АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Салалар бойынша: терапия, гинекология, хирургия

Читайте также:
  1. Медикаментозная терапия, направленная на купирование симптомов
  2. Оперативная хирургия.
  3. Символдрама (Кататимно–имагинативная психотерапия, Кататимное переживание образов).

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Күнделікті өмірде медицина саласына қатысты жиі қолданылатын терминдерді көшіріп жазыңыз.

3. Олардың (6-8 сөздің) мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап, дәптерге жазыңыз.

4. Мәтін ішінен көмекші етістіктерді іріктеп алыңыз, дәптерге жазып, шақтарын анықтаңыз.

5. Өз отбасыңызда, туған-туысқандарыңыздың ішінде медицина қызметкерлері бар ма? Олар медицинаның қай саласында қызмет етеді? Шағын әңгіме құраңыз.

6. Дәрігер болу үшін адам бойында қандай қасиет болу керек? Өз ойыңызды ауызша әңгімелеңіз.

 

3.Халық медицинасы.

1.1 Емдіктің халықтық сипаты және түрлері

Қазақ халқының шипагерлік емдік өнері көне дәуірден ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, өркендеу мен даму кезеңдерінде де халықтық емдік сипатын сақтап келді. Емшіліктің жеке дара шипалық танымы нәтижесінде ұлттық жалпы шипагерлік ілімінің негізі қалана бастады. «Шипалық таным», «шипагерлік» деген ұғымдар енді ғана, жаңадан ғылыми айналымға енуде. Бірақ бұл ұғымдардың мән-мазмұны туралы түсініктер әлі тиянақтала қойған жоқ. Сондықтан да, шипагерлердің іліміне арнайы тоқталу қажеттігі туындайды. Шипагерлiк – ерекше өмiр, ұмытылмас өнер, өтiмдi өнеге, тәнмен араласу, дертпен аңдысу, көңiлдi айықтыру жолы, жанды сауаттандыру амалы, келбеттi көрiктендiру, тұлғаны бiтiмге туралау, тұрақтату әдiсi. Бабамыздың түсiнiгiн келте қайырып, қысымдасақ:

Шипагерлiк дегенiмiз – өзектен тиянақ табатын тұғырлық өнер, толғауын нар кескiдей ашалап, нақтамалап, дәл түсiретiн тұжырымдау;

– әрқандай түйiндемелердi ұштастыру арқылы несiптiк ризықпен күшiн мiнсiз өткiзу;

– болмыстағы тұтас бiтiмдiктi қалыптастыру, қимыл-қарекетке сәйкес араластық жарасым жасау;

– науқасқа сырқаттың сезiлiстерiн дер кезiнде сездiргiлiк, сезгiлiк тапқырлығы;

– адамдықты көрер көзiдiк сезiлiс, әйгiленiм мен әйгiлiм сезiлгiлiгi, тағы осындай сипаттамалар табыларлық.

Өмiрiмiздiң өрiсiн тұлғалаған, елiмiздiң есiн жиғызған – емшiлердiң, тәуiптердiң, дәрiгерлердiң тарихымыздағы тағлы-мы әрқалай, бірақ алыс-берісте есте қаларлық, қараңғы тұғырлықта тәнге тәберік. Осы қасиеттердiң басын қосқан, ұрпақтарға жеткiзген Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының қызметi мен көрегендiгi, шығармасы мен шеберлiгi көптеген ұрпақтарды ойландыратын, әлi де ой туғызатын үлкен өнер деген тұжырымы шипагерлік өнердің құндылығы мен күрделілігін аңғартады.

Қарапайым халық емі түрлері оның жеке ұлт болып бөлінуіне де, ілгері пайда болғандығына да күманмен қарауға болмайды. Алғашқы рулық үйсін, қаңлы, найман, қыпшақ т.б. тайпалары дәуірінде-ақ, шипагерлер ауру адамның сырқатын емдеуді қолға ала бастаған.

Заманның өзгерісіне қарай атадан балаға сандаған ғасырлар бойы ашықта – жасырында және құпия да жалғасын тапқан шипагерліктің қарапайым халықтық емдік әдіс-тәсілдері туралы халық хабардар болған.

