АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тарау. ЭКСГУМАЦИЯ

Читайте также:
  1. Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  3. Тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ

225-бап. Эксгумациялау үшін негіздер

1. Егер:
1) адамның мәйiтін қарап-тексеру, оның iшiнде оны қосымша немесе қайталап қарап-тексеру;
2) тану үшiн көрсету;
3) сараптама үшін үлгілер алу және сараптама жүргізу;
4) іс үшін елеулі маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау талап етiлгенде, адамның мәйiтiн жерленген жерiнен шығарып алу (эксгумация) жүргізіледі.
2. Эксгумация сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сот санкциялаған уәжді қаулысы негізінде жүргiзiледi. Эксгумацияның жүргізілетіні туралы қайтыс болған адамның туыстарының біреуі хабардар етіледі.
Эксгумациялау туралы қаулы адам жерленген жердің әкiмшiлiгi үшiн мiндеттi болып табылады.

226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тәртібі

1. Эксгумациялау жүргізу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында эксгумациялау жүргізу туралы өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны прокурорға жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің эксгумация жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
2. Прокурор ұсынылған материалдарды қарап, өтінішхатты қолдайды не оны қолдаудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхатты қолдаған кезде прокурор шығарылған қаулы мен материалдарды сотқа жібереді.
Прокурордың өтінішхатты қолдаудан бас тартуы осындай өтінішхатпен қайталап өтініш жасауға кедергі келтірмейді.
3. Эксгумациялауды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды.
4. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап, эксгумациялауды санкциялау туралы не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Қаулы прокурорға және эксгумациялау туралы қаулы шығарған қылмыстық қудалау органына орындау үшін жіберіледі.
5. Эксгумациялау жүргізу туралы немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

227-бап. Эксгумациялауды жүргізу тәртібі

1. Эксгумациялауды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық қызметке алдын ала хабарлай отырып, адам жерленген жердiң әкімшілігі сот медицинасы саласындағы маманның қатысуымен жүргізеді.
Эксгумациялауды жүргізу кезінде эксгумациялау туралы қаулы шығарған, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қатысады.
2. Адамның мәйiтін тану мен қарап-тексеру, үлгiлер алу эксгумациялау орнында жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Эксгумациялаудан кейiн адамның мәйiті өзге де зерттеулер жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жеткiзiлуi мүмкiн.
4. Анықтау органдары эксгумациялау жүргiзуде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жәрдемдесуге мiндеттi.
5. Эксгумациялаудың барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабының талаптары сақтала отырып жасалатын хаттамада көрсетіледі.
Хаттамада:
1) тергеу әрекетi жүргiзілген күн, уақыт пен орын;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы;
3) эксгумациялауға қатысқан сот медицинасы саласы маманының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) қайтыс болған адамның қатысқан жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күні, туған жері, тұрғылықты жері;
5) эксгумациялау жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдар туралы мәліметтер;
6) жүргізілген фотосуретке түсіру, дыбыс-, бейне- және кинотүсіру немесе өзге де жазып алатын ғылыми-техникалық құралдардың пайдаланылғаны туралы белгі және олар туралы мәліметтер;
7) жерленген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қайтыс болған күні, сондай-ақ эксгумациялау кезіндегі барлық әрекеттер мен барлық табылғандар олардың жүргізілу және табылу ретімен;
8) тергеу әрекетіне қатысатын адамдардың ескертулері;
9) эксгумациядан кейін адам мәйіті жіберілген мекеме не осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде табылған, іс үшін маңызы бар, өзге де нәрселер көрсетіледі.
6. Тергеу әрекетіне барлық қатысушылар эксгумациялау туралы хаттамаға қол қояды. Егер хаттама бірнеше бетте жасалса, тергеу әрекетіне қатысушылар оның әрбір парағына қол қояды.
Егер эксгумациялау кезінде фотосуретке түсіру, бейне- және кинотүсіру немесе өзге де жазып алатын ғылыми-техникалық құралдар пайдаланылған болса, онда фотосуреттер, таспалар немесе өзге де ақпарат жеткізгіштер хаттамаға қоса беріледі.
7. Егер мәйітті тану, қарап-тексеру, үлгілер алу басқа жерде жүргізілген болса, бұл туралы жеке хаттама жасалады.

228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйiтін жерлеу

Эксгумациялаудан және одан кейiнгi процестік әрекеттерден кейін адамның мәйiтін жерлеудi оның қаулысы бойынша эксгумация жүргізілген адамның қатысуымен жерлеу орнының әкiмшiлiгi жүргiзеді. Адамның мәйiтін жерлеу туралы хаттама жасалады.

