АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Н. Г. Чернышевский

Читайте также:
  1. I. Производство, потребление, распределение, обмен (обращение)
  2. II Философский модуль.
  3. XIII. КРЫМСКАЯ ВОЙНА
  4. А. И. Солженицын Красное колесо
  5. А. Издания документальные (факсимильные, фоторепродукционные, дипломатические и пр.).
  6. Библиографический список
  7. Вклад российских ученых в экономическую теорию XX века
  8. Вопрос № 27 Особенности развития периодической печати во второй половине 19-начале 20 века. Направления журналистики. Отраслевая печать.
  9. Деммонстрациялауды
  10. Диалектика и ее исторические формы
  11. Идея прав человека в контексте антропологического принципа в современной философии права
  12. Интерпретация художественного текста

6. Осыншама әдептілікті кімнен үйрендіңіз? деп сұрағанда Лұқпан Хакім: «Әдепсізден үйрендім» — депті.

9-тапсырма Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін жасаңыз

Әдепті аспан

Кең көйлек

Ашық көше

Терең тау

Қысқа бала

Биік өзен

 

№ 1 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Отбасы-шағын мемлекет» тақырыбын мазмұндау

2-тапсырма « Отбасы - ұлт бақыты»тақырыбында эссе жазу

3-тапсырма « Жас отбасы бюджеті», «ҚР демографиялық мәселелер», «Жас отбасынының негізгі шығындары», «ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі» тақырыптарында пікірталас жүргізуге дайындалу.

4-тапсырма Өлеңді жаттап алыңыз

Қазақстаным – айбарым!

Тарихы бар дастанындай ерліктің,

Дәстүрі бар, үлгісіндей елдіктің.

Қазақстан – алтын бесік Отаным,

Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің!

Қилы тағдыр, сан тауқымет сомдаған,

Ер халқың бар мәңгі сені қолдаған.

Шұғылалы күн нұрымен қазағым,

Ақ тілегін болашаққа жолдаған.

Б.Қажымұқан

ІІ МОДУЛЬ: ҚАЗІРГІ ТҰРҒЫН ҮЙ

1-сабақ Тұрғын үй түрлері. Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы

1-тапсырма Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сөздік көмегімен аударыңыз

Үй, тұрғын үй, мекенжай, қаладағы үй, ауылдық үй, менің үйім, үлкен үй, баспана, қолжетімді баспана, көп қабатты үйлер, элит класты үйлер, өз үйім, үйдің үлкені, шағын пәтер, балалы үй, қазыналық үй,

 

қызметтік үй, жалданбалы үй, жалға алатын үй, жалғыз үй, қасиетті шаңырақ, үй иесі, инфрақұрылым, бағыт, аумақ,кіреберіс,жабдықтау, жаңарту.

3-тапсырма Мәтінді оқып, ойларыңызды қосыңыз

Қазіргі тұрғын үй

Адам тұратын, мекен ететін құрылысты үй, баспана, тұрақ, тұрғын үй дейді. Ал қалғандары да пана, қорған болғанымен жай ғана үй, мекеме, сарай, т.с.с. деп атаймыз.

Адамзат мыңдаған жылдар бойы тіршілік үшін табиғатпен күресіп келеді. Бұл күресте өмір сүруді қамтамасыз ететін үш фактор маңызды орын алады. Олар: тағам, киім-кешек, тұрғын үй.

Тұрғын үй – тарихи категория. Ол да адамзаттың дамуымен бірге күрделі, эволюциялық даму жолынан өтті. Тұрғын үй – адамның қоршаған орта мен өмір сүру тәсіліне сай таңдалынып алынды. Әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ, қоныстанған жерінің табиғи жағдайына бейімделуіне байланысты дүние жүзінде неше түрлі қызғылықты үлгілері қалыптасқан, яғни әр халықтың өз баспанасы бар. Мысалы, көшпелілердің, соның ішінде қазақ халқының көшіп-қонуға лайықталған киіз үйі және дәстүрлі қоржын тамы; орыс халқының бөренеден қиып салатын ағаш үйі, Карпат тауы баурайындағы гуцулдардың жуан бүк ағашы бөренелерінен қиюластырылған үйлері, Чукот түбегіндегі тайпалардың бірнеше ағаш қаданың басын қосып байлап, үстін бұғы терісімен жапқан қосы - “яранга”, Жапониядағы жер сілкінісінің жиілігі ескеріліп, жеңіл нәрселерден жасалған үйлер, Кавказ тауы бөктеріндегі халықтардың тастақты тау беткейіне саты-саты етіп қашап салынған “саклалары”, әр түрлі лашықтар мен күркелер, т.б. Баспаналар жасалатын материалдары мен безендірілуі жағынан да қилы-қилы болып келеді. Өркениетті елдердегі қазіргі заманғы Баспана түрлеріне соңғы үлгідегі тұрғын үйлер, пәтерлер, мейманханалар, жатақханалар, т.б. түпкілікті немесе уақытша мекендейтін орындар жатады.

