АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Организация учета банковских расчетных операций

Читайте также:
  1. Company Name Организация
  2. C_EOBASE (Б. Образцы запросов хозопераций)
  3. EOPSPMIR (Б. Зеркало проводок хозяйственных операций)
  4. EXPFUTS (Б.История операций будущих периодов)
  5. I. Значение и задачи учета. Основные документы от реализации продукции, работ, услуг.
  6. I. Оптимальная организация муниципального обложения
  7. II. Организация и этапы статистического исследования
  8. II. Организация учета
  9. II.Организация проезда студентов и преподавателей на место практики и обратно
  10. III. Организация и руководство практикой
  11. III. Организация проведения технического освидетельствования
  12. III. Проведение операций

Правильная организация учета банковских операций имеет важное значение для контроля за сохранностью ТМЦ и денежных средств, финансово-хозяйственной деятельностью аптечных организаций, а также состоянием расчетов. Бухгалтеры должны тщательно проверять хозяйственную целесообразность и законность каждой расчетной операции, отраженной в выписках банка и приложенных документах. Все данные из выписок банка сверяют с книгами учета взаимных расчетов, которые ведутся в аптечных организациях.

 

ЛИТЕРАТУРА

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – С. 418-426.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – С. 201-228.

 

КОНТРОЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ (ОБРАТНАЯ СВЯЗЬ)

1. Виды расчетов и их назначение.

2. Порядок открытия счетов и условия безналичных расчетов.

3. Основные формы расчетов через банк:

а) расчеты платежными поручениями;

б) аккредитивная форма;

в) расчеты переводами через предприятия связи РК;

г) расчеты в порядке плановых платежей.

ДӘРІС 24

ТАҚЫРЫП: ДӘРІХАНА ҰЙЫМЫНДАҒЫ ШЫҒЫН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЕСЕБІ

МАҚСАТЫ

Студенттерді дәріхана ұйымындағы шығын айналымын есепке алу тәртібімен таныстыру.

 

ЖОСПАРЫ

1. Шығын айналымының есебінің міндеті.

2. Шығын айналымының жіктелуі.

 

Шығын айналымын есепке алудың міндеті

Шығын айналымы – бұл айналым процесіне қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Айналым шығындарының екі түрі бар. Біріншісі құн формасының өзгеруімен, сату-сатып алу процесімен байланысты, яғни таза шығындар; екіншісі – айналым сферасындағы өндірістің жалғасуымен (тауарларды жетілдіру, қаттау, буып-түю, тасымалдау, сақтау және т.б.). Айналым шығыны, сауда үстемесі және табыс жоспарлы ретте екі көрсеткіште белгіленеді: абсолютті сомада және тауарайналымына пайыздық қатынаста. Дәріхананың есепке алу және есеп беру мәліметтерінде де осы көрсеткіштерде анықталады. Шығын айналымының деңгейі – бұл шаруашылық есептегі дәріхана ұйымдарының сапалық көрсеткіші.

Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – шығын айналымының сметасының сақталуын жүйелі бақылау, жеке баптар бойынша және толығымен шығын айналымы бойынша жүргізілетін жұмсалулардың шаруашылық қажеттілігін жән мақсаттылығын тексеру. Дәріхана шаруашылығындағы жалпы кіріс дәріхана ассортиментіндегі сатылған тауарлар бойынша жеңілдіктер мен сауда үстемелерінің есебінен және олардың сатып алу бағасы бойынша түзіледі. Жалпы кіріс пен шығын айналымы арасындағы айырмашылық дәріхана ұйымының табысын құрайды.

 

Шығын айналымының жіктелуі

Экономикалық мазмұны бойынша дәріхана ұйымының барлық шығынын төрт топқа бөлуге болады:

1) тірі еңбекті төлеумен байланысты шығындар (жалақы, өндірістік бағдарламаны орындағаны үшін сыйлық ақы);

2) материалдық жұмсалуларға байланысты шығын айналымы (амортизациялық бөлінулер, аз бағалы инвентардың тозуы, көмекші, құрылыс материалдарының, отынның, жанар-жағар майдың және т.б. шығындары);

3) халық шаруашылығының басқа салаларының қызметін төлеу бойынша шығындар (транспорттық, коммуналдық, байланыс және т.б.);