Тарау. ТАНУ

229-бап. Тану үшiн көрсету

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұрын байқалған адаммен немесе объектiмен ұқсастықты немесе айырмашылықты анықтау мақсатында адамды немесе нәрсені тану үшiн куәға, жәбiрленушiге, күдіктiге көрсете алады. Тану үшiн мәйiт те көрсетiлуi мүмкiн.
2. Танушы адамдардан тиiстi адамды немесе нәрсені қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай белгiлерi мен ерекшелiктерiне қарай тани алатыны туралы алдын ала жауап алынады.

230-бап. Тану үшiн көрсету тәртiбi

1. Танылуға тиiс адам танушы адамға жынысы бiр, сыртқы пiшiнi мен киiмiнде айқын айырмасы жоқ өзге адамдармен бiрге көрсетiледi. Тану үшiн көрсетiлетiн адамдардың жалпы саны кемiнде үш адам болуға тиіс. Бұл қағида адам мәйiтін тану үшін көрсетуге қолданылмайды.
2. Тергеу әрекетіне өздерінің арасында танылуға тиiс адам болған өзге де адамдардың қатысуы тек олар ерiктi түрде келiскен кезде және танушы адам олармен көрінеу таныс болмаған жағдайда ғана мүмкiн болады.
3. Әдетте мәйiттің жеке өзі көрсетiледi. Апаттар туралы iстер және құрбан болғандардың саны айтарлықтай болған басқа да iстер бойынша мәйiтті тану үшiн көрсету жалпы қаза болғандармен бiрге жүргізілуі мүмкiн. Қажет болған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқауы бойынша мәйiттi танушы адамға көрсетудің алдында маман мәйiтті гримдейді («жасандырады»). Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның адам мәйiті қойылған жерде сақталуын қамтамасыз ету туралы нұсқауы тану үшiн көрсетуді жүргізуге қажеттi уақыт кезеңiнде орындалуға мiндетті.
4. Егер танушы адам куә немесе жәбiрленушi болса, оған тану үшін көрсетудің алдында айғақтар беруден бас тартқаны үшiн, көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, оған – өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына, ал дiни қызметшiге тәубеге келу үстiнде өзiне сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiледi.
5. Тану үшін көрсетуді бастаудың алдында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам танылуға тиiс адамға өзге де адамдар арасында кез келген орынды таңдап алуын ұсынады, бұл хаттамада көрсетiледi.
6. Адамды тану үшін көрсету мүмкiн болмаған кезде тану үшін көрсету сыртқы пішіні танылуға тиіс адаммен мүмкіндігінше ұқсас, бір мезгілде кемінде үш басқа адамның фотосуреттерімен бірге көрсетілетін оның фотосуреті, сондай-ақ дыбыс және бейне жазба бойынша жүргізілуі мүмкін.
7. Нәрсе кемiнде үш бiртектес нәрселер тобында көрсетiледi. Нәрсені тану үшін көрсету кезінде соған ұқсас объектiлердi таңдап алу мүмкiн болмаған немесе қиын болғанда тану үшiн көрсету жалғыз көрсетілген дана бойынша жүргiзiледi.
8. Танушы адамға өзi ол туралы айғақтар берген адамды немесе нәрсені көрсету ұсынылады. Жетелеуші сұрақтар қоюға жол берілмейді.
9. Егер танушы адам өзіне көрсетiлген адамдардың біреуін немесе нәрселердің бiрiн көрсетсе, оған бұл адамды немесе нәрсені қандай белгiлерi немесе ерекшелiктерi бойынша танығанын түсiндiру ұсынылады.
10. Тану үшiн көрсету оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледі.
11. Танушы адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүрiс ерекшелiктерi бойынша тану кезiнде адамды тану үшiн көрсету танылуға тиіс адамның танушы адамды көзбен шолып байқауын болдырмайтын жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Танушы адамға тану үшiн көрсетiлген адамдарды жеткiлiктi түрде көзбен шолып байқау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
12. Адамды сол бір белгiлерi бойынша сол бір танушы адамның қайталап тануы жүргiзiлмейді.
13. Тану үшiн көрсету туралы осы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып, хаттама жасалады. Хаттамада танудың шарттары, барысы, нәтижелерi көрсетiледi және танушы адамның түсiнiктемелерi мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Егер адамды тану үшiн көрсету танылуға тиiс адамның танушы адамды көзбен шолып байқауын болдырмайтын жағдайда жүргiзiлсе, бұл да хаттамада көрсетiледi.