4-тапсырма Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді табыңыз

5-тапсырма Берілген сөздермен сөз тіркесін құрыңыз

Үй, аудан, құрылыс, дамыту, кіреберіс, жабдықтау, жобалау.

 

6-тапсырма Берілген сөздермен сөйлем құраңыз

Аула іші, тұрғын үй құрылысы, екі бағыт бойынша, салынған тұрғын үйлер, коммуналдық қызмет.

7-тапсырма Берілген суреттерге қарап қаладағы тұрғын үй құрылысы туралы әңгімелеу

2-сабақ Қазақ халқының ежелгі баспанасы – киіз үй

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1. Киіз үй кімдердің баспанасы?

2. Қазақ халқы киіз үйді қалай безендіреді?

3. Киіз үйге кіріп, болмаса, құруға көмектескендерің бар ма?

4. Киіз үйдің құрылысы жайлы білеміз бе?

5. Киіз үйдің қандай түрлері болған?

 

2-тапсырма Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз

киіз үй – юрта
көшпелі – кочевой
баспана – жилье
қолайлы – удобный
шымылдық – ширма
бұйымдар – предмет
әсем безендіреді – красиво украшают
тез құрылып, тез жиналады – быстро устанавливается, быстро разбирается

киіз – кошма

қатты соғу – сильный

көшіп қонғанға – к переезду

жығылмайды – не падает

нөсер - сильный дождь

тігу – собрать (юрту)

ыңғайлы – удобный

шым – дерп

қыстап шыға беру – зимовать

жамылғы – покровь

ұйытқу – трепать

қанат – здесь: часть кереге

3-тапсырма Сәйкестігін табыңыз

Ұлттық дәстүр наследие

Асыл мұра казахский народ

Әдемі киіз үй народная традиция

Қазақ халқы красивая юрта

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қазақ халқының ежелгі баспанасы - Киіз үй

Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырынан бастап пайдаланылған. Киіз үй басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым тау-тастарындағы сурет таңбалар дәлел бола алады.

Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп - қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Жалпы киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Халық киіз үйдің қатты соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтінін білгендіктен, оны баспана етуді әдетке айналдырған. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр. Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді.

Қазақстанда киіз үй жасайтын кәсіпорындар бар. Олар: Үштөбе киіз үй комбинаты, Сарысу, Атырау және Орал тұрмыс өтеу комбинаттары.

КИІЗ ҮЙ ТҮРЛЕРІ

Орда (Ақорда) - он, он екі және одан да көп қанатты салтанатты үй.

Отау - жас отбасы үйі.

Қараша үй - малшы, шаруа үйі.

Жолым үй - абылайша - керегесіз немесе уықсыз тігілген жолаушы үйі.

Күрке, қос - шаруашылық, ас сақтайтын үй.

 

4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

5-тапсырма Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіз

р/с Сөйлемдер дұрыс бұрыс
1. Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы.    
2. Киіз үй – тез жиналмайды, құрылуы да қиын.    
3. Киіз үй дауыл соқса да, жығылмайды.    
4. Қазақтар киіз үйде қыстаған.    

6-тапсырма Етістіктерді нүктенің орнына қойыңыз

Киіз үй көне дәуірде пайда..... Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне.... Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен.... Киіз үй негізгі төрт бөліктен....

Керекті сөздер: пайдаланылған, айналған, тұрады, болған.

3-сабақ Киіз үйдің құрылысы

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1. Киіз үй іші нешеге бөлінеді?

2.Үлкен адамдар мен қонақтарға арналған орын қалай аталады?

3. Ең сәулетті әсем киіз үйдің түсі қандай болады?

4. Үйдің күмбезін не құрайды?

5. Шаңырақ деген не?

6. Қазақтар «киелі қара шаңырақ» деп неге айтады?

7. Киіз үйдің ағаш қаңқасы неше бөліктен тұрады?

8. Киіз үйдің есігі әдетте қай жаққа қарайды?

