитикалық әдістер; 2) өткен тенденцияларды ескеруге негізделген әдіс (динамикалық көрсеткіштер әдісі); 3) экономикалық тиімділік әдісі; 4) орташа сату көлемі, бір тұрғынға есептелетін ДП саны, ЕАҰ үшін ассигнования мөлшері туралы мәліметтердің негізінде сату көлемін есептеу; 5) сынама маркетинг – жаңа ДП сату көлемін болжау үшін қолданылады. Жаңа ДП сату 1-2 дәріханаларда жүргізіледі. Сатып алушылар, сату көлемі және қарқыны туралы алынған ақпарат басқа дәріханалар үшін де сату көлемін болжауға негіз болады; 6) ДП мен ММБ мүмкін болатын сату көлемін келесі формуламен есептеуге болады: Р = Ст+ Сұйым, мұндағы Р – сату көлемі (реализация) Ст – тұрғындар сұранысының көлемі Сұйым – ұйым сұранысының көлемі. Егер дәріхананың қызмет көрсету радиусы шектелмеген болса және дәріханаға бақа да аудандардан тұрғындар келетін болса, онда:
Р = Ст+ Сұйым + Сб Сб – осы аймақтағы басқа ауданның сұранысың шамасы. Қандай да бір әдісті қолдану негізділігі сату көлемінің динамикасы туралы бастапқы ақпараттың көлеміне және шынайылығына және де оған әсер ететін факторларға байланысты болады. Тұрғындарға және ЕАҰ сату көлеміне әсер ететін факторлар бір-бірінен ерекшеленеді, сондықтан тұрғындарға және ЕАҰ-на сату көлемін болжау бөлек жүргізіледі.
Тұрғындарға сату көлемін жоспарлау 1) Науқастың жеке ерекшеліктері; 2) дәрігер мектебі; 3) рецепт арқылы дәрілік затты алуға болатын дәріхананы науқастың таңдауы, сияқты факторлардың сату көлеміне тигізетін әсерін анықтау мүмкін еместігіне байланысты, негізінен динамикалық көрсеткіштер әдісі қолданылады. Сату көлемін болжау үшін екі әдістемелік ыңғайды қолдануға болады. 1 ыңғай. Бірқатар жылдардағы жалпы сату көлемі туралы мәліметтер талданады. Зерттелетін кезеңге жылдық және орташа жылдық өсу қарқындары есептеледі. 2 ыңғай. Бірқатар жылдардағы бір тұрғынға орташа сату көлемі туралы мәліметтер талданады. Бір тұрғынға және тұрғындар саныныа орташа сату көлемінің есептелген динамикасының туындысы мүмкін болатын сату көлемінің көрсеткішін береді.
ЕАҰ сату көлемін есептеу (көтерме тауарайналымы) Көтерме тауарайналымына әсер ететін негізгі факторлар келесіілер болып табылады: · төсек қоры және оның өзгерісі; · ЕАҰ профилі; · дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға ЕАҰ бөлінген ассигнования; · қосымша ассигнованиялар. Көтерме тауарайналымын есептеу кезінде динамикалық көрсеткіштер әдісі де қолданылуы мүмкін, дегенмен ЕАҰ-ның мүмкін болатын ассигнованиясының мөлшеріне бағыт түзеу дәлірек болып табылады. Қамтамасыз ету үшін дәріханаға бекітілген ЕАҰ-на бекітілген ассигнования көтерме тауарайналымының шамасын құрайды. Жылдық тауарайналымын (бөлшек және көтерме) анықтағаннан кейін оны тоқсандар бойынша бөледі. Тоқсандар бойынша бөлу әдісі келесідей: бірқатар жылдардағы бөлшек және көтерме тауарайналымындағы әрбір тоқсанның сату көлемінің меншікті үлесін есептейді және қалыптасқан қатынасты жоспарлы кезеңге сақтайды. Бөлшек және көтерме тауарайналымы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сату көлемінің жалпы сомасын құрайды. Майда сауда желісінің экономикалық көрсеткіштері дәріхана көрсеткіштеріне ұқсас есептеледі.
