|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
І МОДУЛЬ: ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
Семестр
3. Пререквизиттер -қазақ тілі (мектеп базасы), қазақ әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, география, сөйлеу мәдениеті 4. Постреквизиттер -бұл пән негізінде тіл үйренуші ауызекі сөйлеуде қажетті сөздік қорын дамытуға; - қазақ тілінің грамматикасын тереңдете оқи отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға және оны дамытуға;
- өзара түсініп сұхбаттасуға, жағдаятқа сәйкес ойын еркін жеткізуге, жауап беруге; - мәтін бойынша сұхбаттасып, оны қысқаша мазмұндауға мүмкіндік алады. 5. Пәннің қысқаша сипаттамасы Қазақ тілі пәнінің мақсаты: Курстың мақсаты - қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру, Деңгейлік дескрипторлар: 1) тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдык әрекеттер арқылы меңгерту; 2) дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру: - өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка және т.б.) мәселелеріне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу; - белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салада) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру; - күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау); 3) ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде: - мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; нандыру, байқампаздық таныту; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіру. 3.1.Сұхбат кезінде әріптесінің әңгімесіне көңіл аудару; қызығушылық таныту. 3.2.Монолог түрінде: - әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби оқу саласында жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау; - кітап немесе фильм сюжетін мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру; - берілген тақырып бойынша алдын ала дайындалған, аса күрделі емес баяндама жасау. 3.3. Жазбаша түрде: -қарапайым өзара байланысты мәтіндерді; - тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттар/объектілерді сипаттау; - белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; -күнделікті өмірдегі фактіге құрылған мәліметтер мен оны түсіндіруге қажетті әрекеттерге қысқаша баяндама жасау. 3.4. Тыңдалым дағдыларын түсінуі керек: - кәсіби өмірден алынған қарапайым хабарламаларды; - өтілген тақырыптағы әңгімені анық айыра білуді; - әңгімелесушінің сөзін аңдай алу; - дыбысталуы нақты жүйеленген радио - және телебағдарламалардағы мәліметтерді; -радиодан берілген жаңалықтардың негізгі хабары мен таныс тақырыптағы қарапайым баяу берілген мәтіндерді (интервью, қысқа дәрістер, репортаждар). 3.5. Оқылым дағдылары: - электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметті ала білу; - күнделікті материалдардан (хат, қысқа ресми құжаттар) қажетті ақпараттарды табу және түсіну; - мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табу: - газет материалындағы таныс тақырып бойынша негізгі ережелерді көрсете білу; - қызығушылық танытқан тақырыбы бойынша қарапайым мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсіну: - қарапайым тілде жазылған техникалық ережелердің (қауіпсіздік техникасы) мазмұнын түсіну; - буклет, каталог, даңғыл, ас мәзіріндегі, кестедегі кажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана алу. Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі және түсінуі қажет: А. Білуі және түсінуі: Тілдік қарым-қатынас теориясының негізін білу; ойын нақты және айқын білдіру; қазақ және орыс тілдерінің ережелері. В. Түсіну қабілеттілігі және білімін тәжірибеде қолдануы: Ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін және дұрыс жеткізу; өз көзқарасын дәлелдеу; қазақ және орыс тілдерін үйрену барысында өз ойын еркін түрде тұжырымдап, айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білу. С. Қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру, өз идеясын, ойын айта білу қабілеттілігі: Тұжырымдау тәсілдерін игеру, қазіргі әдеби тіл нормаларын білу; таңдап алған мамандығы бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту; тілдік және қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру. Д. Қарым –қатынас жасау саласында білуі тиіс: Логика, тұжырым жасау теорияларының негізін, қазақ және орыс тілдерінің негізгі ережелерін, сөйлеу әдебі мен қазақ және орыс әдеби тілдерінің нормаларын білу; қазақ және орыс тілдерінде сөйлесу дағдысын қалыптастыруы керек және оны практикада қолдана білу. Е. Оқыту саласында: Игеру, студенттердің мамандығы бойынша тілдік және қарым-қатынас құзыреттілігін дамыту.
6. Пәннің мазмұны 6.1. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі Семестр
7. Пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
8. 1. Негізгі әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1 Ш. Бектұров, Н. Бектұрова. Қазақ тілі. (ана тілі деңгейінде оқыту).- Алматы, 1999. 2 Ш. Бектұров, Н. Бектұрова. Қазақ тілі. - Алматы, 1998. 3 Ж.А.Құсайынова. Қазақ тілі. (бастауыш топтың барлық мамандықтарына арналған оқу құралы) - Астана, 2008. 4 З.Күзекова, Г.Қарақұсова. Қазақ тілі. – Алматы, 1997ж. 5 З.Күзекова. Практикалық қазақ тілі. Тілді оқып үйренудің бастапқы кезеңіне арналған оқу құралы. -Алматы, 1997 ж.