2-тапсырма Төменде берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз

Шерсть, кожа, купол юрты, прутья, решетка, занавеска, валять войлок, шедевр, орнамент, ритуал

 

3-тапсырма Қазақ тіліне аударыңыз

Каждая женщина-казашка умела украшать свое жилище (юрту), поэтому в юрте всегда было уютно и тепло. Мастерицы выкладывали в причудливый узор душу и сердце, потому их творенья становились истинными шедеврами народного творчества. Казахский народ создал самобытный орнамент, символику, в основе которых лежит знак Вселенной. Орнамент в древности имел ритуальное значение и люди понимали язык узора, умели его читать. Рисунок выкладывается на кошме, а для его выразительности применяется шнур.

В современной жизни народа казахской юрте придается большое значение, потому что она хранит в себе любовь к традициям и истории народа.

 

4-тапсырма Берілген мәтіндерді түсініп оқып, мазмұндаңыз

Киіз үйдің құрылысы

Киіз үйдің сүйектері: шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық

Киіз үй бөліктері: үйдің сүйектері, киіздері, бау – шулары (баулары мен басқұр арқандары)

Киіз үйдің іші төртке бөлінеді:

Төр - Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақтың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған.

Сол жақ - Үй иесінің отыратын және жататын орны

Оң жақ - Балалар орналасады.

Босаға жақта ер - тұрмандар, киімдер ілінеді

От орны - Қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады

Басқұр - кереге басы туырлықты тесіп кетпеуі үшін үй айнала жүргізілетін жалпақ оюлы құр.

Құр – үй тіккенде керегелерді бір – біріне қосып байлайтын терме бау.

Туырлық – кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабатын киіз.

Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымдарын жасайтын өсімдік.

Ақ босаға- үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын қасиетті шекара. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз.

Отбасы– ошақ қасы. Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жанған жерде тіршілік, тірлік бар.

 

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма Венн диаграммасы арқылы киіз үй мен қабатты үйді салыстыру

 


 

7-тапсырма Берілген сөздерді төмендегі бөліктерге бөліп жазамыз
1. Киіз үй жабдықтары –
2. Киіз үй жасаулары –
3. Артық сөздер –
Берілген сөздер: шаңырақ, кереге, туырлық, маңдайша, сықырлауық, сандық, кебеже, жүкаяқ, ағаштөсек, кимешек, шашбау, қымыран, барқыт.

8-тапсырма Үй, баспана туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз

№ 2 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Тұрғын үй құрылысы» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2-тапсырма Тұрғын үй дизайны туралы хабарлама жасаңыз

3-тапсырма Қала, ауыл үйлерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы пікірталасқа дайындалып келу.

IІІ МОДУЛЬ: МІНЕЗ ЖӘНЕ КЕЛБЕТ

1-сабақ Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Адам мінезі қандай болады?

2. Мінездің ұнамды белгілері?

3. Байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл адаммен сырласуды жақсы көресіз бе?

4. Адамның қандай мінезі тіл табысуды қиындатады?

5. Әдептілік сезімі дегеніміз не?

6. Адам бойында ең алдымен өзіне-өзі сын көзбен қарай алатындай сыншылдық негіз не үшін дамуы керек деп ойлайсың?

7. Мінездің жақсы, жаман қасиеттерін атап бере аласыз ба?

8. Қызғаншақ жақсы мінез бе?

9. Қайсар, өжет, батыл адам деп кімдерді айтар едіңіз.

10. Сіздің ойыңызша идеал деген кім? Ол қандай адам болуы керек?

 

2-тапсырма Сұхбатты жалғастырыңыз

Жандос, сенің ең жақын досың бар ма?

-...................................................................

- Досыңның қандай мінезі саған ұнайды?

-.....................................................................

- Досыңның мінезінде қандай кемшілік бар?

-......................................................................

- Сен ашулансаң, досың не істейді?

-......................................................................

- Ал досың ашуланып, ренжитін жағдайлары бола ма?

-.......................................................................

- Ондай жағдайда сен қандай мінез көрсетесің?

-........................................................................

- Жақсы. Сенен үйренетін мінез-құлықтар көп екен.

-...................................................................................

- Ия, адам адамнан жақсы мінезді, жағымды әдетті үйрену керек.

-...................................................................................

