АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Университет – білім ордасы

Читайте также:
  1. АГРАРНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ СЕВЕРНОГО ЗАУРАЛЬЯ»
  2. АО «Медицинский университет Астана»
  3. Аудит сети сайтов Гарвардского университета
  4. Библиотека Московского университета
  5. Библиотеки средневековых университетов
  6. Брестский Государственный Технический Университет
  7. В ГОУ ВПО «Орловский государственный университет»
  8. В ФГБОУ ВПО «Орловский государственный университет»
  9. В ФГБОУ ВПО «Орловский государственный университет»
  10. Дарственном университете
  11. Елордасы – Астана
  12. Задолженности по дисциплинам в медицинском институте ФГБОУ ВПО «Орловский государственный университет»

Университет – (лат.universitas –жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан – жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік - оқу және ғылыми – зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы университет ХII ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет – Мәскеу университеті. (1755ж.) Байырғы университеттерге Львов(1661ж, алғашқыда академия ретінде құрылған), Тарту(1802ж.), Вильнюс (1803ж.), Қазан (1804ж.), Харьков (1805ж.), Санкт –Петербург (1819ж.), Киев (1834ж.), университеттері жатады. Орталық Азияда 1920жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ(1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті(1972ж.) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және көптеген жекеменшік университеттер бар.

 

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Мәтінге ат қойыңыз

 

КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен 3 қазан 1957 жылы Ақмола қаласында құрамында агрономия, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру факультеттері бар ауыл шаруашылығы институты ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1996 жылы 7 мамырда Ақмола ауыл шаруашылығы институты Ақмола аграрлық университеті болып қайта ұйымдастырылып, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин есімі берілді.

Қазіргі кезде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Қазақстан астанасының бірінші жоғары оқу орны, Қазақстандағы ең ірі білім және ғылым орталықтарының бірі.

57 жыл ішінде білім ордамыз Қазақстанның алыс және жақын шет елдердің аграрлық секторларында, халық шаруашылығының түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жатқан 55 мыңнан астам мамандар дайындады.Бүгінгі күнде университет түлектері Қазақстан Республикасының және еліміздің елордасы - Астана қаласының құрылысына тікелей ат салысып отыр. Олардың ішінде ерен еңбектері үшін үкіметтік марапаттауларға ие болған Министрлер, Президент аппараты мен Премьер –Министрдің кеңсе қызметкерлері, Парламент депутаттары, облыс, аудан және қала әкімдері, ірі кәсіпорын жетекшілері, елшілер, көрнекті ғалымдар, үлкен бизнестегі адамдар бар.

Қазіргі кезде университеттің 43 кафедрасында 650- ден аса оқытушы, соның ішінде 353-тен аса ғылым кандидаты мен ғылым докторы оқу-ғылым және тәрбие сапасын үнемі арттыру жолында еңбек етеді.Университеттің 8факультетінде 10000-ға жуық студент жаратылыс ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, білім беру ғылымдары болып жіктелетін мамандықтар тобы бойынша 37 бакалавриат, 24 магистратура, 6 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім алуда. Сонымен қатар 5 бакалавриат, 3 магистратура мамандықтары бойынша көптілді оқу үрдісі жүзеге асырылуда.

Университет бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша елорданың ғана емес, жалпы еліміздің білім ордалары арасында көшбасшы болып табылады, ол еліміздің отыз техникалық оқу орындарының арасында үздік үштік қатарында.Оқу орны еліміздің білім-ғылым саласында ғана емес, шетелдік білім кеңістігінде жоғары беделге ие. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Түркия, Италия, Израил, Қытай, Моңғолия, Малайзия, Чехия, Польша т.б. елдердің бірқатар білім және ғылым орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Университетте оқу үдерісін қазіргі заман деңгейінде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін 11 оқу ғимараты, жастар орталығы, ақпараттық технологиямен оқыту орталығы, 40 компьютерлік класс, шаруашылық есеп тәжірибеcі стансасы, 7 студенттік жатақхана, оқу -өндірістік шеберхана, 900 мыңдай кітап қоры бар кітапхана, редакциялық баспа бөлімі, оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, «Ғылым хабаршысы» жорналы мен «Менің университетім» газеті басылып шығарылатын баспахана бар.