30-тарау. ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ

231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері

1. Осы тараудың ережелеріне сәйкес мынадай жасырын тергеу әрекеттері:
1) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау;
2) электр (телекоммуникация) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу;
3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;
4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу;
5) пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
6) орынға жасырын кіру және (немесе) оны тексеру;
7) адамды немесе орынды жасырын байқауға алу;
8) жасырын бақыланатын жеткізілім;
9) жасырын бақыланатын сатып алу;
10) жасырын ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау жүзеге асырылады.

232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен
негіздері
1. Егер қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды, қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың мүдделерін қозғайтын фактілер туралы мәліметтерді оларға хабарламай алу қажет болғанда, осы тарауда көзделген жасырын тергеу әрекеттері жүргізіледі.
2. Пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі жедел-іздестіру қызметінің нысандары мен әдістерін пайдалана отырып жүргізеді.
3. Осы Кодекстің 231-бабының 1) – 6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері прокурордың санкциясымен жүргізіледі, оларды жүргізу тәртібі осы Кодекстің 234-бабында белгіленген.
4. Жасырын тергеу әрекеттері мына негіздердің бірі болған кезде:
1) жасағаны үшін санкциясы бір жылдан бастап және одан да жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша;
2) қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстар бойынша жүргізіледі.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделмеген басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу және оларды ашу үшін осы Кодекстің 231-бабының тек 7) – 10) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
6. Жекелеген адамдардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қатер төнген жағдайда, олардың арызы бойынша немесе жазбаша келісуімен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы негізінде, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды міндетті түрде хабардар ете отырып, осы Кодекстің 231-бабының 1) және 2) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге рұқсат етіледі.
7. Жасырын тергеу әрекеттері:
1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда, хабарда оны дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған адам ретінде көрсетілген не өзіне қатысты оның тергеліп жатқан құқық бұзушылыққа қатысы бар не дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерге ие деп пайымдауға өзге де негіздер бар адамға;
2) күдіктіге;
3) жәбірленушінің жазбаша келісімі бойынша оған;
4) егер үшінші тұлғаның іс үшін маңызы бар ақпаратты алатыны немесе беретіні туралы мәліметтер болса, үшінші тұлғаға;
5) егер онда болып жатқан немесе болуы болжанатын мән-жайлардың іс үшін маңызы болатын болса, жерге қатысты жүргізіледі.
8. Кәсіби көмекті жүзеге асыратын адвокаттар ауыр немесе аса ауыр қылмыс дайындап жатыр немесе жасады деп пайымдауға негіз болған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салынады.
9. Осы Кодексте көзделмеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргізу барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.
10. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісім бойынша құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар айқындайды.

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы

1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уәкілетті лауазымды адамы осы Кодекстің 198-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс қаулы шығарады.
Қаулыда:
1) оның жасалған орны мен уақыты;
2) қаулы шығарған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, жеке қойған қолы;
3) қаулыны санкциялайтын уәкілетті прокурордың тегі мен аты-жөні, лауазымы;
4) аясында жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу болжанып отырған қылмыстық істің нөмірі;
5) қаулы шығаруға негіз болған осы Кодекстің баптары;
6) қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы;
7) жасырын тергеу әрекетін жүргізу қажеттігінің негіздемесі;
8) өзіне қатысты жасырын тергеу әрекетін жүргізу жоспарланып отырған адам, орын немесе зат туралы мәліметтер;
9) жасырын тергеу әрекетін жүргізу мерзімі;
10) жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылатын орган туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілетін объектінің шифрын ашуды болғызбау мақсатында қаулыда нақты деректердің орнына бүркеншік атты, шартты атауды көрсетуге жол беріледі. Құпиялық талаптары сақтала отырып, деректерді өзгерту туралы прокурормен келісілетін тиісті қаулы шығарылады.

234-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оған теңестірілген прокурорлар береді.
Санкция осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген, қылмыстар туралы хабарлар мен арыздар бойынша ғана беріледі.
2. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ол шығарылғаннан кейін көрсетілген тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдармен бірге жиырма төрт сағаттың ішінде уәкілетті прокурорға ұсынылады.
Қаулы прокуратураға келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурор оның заңдылығы мен негізділігін тексеріп, оны санкциялау немесе санкциялаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажет болған жағдайларда қаулыны белгіленген мерзімнен аса, бірақ жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімде қарауға жол беріледі.
Шығарылған қаулы негізсіз болған жағдайда, прокурор оны санкциялаудан бас тартады. Бас тарту мұндай шешім қабылдаудың себептері көрсетіле отырып, қаулыны санкцияламай қайтару туралы ілеспе хат жазумен ресімделеді.
3. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижелері туралы ол аяқталған күннен бастап екі тәуліктен кешіктірілмей оны жүргізуге санкция берген прокурор хабардар етіледі.
Ескерту. 234-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын
тергеу әрекеттерін жүргізу

1. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, прокурорды жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып және кейіннен осы Кодекстің 234-бабында көзделген тәртіппен санкция ала отырып, осы Кодекстің 232-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге жол беріледі.
2. Прокурор ұсынылған материалдарды зерделей отырып, жүргізілген жасырын тергеу әрекетінің кейінге қалдыруға болмайтынымен келіскен жағдайда, жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулыны санкциялайды, ал келіспеген жағдайда оны тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейтіні туралы қаулы шығарады.

236-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдері

1. Санкциялануға жататын жасырын тергеу әрекеті отыз тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажет болған кезде оларды жүргізуге бастамашы болған орган мерзім біткенге дейін үш тәулік бұрын оны белгілі бір мерзімге ұзарту қажеттігі туралы уәжді қаулы шығарады және санкциялау туралы мәселені шешу үшін прокурорға жібереді. Қаулы прокурордың санкциясы алынғаннан кейін жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын уәкілетті органға орындау үшін жіберіледі. Прокурор бұл ретте қаулыда көрсетілгеннен аз мерзім белгілей отырып, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді ұзартуды санкциялауы мүмкін. Прокурор жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыруға қажеттілік болмаған кезде оны санкциялаудан бас тартады және жасырын тергеу әрекеті тоқтатылады.
3. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы жүргізу мерзімін облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор алты айға дейін ұзартуы мүмкін. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін одан әрі ұзартуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары жүзеге асырады.
4. Жасырын тергеу әрекеті тәуліктің кез келген уақытында және оның бүкіл жүргізілу мерзімі ішінде үздіксіз жүзеге асырылуы мүмкін.

237-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін ұсыну

1. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталғаннан кейін оны жүргізу барысында алынған, іс үшін маңызы бар барлық материалдар құпиялық сақтала отырып, ілеспе хатпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына беріледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы кез келген уақытта құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінен олар жүргізіп жатқан іс-шараның нәтижелерін зерттеу, бағалау және тергеп-тексеру материалдарына қосып тігу үшін талап етіп алдыруға құқылы.

238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде
алынған ақпаратты зерттеу және оны
дәлелдемелер ретінде пайдалану

1. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерін зерттеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы осы Кодекстің 47 және 124-баптарының талаптарын сақтай отырып, қажет болған кезде маманды және анықтау органының тиісті қызметкерін тарта отырып жүргізеді.
Зерттеу нәтижелері туралы осы Кодекстің 47 және 199-баптарының талаптары сақтала отырып хаттама жасалады, онда жүргізілген жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері көрсетіледі.
2. Тергеуге қатысы бар нақты деректер хаттамаға қосып тігіледі.

239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау
және дәлелдеуде пайдалану

1. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері осы Кодекстің 25 және 125-баптарында көзделген қағидалар бойынша бағаланады.
2. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерттеу хаттамалары, дыбыс жазбалары мен бейнелердің жазбалары, фотосуреттер, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен тіркелген басқа да нәтижелер, алып қойылған нәрселер мен құжаттар немесе олардың көшірмелері дәлелдеуде тергеу әрекеттерінің нәтижесінде алынған дәлелдемелермен бірдей пайдаланылады.
3. Егер дәлелдеуде қандай да бір адамның құпия тіркелген сөздері немесе әрекеттері пайдаланылса, ол адамнан бұл туралы міндетті түрде жауап алынуға тиіс. Адамды оған айтпастан алынған нақты деректермен таныстыруы кезінде, бұл адамға жүргізілген жасырын әрекет туралы олар осы адамға қаншалықты тікелей қатысы болса, сол шамада хабарланады және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етуді болғызбайды.