 

3-тапсырма Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз

адам мінезі - характер человека

сабырлы - спокойный

шыдамсыз - нетерпеливый

қызғаншақ - ревнивый

байсалды - спокойный

көпшіл - общительный

ақкөңіл - чистосердечный

кешірімді - простительный

жомарт - щедрый

жағымсыз – неприятный, противный

сабырсыз – нетерпеливый

кекшіл - злопамятный

көңілсіз - без настроения

қылық – выходка

сырлас – близкий

 

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Мінез және келбет

Адам мінезі әртүрлі болады. Біреуі – сабырлы, біреуі – шыдамсыз, енді біреуі – қызғаншақ. Кез-келген адам қоғамда, ұжымда өмір сүреді. Сондықтан, мінезіне қарай басқа адаммен тіл табысып, мінезі арқылы ұжымға танылады. Егер адам мінезі байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл болса, басқа адамдар да онымен дос болып, сырласуға, ақыл-кеңес сұрауға жақын тұрады. Кешірімді болу, адам бойындағы жомарттық, кішіпейілдікте мерейіңді өсіріп, алғысқа бөлентеді.

Кейбір адамдардың сыртқы келбеті әдемі болғанымен, жағымсыз мінездерімен ортасын жалықтырып, өзгемен тіл табысуын қиындатады. Шыдамсыз, сабырсыз, қызғаншақ, кекшіл болсаң, сен достарыңнан алыстап кетесің. Үнемі жалғызсырап, көңілсіз өмір кешесің. Сондықтан жаман қылықтан аулақ болып, неғұрлым мейірімді, сабырлы мінез көрсетсең, саған өкпесі бар адамдардың өзі сырлас досыңдай болып кетеді. Жұмсақ мінез, ұстамдылық, сыпайылық - өзіңді де, отбасыңды, досыңды да бақытқа бастар жолдың тетігі. Халқымызда «Жақсы адам – қазына» деген нақыл сөз бар. Оның астарында адам мінезі жайлы ой айтылған.

(Қ.Ж.Серғазина, Ж.А.Құсайынова. Қазақ тілі ОӘК)

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма Мінез-құлыққа байланысты мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз

2-сабақ Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Сыртқы келбет, сымбаттылық дегенді қалай түсінесіз?

2. Адам сымбатының бұзылуына не себеп болады?

3. Омыртқа жотасының қисаюы неге байланысты болады?

4. Сыртқы келбеттің дұрыс қалыптасуы неге байланысты?

2-тапсырма Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңіз. Сөйлем құрастырып, бірыңғай мүшелерді табыңыз.

ауырлық күші – қимыл-қозғалыс – қоршаған орта – ғылыми ой – сипат – дара өзгешеліктер – қайталанбастық – эмоцияға берілу – тұрақтылық – ұнамды – жарасымды – өнімді – сымбатты – жан дүние – характеристика стройный душа; внутренний мир неповторимость усилие; нагрузка продуктивный научные умы привлекательный движение окружающая среда передоваться эмоциям индивидуальные особенности постоянство приятный

3-тапсырма Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен жалғастырыңыз

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Адамның сыртқы келбеті мінез-құлқымен тығыз байланысты. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?

Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні. Кеуде сүйектері кеңдігінің мөлшеріне сәйкес шартты түрде адамның дене құрылысы үш түрге бөлінеді. Олар:

1. Астениктер. Бұлар – тар сүйектілер.

2. Нормастениктер. Бұлар – кең сүйектілер.

3. Гиперстениктер.Бұлар – өте кең сүйектілер.

(М. Сүлеймен. Адамның сыртқы келбеті. Астана айнасы)

4-тапсырма Көпнүктенің орнына қажетті жалғауларды қойыңыз

Адамның...... келбеті, сымбаты – дегеніміз қалыпты..... және жұмыс кезінде адамның..... әдетпен өз денесін дұрыс......... айтады...... адамның денесі ұнамды, сыртқы келбеті және...... ісі өнімді.....

(Қажетті сөздер: сымбатты, сыртқы, жағдайда, жарасымды, ұстай білуін, болады, күнделікті)

5-тапсырма а) Көркем – сөзінің синонимін тауып сөйлем құрастырыңыз

ә)Досыңыздың сырт келбетін сипаттап жазыңыз

6-тапсырма «Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті» тақырыбында сұхбат құрастырып, сұхбат бойынша рөлдік ойын ойнаңыздар

7-тапсырма Төменде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз

· Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу

· Сөзі райлының – жүзі шырайлы

· Жаманның сөзі – түйеден түскендей

· Жылтырағанның бәрі – алтын емес

· Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық

3-сабақ Замандас келбеті. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1 Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

2 Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыз?

