АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Математика

Читайте также:
  1. В наш час дискретна математика є необхідною компонентою математичної освіти студента-фізика.
  2. До програми навчання Академії входили слов’янська, грецька, польська, латинська мови, граматики цих мов, риторика, діалектика, астрономія, математика, філософія, богослов’я.
  3. Математика
  4. Математика
  5. Математика
  6. Наука и математика
  7. СОВРЕМЕННАЯ МАТЕМАТИКА
  8. ТЕМЫ ДЛЯ РЕФЕРАТА: Естествознание и религия, естествознание и философия, естествознание и математика. «КСЕ»Бондарев В.П. москва 2003.

Жалпы орта білім деңгейінде математиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған: салалас пәндер мен қолданбалы есептерді шығару және сипаттау үшін математикалық модельдерді құрастыру мен зерттеу; математикалық материалдар бойынша есептерді шығару алгоритмдерін өздігінен құру және орындау; практикалық сипаттағы есептеулерді орындау; математикалық формулаларды қолдану және жеке жағдайларды жалпылау негізінде математикалық формулаларды өздігінен құру.

10-11 сыныптарда математиканы саралап оқыту, яғни «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» жүйелі курстарын оқыту жүзеге асырылады.

10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары курсын оқытуға бөлінген сағат саны оқу жылының басында әрбір сыныпта алдыңғы курстарда игерілген математикалық білімдерін қайталауға, тереңдетуге және жүйелеуге уақыт бөлуге; 10-11-сыныптардың екі бағыты бойынша алгебра және анализ бастамаларының оқу бағдарламаларында бірдей тақырыптарды беру арқылы оқушылардың ҰБТ-ге дайындауда математикалық материал мазмұнын меңгеруге бірдей жағдай жасауды қамтамасыз етуге; математикалық материалдың мазмұнын беру ретін жетілдіруге, оқу бағдарламасындағы материалды игеруге көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру, зерттеу дағдыларын, сондай-ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту көлемінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құралы әзірленіп, Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Әдістемелік құралда

«Математика» пәні бойынша қолданбалы курстың жобалау жолдары көрсетіліп, оны ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.

 

Алгебра және анализ бастамалары

Алгебра және анализ бастамалары курсымен орта мектептегі алгебраны оқыту аяқталады. Берілген курс анализ бастамаларына қатысты ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен, олардың тәжірибелік маңыздылығын айқындаумен сипатталады.

Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған; математикалық оқу қызметіне оқушыларды қатыстыруға, олардың математикалық материалды түсінуіне бағытталған жұмыстардың белсенді түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары»пәнін оқытудың


мақсаты – оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуге, қоршаған ортаның нысаналарын және саралас пәндерді игеруге қажетті математикалық ұғымдармен және олардың қасиеттерімен таныстыру.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі – адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі өмірде еркін бағдар алуға қажетті адам қызметімен байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Берілген курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және математика тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда тарихи мәліметтерді қарастырудың маңызы зор. Әсіресе тілдерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда математикалық терминдердің шығуы мен дамуына ерекше назар аударылғаны жөн.

Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім беру мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы үдерістер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады. Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады. 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары пәнінің қоғамдық- гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша сағат

саны: аптасына 3 сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 102 сағатты құрайды.

 

Геометрия

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі геометрия курсының мазмұны кеңістіктегі геометриялық фигураларды және олардың қасиеттерін, геометриялық шамаларды өлшеуді оқып білуді қарастырады.

10-11-сыныптарда геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде логикалық ойлауды одан әрі дамыту; тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту; кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту; геометриялық білім негізінде практикалық және математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту; бейнелік ойлауды дамыту; функционалдық сауаттылықты дамыту; графикалық сауаттылықты,


эстетикалық талғамды дамыту; геометрия тарихымен және оның ғылыми- техникалық прогрестің дамуына әсерін таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы. 10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты барлық оқушыларды одан әрі жоғары мектепте оқуын жалғастыруы үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету; оқушыларға сабақтас пәндерді оқып білуге қажетті геометриялық білім мен біліктер жүйесін меңгерту болып табылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны оқытудың міндеттері: болашақ практикалық қызметіне қажетті негізгі стереометриялық деректер мен әдістер туралы білім жүйесін қалыптастыру; дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын дамыту; жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білім қорын кеңейту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; күрделілігі әртүрлі суреттердегі геометриялық фигураларды танып білу, есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды пайдалану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігі мен дағдыларын дамыту; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны оқытудың міндеттері: кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру; кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; сызбалардағы кескіндері бойынша жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру; геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру; жазық


және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері мен геометриялық шамаларды табу туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білу біліктігін дамыту; жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру және дәлелдеу үшін геометриялық модельдер мен көрнекі құралдарды түсіне және пайдалана білу біліктігін дамыту.

