АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Рудалар

Читайте также:
  1. D) 4 м/с
  2. Шикiзаттар

 

Қазіргі уақытта жер қыртысында жалпы массасы 25% жуығын құрайтын 80 металл (яғни барлық элементтердің шамамен 80%) белгілі.

 

1 кесте - Жер қыртысындағы кейбір элементтердің шамамен алынған мөлшері

Элемент % Элемент %
Оттегі   Хром 2· 10 -2
Кремний   Мыс 1 · 10 -2
Алюминий   Никель 8·10-3
Темір   Мырыш 5· 10-3
Кальций 3,6 Қалайы 4·10-3
Натрий 2,6 Молибден 3·10 -4
Калий 2,6 Вольфрам 1·10 -4
Магний 2,1 Күміс 1·10 -5
Титан   алтын 5·10 -7

 

 

Бақылау сұрақтар:

1 Түсті металдар

2 Оттегі мөлшері


6 дәріс. Органикалық емес минералды байланыстырғыш заттар

Жоспар:

1 Бейорганикалық байланыстырғыш заттар;

2 Гипстi байланыстырғыш заттар;

3 Ауа әгi: өндiру технологиясы, түрлерi, қасиеттерi, қолданылуы.

6.1 Бейорганикалық байланыстырғыш заттар

 

Бейорганикалық байланыстырғыш заттар деп – сумен араластырғанда жақсы иленетiн және бiрте-бiрте қатайын, тасқа айналатын минерал дар дан құралған, таужыныстар дан күйдiру арқылы алынатын ұнтақтарды атайды. Сондықтан олар – бейорганикалык немесе минералды байланыстырғыш заттар деп аталынады.

Минералды байланыстырғыш заттар алдымен 2 iрi топқа: ауалық және гидравликалық болып бөлiнедi. Ауалық байланыстырғыш заттарды сумен араластырғанда алынатын қамыр тек ауада ғана қатайтып, қатаю салдарынан пайда болған берiктiгiн сақтайды. Бұл топқа: гипс, әк, магнезиалды байланыстырғыш заттар мен сұйық шыны жатады.

Гидравликалық байланыстырғыштардан су қосып алынатын қамыр, алдымен ауада аз уақыт қатайғаннан барып, су астында және баска ылғалды жерде одан әрi берiктелiнiп, қатая түседi. Бұл топқа портландцемент пен оның түрлерi, глинозем цементi және оның негiзiнде алынатын цементтер, гидравликалық әк жатады.

6.2 Гипстi байланыстырғыш заттар

 

Гипстi байланыстырғыш заттар - төмен және жоғары температурада күйдiрiлiп алынады. Төмен температурада гипстер екi сулы гипстi 150-1600 С-та қыздыру арқылы немесе оны 123-130°С-та, қысымы 1,3-1,5 атмосфера су буымен өңдеу алынады. Бұл температурада 2 сулы гипс 1,5 молекула суынан айырылып, жарты сулы гипске өтедi. Осы гипс көрсетiлген технологияларға сәйкес b-модификациялы жарты сулы гипс және a- модификациялы жарты сулы гипс түрлерiнде өндiрiледi; олар сәйкесiнше құрылыс гипсi және берiктiгi жоғары гипс деп аталады.

Жоғары температурада гипстi байланыстырғыш зат екi сулы гипстi көбiнесе 900°С-қа дейiн күйдiрiп немесе оны 200°С-та ұзақ уақыт қыздырғанда алынады. Бұл жағдайларда екi сулы гипс сусыз түрге ~ ангидритке ауысады.

Гипс байланыстырғыш заттарын өндiру үшiн шикiзат ретiнде табиғи гипс тасы, табиғи ангидрит, сол сияқты негiзiнен кальций сульфаттарынан тұратын химия, металлургия, т.б. өнеркәсiп қалдықтарын пайдаланады.

Құрылыс гипсi қазандарда, айналып тұратын барабандар немесе басқа арнаулы құрылғыларда қыздыру арқылы алынады. Алдымен гипс тасы өлшемi 3-4 см түйiршiктерге ұсатылып, содан кейiн шахталы немесе аэробильдi диiрменде бiр уақытта кептiрiлiп, майдаланылады. Осылай майдаланып кептiрiлген гипс тасы, механикалық араластыргышпен жабдықталган қазанға түседi. Гипстi қазанда қайнау уақыты 3-4 сағатқа созылады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)