АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Рубероид маркалар

Читайте также:
  1. В качестве гидроизоляции применяют битумную мастику, толь, рубероид, гидроизол. При наличии грунтовых вод наиболее надежна обмазочная и оклеечная гидроизоляция.

 

Рубероид мынадай маркаларға бөлiнедi: РКК-500А, РКК-400А, РКК-400Б, РКМ-350Б, РКМ-400В, РПМ-ЗООА, РПМ-ЗООБ, РПМ-300В, РПП-350Б, РПП-350В, РПП-300А, РПП-300Б, РПП-ЗООВ. Мұндағы алғашқы әрiптер: бiрiншiсi (Р) - рубероид, екiншiсi - оның түрi (К немесе П) жабындық (К - кровельный) немесе төсенiш (астарлық - П подкладочный), үшiшiсi - себiндiк материалдардың, түйрлердiң түрi (К - iрi дәндi, М - уақ дәндi, П - тозаңды); цифрлар - негiз ретiнде пайдаланылатын жабындық таскөмiрдi кокстеу процестерi кезiнде бөлiнiп шығатын сапасы жоғары қара майлар, құрылыста кеңiнен қолданылады. 1 т көмiрдi ауасыз қыздырғанда 400-500 кг кокс, 30-40 кг таскөмiрлiк шикi қара майлар, т.б. заттар алынады.

 


3 жұмыс. Жылу өткiзбейтің және акустикалық материалдар, бұйымдар анықтау

 

Жұмыс мақсаты: жылу өткiзбейтің және акустикалық материалдар, бұйымдар анықтау керек.

Жұмыс жоспар:

1 Жылу өткiзбейтiн материалдар мен бұйымдардың түрлерi;

2 Жылу өткiзгiштiң ауа қабаттарының қалыңдығына байланыстылығы.

 

1 Жылу өткiзбейтiн материалдар мен бұйымдардың түрлерi

 

Жылу өткiзбейтiндеп - жылуөткiзгiштiгi аз үйлердi, басқа да ғимараттарды, жылу өндiретiн агрегаттарды немесе оны таситын құбырларды, жылу шыныны сақтайтын материалдар мен бұйымдарды айтады, Жылу өткiзбейтiн материалдың жылуөткiзгiштiк коэффициенті - 0,18 Вт/м°С-тан төмен болуы, ал тығыздығы 600 кг/м3-нан жоғары болмауы керек. Материалдар құрғақ, эрi ылғал тартпайтын болуы қажет. Өйткенi материал ылғалданса, жылуөткiзгiштiгi өседi, ал егер ол органикалық материал болса, шiруi де мүмкiн.

Жылу өткiзбейтiн материалдар мен бұйымдардың түрлерi өте көп. Құрылыс нормалары мен ережелерi (СНиП - строительные нормы и правила) 100-ден аса жылу өткiзбейтiн бұйымдардың қасиеттерi мен өлшемдерiне шарт қояды. Бұл материалдар оларды өндiру үшiн қолданылатын шикiзатқа, сыртқы түрiне, сығылу қабiлетiне байланысты топтастырылады.

2 Жылу өткiзгiштiң ауа қабаттарының қалыңдығына байланыстылығы

Құрылымы. Жылу өткiзбейтiн материалдардьщ кұрылымы өте кеуектi келедi. Материалдардағы саңылаулар (тесiктер) жабық, ашық iрi, уақ деп бөлiнедi. Уақ және жабық (яғни өзара қатынассыз) саңылаулы материалдьщ жылу өткiзбейтiн қасиетi жоғары болады, өйткенi мұңцай саңлаулар iшiндегi ауаньщ өтаiзпштiгi өте аз - 0,023 Вт/м-°С. Ашық (өзара қатынасы бар) және iрi саңылаулардағы ауа жылжуы мүмкiн. Осының салдарынан мұндай бұйымдар бiр бетiнен екiншi бетiне өткiзгiшiрек болады (2 сурет).

 

Ауа қабатынын қалындығы, м

 

2 сурет - Жылу өткiзгiштiң ауа қабаттарының қалыңдығына байланыстылығы

4 жұмыс. Құрылыс материалдарының жылу өткізгіштік коэффициенті анықтау

 

Жұмыс мақсаты: жылу өткізгіштіктіанықтау керек.

Жұмыс жоспар:

1 Жылу өткізгіштіктіанықтау;

2 Құрылыс материалдарының жылу өткізгіштік коэффициенті анықтау.

 

1 Жылу өткізгіштікті анықтау

 

Жылу өткізгіштік деп жылуды бір беттен басқаға беретін материалдың қасиетін атайды. Бұл қасиет жылылықты өткізбейтін материалдардың үлкен тобына қалай маңызды болса, үй жайлардың сыртқы қабырғаларды мен жабындарын жасауға қолданатын материалдарға да солай маңызды болады. Ауаның жылу өткізгіштігі λ=0,023 Вт/м град, бұл құрылыс материалының қаңқасын құрайтын қатты заттан едәуір кіші. Сондықтан материалдың кеуекті болуын ұлғайту оның жылу өткізгіштігін азайтудың негізгі тәсілі болады. Материалдың жылу өткізгіштігінің көрсеткіші жылу өткізгіштік коэффициенті болады, ол оның кеуекті болуына байланысты және профессор В.Н.Некрасовтың эмпиризмдік формуласымен көрсетіледі.

 

λ=1,16√0,16+0,22ρ0-0,16, (2)

 

мұндағы λ – жылу өткізгіштік коэффициенті;

ρ0 – орташа тығыздық, г/см3.

 

2 Құрылыс материалдарының жылу өткізгіштік коэффициенті анықтау

 

2 кесте – Құрылыс материалдарының жылу өткізгіштік коэффициенті, Ватт/м град

Материал атауы Жылу өткізгіштік коэффициенті, Ватт/м град
   
Болат  
Бетон ауыр 1,28-1,55
Бетон жеңіл 0,20-0,45
Гранит 2,80
Жанартау туфы 0,50
Кәдімгі кірпіш 0,75
Қуыс кірпіш 0,50
Әйнек 0,80
Көбік әйнек 0,11
Қарағай талшық бойы 0,17
Әйнек пластикасы 0,50
Көбік қабат 0,03

 

 

5 жұмыс. Құрылыс материалдарының қасиеттерi.

Материал күйiнiң өлшемдерi

Жұмыс мақсаты: құрылыс материалдарының қасиеттерi материал күйiнiң өлшемдерi анықтау керек.

