АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Ауыр бетон шикiзаттары

Читайте также:
  1. Арматурные, опалубочные и бетонные работы.
  2. Армированный бетон
  3. Бетон в «античной» Римской Империи.
  4. Бетонирование внутренних и контурных стен обстройки
  5. Бетонирования фундамента и опорных колец купола.
  6. БЕТОННА СУМІШ, АРМАТУРА, ОПАЛУБКА
  7. Бетонные и железобетонные конструкции
  8. БЕТОННЫЕ КОЛОДЦЫ
  9. Бетонные работы
  10. Бетонные работы. Способы укладки бетона. Способы укладки и уплотнение бетонной смеси.
  11. Бетоны. Понятие и классификация

 

Бетон толтырғыштары: ұсақ, iрi болып екi топка бөлiнедi. Ұсақ толтырғыштарға - түйiрлерiнiң диаметрi 0,14-5 мм аралығындағы құм (көбiнесе кварцтi, сирегiрек дала шпатты, әк тасты) жатады. Құм-түйiрлерiнiң беттiк ауданы, олардың iрiлiгiне байланысты. Белгiлi бiр көлемде уақ түйiрлердiң ауданы iрi түйiрлермен салыстырғанда үлкен болатындықтан, ұсақ құмның түйiрлерiн өзара бiрiктiру үшiн, оларды байланыстырғыш заттың өте жұқа қабатымен жапсақта цемент шығыны көбейедi. Осыған байланысты құмның iшiнде тесiктерiнiң диаметрi 0,14 мм елеуiштен өтетiн түйiршiктердiң мөлшерi 10%-тен, ал 5 мм-ден iрi түйiрлер мөлшерi - 5%-тен аспауы тиiс.

Iрiлiк модулi бойынша құмдар: iрi (Мi = 2,5-3,5), орташа (Мi = 2,0 - 2,5) және ұсақ (Мi = 1,5-2,0) болып бөлiнедi. Тесiктерiнiң диаметрi 0,63 мм елеуiштегi iрi құмның толық қалдығы А0,63 = 50-75% аралығында болады. Әдетте бетон үшiн негiзiнде iрi, жеткiлiктi орташа және бiраз уақ түйiрлерi бар құм қолданылады. Аязды аймақтарда қолданылатын маркалары 200 және одан жоғары бетондар үшiн орташа тығыздығы 1550 кг/м3-нан кем емес құмды пайдаланған жөн. Ол үшiн құм түйiрлерi арасындары қуыстарды азайту қажет. Сондықтан құм кұрамында әр мөлшерлi түйiрлер болуы тиiс, құм түйiрлерiнiң мөлшерi - оны стаңдартты елеуiштер жиынтығынан өткiзу арқылы анықталынады.

 

9.3 Бетон қоспасының қасиеттерi

Бетон шикiзаттарынан құралған, бiрак катаюы басталмаған кұрамды - бетон қоспасы немесе араласпасы деп атайды. Нормалы қоюлығы бар қалпына оңай төселетiн (салынатын) цемент қамырын алу үшiн цементке 24-26 % су қосу жеткiлiктi. Бiрак бетон қоспасына қажеттi су мөлшерi бұдан элдеқайда коп. Себебi, судың бiр бөлiмi толтыргыштардың бетiне жұғады. Цемент мөлшерi көбейген сайын бетонның су цемент қатынасы азайып, ал берiктiгi артады.

Судың бiрталайы бетон араласпасының ыңғайлы қалыптанылуы үшiн жұмсалады. Бетон араласласының ыңғайлы қалыптанылуы, оның жылжымалылығы немесе қатаңдығы мен одан iстелiнетiн конустың шөгу көрсеткiшi (см немесе секунд) арқылы бағаланады.

