|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
ТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТ 1 страница25. Тіркелген актив (ТА) бойынша амортизация есептеуге арналған есеп Кәсіпорын 2013 жылы басында СЕ –і бойынша мынадай Тіркелген активтері болды м. тенге:ТА 2013 ж:1 топ бойынша ТА 5 000 м. тенге - 12000;2 топ бойынша 2013 жыл;3 топ бойынша ТА 1000 м. тенге;4 топ бойынша ТА 40 м. тенге; 2013 жыл болған 4 топ бойынша – 35 м. тенге 2 топ бойынша– 450 м. тенге 26. Тіркелген актив (ТА) бойынша амортизация есептеуге арналған есеп Кәсіпорын 2013 жылы басында СЕ –і бойынша мынадай Тіркелген активтері болды м. тенге:ТА бойынша 2013 ж:1 топ бойынша БОЛМАҒАН, ТА 2 топ бойынша 2013 жыл 350 м. тенге - 1500;3 топ бойынша ТА 1 600 м. тенге;4 топ бойынша ТА.2013 жыл 1 топ бойынша 1200 м. тенге, 4 топ бойынша – 875 м. тенге 1 топ бойынша 27. Тіркелген актив (ТА) бойынша амортизация есептеуге арналған есеп Кәсіпорын 2013 жылы басында СЕ –і бойынша мынадай Тіркелген активтері болды м. тенге:ТА бойынша 2013 ж: 1 топ бойынша ТА 75 000 м. тенге; 2 топ бойынша 2013 жыл;3 топ бойынша ТА 1 800 м. тенге 250 м. тенге;4 топ бойынша ТА 370 м. тенге 155 м. тенге; 2013 жыл 2 топ бойынша – 165 м. тенге және 2 топ бойынша– 560 м. тенге
1-блок: 1. Қазақстан Республикасы салық жүйесіне анықтама беріңіз? ҚР Салық кодексі бойынша салық жүйесі – бұл бір-бірімен салық төлеуші мен мемлекеттің қызығушылығын сақтау мақсатымен байланысты болатын салықтардың жиынтығынан тұратын кешен. Мемлекетке алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы боынша Президентке, Парламентке, Үкіметке, Қаржы Министрлігіне жүктеледі. Салық қызметі органы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінен және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар бойынша салық комитеттерінен тұрады. Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Еліміздің салық жүйесінің дамуын 5 кезеңге бөліп қарастыруға болады. - 1 кезең (1992-1994 жж.) - 2 кезең (1995-1998 жж.) - 3 кезең (1999-2001 жж.) - 4 кезең (2002-2008 жж.) - 5 кезең (2009 жылдан басталады). Салық жүйесі – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мемлекеттік бюджетке алынуын қамтамасыз ету барысындағы іс шаралар жиынтығы. Салық жүйесі 3 негізгі элементтен тұрады: 1) Салық түрлері 2) Салық салу органдары 3) Салық механизмі – мемлекеттік бюджетке төленетін салықтар мен басқа да мәндеті төлемдердің толықтығы мен дұрыстығын, мерзімділігін қамтамасыз ету барысындағы іс-шаралар жиынтығы. (салық элементтері, салық салу әдістері, тәсілдері, салықтық болжау, жоспарлау, салық салу қағидаларынан тұрады) Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар: · салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек; · салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс; · салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды; · салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек. Салық жүйесінің міндеттері: · Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. · Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. · Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. · Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2.Қазақстан Республикасы салық механизміне не жататынын атаңыз? Нарықтықэкономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру ж/е оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық мехнизмін іске асыру. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салкдың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады. Салық механизмі-салық түрлері және олардың қызмет ету ерекшел.н ескере отырып жұмыс жасайтын әдіс-тәсіл, элемент, қағида және т.б жиынтығы.Салық механизмі: салық төлеу тәсілдері: Декларациялық – салық кезеңіндегі салық төлеушілердің салық салу объект саны, салық базасының шамасы және төленетін салық төлемдерінің мөлшері көрсетілген ресми өтінімі. Төлем көзінен -мұнда салық төлеушіге төленетн табыстан салық сомасы есептеледі. Кадастрлық –салық салынуға тиіс адамдардың тізім, тиісті объект.і ұдайы бақылау жолымен мезгіл-мезгіл құрастыратын жүйеленген мәліметтер жинағы (жер,көлік, мүлік мәлімет жинағы). Патент бойынша -арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжат. Салық элементтері: -Объектісі -заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету және т.б тауарлық материалдық игіліктер. - Субъектісі -салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар заңды және жеке тұлға. - Салық көзі -салық салынатын табыс. ССТ жылдық жиынтық табыс пен шегерімнің айырмасы ретінде анықталады. - Салық оклады -салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы. - Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға б.ты объектінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы айқындалады. - Салық төлеу мерзімі мен тәртібі -салықтар мен басқа да міндетті төлем.ң бюджетке төлену уақыты.Ай, тоқсан,жыл.- Салық ставкалары -бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді. - Салық жеңілдіктері -заңға сәйкес салық төлеушінің біртіндеп немесе салық төлеуден босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, шегерімдер, салық ствакасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту т.