Жоспар:

1 Құрылыс материалдарының қасиеттерi;

2 Гидрофизикалық қасиеттерi.

3 Жылу-физикалық қасиеттерi.

1 Құрылыс материалдарының қасиеттерi

 

Құрылыс материалдары күйiнiң өлшемдерi дегенiмiз - материалдар мен бұйымдардың физикалык қасиеттерiнiң бiр түрi. Физикалық қасиеттерге күй-өлшемдерiнен басқа: гидрофизикалық жэне жылуфизикалық қасиеттер жатады. Материал күйiнiң өлшемдерi - оның тығыздық және кеуектiлiк касиеттерiмен сипатталынады.

Кiтаптың осыдан басқа да тарауларында құрылыс материалдарының негiзгi қасиеттерi, олар арқылы маркаларды халықаралық стандарттарда қолданатын символдармен белгiленедi: D - тығыздық, W - су өткiзбейтiн, Г - аязға төзiмдi, М - жэне В - сәйкесiнше материалдың берiктiгi бойынша анықталынатын маркасы мен класы. Сондай-ақ, материал күйiнiң өлшемдерi де, мысалы массасы (салмағы), көлемi, т.б. техникалық әдебиеттерде қалыптасқан символдар арқылы белгiленедi.

Материалдың тығыздығы мына формула арқылы анықталады:

 

D=m/v, (3)

 

мұндағы D - материалдың тығыздығы, г/см3 немесе кг/м3;

m - құрғак материалдың салмағы, г немесе кг;

v - материалдың көлемi, см3 немесе м3.

 

Тығыздық - шын және орташа деп бөлiнедi. Шын тығыздықты (Dш) анықтағанда v - ол материалдың саңылаусыз, яғни оның тек затпен толған көлемi; сондықтан шын тығыздыкты "заттың тығыздығы" деп те атайды. Орташа тығыздықты (D0) анықтағанда, көлемнiң есебiне материалдың iшiндегi саңылаулар да кiредi. Материалдың шын тығыздығын табу үшiн оның көлемiн материалды ұнтақтап, iшiнде саңылау қалдырмай, арнаулы әдiспен пикнометр арқылы анықтайды. Орташа тығыздықты табу үшiн бұйымның үлгiсiн үш бағытта өлшейдi де, оның көлемiн саңылаулармен қоса анықтайды.

Сусымалы материалдардың (кұмның, жарқышақ немесе малта тастардың, т.б.) тығыздығын аныктау үшiн, олардың көлемiн белгiлi ыдысқа стандартта көрсетiлген биiктiкпен толтыру (құю) арқылы табады.

Материалдардың шын тығыздығы негiзiнде бiрден жоғары: табиғи және жасанды материалдiкi 2-3 г/см3 немесе т/м3 аралығында, қара металдардiкi 7-8, ал битум, пек, олиф, лак, ағаш, пластмассалардiкi ~ 0,9-1,6 г/см3 аралығында. Көп материалдардың орташа тығыздығы, олардың шын тығыздығынан бiршама төмен. Мысалы кәдiмгi (күйдiрiлген) кiрпiштiң орташа тығыздығы 1,8, ал шын тығыздығы 2,6 т/м3. Тек қана абсолюттi тығыз материалдардың (шыны, болат, битум, сұйықтардың) орташа және шын тығыздықтары бiрдей (тең).

Заты бiр материаддардың орташа тығыздығының көрсеткiштерi, олардың кеуектiлiгiне байланысты әртүрлi болады. Мысалы, эр дәрежелi кеуектелiнген керамикалық материалдардiкi - 0,25-1,8; пластмассалардiкi -0,015-1,2 т/м3 аралыктарында.

 

2 Гидрофизикалық қасиеттерi

 

Қасиеттердiң бұл тобына материалдардың су жұтқыштығы, суға, аязға төзiмдiлiктерi, су өткiзгiштiк, т.б. қасиеттерi жатады.

Су жұтқыштық деп - материалдың су сiңiргiш кабiлетiн айтады. Ол - материал үлгiсiнiң су сiңiргеннен кейiнгi салмағы мен құрғақ күйiндегi салмақ айырмашылығына байланысты. Құрғақ материалдың салмағы немесе көлемi, процент арқылы анықталынады. Үлгiнi температурасы 20°С суға салып, оны әбден су сiңiрiп болғанша ұстайды. Кеуектi (саңылаулы) материалдар суды көп сiңiредi. Әдетте суды материалдың барлық көлемi сiңiрмейдi, өйткенi көлем iшiнде хМатериалдың заты жэне су сiңе алмайтын өте ұсақ тесiктерi бар. Сондықтан материалдың көлемдiк су жұтқыштығы - оның кеуектiлiгiнен әрдайым аз.

3 Жылу-физикалық қасиеттерi

 

Бүл қасиеттер тобына - материалдардың жылу өткiзгiштiк, отқа төзiмдiлiк, т.б. қасиеттерi жатады.

Жылу өткiзгiштiк деп - материалдардың бiр бетiнен (мысалы iшкi, екiншi (сырткы) бетiне жылу өткiзу қабiлетiн айтады. Тұрғын үйлерде, басқа да азаматтық ғимараттарда жылулықты сақтау үшiн, қоршағыш конструкция ретiнде қолданылатын сыртқы қабырғалардың, төменгi (бiрiншi) қабат еденiнiң, соңғы қабат төбесiнiң, әсiресе жылу өткiзбейтiн (жылуизоляциялық, жылуды аз өткiзетiн) материалдардың жылу өткiзгiштiгiн бiлу өте қажет. Материалдардың жылу өткiзгiштiгi - олардың затына, саңылауларының түрiне және жылу ағымының температурасына байланысты. Кеуектi материалдарда жылу, оның заты мен саңылаулардағы ауадан өтедi.

 

6 жұмыс. Құрылыс материалдарының негізгі физикалық қасиеттері

 

Жұмыс мақсаты: құрылыс материалдарының негізгі физикалық қасиеттері анықтау керек.

Жұмыс жоспары:

1 Физика-механикалық қасиеттері.

2 Құрылыс материалдарының негізгі көрсеткіштері

 

1 Физика-механикалық қасиеттері

 

Барлық құрылыс материалдарының өзіне тән негізгі қасиеттерін мынадай топтарға бөлуге болады.