Қосымша әдебиеттер 1 С.Кенжеахметов. Қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет - ғұрыптары.- Алматы, Ана тілі, 1994. 2 С. Рустемова. Баспасөз материалдарымен жұмыс. -Астана, 2002. 3 Н.Бектаев. Қазақша - орысша, орысша-қазақша сөздігі.- Алматы,1999. 4 Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы: Қазақстан, 1990. 5 Қазақстан энциклопедиясы. – Алматы: Қазақстан, 2001. 1- ші том 6 О. Айтбаев. Терминдер және олардың аудармалары. - Алматы, 1990. 7 Мемлекеттік тіл: терминология, Іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. - Астана, 1999. 8 Қазакша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Іс жүргізу және мұрағат ісі. - Алматы: Рауан, 2000. - 256 6. 9 Қазақша-орысша. орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика. - Алматы: Рауан, 2000. - 350 б. 10 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. - Алматы. Рауан, 2000.-288 6. 11 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік; Экономика және қаржы. - Алматы: Рауан, 2000. - 480 б. 12. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Мәдениет 13 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік - Алматы: Рауан, 2000. - 256 б. 14 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялык сөздік: - Алматы: Рауан, 2000. – 28 б. 15 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялык сөздік: Ауыл шаруашылығы. - Алматы: Рауан, 2000. 16 Қазақша-орысша тілмаш. - Алматы: Эверо, 2005. 9. Курстың саясаты · Сабаққа кешікпей келу, кешіккен жағдайда сабаққа жіберілмейді; · Сабақ үстінде сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды сөндіріп қою; · Сабаққа сай киіну; · Сабаққа қатыспаған жағдайда анықтама қағазын әкелу; · Оқу үрдісіне белсене қатысу; · Оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым – қатынаста болу; · Берілген тапсырмаларды уақытында орындау; · Оқу бөлмелерінде темекі шекпеу, ішімдікті пайдаланбау
10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат Ағымдық бақылау - бағдарлама тақырыбы бойынша пікір айта білу; - жағдаяттық сұхбаттар құрастыру; - таңдаған тақырып бойынша әңгіме құрастыра білу; - жазбаша тапсырмаларды орындау; - рөлдік ойындарға қатысу.
Аралық бақылау - ауызша сұхбат; - лексика-грамматикалық тестілер; Қорытынды бақылау - емтихан.
11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
Студенттердің білімін бағалау шкаласы
І МОДУЛЬ: ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ 1-сабақ Отбасы – шағын мемлекет 1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз 1. Отбасы дегеніміз не? 2. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді? 3. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегенді қалай түсінесіз? 4. Неліктен «Отбасы – шағын мемлекет» дейміз? 5. Отбасындағы ата-ананың міндеттері қандай? 6. Отбасында қанша бала болу керек деп ойлайсыз? 7. Баланың міндеттері қандай? 2-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз 3-тапсырма Сөйлемдерді толықтырыңыз Атам атамның Әжем әжемнің Әкем әкемнің Анам анамның Қарындасым... жаста Менің қарындасымның жасы... Інім інімнің Ұлым ұлымның Қызым қызымның атам әжем әкем... -те анам... -та Менің қарындасым... -да інім... -де ұлым қызым 4-тапсырма Сөйлемдерді аяқтаңыз Менің атым __________________________. Жасым ______________________________. Менің отбасым _______________________. Әкем ________________________________. Оның жасы ___________________________. Шешем ______________________________. Оның жасы ___________________________. Інім ________________________________. Оның жасы _________________________. Қарындасым _________________________. Оның жасы _________________________. 5-тапсырма Төменде берілген туыстық атауларды аударып, олармен сөйлем құрастырыңыз Дедушка, бабушка, отец, мать, старший брат,дядя, старшая сестра, тётя, младший брат, братишка, младшая родная или двоюродная сестра,зять, жена старшего брата,сноха, невестка, дитя, мальчик, ребенок, внук, правнук. 8-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Отбасы – шағын мемлекет Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
9-тапсырма Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз Үлгі: Отбасының берекесі неде?
10-тапсырма Отбасы, жанұя туралы мақал -мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз Үлгі: Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар. Мағынасы: Баласы бар үйде өте көңілді, қызықты, ал баласы жоқ үйде тып-тыныш, көңілсіз, жабырқау. 2-сабақ Отбасының қоғамдағы орны 1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз 1. Отбасыңызда мереке, атаулы күндерді қалай тойлайсыздар? 2. Өз ұлтыңыздың салт-дәстүрі туралы не білесіз? 3. Жанұяңызда ұлттық дәстүрлерді ұстанасыздар ма? 4. Ата-анаңыздың отбасылық достары туралы не айта аласыз?
