АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Дос жылатып айтады

Читайте также:
  1. IIIIIIIIIIIIIIIIIIII
  2. А) Бернард Арно
  3. Абай философиясы
  4. Автобиографиясы
  5. Адам экологиясы
  6. Байланыс каналдары
  7. Бап. Айыптау актісін табыс ету
  8. Баулу – приучать;воспитывать
  9. Бауыржан Момышулы
  10. Векторлык алгебра
  11. Діни мерекелер.

Этнопедагогика

Пәннің атауы

Мамандығы 5В010100-«Білім»

Шифр, мамандық атауы

 

 

Арқалық, 2014 ж

 

 

Құрастырған: Ахметова П.А.,Какина Д.Ш.

тегі, аты-жөні

 

ОӘК аңдатпасы

«Этнопедагогика» курсы – бұл этнопедагогиканың мәні және өзіндік ерекшелігі жайында студенттерді біліммен қаруландыруды, ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық сананың өзіндігін есепке ала отырып, жас ұрпақ тәрбиесіне халықтардың дәстүрлері және салттарын ендіруде егеменділігін, көпұлттылығын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының этномәдениеттік білім беру концепциясының негізгі идеяларымен таныстырады. Болашақ педагог-психологтар этнопедагогиканың ғылым екендігі жөнінде түсінігінің болуы, этнография, этнофилософия, этностық мәдениет және этностық психология ғылымдарының түйісуінде қалыптасқан оның салаларын, халықтың дәстүрлері мен салттарына тәуелді анықталған негізгі этнопедагогикалық түсініктерді білуі, рух тәрбиесінде қалыптасқан ұлттық сананы, өзінің және басқа халықтардың мәдениетіне, тіліне, тарихына құрметтеуді кәсіпқой іс-әрекетінде теориялық білімдерді пайдаланады.

 

 

Оқу-әдістемелік кешен Этнопедагогика ________________

пәннің аты

 

_________________ Педагогика және филология _________факультетінің студенттеріне арналған / Құраст.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Этнопедагогика пәні бойынша

«Білім» топтарына арналған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

 

 

______________ Педагогика және филология ________ факультеті

_______________ Педагогика және психология ______ кафедрасы

 

жұмыс оқу бағдарламасы

 

Пән атауы ____________ Этнопедагогика ____________

Мамандығы 5В010100 Білім топтарына арналған ________

(шифры, атауы)

  Оқу түрі
Күндізгі Сырттай
Кредит саны    
Курсы    
Семестр 3-4 3-4
Емтихан тест тест
Дәріс    
Практикалық (семинар) сабақ    
Зертханалық сабақ - -
ОСӨЖ (оның ішінде)    
СӨЖ    

Арқалық – 2014

 

 

Құрастырушылар: _ Ахметова П.А., Какина Д.Ш.

(А.Т.Ә.)

 

_________ Педагогика және психология ______________ кафедрасы

 

Мамандығы: 5В010100 Білім топтарына арналған ________ (Мамандықтың шифры, толық атауы)

Оқу нысаны ______ Күндізгі, сырттай жоғары кәсіби білім ________

(күндізгі, сырттай жоғары кәсіби білім)

 

«Этнопедагогика» білім тобындағы мамандықтар үшін үлгілік оқу бағдарламасы. Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде қарастырылған №18 15.05.2012 ж., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секция дайындаған және ұсынған.

(ҚР МЖМБС, типтік бағдарламаның толық атауы, бекіткен күні және ұйым атауы, ОӘБ және пән индексі)

 

 

Глоссарий

Этнопедагогика (гр.ethnos – халық, pedagogike ethnos- балаларды тәрбиелеу) халық педагогикасы болып табылатын ғылым, әлеуметтік, экономикалық және басқа да факторлардың әсерінен тәрбиелеудің дәстүрлі мәдениеттерінің қалыптасу және даму заңдылықтары, қазіргі заманның тәрбие жүйесіндегі олардың көрініс алу әдістері. «Этно» -мазмұны «халықтікі» сөзінің бірінші бөлігі. Этнопедагогика термині кеңес педагогикасында XX ғасырдың 2-ші жартысында пайда болды.

Этнопсихология халықтың психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез-құлқын, ұлттық сезімін, өзіндік санасын, халықтық стереотипін зерттейтін ғылым.