1 Физикалық қасиеттері, олар мыналарды сипаттайды:

- Хал- жайының параметрлері: шын мәніндегі тығыздығы, орташа тығыздығы, үйілген тығыздығы, салыстырмалы тығыздығы, кеуектігі;

- Материалдың суға қатынасы (гидрофизикалық): су сіңіруі, тамшы соруы, ылғал тартқышы, дымқылдығы, су өтпеушілігі, гидрофобтығы, гидрофильдігі, дымқылдық деформациялары, аязға төзімділігі, суға төзімділігі;

- Материалдың жылуға және жоғары температураларға қатынасы (жылу физикалық): жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, отқа беріктігі.

2 Механикалық қасиеттері, материалдың сыртқы күштер әсеріне қарсы тұру қабілетін сипаттайды: серпінділікті, сынғыштықты, беріктікті, қаттылықты, уатылуды, тозуды, релаксацияны сипаттайды.

3 Химиялық қасиеттері, әр түрлі химиялық орталар әсер еткенде материалдың төзімділігін: атмосфераға тұрақтылықты, тұзға төзімділікті, қышқылға төзімділікті, сілтіге төзімділігін сипаттайды.

4 Ұзақ мерзімді, сенімділік – материалдардың пайдалану барысында өзінің физика-механикалық қасиеттерін көрсететін қабілеттілігін сипаттайтын қасиеттері.

Материалдың барлық қасиеттері оның құрамымен және құрылымымен, әсіресе кеуектің көлемімен және түрімен анықталады. Кестеде кейбір құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері келтірілген.

 

2 Құрылыс материалдарының негізгі көрсеткіштері анықтау

 

Құрылыс материалдарының негізгі көрсеткіштері анықтау және дәптерге жазу керек.

 

3 кесте – Құрылыс материалдарының негізгі көрсеткіштері

Материал атауы Шын мәніндегі тығыздығы, г/см3 Орташа тығыздығы, г/см3 Кеуектігі, % Жылу өткізгіштік коэффициенті, Ватт/м град Сығуға беріктікшегі, МПа
           
Болат 7,85 7,85     380-450
Бетон (ауыр) 2,60 2,2-2,5 8-12 1,28-1,55 10-60
Бетон (жеңіл) 2,60 0,5-1,8 50-80 0,2-0,45 15-30
Гранит 2,70 2,67 1,4 2,80 150-130
Жанартау туфы 2,70 1,4 52,0 0,5 30-40
Кәдімгі кірпіш 2,65 1,8 32,0 0,75 7,5-30
Қуыс кірпіш 2,65 1,3 51,0 0,5 7,5-25
Әйнек 2,60 26,0   0,8  
Көбік әйнек 2,60 0,3 88,00 0,11 -
Қарағай (талшық бойы) 1,53 0,5 67,00 0,17 30-40
Әйнек пластикасы 2,00 2,0   0,5 300-500
Көбік қабат 1,07 0,2 90,0 0,03 0,4

 

 

7 жұмыс. Ағаштың сыртқы белгілері бойынша тұқымын анықтау

 

Жұмыс мақсаты: ағаштың сыртқы белгілері бойынша тұқымын анықтау керек.

Жұмыс жоспар:

1 Ағаш сүрегiнiң құрылымы;

2 Ағаштың сыртқы белгілері бойынша тұқымын анықтау.

 

1 Ағаш сүрегiнiң құрылымы

 

Агаш сурегi - ағаштың дiңi мен бұтақтарында, тамырында қатайып кеткен тығыз қабықты клеткалардан құралған тканьдер. Ағаштың техникалық қасиеттерi оның iшкi құрылымы дiңнiң үш кесiндiсi арқылы анықталынады (3 сурет): көлденең, радиал, яғни бойлық (ағаш өзегiн бойлайтын) және тангенциал (хордасы бойышпа).

 

 

 

 

3 сурет - Ағаш сүрегiнiң құрылымы: а-көлденең кесiлдi: 1-сыртқы кабық;2-iшкi қабаты 3-камбип қабаты; 4 - шел қабық; 5-ядро; 6-өзек; 7-жылдық саiдшалар;

8-өзек сәулелерi; д-тангенциал кесiлдi; б-радиал (бойлық) кесiлдi

 

Ағаш микроструктурасы оның дiңiнiң көлденең қимасынан жақсы анықталады, көлденең кесiндiсiнен (ағаштың түрi мен жасына байланысты диаметрi 1-10 мм), сақина тәрiздi жылдық қабаттарын, сыртқы қабығын, т.б. байқауға болады. Сыртқы қабық ағашты сыртқы әсерлерден - температурадан, механикалық күштерден, биологиялық әсерлер мен кебуден сақтайды.

Ағаш түрлерiнiң көбi, көлденең кесiндiсiнен қарағанда ақшыл келедi. Бiрақ, кейбiр ағаштар сыртқы қабыққа қарай ақшыл түстес болғанымен, өзегiне қарай бурыл тартады. Осыған орай ағаш ядролы (қарағай, емен, терек, т.б.) болып бөлiнедi. Ядроның түсi қоңырлау, бурыл болады, ал шел қабықтың түсi ақшылдау болғандықтан, оны кейде жас сүрек деп те атайды. Ядро (пiскен сүрек) механикалық қасиетi жағынан ағаш бөренесiнiң ең сапалы бөлiмi, онымен салыстырғанда ағаштың өзегi мен жас сүрегiнiң берiктiгi мен шiруге төзiмдiгi шамалы.

Жылдық қабаттардың (сақиналардың) санына қарай ағаштың жасы анықталынады. Сақиналар ағаштардың жыл сайын өсуi нәтижесiнде, оның сабағына ағаш клеткаларының жиналуынан пайда болады. Жылдық сақиналардағы көш (жазда, күзде) құралған сүректердiң ағаштың көлденең кесiндiсiндегi ендерiн өлшеп, оның % мөлшерiн есептеу - ағаш берiктiгiн шамамен табу тәсiлi ретiнде қолданылады.

Өзек ағаштың осал жэне шiрiгiш бөлiгiнен радиал бағытта өзек сәулелерi таралады. Бұл сәулелер (тарамдар) арқылы камбийден өзек пен керi бағытта қоректiк заттар жүрiп тұрады. Өзек сәулелерiнiң түрiне қарай ағаштың түрiн ажыратуға болады. Емен, бук ағаштарының өзек сәулелерi анық және iрi, ал қайың, жөке ағаштарынiкi майда, көзге көрiнбейдi.