Тұрғындар мен ЕАҰ сату көлемін құрамдас бөліктерге бөлу әдісі Бөлшек және көтерме сату көлемінің сату тәсілі бойынша құрамдас бөліктері схемада берілген:
Құрамдас бөліктері бойынша бөлу әдісі келесідей: ағымдағы жылғы тұрғындарға және ЕАҰ сату көлеміндегі әрбір құрамдас бөліктің меншікті үлесін анықтайды және осы қатынасты болжанатын кезеңге сақтайды. Сату көлемінің сапалық көрсеткіштерінің бірі тауарлық номенклатура болып табылады. Сату көлемін тауар топтары бойынша бөлу әдістемесі келесі этаптардан тұрады: 1. 2-3 жылдағы тауарлар топтары бойынша нақты сатылуын талдау, 2. Тауарлардың топтық құрылымындағы тенденцияны анықтау, 3. Сұраныс пен ұсыныс конъюнктурасын ескере отырып топтық құрылымның өзгеруі. Егер сату көлемі басқа белгілердің негізінде құрылған болса, ұқсас әдістемелік ыңғайлар қолданылады.
ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – 447 с. Қосымша: 1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. «Тауарайналымы» түсінігіне анықтама беру. 2. Сату көлемін жоспарлаудың әдістемелік ыңғайлары. 3. Тұрғындарға сату көлемін жоспарлау. 4. Белгілі бір уақытқа шаманы сипаттайтын көрсеткіштер. 5. Белгілі бір кезеңге шаманы сипаттайтын көрсеткіштер. 6. «Баға индексі» түсінігінің анықтамасы. 7. Сату көлемін болжау үшін әдістемелік ыңғайлар. 8. ЕАҰ сату көлемін есептеу (көтерме тауарайналымы). 9. Сату көлемін құрамдас бөліктерге бөлу әдістемесі.
ДӘРІС 7 ТАҚЫРЫП: ТАУАРЛАР ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ НОРМАЛАУ МАҚСАТЫ Студенттерді тауарлар қорының жіктелуімен және оның қолданылуымен таныстыру. ЖОСПАРЫ 1. Тауарлар қорының сипаттамасы. 2. Тауарлар қорының жіктелуі. 3. Тауарлар қорының мөлшеріне әсер ететін факторлар. Тауарлар қорының сипаттамасы Тауарлар қоры тауарайналымының маңызды бөлімі және өтім функциясының құрамдас бөлігі болып табылады. Дәріханаларда тауарлар қоры тұрғындар мен емдеу алдын алу ұйымдарын ДП және ММБ-мен түскен кезінен сатуға дейін үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етеді. Тауарлар қорын құрудың қажеттілігі бірқатар факторлармен дәлелденеді: · ДП сұраныстың ауытқуымен; · ДП шығару мерзімдерінің ауытқуымен; · жеткізудегі интервалдың болуымен; · тапшылықпен байланысты шығынның болуымен (қордың жоқ болуы немесе жеткізудің кешігуі және т.б.). Тауарлар қорын құрудың мотиві келесілер: · сауда операцияларын жүргізудің қажеттілігі; · алдын ала сақтық. Тауарлар қорының жіктелуі, қорды бағалау
Қорды бағалау және өлшеу экономиканың ғана емес, бухгалтерлік есептің де маңызды және мүдделі мәселелерінің бірі болып табылады. Тауарлар қоры өлшенеді: 1. Натуралы өлшегіштерде (этил спирті, улы және есірткі ДП). 2. Құндық көрсеткіштерде: а) жабдықтаушының босату бағасында (сатып алу бағасы). Тауарлар қорын нормалау сатып алу бағасында жүргізіледі; б) еркін бөлшек бағасында – дәріхананың сату көлеміміен және басқа да экономикалық көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау кезінде. Тауарлар құнын бағалаудың негізгі әдістеріне ФИФО, ЛИФО, орташа құн әдістері жатады. ФИФО әдісі– «біріншіден - біріншіге, бірінші – біріншіден» (first-in, first-out – FIFO) маңызы мынада тауарлардың бірнеше партиясы әртүрлі бағамен түскенде, алғашқы партияда түскен тауарлар бірінші кезекте сатылып алынған бағамен сатылады. Егер ЛИФО әдісін қолданса– «соңғы - соңғыға, бірінші – біріншіден» (last-in, first-out – LIFO), барлық тауарларды бағалауды соңғы түскен тауарлар партиясының бағасымен жүргізу ұсынылады. Алдымен тауарлардың соңғы түскен партиясы сатылады, сонан кейін қордағылар. Орташа құн әдісін қолданғанда есептеу тауар бірлігінің орташа өлшенген құнымен құрылады. 