Қазақстан республикасының 30 техникалық жоғары оқу орындарының арасынан ІІІ орынға ие болды.Университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінің 7 бөлімі жұмыс істейді. Онда студенттер таңдаған мамандығымен қатар түрлі бағыттағы шығармашылық таланттарын шыңдай алады.

Университеттің спорт клубында 18 секция: қазақша күрес, ауыр атлетика, футбол, баскетбол т.б. жұмыс істейді.Студенттер сонымен қатар әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыштар және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алады.

QS агенттігінің зерттеулері бойынша ҚазАТУ 601+ әлем университеттерінің рейтингіне 8 қазақстандық университеттің бірі болып енді.

Оқу орнын әр жылдарда басқарған тұлғалар:
1. директор Т.Г.Духов (1958 ж. ақпан - 1961 ж. мамыр) – техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
ректорлар:
2. М.А.Гендельман (1961 ж. мамыр - 1982 ж. қараша) – экономика ғылымдарының докторы, профессор;
3. К.Ә.Сағадиев (1982 ж. желтоқсан – 1990 ж. қараша) - экономика ғылымдарының докторы, профессор;
4. Я.Я.Мауль (1991 ж. ақпан – 1993 ж. қазан) - экономика ғылымдары-ның докторы, профессор;
5. Б.Ө.Әлімжанов (1993 ж. қазан – 2004 ж. қазан) – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор;
6. А.Қ.Бұлашев (2004 ж. қараша – 2011 ж. қараша) – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор.
7. А.Қ. Күрішбаев (2011 жылдың қараша айынан бері) – ауылшаруашы-лығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі.

4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

5-тапсырма Төменде берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз

Международный университет, национальный университет, бесплатное обучение, Министерство Образования и Науки РК, Центр тестирования, рубежный контроль, летняя сессия, зимняя сессия, национальная библиотека, общественная деятельность, лучший преподаватель, частный ВУЗ, программа «Болашак», бакалавриат, магистратура, ученая степень, должность, успеваемость студента.

 

2-сабақ Мен таңдаған мамандық

1–тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

2. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

3. Сен қандай жоғары оқу орнын таңдадың?

4. Қандай мамандық саған ұнайды?

5. Сіз оқитын факультетте қандай мамандықтар бар?

6. Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

7. Сіздің мамандығыңыз бойынша қай салада жұмыс істеуге болады?

8. Мамандықтың қандай түрлері қазіргі заманға қажет?

9. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?

10. Қандай мамандық саған ұнайды? Несімен ұнайды?

11.Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

12.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

13.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?


14.Сіздің таңдаған мамадығыңыз қандай?

15.Таңдаған мамандығыңыз туралы сипаттап, алдағы мақсаттарыңыз жайлы айтып беріңіз.

 

2–тапсырма «Ми шабуылы» - ой қозғау: Мамандық дегеніміз не?

(Топтастыру әдісі арқылы)

Топтастыру.

 
 

 


3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

"Мамандық" сөзі латын тілінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді. Мамандық – қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болған жоқ. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-

 

жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, түрлі мамандықтар келді.Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек.

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, журналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек, Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б.