240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса
тіркелмеген материалдармен танысу

1. Тергеуші, анықтаушы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері тергеп-тексеру материалдарына қоса тігілмейді және құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінде бөгде адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін сақталады, содан кейін олар тиісінше акт жасала отырып жойылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері жойылатын күнге дейін екі ай бұрын тиісті прокурор хабардар етіледі.
2. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адам тергеп-тексеруге қоса тігілмеген мәліметтермен мемлекеттік құпиялардың және заңмен қорғалатын өзге де құпияның жария болуын болдырмайтын шекте танысу туралы өтінішхат беруге құқылы. Өтінішхатты – тергеуші, анықтаушы, прокурор, ал істі сот қараған кезеңде өтінішхаттар түскен кезде – сот қарайды.
3. Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот өтінішхатты материалдардың қылмыстық процестегі ықтимал маңызын және жол берілген адам құқықтарын шектеулерді ескере отырып бағалайды.
Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот, егер бұл қылмыстық процеске тартылған қандай да бір адамның өміріне, денсаулығына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін болса немесе егер ол үшінші тұлғаның жеке өмірінің құпиясын қозғайтын болса, іске қоса берілмеген материалдармен танысу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
4. Іске қоса берілмеген материалдармен танысқаннан кейін адам оларды қылмыстық істің материалдарына қоса беру туралы өтінішхат бере алады. Тергеушінің, анықтаушының, прокурордың өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуына осы Кодекстің 105 және 106-баптарында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін, судьяның бас тартуына істі сотта қарау аяқталған сот актісіне шағыммен бірге шағым жасалады.
5. Сот талқылауы кезінде мәлімделген, жасырын тергеу әрекетінің іске қоса берілмеген материалдарымен танысу туралы өтінішхат бойынша шешімді осы істі қарайтын соттың дәл сол құрамы қабылдайды.

241-бап. Қылмыстық процесте ақпаратты қорғау жөніндегі
іс-шаралар

1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу фактісі туралы мәліметтер және оны жүргізу нәтижесінде алынған ақпарат жасырын тергеу әрекеті аяқталғанға дейін құпия болып табылады, оларды жария еткені үшін лауазымды адамдар немесе оны жүргізуге тартылған адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.
2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу әдістері, оларды жүргізетін адамдар, оның ішінде қызметін құпия немесе конспирациялық нысанда жүзеге асыратын адамдар туралы мәліметтер, мемлекеттік құпияны құрайды және жария етілуге жатпайды.
3. Егер жасырын тергеу әрекеті негізінде алынған мәліметтер адамның жеке өмірінің құпиясын қозғайтын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы олардың таратылуын шектеу үшін заңда көзделген барлық құралдарды пайдаланады.

242-бап. Адамды немесе орынды жасырын аудио- және
(немесе) бейнебақылау

1. Адамды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеу арқылы бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнайы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланумен бір мезгілде олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп жүргізілетін, адамның сөйлеген сөзін және өзге де ақпаратты, сондай-ақ оның іс-әрекеттерін жасырын бақылау.
2. Орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – қажет болған кезде орынға жасырын кіру және (немесе) орынды зерттеу арқылы бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнайы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланумен бір мезгілде олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп жүргізілетін, нақты белгілі бір жерде болып жатқан сөйлесулерді және басқа да дыбыстарды және (немесе) оқиғаларды жасырын бақылау.
3. Тергеуші, анықтаушы адамға немесе орынға жасырын аудио-, және (немесе) бейнебақылау жүргізу қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.
4. Техникалық құралды табыс ету хаттамасы құрал табыс етілген адамның, анықтау органы қызметкерінің және (немесе) тергеушінің, анықтаушының қолдарымен куәландырылады.
5. Адамды немесе орынды жасырын аудио-, бейнебақылау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге, анықтаушыға іс үшін маңызы бар аудио-, бейнежазбаларды ілеспе хатпен бірге мөрленген түрде береді, онда жазбаның негізі, басталу және аяқталу уақыты, ұзақтығы көрсетілуге тиіс.

243-бап. Электр (телекоммуникациялық) байланыс желілері
арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау,
ұстап қалу және түсіріп алу

1. Электр (телекоммуникациялық) байланыс желілерін жасырын бақылау – телефон арқылы немесе дыбыстық ақпаратты жеткізуге мүмкіндік беретін басқа құрылғылар арқылы берілетін дыбыстық ақпаратты ғылыми-техникалық құралдарды және (немесе) компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) тексеру арқылы жүргізілетін жасырын тыңдау және (немесе) жазып алу.
Электр байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты ұстап қалу және түсіріп алу – сымды, радио, оптикалық және басқа да электр-магниттік жүйелер арқылы берілетін белгілерді, сигналдарды, дыбыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, суреттерді, бейнекөріністерді, дыбыстарды және басқа да ақпаратты ұстап қалу және түсіріп алу.
2. Тергеуші, анықтаушы электр (телекоммуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылауды, ұстап қалуды және түсіріп алуды қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.
3. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері тиісті материалдық жеткізгіште тіркеледі, ол қапталып, мөрленеді және жасырын тергеу әрекетін жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамының қойған қолымен куәландырылады.
Материалдық жеткізгіш тергеушіге, анықтаушыға беріледі.