10-11-сыныптардағы геометрия курсында кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы, екіжақты бұрыштардың геометриялық модельдерде (призма, пирамида, дұрыс көпжақтар және т.б.) қарастырылуы көрнекіліктермен баяндалуы қажет. Бұл «Геометрия» пәнін анағұрлым көрнекті етуге және стереометрияның теоремалары мен қасиеттерін иллюстрациялауға мүмкіндік береді. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіндеріне және олардың жазықтықпен қималарына назар аударған жөн. Есептерді шығару барысында оқушылар қандай формуланы пайдалану керектігін, яғни геометриялық фигураның оның өлшемімен байланысын анықтап алуы керек. Кейін есептің шартына байланысты немесе формулаға қажетті ішкі параметрлерінің барлық мәндерін тауып, формула бойынша есептеу жүзеге асырылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын оқып біледі. Бұл бағытта геометриялық білім мазмұнындағы көптеген теориялық деректер дәлелдеулерсіз қарастырылып, теоремалар мен қасиеттердің дәлелдеулері көрнекілік түсініктер негізінде берілуі және қарапайым деңгейдегі жаттығулармен шектелуі тиіс. Жекелеген тараулар түсініктермен, дәлелдеулерсіз және күрделі өзгеріссіз оқытылуы қажет.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; кеңістіктік фигуралардың теңдігін; дөңес фигураларды; геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштардың өлшемі, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын; кеңістіктік геометриялық фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін; геометриялық фигураның симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа қатысты симметрияларды) оқып біледі. Бұл бағытта оқушылардың бойында математикалық мәдениеттің қалыптасуына, әр оқушының интеллектуалдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар, кеңістіктік фигураларды салуға және денелердің


беттерінің ауданы мен көлемін табуға арналған қолданбалы есептерді қарастыру ерекше орын алуы тиіс.

«Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесі:

– қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына 1 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 34 сағатты құрайды;

– жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Информатика

10-11 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылады.

Информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және визуалды программалауды меңгеру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларда бастапқы теориялық білім мазмұнын қалыптастыру болып табылады.

Оқушылардың Информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық іс-әрекеттерге көңіл бөлген қажет. Осыған орай, әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Жобалық іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім өз қалауы бойынша өткен тараулардан алуға болады.

Білім беру сапасын жетілдіру мақсатында саралау, іс-әрекет, жеке- тұлғалық, құзыреттілік, жүйелік және т.б. педагогикалық тәсілдерді қолдануға ұсынылады.

Осы тәсілдер топпен жұмыс, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру, мәселелі-бағдарлы оқыту, ақпаратты жинауда, өңдеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан ойлауды қолдану, жобалық жұмыс, «Информатика» пәнінің қолданбалық сипатын көрсеу мақсатында басқа білім беру салаларымен кіріктірілген міндеттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Информатиканың бірінші сабағы есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техникасының ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруын қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында ҚР Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлу қажет.


Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.

Әр тарау соңында жобалық іс-әрекетке сағаттар қарастырылған. Информатиканы және оның тәжірибелік қосымшаларын терең оқуға қызығушылық танытатын оқушылар үшін таңдау курстарын ұйымдастыруға сағат сандарын көбейту мектептің құзырында.

Мұғалімдерге көмекші ретінде оқушылардың зерттеу дағдыларын, сондай- ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту көлемінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құралы, 10-11 сынып оқушыларына арналған дидактикалық материалдар әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz). Дидактикалық материалдар информатиканы оқытуда саралау тәсілін қолдануға мүмкіндік беретін деңгейлік тапсырмаларды қамтиды.

