АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Шикiзаттар

Читайте также:
  1. Ауыр бетон шикiзаттары

 

Саз - балшықты материалдар: каолиндер, саз-балшықтар, бентониттер.

Керамикалық бұйымдар өндiру үшiн шикiзат ретiнде каолиндер, саз қоспалары қолданылады. Каолиндер және саз-балшықтар деп -әртүрлi қоспалармен араласқан, табиғатта тараған сулы алюмосиликаттарды айтады. Олар су қосып илегенде - пластикалық қамырға, ал күйдiргеннен кейiн-тасқа ұқсас күйге айналады.

Каолиндер тек қана дерлiк каолинит минералынан (Аl2О3 • 2SiО2 • H2О) құралады, бөлшектерiнiң (түйiршектерiнiң) өлшемдерi көбiнесе 0,01 мм-ден, күйдiргенде ақ түсiн (өңiн) сактайды.

Саз-балшықтар (осыдан кейiн балшык немесе саз деп қысқартылып айтылады) бiрнеше минерал мен бiршама минералдық және органикалық қоспалардан құралады. Бұл минерал дар дың бiр тобы су мен араластырғанда иленгiш қамыр түзедi. Ал басқа (екiншi) тобында - кальцитте, дала шпатында мұндай пластикалық қасиет жоқ. Бiрiншi топтағы минералды -сазды (балшыкты) зат деп атайды, екiншiсiн - сазды емес минералдар дейдi. Балшыкты (сазды) зат (бөлшектерiнiң өлшемi 0,005 мм-ден төмен негiзiнде каолинит пен оны мен туысқан минералдар - монтмориллонит (А12О3- 48Ю2 пH2О) пен ғаллуазит (А12О3 - 28iО2 • 4H2О) құралады. Уақ бөлшектер (түйiршiктер) балшыктардың пластикалық қасиетiн жақсартады (жоғарылатады). Жоғары пластикалык балшыктардың 80-90-%i 0,003 мм-ден төмен бөлшектерден кұралады.

Керамикалық бұйымдарды өндiрудiң жалпы схемасы. Керамикалық бұйымдарды өндiру мынадай негiзгi процестерден тұрады: балшықты карьерден қазып алу, массаны дайындау, оны бұйым формасына келтiрiп қалыптау, кептiру және күйдiру.

4.3 Балшықты массаны дайындау

Карьерден алынған балшықтың иленгiштiгiн арттыру үшiн түрлi дайындау процестерiнен өткiзiледi. Мысалы, алынған балшықты бiр жыл ашық ауада ұстайды. Осы уақытта ауа райының құбылыстарына тап болған балшық өздiгiнен уатылып, элементтiк бөлшектерiне бөлiнетiндiктен, оның иленгiштiгi өседi. Осы мақсатпен балшықты оның құрамында кездесетiн қоспа - тас (құм) түйiршiктерден механикалық немесе гидравликалық әдiстермен ажырату да қолданылады. Бұл үшiн балшық тасты бөлек шығаратын винттi бiлiктерден өткiзiледi немесе сумен араластырылып суспензия (шликтер) дайындалады да, електен өткiзiледi (0,5 мм-ден жоғары түйiршiктер електе қалады). Ол 18-22 немесе 8-10% ылғалдылыққа дейiн (бұйым өндiру үшiн балшықты қалыптау әдiстерiне байланысты) кептiрiледi (кептiргiште бүркiп тозаңдату арқылы).

 

Бақылау сұрақтары:

1 Керамикалық бұйымдар

2 Саз балшықтар

 

 


5 дәріс. Металл материалдар

 

Жоспар:

1 Түсті металдар мен қорытпалар;

2 Рудалар.

5.1 Түсті металдар мен қорытпалар

 

Түсті металдарға мыс, алюминий, титан, никель. Қалайы, қорғасын, мырыш және т.с.с., сонымен бірге қола, жездер, алюминийлік және қазіргі заманғы техника үшін маңызды мәнге ие болатын басқада қорытпалар жатады. Қазіргі уақытта түсті металдардың 65 жуығы пайдаланылады. Оларды қолданусыз қазіргі заманғы электр-радио-аспаптарды, атомды, зымырандық, космостық және жаңа техниканың басқада салаларын жасау мен дамыту мүмкін емес. Түсті металдар – таза түрде немесе әртүрлі қорытпалар түрінде (легірленгенді қоса алғанда) қолданбайтын бірде бір машина немесе аспап жоқ.

Металдың сапасына үздіксіз өсіп келе жатқан талаптармен байланысты өте маңызды мәнге және дамуға сапалы металлургия әдісі ие болуды- электрдоғалық және ашық атмосфералық индукциялық пештерде, сонымен бірге вакуумда, электрқожды қайта қосымша балқыту, электрсәулелік балқытуда жоғары сапалы болаттар мен қорытпаларды балқытып алу. Мысалға, жартылай өткізгіш техника үшін зонды балқыту әдісімен 10-7 – 10-9 % мөлшерде қоспалардан тұратын германий мен кремнийді алады. Ондағы кейбір элементтердің шамамен мөлшері (%)келесідей (кесте 1).


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)