|
|||||||||||||||||||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Абай философиясы
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен жақсы таныс болды. Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда, Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды. Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына тікелей қатысты көлемді, әрі сапалы ойшыл пікірлері бар. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғат, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман – алдыңдағы келер заман», т.б. 45 сөзден тұратын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра. Бұл «Сөздер» қазақ халқының сан ғасырлық тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер, т.б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған.
6-тапсырма Қарамен белгіленген сөздер қай тілден енген, мағынасын сөздік арқылы түсіндіріңіз Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз? Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. (Абай)
7-тапсырма Ө леңді аудармасымен оқып, салыстырыңыз, толықтауышты табыңыз Қараңғы түнде тау қалғып, Горные вершины Ұйқыға кетер балбырап. Спят во тьме ночной: Даланы жым-жырт, дел-сал ғып, Тихие долины Түн басады салбырап. Полны свежей мглой, Шаң шығармас жол-дағы, Не пылит дорога, Сілкіне алмас жапырақ. Не дрожат листы... Тыншығарсың сен-дағы Подожди немного, Сабыр қылсаң азырақ Отдохнешь и ты. (Абай аудармасы) (М.Ю. Лермонтов) 8-тапсырма Абай өлеңдерінен кірме сөздерді теріп жазыңыз, қай тілден енгенін айтыңыз. 2-сабақ Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция 1-тапсырма Мәтінді оқып, жоспар құрып, мазмұндаңыз Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның өнеріне құныға ден қойып, батасын алады. Мұнан әрі сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты жүйріктермен айтысқа түскен. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер жарыстырып, қырғыздың көл-көсір поэзиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады. Жамбыл –интернационалист ақын.
2-тапсырма Мәтіннен қос сөздерді тауып, жазылу ерекшелігіне мән беріңіз 3-тапсырма Бос орынға керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз Жамбыл – қазақ......... әйгілі....... Қазақстан........ ақынның жүз жылдығын атап өтті. Жамбыл Жабаев саяси-әлеуметтік........... тарихи......... үлкен үмітпен ден қойды. Ақын бірнеше ордендермен............... Керекті сөздер: ақыны, халқы, халқының, өміріндегі, марапатталды, өзгерістерге.
4-тапсырма Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз Мен Жамбыл шығармаларын сүйіп оқимын. Біздің облысымыз Жамбыл ақынның атымен аталады. Жамбыл шығармаларының бірнеше томы жарық көрді.«Сұраншы батыр» - Жамбылдың күрделі эпикалық шығармасы
5-тапсырма Қос сөздердің мағынасын түсіндіріңіз Ата-ана, өлең-жыр, ақын-жазушы, бала-шаға, ақын-жырау. 3-сабақ Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы 1-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Шәкәрім Құдайбердіұлы Шәкәрім Құдайберділы (1858-1931) ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Шәкәрім араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»). 1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). 2-тапсырма Шәкәрімнің «Өзімшілдік»ғибадатын оқып, өз ойыңызды жақты, жақсыз сөйлемдермен жазбаша білдіріңіз Бір байдың қызына шешек шығып, бетін тыртық қылғандықтан, бір соқырға беріпті. Досы байға келіп: «Сондай дәрігер келіпті, күйеуіңіздің көзін неге қаратпайсыз?»-десе, бай: «Күйеуімнің көзі ашылған соң, қызымның бетіндегі тыртығын көріп, шығарып жібереді ғой. Қызым байдан шыққаннан да күйеуім соқыр қалпында қалғаны артық»,-депті. Жаңа сөздер: тыртық– шрам; қарату – здесь: лечить; соқыр қалпында қалғаны– оставаться слепым
3-тапсырма Шәкәрімнің төменде берілген ғибадатын оқып, пікіріңізді ауызша білдіріңіз Бір еңбекші қызметкер қандай тастақ жер болса да жалаң аяқ жүре берген соң, бай: «Сен неге дәйім жалаң аяқ жүресің?» - дейді. Сонда қызметкер былай дейді: «Жалданған бай мені тақтай алып кел деп жұмсаған соң, барсам, екі аяғы тобығынан жоқ бір бишара еңбектеп жоңқа жонып отыр екен. Соны көргенде, мынаның башпағы түгіл, башпақ киетін аяғы да жоқ, мен башпағым жоқ деп асып жүр екем ғой деп, содан бері жалаң аяқ жүруге әбден әдеттендім»,- депті. Жаңа сөздер: т астақ – каменистый; жалаң аяқ – босяком; дәйім – постоянно; жұмсау – посылать; тобық – еңбектеу – ползать; жоңқа – дерево башпақ – обувь; әбден әдеттену – очень привыкать; мүсәпір – инвалид. 4-тапсырма «Қанағат қарын тойдырар, қанағатсыздық жалғыз атыңды сойдырар» деген мақалдың жоғарыда берілген мәтінге қандай қатысы бар? №9 СӨЖ тапсырмасы 1-тапсырма Абайдың «Отыз бірінші» қара сөзін жаттап алыңыз Отыз бірінші сөз Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұтынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе –күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. 2-тапсырма Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сұрақтар құрастырыңыз 3-тапсырма Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз О достоинствах человека суди по тому, как он начал дело, а не по тому, как ему удалось завершить его. Как ни прекрасна мысль, пройдя через человеческие уста, она тускнеет. Человек дитя своего времени. Если он плох, в том виноваты и его современники.