3. Салыстармалы көрсеткіштерде – қордағы күндерде (тауарлардың айналыс уақыты). Тауарлар қорының мөлшеріне әсерін тигізетін факторлар Тауарлар қорын нормалаудың ерекшелігі, күрделілігі мынада, тауарлар қорының шамасы екі тенденцияда анықталады: бір жағынан, сатуды ұйымдастыруды жақсарту, тауаржылжытуды рационализациялау қорды қысқартуға әкеледі, екінші жағынан – өндірісті ұлғайту, шығарылатын ДП ассортиментінің кеңеюі, сату мәдениетін жоғарылату тауарлар қорын әрі қарай көбейтусіз және үздіксіз сатуға кепіл болатын кең таңдаудыц қамтамасыз ететін деңгейге дейін жеткізусіз мүмкін емес. Мысалы, сату көлемін көбейту, ДДЗ меншікті үлесінің өсуі тауарайналысын жылдамдатады. Бұл жағдайда жалпы сатудағы дәрі-дәрмектер тобының сатылу пайызының өсуі рецепт бойынша босату салдарынан тауарайналысын баяулатады. Тауарлар қорының түзілу ерекшеліктеріне сонымен бірге, өндіріс, тасымалдау және тұтыну ерекшеліктері де жатады. · Өндіріс шарты (жағдайы) – өндірістің біртектілігі, кезеңділігі және маусымдығы. Өндірісті тұтыну аудандарына жақындату тауарларды жылжытуда аралық көтерме буындардың қатысуын болдырмайды, бұл тауарлардың қоймада және жолда болу уақытын азайтады, тасымалдауды қысқартады. · Тасымалдау шарты – жыл бойынша тұрақты болуы немесе тасымалдаудың маусымдылығы. Мысалы, алыстағы аудандарға тауарларды жеткізу жыл бойынша тұрақты бола алмайды. Тауарлар қорының шамасына дәріхана желісіне тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын тасымалдау құралдарының жай-күйі де әсерін тигізеді. · Тұтыну шарты – тұрақты, маусымдық және т.б. ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – 447 с. Қосымша: 1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва, 1999.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. Тауарлар қорын құру қажеттілігін анықтайтын факторлар. 2. Тауарлар қорын құру мотиві. 3. Тауарлар қорының қолданылуы, орналасқан жері, мерзімдері, мөлшері бойынша жіктелуі. 4. Қор құнын бағалау әдістері: ФИФО, ЛИФО. 5. Тауарлар қорының мөлшеріне әсер етпетін факторлар. ДӘРІС 8 ТАҚЫРЫП: ТАУАРЛАР ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ НОРМАЛАУ МАҚСАТЫ Студенттерді фармацевтикалық ұйымның тауарлар қорын жоспарлаумен және талдаумен таныстыру.
ЖОСПАРЫ 1. Тауарлар қорын талдаумжәне жоспарлау. 2. Тауарлар қорының айналыс уақытын анықтау. Қорды талдау және жоспарлау Тауарлар қорын жоспарлау – бұл оптимизациялауға бағытталған экономикалық және ұйымдастыру іс-шараларының кешені. Тауарлар қорын оптимизациялау кезінде екі міндет қойылуы мүмкін: 1. Сұранысты қамтамасыз ету үшін ДП номенклатурасында натуралды және ақшалық өлшегіштерде нормативті, оптималды қорды белгілеу. 2. Тауарайналымыың элементтерінің баланстық байланысын қамтамасыз ту үшін тауар-лардың барлық номенклатурасы бойынша сомадағы тауарлар қорының мөлшерін белгілеу. ДП номенклатурасын бағалау үшін оптималды қор, сақтандыру, минимальды, максимальды, орташа оптимальды қор көрсеткіштерін қолданады (қажет болған жағдайда бұл мәліметтерді теңгемен беруге болады).