3 Атаққұмарлық, мансапқорлық дегенді қалай түсінесіз?

4 Өзімшілдік дегеніміз не?

2-тапсырма Төменде берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз

тәкаппарлық -

іштарлық -

екіжүзділік -

жағымпаздық -

қызғанушылық -

өзімшілдік -

жемқорлық -

жалақорлық -

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

Кейбір адамдардың мінез-құлықтарында жағымсыз қасиеттер болады. Мысалы, біреуді-біреу көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық және т.б.

Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р.Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім» – депті. Атаққұмарлар мен мансапқорлар атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкіректеу және өзімшіл болып келеді. Ондай адамдардың алдарына қойған басты мақсаты – шен-шекпенге, сый-құрметке бөлену, оңай даңққа, жеңіл атаққа және мол табысқа қол жеткізу, сондай-ақ лауазымды қызметке көтерілу. Олар өз бойындағы іскерлік пен білімділік, парасаттылық қабілеттерінің бар-жоғына қарамай атақ пен мансапқа қарай ұмтылады, ал қоғамдық жұмыстарға немқұрайлы, атүсті қарайды және халықтың мұң-мұқтажымен санаспайды.

Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді.

Көлгірлік (екіжүзділік) адам бойындағы ең жаман жағымсыз қасиет. В.А.Сухомлинский былай деген екен: «Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол». Екіжүзді адамдар өзгелермен қарым-қатынас жасағанда өз бас пайдасын ойлап қулық, айлакерлік сияқты жаман қасиеттерге барады. Мысалы, қызметі жоғары кісіге бас пайдасын ойлап жағымпаздану, оған бағынышты болу. Ондай адамдарға бастық қалағанын тауып беріп, жұмысын оң шешіп берсе, жағымпаздығын жалғастыра береді. Ал көңілін таппаса, бетін ары бұрып, теріс айналып кетеді де, неше түрлі құйтұрқы әрекеттерге барады. Көлгірсіген жандар өз бойындағы жаман қасиеттерді бүркемелеп, өзін өнегелі, көрегенді етіп көрсеткісі келеді. Олар өз пайдасын ғана ойлап, біреуге жалған айтып жағынып, өтірік айтып көлгірсіп, өсек тасып жамандап, біреуді шағыстырып, ұрыстырып жүреді. Ал өз шаруасын тындырып алғаннан кейін, бұрынғы таныстары, қызметтестерін танымай кетеді. Міне, осындай адамдардың бет-пердесін тану, ондай жандардан аулақ жүру кімге де үлкен олжа екенін ескере жүру қажет.

(Қ. Өрісбаев. «Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер», «Қазақстан-Заман» газеті, 27 желтоқсан, 2007ж.)

4-тапсырма Адам бойындағы жағымды қасиеттерді оң бағанға, жағымсыз қасиеттерді сол бағанға жазып шығыңыз

 

Жағымсыз қасиеттер Жағымды қасиеттер
   
   
   
   
   
   
   
   
   

5-тапсырма Өз бойыңыздағы жаман қасиеттерді қалай мойындайсыз?

6-тапсырма Мінезге қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз

Жібектей есілген мінез, тентек, дөрекі, кесір, кербез, паң, мақтаншақ, ерке, тура мінез, шапшаң.

№ 3 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Мінез және келбет» тақырыбын мазмұндау

2-тапсырма «Сұлулық әлемді құтқарады немесе сұлулықтың сыры» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз

3-тапсырма Әдемілік, сұлулық тақырыбына мақал-мәтел табыңыз

ІV МОДУЛЬ: УАҚЫТ ЖӘНЕ АДАМ

1-сабақ Уақыт алтыннан да қымбат

 

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Сіз уақытыңызды дұрыс пайдалана білесіз бе?

2. Бос уақытта немен шұғылданған пайдалы?

3. Қызығатын іс-әрекетпен айналысқанда, қандай күйде боласыз?

4. Бос уақытта мәдени орындарға баруды ұнатасыз ба?

5. «Уақыт алтыннан да қымбат» дегенді қалай түсінесіз?

6. Жер планетасындағы уақыт айырмашылықтары қандай?

7. Уақыттың негізгі бірліктеріне не жатады?

8. Уақыт, мезгіл, тәулікке қатысты қандай атауларды білесіз?

9. Уақытыңызды қалай үнемдейсіз?