б жатады. -Салық төлеушілер мен салық қызмет орган.ң, салық агент.ң құқықтары мен міндеттері. Салық есебінің әдістері: Кассалық- салық төлеу міндеттемесі тауар жөнелтуден (қызмет көрсетуден, өнім өндіруден бастап) іске асырылады. Есептеу – салық міндеттемесі операция (қызмет көрсету, жұмыс істеу, өнім өткізу т.б) басталғанға дейін салық міндеттемесі іске қосылады. Салық салу қағидалары: Міндеттілік- салық төлеуші салық міндеттемесін салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті. Айқындылық -ҚР салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Әділдік – ҚР салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Салық заңнамасының жариялылығы – салық салу мәселелерін рет нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады. Салық жүйесінің біртұтастылығы -ҚР салық жүйесі ҚР.ң бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай жүйе болып табылады. 3.Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз? Салық төлеушінің құқығы: 1)қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы салық заңдарындағы өзгеріс туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алу; 2)салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны өзі немесе өзінің қкілі арқылы білу; 3)салық бақылау нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсідірме табыс ету; 4)Салық бақылауы нәтижелерін алу; 5)жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу туралы, жай күйі туралы көшірме алу. Салық кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдарының әрекетіне,әрекетсіздігіне шағым жасау. 7)Салық қпиясының сақталуын талап ету; 8)салық салуға қатысы жоқ ақпарат,құжатты табыс етпеу.
Салық төлеушінің міндеттері: 1)салық міндеттемесін дер кезінде, толық көлемде орындау; 2)салық қызметі органдарының заңды талаптарын орындау, қызметтік міндеттемелерін атқаруы кезінде заңды қызметіне кедергі жасамау; 3)нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарына салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беру; 4)салық есептілігі мен құжаттарды заңға сай тәртіпте табыс ету. 5)сауда операцияларын жасаған немесе қызмет көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалды жады бар бақылау касса машинасын міндетті түрде пайдалану және тұтынушы қолына бақылау чегін бере отырып жүргізу, салық органдарына уақытысында тіркелу; 6)салық төлеу объектілерін анықтау; 7)есептелген төлемдерді уақытылы бюджетке аудару; 8)әр салық түріне байланысты объектілер ерекшеленеді. Мысалы:ҚҚС ақашалай түрде,жер салығы өкілетті оргна бекіткен жер көлеміне, бонитетіне байланысты ставка. Салық есепьеу мерзімі әр салық түріне қарай ресрублика,жергілікті т.с.с. Жылдық,айлық, тоқсанды деп бөлінеді. Салық міндеттемесі дер кезінде орындалмаған жағдайда оны тездету амалдары: 1.салық сомасына өсімпұл есептеу; 2.банкте есеп айырысу шотын жабу; 3.касса бойынша операцияларын тоқтату; 4.кәсіпорындар мүлкіне шек қою.
4.Салық бақылауы мен салық тексерулері түрлерін атаңыз? Салық бақылауы- тек салық заңнамасының орындалуын салықтардың түрлерінің уақытылы және толық аударылуын тексеріп қоймайды.Сонымен қатар, басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық төленуін ҚР заңнамасындағы бұзушылықтарды жоюды бақылап,қадағылап отырады. Салық бақылауының негізгі мақсаты мемлекеттің кіріс бөліміне табысты енгізу ҚР заңнамасындағы бұзушылықтарды жою,салықты төлемеуді болдырмау. Салық бақылауы:салық төлеушілерді тіркеу есебі;салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;бюджеттік түсімдерді есепке алу;қосымша құн төлеушілерді есепке алу;салық тексерістері;камеральды бақылау;салық төлеушілердің қаржы шаруашылық қызметі,мониторингі;фискалды жады бар бақылау касса машиналарының қолдану ережелері;акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау, акциздік костылерді белгілеу;мемлекет меншігіне аударылған мүлікті есепке алу,бағалау және сату тәртібін тексеру. Жоғарыда көрсетілген салық бақылауы нысандарын бақылауды тек салық қызметі органдары жүзеге асырады. Салық кодексінде салық тексерулері мынадай түрлерге бөлінеді: 1)құжаттық тексеру; 2)рейдтік тексеру; 3)хронометражды тексеру. Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді: -кешенді тексеру-салықтық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру. -тақырыптық тексеру-салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру. Міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстап қалуды және есептеуді банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, ұйымдардың салық кодексінде белгіленген міндеттерінің орындалуын;трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша,акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуімен айналуы,мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша: · қарсы тексеру-егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұдғаларға байланысты салық төлеушінің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты тексеру қажет. · рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық тексерушілерге қатысты олардың ҚР-ның заңдарының жекелеген талаптарын атап айтқанда: 1)салық тексерушілердің салық органдарына тіркеу есебіне қойылуы; 2)фискалды жады бар касса машиналарын қолданудың дұрыстығы; 3)лицензияның,патенттің немесе өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы. Хронометражды зерттеу-салық органдары салық төлеушінің нақты кірісін және сол кірісті алуға байланысты нақты шығыстарды анықтау мақсатымен жүргізеді.