Бұдан қазақтың халық шипагерлігінің тарихы ұзақ, біздің дәуірімізден де арырақ басталатыны байқалады. Қазақтың шипагерлігінің емдік сипаттары ғасырлар бойы жылдар жылжыған сайын жаңа дәуірлік даму сипатына ие болды. Қазақ шипагерлігінде адамның сырқатының пайда болу себептерін біліп анықтаған сайын емдеп жазудың мәдени емдік жолы ілгерілей бастады. Қазақ шипагерлері таби-ғаттың ауа райының тұрақты қалыптылығы мен әртүрлі өзгерістерін адамның денсаулығының қалыпты әрі қалыпсыз болуына және жан –жануарлар мен өсімдік әлемнің тіршілігіне де үлкен әсері бар деп қарады. Өйткені, ұлттық шипагерлік ауа, су, топырақ және күн сәулесін табиғаттың негізгі тіршілік көзі деп есептеді. Халық шипагерлері ертеде ауру адамның ішкі және сыртқы сырқатты белгілерін – өзі айтқаны бойынша тыңдау, тамыр ұстау, ауырған адамның өңін байқау, сөзіне, тұлғалық көрінісіне және жүрісіне қарап, денені сипау мен аурудың өзінен сұрау арқылы анықтады. Аурудың түрін анықтаған соң, өзінің дайындаған дәрі – дәрмегін ішкізіп емдеу, қан алу, шертіп немесе шертпей денеге лоңқа қою, уқалау, құяң үзу, денеге ыстық – суық өткізіп емдеу, арасанға түсу / минералды суларға – З.Қ. /, күн нұрына қақталу, бұлаулау / қарағай,, ермен, қайың жапырақтарына, жалбыз т.б. /, қой терісі мен қой жынына түсу, қуатты мол ет, сүт, маңыз, ірімшік, құрт, айран, саумал, қымыз сияқты тағамдарды пайдалану т.б. әдістерін ауру-ларға емдікке қолданған. Мәселен, жаңа сойылған жылқының, қойдың, ешкінің жылы терісіне суық тиген, белі шойырылып ауыратын сырқаты бар адамдарды түсіріп орап, үстіне қалың жапқыш жауып, терлету тәсілін пайдаланған. Халық шипагерлері аурудың денесінен қан алу тәсілінде өзіндік әдіс – тәсілдері бойынша орындаған.

Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы осыдан бес ғасырдан бұрын адам бойындағы қанды: ««адал қан», арам қан», «құтырған қан», «қанды ірің» – деп төрт топқа бөлген [1, 160-161 бб.]. Шипагер осы тұжырымы бойынша жылдың мезгілдік өзгерісіне сайкес, көктемде адамның да қанында пайдасыз өзгерістік құбылыстар болатыны туралы анықтамасын ұсынды, идеясын дәлдей білді. Қан адамның өмірінің негізі құралы әрі мүше бөлшектерін майлаушы

қызметін атқаратынын да анықтай алды. Қан жанның серігі немесе құрамдас бөлігі болатынына жеке тәжірибелеріне сүйеніп анықтады, ешқандай күман келтірмеді. Халықтық шипагерліктің ғылыми медицинаға жақындауына тұңғыш рет негізін қалаған осы ғұлама баба еді.

Қан жөнінде емдіктің қарапайым халықтық тәсілдерін жас кезінен бастап ғұмырының ақырына дейін зерттеген, еңбектер жазған медицина ғылымдарының докторы, профессор Е. Оразақов халықтық шипагерліктің емдеу әдіс – тәсілдері туралы былайдейді: «Адам денесіндегі арам қанды сыртқа шығару «қарықтық салу», «лоңқа төңкеру» арқылы «қан тасуды» емдеу үшін шертпек, қандауыр, біз, містер, қарықтық атты құралдар пайдаланадылады. Қан көбіне шеке және маңдай тамырдан алынады.

Ол үшін мойынға сүлгі салып еппен бұрғанда, әлгі қан тамырлары басқа қан тамырларынан ерекшеленіп білеу-ленеді. Содан кейін шертпек не қандауырдың ұшін оттың жалынына жалатып алып қан тамырын аздап тіледі, сол сәтте қою қара қан ағады, аздан соң қанның түрі бозғыл тартып, қалыпты жағдайға келгенде сүлгіні босатады да, қанды тоқтату әрекетіне кіріседі …» [4, 25 б.]- деп, ғалым шипагердің өзінен бес ғасыр бұрынғы идеялық ойларын толықтырады. Халықтардың аймақтық орналасуына қарай, жеке шипагерлердің де ұқсастық немесе өзіндік құпиялық емдік әдіс-тәсілдері болды. Шипагерлікте сыртқы ауруларға оташылықтағы сынық пен буын шығу жататындықтан, сынықтың денедегі түріне қарай шипагерлер сынған сүйекті орнына келтіріп таңу мен қарапайым операция жасау сияқты оташылық тәсілдерін пайдаланды. Оның қарапайым озық жетістіктерін байыта білді.

Ұлы Әмір Темірдің /1333 – 1405/ өзі жазған өмірбаянында 1354 жылы қатты сырқаттанады. Самарқанның шипагері анардың шырынымен емдей алмай, Түркістанның шипагері қан алып, айықтырғанын айтады [2, 12-13 бб.]. Бұдан Орта Азияда X-XV ғасырларда дамыған жоғары ғылыми шипагерлік ілім болғанынан хабардар етеді. Қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының да өзінің «Ши-пагерлік баян» атты медициналық энциклопедиялық еңбегінің де жазылуы осы XV ғасырда екені жоғарыдағы айтыл-ғандардың шындыққа үйлесетінін білдіреді. Халық емші-лігінің емдік халықтық сипаттарын оның өткені, бүгіні және болашағы жөнінде кезеңдерге бөліп жүйелеп қарауды қажет етеді. Шипагерлік саласының отызға жуық түрі барын ескерсек, бұл ғылыми талдауды жеңілдетіп қалмастан, оның өрісін кеңейтіп, болашағының таза өркендеуіне және басқа да ғылымдар саласымен қатарлас әрі тең дамуына маңызды болмақ. Бұндай танымдық жеке-жеке анықтамалық сипат-тамалар мен тұжырымдамалар жасау, халықтық шипагерлік өнерінің ұлтты рухын өркендетуге және зерттелуіне зор көмегі болатынына бағыт бере алады.