Қазақ халқының ұлттық философиясы ой толғаныс қазынасына (ұлттық психология), ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне (этнопедагогика), салт-дәстүр ерекшелігіне (этнография) тікелей байланысты.

Этникалық мәдениет этникалық қауымның жүйе түзуші белгілерінің бірі, оны дамыту этносты сақтаудың шарты.

Менталитет, діл (лат. menta – жан құрылым) - әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, наным-иланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы.

Ана тілі- ғасырлар бойы халықтың жинаған өмірлік тәжірибесін берудің табиғи механизмі, тұлға үшін халықтың көп ғасырлық даналығын, оның мәдениетіне, болмысына және салтына баулуының бірден-бір жолы.

Мәдениет – халықтың мыңдаған жылғы бойғы асыл қазынасы, оның мінез – құлқы мен жан дүниесі, бостандығы мен зердесі, қоғам өміріндегі ең елгезек те сезімтал салаларының бірі.Мәдениет– адамның ойлау, өзіне де айналасындағыларға да талдау жасай білу қабілеті.

Этномәдениет – нақты этностың мәдениеті, оған тіл, этникалық сана, психика,дәстүр ерекшеліктері және тәрбие мен оқытудағы өзін-өзі тану жатқызылады. Этномәдениет ұлттың, халықтың өз дәстүрі мен рухани бейнесі арқылы танылатын халықтық мәдениет.

Этномәдени білім– тұлғаның этномәдени тектестігін дамытуға, сақтауға,соның ішінде оның ана тілімен бірге мәдениетін әлем мәдениетінің құндылықтарын бірге игеруге бағытталған білім.

Этномәдениеттік білім беру- бұл жеке адамды ана тіліне және мәдениетіне баулу арқылы, сонымен қатар дүние жүзілік мәдениет құндылықтарын, меңгеруге бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің жүйесі.

Құндылық – объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым; ол объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды.Құндылықтарға адам қастерлейтін зат, табиғат құбылыстары, қоғамдық процестер, іс-әрекеттер, мәдени құбылыстар жатады.

Көпмәдени тұлға – күрделі тұлғалық жүйе, оның құрамдас бөліктеріне адамгершілік–этникалық бағыттағы сана, мәдени тектестік қабілеті және өз іс– әрекетінің деңгейін бағалау, өзге ұлт өкілдеріне деген ізгілікті көзқараста болу жатады.

Толеранттық ( төзімділік )- бұл жекелік және қоғамдық сипаттама, ол арқылы дүние жүзі және әлеуметтік орта көпжақты екендігі ұғынылады, осыдан келіп бұл дүниеге көзқарастар да әр түрлі болады және біржақты немесе біреулердің қызығушылығы мен пайдасына шешілмей, өз пікіріне, көзқарастарына, қылығына сай келмейтіндерге төзімділік, шыдамдылық таныту.

Халықтың тарихи ескерткіші – этникалық эволюцияның үздіксіздігін, этностың мәдениетінің сабақтастығын және оны келесі ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етуге жағдай жасайтын этностың рухани мәдениетінің маңызды бір бөлігі.

Халық мәдениеті (синонимі – халық ауыз әдебиеті) – кәсіптік дайындығы жоқ, белгісіз шығармашылар құрған мәдениет. Оған әпсана (миф), аңыз, эпос, әңгімелер, әндер, би, ертегілер және т.б. жатады. Халық мәдениеті жергілікті жердің дәстүрлерімен байланысты, сондықтан оның ерекшелігі мен даму тенденциясын білім беру мазмұнын таңдағанда ескеру қажет.

Халық – тарихи негізде тайпадан шығып, ұлтқа айналған адамдардың этникалық қауымы. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және жеке меншіктік қатынастардың қалыптасуы кезеңінде тайпалар және тайпалық одақтардың араласуы нәтижесінде пайда болады.

Халықтық педагогика – халықтың ауызша творчествосында, салт–дәстүрінде, әдет– ғұрпында, балалар ойындары мен ойыншықтарында сақталған педагогикалық мәліметтер мен тәрбиелік тәжірибенің біртұтастығы.

Ұлт – территорияның, экономикалық байланыстардың, тілдің ортақтығы негізінде қалыптасатын және туындайтын, мәдениетінің, психологиялық және этникалық сана– сезімінің кейбір ерекшеліктеріне негізделген әлеуметтік– экономикалық біртұтастықты білдіретін этностың тарихи түрі.