244-бап. Абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар
арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын
алу

1. Абонентттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу – абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар (пайдалану жабдықтары) арасындағы қосылулардың күні, уақыты, ұзақтығы туралы мәліметтерді алу.
2. Прокурордың санкциясын алғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қаулыны орындау үшін құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесіне жібереді, оның қызметкері талап етілетін, кез келген материалдық ақпарат жеткізгіште тіркелген ақпаратты беруге міндетті.
Көрсетілген ақпарат оның берілген кезеңі және абоненттердің және (немесе) абоненттік құрылғылардың нөмірлері көрсетілетін ілеспе хатпен бірге мөрленген түрде беріледі.

245-бап. Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты
жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға
арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты
жасырын түсіріп алу

1. Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу – компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты арнайы ғылыми-техникалық құралдармен және (немесе) компьютерлік бағдарламалармен, қажет болған кезде жасырын кіру және қарап-зерттеу арқылы жүргізілетін жасырын түсіріп алу.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.
3. Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу нәтижелері тиісті материалдық жеткізгіште тіркеледі, ол қапталып, мөрленеді және жасырын тергеу әрекетін жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамының қойған қолымен куәландырылады.
Материалдық жеткізгіш тергеушіге, анықтаушыға беріледі.

246-бап. Пошта жөнелтілімдері мен өзге де жөнелтілімдерді
жасырын бақылау

1. Хаттарда, жеделхаттарда, радиограммаларда, бандерольдарда, сауқаттарда және басқа да пошта жөнелтілімдерінде іс үшін маңызы бар мәліметтер, құжаттар және нәрселер қамтылған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде оларға қатысты жасырын бақылау жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Тергеуші, анықтаушы пошта жөнелтілімдері мен өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қажет деп тауып уәжді қаулы шығарады.
Қаулыда: пошта-телеграф жөнелтілімдерін кідірту жөнінде міндет жүктелетін байланыс мекемесінің атауы, пошта-телеграф жөнелтілімдері жасырын бақылануға жататын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), олардың мекенжайы, жасырын бақылау қолданылатын пошта-телеграф жөнелтілімдерінің түрі, осы бақылау қолданылатын мерзім көрсетілуге тиіс.
Көрсетілген қаулы прокурорға ұсынылады және ол санкция берген жағдайда, тергеуші, анықтаушы оны орындау үшін пошта мекемелеріне немесе жөнелтілімдер жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғаларға жібереді.
3. Пошта мекемелері немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар тергеушіні, анықтаушыны өздерінің иелігінде бақылануға жататын пошта жөнелтілімі мен өзге де жөнелтілімнің бар екендігі туралы дереу хабардар етеді.
Тергеуші, анықтаушы хабарламаны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде, қажет болған кезде пошта мекемесінің уәкілетті қызметкерінің немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғаның қатысуымен жөнелтілімді қарап-тексереді және (немесе) оның құрамымен танысады, осы жөнелтілімнің құрамын тіркеп немесе онсыз, оны одан әрі жеткізу туралы шешім қабылдайды.
4. Пошта жөнелтілімі мен өзге де жөнелтілімді қарап-тексерудің және (немесе) олармен танысудың әрбір жағдайында тергеуші, анықтаушы осы Кодекстің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттама жасайды, онда іс-шараны жүргізуге қатысқан тұлғалардың деректері, қарап-тексеруге және (немесе) таныстырылуға жатқызылған пошта жөнелтілімі мен өзге де жөнелтілімнің атауы және түрі, жөнелтілімнің құрамын тіркеп немесе онсыз, оны одан әрі жеткізу туралы мәліметтер көрсетіледі.
5. Тергеуші, анықтаушы қажет болған жағдайларда пошта-телеграф жөнелтілімдерін қарап-тексеруге және алуға қатысу үшін тиісті маманды, сондай-ақ аудармашыны шақыруға құқылы.
6. Пошта және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау шарасына қажеттілік жойылған кезде, бірақ кез келген жағдайда да тергеп-тексеру аяқталғанға дейін тергеуші, анықтаушы прокурордың санкциясымен оның күшін жояды, бұл туралы пошта мекемесі немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлға үш тәулік ішінде хабардар етіледі.