2-тапсырма Екі бағанды сәйкестендіріңіз

 

уақыт кестесі тыңғылықты өзіне бос уақыты рухани жүйке қуаты қызығушылық тау кесте тоқыма мәдени орындар жаныңызға жылылық свободное время исполнительный духовный расписание времени себе гора душе культурные места сила тепло вышивка интерес, забава нерв вязать

3-тапсырма Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз

құн – цена

сәт – момент

даналық – мудрость

өзін-өзі қадағалау – самоконтроль

дерт – болезнь

еріншектік – ленивость

шашылу – трата

үнемі – регулярно, постоянно

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Уақыт алтыннан да қымбат

Адам әрбір күнін, әрбір сағатын мақсатсыз өткізбеу керек. Ол өзінің бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де, өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек.

Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.

Қазіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма.

Психолог мамандардың айтуынша, уақытты әр адам денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдайды. Адам жайбарақат күйде болғанда, уақыт зымырап бара жатқандай көрінсе, бір нәрседен қорыққан кезде, керісінше, уақыт тоқтап қалады. Сондай-ақ уақытқа жаныңдағы адамдардың да әсері бар. Жақсы әрі көңілді адамдармен сөйлесіп отырсаңыз, уақыт тез өтсе, мылжың, бос сөзді көп айтатын немесе пессимист адамдармен бірге болсаңыз, уақыт жүрмей қояды.

Осы күнге дейін ғылымның өзі уақытқа нақты анықтама берген жоқ. Біреулер уақыт бір орында тұрады, тек біз оны баспалдақ сияқты аттап өтудеміз десе, енді біреулері ол өз жолымен жүруде, біз ілесуші ғанамыз деп жауап беруде. Зерттеулер көрсеткендей, адам миында немесе ағзасында нақты уақытты есептеп отыратын бөлшек жоқ.

Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасап көрді. Ол күннің көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты. Әрдайым жаныңызға жақсы адамдарды жинап, уақытты тиімді пайдалана білген жөн.

 

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма Оқыңыз, есте сақтаңыз. Уақытыңызды дұрыс пайдаланыңыз, уақытыңыздың жауларынан сақ болыңыз

а) Уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз.

ә) Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл табыс кепілі.

б) Ойлану үшін уақыт табыңыз, бұл – күш жігер бастауы.

в) Ойын үшін уақыт табыңыз, бұл – жастық құпиясы.

г) Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл – білім негізі.

 

 

ғ) Достық үшін уақыт табыңыз, бұл – бақыттың шарты.

д) Армандау үшін уақыт табыңыз, бұл – жұлдыздарға барар жол.

е) Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл – өмірдің шынайы қуанышы.

ж) Көңіл үшін уақыт табыңыз, бұл – жанның әуені.

Уақытымыздың жаулары

а) түсініксіз мақсаттар

ә) тыңдай білмеу

б) «жоқ» - деп айта алмау

в) телефонмен ұзақ сөйлесу

г) асығыс шешімдер

ғ) ұмытшақтық

д) жұмыс уақытында кофе, шәй ішуге кететін үзілістер

е) жоспарлай білмеу

2-сабақ Студенттің бос уақыты

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Бос уақытыңызды қалай пайдалана аласыз? (демалыс күніңізді)

2. Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?

3. Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

4. Әр күнге жоспар құрасыз ба?

5. Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

6. Уақыт – алтыннан қымбат дейді, неге?

7. Уақытты басқару дегеніміз не?

8. Уақытты меңгеру не үшін керек?

9. Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?

 

2-тапсырма Сөздердің антонимдерін жазыңыз

Басталу, кешігу, таңертең, бүрсігүні, ертең, ерте.

3-тапсырма Сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз

Уақыт талабы, уақыт жоқ, уақыт тапты, уақыт өткізді, уақыт болып қалды, уақытты бағалау, уақытты пайдалану, уақыт қымбат, уақытша баға, уақытты босқа өлтірме, уақытты үнемдеу.

4-тапсырма Мәтінді оқып, өз ойыңызбен бөлісіңіз

Студенттің бос уақыты

Адамдар бос уақыттарын әр түрлі өткізеді. Біреулер үйде тыныштықта отырып демалғанды жақсы көреді. Көбінесе теледидар қарайды, музыка тыңдайды, кітап оқиды немесе өздерінің сүйікті ісімен айналысады. Ал кейбір адамдар табиғатқа шығады, жағажайға, саяжайға, тауға, демалыс үйлері мен сауықтыру кешендеріне барады.