Табиғи үйлесімділік ( Природосообразность) –табиғаттың обьективті заңдарын түсіну негізінде құрылған және табиғи ортамен үйлесімді қатынастарды орнатуға бағытталған іс– әрекет түрі.

Этносортақ әрекеті бар, ортақ тілі, дәстүрі, салт– жоралар комплексі бар, сонымен қатар өздерінің ұқсастығын және басқа да осындай қоғамдардан еркшелігі барын білетін, белгілі бір территорияда этногенез нәтижесінде тарихи қалыптасқан адамдар қауымы.

Мақал-мәтел – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесінің бір ауыз сөзбен берілген қорытындысы, түйіні. Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел жанамалап, меңзеп, тұспалдап жеткізеді.

Жұмбақ – ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттау, солар арқылы жұмбақ етілген затты жасыру.

Мәдениет — адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңару жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері.

Халық педагогикасы – халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, тұрмыс күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойып, ұрпаққа тәрбие берудің барлық жақтарын қамтитын, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім.

Дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы.

Салт-дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі тұрғызған ғұрыптардың жиынтығы.

 

 

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Атауы: Этнопедагогика

Кредит саны: 2

Өткізу орны:313 аудитория

 

курс семестр кредит дәріс практика, (семинар, лаб-қ) СӨЖ ОСӨЖ (оның ішінде)
             

Пәннің тақырыптық жоспары

Тақырыбы Оқу түрі
Күндізгі Сырттай
Дәріс Семинар Зертхана СӨЖ ОСӨЖ Дәріс Семинар Зертхана СӨЖ ОСӨЖ
КІРІСПЕ І модуль. Этнопедагогика- педагогика ғылымының саласы
  Этнопедагогика пәнінің міндеттері                    
  Этнопедагогика ғылымының мазмұны,мақсаты,орны                
ІІ модуль. Халықтық педагогика – Этнопедагогиканың қайнар көзі
  Педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы                    
  Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі                
  Халықтық педагогиканың негізгі құралдары (мақал-мәтелдер, жұмбақтар)                
  Ән-халықтық педагогиканың құралы                    
  Халықтық педагогикадағы ертегілер                    
  Халықтық тәрбиенің факторлары                    
  Ежелгі жазба мұралардағы халық тәрбиесі                    
ІІІ модуль. Қазақ этнопедагогикасы
  Қазақстандағы этнопедагогикалық ой-пікірлер                    
  Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері                
  Қазақ халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасының қайнар көзі                    
  Этномәдени білім беру                    
  Қазақ этнопедагогикасының мазмұны                    
  Оқу тәрбие –үрдісінде халық педагогикасының қолданылуы                    
Барлығы                    
                                 

 

 

Пәнді оқытудың мақсаты: Халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана-тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы, намысқой патриот азамат тәрбиелеу;

Пәнді оқытудың міндеттері: Халықтық тәрбие түрлерін жастардың бойына сіңіртіп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп, дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару;

- Халықтық педагогиканың іс-әрекет аясын және қазіргі заманғы тәрбиемен өзара байланысын анықтау;

- Баланы әлпештеп өсірген халықтың даналығының мәйегін жинау, халықтық тәрбиенің негізгі санаттары (категориялары) мен заңдылықтарын анықтау;

- Халықтық педагогикаға ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды бөліп көрсету, халықтық педагогика дәстүрлерінің өміршеңдігі себептерін анықтау және қоғамның рухани өміріне олардың тереңдей ену тетігін айқындау;

- Ірі және шағын халықтардың, тәрбие практикасының ерекшеліктерін мұқият зерделеу.

Құзіреттілігі: (білім, білік, дағды)

Білім

Этнопедагогиканың ғылыми түсінігі, оның құрылымы, басқа ғылымдарымен байланысы; халықтардың салт-дәстүр түсініктермен тұжырымдамалық байланысы.

Білік және дағды

Ұлттық сана сезімге байланысты студенттің, тәрбиеде, этникалық торилантылықта, тіл мәдениетімен елдірді түсініп сыйластығында, өмірде іске асыра алуы; теориялық білімін кәсіби іс – әрекетке қолдануы.

