АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Баулу – приучать;воспитывать

Читайте также:
  1. Дос жылатып айтады.
  2. Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 7 страница
  3. Менеджмент мектептері ерекшеліктері.
  4. Параграф 1. Емхана
  5. ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ
  6. Рахимжанова Г.Н.
  7. Салалар бойынша: терапия, гинекология, хирургия.
  8. Университет – білім ордасы
  9. Я. А. Коменский

шынайы - 1) истинный; искренний 2) настоящий; истинный

сана - сознание

қыңыр – упрямый; капризный

есер- 1) сумасбродный; безрассудный 2) придурковаый

бейбастақ - 1) бесчинствующий; необузданный; не подчиняющийся порядку; разнузданный; распоясавшийся

2) грубый; невоспитанный

 

2-тапсырма Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз

Меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік,

салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығарма-шылдық, рухани байлық.

 

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар

Тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған ең жауапты міндет –жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеп, тиянақты білім беру. Сондықтан, халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, салт-дәстүрлерімізде жатыр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: — Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, — деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.

Құндылық дегеніміз не?Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.

Жастайынан берілген тәрбие, орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді.Бала санасында ұлттық құндылықтар халық ауыз әдебиетіндегі ауыз әдебиеті үлгілерінде жатқандығы белгілі. Өйткені жасынан ертегі, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер мен батырлар жырларын, жыраулар шығармаларын оқып, жаттап өскен баланың бойында еліне, жеріне, халқына адамзатқа деген сүйіспеншілігі арта отырып, ұлтжанды, намысқой, арлы азамат боп қалыптасады. Жөргегінен бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, көңіл бөлген халқымыз осы ауыз әдебиеті үлгілері арқылы адамды аздырып – тоздыратын: өсек, өтірік, мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастақ секілді мінездерден сақтандырып келген.

Ұлттық құндылыққа – ұлтымыздың мәдениетін, әдебиетін, өнерін, музыкасын, спортын жатқызамыз.

4-тапсырма Берілген мәтінді оқып, есте сақтаңыз!

Жеке тұлға үшін ең басты өмірлік құндылықтар:

Адам – біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы, оның өмірі, құқығы және бостандығы.

Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы.
Отан, туған өлке – Адам үшін туған жерден артық ешнәрсе жоқ. Туған жер деп адам өзінің туып-өскен жерін айтады. Туған жер ұғымы – кең ұғым. Бұл ұғымға туған үйің, туған ауылың, туған қалаң жатады. Қазақ халқында туған жер мен туған ел, Отан деген түсініктер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымдар.

Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы.

Салауатты өмір салты –бұл денсаулықты нығайту және дамытудың үйлесіділігін қамтамасыз ететін кешенді алдын – алу шаралары.

Еңбек – өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш.

Білім –адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.

Мәдени мұра – барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.

Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқарастаболатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

5-тапсырма Мәтінде асты сызылған сөздерді түсіндірме сөздіктің көмегімен мағынасын түсіндіріңіз. Сөйлем құрастырыңыз.

6-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

7-тапсырма Тәрбие туралы нақыл сөздерді жаттап алыңыз

Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы.

Әбу Насыр әл-Фараби

Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет
қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.

М. Жұмабаев

Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды.

Мұстафа Шоқай

№ 8 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Айтыс өнері. Күй атасы Құрманғазы. Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма Тәрбиеге қатысты 10 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз

3-тапсырма «Ұлттық құндылық» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз

ІХ МОДУЛЬ:ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

1-сабақ Хакім Абайдың философиясы

1-тапсырма Мәтінді оқып, қазақ тілінде мазмұндаңыз

Абай – великий казахский поэт, композитор, философ, основоположник казахской письменной литературы. Он родился в 1845 году. Отец Абая был строгим человеком. Мама Абая – Улжан была доброй, мягкой, красноречивой. Бабушка Зере и мама Улжан воспитывали Абая. В 9 лет он пошел в религиозную школу. В 13 лет отец его забрал из школы. 3 месяца он проучился в русской школе, прочел произведения Пушкина, Лермонтова, Крылова и перевел их на казахский язык. А на переведенные им «ПесняТатьяны», «Горные вершины» написал музыку, и сейчас народ любит и поет эти песни. В своих произведениях Абай сильно критиковал волостных и местных правителей. Абай умер в 1904 году. В 1909 году в Петербурге вышла в свет книга «Стихи казахского поэта Ибрагима Кунанбаева». Произведения Абая переводились на русский, иностранные языки. Сейчас его произведения известны всему миру.

2-тапсырма Жақшадағы сөздерді аударыңыз

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы (в Семипалатинской области) туған. Абай шығармалары (в советскую эпоху) көп данамен әлденеше рет (выходили в свет). Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов (свой роман-эпопею «Путь Абая») осы ақын өміріне (посвятил).

3-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз


4-тапсырма Берілген сөздерге қосымша жалғап, толықтауыш мүшелі сөйлем құраңыз

А.С. Пушкин, роман-эпопея, Татьяна, философ, педагог.

5-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)