Бетон араласпасының жылжымалылығын стандарт қуыс конус (h=30см, Dтөменгі = 20 см, Dжоғарғы = 10 см) арқылы анықтайды. Ол үшiн түғырыққа конусты қойып,,.оны бетон араласласымен стандартта көрсетiлгендей етiп (порциялап, тығыздап) толтырады (7.2-сурет). Сонан соң бетон араласпасынан iстелiнген конустың қанша см-ге шөккенiн өлшейдi. Егер ол 15 см-ден артық шөксе оны құйма 4-15 см аралығында шөксе - жылжымалы, 1-4 см шөксе - аз жылжымалы бетон араласпасы дейдi. Егер ол шөкпесе, оның қатаңдылығын бетон араласпасынан iстелiнген конусты дiрiлдету арқылы анықтайды.

Бетон араласпасының қатаңдылығын табу үшiн одан жоғары да көрсетiлген стандартты конустың көмегiмен жасалынған конусты, стандартты цилиндрге орнатады. Оның үстiне тесiгi бар дискiнi беттестiрiп, аспапты-техникалық вискозиметрдi дискiнiң екi тесiгiнен цемент қамыры шыққанға дейiн дiрiлдетедi. Егер осы айтылған жағдайға жету үшiн дiрiлдету ұзақтылығы 5-30 сек болса, бетон қоспасын - қатаң, ал 30 сек жоғары болса - ерекше қатаң дейдi.

1 сурет - Конус аркылы бетон қоспасы жылжымапығын анықтау;

а-жалпы көрiнiс; ә-қатаң қоспа; б-аз жылжымалы;

в-жылжымалы; ғ-кұйма қоспа

 

Бетон қоспасының қатаңдығын табу үшiн кейде лабораторияларда Б.Г.Скрамтаев ұсынған оңайтылған тәсiл қолданылады (1 сурет). Бұл әдiс бойынша кэдiмгi бетон кубы жасалынатын металдан iстелiнген өлшемдерi 20x20x20 см формаға жоғарыда келтiрiлген стандартты қуыс конусты орнатып, оны бетон қоспасымен порциялап, тығыздап толтырады. Онан соң қуыс конус алынады, ал бетон араласпасы жайылып, кубтың барлық бұрыштарын толтырып, бетi тегiстелгенше (горизонтальдi болғанша) дiрiлдетiледi.

2 сурет - Бетон қоспасының қаттылығын анықтауға

арналған аспап

1 – негізінде фланеці бар цилиндрлік шығыршық; 2 - конус; 3 – тұтқалары бар ұстағыш сақина; 4 – жүктейтін құйғыш; 5 - штатив; 6 – бағыттаушы төлке;

7 – қыспа бұрандасы бар белгілейтін төлке; 8 – алты тесіктері бар диск;

9 – болат тығырық; 10 - штанга.

 

Бетон қоспасының қатаңдығы - дiрiлдету уақытымен багаланады, Оңайланған әдiспен табылған бетон қоспасының қатаң мөлшерi, тәжiрибе көрсеткенiндей, стандарттық әдiспен анықталған мөлшерден 1,5-2 есе артық. Стандарттык эдiспен табылатын қатаңцық мерзiмiмен сәйкесендiрiлуi үшiн, оңай эдiспен анықталған қатандық уақыты 1,5-2 есе азайтылуы тиiс. Бетон қоспаларын олардың ыңғайлы қалыпталыну дэрежесi бойынша жiктеу кестеде келтiрiлген.

 

2 кесте - Бетон қоспаларын жiктеу

 

Коспа Жылжымалық. см Қатандық, с
Ерекше қатаң   30-дан жогары
Қатаң   5-30
Аз жылжымалы 1-4 -
Жылжымалы 4-15 -
Құйма 15-тен жоғары -

 

9.4 Бетон қоспасын дайындау, тасымалдау, қалыптау

 

Бетон қоспасын дайындау - толық механикаландырылған, автоматтандырылған. Байланыстырғыш заттар, толтырғыштар жэне үстемелер, арнайы қоймаларда сақталынады да, толтьфғыштар фракцияларға бөлiнiп, әрқайсысы жеке-жеке сақталынады. Оларды таразымен белгiленген мөлшерде өлшеп, араластырғышқа (шылауышқа) түсiредi. Шикiзат мөлшерiнiң ауытқуы цемент пен су үшiн ±1%-тен, ал толтырғыштар үшiн ±2%-тен артық болмауы керек.