КІРІСПЕ

Дәріс -1. Этнопедагогика пәнінің мақсаты, міндеттері

Жоспары:

1. Этнопедагогика пәнінің мақсаты

2. Этнопедагогика пәнінің міндеттері

3. Этнопедагогиканың құзыреттілігі

Дәріс – 1сағ., практ. - 1 сағ., сөж – 4 сағат.

Пәнді оқытудың мақсаты: Халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана-тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы, намысқой патриот азамат тәрбиелеу;

Пәнді оқытудың міндеттері: Халықтық тәрбие түрлерін жастардың бойына сіңіртіп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп, дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару;

- Халықтық педагогиканың іс-әрекет аясын және қазіргі заманғы тәрбиемен өзара байланысын анықтау;

- Баланы әлпештеп өсірген халықтың даналығының мәйегін жинау, халықтық тәрбиенің негізгі санаттары (категориялары) мен заңдылықтарын анықтау;

- Халықтық педагогикаға ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды бөліп көрсету, халықтық педагогика дәстүрлерінің өміршеңдігі себептерін анықтау және қоғамның рухани өміріне олардың тереңдей ену тетігін айқындау;

- Ірі және шағын халықтардың, тәрбие практикасының ерекшеліктерін мұқият зерделеу.

Құзіреттілігі: (білім, білік, дағды)

Білім

Этнопедагогиканың ғылыми түсінігі, оның құрылымы, басқа ғылымдарымен байланысы; халықтардың салт-дәстүр түсініктермен тұжырымдамалық байланысы.

Білік және дағды

Ұлттық сана сезімге байланысты студенттің, тәрбиеде, этникалық торилантылықта, тіл мәдениетімен елдірді түсініп сыйластығында, өмірде іске асыра алуы; теориялық білімін кәсіби іс – әрекетке қолдануы.

Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы, халықтық ғылым болып табылады.

Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.

Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.

Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды,сондай-ақ тарихи -педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін оларды келешекте зертеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.

Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтарына ие.Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс,өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы,оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық «адамшылық табиғаттың» адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генефондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.

Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.

Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып тасталған халықтық және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.

Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық, ақыл ой, мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез құлықты реттеу, өзін өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамандарды оқылатын материалға қызығушылығын арттырады.

Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу; этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтар ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғарғы кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогткалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.

Адам баласы оу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айналысып бақты. Оның қағазға түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл ақыл, өсиет өнеге, қағида болып тарап келген білім білік, тәлім тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.

Тарихи педагогикалық әдебиеттерде соңғы уақытта «Халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір біріне қарама қайшы төрт тұрғыдан қарастырып жүр.

Олардың біріншілері: халықтың санасына тән рухани құбылыс деп қараса; екіншілері: әр халықтың педагогикалық тәжірибесі; ал үшіншілері. Халықтық педагогикалық ойлар мен іс әрекеттерәнәі бірлігі, төртіншілері: халық тәрбиесі туралы өғылым деп қарайды.

Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л. Христова халық педагогикасын «халықтың таптық педагогикалық санасы» деп қарастырады.

Зерттеуші педагог Г.С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптаған.

Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелі үлес қосқан көрнекті ғалым Г.Н. Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңңғыш рет «этнопедагогика» деген ұғымды енгңзген. «Этнопедагогика халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.» дейді Г.Н. Волков.

Халықтық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде (Битиева Н.Б, Қыдырәлиева К.Н, Насруллаева Н.Н, Байман Ф.Е, т.б.) халықтық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық тенденциялардың, отбасы тәрбиесі және адамгершілік жайлы қағидалардың, эстетикалық, еңбек және ақыл ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын бөліп атайды.

Халықтық педагогикалық білімдері комплексті және синтетикалық сипатта деп бағалауға әбден болады. Себебі аса ауқымды педагогикалық мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме дәл жеткізе алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.

Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады.

Халықтық педагогика салт дәстүр, жол жора, қонақ күту рәсімдері, ел жұрт, ру тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім тәрбиенің түрі, адам мінезі, іс әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.

Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген авторлар еңбектерінде әдет ңұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі.

Этнопедагогика кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, тереңдеп зерттеу мен талдауды қажет ететінг жекелеген мәселелер де аз емес.Оның алдында шешілуі ең қиын алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр.

Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер болу жаңару және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозіалысты жүйе деп әбден қарастыруға болады.Мұнымен байланысты этнопедагогикада жаңа құбылыстардың пайда болуы және алға басуы; XX ғасырдың басына дейінгі және одан кейінгі кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып көрсетуге елеулі орын берілуі қажет.

Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа шығаруға, тарихи ессіздікке нақты тосқауыл қояды ғ балалар мен жасөспірімдерге халықтық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі адамзаттық борышын жете түсінуге, оларды өзінің ата аналары, өткен ұрпақ, бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге көмектеседі.

Этнопедагогикалық қарастыруда тәрбие қоғамдық құбылыстың бірінен өзгесіне заңды ілесіп отыруы, яғни мінез құлықтың табиғи формасы ретінде алға шығады.

Этнопедагогика зерттеудің кең көлеміне не оның алдында үлкен өзекті міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі жағдайда халықтың педагогиканың әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара байланысын айқындау аса маңызды.

Этнопедагогиканың практикаға жол табуы ол қазіргі педагогикалық теорияны жан жақты қолданғанда ғана мүмкін. Сонымен бір мезгілде этнопедагогиканың көптеген қоғамдық, гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара ықпал ету шеңберіне енуінің принципті мәні бар.Бұл этнопедагогикалық материал мен бастаулары елеулі кеңейтеді, оны үлкен тарихи тәжірибесі бар ғылымдар методтарымен қаруландырады және сонысымен де аса кең теориялық қорытындылаулар үшін қолайлы жағдайлар туғызады.Этнопедагогикалық ізденістерді этносоциологиялық зерттеулердің құрамды бөлігі ретінде қарастыру жемісті болып көрінеді.Кез келген ғылым секілді этнопедагогикаға да теориялық тереңдікпен ұштасатын кеңестік керек, мұның өзі эмпирикадан тек теориялық қорытындылауларға көшкен жағдайда өана мүмкін болады.

Дәріс -2. Этнопедагогика ғылымының мазмұны,мақсаты,орны

Дәріс – 1сағ., практ. - 1 сағ., сөж – 4 сағат.

Жоспар:

1. Этнопедагогиканың мазмұны

2. Этнопедагогика басқа ғылымдармен байланысы

3. Этнопедагогиканың зерттеу нысаны

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары — халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.

Академик Г.Н.Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогиканың ерекшелiгi: оның адам баласының дүниеге келген күнiнен бастап бiрге жасасып келуiнде, адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны — табиғатты өзiне икемдеп игеруiнде, еңбек тәрбиесiнiң алғашқы адамдар өмiрiнде басты рөл атқарғаны, тәрбиенiң басқа түрлерiнiң кейiн туғандығы, халықтық тәрбие жөнiндегi қағидалары өмiрлiк тәжiрибеге негiздеген эмпирикалық бiлiм болып келуi, оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениетi шықпай тұрған кезiнде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөнi халық жадында сақталмай, бүкiл халықтық мұраға айналып кетуi, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегi озық тәжiрибелерi мен ой түйiндерi сол халықтың ой-тiлегiмен, арманымен ұштасып келгендiктен, озық үлгiлерiнiң мәңгi сақталып, ал тозығының бiртiндеп өмiрде қолданудан шығып калуы, халық педагогикасы өнерге, еңбекке негiзделгендiктен, үнемi жетiлдiру, ұшталу үстiнде болуы, сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенiң озық үлгiлерiне және оның нәтижесiне құрылуы, тәрбие тәжiрибесiнiң ғасырлар бойы жалғасып келуi (преемственность), алғашқы тәрбие түрлерiнiң қоғамда бөлiнбей, синкреттi тұтас түрiнде берiлуi (мысалы, қол, би, музыка өнерлерiнде ой еңбегi мен дене еңбегi, ақыл-ой тәрбиесi мен еңбек тәрбиесiнiң бiрге ұштасып келуiнде)”, деп саралай көрсете келдi де, "халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiне негiзделiп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлерi, ауыз әдебиетi үлгiлерi) арқылы iске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негiзделедi. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрiн, тұрмыс-тiршiлiгiн педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады... яғни, халық педагогикасы ғылымға шикi материал даярлаушы мәлiметтер көзi болып табылса, сөйтiп педагогика ғылымына қызмет етушiнiң рөлiн атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық мәдениетiн зерттеп, оның прогрессивтiк үлгiлерiн бүгiнгi оқу-тәрбие iсiне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады”— дейдi.

Халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетіліп, ұштал үстінде болды, ол ғылыми жүйеге, теоричларға құрылмай, жекебастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне құрылады. Осылайша тәрбие тәжірибесі ғасырлар бойы жалғасып келіп, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, синкертті тұтас түрінде берілді. Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірініші орынға қойылып келді. Ол заңды да еді. Себебі халық педагогикасы ғылым мен техника өрістей бастағана кезінде пайда болғандықтан тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негіздей жүргізуді уағыздады. Бертін келе, оқу - білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезінде, XVII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық заңдылықтары қалыптасып, өмірге келді. Я.А.Коменский өзінің атақты «Ұлы дидактика», «Ағайынды чехтарды тәрбиелеу» атты еңбектерінде тұңғыш білім беру ісі мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен білім беруді біріктіру тенденциясы оқу – тәрбие ісінің тұтастығынан туындады. Тәрбие - әлеуметтік процесс, ал адамның жеке басының өсіп жетілуі, дамып қалыптасуы әрі әлеуметтік, әрі биологиялық процесс. Осы ерекшеліктен келіп, педагогикада қоғамтану мәліметтерін жаратылыстану мәліметтерімен біріктіре қарастыру қажеттілігі пайда болады. Оның себебі педагогика адам тәрбиесінің қажетін өтеуші, қоғамдық сұранысты іске асырушының рөлін атқарушы болып отыр.

Этностар өзінің өмір сүру кезеңінде нақтылы тарихи жағдайларға(оның ішінде қоғамдық құрылыс жағдайларына да) байланысты бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Эностар орта есеппен 1200-1500 жыл өмір сүреді. Бірақ ол түрлі географиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайларға байлансты бірде ұзақ, бірде қысқа болуы ықтимал.

Жергілікті географиялық жағдайға бейімделмеген тіршілік иесі (оның ішінде адам да) басқа жаққа ауып кетуі керек немесе өліп, жоғалып тынады. Тіршіліктің жер бедеріне қарай икемделуін биология ғылымы қарастырады. Этностардың жаратылысын география мен биология ғылымдарымен қоса, тарих ғылымы да тексереді. Себебі, этностар тарихы қоғам дамуымен тығыз байланысты. Біз этностарды, быр жағынан, табиғаттың перзенті, биологиялық бөлшегі деп қарасақ, екіншіден, табиғи байлықтарды игере отырып, қоғамды құрушы күш деп білеміз. Қоғамның белгілі даму кезеңінде бір этностың пайда болып, өсіп-өркендеуі, керісінше, қоғам заңдылықтарына орай, енді бірде оның жойылып, орнына екінші бір этностың пайда болуы мүмкін.

Ертедегі адамдарға жаратылыс тұтас құбылыс болып көрінді. Олардың табиғат пен тарихтың байланысы туралы түсінігі де болмады. «Ұқсас нәрсе ұқсастықтан туады» деген магиялық ұғым олардың ойынан берік орын алды да, табиғат пен адам бойынан ұқсастық іздек принципін туғызады. Бұл принцип халықтық астрономия мен медицинада өзекті орын алды. Кейін жеке ғылым салаларының дамып өркендеуі нәтижесінде, ол түсініктер негізсіз болып, практикалық іс-тәжірибеден біртіндеп ығысып шыға бастады.

Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық, экономикалық, мәдени, психологиялық бірлікпен бірге, тілдік тұтастық басты және ең негізгі белгілердің бірі болып саналады. Белгілі бір этнос адамдарының жандүниесіндегі мінез – құлық, сана – сезім (этнопсихологиясы) мен әдет-ғұрып, салт – дәстүр (этнологиясы) ерекшелігі ұрпақтан ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.

«Психология» атты оқу құралын қазақ тілінде жазып шыққан әдебиетші ғалым Ж.Аймауытов бұдан дәл 70 жыл бұрын «Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде: «Ана тілі – халық болып жаралғаннан бергі жандүниесінің айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан – тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі» - деген болатын. Кезінде Ахмет Байтұрсыновтың да: «Сөзі (тілі) жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады», - деген ұлағатты ойы бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгінде «мәңгүрттердің» пайда болуы сол тіл саясатының әлсіздігінің жемісі екенін ұмытуға болмайды.