2-тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз және мазмұндаңыз Отбасының қоғамдағы орны Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін барлық жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қоғамда отбасының алатын орны үлкен. Әрбір отбасы мүшесі – қоғамның мүшесі. Барлық қоғам мүшелері сияқты оның өзіндік көзқарасы, құқы бар. Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықтан, 1993 жылдан бастап 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні болып аталады. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген. 2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. ҚР Президенті Жарлығымен "Отбасы күні" Қазақстанда 8 қыркүйек күнітойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту. 3-тапсырма Сұхбатты аяқтаңыз -Менің атым – Елена, ал сенің атың кім? -Менің атым – Әділ. -Сенің отбасың бар ма? -Иә, бар. -Үлкен бе? -Жоқ, үлкен емес, шағын:............................... 4-тапсырма Шашылған сөздерден сөйле м құрастырыңыз 1.аты, менің атым, Мейіржан, әкемнің, Алуа. 2.оқимын, мен, С. Сейфуллин атындағы, Қазақ агротехникалық, университетте. 3. мектепте, ол, қаласындағы, №15, пәнінің, Астана, биология,мұғалімі. 4. ауылда, зейнеткерлер, әке мен шешем, істейді, ағаларым, жұмыс. 5. жездесі, кісі, Жұлдыздың, бұл. 6. шағын, емес, отбасымыз, үлкен, біздің 5-тапсырма Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғаңыз. Ата-ана, ата, әже, әке, ана, бала, күйеу бала, қыз, ұл, тұңғыш, ортаншы, кенже, ата, апа, келін, жеңге, жезде, немере, сіңлі,қарындас, іні, аға, жиен, бөле, нағашы, ағайын, бауыр. 3-сабақ Cәлем - сөздің анасы 1-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз 2-тапсырма Қазақ тіліне аударыңыз Будем знакомы, рад знакомству, передайте привет, познакомьтесь, отлично, не плохо, до встречи, я тоже, всехорошо, прекрасно, привет, до свидания, жаль, простите, пожалуйста,прощайте, спокойной ночи, доброе утро.
3-тапсырма Берілген жағдаятқа сұхбат құраңыз 1. Көшеде танысыңызды көрсеңіз, қалай амандасып, жағдай сұрар едіңіз? 2. Бастығыңызбен немесе әріптестеріңізбен қалай амандасар едіңіз? 3. Үйіңізге алыстан көптен көрмеген досыңыз келді. Қалай амандасар едіңіз? 4. Көшеде алдыңыздан көрші қария шықты. Қалай амандасар едіңіз? 4-тапсырма Диалогты толықтырыңыз -Сәлеметсіз бе? ........................- -Қалыңыз қалай? -........................ Сіздің ше? -........................ Денсаулығыңыз қалай? -........................., Ата-анаңыз аман-есен бе? -........................ Сізбен кездескеніме қуаныштымын. -..........., Бәріне сәлем айтыңыз!.............!
5-тапсырма Керекті сөздер мен сөз тіркестерін біліңіз, аударыңыз Қош сау болыңыз! -................................................................................. Жолыңыз болсын! -.................................................................................. Қоштасу -.................................................................................... Кешікпей көріскенше -............................................................................. Көріскенше! -................................................................................. Мен көп ұзамай ораламын -.................................................................... Жайлы жатып жақсы тұрыңыз -.............................................................. Бәріне сәлем айтыңыз -............................................................................ Қош болыңыз! -........................................................................................ Сау болыңыз! -......................................................................................... Ғафу етіңіз! -.......................................................................................... Кешіріңіз! -................................................................................................ Жарайды -................................................................................................ Ренжіме -................................................................................................
6-тапсырма Мәтінді оқып, ондағы ойды жалғастырыңыз Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Сәлем-арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан. «Әдебі жақсының–сәлемі жақсы» демекші адамшылық амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні-ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза екенін білдіру. Қазақ халқында сәлемдесу рәсімдері күрделі. Әсіресе, үлкенге сәлем беру реті - жауаптырақ. Соны әркім қатаң сақтау керек. Сәлемдесудің үлкен-кішіге қатысты айтылатын түрлері бар. Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: «Сізге алланың нұры жаусын» деген сөз». Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып, қос қолын ұсынады. Ал, сәлем алушы қария «Уағалейкумассалам» деп, оң қолын ұсынады. Әдеп бойынша кісілермен «Сәлеметсіз бе? (саламатсыз ба?)», «Амансыз ба? (есенсіз бе?)», «Қайырлы таң?», «Қайырлы күн?», «Қайырлы кеш?» деп амандасқан дұрыс. Бірақ есіңде болсын, әрбір амандасудың өз уақыты бар. Таңғы сағат 6 мен күндізгі 12 сағаттың арасында «Қайырлы таң!», күндізгі 12 сағат пен 18 сағаттың арасында «Қайырлы күн!», ал 18 сағат пен 24 сағаттың арасында «Қайырлы кеш!» деп амандасса, 24 сағат пен 6 сағаттың арасында «Қайырлы түн!» тілеу керек. 7-тапсырма Әдептілік туралы тыйым сөздерді есте сақтаңыз 1. Үлкен кісімен сөйлескенде, қолыңды қалтаға салып тұрма, 8-тапсырма Білгенге маржан. Ұлағатты сөздер: 1. Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың ролі зор Демокрит 2. Жігіт адамға 3 нәрсе кесір болады: 1- еріншектік, 2- ұйқышылдық, 3- тіл алмау. Содан сақтан. Әйтеке би 3. Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде көп зиян шегеді. Және, өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай-ақ келеді. И. Гете 4. Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады. Ж. Ж. Руссо 5. Дөрекі болу — өз басының қадір-қасиетін ұмыту деген сөз. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.062 сек.) |