4-тапсырма Мәтінде берілген мамандық иелері атауларының орысша баламасын тауып,қандай істермен айналысады? Олар туралы өз пікіріңізді жазыңыз

Үлгі: Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері, бұл өнер түрімен айналысатын адамдарды зергер деп атайды. Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста

5-тапсырма Сіз таңдаған мамандық бойынша жұмыс істейтін адамнан сұхбат алуға қажетті сұрақты ойластырып жазыңыз

6–тапсырмаТөмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз

–шы/–ші

Зерттеу_____, жазу_____, кен_____, теңіз_____, балта_____, мақта_____, егін_____, мүсін_____, орман_____, бояу_____, тіл_____, жорнал_____, тігін_____, трактор_____, балық_____, сату_____, құрылыс_____, қой_____, жылқы_____, есеп_____, сурет_____, жүргізу_____, жұмыс_____, пошта_____, ән_____, би_____, аударма_____, хат_____, аң_____, әдебиет_____, ем_____, ел_____, қобыз_____, мал_____, өтірік_____.

 

 

3-сабақ Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі

1–тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Білімді маман дегенді қалай түсінесіз?

2.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

3. Қазіргі кезде қандай мамандық сұранысқа ие?

4. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

5. Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

 

2–тапсырма Мәтін оқып, сұрақ құрастырыңыз

Ұлттық кадрлар - мемлекеттің негізі

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан Әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние.Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек.

Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

 

(Ш.Жилкубаева, Р.Т.Изгуттинова, М.К.Ибраева.

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ Оқу-әдістемелік құрал. Өскемен, 2013)

3–тапсырмаМәтінді оқып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін сөздікпен анықтаңыз.

4–тапсырма Мәтін бойыншасұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Білім қалай бәсекеге түседі?

2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?

3. Білімді болу деген не?

4. Жас мамандар қандай болуы қажет?

5–тапсырма Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыз

6–тапсырмаСөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз

 

Бәсекеге қабілетті, ғылымды дамыту, ұлттық кадрлар, ғылымды басқару, білімнің сапасы, шет елдік мамандар, жаңа технологияларды үйрету, мамандарды даярлау.

7–тапсырмаМақал-мәтелдердің мәнін түсініңіз

◊Өнерлі өрге жүзеді. ◊Білімді өлсе, қағазда аты қалар, Ұста өлсе, істеген заты қалар.
◊Өнерлінің өрісі ұзақ. ◊Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.
◊Ұстаздан шәкірт озар. ◊Көргеннен көрмегенін көп, Білгеннен білмегенін көп.
◊Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. ◊Білім ауысады, Ырыс жұғысады.
◊Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.  

№ 13 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Университет – білім ордасы. Мен таңдаған мамандық. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» тақырыптарын мазмұндау

2-тапсырма «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбына шағын шығарма жазу

 

3-тапсырма Еңбек, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсіндіріңіздер

 


Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

 

Еңбексіз іс бітпейді,

Еріншектің қолы жетпейді.

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

 

Жас кезіңде бейнет бер,

Қартайғанда дәулет бер.

XIV МОДУЛЬ: ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

1-сабақ Қоғам және жастар

1-тапсырма Сұраққа берілген сөз тіркестерін қатыстырып жауап беріңіз

мемлекет болашағы

тіл жанашыры

1. Жастар кім? мемлекет тірегі

ертеңгі басшы

болашақ қаржыгер

 

 

білім алу үшін

2. Жастар қалаға не үшін келеді? жұмысқа орналасу үшін

өз орнын табу үшін

 

 

2-тапсырма Қоғам, жастар, студент сөздерін септеңіз

3-тапсырма Қоғам, жастар, қоғамдық жобалар, болашақ сөздерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз

4-тапсырма Мына сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын жаттаңыз

жастар қаласы – город молодых

үміт – вера

үлкен мүмкіндіктер – большие возможности

болашақ әлемі – мир будущего

жазғы демалыста – на летних каникулах

қаражат – деньги, финансы

бағдарлама – программа

қоғамдық – общественные

мамандық жәрмеңкесі – ярмарка

түйіндеме – резюме

жастар саясаты – молодежная политика

қоғамдық жобалар – общественные проекты

жастардың күші – сила молодых

5–тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қоғам және жастар

Негізгі деректерге сүйенсек, қазір жастардың көпшілігі – Астана қаласында.Сол себептен, Астана «жастар қаласы» деген атқа арқау болып отыр. Мыңдаған қыздар мен жігіттер Елордаға үмітарқалап, үлкен мүмкіндіктер мен болашақтың әлемінен өз орнын табу үшін келді. Астананың әрбір оныншы тұрғыны – білім алушы жастар өкілі.