Хронометражды зерттеу уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.Салық тексеруін жүргізу ҚР-ның заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға тиіс. 5.Салық саясатын қалай түсінесіз? Салық саясаты – мемлекеттің салық салу аясындағы жүргізіп отырған шараларының жүйесі. Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады. Салық саясатының мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпымемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады, яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді. Жоғары дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатын мемлекет өндіріс құрылымын өзгерту, аумақты экономикалық дамыту, халықтың табыстылық деңгейін көтеру мақсатында ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады. Салық саясатының міндеттеріне мыналар жатады: – жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау; – нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу). Осы салық саясатының әрқайсысы келесі талаптарға жауап беруі қажет: 1.Қоғамның даму заңдылықтарына сай салық саясатын ғылыми тұрғыда қарастыру; 2.Салық саясатының тұжырымдамасын өңдеу барысында нәтижелерді болжау; 3.Математикалық модельдеуді жан-жақты қолдану; 4.Салық төлеушінің қызметіне қолайлы жағдай жасау; 5.Елдің экономикалық даму кезеңіндегі нақты жағдайлар мен фактілерді ескеру және т.б.
6.Жылдық жиынтық табысқа (ЖЖТ) анықтама беріңіз? Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жылдық жиынтық табысы деген түсініктің астарында Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген заңнамаларға сәйкес күнтізбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табыстары жатыр. Резидент тұлға болып табылатын салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы болып республика бойынша және шеттен тапқан табыстары есептеледі,ал резидент тұлға болып есептелмейтін салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы болып оның республика өңірінде ғана алған табысы ғана есептеледі. Жылдық жиынтық табысқа тиелген тауарлар үшін, жасалған қызметтер, көрсетілген қызметтер мен басқа да операциялар үшін төленетін ақшалай немесе басқадай түрдеі құралдар жатады. Салықтар кез келген өркениетті мемлкеттердің негізгі кіріс көзі.ҚР-сы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше.Пайда дегеніміз-шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс. Ал табыс- шаруашылық субъектілердің өз тауарын,қызметін,жұмысын сатқаннан түскен түсім.Табыс категориясы қашанда пайда ұғымынан кең екендігі белгілі.Табыс бұл есепті кезеңдігі активтердің өсуімен міндеттемелердің азаюы. КТС кәсіпорындардың табысына салынатын тікелей салық,сондай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.Реттелетін салықтар бюджеттің әр деңгей арасындағы бөлінетін салықтар.Бекітілетін салықтар тек 1 бюджетке түсетін салықтар. Табыстар салығының салық салу объектілері болып: 1.ССТ 7.Жылдық жиынтық табыстың (ЖЖТ)түрлерін атаңыз? Жылдық жиынтық табыс – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:1)өткізуден түсетін-табыс;2)сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табысы;3)құн өсімінен түсетін табыс; 4)туынды қаржы құралдары бойынша табыс; 5)міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;6)күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;7)талап ету құқығын басқа біреуге беруден түсетін табыс;8)Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуғ келісім бергені үшін алынған табыс;9)Тіркелген активтің шығып қалуынан түсетін табыс;10)Бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;11)Өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;12)Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша өтемақылар.
8.Жылдық жиынтық табысты (ЖЖТ)бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма? Бухгалтерлік есептің ережесі бойынша ақша қаражаттардың барлық қозғалысы есепке алынады,ал салық есебінде барлық шығындар мен барлық табыстар есепке алынбайды.Табысқа түскен түсім мен шығысқа кеткен шығынды тану ережесі Салық кодексінің 86 бабында қарастырылған. Соған орай барлық табыстар мен шығындар табысқа салынатын салық бойынша салық базасын анықтауға қатыспайды. Осы бухгалтерік және салық есебіндегі айырмашылыққа әкеледі.Резидент заңды тұлғаның ЖЖТ осы тұлғаның ҚР-да ж/е одан тысқары жерлерде салыққ кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. ҚР-да қызмтін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық Кодексінің 198 бабында көрсетілген табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның ҚР-нан тысқары жерлердегі көздерден алынатын табыстары салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:1.жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы; Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.) |