4) товарлық жоғалулар (табиғи шығын, тара бойынша жоғалулар және т.б.),

Тауарайналымының көлемінің әсер ету дәрежесіне байланысты шығын айналымын шартты-ауыспалы және шартты-тұрақты деп жіктеуге болады. Шартты-ауыспалы шығындарға тауарайналымының өзгеруіне сәйкес сомалық мәнде азаятын немесе көбейетін шығындар жатады (жалақы, транспорттық шығындар, санитарлық-гигиеналық киімнің, аз бағалы инвентардың тозуы, тауарлық жоғалулар және т.б.). Бұл шығындар абсолютті сомада және тауарайналымына пайыздық қатынаста жоспарланады және есепке алынады. Шартты-тұрақты шығындарға тауарайналымының көлеміне байланысты емес және мөлшері бірқатар басқа факторларға (жалгерлік төлем, ағымдағы жөндеу жұмысы, бөлменің және инвентардың күтімі бойынша шығындар, негізгі заттардың тозуы) тәуелді болатын шығындар жатады.

Деенмен барлық айналым шығындары дәріханада қалыптаспайды. Орталықтандырыл-маған және орталықтандырылған айналым шығындары және бөлінулері болады. Орталықтандырылмаған айналым шығыны – бұл тікелей дәріхананың өзінде болатын барлық шығындар (транспорттық шығындар, жалақы, ағымдағы жөндеу, тауарлардың табиғи шығыны, жалгерлік төлем және т.б.). Орталықтандырылған шығындар – бұл дәріхана шаруашылығының жоғары буынында қалыптасатын шығындар (кадрларды дайындау, жарнама, дәрі-дәрмектердің талдауы, жоғары тұрған ұйымға бөлінетін шығындар, дәріханалық қоймаға төлеген бөлінулер). Олар шаруашылық есептегі дәріханалық ұйымдар есебінен жабылады.

Кейде дәріхана ұйымының шығын айналымын жеткізу бойынша шығындарға (теміржол, су және жермен тасымалдау шығындары, тауарларды салып жіберу бойынша пошта шығындары және т.б.) және таурларды сату бойынша шығындарға (жалақы, жалгерлік төлем, тауарлардың табиғи шығыны, дәрі-дәрмектердің төлемі, іссапарлар және т.б.).

Қазіргі уақытта шаруашылық есептегі дәріхана ұйымдарында шығын айналымына келесі баптар бойынша шығындарды жатқызады:

1. Теміржол, су және жермен тасымалдау бойынша шығындар.

2. Жалақы, негізгі және қосымша.

3. Жалға алу, бөлмелердің және инвентардың күтімі бойынша шығындар.

4. Ағымдағы жөндеу жұмысына шығындар.

5. Тауарлрады жетілдіру, қаттау және сақтау бойынша шығындар.

6. Несие бойынша шығындар (сальдо).

7. Тара бойынша жоғалулар (тарамен операция бойынша кірістерді алып тастағанда).

8. Норма шегіндегі тауарлар шығыны.

9. Өзге шығындар.

10. Жарнама бойынша шығындар.

11. Кадрларды дайындау бойынша шығындар.

12. Дәрі-дәрмектер мен дәрілік заттардың талдауы бойынша шығындар.

13. Жоғары тұрған ұйымдарға бөлінулер.

14. Дәріханалық қоймаға, жабдықтау базаларына төленген бөлінулер.

1-9 баптар орталықтандырылмаған шығындарға жатады, 10-12 баптар – орталықтандырылған шығындарға және 13-14 – бөлінулерге жатады.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – С. 446-450.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – С. 290-291.

Қосымша:

1. Гореньков В.Ф. Учет и отчетность в аптеках. Минск. «Вышэйшая школа», 1988. – С. 160-162.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Шығын айналымын есепке алудың міндеттері.

2. Шығын айналымының жіктелуі:

· экономикалық мазмұны бойынша;

· тауарайналымының көлемінің әсер ету дәрежесі бойынша – а) шартты-ауыспалы; б) шартты-тұрақт; в) орталықтандырылмаған; г) орталықтандырылған.

3. Шаруашылық есептегі дәріханалардағы шығын айналымының баптары.


ДӘРІС 26

ТАҚЫРЫП: ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ИНВЕНТАРИЗАЦИЯСЫ

МАҚСАТЫ

Студенттерді тауарлық-материалдық құндылықтарға инвентаризация жүргізу тәртібімен таныстыру.

 

ЖОСПАРЫ

1. Инвентаризацияның міндеті.

2. Инвентаризацияны жүргізудің жалпы ережесі.