«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

 

5.3 «Жаратылыстану» білім саласы География

Жалпы орта білім деңгейіндегі «География» оқу пәнінің мазмұны алдымен, оқушылардың бойында Жер адамзат ғаламшары ретінде екендігі туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағдарлы түсінік қалыптастыратын, дүниетанымдық сипатымен анықталады. Оқу пәнінің мазмұны оқушылардың бойында әлемнің географиялық бейнесі жайлы біртұтас дүниетанымдық және жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білімнің тәрбиелік және дамытушылық сұрақтарын шешуде, жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен функционалдық сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.

География оқу пәні ретінде табиғат заңдарын, қоғамның материалдық өмірін, қазіргі әлем бейнесін тануда биология, химия, физика және басқа да білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі. 10-11- сыныптарда географияны оқыту екі бағытта жүзеге асырылады: қоғамдық- гуманитарлық (бұдан әрі – ҚГБ) және жаратылыстану-математика бағыттары (бұдан әрі – ЖМБ).

ҚГБ оқу материалының мазмұны өскелең ұрпақтың географиялық сауаттылығын арттыру, экономикалық-географиялық мәдениетін қалыптастыру үшін қажет білім мен біліктерді қамтиды.

ҚГБ оқытудың мақсаты оқушылардың елдерді оқу барысында жан-жақты экономикалық-географиялық, саяси-географиялық білімді, табиғат, қоғам және


экономиканың өзара байланысын түсінуге, функционалдық сауаттылықты тереңдетуге және оқушылардың бейінді-мамандық бағытын анықтауға бағытталған.

ЖМБ оқу материалының мазмұнында, жалпы географиялық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызы бар білім мен біліктіліктен басқа, болашақта мамандық алу үшін білімді жалғастыруға қажетті кең көлемді білім мен біліктілікке көп көңіл бөлінеді.

Мақсаты: қазіргі әлемдегі аймақтар мен елдерді оқу барысында оқушылардың географиялық заңдылықтар және экономикалық-географиялық, саяси-географиялық, дүниежүзілік шаруашылық туралы жан-жақты білім алулары, функционалдық сауаттылықты және оқушылардың бейінді-кәсіби бағытын тереңдету.

Міндеттері: алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту; дүниежүзі саяси картасы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдерін оқып-білу үдерісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын жалғастыру; табиғат және қоғамның өзара байланысын оның қазіргі даму кезеңі негізінде, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың маңызын, Қазақстан және әлем деңгейінде тұрақты даму проблемаларын географиялық тұрғыдан түсіну; табиғи, әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін меңгерту; ғаламшар мемлекеттерінің түрлерін, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау зерделеу; дүние жүзінің халықтарын, дүние жүзінің шаруашылық жүйесін, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету; оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал жасау.

Карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасаумаңызды болып табылады, әрүрлі экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және талдау барысында сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да мәліметтерді өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту; жоғары патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, белсенді азаматтық, өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.

«Даму стратегиясы», «индустриалды-инновациялық реформа», «тұрақты даму», «жасыл экономика», «геосаяси жағдайы» терминдерінің ғылыми- теориялық және практикалық мәнін зерделеу, сонымен қатар олардың аймақтық және жергілікті мәнін түсіну, Қазақстан Республикасы жаһандық геоэкономикалық кеңістікте ұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру


аясында тұрақты дамып келе жатқан ел туралы ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады.

ҚГБ және ЖМБ курстарында оқылатын материалдардың қамтылуы, тереңдігі және нақтылығы жағынан оқу мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныпта «Жалпы географиялық заңдылықтар», «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы», «ТМД елдері», 11-сыныпта елтану аясында шет елдер мен аймақтар қарастырылады.

Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады.

Сыныптар бойынша практикалық жұмыстар бағдарлама тақырыптарына сәйкес құрастырылған және олар түсіндіруге, салыстыруға, талдауға, сипаттауға, есептеуге, байланысын анықтауға, моделдеуге бағытталған. Олар балалардын шығармашылдықты, талдау жасауды талап етеді, дамытушы сипатқа ие. Сонымен қатар практикалық жұмыстардың мазмұны білімді функционалдық сауаттылықты дамытуға, жаңа технологияларды, жаңа әдіс- тәсілдерді қолдануға, ақпараттық-коммуникативтік әрекетті кеңейтуге бағытталған. Міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.

Туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы, табиғи кешенінің жағдайы, өлкетану мәселелері неғұрлым жоғары, талдамалық деңгейде оқытылады, Пән аясында сыныптан тыс географиялық, экскурсиялық- экспедициялық жұмыстар ұйымдастыру, қолданбалы курстар өткізу қажет

Бақылау түрлері: бақылау, өздік жұмыстары, тест тапсырмалары, ауызша жауап және сұхбаттасу.

Ағымдық бақылау жұмыстарын жазбаша және ауызша түрде жүзеге асыруға болады. Ағымдық жазбаша бақылау жұмыстарын өздік жұмыс немесе тест тапсырмалары арқылы өткізуге болады.

Тақырыптық бақылау бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарының негізгі сұрақтарын таңдау арқылы жазбаша түрде өткізуге болады.

Қорытынды бақылау жұмысын аралас сипаттағы жұмыстар немесе кешенді тестілеу арқылы өткізуге болады.

География пәнін оқыту арнайы жабдықталған және қажетті аспаптармен, құралдармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа құралдарымен, аудио және бейне материалдармен, оқытудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.

Мұғалімдерге көмек ретінде «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» әдістемелік құралы және

«Таңдауы бойынша курстардың мазмұны және ұйымдастырылуы бойынша талдамалы материалдар» талдамалы материалдар әзірленді және олар Ұлттық білім академиясының сайтында (www.nao.kz) орналастырылған.

География пәні бойынша сағат саны:

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;


жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.

 

Биология

10-11-сыныптарда «Биология» пәнін оқудың мақсаты 6-9-сыныптарда игерілген материалдарды тереңдетіп қарастыру негізінде органикалық әлемнің тұтас көрінісін қалыптастыру және білік пен дағдыларды одан әрі дамыту болып табылады.

Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:

- органикалық әлемнің тұтастығы мен әр түрлілігі, өмірдегі үдерістер мен құбылыстар, себеп-салдарлы байланыстар туралы ғылыми түсініктердің қалыптасуы; оқушылардың ғылыми таным әдістерін меңгеруі;

- оқушылардың ғылыми-жаратылыстану жүйесіндегі басқа пәндердің мазмұнымен кіріктіру арқылы білімдерін қалыптастыру;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

- сын тұрғысынан ойлауды зерттеу дағдыларын дамыту;

- биологияның тұрақты дамудағы, жасыл экономиканы жүзеге асырудағы маңыздылығын, адамзаттың проблемаларын шешудегі рөлін ашып көрсету;

- тұлғаны табиғатты сүюге тәрбиелеу, олардың патриоттық сезімдері мен азаматтық көзқарастарын қалыптастыру;

- органикалық әлемнің тұтастығы мен әр алуандығы, өмірдегі үдерістер мен құбылыстар, себеп-салдарлы байланыстар туралы ғылыми түсініктердің қалыптасуы; оқушылардың ғылыми таным әдістерін меңгеруі.

10-11 сыныптарда «Биология» пәнін оқыту орта мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген) жүргізілуі тиіс. Практикалық және лабораториялық жұмыстарға, функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында, әсіресе, ғылыми жобаларға ерекше көңіл бөлу қажет.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда «Биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты жоғары мектепте одан әрі оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен барлық оқушыларды қамтамасыз ету болып табылады: тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалытастыру.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытында пәнді оқытудың міндеттері келесідей анықталған: органикалық табиғат туралы, оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; жасушадағы органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру, биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту; организмдердің жеке даму заңдылықтары туралы көзқарастарын кеңейту; генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; түр


және оның критерийлері түсініктерінің мәнін ашып көрсету, эволюциялық ілім негіздері туралы білімдерін қалыптастыру.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарда «Биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі, жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тереңдетілген деңгейде тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; органикалық дүниедегі көбейу тәсілдерінің және жасушалардың бөліну типтері туралы білімдерін қалыптастыру; жасушалық теорияның негізгі қағидаларының білімін қалытастыру; табиғатты қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының білімін қалыптастыру.

Жаратылыстану-математика бағытында пәнді оқытудың міндеттері келесідей болып анықталады: органикалық табиғат туралы оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өз бетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту; органикалық дүниенің дамуына негізі болатын генетикалық заңдылықтар туралы түсініктерін кеңейту; қоршаған ортаны қорғау жұмыстарында және генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; пәннің және экологиялық факторлардың рөлін ашып көрсету; экожүйе, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету; адам әрекетінің әсерін және осы әсердің нәтижесін ашып көрсету; табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерін ашып көрсету; эволюциялық ілім негіздерінің білімін қалыптастыру; тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; селекцияның және биотехнологияның негіздерін сипаттау; биосферадағы тұрақты тепе- теңдікті сақтауға қажетті адамның антропогендік әрекетінің нәтижесін бағалау үшін биологиялық білімді қолдана білуді қалыптастыру, өздігінен білім алу уәжін қамтамасыз ету.