Ұлттық тәлім – тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика) екені, ал оның ұлттың ішкі жандүниесімен, сана – сезімімен байланысты (этнопсихологиямен) жүргізілетіні көпке аян. Этнолингвистика тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика оны адам психологиясына, ал социолингвистика қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.

Этнолингвистика диалектология, фольклористика, этнология, мәдениеттану, мифология сияқты ғылымдармен де байланысты. Себебі, бұлардың қай – қайсысы болсын этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысаны да ортақ.

Ал философия - ғылымдарың ғылымы, барлық ғылымдарды зерттеудің әдіс – тәсілдерін жинақтаушы, этностың болмыс – бітімімен байланыст мәселелердің басын біріктіріп, әдістемелік тұрғыда талдау жасайтын алтын діңгек іспетті. Демек, этнос бұлардың бәрінің бір – бірімен тоқайласатын «мама ағашы», бәрінің «түйісу нүктесі» болып табылады. Осы ғылымдардың даму заңдылықтарымен танысып, оны зерттеуді басшылыққа ала отырып, біз адамзат тарихы мен табиғат өзгерісінде өзара

байланыстылық бар екенін байқаймыз. Себебі, адамзат тарихы мен табиғаттағы ұқсастық біріншіден, олардың көр қырлылығында. Айталық, әрбір адам немесе бүкіл адамзат тұтас физикалық дене, тірі ағза, жоғары биологиялық құндылық болып та, қоғамның мүшесі, халықтың өкілі болып та көрінеді. Екіншіден, табиғат адамның тіршілік ететін ортасы (отаны) болып саналады. Сонымен бірге, адамның өзі – хайуанаттан бөлінген табиғат перзенті, үшіншіден, адам – табиғаттың құшағында тіршілік ететін перзенті бола отырып, табиғатты саналы түрде меңгеріп, өзіне қызмет етуге икемдеуші, яғни табиғатты игеруші. Адамдар бірлесе еңбек етеді. Соның негізінде адамдар арасында қоғамдық қарым – қатынастар қалыптасады. Адамдардың қоғамдасып тіршілік етуі үшін материалдық жағдайы мен тарихи жағдайының бірілігі қажет. Бұл жүйені анықтаудың басты белгісі материалдық байлықты өндіру тәсілдері мен оның игіліктерін пайдалану, яғни меншіктің түрлері болып саналады. Осының негізінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар қалыптасады.

Дәріс-3. Халықтық педагогикалық мәдениет және халықтың рухани дамуы

Жоспар:

1. Халықтық педагогикалық көзқарас

2. Халық педагогикасындағы салт-дәстүр

3. Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік

4. Халық - педагогикалық мәдениетті жасаушы

Дәріс – 1сағ., практ. - 1 сағ., сөж – 4 сағат.

Қазақ халқының мәдени мұралары ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой арманы мен тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәлім тағылым мен дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп, өркендеп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған. Ол өзінің бастауын Орхон - Енисей жазба ескерткіштерінен алады. Орхон - Енисей жазба ескерткіштері көне түркі сына жазбалары болып табылады. Көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен дүниетанымын көрсететін поэмалар. Оның ішіндегі ең ірісі ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттары бойына дарытқан жаужүрек батыр, қайсар жауыңгер Күлтегінге арналған.

Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Оның дәлелі - сонау түрік жазбаларынан бастау алып, бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алған ұлы қазақ ойшылдарының, даналарының шығармалары.

Ежелгі түрік ойшылдарының терең философиялық және этнопедагогикалық ойлары бүгінгі күні Орта Азия және Қазақстан халықтары үшін баға жетпес құндылық және рухани мұра. Егер халықтың ұлттық-ізгілік салт-дәстүрлері, педагогикалық мәдениеті болмаса, осы салт-дәстүр мен мәдениетті болашақ ұрпаққа жеткізетін ақылы болмаса, онда ол халықтың болашағы жоқ.

Қорқыт ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағүн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи, Ахмет Игунеки, Сайф Сарай, Қадырғали Қасымүлы Жалайри, Хайдар Дулати сияқты орта ғасыр ойшылдарының шығармаларындағы Асан қайғы бастаған ХV-ХVІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлімгерлік ой-пікірдің толысып қалыптасу кезендері әлі де зерттеп, зерделей түсуді қажетсінеді. Біз халықтық педагогиканың ірге тасының қалануына мұрындық болған шығыс ғұламаларының кейінгі ұрпаққа қалдырған мұраларын төмендегі кестеде келтірдік.