Өсiп тұрған ағаштың iшкi қабығы мен жас сүрегi арасында камбий атты бөлiнуi арқылы көбейетiн тiрi клеткалардан тұратын жұқа қабат бар. Камбий клеткаларының бөлiнуi - көктемде басталып жазда, күз басында бiтедi, Сондықтан ағаштың эр жылдық қабаты ерте құралатын көктемгi және кеш құралатын жазғы немесе күзгi сүректен тұрады. Көктемгi сүрек - жұқа қабықты үлкен клеткалардан, ал жазғы немесе күзгi - қалың қабықты кiшкентай клеткалардан құралған. Осыған орай жазғы немесе күзгi сүрек ерте құралатын сүрекпен салыстырғанда бурыл, тығыз, берiк болады.

 

2 Ағаштың сыртқы белгілері бойынша тұқымын анықтау

 

Аспаптар: жиналмалы лупа.

Материалдар: ағаш тұқымдарының коллекциясы.

Лупаны және айтылған белгілерді пайдаланып, ағаш тұқымдарымен танысу, белгіленген тәртіп бойынша 5-6 нұсқаларды баяндау және ағаш тұқымдарының атауын анықтау керек.

 

4 кесте – Ағаштың сыртқы белгілері бойынша тұқымын анықтау

Негізгі белгілер Қосалқы белгілер Тұқымдар тобы Тұқымдар атауы
         

8 жұмыс. Бринелл әдісі бойынша болат қаттылығын анықтау

 

Жұмыс мақсаты: Бринелл әдісі бойынша болат қаттылығын анықтау керек.

Жұмыс жоспары:

1 Бринелл әдісі бойынша болат қаттылығын анықтау.

2 Қаттылыққа сынау нәтижелері анықтау.

 

1 Бринелл әдісі бойынша болат қаттылығын анықтау

 

Қалындығы 2-6 мм пластина түріндегі болат нұсқалары тоттан тазартылып, алдын ала қырнап өңделеді.

Бринелл әдісі бойынша болат қаттылығы 30 сек. ішінде диаметрі 10 мм суарылған болат шарикті 30 КН (300 кгс) жүктеме астында сыналатын нұсқаның бетіне басу арқылы анықталады.

Мына формула арқылы болаттың қаттылық саны НВ нұсқадан алынған таңбаның диаметрі бойынша есептеледі:

 

HB=2 P / [π∙D(D-√D2-d2)] (4)

 

мұндағы P – шарикке жүктеме, кгк;

D – шарик диаметрі, мм;

d – таңба диаметрі, мм.

 

Нұсқа алдын ала шарикті ұштыққа қатты қысып және 100 кгк жүктемені түсіріп, қаттылық өлшеуіш табанының үстеліне бекітіледі. Осыдан кейін өлшеу аспабының көрсеткіш тілін нөлдік бөлікке өояды да, сынаққа кіріседі. Нұсқаға жүктеме суарылған шарик арқылы бірқалыпты беріледі және сынақ аяқталған соң екі өзара перпендикулярлы бағыттарда 0,05 мм дейін дәлдікпен нұсқаға таңба диаметрі өлшенеді және соңғы нәтижеге орташа арифметикалық мағынасы алынады, сонымен бірге диаметр мағынасы мына шектерде болуы керек:

 

0,2<d<0,6 D,

 

Мұндағы D – шарик диаметрі, мм;

d – таңба диаметрі, мм.

 

Егер осы шарт орындалмаса, онда сынақ жарамсыз деп саналады және қайталанады.

Сынақ нәтижелері кестеге жазылады.

Созылуға уақытша кедергі мен Бринелл бойынша қаттылық арасындағы байланыс келесі байланыстылықпен көрсетіледі:

 

Gв = 0,36 кгк/мм2

 

2 Қаттылыққа сынау нәтижелері анықтау

 

5 кесте – Қаттылыққа сынау нәтижелері

Бұйымдар Болат маркасы Таңба диаметрі, мм Қаттылық саны, кгк/мм2 МСТ Бойынша қаттылық саны, кгк/мм2
1 өлшеу 2 өлшеу орташасы
             
Швеллер Ст3 3,01 3,03 3,02    

9 жұмыс. Цемент маркасын анықтау

 

Жұмыс мақсаты: цемент маркасын анықтаукерек.

Жұмыс жоспары:

1 Құрылыс материалдарының қасиеттерi;

2 Гидрофизикалық қасиеттерi.

3 Жылу-физикалық қасиеттерi.

 

Цемент маркасы массасына қарай 1:3 созымды цемент құрамынан дайындалған өлшемі 40х40х160 мм арқалық-нұсқаларды иіліске және сығыға беріктік шегінің көрсетулері бойынша айқындалады.

Аспаптар: сілкілеу үстелі, конус қалып, сфералық аяқ, қырғыш 40х40х160 мм металл қалыптар, МИИ – 100 машинасы, гидравликалық пресс.

Материалдар: портландцемент, вольск құмы.

Цемент өндірісінің созымды констистенциясын анықтау үшін:

1500 г құм және 500 г цемент өлшенеді, сфералық аяққа салады, содан соң 1 мин бойы цемент пен құм күрекшемен араластырылады, содан соң оған су құйылып, қоспа тағы 5 мин бойы араластырылады.

Араластыру аяқталған соң сілкілеу үстелін шыны дискісінің ортасына орнатылған конус-қалыпты тең қалындықтағы қабаттармен екі қабылдауда толтырады. Сынау жүргізу алдында конустың ішкі бетін және стел дисін аздап сулау керек. Ерітінді металл найзалаумен тығыздалады: астынғы қабаты – 15, үстіңгісі - 10 найзалаумен. Ерітінді нығыздалған соң конус ақырын тік бағытта алынады, осыдан кейін конус 106-110 мм шегінде жайылу үшін үстелде 30 рет сілкіленеді.

 

6 Кесте - Беріктікті анықтау нәтижелері

Иілістегі беріктік, кгк/см2 Нұсқа ауданы, см2 Манометр көрсетуі Қиратушы жүктерме, кгк Сығудағы беріктік, кгк/см2 Цемент маркасы
             

 

Алынған нәтижелер МСТ10178-85 талаптарымен салыстырылады (кесте).