Жастардың басым көпшілігі оқу мен еңбекті қатар алып жүреді. Қазір жазғы демалыста шетелдерде жұмыс істеп, қаражат табуға бағытталған халықаралық бағдарламалар кеңінен таралуда.

Оқу бітірушілер мен студенттердің жұмысқа тұруын «Жастар еңбек биржасы» қоғамдық бірлестігі қолға алды. Жыл сайын мұнда мамандықтар жәрмеңкесі өтеді. Жұмыс берушілер жастардан түйіндеме қабылдап, сұхбат өткізеді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында қоғамдық жобалар әзірленіп, өндірілуде. Өткен жылы жас белсенділер «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

Бір жазда жастардың күшімен Астананың сол жағалауындағы 500 гектар жер жасылдандырылды. «Ғашықтар» саябағы мен әкімшілік ғимараттың жанына жүздеген ағаш отырғызылды.

Жастар әңгімелесу, пікір сайыстар, ғылыми-практикалық конференциялар жүргізуде. Олар өздерінен кіші буынға үлгі боларлық істер көрсетіп жатыр.

6 – тапсырма Мәтінді қайта оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Астана неге жастар қаласы деп аталады?

2.Астанаға мыңдаған жігіттер мен қыздар қандай мақсатпен келді?

3. Жастар жазғы демалыста шетелдерге не үшін барады?

4. «Жастар еңбек биржасы» қандай қызмет атқарады?

5. Мамандықтар жәрмеңкесінде не істейсіз?

6. «Жасыл ел» бағдарламасы туралы не білесіз?

 

2-сабақ Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1. «Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында» дегенді қалай түсінесіз?

2. Елімізде білім беру саласы бойынша қандай бағдарламалар жүзеге асуда?

3. «Оқу инемен құдық қазғандай» деген мақалды қалай түсінесіз?

2-тапсырма Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз

Жоғарғы білім, орта білім, білім жүйесі, кредиттік жүйе, ЖОО, білімді ұрпақ, талапкер, етихан, сынақ, Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы, түлек, ҚР Білім және ғылым министрлігі, болашақ бағдарламасы, заман талабы, халықаралық университет.

 

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі жастар.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының "Қазақстан-2030" стратегиялық жолдауында: "Олар... күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады",-делінсе, ҚР-ның "Білім туралы Заңында" "Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру" делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі.

4-тапсырма Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыз

 

5-тапсырма Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе, «жалған» деп жауап беріңіздер

 

Сөйлемдер Шын Жалған
1. Жастардың мүмкіндігіне қарай қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстағаны жақсы    
2. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, кәсібилік өте керек емес    
3. Жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі емес    
4. Жастар саясаттан тыс өмір сүре алмайды    
5. Олар саясатта да шешуші рөл атқара алмайды    

 

6-тапсырма Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыз

1. Табиғатына, және, мінез, жарасатын, болу, мұндай

2. Тұра, азаматтық, білдірмей, ұстанымын, алмайды

3. Олар, аяқталмай, істерді жатқан, мәреге, бүгінгі, жеткізді

4. Отыр, олардың, бүгінгі, онға, 1998, саны, жылы, жетпейтін, асып, отыр, елуден, бүгінгі, күні

 

7-тапсырма Мына етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыз

Ұйымдастыру, өркендеу, еліктеу, өзгерту, қолдау, талқылау, дайындау.

 

 

3-сабақ Жастар және қоғамдық ұйымдар

1-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз.

 
 


2-тапсырма Жаңа сөздерді есте сақтаңыз!

