АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе. Ø Цитоломегаловирусты инфекция

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. Кіріспе
  9. Кіріспе
  10. Кіріспе
  11. КІРІСПЕ
  12. Кіріспе

Ø Цитоломегаловирусты инфекция. Этиологиясы. Маңыздылығы. Диагностикасы;

Ø Герпестік инфекция. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі және клиникасы;

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Цитомегаловирустық инфекция

Цитомегаловирустық инфекция (цитомегалия, сілекей бездерінің вирустық ауруы, инклюзиялық цитомегалия, ЦМВ) соңғы он жыл ішінде таралған өркениет ауруларына жатады. Цитомегалия – кеңінен таралған вирустық инфекциялық ауру, оның көрінуі белгісіз түрлерден ішкі органдар мен орталық жүйке жүйесінің аыр зақымдануынан байқалады.Цитомегаловирустық инфекция (цитомегалия, сілекей бездерінің вирустық ауруы, инклюзиялық цитомегалия, ЦМВ) соңғы он жыл ішінде таралған өркениет ауруларына жатады. Цитомегалия – кеңінен таралған вирустық инфекциялық ауру, оның көрінуі белгісіз түрлерден ішкі органдар мен орталық жүйке жүйесінің аыр зақымдануынан байқаладыЦитомегаловирустық инфекция алғаш рет XIX ғасырдың соңында «поцелуйной болезни» атымен белгілі болған, себебі ауруды жұқтыру сүйіскен кезде сілекей арқылы болады деп болжалған болатын. Цитомегалидің шынайы «қоздырушысы» – цитомегаловирус тек 1956 жылы ғана ашылды.
Сол кезде аурудың тек сілекей арқылы ғана емес, сондай-ақ жыныстық жолмен, жүкті әйелден балаға, сондай-ақ тығыз тұрмыстық қарым-қатынас кезінде жұғатындығы анықталды. Сондай-ақ қан құю және мүшелерді ауыстыру кезінде цитомегаловирусты жұқтыру жағдайлары кездескен. Цитомегаловирустың кеңінен таралғандығын медициналық статистика сандары көрсетіп отыр 10—15% жасөспірімдерде және 50% 35 жастан жоғары адамдарда цитомегаловирусқа антителдар анықталған. Бала туу жасындағы әйел адамдардың цитомегаловирусқа шалдығуы 80 %-ға дейін жетті деген дерек те бар. Әрине цитомегаловирусты тасымалдаушы әрбір адам ауру деп санала бермейді. Көбінесе цитомегаловирус өз тасымалдаушысына ешқандай қиындық тудырмай оның ағзасында ұзақ жылдар бойында өмір сүріп жүре береді. Кейде ауру қарапайым суық тиюге ұқсас түрде көрінеді. Бұл жағдайда тығыз қарым-қатынаста вирусты басқа адамдарға беруі мүмкін.