Бетон қоспасы гравитациялы немесе мәжбүрлi араластыратын сыйымдылығы 1000-4500 л шылауыштарда араластырылады. Араластыру мерзiмi шылауыштардың сыйымдылығына байланысты. Мысалы, көлемi 500 л шылауышта ол мерзiм 1-1,3 мин, көлемi 1200 л-де 2 мин, ал көлемi 2,4 м3-де 3 мин шамасында. Қатаң қоспаны оның жылжымалы түрiмен салыстырғанда 2 есе көп уақыт араластыру керек. Ал қоспалар циклдi не үздiксiз жұмыс iстейтiн бетон араластырғыштарда дайындалынады.

 

Бақылау сұрақтары:

1 Бетондар деген не?

2 Бетон қоспасын дайындауы

 

 

10 дәріс. Женіл бетондар

 

Жоспар:

1 Минералды жеңiл толтырғыштардан жасалған жеңiл бетондар;

2 Ұялы бетондар;

3 Органикалық толтырғыштардан жасалған жеңiл бетондар.

10.1 Минералды жеңiл толтырғыштардан жасалған жеңiл бетондар

 

Жеңiл бетон технологиясының ерекшелiгi. Жеңiл бетонның құрамын жобалағанда, бетон қүрайтын материалдар араласпасының қалыпқа тағайындалған ыңғайлықпен салынуын жэне қатайған бетонның белгiленген берiктiкке жетуi мақсатымен бiрге, оның қажеттi тығыздығын да қамтамасыз ету керек. Сондықтан жеңiл бетондар жасау үшiн маркасы жоғарырақ цементтi қолданған тиiмдi. Тығыздығы томен, эсiресе жылу өткiзбейтiн бетон алу үшiн саңылаулары (уақ тесiктерi) жабық жеңiл, малта тас түрлi толтырғыштарды пайдаланған жөн.

Жеңiл толтырғыштар бетон араласпасынан бiрталай су жұтады. Сондықтан бетон құрамын есептегенде соншама суды косуды ескеру керек. Ұзақ уақыт тасымалдау мен вибрациялау нәтижесiнде жеңiл бетон араласпасы ыдырай бастайды. Салмағы жеңiл толтырғыш түйiрлерi бетон араласпасының бет жағына жүзiп шығады. Бұл құбылыстың зиянынан құтылу үшiн араласпаны оңай калыптағыш етiп қабылдап, вибрация тәсiлiмен нығыздау кезiнде бетон бетiне бастырғы жүк қою керек.

10.2 Ұялы бетондар

Ұялы бетондар - ұнталған кремнеземдi компонентпен араластырылған портландцемент немесе әктен, оларға газ немесе көбiк бөлiп шығаратын заттар қосып жасалынады. Сондықтан бұл бетондар араның ұясына ұқсас бүкiл денесiне бiркелкi тараған көптеген уақ (макро диаметрi 0,5-2 мм) және өте уақ (микро диаметрi 0,01 мм-ден кiшi) саңылаулары (тесiктерi) бар құрылымды болып келедi. Макросаңылаулар газ не көбiк шығаратын заттардың, ал микросаңылаулар - байланыстырғыш затпен химиялық әрекеттеспеген бос су эсерлерiнен түзiледi, Макротесiктердiң iшiнде газ не ауа болады. Микротесiктер саңылаулары қоршаған цемент тас қаңқаларында, қабықтарында орналасады.

Ұялы бетондар қолданылатын орны мен орташа тығыздығына байланысты 3 топқа бөлiнедi: жылу өткiзбейтiн, тығыздығы 500кг/м3; конструктивтi жылу өткiзбейтiн, тығыздығы 500-900 кг/м3 және конструктивтiк, тығыздығы 900-1200 кг/м3 аралығында. Бұл бетондар тығыздығы бойынша ерекше жеңiл бетондар тобына кiредi.