Дербес-личный, персональный

қолдау-поддерживать, одобряд

дағдарыс-кризис

жұмыссыз-безработный

кәсіби біліктілік-квалификация

ұйым –организация

 

 

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Жастар және қоғамдық ұйымдар

Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғамның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлшегінің бірі - жастар. Ел аумағында, мың екі жүзге жуық жастар ұйымы жұмыс жасап, мемлекет қолдауы арқылы жыл сайын 50 мыңнан астам жастарға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде экономикалық дағдарыс өрістеп, миллиондаған жастар өмірден өз орнын таппай, жұмыссыз қалуда. Қазақстанда Елбасының бастамасымен жалпы ұлттық: «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі» және «Жасыл ел» сынды жастардың жобалары жұмыс жасауда. Жыл сайын ЖОО мен колледждерді бітірген мыңдаған жас мамандар жалақысы жоғары, сенімді жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр.

Қазақстанның жастар қозғалысы Елбасының жастарға арналған жаңа әлеуметтік сатысын қалыптастыру бастамасын қызу қолдады. Жұмысқа қабылдау кезіндегі әділдік пен кез-келген жас дарынды қазақстандық мүмкіндіктерінің тең болуын қамтамасыз етіп, өз білімдері мен тәжірибесін Отанымыздың игілігіне жұмсауға мүмкіндік береді.

Елімізде кадрларды даярлаудың қабырғалы жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл қоғам алдында тұрған ірі мәселе қазақстандық компаниялардың білікті кадрларды қажет етуінде, ал жоғары оқу орындарының жұмыс орындарына деген қажеттілігіне жауап береді. Аталған жүйе жастарға кәсіби біліктіліктерін арттыруға және оларды жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Жүйелі бағытталған мемлекеттік саясат арқылы мемлекеттік органдар мен жастар, жастар ұйымдары мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас тетіктері жетілдіріліп келеді. Жыл соңына дейін 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жасалып, аталған сала бойынша заңнаманың жаңаруына мүмкіндік береді.Білім және ғылым министрлігі құрамында Жастар саясаты жөніндегі комитеттің, ал аймақтарда, сәйкесінше, басқармалардың құрылуы еліміздің әрөңіріндебарлық деңгей­де жастардың жедел және тиімді жобалары мен бастамаларының жүзеге асырылуына ықпал етеді. Бұл – жастарға одан әрі жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктер ашылады деген сөз.

Елбасының жастар мәселесін үнемі назарда ұстауының нәтижесінде бүгінде бізге барлық есіктің ашық екендігін сеніммен айта аламыз! Ендеше жастар үшін білім алуға және жұмыс жасауға барлық жағдайлар жасалған.

Жастар және қоғамдық ұйымдар:«НұрОтан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты; «Жасыл ел» ЖЕЖРШ; «Қазақстан Жастар конгресі» ЗТБ; Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясы түлектерінің қауымдастығы; «Ауыл жастар одағы» ҚБ; «ҚСА» республикалық студенттік қозғалысы» ҚБ; «Ұлттық Дельфийлік комитет» ЖМ; «Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы» РҚБ; «Студенттік құрылыс жасағы» РШ ЖМ; «Қазақстан Жастар Конгресінің Мемлекеттік қызмет мектебі» ЖҚБ; «Жарқын Болашақ Белесі» ҚБ; «Казбренд» ҚБ; «Астана қаласының жастар мәслихаты» ҚБ; «Жігер» ҚБ; «Қарсы» ЖҚҚ» ҚБ; «Дипломат» ҚҚ; «Есірткісіз болашақ» КҚ; «Пікір сайысшылардың республикалық қауымдастығы» ҚБ.

4-тапсырма Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

 

5-тапсырма Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз

Бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келе жатқан саясаттың алаңдататын тағы бір тұсы: Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде республика азаматының орта жасы 24-25 жас болатын, ал бүгінгі күні 30-дан асып кетті. Бұл ел ағаларын да алаңдататын жағдай. Өйткені мұндай қарқынмен енді 20-25 жылда Қазақстандықтардың орта жасы 55-тен асып кетеді. Сонда жұмысты кім істейді? Небәрі төрт тарауды құрайтын 18 бабы бар Заң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуге үлкен үлес қосатын құжат екенін осыдан көруге болады.