Цитомегаловирус иммундық жүйені төмендететін аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Цитомегалия әсіресе жүктілік кезінде қауіпті: бұл жағдайда ол түсікке, баланың өлі болып тууына немесе баланың дүниеге кемтар болып келуі мүмкін. Сондықтан баланы жоспарлаған кезде алдын ала цитомегаловирустық инфекцияларға тексерілу қажет.ЦМВ инкубациялық кезеңі нақты анықталмаған, себебі аурудың басталу уақытын анықтау қиын. Шартты түрде ол 20-60 күнге тең деп есептеледі.ЦМВ бірнеше типі бар:туа біткен цитомегаловирустық инфекция (неғұрлым қауіпті деп саналады)сары аурумен, бауырдың ұлғаюына, ішкі мүшелерге қан кетуіне, жүйке жүйесінің зақымдануының әртүрлі белгілеріне алып келуі мүмкін. цитомегаловирустық инфекцияның өткір түрі. Жыныстық жолмен ауру жұқтырғаннан кейін немесе науқас адамнан қан құйған кезде туындауы мүмкін. Әдетте суық тиюге ұқсас түрде жүреді. Белгілері: әлсіздік, жалпы ағзаның нашарлауы, тез шаршау, бас аурулары, тұмау, жиі сілекей бездерінің қабынуы және ұлғаюы. цитомегаловирустық инфекцияның генерализдік түрі. Науқас адамның ағзасында әртүрлі қабыну үрдістерінің туындауынан көрінеді. Бірге жүретін құбылыс ретінде пневмония, көз тамырларының, ішек қабырғалараның, мидың және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануын атап өтуг болады. Қан құрамында тромбоцидтердің саны азаяды. Әйелдерде бұл түрі қабыну және жатыр мойнының эрозиясы, іш құрылысы ауруларына шалдықтырса, Ер адамдарда жұмыртқаны, несеп жолының қабынуына алып келеуі мүмкін. Бұл вирустың ауыр түрлері сирек кездеседі, әдетте вирус тасымалдаушыға білінбей ешбір белгісіз немесе «созылмалы» суық тиіп ауыруВ түрінде жүруі мүмкін. Цитомегаловирус адам ағзасында өмір бойы қалады, алайда сәйкес ем алған жағдайда оның өткір түрде көрінуінің алдын алуға болады. Цитомегаловирус екі жағдайда ғана аса қауіпті:
Кейбір аурулардың әсерінен (олардың ішінде ең бірінші орында, әрине, ЖИТС) иммунитет күрт төмендегенде,
Цитомегаловирустық инфекцияның туа біткен түрінде.
Әдетте адам цитомегаловирус ұзақ уақыт, тығыз арым-қатынаста болғанда немесе вирус тасымалдаушы адаммен көп рет физикалық қарым-қатынаста болған жағдайда жұғады.

Цитомегаловирустар (cytos-жасуша, megas-үлкен) -яғни альфа-герпесвирустарға қарағанда оның ДНҚ молекулалық салмағы үлкен,репродукциялану кезеңі ұзақтау жіне адамдардың фибробластынан дайындалған жасуша дақылдарында ғана өсіп шығады.Алғашқы рет бұл вирусты 1956 жылы Смит бөліп алған.

Эпидемиологиясы .ЦМВ-ен инфицирлеу барлық елдерде тіркелген.Қоздырғыш тек қана адамдарға патогенді.

Берілу механимі - респираторлық, тұрмыстық жанасу, жыныстық қатынас,ал кейде фекальды-оральды жолмен беріледі.

Инфекция көзі - жедел немесе латентті түрімен айырған адамдар. Вирус қан,несеп,шәуетпен, Емшек сүтімен, трансплантация жасағанда бала туылу кезінде беріледі.

Патогенезі. ЦМВ-ң бездік тіндерге троптылығы бар,сол жерде персистенцияланып цитопатогендік әсер етеді. ЦМВ-ң ерекшелігіне оның алып клетка түзуі жатады. ЦМВ симптомсыз тасымалдаушылық туғызып,барлық ағзалар мен тіндерді зақымдай алады. Сонымен қатар ЦМВ-ң сілекей бездер мен бүйрек арнашаларының эптиелиялық жасушаларға жақындығы бар.

Аурудың жедел түрінде ішкі ағзалар бауыр,буйрек,бас миы және қан түзуші ағзалар зақымдалады.

ЦМВ-ң жедел түріне-интерстициалды атипті өкпе қабынуы тән.

Жүктілік,бірнеше рет қан құю иммунитеттің әлсіреуі латентті персистенциялаушы белсенділігінің күшеюі тән.

Жасырын кезеңі-белгісіз,өйткені инфекция латентті түрде өтеді.Вирусемия кезінде ЦМВ-н ДНҚ молекулаларын моноциттерде,лимфоциттерде нейтрофильдерді табуға болады.Мононуклеарлық жасушаларға қарағанда ЦМВ-тың нуклеарлық фагоциттерге тропизмділігі басымырақ.

Иммунитеті .Гуморальдық және жасушылық иммунитеттер қалаптасады.

Емдеуі.Симптоматикалық емдеу шаралары және арнайы препараттар қолданылады:ацикловир,иммуномодулятор,фоскарнет және интерферон индукторы.

