АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Проекта «Школа волонтеров», направленного на укрепление внутреннего актива

Читайте также:
  1. B. Взаимодействие с бензодиазепиновыми рецепторами, вызывающее активацию ГАМК – ергической системы
  2. II. Условия внутреннего спроса
  3. III. Описание проекта
  4. Активаторы процесса коррозии и ускорение разрушения металлов
  5. Активация жирных кислот
  6. Активация своего внутреннего центра, места Силы
  7. Актуальность проекта
  8. Анализ безубыточности проекта
  9. Анализ финансового риска инвестиционного проекта
  10. Анализ чувствительности денежных потоков проекта
  11. Анализ эффективности инвестиционного проекта
  12. Аннотация проекта

Жыл

«Жас Отан» ЖҚ ішкі активін нығайтуға бағытталған «Еріктілер мектебі» жобасының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты – Жас Отан» ЖҚ ішкі активін қалыптастыру және нығайту.Міндеттер:

1. «Жас Отан» ЖҚ қызметіне еріктілерді тарту арқылы жобаларды сапалы жүзеге асыру («Ардагерлерді ардақтайық», «Жастар-Ауылға», «STOPҚылмыс», т.б.)

2. «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне еріктілерді даярлау бойынша білім беру модулдерін әзірлеу;

3. Практикалық және теориялық тапсырмаларды қолдану арқылы кезеңдік оқыту жолымен

«Жас Отан» ЖҚ ішкі жастар активін қалыптастыру; 4. Жоба еріктілерінің бірыңғай деректер базасын жасау;

5. «Жас Отан» ЖҚ қолдаушылар санын арттыру.

 

Жұмыс форматы:

 

Жоба «Жас Отан» ЖҚ ішкі активін қалыптастырып, дамыту және ілгерілеу мақсатында жүзеге асырылады. Жоба «Жас Отан» ЖҚ жүйелі қызметін нығайтуды қамтиды.

Жобаға 16 - 29 жас аралығындағы көшбасшылық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі оқыту курсын өтуге ниетті кез-келген жас қатыса алады. Жобаға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады.

Жобаның басты идеяларының бірі болып «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге еріктілерді даярлау бойынша білім беру модульдерді қалыптастыру табылады. Модульдерге шетел тілін және Қазақстан тарихын оқыту енеді. Осылайша, дәрістер, тренингтер, семинарлар өткізу арқылы «Жас Отан» ЖҚ белсенділер топтары қалыптастырылады. Оның қатысушылары Қазақстан тарихы және ұлттық мәдени құндылықтар жайлы сапалы коммуникативті біліктер мен білімдерге ие болады.

Жоба жұмысты жүйелі қадағалау үшін әр аймақта координатор тағайындауды көздейді. Координатор аймақта жобаны жүзеге асыруға жауап береді, жағымды жағдайлар жасап, «Жас Отан» ЖҚ іщкі активінің құрамына енгізу үшін үміткерлерді іріктеумен айналысатын болады. Жоба координаторының қызметі келесідей функциялармен айқындалады:

1. ақпараттық (еріктілердің оларға қажетті ақпаратты уақытында алудағы жауапкершілігі);

2. ұйымдастырушылық (жоба жұмысының ішкі кестелеріне сәйкес, жүйелі жұмыс жүргізу);

3. коммуникативті (еріктілер арасында жағымды психологиялық атмосфераны қамтамасыз ету және қолдау);

4. әкімшілік (бақылау);

5. креативті-шығармашылық (жоба аясында жеке қажеттіліктері мен қабілеттеріне орай координатордың қызметінің кеңеюі).

 

Жобаға қатысуға үміткерлерді тарту ЖОО-лар, колледждер және мектептерде жастар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Іріктеу кезеңі формальді критерийлер арқылы «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалдарында сұхбаттасу форматында өтеді.

Әңгімелесу кезеңінде негізгі қаралатын критерийлер:

Жасы

Білімі

Қоғамдық жұмыстағы тәжірибесі

Жетістіктері

Үміткердің өзін-өзі қалыптыстырудағы дағдыларын дамытуы.

 

Әңгімелесу кезеңінен өткен үміткерлерге «Еріктінің жеке кітапшасы» беріледі. Кітапшада үміткердің қатысқан іс-шаралары тіркелетін болады. Жобаға қатысуға өткен барлық үміткерлер жоба іс-шараларына сәйкес арнайы оқыту (семинар, тренинг) шараларына қатысатын болады. Барлық практикалық қатысқан шаралары «Еріктінің жеке кітапшасына» тіркелетін болады.

Осылай түрлі семинарларға қатысу арқылы әрбір үміткер өзінің жеке белсенділігін, өз жұмысына шығармашылық көзқарасын қалыптастыратын болады. Барлық үміткерлер «Жас Отан» Жастар қанатының қатарында болады.

Жобаны жүзеге асыру механизмі

 

Әрбір жобаға қатысушының жеке дамуы үшін эмоционалды интеллектін, стресске шыдамдылығын өсіруге арналған өзін-өзі оқыту әдісі, сондай-ақ, мақсатқа жетуге арналған функционалды білімдерді жоғарылату және жоғары білімді азамат ретінде тәрбиелеу мақсатында түрлі сабақтар оқытылатын болады. Осы арқылы жоба кезең-кезеңімен жүретін болады.

 

1 кезең (ұйымдастыру және оқыту шаралары)

Ø Жоба жайлы барлық ЖОО\ ОАОО\ мектептерде презентация жүргізу;

Ø Үміткерлерді таңдау;

Ø Жобаның негізгі мақсатын түрлі семинар, лекция, тренигтер арқылы түсіндіру.

 

2 кезең (оқыту шаралары)

Ø семинар, трениг, лекциялар арқылы білім беру.

3 кезең (ұйымдастыру-практикалық шаралары)

Ø «Жас Отан» ЖҚ жобалары аясында өткізілетін шараларға қатысу.

 

«EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге белсенділерді дайындау блогы

 

Ø Қазақстан тарихы мен ағылшын тілін білу міндетті;

Ø Коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тренигтер жүргізу;

Ø Практикалық тапсырмалар арқылы салт-дәстүрлер, Қазақстан Республикасының заңдары туралы білімін жетілдіру.

 

Еріктілерді көтермелеу (марапаттау) формасы

1. Үздік еріктілерді «Жас Отан» ЖҚ төсбелгілері мен арнайы дипломдармен марапаттау;

2. Ең жақсы жұмыс істеген еріктілер жайлы «Жас Отан» ЖҚ сайтында, түрлі газетжурналдарда түрлі мақалалар жариялау;

3. «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырған республикалық, халықаралық шараларға қатыстыру.

Күтілетін нәтиже

Ø «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалдары жанынан ішкі актив құрылып, Жобаға қатысушы үміткерлердің сапалық-сандық құрамы, командалық жұмыс істеу стилі қалыптастырылады;

Ø «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге еріктілер даярланады;

Ø «Жас Отан» ЖҚ жобалары сапалы жүзеге асырылады.

Медиа қолдау

Ø Республикалық, жергілікті БАҚ-тарда жариялау;

Ø Республикалық, жергілікті БАҚ-тарда жобаға қатысушы үміткерлерден сұхбат алу;

Ø Интернет кеңістігінде ақпараттандыру (блогтар, твиттер, инстаграм, фэйсбук және т.б).

 

 

 

КОНЦЕПЦИЯ

проекта «Школа волонтеров», направленного на укрепление внутреннего актива

МК «Жас Отан»

 

Год


1 | 2 | 3 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)