 

7 кесте - Портландцементке қойылатын талаптар (МСТ 10178-85)

Цемент түрінің белгісі Кепілді маркасы Беріктік шегі, МПа (кгк/см2)
иіліс жасында, тәулік сығу жасында, тәулік
       
ПЦ-ДО, ПЦ-Д5, ПЦ-Д20, ЩПЦ   -   - - - - ПЦ-ДО, ПЦ-Д5, ПЦ-Д20, ЩПЦ   -   - - - -
ПЦ-Д20-Б     3,9 (40) 4,4 (45) ПЦ-Д20-Б     3,9 (40) 4,4 (45)
ШПЦ-Б   3,4 (35) ШПЦ-Б   3,4 (35)

 

10 жұмыс. Кірпіштің маркасын анықтау

 

Жұмыс мақсаты: кірпіш маркасын анықтаукерек.

Жұмыс жоспары:

1 Сығуға беріктікті анықтау;

2 Иіліске беріктікті анықтау.

 

Кірпіш маркасы сығуға және иіліске беріктік шегі мағыналарының орташа және ең аз нәтижесі бойынша анықталады.

Аспаптар: сфералық шыны аяқ, қалақша, әйнек пластиналар, жапырақ қағаз, күрекше, металл сызғыштар, су құйылған ыдыс, өлшеуіш цилиндр, техникалыө таразы және гидравликалық пресс.

Материалдар: маркасы 300 кем емес портландцемент.

 

1 Сығуға беріктікті анықтау

 

8 кесте – Сығуға беріктігін анықтау

Қима өлшемдері, см2 Қима ауданы, см2 Пресс манометр көрсетулері Қирататын жүктеме, кгк Сығудағы беріктігі, кгк/см2
а в
             

 

2 Иіліске беріктікті анықтау

 

Партиядағы нұсқалардың иіліске беріктік шегі нұсқалардың белгіленген санын сынау нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде 0,5 кгк/см2 дейінгі дәлдікпен есептеледі.

Партияда нұсқалардың иіліске беріктік шегін есептегенде беріктік шегі барлық нұсқалардың беріктік шегінің орташа мағынасынан 50%-дан астам ауытқуы бар және әр жағына бір нұсқа бойынша одан көп емес нұсқалар есепке алынбайды. Иіліске беріктік шегінің орталанған мағынасы бойынша кірпіш маркасы анықталады. Сынау нәтижелері кестеге жазылады.

 

9 кесте – Иіліске беріктік шегін анықтау

Тіреулер арасындағы аралық, см Кірпіш ені, см Кірпіш қалындығы, см Манометр көрсетулері Қирату жүктемесі, кгк Иілістке беріктігі, кгк/см2
             

 

Кірпіш маркасы туралы жалпы қорытындыны марканың орташа және ең аз көрсеткіші бойынша қабылдай отырып, сығуға және иіліске сынау нәтижелері бойынша жасау керек.

 

10 кесте – Сығуға және иіліске беріктігі бойынша МСТ 530-95 талаптары, МПа (кгк/см2)

Бұйым маркасы Сығуда Иілісте
бұйымдардың барлық түрлері пластикалы қалыпталған толық денелі кірпіш жартылай тайланған кірпіш және қуыс денелі кірпіш
нұсқалар үшін орташасы айырым нұсқа үшін ең азы нұсқалар үшін орташасы айырым нұсқа үшін ең азы нұсқалар үшін орташасы айырым нұсқа үшін ең азы
             

 

 


Ағымдық және аралық бақылау материалдары, сонымен қатар пәнді оқып, аяқтағаннан кейінгі қорытынды бақылау материалдары

 

1 Металға әсер еткен күштер шамасы тұрақты мөлшерде немесе баяу өсетін болса,сынау

A. Статикалық болса

B. Динамикалық болса

C. Айнымалы күшпен сынау

D. Соққы тұтқырлыққа сынау

E. Қаттылыққа сынау

 

2 Материалдардың бұзылмай көлеміне және пішініне қалдық өзгерту алу қабілеттілігі

A. Созылымдылық

B. Беріктік

C. Қаттылық

D. Соққы тұтқырлық

E. Аққыштық

 

3 Соққы тұтқырлықтық өлшем бірлігі

A. Дж/м

B. Мпа

C. Кн

D. %

E. Кг

 

4 Қаттылықты қандай тәсілмен анцқтағанда шарик таңбалының диаметрі Өлшенеді?

A. Бринель тәсілімен

B. Роквелл тәсілімен шарикпен

C. Виккерс тәсілімен

D. Роквель тәсілімен конуспен

E. Барлығындада

 

5 Пластикалық деформация дегеніміз не?

A. Күш түсірілген дененің өлшемінің өзгеруі

B. Түсірілген күш алынғаннан жойылатын деформация

C. Үлгінің бұзылуына жұмсалатын жұмыс

D. Үлгінің сақталмай деыермациялануы

E. Үлгінің үзілуі

 

6 Бринель тәсілі бойынша алынған қаттылықтың белгіленуі

A. HB

B. HRB

C. HV

D. HRC

E. KCU

 

7 Маятникті балғамен қандай механикалық қасиет анықталады?

A. Соққы тұтқырлық

B. Қаттылық

C. Салыстырмалы ұзару

D. Беріктік

E. Салыстырмалы қысқару

 

8 Келесі қаттылықтардың қайсысы қатты материалға тең

A. HRC 60

B. HRB90

C. HB=1000МПА

D. НВ=4000МПА

E. HB=2000mпа

 

9 Перлит-біл

A. Белгілі бір механикалық қоспа,эвтектоид

B. Темірдегі көміртегінің қатты ерітіндісі

C. Темір мен көміртегінің химиялық қосылысы

D. Графиктік көріністік белгілі бір түрі

E. Темірдегі көміртегінің қатты ерітіндісі

 

10 Fe3 C химиялық қосылысы қалай аталады?

A. Цементит

B. Перлит

C. Перлит+ феррит

D. Феррит

E. Ауестенит

 

11 Құрамында 1,1% көміртегі бар болаттың құрылымы?

A. Перлитті-цеменитті

B. Ферритті

C. Перлитті

D. Перлитті-ферритті

E. Ауестенит

 

12 0,8% көміртегі бар болаттық құрамында перлиттен басқа қандай құрылым болады?

A. Бұл болатта тек қана перлитті құрылым болады

B. Феррит

C. Цементит

D. Графит

E. Ауестенит

 

13 Таза перлитті құрылымды көрсетіңіз?

A. 0,8%С

B. 0,2 C

C. 0,55%С

D. 1,25%С

E. 2.14%C

 

14 Эвтектоидтан кейінгі болаттағы көміртегі мөлшерінің интервалын атаңыз?