Х МОДУЛЬ:КӨРКЕМ СӨЗ – КӨРКЕМ ӨНЕР 1-сабақ Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
1-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз жалғастыру – продолжать қазақ жұртшылығы үшін – для казахского народа саналы өмір– сознательная жизнь тыйым салынды – запрещалось шығармашылық мұра – творческое наследие 2-тапсырма Мәтінді оқып, түйіндеме (резюме) жазыңыз Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1907 жылы Баянауылға барып, орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әртүрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап, Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.
3-тапсырма Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз 4-тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз 1. Жүсіпбек Аймауытұлы қашан және қандай жанұяда дүниеге келген? 2. Қазақ жұртшылығы үшін Ж.Аймауытұлының орны қандай? 3. Ж.Аймауытұлының еңбектері жайлы не білесіздер? 4. Ж.Аймауытұлы шығармаларының маңызы?
5-тапсырма Төмендегі сөз тіркестерімен жалқы есдерді қолдана отырып, сөйлем құрыңыз Ауыл молдасы, алаш қозғалысы, саяси жұмыстар, шығармашылық мұра, ақындық сезім.
6-тапсырма Төмендегі тақырыптардың біреуін таңдап, сол бойынша реферат дайындаңыз 1.Ж.Аймауытұлының психология және әдістеме туралы жазған еңбектері 2. Ж.Аймауытұлының зерттеу еңбектері 3. Ж.Аймауытұлы шығармаларының кейіпкерлері 2-сабақ М.Әуезов – суреткер 1-тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз 1. Мұхтар Әуезов кім? 2. Қандай шығармаларын атап бере аласыз? 3. Қайда туған? 4. Қандай ғылыми дәрежесі бар? 5. Қандай драмалық шығармаларын білесіз? 6. Қазақ театрын ең алғаш ашқан пьесасы қалай аталады? 7. Қазақтың ұлы ақыны Абай өміріне не арнады? Ол шығармасы неше тілге аударылды және қандай сыйлыққа ие болды? 2-тапсырма Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семей қалалық мұғалімдер семинариясына оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде киіз үй сахнасына шығарады. М. Әуезов мұраcының аса үлкен бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы,әдебиеттану мен фольклордың теориялық проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелді. Жазушы өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. М. Әуезовтің «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Роман-эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы»топтамасында екі том болып басылды. 3-тапсырма Мәтінде айтылған қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы не білесіз? Хабарлама жасаңыз 4-тапсырма Мәтіннен кірме сөздерді табыңыз, оларға жалғанған қосымшалар туралы айтыңыз
5-тапсырма « М. Әуезовтің суреткер жазушы» екеніне дәлел ретінде бір шығармасынан үзінді жазыңыз Үлгі: Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, шалқи түсіп,кейде лапылдап, жалпылдай жанады. Қырын отырған әкесінің үлкен, кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді.Түсі суық. Қарасұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді. 6-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, қысқарған сөздердің емлесін түсіндіріңіз Сөз өнері «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Бұл сөзді қадірлеу керектігін білдіреді. Сөз өнері ақылға, қиялға, көңілге байланысты болады. Ақыл ісі – аңдау. Қиял ісі – меңзеу. Көңіл ісі – түю. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын, қиялдың меңзеуін айтуға жарау. Оны тілмен айтып білдіруге көп шеберлік керек. Мұны мынадан байқауға болады: орыс ақыны А.С. Пушкин өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Л. Толстой шығармасын баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен. Сөздік сөз қадірі – цена слова аңдау – догадаться, понимать меңзеу – направить, намекнуть түю – сделать заключение айтуға жарау – выразить айтып білдіруге – чтоб передать
7-тапсырма Қысқартылған сөздерді толық жазыңыз Қаз АТУ, ЕҰУ, БҰҰ, ТМД, РФ, СӨЖ, ҚазҰУ, КСРО 8-тапсырма «Мен М.Әуезов жайлы не білемін?» деген тақырыпта өзара сұхбаттасыңыз 3-сабақ О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы 1-тапсырма Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз Қаламгер ( писатель); тілші(корреспондент); жерлес(земляк); өр мінезді (принципиальный); сағыныш (тоска); шыншыл(правдивый).