Алдын алуы .Аттенуацияланған тірі вакцина(моновакцина)

Соңғы кезде жер шары тұрғындарының арасында әртүрлі типті вирустар туындатқан аурулардың саны көбеюде. Сондай аурулардың бірі – қарапайым герпес вирусы туындататын аурулар. Жер шары тұрғындарының 90%-на қарапайым герпес (ұшық) вирусы жұққан және олардың 25%-да ауру белгілері білінеді.

Герпестік инфекция - вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру.

Этиологиясы:

Герпесвирустардың жіктелісі:

Herpesviridae тұқымдастығы

1.қарапайым герпес вирустары

2.желшешек вирусы жатады.

Қарапайым герпес – көпіршікті герпес оны қоздырушылар-дерматонейротропты вирустар.

Эпидемиологиясы.

Вирус барлық жерде таралған.

Ауру көзі-залалданған адам.

Берілу жолдары:

Ø Жанасу арқылы;

Ø Ауа- тамшылы;

Ø Жыныстық;

Ø Вертикальды.

Патогенезі:

Герпес вирустары адам ағзасына шырышты қабаттары арқылы енеді,олар эпителийде көбейіп залаладанған жасушалардың некрозына әкеледі,бұл жерде некроз ошақтары және везикулалар пайда болады.Организмге түскен қоздырғыш бірден қанға өтеді,ішкі ағзаларға патогенді әсерін тигізеді.Ауру қоздырғышы болып I және II типті (HSV-I және HSV-II) герпес вирустары саналады. Вирустар сау адамға ауа- тамшылары арқылы және жанаспалы жолмен жұғады (сырқат немесе вирус тасушы адамдардан).

Ауру екі түрде кездеседі:

-біріншілік герпесті инфекция (первичная герпетическая инфекция), вирус алғаш жұққан кезде орын алады және көбінесе ауыз кілегей қабығын жарақаттап, «ауыздың жедел герпестік қабынуы» түрінде дамиды. Бұл сырқат көбінесе 3-5 жас аралығындағы балаларда (кейбір мәліметтерде 1-3 жас аралығындағы балаларда) кездеседі. Себебі, олардың организмдегі анадан алған пассивті (енжар) иммунитет бала өмірінің алғашқы жылдарында жойылып, бала герпес вирусына қарсы қорғансыз қалады. Сонымен қатар ауыздың жедел герпесті қабынуы организмінде герпес вирусына қарсы антидене құрылмаған жастар мен ересек адамдар арасында да кездеседі [2,3]және өте ауыр ағымды болып келеді.Ауыздың жедел герпестік қабынуы жұқпалы инфекциялық ауруға тән клиникалық белгілерге ие және бес кезеңмен дамиды (инкубациялық, продромальдық, аурудың даму шыңы, реконваленциялық және сауығу). Негізгі клиникалық белгілері аурудың даму шыңы кезінде ауыз кілегей қабығына еріндер жиегіне шығатын әртүрлі көлемді (Д=3-7 мм) көпіршік бөрткендер (пузырьки) және олардың кешікпей жарылуынан пайда болатын.Кейде көпіршік бөрткендер еріндер төңірегіндегі және иек аймағындағы тері бетіне де көптеп шығады.Ауруға өз уақытында және тиімді емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда ауыздың жедел герпестік қабынуы созылмалы және қайталамалы ағымға ие болады. Аурудың қайталамалы түрі біріншілік герпестік инфекциямен ауырмаған адамдарда да кездесе береді, көбіне еріндер жиегін жарақаттайды және бұндай патологиялық үрдіс көпшілік арасында «қарапайым ұшық» немесе «ерін герпесі» деген атаумен белгілі. Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы ұзақ жылдарға созылуы мүмкін (10-15 жылға немесе оданда көп уақытқа).

Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы және ерін герпесі кезінде бір жағдайларда еріндер жиегі мен ауыз кілегеі қабығында көпіршік бөрткендер ауық-ауық шығып, еріндер жиегінде қабықшаға.Aл ауыз ішінде әр түрлі көлемді және пішінді жекелеген эрозияларға немесе эрозиялар тобына айналады. Ал кейбір жағдайларда ауыз кілегей қабығында ұсақ ақшыл-сұр түсті өліеттенген ошақтар (Д 1-3мм) пайда болып, көлемдері біртіндеп ұлғайып, (Д 0,7-1,0см) сопақ және домалақ пішінді немесе көпбұрышты эрозиялы ошақтарға айналады. Бөрткендердің көбірек шығатын аймағы – еріндер, таңдай, тіл кілегей қабығы және еріндер жиегі. Ауру көбінесе баспа, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларынан кейін, суыққа шалдығу, кілегей қабықтан ұсақ механикалық зақымдануы кезінде жиірек қайталанады. Эрозиялы ошақтар аурудың алғашқы жылдары онша көп болмайды және сирек шығып 4-7 күн аралығында жазылып отырады. Жүре келе аурудың қайталануы жиілейді және бөрткендер көптеп шығып, жазылуы ұзақ уақытқа (7-14 күн немесе одан да ұзақ) созылады. Мұның себебі-эрозиялы ошақтардың тереңдеп, жаралы ошаққа айналуы.Ауыз ішінде герпестік бөрткендер жиі шығып, жалпы саны көбейген сайын науқастың жалпы жағдайы өзгеріп, дене қызуы көтеріліп, организмнің уыттану белгісі байқалады. Әрбір жаңа қайталаным кезінде герпес вирусына қарсы антиденелер құрылып, қанайналымында олардың титрі жоғарылайды. Мұның өзі организмнің созылмалы аутосенсибилизациялануын туындатады және әртүрлі аутоаллергиялық аурулардың дамуына себепкер болады. Жоғарыда келтірілген патологиялық үрдістердің орын алуы мүмкіндігін анықтау үшін ауыздың қайталамалы герпестік қабынуымен ұзақ жылдар зардап шеккен науқастардың қанында герпес вирусына қарсы антиденелер титрін анықтау мақсаты қойылды. Герпес вирусына қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы науқас организміндегі вирусогендік созылмалы сенсибилизациялану жағдайының орын алу мүмкіндігін көрсетеді.

Ауруының ұзақтығына қарай науқастар 4 топқа бөлінді:

1-ші топ ауруының ұзақтығы 3 жылға дейін (6 адам);

2-топ ауруының ұзақтығы 3 жылдан 7 жылға дейін (6 адам);

3-топ 7 жылдан 10 жылға дейін (8 адам);

4-топ ауруының ұзақтығы 10 жыл және оданда ұзақ (5 адам). Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуымен үш жылға дейін ауырған науқастардың қанында «G» текті антиденелер титрі 2-3 есе, 3-7 жыл ауырғандарда 5-7 есе, 7-10 жыл ауырғандарда 7-9 есе жоғарылығаны, ал 10 жылдан ұзақ ауырған науқастардың қанында антиденелер титрі төмендеуге бет бұрғаны (5-7 есе жоғарылаған) анықталды (2-диаграмма).