Мінеки, жастар саясатын қолдайтын біраз құжаттарымыз бар, ал жастарымыздың бүгінгі жайы қалай? Жастарымыз қалай өсіп келе жатыр?

Зерделеп қарасаңыз, бүгіндері жастарымыздың қам-қарекеттерінде жаңа үрдіс байқалады. Ол өздері өмір сүріп отырған қоғамға, яки күнделікті тұрмысына қанағаттанбағандықтан, қайткен күнде де соны жақсартуға тырысуда.

 

6-тапсырма Сөйлемдерді дұрыс септік жалғауында тұрған сөзбен жазыңыз

1.Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан//оқиға өзін оқшау ұстамағаны жақсы

2.Әрбір қоғамның, әрбір отбасы//отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, ержетуіне байланысты.

3. Небәрі төрт тараудың//тарауды құрайтын 18 бабы бар Заң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуге үлкен үлес қосатын құжат екенін осымен//осыдан көруге болады.

4. Бұл ел ағасы//ағаларын да алаңдататын жағдай.

 

7-тапсырма Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз

 

Тұжырымдаманы Түсу
Бағдарламаны Дайындау
Жұмысқа Алу
Кәсіпкерлерді Жазу
Мамандарды Тапсыру
Оқуға Шақыру
Шығарма Жетілдіру
Емтихан Бекіту
Жоспар Оқыту

 

8-тапсырма Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз

Молодым необходимо предоставлять все возможности для поисков своей индивидуальности и своего места в жизни. Это делается через полноценное и систематизированное обучение; финансирование молодежных общественных и социальных проектов; общение с сильными, цельными и самодостаточными людьми, имеющими возможность и желание передать свой опыт. Но для того, чтобы узнать свои сильные и слабые стороны, почувствовать свой предел прочности, научиться бороться со своими страхами – молодежь должна пройти через духовные и физические испытания. Например, те же экстремальные виды спорта, как, впрочем, и спорт вообще, дают возможность нащупать свою «грань возможного».

 

№ 14 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Қоғам және жастар», «Қазақстанның жарқын болашағы - білімді ұрпағында», «Жастар және қоғамдық ұйымдар» атты тақырыптарды мазмұндау

 

2-тапсырма Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау

Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.

 

3-тапсырма «Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім» 1-2 беттік эссе жазыңыз

XV МОДУЛЬ: ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІКТЕ

1-сабақ Қазақстандағы білім беру жүйесі

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Қазақстанның білім беру жүйесі қандай типті басшылыққа алған?

2. Толық орта білім алуды мемлекет қалай жүргізеді?

3. Мектеп бітірген соң, білім алу қалай белгіленеді?

4. Ұлттық бірыңғай тестілеудің пайдасы бар ма?

5. Қазақстандағы білім беру жүйесі сізге ұнай ма?

6. Қазақстандағы оқу жүйесіне қандай өзгерістер керек деп есептейсіз?

2-тапсырма Сәйкестікті көрсетіңіз.

ғылым ертеңі білім жүйесі қағида мемлекеттік емес міндетті орта білім тегін өз еркі оқулық әдістемелік ең маңызды мәселе жеке меншік обязательный цель среднее образования будущее система образования своя воля не государственный учебник наука бесплатно самая главная проблема собственность методический  

 

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық колледж, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (магистратура, докторантура), әр түрлі мамандықтар бойынша жетілдіру курстары.