Кремнеземдi компонент ретiнде ұнталған кварiггi құм, отын күлдерi, ұнталған домна шлактары қолданылады. Бұлар байланыстырғыш заттардың шығынын азайтады. Бетонның отырғыштығын (көлемiнiң қысқаруын) кемiтедi, яғни оның сапасын арттьфады. Кварцтi құмды ылғалды әдiспен 1700... 1800 см2/г дейiн ұнтайды да, құм шламы түрiнде пайдаланады. Бұл компонент ретiнде табиғатта кездесетiн майда, түйiршiктерi 0,01... 0,08 мм маршалит деп аталатын құмды пайдаланған тиiмдi.

10.3 Органикалық толтырғыштардан жасалған жеңiл бетондар

 

Органикалық толтырғыштар негiзiнде жасалған жеңiл бетондардың көп тараған түрi - арболит (грек тшiнде-ағаштас, ағашбетон деген мағына бередi). Арболит әдетте ағаш дайындау жэне өңдеу өнеркәсiптерi мен ауылшаруашылық өндiрiсiнiң қалдықтарынан жасалған түйiрлердi байланыстырғыш затпен бiрiктiру арқылы алынатын материал. Байланыстырғыш зат ретiнде кэдiмгi тез қатаятын портландцементтер мен берiктiгi жоғары гипс қолданылады.

Түйiрлерiнiң мөлшерi шамамен 2-20 мм толтырғыштар қылқан жапырақты (қарағай, шырша, бал қарағай, сағыз қарағай, май карағай) ағаштардан дiн, тақтайлар, т.б. бұйымдар өндiргенде жиналатын қалдықтарды (бұтақтар, кесiндiлер, жаңқалар), сонымен қатар зығыр, сора жэне мақта сабақтарын, т.б. ұсату арқылы дайындалады. Үлкен қалдықтар (кесiндiлер, бұтақтар) алдымен шапқыш, онан соң ұсатқыш машиналардан өтедi. Ал өлшемi кiшiлерi (сора, зығыр сабақтары, жоңқа), тек қана ұсатылады.

 

Бақылау сұрақтар:

1Ұялы бетондар

2 Жеңіл бетондар

 

 

11 дәріс. Құрылыс ерітіндер мен құрғақ құрылыс қоспалар

 

Жоспар:

1 Құрылыс ерітінділер классификациясы;

2 Құрылыс ерітінділердің атқаратын міндеттері.

 

11.1 Құрылыс ерітіндер классификациясы

 

Құрылыс ерітіндісі деп байланыстырғыш заттың, судың, ұсақ толтырғыштың (құмның және қажет болған жағдайларда әр түрлі минералды, жер бетіндегі белсенді, химиялық және т.б.) қосымшалардың іріктеп алынған қоспаның қатуы нәтижесінде алынған жасанды материалды атайды. Осы материалдардың қоспасын қатуға дейін ерітінді қоспасы деп аталады.

Құрылыс ерітінділерінің түрлері сан алуандығымен сипатталады және тығыздығына, байланыстырғыш түріне және атқаратын міндетіне байланысты топтарға жіктестірілуі мүмкін.

Құрғақ күйінде тығыздығы бойынша былай бөлінеді:

1 Ауырлар, тығыздығы 1500 кг/м3 және одан артық (оларды дайындау үшін ауыр кварцты және басқа да құмдар қолданылады).

2 Жеңілдер, тығыздығы 1500 кг/м3 кем (бұларда толтырғыштар ретінде пемза, туф, шлактар, керамзит және жеңіл материалдардан жасалған жеңіл кеуекті құмдар қолданылады).

Байланыстырғыш заттың түрі бойынша құрылыс ерітінділері былай бөлінеді:

1 Цементтік, портландцементтен, шлакопортландцементтен, пуццоланды, шлакопортландцементтен және басқа цементтерден әзірленген.

2 Әктің, ауа және гидравликалық әкте әзірленген.

3 Гипстік, гипс байланыстырғыштары негізінде – құрылыс гипсінен, ангидритті байланыстырғыштардан әзірленген.

4 Араласқан, цемент-әктің, цемент-балшықтың, әкгипстік байланыстырғыш негізінде алынған.