10-11-сыныптарда биологияны оқудың ерекшелігі «Жалпы биология» бөлімін оқып білу болады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны оқушылардың биологиялық мәдениетін дамытуға, алдыңғы сыныптарда меңгерген білімдерін тереңдетуге бағытталған.

Жалпы биологияны жаратылыстану-математикалық бағыт аясында оқыту бүгінгі күнде биологиялық ғылым дамуының негізгі бағыттарын бейнелейтін жуйелі оқытуды ұйымдастыруды ойластырады. Сонымен қатар биология сабақтарында өзекті экологиялық проблемаларды шешу де қарастырылуы тиіс.

Биология пәнінің мазмұны оқытудың бағытына байланыссыз оқушылардың дүниетанымдық принципін дамытуды және олардың өздігінен кәсіби бағытын таңдай білуін дамытуды көздейді.


Биологияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрнекілік және зертханалық аспаптар мен құрылғылар, интернет ресурстар, техникалық оқыту құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Биология пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

 

Физика

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» пәнін оқытудың басты мақсаты – білім, білік және дағдыларды меңгеру негізінде әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды қалыптастыру.

Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі:

– қазіргі жаратылыстанудағы физиканың маңызын түсіндіру және физика ғылымының әдістерін меңгерту негізінде ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;

– оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту;

– оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға;

– қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;

– базалық білім негізінде экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.

Қазіргі қоғамға бейімделу үшін базалық деңгей негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.

«Физика» пәнін оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасындағы талаптардың ерекшелiктері, яғни оқушылардың өз бетінше жасайтын практикалық және жобалық жұмыстардың орындалуына мән беріледі. Пәнішілік және пәнаралық байланыстар, оқу процесінің логикасы, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.

«Физика» пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында тарихи материалдар мен айғақтарға айтарлықтай назар аударылады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады.

Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника»,

«Медициналық техника», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология»,

««Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», және т.б.


Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсының мақсаты оқушылардың әлемді диалектика-материалистiк тұрғыдан тану көзқарасын қалыптастыру.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қамтамасыз етіледi:

- қазіргі әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін ұсыну; физикалық құбылыстарды әр жағынан және әртүрлі жағдайда қарастыру дағдысы;

- физикалық жүйені анықтау және олардың арасындағы байланыс орнату;

- физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін салыстыру және ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;

- физикалық құбылысты танудың теориялық және эксперименттік әдісін қолдану; физиканың заңдарын практикада қолдану;

- әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;

- физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену; қазіргі жаратылыстану ғылымының мазмұнының мәселелерiн талқылау кезінде оппоненттiң пiкiрiне орынды қатынас және тапсырмаларды бірлесе орындау үдерісінде ынтымақтастықтың тiлегi;

- қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезімі, жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін пайдалануды бағалауға дайындық; ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Физиканы оқығанда пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу үдерісінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында адамзат қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық білімдерді органикалық үйлестіру, физикалық тәжiрибелерді орындағанда оқушылардың дағдыларын дамыту және қазiргi заманғы техникада қолданылатын физиканың ең маңызды жетiстiктерін таныстыру ескерілуі қажет. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады. Пән -оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жасау қабiлеттiлiктерiн дамытуға, бақылау жүргізу және эксперименттік тапсырмаларды орындау, жобалау жұмысын жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.

Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника»,

«Медициналық техника», «Физикалық есептерді компьютер көмегімен шешу»,

«Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника негіздері», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу технологиясы», «Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері», «Физикадан эксперименттік есептер шешу» және т.б.

Мұғалімдерге көмек үшін дайындалған ««Жаратылыстану» білім саласы аймағы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты


(Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz)) әдістемелік құрал ұсынылады.

10-11-сыныпта мұғалiм физика кабинетіндегі оқу жабдықтары, құрылғылар және электрондық оқу құралдарының мүмкіндігіне қарай өзі практикалық және зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға құқығы бар.

Лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикум жұмыстарын (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерлерде) өткізу барысында сыныптың барлық оқушыларын бағалау міндетті болып табылады. Практикалық жұмыстар өткізу барысында (жұмыс дәптерлерінде) сыныптың барлық оқушыларын бағалау міндетті емес.

«Физика» пәнінен оқушылардың үй жұмысы – оқу үдерісіндегі қажетті элементтердің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ол сабақ кезінде алынған білімді бекітуге және тереңдетуге ықпал етеді.

Үй жұмысын ұйымдастыруда төмендегілер ескерілуі қажет:

1) « Физика» пәнінен үй жұмысын тек оқулық параграфтарын жаттау, есептерді орындаумен шектеуге болмайды. Шығармашылық, эксперименттік сипаттағы және проблемалық элементтері бар тапсырмаларды көбірек қолдану қажет;

2) үй жұмысына оқушыларды өз іс-әрекетінің нәтижелерін өздері талдауға бағыттайтын элементтерді қосу қажет;

3) мазмұны мен орындау формасы бойынша сантүрлілігімен ерекшеленетін үй жұмыстарын қолдану қажет;

4) үй жұмысының мазмұны мен көлемін анықтауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет.

«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат; 11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.

жаратылыстану-математикалық бағыт:

10-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат; 11-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат.

 

Химия

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған

«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың химия бойынша теориялық білімін білік пен дағдыларын дамыту арқылы әрі қарай тереңдету, оларды оқуды жалғастырғанда және болашақ кәсіптік іс-әрекеттерінде қолдану, заманауи химиялық технология мен өндіріс саласында білім мен дағдысын дамыту, экологиялық мәдениетін дамыту.

Оқыту міндеттері:

- химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімін, практикалық біліктігін дамыту;

- табиғатта, лабораторияда, өндірісте және күнделікті өмірде жүретін химиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру дағдыларын игеру;


- химиялық тәжірибелерді жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, химиялық заттар мен зертханалық құралдарды қолдана білу дағдысын жетілдіру;

- эксперименттік жұмысты жүргізу барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілетін дамыту, химиялық білімді өздігінен игеру қажеттілігіне дағдыландыру;

- химияға ғылыми-жаратылыстанудың іргелі компоненттерінің бірі ретінде және жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарастарын дамыту;

- химияның қоғамдық мәнін, гуманистік бағыттылығын, оның адамзат алдында тұрған проблемаларды шешудегі өскелең рөлін ашып көрсету;

- химиялық құбылыстар мен заттардың қасиеттерін, оларды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз қолдануды, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құбылыстарды ескертуді түсіндіру үшін химиядан алған теориялық білімді қолдану.

Химия пәнінің мұғалімі жаратылыстану-математикалық сыныбындағы сабаққа дайындалу кезінде химиялық материалдың мазмұнының физикалық- математикалық аспектісін, сондай-ақ оқушылардың кеңістіктік қиялын, ойлаудың талдаушылық сапасын, таңбалар мен сандарды абстракциялау және пайдалану қабілеттерін дамытатын оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілдерін ойластырған жөн. Сонымен бірге, нақты ғылым ретінде химияның математикалық аппаратын күшейту маңызды.

Химиялық білім мазмұнының физикалық компоненті химиялық материалды түсіндірген кезде физикалық заңдар мен теорияларды пайдалануды; физикалық шамаларды қолдануды және олардың арасындағы функционалдық тәуелділікті анықтауды; зерттеудің физикалық және химиялық әдістері арасындағы өзара байланысты орнатуды талап етеді.

Химиялық білім мазмұнындағы математикалық компонент химиялық заңдар мен теорияларды негіздеуде математикалық дәлелдеу әдістерін; химиялық заңдылықтарды бейнелеп көрсету үшін графиктерді; заттардың қасиеттеріне молекулалардың кеңістіктік пішінінің әсерін негіздеу үшін геомериялық ережелерді; химиялық есептерді шешу үшін математикалық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін және т.б. пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Химия курсы мазмұнының биологиялық компоненті заттардың химиялық қасиеттерін және олардың биологиялық функцияларын түсіндіру үшін химия және биология бойынша білімдердің кіріктіру; биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде химиялық теорияларды пайдалану; табиғатта және адамның ағзасындағы биологиялық үдерістерді модельдеуші химиялық экспериментті жүргізу; пән аралық (химиялық-биологиялық) мазмұнды химиялық есептерді пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың химия бойынша білімдерін және қоршаған болмыстың ғылыми-жаратылыстану сипаты туралы түсініктерін


жетілдіру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін, әмбебап коммуникативтік дағдылары мен функционалдық сауаттылықтарын дамыту, денсаулыққа және қоршаған табиғатты қорғауға деген экологиялық-гуманистік қатынасқа тәрбиелеу болып табылады.