A. 0,8-2,14%

B. 0-0,006%

C. 0,25-0,8%

D. 2,14-6,67%

E. 2,14-4,3%

 

15 Болаттағы көміртегінің мөлшері 0,2% болса,қандай құрылым дәні көп болады?

A. Феррит

B. Перлит

C. Цементит

D. Перлит пен ферриттің мөлшері бірдей

E. Ауестенит

 

16 Құрамында 0,6% көміртегі бар болаттың құрамында 1,2% көміртегі бар болаттан айырмашылығы

A. 0,6%Cболатта феррит+перлит,ал 1,2%C болатта перлит+цементит

B. 0,6%C болаттағы құрылымы феррит-перлит 1,2%C болатта перлит

C. 0,6%C болаттағы таза перлит құрылымы.1,2%C болатта перлит-феррит

D. Екеуінде де феррит-перлитік құрылымы,бірақ феррит пен перлиттік мөлшері әртүрлі

E. 0,6%C болаттағы құрылымы феррит-перлит,1,2%C болатта аустенит

 

17 1С болатын құрылымында қандай құрлым көп

A. Перлит

B. Феррит

C. Цементит

D. Ледебурит

E. Аустентит

 

18 Металдарға әсер еткен күштін шамасы жылдам өсетін болса,сынау?

A. Динамикалық сынау

B. Статикалық сынау

C. Айнымалы күшпен сынау

D. Соққы тұтқұрлықа сынау

E. Қаттылықа сынау

 

19 Металдарға сыртқы дененін енуіне олардың қарсы әсер күши

A. Қаттылық

B. Бериктік

C. Соққы тұтқрлық

D. Созымдылық

E. Пластикалығы

 

20 Егер КСU=0 болса, онда

A. Соққы тұтқұрлықты өлшеу кезінде үлгісынбаган

B. Қаттылық роквелл тәсілмен анықталған

C. Қаттылық бирнель тасілімен анықталған

D. Өтте морт материал сыналған

E. Қаттылық виккерс тасілімен анықталған

 

21 Соққы тұтқырлықты белгілені

A. КСU=0

B. HRC

C. НВ

D. Qe

E. HV

 

22 Созу диаграммасының ордината осыніне не салынады

A. Кіші

B. Қаттылық

C. Үлгінін салыстырмалы ұзаруы

D. Деформация

E. Үлгінін салыстырмалы қысқаруы

 

23 Роквелл тасілі бойынша алмас конуспен өлшенген қаттылықты нұқтағанда колданылатын күштін мәні

A. 150 кг

B. 100 кг

C. 750 кг

D. 3000 кг

E. 200 кг

 

24 HRB қандай тасілмен өлшенген қаттылық

A. Роквелл бойынша шарикпен

B. Роквелл бойынша алмас конуспен

C. Бринтель бойыша тасіл бойыша

D. Виккерс тасілі бойынша

E. Бринтель тасілі бойынша шарикпен

 

25 Бринтель тәсілі бойынша қаттылықты өлшегиш аспабындағы шариктін диаметрі

A. 10 мм

B. 1,59 мм

C. 5,5 мм

D. 2,0 мм

E. 15 мм

 

26 Белгісіз ауданға түсірілген салмақтын аталуы

A. Кернеу

B. Қаттылық

C. Серпімділік

D. Пластикалық қасиет

E. Соққы тұтқұрлық

 

27 Fe3C химиялық қосындысы қалай аталады

A. Цементит

B. Феррит

C. Перлит

D. Графит

E. Аустентит

 

28 Болаттардағы қандай құрлым эвтектоид болып табылады

A. Перлит

B. Феррит

C. Графит

D. Цементит

E. Аустетит

 

29 0,3% көміртегі бар болатты қандай құрлым болады

A. Феррит+перлит

B. Таза феррит

C. Таза перлит

D. Перлит + цементит

E. Аустенит

 

30 Альфа темірге енгізілген көміртегінін қатты ерітіндісі қалай аталады

A. Феррит

B. Цементит

C. Ферлит

D. Ледебурит

E. Аустеннит

 

31 Құрамында 0,16% көміртегі бар болат 1,2% көміртегі болаттан қалай ажыратылады

A. 0,6% С болатта феррит +перлит,1,2% С болатта перлит +цементит

B. 0,6% көміртегі бар болаттың құрлымы феррит +перлит, ал 1,2% С болаттан перлит

C. 0,6% С бар болаттың құрлымы таза перлитти,ал 1,2% С болатта перлит +ферлит

D. Болаттардын екеуінде де бөлек ферлити +перлити құрлымдар, бірак құрлымдағы феррит пен перлит мөлшерлері әр түрлі

E. 0,6% көміртегі бар болаттың құрлымы феррит + перлит, ал 1,2% С болатта аустентит

 

32 Құрамындағы 0,4% көміртегі бар болаттын құрылымда қанша перлит бар

A. 50%

B. 20%

C. 40%

D. 30%

E. 10%

 

33 Эвтектойдакка диінгі және эвтектоидыктан киінгі болаттардың құрамында ортақ құрлым бар

A. Перлит

B. Феррит

C. Цементит

D. Графит

E. Аустентит

 

34 Феррит пен цементитін механиқалық қосындысы ол

A. Перлит

B. Цементит

C. Феррит

D. Ледебурит

E. Аустентит

 

35 Құрамында 0,4% көміртегі бар болаттар қандай түйіршіктер көп

A. Феррит пен перлиттін мөлшері бірді

B. Феррит

C. Цементит

D. Перлит

E. Аустенит

 

36 Металға түсірілген күш шама жане бағыты жағынан озгеріп отырса,сынау

A. Айнымалы күшпен сынау

B. Статикалық сынау

C. Динамикалық сынау

D. Соққы тұтқырлықа сынау

E. Созымдылыққа сынау

 

37 Материалдардың реформациға және ішкі күштердін әсерінен қирауына қарсыласу кабилетілігі

A. Беріктік

B. Созымдылық

C. Қаттылық

D. Соққы тұтқұрлық

E. Пластиқалығы

 

38 Материалды бұзбай бақылау түрі

A. Қаттылыққа сынау

B. Беріктікке сынау

C. Соққы тұтқұрлықа сынау

D. Созымдылыққа сынау

E. Пластикалыққа сынау

 

39 Созылу диаграммасының абсцисса осіне не санылады

A. Үлгінін салыстырмалы ұзаруы

B. Күш

C. Кернеу

D. Қаттылық

E. Беріктік

 

40 Роквель тәсілі арқылы өлшенген қаттылық

A. HRC

B. KCV

C. HB

D. HV

E. KCT

 

41 Соккы туткырлықты сынауға арналған аспап?