2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған. О. Бөкейдің әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса, сөзі өткір, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ашық кісі болған. О.Бөкей 1961 жылы С. Торайғыров атындағы орта мектепті бітіріп, сонда тәлімгер, кейін «Алтай» ауылында тракторшы болып еңбек еткен. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, өз өңіріндегі Большенарым ауданында «Еңбек туы» және Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы»газеттерінде тілшілік қызметтер атқарды. Жиырма бес жасында О. Бөкеев Алматыға келіп, «Лениншіл жас” (бүгінгі «Жас алаш») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты тұңғыш повестер және әңгімелер жинағы ерекше үнімен оқырмандарды елең еткізді. О. Бөкеев «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) жинақтарын шығарды. Жазушының көлемді шығармаларын айтпай, кез келген шағын әңгімелерінде де туған жеріне, тіпті оның әр түп ағашына деген ыстық сағынышы көрініп тұрады. Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетін де осындай асқар асуға шығарып үлгерді. Қай шығармасын алсаңыз да, өмірге деген құштарлық, өмірді жақсартуға деген ұмтылыс жеңіп шығады. Қаламгердің кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және ТМД елдері халықтарының тілдерінде жарық көрді.
3-тапсырма Пейзаж туралы ойды жалғастырыңыз Пейзаж (фр. paysag e – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Ол тақырыпты толығырақ ашу үшін қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады... 4-тапсырма «Дала кемесі, сары алтын, меңіреу дала, жасыл кілем» тіркестерінің ауыспалы мағынада (метафоралық тіркес) берілуін түсіндіріңіз, әрқайсысымен сөйлем құраңыз 5-тапсырма О. Бөкейдің бір шығармасынан табиғат көрінісі суреттелген үзінді жазып, ауыспалы мағынадағы сөздерді табыңыз ХІ МОДУЛЬ: АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ – ЕГІЗ
1-сабақ Табиғатты аялайық 1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Табиғат байлықтарына не жатады? 2. Табиғат пен адам арасындағы байланыс? 3. Табиғи құбылыстарды ата? 4. Табиғат » ұғымына қандай құбылыстар енеді? 5. Халқымыз табиғатқа қандай атау берген? 6. Табиғатты қорғауда қандай ұлағатты сөздер айтқан? 7. Қазіргі дәуірде табиғатқа не зиян келтіруде? 8. Қазақстанның қандай қалаларында экологиялық мәселе бар? 2-тапсырма Сызба бойынша әңгімелеңіз. Табиғат деген сөзді топтастырайық
3-тапсырма Екі бағанды сәйкестіріңіз
4-тапсырма Жаңа сөздерді есте сақтаңыз! қоршаған орта – окружающая среда алыстағы жұлдыздар – далекие звезды ажырамас бөлігі – неотделимая часть ұғым –понятие туған жер –родная земля ыстық махаббат – пламенная любовь ормандар – леса тоғайлар – рощи ерекше – особенный үздіксіз өзгерістер – непрерывные изменения жанартаудың атқылауы – извержение вулкана найзағайдың жарқылы – сверканиемолнии табиғат құбылыстары – явления природы себеп-салдар –причина
5-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Табиғатты аялайық Бізді қоршаған орта: жан жануарлармен өсімдіктер, жер мен ай, күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да «табиғат» деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам- табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер - Ана» деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын күндей қастерлеу ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан ормандарды, тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. Адам мен табиғаттың жарасымы мен үйлесімі сақталғанда ғана, олардың өзара өмір сүру тепе-теңдігі сақталмақ. ХХ ғасырда осындай тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамзаттың индустриялық кезеңге өтуі, қалалардың көбеюі – табиғатқа зақым келтіре бастады. Соның нәтижесінде, бүгін көп айтылатын экологиялық мәселе туындап, оны шешу жолдары ғаламдық мәселеге айналды. Мысалы, еліміздің Алматы, Өскемен, Қарағанды, Жаңаөзен, Балқаш, Теміртау сияқты қалалардағы экологиялық жағдай адамның денсаулығына зиян келтіруде.