Теориялық және практикалық мәселелерді қарастыруда оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуларына басымдылық беріледі. Химиялық эксперимент оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға және қолданбалық сипаттағы жаңа білімді алуға, танымдық есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін химиялық экспериментті таңдауда гуманитарий оқушылардың танымдық қызығушылығы мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған байланысты гуманитарий-оқушылар үшін химиялық эксперимент:

- оқылатын материалға қызығушылықты қалыптастыру үшін тиімді болуы;

- оқылатын заттар мен химиялық үдерістердің практикалық мәнін көрсетуі;

- табиғатта болып жатқан үдерістерді модельдеу (фотосинтез кезінде оттектің бөлінуі және оны табу) немесе экологиялық зілзалалардың салдарынан болатын зардаптарға имитация жасауы;

- тарихи материал негізінде химиялық экспериментті қайта жасауы қажет. Химияны оқыту үдерісі арнайы жабдықталған кабинетте – химиялық реактивтер, зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар, диа-, кино- және бейнефильмдер, басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге

асырылады.

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде болуы мүмкін:

- зерттеу жобаларын ұсыну және қорғау;

- олимпиада, байқау, тақырыптық кештер өткізу;

- қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар;

- химия ғылымы мен өндірісі орындарына танымдық саяхаттарды ұйымдастыру;

- қашықтықтан оқыту, он-лайн сабақтарына, олимпиадаларға, тестілеулерге қатысу.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұсынылады:

- дидактикалық және мультимедиалық ресурстарды пайдалана отырып, оқу материалын меңгеруге бағыттап оқытуды ұйымдастыру;

- әртүрлі ақпарат көздерімен қосымша оқу және анықтамалық әдебиетпен, мәліметтердің электрондық базасымен, каталогтармен және картотекалармен өздігінен жұмыс істей білуді дамыту;

- диаграммалар, сызбалар, талдау және қорытындылау кестелерін жасау, оқу материалын суреттеу, сипаттау, салыстыру, талдай білуді қалыптастыру;


- денсаулық сақтау мен экологиялық аспектілерін ескере отырып, оқытудың өмірмен, химиялық өндіріспен және технологиялық үдерістермен байланысын күшейту;

- зертханалық тәжірибелерді, тәжірибелік және зерттеу жобаларын, шығармашылық тапсырмаларды өздігінен орындауды ұйымдастыру. Оқушылардың өздігінен орындаған презентацияларын таныстыруды, оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде, әрбір тоқсан аяғында өткізіп тұру ұсынылады.

- химиялық өнеркәсіп пен өндірістің аймақтық дамуы және химиялық ластанудан жергілікті табиғат ландшафтын қорғау мәселелерін оқыту процесінде пайдалану;

- оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын байыту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізу, қажетті дәлелдемелер жүргізу, қорытындылау және жинақтау жасау.

10-11-сыныптардағы алғашқы сабақ «Қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулықтар» тақырыбында, сынып журналына жазу арқылы өткізіледі (ҚТ б-ша алғ.нұсқау.,Сабақ тақырыбы).

Мұғалімдерге көмекші ретінде оқушылардың зерттеу дағдыларын, сондай- ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту көлемінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құралы, 10-11 сынып оқушыларына арналған дидактикалық материалдар әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz).

Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде дайындалған ««Жаратылыстану» білім саласы аймағы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құрал ұсынылады және ол Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz).

«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

жаратылыстану-математикалық бағытында:

10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағаттан; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағаттан. қоғамдық-гуманитарлық бағытында:

10-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағаттан; 11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағаттан.

 

5.4 «Адам және қоғам» білім саласы Қазақстан тарихы

Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.

Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.

Қазақстан тарихы пәнінің негізгі оқиғалары, соның ішінде Тәуелсіз


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.051 сек.)