 

Инвентаризация – бұл материалды құндылықтардың, сонымен бірге ақшалық заттар мен есеп айырысулардың жай-күйін және нақты болуын мезгіл сайын тексеру. Инвентаризация нәтижелерін есепке алу және есеп беру мәліметтерімен салыстыру, құндылықтардың сақталу және пайдаланылу дұрыстығын белгілеу.

 

Инвентаризацияның міндеті

1. Негізгі заттардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақшалық заттардың, сонымен бірге аяқталмаған өндіріс көлемдерінің нқты боуын анықтау;

2. Құндылықтар мен ақшалық заттардың нақты мөлшерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру арқылы олардың түгелдігін бақылауды қамтамасыз ету;

3. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, аз өтетін, толық емес және сұраныс жоқ, сонымен бірге дәріхана желісінде қолданылмайтын тауарларды анықтау.

4. Материалды құндылықтар мен ақшалық заттарды сақтау шарттары мен ережелерінің, сонымен бірге құрал-жабдықтардың қолданылу ережелерінің сақталуын тексеру.

5. Тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақшалық заттардың балансында ескерілген сомалардың, шығын, тауарлар қалдығына сауда үстемесінің, дебиторлық және кредиторлық қалдықтардың және баланстың басқа да баптарының сомаларының нақтылығын тексеру.

6. Әрі қарай қолдану мақсатымен нормадан тыс және қолданылмайтын материалды құндылықтарды табу, анықтау.

Инвентаризация келесі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі:

1. Бухгалтерлік есеп және баланс туралы қағидаға сәйкес белгіленген мерзімде;

2. Материалды жауапты адам ауысқан кезде – істерді қабылдап авлу - өткізу күнінде;

3. Ұрлау, жоғалу және жымқыру фактілері, сонымен бірге құндылықтардың бұзылуы анықталған жағдайда – мұндай фактілер анықталғаннан кейін тез арада;

4. Өрт немесе стихиялық апаттан кейін – тезарада;

5. Тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі заттарды қайта бағалау кезінде. Егер барлық тауарлық-материалдық заттардың тек 1/3-ге дейін мөлшері қайта бағаланса (ақшалық мөлшерде), онда қайта бағаланған материалды заттарға ғана инвентаризация жүргізуге болады.

 

Инвентаризацияны жүргізудің жалпы ережелері

1. Ұйымның мүліктеріне және міндеттемелеріне инвентаризация жүргізу үшін инвентаризациялық комиссия құрылады, оның құрамын ұйым жетекшісі бекітеді.

2. Инвентаризациялық комиссияның құрамына әкімшілік өкілдерін, бухгалтерлік қызмет, ішкі бақылау қызметкерлерін жәе басқа да мамандарды, қажет болған жағдайда сыртқы аудит қызметінің өкілдерін кіргізу ұсынылады.

3. Мүліктің нақты боуын дәл және толық тексеру үшін инвентаризациялық комиссия жұмыс күшімен, техникалық жарамды салмақ өлшейтін, өлшегіш және бақылау приборларымен, өлшеу тарасымен және т.б. қамтамасыз етілуі керек.

4. Тағайындалуы туралы бұйрық бекітілгеннен кейін инвентаризациялық комиссияның төрағасына жетккшінің қолы қойылған жазбаша нұсқау беріледі, онда комиссия құрамынан басқа келесілер көрсетіледі: бұйрықтың нөмірі және күні, инвентаризация жүргізілетін объект, жұмыстың басталу және аяқталу мерзімдері.

5. Инвентаризацияны жүргізуге дейін инвентаризациялық комиссия мүшелері танысуы керек:

· осы объект бойынша жүргізілген соңғы инвентаризацияның материалдарымен;

· соңғы инвентаризацияның нәтижелері бойынша қабылданған іс-шаралармен.

6. Мүліктің нақты мөлшеріне тексеру жүргізуге кіріспес бұрын инвентаризациялық комиссия келесілерді жүзеге асыруы қажет:

· мүліктерді сақтауға арналған жеке кіретін және шығатын есігі бар жертөлелерді, қосалқы бөлмелерді және басқа да сақтау бөлмелерін пломбылау;

· салмақ өлшегіш приборлардың дұрыстығын тексеру;

· инвентаризация кезеңіне соңғы алынған кіріс және шығыс құжаттарының реестрін немесе инвентаризациялануға жататын мүліктердің қозғалысы туралы есепті алу.