Қорды оптимизациялау міндетін тауарлар қорының жалпы шамасын сомада немесе са-лыстырмалы көрсеткіште нормалау әдісімен шешеді – айналыс уақыты немесе қор күндерінде.
Тауарлар қорының айналыс уақытын анықтау (нақты тауарайналысын) Тауарайналымы жыл бойында өзгереді, сәйкесінше тауарлар қоры да өзгереді. Соған байланысты, алдымен өткен кезеңдегі немесе ағымдғы кезеңдегі сату көлемінің орындалуын қамтамасыз ететін ораша тауарлар қорын есептейді. Тауарлар қорының жағдайын, қолану тиімділігін және жабдқтау сенімділігін бғалау үшін көрсеткіштер жүйесін қолданады: 1) сомадағы тауарлар қорының шамасы (натуралды және ақшалық көрсеткіштерде) нақты күнге және олардың тауарайналымына күндердегі деңгейі. Тауарлар қорының шамасын бухгалтерлік және статистикалық есептің мәліметтері боынша анықтайды. Тауарайналымына күндердегі деңгейі белгілі бір күнге тауарлар қорының сомасын сол кезеңдегі бір күндік сату көлеміне бөлу арқылы есептейді. Қор күндері мен сомадағы тауарлар қорының шамасы және әсіресе олардың өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың қатынасының индикаторы ретінде болады; 2) белгілі бір кезеңге тауарлар қорының орташа мөлшері. Тауарлар қорының ортраша шамасын есептеудің бірнеше әдістемелік тәсілі бар: · орташа арфметикалық (кезеңнің басындағы және соңындағы қор туралы қпарат болған жағдайда): Қ – (Қб + Қс): 2; · орташа хронологиялық (екі уақыттық кезеңнен көп меррзімге тауарлар қалдығы туралы ақпарат болғанда): Қ = (1/2Қб + Қ2 + Қ3... + 1/2Қс): (п-1), мұндағы: n – қалдық саны; 3) тауарайналысы. Тауарлар қорының қозғалысы бір жағынан, тауарлар қорына кіретін тауарлардың жүйелі шығындалуымен, екінші жағынан тауарлар қорының жүйелі түрде толықтырылып отыруымен сипатталады. Тауарлар қорының бұл қозғалысы тауарайналысы процесі болып табылады. Тауарайналысы (немесе қор күндері) – бұл есептік кезеңде олардың орташа щамасы мөлшерінде тауарлар қоры сатылатын уақыт. Тауарайналысын есептеу кезінде ақшалық өлшегіштердегі барлық көрсеткіштер сатып алу бағасында беріледі. Тауарлар қорының айнаысын және мөлшерін талдаудың міндеттінің бірі – сату көлемінің көрсеткішіне олардың әсерін анықтау. Тауарлар қалдығының көп болуы, олардың айналысының баяу болуы тауарайалымының қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылғандығы-ның немесе тауардың сапасының төмендігінің, жақсы өтпейтін тауарлар ассортиментінің болуының және тауарларды жеткізудің біркелкі болмауының куәсі болып табылады. Нақты тауарлар қорының нормативтен біршама ауытқуы – теріс құбылыс. Тауарлар қоры әр уақытта норматив шегінде болу керек немесе аз ғана ауытқу рұқсат етіледі. Тауарлар қорының нормативі – бұл шығынды аз жұмсай отырып тұтынушылар сұра-нысын максимальды қанағаттандыратын тауарлар ассортиментінің оптимальды шамасы. Тауарайналысын жылдамдататын факторлар: 1) ірі кәсіпорындарда тауарайналысының тез болуына қол жеткізіледі. Бұл жағдайда тауарай-налымының өсу қарқыны тауарлар қорының өсу қарқынынан әрқашан жоғары болады. 2) фармацевтикалық заводтардың дайын ДЗ шығаруы, тауарларды тұрғындарға босатуда талап етілетін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді, бұл тауарайналысын жылдамдатады. 3) тауарөткізу жүйелерін жетілдіру және т.б. ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – 447 с. Қосымша: 1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва, 1999.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. Қорды талдау және жоспарлау. 2. Ағымдағы сақтау қорын моделі. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.1 сек.) |