Бір байланыстырғышта дайындалған ерітінділерді жай, ал бірнеше байланыстырғышта дайындалғандарды аралас не күрделі ерітінділер деп атайды.

 

11.2 Құрылыс ерітінділердің атқаратын міндеттері

 

Атқаратын міндеті бойынша құрылыс ерітінділері мыналарға бөлінеді:

1 Қалаулық, тас қалауға және қабырғаларды ірі көлемді элементтерді құрастыруға арналған.

2 Әрлеулік, сылаққа, қабырғалық блоктар мен панельдерге сәндік қабаттар қондыруға арналған.

3 Арнайы, ерекше қасиеттерге ие болатын (су өткізбеу, акустикалық, рентгеннен қорғайтын және т.б.).

Жоба тағайындалатын ерітінділер маркаларының келесі мағыналары белгіленген:

1 Сығу кезінде беріктігі бойынша, кгк/см2 – 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150, 200 және 300.

2 Аязға төзімділігі бойынша Маяз – қату және еруге төзу циклдеріне сәйкес 10, 15, 25, 35, 50, 100, 150, 200 және 300.

 

Бақылау сұрақтар:

1Құрылыс ерітінділер

2 Құрылыс ерітінділердің міндеттері

 

 

12 дәріс. Органикалық шикізаттан жасалған құрылыс материалдары

Жоспар:

1 Ағаш материалдар мен бүйымдар;

2 Ағаштың қасиеттерi.

12.1 Ағаш материалдар мен бұйымдар

Жалпы мағлұматтар. Ағаш құрылымы мен қасиеттерi. Ағаш деп - сабактары мен тамырлары сүректенiп кеткен, өте жақсы жетiлген дiңi бар, биiктiгi 2 м-ден кем емес, көпжылдық өсiмдiктердi айтады. Ағаш салмағының 60-90%-i, 5-20%-i, бүтақ, ал 5-20% тамьф болып келедi. Ағаш ондаған, мындаған жылдарға дейн тiршiлiк етедi (емен - 2000, шырша - 1200, карағай - 600, қайың - 120 жыл). Ормандағы ағаш жылына өз көлемшщ 1%-i мөлшерiнде көбейедi. Қазақстан орман шаруашылығында 300 млн м3 ағаш қоры бар.

Қажеттi экологияны сақтау үшiн халық шаруашылығына керектi ағашты оның өнiмiнен артық дайындауға болмайды. Дайындалған ағаштың шамамен жартысы iске жарамды, көбiнесе дiннен кесiлiп өндiрiледi. Қалған жартысы - қалдықтар: кесiндi (шет тақтай бөренеден тiлiнген тақтайлардың екi шетiнен түскен кесiндi), бiлте тақтайша қырланып жонылған жiңiшке жарамсыз болса да, ағаштан материалдар, бұйымдар өндiретiн алдынғы қатарлы комбинаттарда, т.б. өнеркәсiптерде, орманда дайындаған ағаштың 90%-не дейiн пайдаланылады.

Ағаштың берiктiгi мен серпiмдiгi жоғары, тығыздығы және жылу өткiзгiштi төмен, аязға төзiмдi, суда және жасанды полимерлердi ерiте алатын органикалық ерiтiндiлерде ерiмейдi, оңай өңделедi (кесiледi, сүргiленедi, бұрғыланады, қашалады, бұрғыланады) желiммен немесе желiмсiз, үңгiме арқылы не шегемен ұштастырылады.

Ағаштың негiзгi кемшiлiктерi - суды көп жұтатындығы, шiруге бейiмдiлiгi, отта оңай жануы, әртүрлi бағытта физика-механикалық қасиеттерiнiң бiркелкi еместiгi. Ылғалдан, т.б. зиянды орта әсерiнен қорғау үшiн ағаш кептiрiледi, оған лак немесе сыр жағылып не басқа химиялық заттар сiңiрiледi. Антипирендер сiңiру - оттан қорғайтын сырмен сылау арқылы ағаштың отқа төзiмдiгiн арттыруға болады.