A. Маятникті балға

B. Микроскоп

C. Рм-5 ұзу машинасы

D. Қаттылықты өлшегіш

E. Пештер

 

42 Қай материалдың меншікті соққы тұтқұрлығы жоғары

A. Мыс

B. Сұр шойын

C. Болат

D. Шыны

E. Соғылымды шойын

 

43 Қандай тәсілден өлшенген қаттылықтың өлшем бірлігі жок

A. Роквель тәсілімен

B. Бринель тәсілімен

C. Виккерс тәсілімен

D. Барлық тәсілдерде өлшем бірліктері бар

E. Барлық тәсілдерде өлшем бірліктері жок

 

44 Болаттардың қаттылығы олардың құрамындағы көміртегінің мөлшеріне карай қалай өзгереді

A. Көміртегінің мөлшері артқан сайын қаттылық өседі

B. Өзгермейді

C. Көміртегінің мөлшері артқан сайын қаттылығы кемиді

D. Алғашқыда өсіп соңынан кемиді

E. Алғашқыда кеміп соңынан өседі

 

45 Микроскоппен қарағанда таза темір қандай болып көрінеді

A. Біркелкі ақшыл түйіршіктер

B. Біркелкі қара түйіршіктер

C. Ақшыл және қара түйіршіктер

D. Қара түйіршіктер және ақ жолақтар

E. Қара түйіршіктер және графиттер

 

46 Құрамында 1% көміртегі бар болатын құрлымы қандай?

A. Перлитті — цементит

B. Перлитті — фирритті

C. Перлитті

D. Ферлитті

E. Аустенит

 

47 Құрамында 0,1% көміртегі бар болаттың 0,3% коміртегі бар болаттан айырмашылығы неде?

A. Құрамында 0,3,% С бар болатта перлит басым

B. Құрамында 0,3% көміртегі бар болатта перлит болмайды

C. Құрамында 0,1% С бар болатта феррит болмайды

D. Құрамында 0,1% С бар болатта перлит басым

E. Құрамында 0,3% С бар болатта феррит басым

 

48 Құрамында 1,9% көміртегі бар болатта қандай құрылым басым болып келеді

A. Перлит

B. Феррит

C. Цементит

D. Ледебурит

E. Аустенит

 

49 Перлит дегеніміз

A. Механикалық қоспа,эвтектоид

B. Альфа темиідегі көміртегінің қатты ертіндісі

C. Темірмен коміртегінің химиялык қосылысы

D. Айрықша графиктік бөлінудің түрі

E. Гамма темірдегі көміртегінің қатты ерітіндісі

 

50 Перлиттік құрлымды көрсетіңіз

A. 0,8% С

B. 1,2% С

C. 0,2% С

D. 2,14% С

E. 4,3% С

 

51 Цементтің құрамында көміртегі неше процентті құрайды

A. 6,67%

B. 100%

C. 50%

D. 25%

E. 15%

 

52 Динамикалық күшпен сынау арқылы анықталатын механикалық қасиет

A. Соққы тұтқұрлығы

B. Беріктік

C. Созымдылыкқ

D. Қаттылық

E. Пластикалық

 

53 Статикалық сынау кезінде материалдарға әсер еткен күштін шамасы

A. Тұрақты немесе баяу өседі

B. Жылдам өседі

C. Өзгеріп отырады

D. Бағыты өзгереді

E. Бағыты және шамасы өзгеріп отырады

 

54 Созу кезіндегі ұзару — қандай механикалық қасиеттің белгісі

A. Пластикалық қасиетін

B. Қаттылық қасиетін

C. Беріктік қасиеті

D. Соққы тұтқұрлық қасиеті

E. Созылмалық қасиеті

 

55 Егер машина бөлшегіне әсер еткен кернеу шамасы оның беріктік шегінен асып кетсе, онда

A. Бөлшек бұзылып қирайды

B. Бөлшек дефермоцияланбайды

C. Бөлшек деформацияланады

D. Бөлшек серпімді деформацияланады

E. Бөлшек пластикалы деформацияланады

 

56 Жұқа, қаңылтыр материалдардың қаттылығын анықтауға арналған тәсіл

A. Виккерс тәсілімен

B. Роквелл тәсілімен шарикпен

C. Роквелл тәсілімен конуспен

D. Бриннель тәсілімен

E. Гук тәсілімен

 

57 Роквелл тасілі бойынша диаметри 1,59мм болат шарикпен өлшеген қаттылықты анықтағанда қолданылатын күштің мәні

A. 100 кг

B. 150 кг

C. 750 кг

D. 3000 кг

E. 500 кг

 

58 Мемлекеттік стандарт бойыша металды соғу арқылы сынауға арналған улгінің ұзындығы

A. 55 мм

B. 10 мм

C. 200 мм

D. 75 мм

E. 50 мм

 

59 HRC 45 қатылығы кқандай тәсілімен анықталған

A. Роквелл тәсілімен, алмас конуспен

B. Бернель тәсілімен

C. Роквелл тәсілімен, шарикпен

D. Виккерс тәсілімен

E. Гук тасілімен

 

60 KCU- бұл

A. Соққы тұтқұрлықтың белгісі

B. Роквелл тәсілімен өлшенген қаттылықтың белгісі

C. Бернель тасілімен өлшенген қаттылықтың белгісі

D. Беріктік шегінің белгісі

E. Гук тәсілімен өлшенген қаттылықтың белгісі

 

61 Статикалық сынау арқылы материалдардың қандай механикалык касиеттерін анықтаймыз

A. Беріктілігін

B. Соққы тұтқұрлығын

C. Төзімділігін

D. Электр өткізгіштігін

E. Электр кедергісін

 

62 Үлгінің абсалют ұзару шамасын бастапқы ұзындығына қатынасы,оның

A. Салыстырмалы ұзару коэффициенті

B. Салыстырмалы жінішкеру коэффициенті

C. Абсолют өзгеру шамасы

D. Үлгінің соғыы ұзындығы

E. Соққы тұтқұрлығы

 

63 Маятникті балға,қандай механикалық қасиетті анықтауға арналған

A. Соққы тұтқұрлықтық

B. Қаттылықты

C. Беріктігі

D. Созымдылығы

E. Классикалалы

 

