АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТ 7 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

 

 

14.Тұрақты айырмаға қандай айырмалар жатқызылады?

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады. Уақытша айырма (немесе уақыт бойынша сәйкессіздіктер) - бұл есепті кезеңдегі салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыстың арасындағы айырмалар, бұл айырма табыс пен шығынның кейбір көздері салық салынатын табысқа енгізілетін кезең олар бухгалтерлік есепке енгізілетін кезеңмен сәйкес келмеуі себепті туындайды.
Тұрақты айырма –бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылықтар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы-айырмашылықтар.
Тұрақты айырма ретінде келесі айырмалар жатады:

*жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейнге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

*бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;

*нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді;

*қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды;

*марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі
- несие бойынша, соның ішінде қаржылық лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банк аралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

15.Залалдардың салық есебі дегеніміз не?

Залалдардың салық есебінде келесідей түрлері болады. 1.Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп келесілерді айта аламыз: түзетулер ескеріле отырып, шегерімдердің жылдық жиынтық табыстан асып түсуі; 2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал. 2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал:1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өтізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма; 3. Шығыстардың айқындалатын түсімдерден асып түсуі хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша залал болып табылады. 4.амортизацияға жатпайтын активтердiң өткiзiлу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма осындай активтердi өткiзуден шеккен залал болып табылады.

Залалдарды ауыстыру 1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кейінгі он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады. Ал амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзуден шеккен залалдар көрсетiлген құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде туындайтын залалдар, егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар болып табылмайтын тұлғалардың мүлкін құраса, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі.

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі. -Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден туындайтын залалдар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi. -Агенттiк облигацияларды өткiзуден туындайтын залалдар агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi. - Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналымы мерзімі ішінде ауыстырылуы мүмкін.

- Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші шеккен залалдар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.

Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, онда олар туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебінен өтелуі мүмкін.

16.Табыстар мен шегерімдерді түзетуді қалай түсінесіз?

Табыстар немесе шегерімдерді түзету келесі жағдайларда жүзеге асады: тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда; мәміленің шарттарын өзгерткенде; сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде; бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда; шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде түзетуге жатады.

Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор жақтан болғанда, ол: заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден; Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.

Табысты түзету: салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймағанда; заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде ғана жасалынады: талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда; талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.
Және де табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік

17.Тіркелген активті күрделі жөндеудің шығындары қайда апарылады?

Тіркелген активтерге келесілер жатады: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер; қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының басқару шарты бойынша немесе мүлікті басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Тіркелген активтерге жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді. Тіркелген активтерге жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.Бұл шығындар шегерімге жатқызылмайды. Яғни, толық ашып өтсем: күрделі жөндеу болғанда, оның шығындары апарылады: бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға; топтың актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады; топтың актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында құндық баланс қалыптастырады; салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құ­нын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады; жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады;

активтер бойынша пайдалы қазбаларды табудан шеккен шығыстардың бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңiнiң соңында, оның iшiнде мұндай сома салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болған жағдайда амортиза­цияланатын активтердiң тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтуға апарылады.

Жалпы алғанда күрделі жөндеу шығыстары салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға апарылады.

 

18.Тіркелген активті ағымдағы жөндеу шығындары қайда апарылады?

Тіркелген активтерге жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.

Ағымдағы жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.

Ағымдағы жөндеу шығыстары амортизация шығындарымен шегерімге жатқызылады, яғни өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған болса шегерімге апарылады.

Ғимаратты (құрылғыны, жабдықты, коммуникацияларды, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді) ағымдағы жөндеу – ғимараттың (құрылғының, жабдықтың, коммуникациялардың, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілердің) жарамдылығын немесе жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, шектеулі номенклатураның құрамдас бөліктерін нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген көлемде ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы оның ресурстарын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.

Құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының көлемі (ағымдағы жөндеу жұмыстарынсыз) келесі формуламен есептеледі:

Vs=Vб´(1–dr), (3) мұнда

Vб орындалған құрылыс – монтаж, жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі;

dr ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың үлес салмағы (ірі, орта кәсіпорындармен орындалған, мердігерлік жұмыстар көлемінің құрылымы бойынша)

№2 Кесте

№ р\н Көрсеткіш Көрсеткіштің атауы Ақпарат көздері
       
  Vб орындалған құрылыс – монтаж, жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі, мың теңге (2) формуласы Vб=Rs:n
  dr Ірі және орта кәсіпорындар орындаған мердігерлік жұмыстар көлемінің құрылымы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарының үлес салмағы, % Құрылыс ұйымдары орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы статистикалық байқау деректері

Қазіргі уақытта статистикалық басылымдарда күрделі жөндеу шығындарынсыз негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер жарияланады. Бұл жағдайда (3) формуласы пайдаланылады, онда dr – ағмдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының үлес салмағы.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)