7. Инвентаризациярың басталу кезеңіне жауапты сақталуға түскен барлық мүліктер кіріске алынғаны, тізімнен шығарылғаны және барлық оның есебіндегі барлық кіріс және шығыс құжаттарының бухгалтерияға өткізілгені туралы материалды жауапты адам қолхат береді.

8. Мүліктердің инвентаризациясын мүліктің орналасқан жерібойынша жүргізеді.

9. Нақты қалдықтарын тексеру міндетті түрде материаолды жауапты адамның қатысуында жүргізеді, бірақ материалды жауапты адам өз бөлімшесінде инвентаризациялық комиссияның мүшесі бола алмайды.

10. Мүліктің нақты мөлшерін тексеру барысында материалды жауапты адам ауысқан жағдайда инвентаризациялық тізімде мүлікті қабылдап алған адам оны қабылдап алғаны туралы, ал тапсырған адам - тапсырғаны туралы қолдарын қояды.

11. Егер мүліктің инвентаризациясы бірнеше күн бойы жүргізілсе, онда инвентаризация жүргізілетін мүлік сақталатын бөлме күн сайын комиссия мүшелерінің және материалды жауапты адамның қатысында мөрленеді.

 

ӘДЕБИЕТ

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – С. 314-319.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – С. 46-56.

3. Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации. Генеральный план счетов. Сборник документов. – Алматы: Раритет, 2000. – С. 208.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Инвентаризация түсінігіне анықтама беру.

2. Инвентаризация міндеті.

3. Инвентаризацияны жүргізудің жалпы ережелері.

4. Қандай жағдайларда инвентарищация міндетті түрде жүргізіледі.

 


ДӘРІС 27

ТАҚЫРЫП: ИНВЕНТАРИЗАЦИЯ

МАҚСАТЫ

Студенттерді инвентаризацияны жүргізу және оны құжатта ресімдеу тәртібімен таныстыру.

 

ЖОСПАРЫ

1. Инвентаризацияны жүргізу тәртібі

2. Инвентаризация құжаттарын ресімдеу

Инвентаризация – бұл ұйымның қаржылық міндеттемелері мен мүлкінің нақты жағдайын анықтау үшін және оны бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру үшін қолданылатын тәсіл.

Есеп беру жылындағы инвентаризацияның санын, оны өткізу уақытын, тексерілетін қаржылық міндеттемелер мен мүліктердің тізімін фармацевтикалық ұйымның жетекшілігі өздері бекітеді (инвентаризацияны өткізуді міндетті түрде талап ететін жағдайлардан басқа кезде).

Инвентаризацияны жүргізу кезінде комиссия құрамын қалыптастырудан басқа, дайындық іс-шараларының қатарына кіреді: «Инвентаризация өткізу туралы» бұйрықты шығару; инвентаризацияны өткізу мерзімі мен тексерілетін мүліктердің түрлерін анықтау; ішкі инструкцияларды – ескертулерді жасау. Мүліктің нақты мөлшерін тексеруді бастамас бұрын инвентраизациялық комиссия инвентаризация алдындағы соңғы кіріс және шығыс құжаттарын немесе материалды құндылықтар мен ақшалық заттардың қозғалысы туралы есепті алуы керек.

Инвентаризация кезінде мүліктің нақты санын міндетті түрде санау, өлшеу, салмағын өлшеу арқылы анықтайды. Мүліктің нақты саны және ескерілген қаржылық міндеттемелердің нақтылығы туралы мәліметті инвентаризациялық тізімге немесе инвентаризация актіне 2 данада жазады.

Комиссия құрастыратын инвентаризациялық тізімдер есетеу құралдарын қолдану арқылы да және қолмен де толтырылады. Инвентаризацияланатын құнды материалдардың және объектілердің аты, олардың саны тізімдерде номенклатурасы бойынша және есепке алынған өлшем бірліктерінде көрсетіледі.

Тізімнің әрбір бетінде осы бетте жазылған материалды құндылықтардың реттік нөмірінің саны және натуралды көрсеткіштердегі санының жалпы мөлшері, қандай өлшем бірлігінде (дана, килограмм, метр және т.б.) берілгеніне қарамастан жазумен көрсетіледі.

Тізімнің соңғы бетінде бағасын тексеруі, құнын анықтауы және қорытындысын шығаруы туралы белгіні осы тексеруді жүргізген адамдар қолдарын қоя отырып жасайды.

Инвентаризациялық комиссия негізгі заттардың, қордың, тауарлардың, ақшалық заттардың, басқа да мүліктердің және қаржылық міндеттемелердің нақты қалдығы туралы мәліметтердің тізімге енуінің толықтығын және дәлдігін, инвентаризация материалдарының өз уақытында және дұрыс ресімделуін қамтамасыз етеді.