64 Келесі бұйымдардың қайсысың меншіктің соққы тұтқұрлығы жоғары

A. Шеге

B. Егеу

C. Бұрғы

D. Ине

E. Пышак

 

65 Бернель тәсілімен қаттылықты өлшеуде қолданылатын жүктін шамасы

A. 3000 кг

B. 60 кг

C. 100 кг

D. 500 кг

E. 150 кг

 

66 Роквелл тәсілімен қаттылықты өлшеуге қолданылатын шариктін диаметрі

A. 1,59 мм

B. 2,15 мм

C. 10 мм

D. 5 мм

E. 15 мм

 

67 HRC 30 қандай тасілмен өлшенген қаттылық

A. Роквелл тасілі бойынша бонуспен

B. Роквелл тасілі бойынша шарикпен

C. Бернель тасілі бойынша

D. Виккерс тасілі бойынша

E. Гук тасілі бойынша

 

68 Ішінде бос қуыстры бар біртекті емес материалдардың қаттылығын қай

тасілмен өлшенген дұрыс

A. Бернель тасілі бойынша

B. Роквелл тасілі бойынша конуспен

C. Роквелл тасілі бойынша шарикпен

D. Виккерс тасілі бойынша

E. Гук тасілі бойынша

 

69 Үлгінің көлемінің қимасы ауданы абсолют өзгеру шамасының бастапқы ауданына қатынасы

A. Салыстырмалы жіңішкеру коэффиценті

B. Салыстырмалы ұзару коэффиценті

C. Абсолют өзгеру шамасы

D. Үлгінін соңғы ұзындығы

E. Соққы тұтқұрлығы

 

70 Үлгінің сындыруға істелген жұмыстың кернеу аймағындағы үлгінін көлденен қимасының ауданына қатынасы

A. Соққы тұтқұрлығы

B. Беріктік

C. Қаттылық

D. Созымдылығы

E. Пластикалығы

 

71 Виккерс тәсілімен өлщенген қаттылықтың белгіленуі

A. HV

B. HRC

C. HRB

D. HB

E. KCT

 

72 KCV белгіленуіндегі V әріпі нені білдіреді

A. Үлгідегі ойықтың пішінін

B. Көлденен қиманың дөңгелек үлгі қолданылған

C. Көлденен қимасы квадрат үлгі қолданылған

D. Шарыкшағы бар үлгі қолданылған

E. Қаттылықты

 

73 Соққы тұтқұрлыгын өлшем бірлігі

A. Дж/м2

B. Мпа

C. Кн

D. Кг

E. %

 

74 Бернелл тәсілі бойынша аныкталган каттылык кай формула бойынша есептелініп шығарылады мпа

A. HB=P/F

B. HB=2Rh

C. HB=K/S

D. HB=F/A

E. HB=K/A

 

75 Роквелл тәсілінде төбесіндегі бұрығы 120 ка тен алмас конус қолданылса, қаттылықты қандай шкала бойынша анықтаймыз

A. С

B. А

C. B

D. D

E. Е

 

76 Қандай механикалык қасиеттер статикалық күшпен сынау арқылы анықталады

A. Барлығы дұрыс

B. Беріктік

C. Созымдылық

D. Қаттылық

E. Пластикалық

 

77 Металдардың пластилығынын сипаттайтын механикалык касиеті

A. Созымдылық

B. Қаттылық

C. Беріктік

D. Соққы тұтқұрлығы

E. Пластикалық

 

78 Қандай материалдардың соққы тұтқұрлығы төмен

A. Шойын

B. Болат

C. Алюминий

D. Мыс

E. Қола

 

79 HB=1500 Мпа қаттылығы кандай тасілмен аныкталған

A. Бринель тасілімен

B. Роквелл тасілімен шарикпен

C. Роквелл тасілімен конуспен

D. Виккерс тасилимен

E. Гук тасілімен

 

80 Металдардың ортақ қасиеттерi?

A. Электр өткiзгiштiк, созылымдылыгы және металл жалтырагы

B. Қаттылыгы мен берiктiгi жогары

C. Қаттылыгы мен созылымдылыгы жогары

D. Қаттылыгы мен серпiндiлiгi жогары

E. Берiктiгi мен серпiндiлiгi жогары

 

81 Қандай екi топқа бөлiнедi металдар?

A. Қара және түстi

B. Жеңiл және ауыр

C. Жогары және төменгi температурада балқитын

D. Қымбат және арзан

E. Болаттар және шойындар

 

82 Қара металдарга жатады?

A. Шойын, болат, темiр

B. Мыс, қола, латунь

C. Алюминий, силумин

D. Титан, хром

E. Қоргасын, қалайы

 

83 Металдардың құрылымы?

A. Тек атомдық кристалдық

B. Тек аморфтық

C. Атомдық кристалдық және аморфтық

D. Тек гексагональдық

E. Тек тетрагональдық

 

84 Атомдық кристалдық құрылымы материалдардың?

A. Кеңiстiкте атомдары белгiлi ретпен орналасқан

B. Кеңiстiкте атомдары ретсiз орналасқан

C. Молекулалары көп атомдардан тұрады

D. Атомдарының аралықтары барлық багытта бiрдей

E. Атомдарының аралықтары бiр багытта бiрдей болады

 

85 Құрылымы аморфтық материалдардың?

A. Атомдары кеңiстiкте ретсiз орналасады

B. Атомдары кеңiстiкте белгiлi ретпен орналасады

C. Молекулалары көп атомдардан тұрады

D. Атомдарының аралықтары барлық багытта бiрдей

E. Атомдарының аралықтары бiр багытта бiрдей болады

 

86 Fе - темiрдiң кристалдық торы?

A. Көлемiнiң ортасында атом орналасқан куб

B. Қабыргаларының ортасында атом орналасқан куб

C. Жәй куб

D. Гексагональдық

E. Тетрагональдық

 

87 Fе - темiрдiң кристалдық торы?

A. Қабыргаларының ортасында атом орналасқан куб

B. Көлемiнiң ортасында атом орналасқан куб

C. Жәй куб

D. Гексагональдық

E. Тетрагональдық.

 

88 Көмiртегiнiң кристалдық торы?

A. Гексагональдық

B. Тетрагональдық

C. Жәй куб

D. Көлемiнiң ортасында атом орналасқан куб

E. Қабыргаларының ортасында атом орналасқан куб.

 

89 Металдың әр түрлi кристалдық торларды құратын қасиетiн?

A. Полиморфизм немесе аллотропия дей


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.292 сек.)