12.2 Ағаштың қасиеттерi

 

Ылғалдығы. Агаштың ылгалдылыгы деп - оның үлгiсiн кептiргенде салмағы қаншалықты өзгеретiндiгiн айтады. Стандартты нормалы ылгалды деп - 12%-ке тең ылғалды атайды. Ағаштың физика-механикалық қасиеттерiнiң көрсеткiштерi, ондағы ылғал мөлшерiмен тiкелей байланысты болғандықтан, оларды бiр ыңғайға келтiру үшiн осы, яғни 12% -тiк, ылғалдықта анықтайды,

Ылғал - капилярлық (клетка қуысында, клеткалар арасында) және гигроскопиялыц (клетка қабығында) деп екiге бөлiнедi. Ағашты кептiргенде ең алдымен капиллярлық (бос) ылғал, онаң соң гигроскопялық (байланысқан) ылғал ұшады. Әдетте гигроскопиялық (байланысқан) ылғал шегi 30% шамасында, ал ағаштың толық (бос жэне байланысқан) ылғалдығы одан жоғары. Мысалы, өсiп тұрған немесе кесiлген ағаштың ылғалдығы, 40-120% аралығында болады. Егер ағашты көп уақыт суда ұстаса, оның ылғалдығы 200% -ке жетедi, ал ағаш көп уақыт ашық ауада не бөлмеде сақталса, ол тепе-теңдiк ылғалдыққа жетедi. Ауада кептiрiлсе, ағаштың тепе--тендiк ылғалдығы 15-18%, ал бөлмеде кепсе — 8-12% аралығында болады. Ағаштың тепе-теңдiк ылғалдығының мөлшерi - оны қоршаған ауаның ылғалдығы мен температурасына байланысты.

 

Бақылау сұрақтар:

1 Ағаш материалдар

2 Ағаштың қасиеттері


13 дәріс. Арнайы тағайындағаң құрылыс материалдары

 

Жоспар:

1 Гидроизоляциялық, герметикалық және тыстамалық материалдар;

2 Полимербетондар.

 

13.1 Гидроизоляциялық, герметикалық және тыстамалық материалдар

 

Гидроизоляциялық материалдар пленка (жұқа қабық), мастика, лакталған жэне сырланған түрiнде қолданылады. Пленкалы түрлерi негiзiнде полиэтилен, поливинилхлорид полмерлерiнен экструзия үздiксiз сығып шығару немесе басқа эдiспен қалыңдығы 1 мм дейiн болып өндiрiледi. Мысалы полиэтилендi рулондық пленка ұзындығы 160 м дейiн, енi 800-1400, ал қалывдығы 0,06-0,2 мм, қасиеттерi 13.7-кестеде келтiрiлген; тығыздығы 0,9 г/см3, -60°С-тан +80°С аралығында пайдалануға болады. Поливинилхлоридтi пленканың созуға берiктiгi 10-15 МПа, үзiлгенде салыстырмалы ұзаруы (100-300).

Пленкалар - плотинаның фильтр арқылы су өткiзуiне қарсы экран (жабық) және су қоймаларының, суару каналдарының су өткiзбейтiн жабындығы ретiнде, үйлердi, ғймараттарды топырақ ылғалынан, жерасты суларынан қорғау, қатайып жатқан бетондарды ылғалсыздандырмау және қалыптарды тыстау, т.б. жұмыстарда қолданылады.

Герметиктер - құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өзара қиылысқан жерi ылғал және ауа өткiзбеуi үшiн пайдаланылады. Олар мастикалы, погонажды жэне жапсырмалы болады. Мысалы, бутилкаучуктi мастика паста түрiнде жапсарға өндiрiлгеннен соң қатайтқыш (вулканизациялайтын) қоспаның әсерiне иiлiмдi резеңке сияқты зат түзедi. Погонажды: герметиктер әдетте кеуектi немесе қуысты резеңке қоспаларынан жасалынған әртүрлi қойылымды ширақ бұрау (пороизол), гернит т.б.). Оларды қолдану тиiмдi болу үшiн жапсарға ендiргенде, олардың диаметрiнiң 30-50% сығылуы қажет.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.)