1999 жылы маусымның 7-сінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында көрсетілгендей, жалпы білім беру қазіргі кезеңде үш бастапқы мектеп деңгейінде бастауыш (1-4 сыныптар), толық емес орта (5-9 сыныптар) және толық орта (10-11 сыныптар) болып сатылай жүзеге асырылуда1-ші және 2-ші сатылы білім міндетті. Ал 3-ші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пән тереңдетіліп оқытылатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда. Қазіргі білім беру міндеттері: жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

4-тапсырма Төменде берілген сұхбатты жалғастырыңыз

- Жанерке, шетелдерде жеке меншік оқу орындары көп пе?

-

Осыған қатысты қандай деректер білесіз?

-

-Мен ғаламтор ақпараттарынан шетел студенттерінің базасы мықты жеке меншік университеттерінде оқығысы келеді дегенді естіп едім. Оның сыры неде?

-.......................................................................................................................

- Шетелден келген білім жүйесі негізінде «магистр», «бакалавр» сияқты терминдерді естідік. Ол жайында не білесің?

-........................................ ..................................................................................

5-тапсырма Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз

Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, мамандыққа сұраныс, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, бағыт, көкейкесті мәселелер, қолданысқа енгізу.

 

2-сабақ Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1. Қазақстандағы білім беру жүйесі неге негізделген?

2. Оның ең маңызды процестері қандай?

3. Кредиттік оқу жүйесі қай елдерде қолданылады?

4. Қазақстандағы оқу жүйесі қандай?

5. Студенттің білімі қандай бірліктермен өлшенеді?

6. Оқу жылы неше аптадан тұрады?

7. Неше кезеңнен тұрады?

2-тапсырма Мына сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастырыңыз

Білім жүйесі, үздіксіз жетілу, күрделене түсу, тамыры тереңге тартылған, негізін салу, өркениетті елдер, заман талабына сай, терезесін тең ету, ғаламдық коммуникациялық желі, білім кеңістігі, ізденістер мен араласу, талпыныс жасау, жаңа талаптар, бәсекелестік мүмкіндігін көтеру

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс

Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» -деп көрсеткен. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап көрсеткен.

Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізделеді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

5-тапсырма Мына даналық сөздерге өз пікіріңізді білдіріңіз

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы

Әл -Фараби

Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі

В.Белинский

Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын?

А.Байтұрсынов

3-сабақ КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

1-тапсырма Мәтіндегі таныс емес сөздер бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіз. Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіз

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

-жеке адамның рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

-азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

-республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

-жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

-қазақ халқының мәдениеті мен салт – дәстүрін оқып үйрену үшін жағдайлар жасау.

2-тапсырма Берілген сөз тіркестері бойынша сөйлем құрастырыңыз

Салауатты өмір салты, саяси өмірге қатысу, жалпы және кәсіптік білім алу, шығармашылық қабілет, жоғарғы білім, орта білім, ҚР Білім және ғылым министрлігі, білім ордасы, болашақ бағдарламасы, ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы, білім сапасы, емтихан, диплом, талапкер, жас маман, түлек, сапалы білім, саналы тәрбие беру, өркениетті елдер, заман талабына сай, жаңа талаптар.

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар

Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:

1. бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;

2. магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;

3. докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.

Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс-тәжірбиелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).

Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.

Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.

Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30 - ы теориялық білім беруге, 2 - еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы–қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.

(Кредиттік оқыту жүйесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып тұр. С.Әбдіманов. Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университеттінің ректоры, профессор. Егемен Қазақстан. Қазан, 2004ж.)

4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

5-тапсырма Білім, ғылым туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз

№ 15 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Қазақстандағы білім беру жүйесі», «Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс», «Кредиттік оқу жүйесіндегі артықшылықтар» атты тақырыптарды мазмұндау

2-тапсырма Мәтінді оқып, өз ойыңызбен бөлісіңіз

Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін ескерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде!

 

3-тапсырма Ақпарат құралдарынан білім, ғылым туралы естіген жаңалықтар бойынша хабарлама жазыңыз.

4-тапсырма «Ел болашағына қосар үлесім» тақырыбына шығарма жазыңыз

 

 



№ 1 аралық бақылау сұрақтары

1. Мақалды толықтырыңыз? Отан оттан да...