Дәстүр нормалары - жеті атаны білу, жеті атаға дейін қыз алыспау, туыстық қатынас нормалары. Жеті атаға дейін жақсы білудің әдептілікке әсері мол болды. 7 ата - 7 ұрпақтың түзілуі 175-210 жылды қамтыған. Жеті ата, ата-тек әулет деп аталған. «Жеті атасын білмеген - жетесіз», «Жылқы жеті тегіне тартып туады», «Біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артық туады» деп тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған.

Адамдардық өндірістегі іс-әрекетінде еңбек дәстүрлері бар.

Дәстүрден қоғамдық қатынастардың негізгі принциптері толық көрінеді. Қоғамдағы қатынастарда үлкендерді құрметтеу, қонақжайлылық дәстүрлері сақталған. Құдайы қонақ дегеніміз- алыстан келген қонақ болған. Олардың ішінде көптеген салт, ғұрып, рәсімдер бар.

Материалдық мәдениет саласындағы дәстүрлер - көшпелілердін киіз үйі, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер.

«Өзге ұлттың тілін, салт-дәстүрін білсен - оның жан дүниесін түсінгенің ә деген халықтық дана сөзі бекер айтылмаған. Сан мыңдаған жылдардан бері адамдар арасындағы бі р-бірімен қарым-қатынас мәдениеті белгілі бір тәртіпке негізделіп, дамып келді. Мұны адамдардың айналасындағылармен шынайы қарым-қатынаска түсуі, тіл табысуы, сыпайы сөйлеуінен көруге болады. Халықтық қолөнер іскерлігі, жұғымды дәстүрлік тағылымдары арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәні зор. Соның ішінде, ұлттық мейрамдардың көп болуы, оны көп болып бірігіп тойлау халықтарды, ұлттар мен ұлыстар арасын жақындастырады. Бір ұлттық салт-дәстүрінің, жөн-жоралғыларының халық көңілінен шыққан асылдарын екінші бір ұлттың жылы кабылдауына септігін тигізеді.

Ұлттық, тұрмыстық мәдениеттің құрамына енетін салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптардың негізі дәстүрлі-тұрмыстық мәдениеттің адамдардың түсінігі мен қажеттіліктерінің ықпалымен пайда болған моральдық принцип (қоғамдық өмірдегі адамдар қатынасының нормалары), мінез-құлық, жүріс-тұрысты реттеуші коғамдық пікір.

Осындай тұжырымға тоқталуға ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт- дәстүрлер көмектеседі. Солар арқылы жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқынын игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Оларда халыктың өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге және үйретуге байланысты талаптары қалыптасқан. Әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны ата-бабалар дәстүрінде, өмірде жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелеп, оларды мүмкіндігінше терең игере түсінуі керек.

Сыбаға. құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Балаларға құлақ, жүрек сияқты сыбағалары тартылады.

Базарлық - алыс сапарға шыққан адамдар көрші қолаңдарына, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

Байғазы – балалардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ер-токым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Женгелері, шешелері «баиғазыңа байдың кызы: деп те айтады. Байғазы балалардың көңіл-күйін көтеретін дәстүр.

Бүгінгі жаһандану жағдайында қоғамдық дамудың ілгерлеуі адамның білімділігімен қатар мәдениеттілігіне тәуелді болып отыр.

Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімімен даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі - мәдениеті. Мәдениет -ұлттың бет бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.

Мәдениет сөзінің этимологиялық негізі “өңдеу”, “тазалау” деген мағынаны береді және агротехникалық ұғым ретінде қолданылған. Ежелгі Римнің атақты философы, әрі шешені Цицерон “мәдениет” терминін “жанның жетілуі” мағынасында қолданып, ғылыми айналымға енгізген.

Мәдениет ұғымына этнографиялық тұрғыдан анықтама беруші Т.Элиоттың пікірінше, ол белгілі бір халықтың өмір сүру мәдениеті..., оның әлеуметтік жүйеде көріңіс табуы делінген.

Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейіні, философиялық жүйелері мен рәміз таңбалық өсиеттері, орын толмайтын шығындары мен


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.035 сек.)