247-бап. Орынға жасырын кіру және (немесе) оны
қарап-зерттеу

1. Орынға жасырын кіруді және (немесе) оны қарап-зерттеуді уәкілетті орган тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайларды, ғимаратты, құрылысты, қойманы, көлік құралын немесе жергілікті жер учаскесіне кіру, қажет болған кезде оларды қарап-зерттеу, сондай-ақ тергеу әрекеттерін дайындау және жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Осы іс-шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге (анықтаушыға) барлық алынған материалдарды мөрленген түрде толық көлемде ілеспе хатпен бірге ұсынады.

248-бап. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу

1. Осы Кодекстің 232-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген адамдарды немесе орынды жасырын байқауға алу, қажет болған кезде, сөйленетін сөзге және өзге де дыбыстық ақпаратқа аудиожазбаны жүзеге асырмай, бейне-, фотобайқау техникалық құралдары пайдалана отырып жүзеге асырылады.
2. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алуды жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамы байқауға алынатын адаммен немесе орынмен байланыс жасаған өзге де адамдарды байланыс жасалған кезден бастап қырық сегіз сағат бойы жасырын байқауға алуды жүзеге асыруға құқылы.
3. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу нәтижесінде күн сайынғы есеп жасалады, оған алынған нәрселер мен құжаттар қоса беріледі.
4. Осы іс-шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге, анықтаушыға барлық алынған материалдарды мөрленген түрде толық көлемде ілеспе хатпен бірге ұсынады.
Ескерту. 248-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

249-бап. Жасырын бақыланатын жеткізілім

1. Жасырын бақыланатын жеткізілім еркін өткізуге тыйым салынған немесе айналымы заңмен шектелген, сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылық объектілері немесе құралдары болып табылатын нәрселердің, заттектер мен өнімдердің жеткізілуіне, сатып алынуына, сатылуына, жылжытылуына бақылау орнату мақсатында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын жеткізілімді уәкілетті орган дербес не басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу арқылы жүзеге асырады.
3. Бірнеше мемлекеттің аумағында бақыланатын жеткізілімді уәкілетті орган шет мемлекеттердің уәкілетті құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асырады.
4. Осы іс-шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге, анықтаушыға барлық алынған материалдарды мөрленген түрде толық көлемде ілеспе хатпен бірге ұсынады.

250-бап. Жасырын бақыланатын сатып алу

1. Жасырын бақыланатын сатып алу жасалатын немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы нақты деректерді жалған мәміле ахуалын жасау жолымен алу мақсатында жүргізіледі.
Бұл ретте өзіне қатысты оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығы бар деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар адамнан еркін өткізуге тыйым салынған немесе айналымы заңмен шектелген, сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылық объектілері немесе құралдары болып табылатын нәрселер немесе заттектер ақылы түрде сатып алынады.
2. Уәкілетті органның қызметкеріне немесе жасырын тергеу әрекетіне қатысуға ерікті түрде ниет білдірген адамға оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық және өзге де құралдарын, сондай-ақ еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы заңмен шектелген немесе қылмыстық қолсұғушылық объектілері және (немесе) құралдары болып табылатын нәрселерді немесе заттектерді ақылы түрде сатып алу үшін ақша қаражатын беру туралы осы Кодекстің 199-бабына сәйкес жеке хаттамалар жасалады.
3. Уәкілетті органның қызметкерінен немесе жасырын тергеу әрекетіне қатысуға ерікті түрде ниет білдірген адамнан сатып алынған нәрселерді және заттектерді алу, сондай-ақ оларды қарап-тексеру нәтижелері туралы осы Кодекстің 199 және 219-баптарының қағидаларына сәйкес хаттама жасалады.

251-бап. Жасырын ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті
имитациялау

1. Ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған қылмыстар туралы нақты деректер алу мақсатында қылмыстық ортаға енгізілген және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялаған адамның жазбаша келісуі бойынша жүзеге асырылады.
2. Енгізілген және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялаған адамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстап алу, аса қажеттілік, негізді тәуекел ету жағдайларын қоспағанда, адамдардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қауіп төндірумен ұштасқан әрекет (әрекетсіздік) жасауға тыйым салынады.
3. Тергеушінің, анықтаушының келісімі бойынша уәкілетті орган қылмыстық ортаға енгізілу және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау барысы туралы үнемі хабарлайды.
4. Осы іс-шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге, анықтаушыға барлық материалдарды мөрленген түрде ілеспе хатпен бірге ұсынады.

31-тарау. ТІНТУ ЖӘНЕ АЛУ

Бап. Тiнту

1. Тiнту iс үшiн маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды табу және алып қою, оның ішінде тыйым салынуға жататын мүлікті табу мақсатында жүргiзiледi.
2. Тiнту жүргiзуге көрсетілген нәрселердің немесе құжаттардың белгiлi бiр үй-жайда немесе өзге орында не нақты адамда болуы мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.
3. Тiнту iздестiрiлiп жатқан адамды және адам мәйiтін табу үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.