А) жақсы

Ә) күшті

Б) алтын

В) ыстық

Г) суық

2. Қай жылы біздің елімізде Отбасы жылы болып жарияланды?

А) 2002 жыл

Ә) 2003 жыл

Б) 2004 жыл

В) 2005 жыл

Г) 2006 жыл

 

3. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Ата Заңында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген. Нешінші бапта жазылған?

А) 23-бабында

Ә) 24-бабында

Б) 25-бабында

В) 26-бабында

Г) 27-бабында

 

4. «Сәлем» сөзі қай тілден шыққан?

А) орыс тілінен

Ә) парсы тілінен

Б) араб тілінен

В) түркі тілінен

Г) қазақ тілінен

 

5. Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол қандай мағынаны білдіреді?

А) сізге алланың нұры жаусын деген сөз

Ә) сізге алланың жылуы төгілсін деген сөз

Б) сізге алла жәрдем берсін деген сөз

В) сізге алла көмектессін деген сөз

Г) барлық нұсқасы дұрыс

6. Адам тұратын, мекен ететін құрылыс қалай аталады?

А) үй

Ә) баспана

Б) тұрақ

В) тұрғын үй

Г) барлық нұсқасы дұрыс

7. Киіз үй біздің заманымыздың нешінші ғасырынан бастап пайдаланған?

А) ІII

Ә) IV

Б) V

В) VI

Г) VII

 

8. Қай кезден бастап балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастаған?

А) ХІ ғасырдың екінші жартысынан

Ә) ХІІ ғасырдың екінші жартысында ғана

Б) ХІІІ ғасырдың екінші жартысында ғана

В) ХVІІ ғасырдың екінші жартысында ғана

Г) ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында ғана

 

9. Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай нешеге бөлінеді?

А) 1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

 

10. Киіз үйдің сүйектеріне жататын қатарды көрсетіңіз.

А) шаңырақ

Ә) кереге

Б) уық

В) сықырлауық

Г) барлық нұсқасы дұрыс

 

11. Кеуде сүйектері кеңдігінің мөлшеріне сәйкес шартты түрде адамның дене құрылысы неше түрге бөлінеді?

А) 1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

 

12.«Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім» – депті. Кімнің сөзі?

А) В.А.Сухомлинский

Ә) Р.Шеридан

Б) Қ. Өрісбаев

В) М. Сүлеймен

Г) Т.Рашидов

13. «чистосердечный» сөзінің аудармасы

А) ақкөңіл

Ә) қарапайым

Б) көңілді

В) ашуланшақ

Г) қатыгез

14. Сөйлемді толықтырыңыз. Атаққұмарлар мен мансапқорлар...... және өзімшіл болып келеді.

А) атақ пен даңққа

Ә) мансапқа қызыққыш

Б) айлакер

В) өркөкіректеу

Г) барлық нұсқасы дұрыс

15. Мінез-құлық әдептеріне нелер жатады?

А) кішіпейілділік

Ә) кең пейілділік

Б) ақкөңіл

Г) қарапайым

В) аталғандардың барлығы

 

1 6. Жаңа Ата Заң қай жылы қабылданды?

А) 1991 жылы

Ә) 1992 жылы

Б) 1993 жылы

В) 1994 жылы

Г) 1995 жылы

17. Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды?

А) 4 маусым 1990 жыл

Ә) 4 маусым 1991 жыл

Б) 4 маусым 1992 жыл

В) 4 маусым 1993 жыл

Г) 4 маусым 1994 жыл

18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы кім?

А) Жандарбек Мәлібеков пен Шот – Аман Уалиханов

Ә) Жандарбек Мәлібеков пен Алмас Уалиханов

Б) Шот – Аман Уалиханов пен Шәкен Ниязбеков

В) Е. Шаймерденұлы мен Шот – Аман Уалиханов

Г) Жандарбек Мәлібеков пен Шоқан Уалиханов


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.129 сек.)