6-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз 7-тапсырма Табиғат туралы 10 мақал-мәтел жазу
2-сабақ Қазақстанның экологиясы 1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз 1. Экология дегеніміз не? 2. Экологиялық ұйымдардың мақсаты не? 3. Химиялық заттардың қоршаған ортаға зияны қандай? 4. Қазақстандағы ерекше орын алған табиғи құбылыстар? 5. Табиғи құбылыстардың алдын-алу шараларын ата? 6. Табиғатты жырға қосқан ақын- жазушыларымызды ата? 2-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз 3-тапсырма Жаңа сөздерді есте сақтаңыз! қоршаған орта –окружающая среда ластану- загрязнение дауыл-буря, ураган, штором, сильный ветер су тасқыны- наводнени жер сілкінісі-землетрясение өрт- пожар 4-тапсырма Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз қоршаған орта – ауқымды – туған жер – орман-тоғайлар – жанартаудың атқылауы – табиғат құбылыстары – күн мен түннің тұтылуы – 5-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Қазақстанның экологиясы Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос. Әлемдегі ең қауіпті экологиялық мәселе - биосфераның ластануы. Ластану - жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төмендеуі. Оған әсер ететіндер: ірі дауылдар, су тасқыны, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, өрт сияқты аппаттар, теңіз, мұхит суының көтерілуі, төмендеуі, адамның іс-әрекеті. Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті.
6-тапсырма Төмендегі сұрақтарды топ болып талқылаңыздар 1. "Эко-Ойкос" сөзінің мағынасы не? 2. Бұл сөзді ғылымға кім енгізген? 3. Қазіргі таңдағы басты проблема не? 4. Қай жерлердің экологиялық жағдайы өте төмен? 5. Ауаға тарайтын лас заттардың мөлшері қанша? 3-сабақ Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау 1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз 1. Қоршаған орта дегеніміз не? 2. Айналаңызды, қоршаған ортаңызды қалай қорғайсыз? 3. «Жер-Ана» деген ұғымды қалай түсінесіз? 4. Өз мінезіңізді табиғаттың қандай құбылысымен сипаттайсыз?
2-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз 3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштер деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық саябағы. Оның жер көлемі 7 млн. гектар. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 10 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 табиғат ескерткіштері бар. Қорық – ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы – құланды, Қорғалжын қорығы – қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы - Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған. Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VП ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы, В.В.Бартольд еңбектерінде "Жер жанаты - Жетісу" аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды, бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймағандығын, мезгілсіз аң ауламағандығын жазған. Бұдан бабаларымыз ерте кезде-ақ келешек ұрпақ үшін туған табиғаттың әсем жерлерін аялай білгенін байқаймыз. Ал Ұлттық саябақтардың қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық саябақтарда өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар. Қазақстанда алғаш рет ұлттық саябақ Баянауыл таулы орман алқабында ұйымдастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың көпшілігі "Қызыл кітапқа" енген. Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады. Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары" табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады.
4-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз 1. Қандай жерлер ерекше қорғауға жатады? 2. "Қорық"дегеніміз не? 3. "Ұлттық парк" дегеніміз не? 4."Табиғат ескерткіштері" дегеніміз не? 5. Өздеріңіз тұратын жерлерде қандай саябақтар мен қорықтар бар?
5-тапсырма Сөйлемді толықтырыңыз 1. Қорғауға алынған жерлерді … 2. Біздің республикамызда … 3. Қорық - ерекше қорғауды қажет ететін … 4. В.В.Бартольд еңбектерінде "Жер жанаты – Жетісу" аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары … 5. Табиғат ескерткіштерін қорғау …
№ 11 СӨЖ тапсырмасы 1-тапсырма «Адам және табиғат егіз», «Қазақстанның экологиясы», «Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау» атты тақырыптарды мазмұндау
2-тапсырма Палигон сынақтарының қоршаған ортаға әсері туралы хабарлама жазу 3-тапсырма Есте сақтаңыз! Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады Гете Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алады Ш.Айтматов
4-тапсырма Баспасөз беттеріне әртүрлі ұйымдар, мемлекеттік органдардың табиғатты қорғауға байланысты қабылдаған қаулылары туралы мәліметтерді жазып, әңгімелеңіз
ХІІ МОДУЛЬ:ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ
1-сабақ Өз өлкеңді таны 1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз 1 Өлке сөзін қалай түсінесіз? 2 Туған жер, туған ел тіркесіне анықтама беріңіз 3 «Отан оттан да ыстық» деген мақалды қалай түсінесіз?
