|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Лекция №2Экожүйе түсінігі: Қазіргі халықаралық қатынастардағы экологиялық мәселер Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын. Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды. Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды. Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауiпсiздiк туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi. Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды iске асыру жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрледi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды. Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi экологиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық проблемалар мәртебесi сол күйiнде қалып отыр. Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде. Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған мiндеттердi шешу ұсынылады. Олардың iшiнде: экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйiне мониторингтiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады. 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтары
Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын көрсетедi. Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады. Осы Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы "Қазақстан - 2030" Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы Күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып әзiрлендi. Қоршаған ортаның жай-күйiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзе отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыруды көздейдi. Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеу. Екiншi кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру. Yшiншi кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаты, негiзгi мiндеттерi мен қағидалары Экологиялық қауiпсiздiктiң мақсаты Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаты табиғи жүйелердiң, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлердiң нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық қауiпсiздiктiң негiзгi мiндеттерi Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет: климаттың өзгеруi мен Жердiң озон қабатының бұзылуына душар ететiн антропогендiк әсердi азайту; биоәртүрлiлiктi сақтау және жердiң шөлейттенуi мен тозуының алдын алу; экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерiн оңалту; су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу; табиғи ластануларды, әуе бассейнiнiң ластануын, радиоактивтi, бактериологиялық және химиялық, оның iшiнде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу; өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерiн қысқарту; табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қойылған мiндеттердi шешуге: Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтiң экономикалық тетiктерiн жетiлдiру және жүйеге келтiру; табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру; қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық бiлiм беру, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткiзiледi.
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi қағидалары Мемлекеттiң экологиялық қауiпсiз дамуы мынадай қағидаттарға негiзделедi: табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкiндi шектерiн айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелi басқаруды қамтамасыз ететiн шектеулердiң, нормативтердiң және шаруашылық әрi өзге де қызмет жүргiзу ережелерiнiң ғылыми-негiзделген кешенiн енгiзу жолымен мемлекеттiң тұрақты дамуы үшiн барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелiк тәсiл; экологиялық қауiпсiздiктiң өңiрлiк және жергiлiктi мiндеттерiнiң экологиялық қатерлердiң алдын алудың жаhандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы; қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтiрiлген залалды өтеудiң мiндеттiлiгi (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейдi); өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелiгi (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары); шаруашылық және өзге де қызметiнiң қоршаған ортаға әсерiн одан кейiнгi экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың мiндеттiлiгi; халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы; халықаралық ынтымақтастықтағы әрiптестiк және халықаралық құқық нормаларын сақтау. Экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және оларды шешу жолдары Қоршаған орта және даму жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiк проблемалары оларды жаhандық ұлттық және жергiлiктi ретiнде шешудiң маңыздылығы мен деңгейiне байланысты қаралады. Жаhандық экологиялық проблемалар 1. Климаттың өзгеруi: "Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша ықтимал қатер төндiредi. Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды. Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады. Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу қажет. Талассыз экологиялық тиiмдiлiгiнен басқа, Киото хаттамасын бекiту бiздiң ел үшiн халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердiң экономикасына активтердi орналастыру мүмкiндiгiмен инвестор рөлiндегi бiрлескен жүзеге асыру жобаларына және "таза даму" процестерiне қатысу, өндiрiстiң энерготиiмдiлiгiн арттыру үшiн жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн көмiртегi кредиттерiн шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөнiндегi перспективаларды ашады. Киото хаттамасын бекiткеннен кейiн нақты жобалар мен iс-шараларды iске асыруды көздейтiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi 2015 жылға дейiнгi бағдарлама әзiрленетiн болады. 2. Озон қабатының бұзылуы Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады. 1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi. Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi. Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлуде. Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингiн жүргiзу. Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады. Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды. 3. Жердiң шөлейттенуi және тозуы Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды. Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн. 2004 жылдың барысында шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарлама әзiрлеу және бекiту қажет. Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн болдырмау және жердiң тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестiң экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру болмақ. Қазақстандағы ұлттық экологиялық апат аймақтары Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi зиян келтiрiлген Арал және Семей өңiрлерi экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдiң iшкi қауiпсiздiгiне нақтылы қатер болып табылады. Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елдi мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлiмiнiң, қан айналымы жүйесi ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердiң және ерте қартаю көрiнiсiнiң жоғары деңгейi байқалуда. Арал өңiрi экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елдi мекен) әсiресе әйелдер және балалар арасында асқазан-iшек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетiнеуi мен туа бiткен патологияның жоғары деңгейi байқалуда. Елдiң iшкi қауiпсiздiгiне қатердi жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жағдайын кешендi талдау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуiне баға беру, экологиялық талаптарды әзiрлеу және аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерiнiң салдарларын ескере отырып, сауықтыру-оңалту iс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейiн Халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзiрленуi қажет. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын және Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө Өкiмiмен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ. Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда. Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Улы қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегi үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.
Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.) |