Тізімге инвентаризациялық комиссияның барлық мүшелері және материалды жауапты адам қол қояды. Оның соңында материалды жауапты адам комиссияның мүлікті оның қатысында тексергендігін, комиссия мүшелеріне қандай да бір претензиясының жоқтығын және тізімде көрсетілген мүліктерді өзінің жауапты сақтауына алғандығын дәлелдейтін қолхат береді.

Жалға алынған немесе әрі қарай өңдеуге алынған жауапты сақтаудағы мүліктерге жеке тіңзімдер құрастырылады.

Инвентаризация кезінде түскен тауарлық-материалды заттарды материалды жауапты адам инвентаризациялық комиссия мүшелерінің қатысында қабылдайды және «Инвентаризация кезінде түскен тауарлық-материалды заттар» деген атпен жеке тізімге енгізеді.

Ұйым жетекшісі мүліктің нақтылығын белгіленген мерзімде дәл және толық тексеруді қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасау керек (жүктерді қайта өлшеу және орнынан қозғау үшін жұмыс күшімен, техникалық жарамды салмақ өлшейтін, өлшегіш және бақылау құралдарымен, өошеу тарасымен қамтамасыз ету).

Мүліктің нақтылығын тексеру міндетті түрде материалды жауапты адамсның қатысында жүргізіледі.

Инвентаризация аяқталғаннан кейін инвентаризацияның дұрыс жүргізілгендігіне бақылау тексеруі жүргізілуі мүмкін. Оны фармацевтикалық ұйымды немесе бөлімді ашқанға дейін міндетті түрде инвентаризациялық комиссияның мүшелерінің және материалды жауапты адамның қатысуында жүргізу керек. Инвентаризацияның қорытындысын есептеуді жеңілдету үшін фармацевтикалық сауда ұйымы бөлімдер және толығымен кәсіпорын бойынша «Жинақ инвентаризациялық тізімін» жасауы мүмкін.

Инвентаризация нәтижелері қаржылық міндеттемелер және мүліктің жеке түрлері бойынша «Инвентаризация актінде...», сонымен бірге «Инвентаризация нәтижелерінің біріктіру ведомостында....» ресімделеді.

Инвентаризация кезінде анықталған мүліктің нақты санының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен айырмашылығы «ҚР бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы Заңға» сәйкес келесі тәртіпте тіркеледі:

· артық болып шыққан негізгі заттар, материалды құндылықтар, ақшалық заттар және басқа мүліктер кіріске алынады;

· заңдылықпен белгіленген тәртіпте бекітілген норма шегіндегі жоғалулар ұйым жетекшісінің нұсқауы бойынша сәйкесінше өндіріс және айналым шығынына немесе бюджеттік ұйымдарда қаржыландырудың (қордың) азаюына қарай тізімнен шығарады. Шығын нормасы тек нақты жетіспеушіліктерді анықтаған кезде қолданылуы мүмкін;

· материалды құндылықтардың, ақшалық заттардың және басқа да мүліктердің жетіспеуі, сонымен бірге табиғи шығын нормасынан тыс бүлінулер кінәлі адамдардан өндіріледі.

Инвентаризация нәтижелері инвентаризация аяқталған айдың есебінде көрсетілуі, ал жылдық инвентаризация бойынша – жылдық бухгалтерлік есепте. Есеп беру жылында жүргізілген инвентаризация нәтижелерінің мәліметтері инвентаризация анықтаған нәтижелердің ведомостында біріктіріледі.

 

ӘДЕБИЕТ

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – С. 314-319.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – С. 46-56.

3. Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации. Генеральный план счетов. Сборник документов. – Алматы: Раритет, 2000. – С. 208.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Инвентаризация – бұл...

2. Инвентаризацияны жүргізу кезіндегі дайындық іс-шаралары.

3. Инвентаризация кезінде нақты мүлікті анықтау тәртібі.

4. Инвентаризациялық комиссияның міндеттері.

5. Инвентаризациялық тізімді ресімдеу тәртібі.

6. Инвентаризация кезінде түскен тауарлық-материалдық құндылықтарды құжатта ресімдеу.

 

 

Фармацевтикалық факультет

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ)

САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курс 4

Пән: «ФАРМАЦИЯНЫҢ БАСҚАРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАСЫ»

Құрастырушылар:


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.023 сек.)