Жазда адамдардың көбін жағажайдан кездестіруге болады. Жаздың ыстық күндері оларға суға түсу, күнге күю, жүзу ұнайды. Қазіргі кезде жағажайларда адамдардың демалуына көп жағдай жасалған.

Демалыс орындарының бірі – кинотеатр. Кинотетрға келген жаңа фильмдер туралы теледидардан берілген жарнамалардан, газетке шыққан хабарландырулардан білеміз. Бұл күндері кинотеатрларда тек кинозалдары ғана емес, сонымен қатар, би залдары, ойын бөлмелері, дәмхана бар. Сол себепті қазіргі кинотеатрларды ойын-сауық, демалу, көңіл көтеру орталығы деуге де болады.

Бос уақытта мәдени орындарға яғни театрға барып, әнші, биші, күйшілердің өнерін көрген дұрыс. Мұражайға барып, суретшілердің өнерін тамашалған да жақсы.

Сонымен қатар, бос уақытта таза ауада қыдыруды, мұз кешенінде сырғанақ тебуді, саябақта, қаланың көрікті жерлерінде серуендеуді, спортпен айналысуды әдетке айналдырса, кез-келген адамның бос уақыты қызықты өтері сөзсіз.

Ал студенттің демалуы мен бос уақытын өткізуі -білім алып жатқан оқу орнындағы тәрбие ісімен тығыз байланысты. Біздің оқу орнымыз студенттердің бос уақыттарын мәдени шараларға: қаламыздың көрікті жерлеріне, тарихи-мәдени орындарға апарып, спорттық ойындарға, мазмұнды мерекелерге қатысуын ұйымдастырып тұрады. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әртүрлі байқаулар, фестивальдер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, кiтапхана қорында студентке қажетті кітаптар, ғаламторда, электронды оқу құралдары да жетерлік. Кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат сегізден, кешкі сағат тоғызға дейін. Университетімізде білім нәрімен сусындаймын деген студенттерге барлық жағдай жасалынған.

 

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

6-тапсырма Уақыт туралы нақыл сөздерді есте сақтаңыз

· Адамдардың бәрінде уақыт бар, әйтсе де, ол барлық адамға жетіспейді.

· Уақыт ойымыздан да жүйрік.

· Уақыт – алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз.

· Уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді.

· Сәбидің бір сағаты, қарттың бір күнінен қысқа.

· Уақыт – керемет ұстаз, алайда шәкірттерін өлімге қиятыны жаман.

· Уақытым бос өтті деп күлмеген күніңізді айтыңыз.

· Әр күнің – жаңа өмір.

7-тапсырма «Менің күн тәртібім» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз

3-сабақ Халықтың уақытты анықтау белгілері

1-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз!

бір сәт - мгновение

қас қағым - миг

сүт пісірім- 5-10 минут

бие сауым - (1,5 часа)

ет пісірім - 2,5 - 3 часа

жарты күн - пол дня

тәулік - сутки

бір күн - один день

бір түн-одна ночь

ғасыр (100 жыл) - век

мүшел (12 жас) - двенадцатилетний цикл

таным-түсінік - познание

табыну - поклонение

қағида - правило, принцип

сенім - доверие

көшу - перекочевывание, кочевать

қыстау - зимовка

соғым - убоина

мал төлдету - подготовка к принятию приплода

2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қазақ халқы уақытты анықтауда, өзіндік бай тәжірибе жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын, оған лайықты сөз өрнектерін таба білді. Мерзім, мезгіл өлшемдеріне қатысты халық өлшемі мен атаулары өте бай. Ұлттық ұғымда мерзім - уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқсан). Мезгіл сол уақыттың бір сәтін айқындайды (мысалы: түс, кеш, түн ортасы). Қыс, көктем, жаз, күз мезгіл өлшемдеріне жатады. Мерзім өлшемдері: бір сәт, қасқағым, ә дегенше (1 секунд), сүт пісірім (5-10 минут), бие сауым(1,5 сағат), ет пісірім (2,5 - 3 сағат), жарты күн, тәулік - бір күн, бір түн немесе 24 сағат, апта (7 күн), ай (30 - 31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн немесе 12 ай), ғасыр (100 жыл). Адам өмірі де жас (1 жыл), мүшелмен (12 жас) есептеліп, бір мүшел (13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49 жас), тағы сол сияқты бөліне береді.Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әртүрлі және өте бай (мысалы: елең - алаң, таң сәрі, т.б.). Уақыт шамасын анықтау арқылы халқымыз таным - түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау қасиетін, тіл қабілетінің жоғары тұрғанын да дәлелдеп береді. Қазақ халқы бір кезде уақытты күннің, айдың, жұлдыздың қозғалысы мен тууына қарай болжап белгілеген. Олар уақытты күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап болжаған. Бүгінгі күні қазақ халқының астрологиялық есептері, ғылымға сәйкес қағидалары мен сенімдері болғаны туралы анықталып, көп айтылуда.