Қорытынды

Цитомегаловирус екі жағдайда ғана аса қауіпті:
Кейбір аурулардың әсерінен (олардың ішінде ең бірінші орында, әрине, ЖИТС) иммунитет күрт төмендегенде,
Цитомегаловирустық инфекцияның туа біткен түрінде.
Әдетте адам цитомегаловирус ұзақ уақыт, тығыз арым-қатынаста болғанда немесе вирус тасымалдаушы адаммен көп рет физикалық қарым-қатынаста болған жағдайда жұғады. Адам ауру деп санала бермейді. Көбінесе цитомегаловирус өз тасымалдаушысына ешқандай қиындық тудырмай оның ағзасында ұзақ жылдар бойында өмір сүріп жүре береді. Кейде ауру қарапайым суық тиюге ұқсас түрде көрінеді. Бұл жағдайда тығыз қарым-қатынаста вирусты басқа адамдарға беруі мүмкін.
Цитомегаловирус иммундық жүйені төмендететін аурулары бар адамдар үшін қауіпті.
Цитомегалия әсіресе жүктілік кезінде қауіпті: бұл жағдайда ол түсікке, баланың өлі болып тууына немесе баланың дүниеге кемтар болып келуі мүмкін. Сондықтан баланы жоспарлаған кезде алдын ала цитомегаловирустық инфекцияларға тексерілу қажет.
ЦМВ инкубациялық кезеңі нақты анықталмаған, себебі аурудың басталу уақытын анықтау қиын. Шартты түрде ол 20-60 күнге тең деп есептеледі.
ЦМВ бірнеше типі бар:
туа біткен цитомегаловирустық инфекция (неғұрлым қауіпті деп саналады)
сары аурумен, бауырдың ұлғаюына, ішкі мүшелерге қан кетуіне, жүйке жүйесінің зақымдануының әртүрлі белгілеріне алып келуі мүмкін.
цитомегаловирустық инфекцияның өткір түрі
Жыныстық жолмен ауру жұқтырғаннан кейін немесе науқас адамнан қан құйған кезде туындауы мүмкін. Әдетте суық тиюге ұқсас түрде жүреді. Белгілері: әлсіздік, жалпы ағзаның нашарлауы, тез шаршау, бас аурулары, тұмау, жиі сілекей бездерінің қабынуы және ұлғаюы.
цитомегаловирустық инфекцияның генерализдік түрі
Науқас адамның ағзасында әртүрлі қабыну үрдістерінің туындауынан көрінеді. Бірге жүретін құбылыс ретінде пневмония, көз тамырларының, ішек қабырғалараның, мидың және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануын атап өтуг болады. Қан құрамында тромбоцидтердің саны азаяды. Әйелдерде бұл түрі қабыну және жатыр мойнының эрозиясы, іш құрылысы ауруларына шалдықтырса, Ер адамдарда жұмыртқаны, несеп жолының қабынуына алып келеуі мүмкін.
Бұл вирустың ауыр түрлері сирек кездеседі, әдетте вирус тасымалдаушыға білінбей ешбір белгісіз немесе «созылмалы» суық тиіп ауыруВ түрінде жүруі мүмкін. Цитомегаловирус адам ағзасында өмір бойы қалады, алайда сәйкес ем алған жағдайда оның өткір түрде көрінуінің алдын алуға болады.
Цитомегаловирус екі жағдайда ғана аса қауіпті:
Кейбір аурулардың әсерінен (олардың ішінде ең бірінші орында, әрине, ЖИТС) иммунитет күрт төмендегенде,
Цитомегаловирустық инфекцияның туа біткен түрінде.
Әдетте адам цитомегаловирус ұзақ уақыт, тығыз арым-қатынаста болғанда немесе вирус тасымалдаушы адаммен көп рет физикалық қарым-қатынаста болған жағдайда жұғады.

Герпестік инфекция - вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру.

Этиологиясы:

Герпесвирустардың жіктелісі:

Herpesviridae тұқымдастығы

1.қарапайым герпес вирустары

2.желшешек вирусы жатады.

Қарапайым герпес – көпіршікті герпес оны қоздырушылар-дерматонейротропты вирустар.

Эпидемиологиясы.

Вирус барлық жерде таралған.

Ауру көзі-залалданған адам.

Әдебиеттер:.

Исаков В А Сельков С А Мошетова Л К Современная терапия герпесовирусных инфекций

Семенова В М Руководство По Инфекционным болезням

Ющук Н Д Инфекционные Болезни

Коломнец А.Г., Маревич Ю.К., Коломнец Н.Д., Многоликий герпес: клинико-патогенетический полиморфизм герпетической инфекции. Минск, 1988.

Мезгильбаева Д.М. Осложнения хронической герпетической инфекции, Проблемы стоматологии, 2009, №2 Алматы

Мезгильбаева Д.М., Бакбаев Б.Б. Осложнения хронической вирусной инфекции. Проблемы стоматологии. 2001, №2 (12), стр 27-30

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)