Бап. Алу

Алу, егер іс үшiн маңызы бар белгiлi бiр нәрселер мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық белгілі болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүлікті алып қою мақсатында жүргiзiледi.

254-бап. Тiнту мен алуды жүргiзу тәртiбi

1. Тiнту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам уәждi қаулы бойынша жүргізеді. Тiнтуді жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға прокурордың немесе оның орынбасарының санкциясы алынуға тиiс.
2. Тұрғын үй-жайда онда тұрып жатқан адамдардың еркiнен тыс алу осы Кодекстiң 220-бабының он үшінші және он төртінші бөлiктерiнiң қағидалары бойынша жүргiзiледi.
3. Айрықша жағдайларда, iздестiрiлiп жатқан және (немесе) алып қойылуға жататын объекті оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлiнуi немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн болғанда не iздестiрiлiп жатқан адам жасырынуы мүмкiн болғанда тiнту және алу прокурордың санкциясынсыз, бiрақ кейiннен оған жүргiзiлген тiнту туралы жиырма төрт сағат ішінде хабарлай отырып, жүргізілуі мүмкiн. Көрсетілген хабарламаны алып прокурор жүргiзiлген тiнтудiң, алудың заңдылығын тексередi және оның заңды немесе заңсыз екенi туралы қаулы шығарады. Егер жүргiзiлген тiнтудiң, алудың заңсыз екенi туралы шешiм қабылданса, бұл әрекет iс бойынша дәлелдеме ретiнде жіберілмейді.
4. Тiнту куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi.
Алу оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі, қажет болған кезде оған маман және аудармашы тартылуы мүмкін.
5. Тұрғын үй-жайларда, ұйымдардың үй-жайларында тiнту немесе алу осы Кодекстiң 220-бабының он бесінші және он алтыншы бөлiктерiнде көрсетілген адамдардың қатысуымен жүргiзiледi.
6. Дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан үй-жайларда, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктердiң мүшелерi мен олардың отбасылары тұрып жатқан үй-жайларда тiнту және алу осы Кодекстiң 220-бабының он жетінші бөлiгiнде белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiледi.
7. Тiнтуді немесе алуды жүргiзу басталғанға дейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жүргiзу туралы қаулыны көрсетуге мiндеттi.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнтуге кiрiскенде iс үшiн маңызды болуы мүмкiн, алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды ерiктi түрде берудi ұсынады. Егер олар ерiктi түрде берiлсе және алынуға жататын нәрселер мен құжаттардың жасырылып қалғанына күмәндануға негiздер болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам одан әрi iздеу жүргiзбеуге құқылы.
Тінту хаттамасында адамның табу үшін тінту жүргізілуі мүмкін нәрселер мен құжаттарды өз еркімен бергені туралы міндетті түрде көрсетіледі.
9. Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесi оларды ерiктi түрде ашудан бас тартса, тiнту жүргiзген кезде олар ашқызылуы мүмкiн. Бұл ретте есiк тиектерін және басқа нәрселерді қажетсiз бұзуға жол берiлмеуге тиiс.
10. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам алуды жүргізу кезiнде алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды берудi ұсынады, ал бұдан бас тартылған жағдайда алуды мәжбүрлi түрде жүргiзедi.
11. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту мен алу кезiнде сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа да адамдардың жеке өмiрiнiң анықталған мән-жайларының жарияланбауына шаралар қолдануға мiндеттi.
12. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту немесе алу жүргiзiлiп жатқан үй-жайда немесе орында болған адамдарға және осы үй-жайға немесе орынға келген адамдарға тiнту немесе алу аяқталғанға дейiн ол жерден кетуге, сондай-ақ бiр-бiрiмен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы.
13. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту мен алуды жүргiзу кезінде iске қатысы болуы мүмкiн нәрселер мен құжаттарды алып қоюмен шектелуге тиiс. Айналымына тыйым салынған заттар мен құжаттар олардың iске қатысы бар-жоғына қарамастан алып қойылуға жатады.
14. Тінту кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар куәгерлерге және басқа да қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, тінту орнында қапталады, мөрленеді және куәгерлер мен оған қатысып отырған адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.
15. Алу кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, алу орнында қапталып, мөрленеді және оған қатысып отырған басқа адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.
16. Қажет болған жағдайларда тiнту жүргiзілген кезде фотосуретке түсіру, кинотүсiру және бейнежазба жүргiзiледi.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)