Қазақтар осы есеп арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеу мен қыстауға қашан келіп, қой мен қозыны қай уақытта қырқу, қай мезгілде мал төлдету, соғымды қашан сою, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылық мезгілдерін тап басып, белгілеп отырған

(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)

3-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

 

4-тапсырма Жақша ішіндегі сөздерге қажетті қосымшаларды жалғап, сөйлемдерді толықтырыңыз

Күн (атқан)... батқанға дейінгі (уақыт)... әр халық өзінше бөлген. Мысалы, парсылықтар (күн)... (бес)... бөлсе, ежелгі мысырлықтар (он екі).., бөлген. Біз қазір ежелгі Вавилон тұсында-ақ пайда болған уақыт санау (жүйесі)... қолданамыз. Онда (тәулік). 24 сағатқа, ал (сағат)... 60 минутқа бөлген.

5-тапсырма Білгеніңіз жөн!

Күн шыққаннан батқанға дейінгі уақытты әр халық өзінше белгілеген. Мысалы, парсылықтар күнді беске бөлсе, ежелгі мысырлықтар 12-ге бөлген. Біз қазір ежелгі Вавилон тұсында-ақ пайда болған уақыт санау жүйесін қолданамыз. Онда тәулікті 24 сағатқа, ал сағатты 60 минутқа бөлген.

Уақытты өлшеу үшін қолданылатын ең қарапайым аспаптар - құм сағат және су сағат.

Құм сағат Азия елдерінде шыққан. Құм сағаттар ұзақ уақыт кемелерде қолданылып келді, қазір медицина саласында, ем қабыбылдау кабинеттерде қолданылады.

Ежелгі заманда «клепсидр» (грекше - су ұрлаушы) деа атаған су сағаттар кең тараған-ды. Бұл сағат уақытты ағып шыққан су мөлшеріне қарап айырған.

Маятник - қазіргі сағаттардың негізгі бөлігі. Маятникті уақытты өлшеуге пайдалануды ең алғаш Галилео Галилей ұсынған. 1656 жылы голландиялық ғалым Христиан Гюйгенс жасап шығарды («Алгорифм» журналынан).

 

6-тапсырма Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Уақытты ертеректе немен өлшеген екен?

2. Құм сағатты нені өлшеуге пайдаланған?

 

3. Клепсидр делінген сағаттың қандай түрі? Онымен нені өлшеген?

4.Маятникті уақытты өлшеуге пайдалануды кім ұсынған?

5. Христиан Гюйгенс қай жылы қандай сағат ойлап тапты?

7-тапсырма Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, мағынасын ашыңыз

Три вещи никогда не возвращаются обратно: время, слова, возможность.

Три вещи никогда не следует терять: спокойствие, надежду, честь.

Три вещи в жизни наиболее ценны: любовь, убеждения, дружба.

Три вещи в жизни никогда не надежны: мечты, удача, состояние.

Три вещи определяют человека: труд, честность, достижения.

Три вещи разрушают человека: гордыня, злость, богатсво.

8-тапсырма Кестені толтырыңыз (Ұяшықтағы сөздер: Жыл мезгілдері, ай аттары, апта күндері, мүшел жылдар)

Жыл мезгілдері Ай аттары Апта күндері Мүшел жылдар
       
       

№ 4 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Уақыт алтыннан да қымбат» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма Қазақ халқының ұғымындағы киелі сандар туралы айту

3-тапсырма Мақал-мәтелдерді керекті сөздермен толықтырып жазыңыз

1.......................... орда бұзбаған,............................. қамал ала алмайды.

2.............. – ердің жасы, -.................. ел ағасы.

3...................... досың болса да,......................... жетпей тұрады.

4................................ күн атан болғанша,................... күн бура бол.

5......................... түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледі.

6........................... жаудан да....................... жансыз жаман.

7........................... елі ауызға............................. елі қақпақ.

8 Білекті.................... жығар, білімді......................... жығар.

4-тапсырма «Уақытты үнемдеу де - өнер» тақырыбына шығарма жазыңыз


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.08 сек.)