2-тапсырма Мәтінді оқып, ат қойыңыз. Өз ойыңызбен жалғастырыңыз Әркімге туған жері қымбат! Адам үшін туған жерден артық ешнәрсе жоқ. Туған жер деп адам өзінің туып-өскен жерін айтады. Туған жер ұғымы – кең ұғым. Бұл ұғымға туған үйің, туған ауылың, туған қалаң жатады. Қазақ халқында туған жер мен туған ел, Отан деген түсініктер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымдар. Қазақ туған елін атамекен, атақоныс деп бекер атамайды. Өйткені бұл жерге ата-бабаларымыздың қасық қаны, маңдай тері сіңген. Қайда жүрсең де өзің туып-өскен ауылыңды, қалаңды ұмытпайсың, себебі сол жерлерде сенің балалық шағың, жастық кезің өтті. Туған жер өз үйімізден басталады. Әр адам өз туған жерін құрметтеп сүюі қажет. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүреді.
3-тапсырма Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз 1. Отан – отбасынан басталады. 4-тапсырма Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңыз 1.МАТЫАЛ 2. АНАТСА 3. ЫДНАҒАРАҚ 4. ЕКТНМЫШ 5. НЕСӨМЕК
5-тапсырма Елімізде қандай туристік өлкелер бар? Өз ойыңызбен бөлісіңіз
2-сабақ Қазақстанның көрікті жерлері
1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз 1. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіз? 2. Қазақстанның қандай санаторий-курорттарын білесіз? 3. Өздерің тұрған жерде емдеу-сауықтыру, демалыс орындары бар ма? 2-тапсырма Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз Шипалы су, емдік балшық, ғажап, емдеу-сауықтыру, ем қабылдау, күш-қуатты,бұлақ көздері, көрікті, емдік қасиеті бар. 3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Қазақстанның көрікті жерлері Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастады. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды. Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді. Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады. 4-тапсырма Сөйлемді жалғастырыңыз 1. Шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде …. 2. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы…. 3. 1920-1925 жылдар аралығында…. 4. Қазір Республикамызда 120-дан астам…. 5. Минералды сумен емдейтін санаторийлерге…
3-сабақ Қазақстанның тарихи орындары 1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз 1. Сіз саяхатқа шыққанды ұнатасыз ба? 2. Егер саяхатқа шықсаңыз, қай жерлерге барар едіңіз? 3. Сіз Қазақстанның табиғаты көрікті қай жерлерінде болдыңыз? 4. Тарихи ескерткіштері бар жерлерді аралап көргіңіз келеді ме? 5.Түркістан қаласында болдыңыз ба?
2-тапсырма Сәйкестікті көрсетіңіз Рухани – приказ Ғылыми – основной Адалдық – агитация Мұра – центральный Орталық – честность Насихат – духовный Негізгі – нравственность Бұйрық – научный Адамгершілік – наследие 3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи –мәдени қорық мұражайы 1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Яссауи сәулет кешені мұражайы» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы болып қайта құрылды. Қазақстан жерінде ора ғасырдан сақталған керемет сәулет өнерінің туындысы түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Яссауи әулие кесенесін мұражайландыруда қазақ халқының біртуар ұлы, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың еңбегі ерекше. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш. Қорық мұражайдың құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш мұражайландырылып халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Олар: 1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұражайы. XIY ғасыр. Экспозициялық алаңы 654,98 шаршы метр 2.Қылует жер асты мешіті мұражайы. XII ғасыр. 702 шаршы метр 3.Жұма мешіті мұражайы. XIX ғасыр. 603,6 шаршы метр 4.Шығыс моншасы мұражайы. XYIғ. 130 шаршы метр 5.Түркістан тарихы мұражайы. XIX ғасыр. 1050 шаршы метр 6.Археология және этнография мұражайы. XIX ғасыр. 140 шаршы метр 7.Рабия Сұлтан бегім кесенесі мұражайы. XY ғасыр. 62 шаршы метр 8.Түркістан көшесі мұражайы. XIX ғасыр. 452 шаршы метр Әулиелердің сұлтаны атанған Қожа Ахмет Яссауи көз жұмған соң ХІІ ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екі бөлмелі шағын кесене тұрғызылады. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы XІYғ. соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ғимарат бас ұста Мәулен Убайдулла Садырдың басшылығымен тұрғызылады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Оның сыртқы биіктігі 41 метр. Ұзындығы 65, ені 46,5 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр.Қазандық бөлмесінің қабырғалары 3 метр. Барлығы 35 бөлме бар. Орталық залдың күмбезінің диаметрі 18,3 метр.Тайқазанды 1239 жылы Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған. Салмағы 2 тонна болатын қазанға 3 мың литр су сияды. «Әзірет Сұлтан» кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегі жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары бірнеше кезеңде жүргізіліп отырды. 1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан республикалық ғылыми - жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұражай болып ашылғаннан кейін кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтірілді. 1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи мәдени ескерткіш ретінде 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды. «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда: - қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады - қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың рухтарына тағзым етіледі. - халқымыздың имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Яссауидің мұрасы насихатталады. (Ж.М.Төлеужанова, С.М. Айдарбекова. Қазақ тілі әдістемелік кешен) 4-тапсырма Мәтіннен бойынша сұрақтарға жауап беріңіз 1. Әзірет Сұлтан қорық мұражай қай жылы құрылған? 2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қашан бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды? 3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы айтыңыз. 4. Қорық - мұражайда неше тарихи ескерткіш бар?
5-тапсырма Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыз «Түркістан тарихы» мұражайы орналасқан.... XIX ғасырда әскери казарма ретінде пайдаланған. Кеңес тігін-тоқыма фабрикасы қызметін атқарған. 2000 жылы «Түркістан тарихы» мұражайы.... 1500 жылдың мерейтойы қарсаңында ашылып, пайдалануға берілді. Мұражайдан қаланың өткені, келешегі туралы толық.... алуға болады. Мұражай экспозициясы сегіз... тұрады.
Қажетті сөздер: бөлімнен, мағлұмат, қаланың, заманында, ғимарат
6-тапсырма Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз Мұражайда мынандай құрылымдық бөлімдер бар: а.ғылыми-зерттеу бөлімі в.ғылыми кітапхана с.ғылыми қор бөлімі д.тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр. Олар: археологиялық ескерткіштерді зерттеу бөлімі, этнография бөлімі, дін тарихы бөлімі, мәдени – көпшілік және насихат бөлімі, экспозиция және көрмелер бөлімі, туризм және сервис жұмыстары. «Әзірет Сұлтан» қорық - мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады.
7-тапсырма Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз Мазар Қозы Көрпеш-Баян сұлу – памятник архитектуры Х-ХІ вв. Расположен на берегу реки Аягуз. Мазар героев лиро-эпической поэмы, является одним из древнейших памятников в Казахстане, дошедших до наших дней. Общая высота 11,65 м. Памятник – символ бессмертия трагической любви юноши и девушки, высоты их человеческого духа. № 12 СӨЖ тапсырмасы 1-тапсырма «Қазақстанның көрікті жерлері. Қазақстанның тарихи орындары»тақырыптарын мазмұндау 2-тапсырма Досыңыздың басқа бір жерлерге жасаған саяхаты туралы сұрап, сұхбат құрастырыңыз 3-тапсырма Мына өлеңді жаттаңыз Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің тәңір берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен. Тұранның тағдыры бар толқымалы, Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранның тарихы бар отты желдей, Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей Тұранның жері менен суы да жат, Теңіздей терең ауыр ой бергендей.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе? Түрікке адамзатта ел жеткен бе? Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Шер батса кім іздемес туған елін? Тұлпар да көксемей ме туған жерін? Арқаның ардагері қалың алаш Тұран да, біле берсең, сенің жерің! М.Жұмабаев
ХІІІ МОДУЛЬ: МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ
1-сабақ Университет – білім ордасы 1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. ЖОО дегенді қалай түсінесіз? 2. Сіз қандай ЖОО-н білесіз? 3. Сіз қандай ЖОО түсуді армандадыңыз 4. Сіз білім алып жатқан университет қай жылы ашылған? 5. Бұл ЖОО С.Сейфуллин есімі қашан берілді? 2-тапсырма Мәтінді оқып, есте сақтаңыз Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.098 сек.) |