Сондықтан да халық шипагерлігіне ғылыми танымдық зерттеулерді жалғастыра беру, бұлақтың бітелген көзін ашқандай әсері болары шындыққа айналмақ. Әр түрлі кезеңдерде шипагерліктің халықтық сипаты неше түрлі кедергілерге ұшырап, өрісін кеңейте алмауынан кенжелеп қалды. Сонда да болса, ертедегі шипагерлер емдеу жүйесінде дәрісін негізгі және қосымша дәрілер деп бөліп, өзінің рецептерін пайдаланды. Сөйтіп қайнатпа дәрі, шар дәрі, ұнтақ дәрі, оқ дәрі, шекерлі – шарбәт дәрі, қоймалжың дәрі, шылатпа дәрі, сылама дәрі, т.с.с. дәрі – дәрмектерді өсімдіктердің құрамынан / сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шайыры, тұқымы /, хайуанаттар мен жәндіктердің мүшелерінен / сүйегі,еті, сүті, терісі, майы, жүні, т. б. / оның ішінде аю еті, бұғы мүйізі, жолбарыс сүйегі, құдыр кіндігі, құстардың еті, жұмыртқасы, бие қымызы, сиыр сүті, түйе шұбаты, шаян, сүлік т.б. және минаралдардан / мыс, сынап, күкірт, ашудас, тотияйын, тұз, алмас т.б. / сол дәуірдегі өлшемдік жүйемен дайындаған / кг,г грамм, мил.грамм өлшемі болмаған/. Мәселен, Шәрбат дәрілерді дайындауда бір немесе бірнеше түрлі дәрілерді суда қайнатып, шамасынан сүзіп алып, оған шекер, бал немесе жеміс суларынан қосып әзірлейді. Сылама дәрілерді аю, борсық, жылқы, қаз майларынан дайындаған. Тамшы дәрілерді ішуге, көзге, құлаққа тамызу үшін әртүрлі дәрілерден жеке – жеке мөлшермен дайындаған.

Қазақ шипагерлері өздері жасаған дәрілерін тұмаудың алдын алуға, бас ауруға, зиянды жәндіктердің шаққан уытын қайтаруға да қолданған. Дегенмен, Орта Азия мен қазақ жерінен орта ғасырдан бастап шыққан ғұлама ғалымдар, есімдері бүгінде әлемге белгілі Әл-Бируни, әл-Разани, Әбунәсір әл – Фараби, Жүсіп Балласағұн, Әбу-Әли ибн-Сина т.б. ғұламалардың медицина саласындағы еңбектері емдіктің халықтық сипатын өркендетіп, ғылыми ілімге жақындауына зор ықпал етті. Ғұламалар еңбегі халықтық шипагерліктің бай мұрасынан жинақталып сұрыпталып жазылғандықтан да, еңбектің идеялық тұжырымдары халықтың арасында тез тарады әрі оң қабылданды. Халықтық шипагерліктің теориялық пен тәжірибелік жетістіктері ең алдымен қазақ елі мен Орта Азияда шипагерліктің өрісінің кеңеюіне, өркендеуіне әсері зор болды. Әсіресе Отырардың түлегі ғылымда екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым әл-Фараби «Адам ағзалары жайлы» және «Жануарлар ағзалары жайлы» т.б. медициналық еңбектерін жазып қалдырса, ал әл-Фарбиді өзінің ұстазы атаған, оның ілімін дамытушы ғұлама ғалым әрі дәрігер Әбу Әли Ибн Cина медицинаға арнап 16 кітап жазғандығы мәлім болды. Бұл ойшылдардың халықтық шипагерлік ілімін ғылыми теориялық әрі тәжірибелік ілімге айналдыруы, халықтық шипагерліктің емдік тәсілдері мен әдістерін байыта түсті. Қазақтың халық емшілігі өзімен іргелес Қытай, Тибет, Монғолия, Үндістан, Орта Азия, Араб, Ресей т.б. елдердегі халықтың емдік дәстүрлерімен, бір жағынан, өзінше ерекше, бір жағынан, олармен ұқсас, сабақтас та болды.

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Мәтін бойынша негізгі ойды табыңыз, жазбаша орындаңыз.

3. Мәтіннің мазмұнын бүктеңіз, 5-6 сөйлем көлемінде жазбаша жеткізіңіз.

4. Мәтіннен көмекші етістіктерді тауып жазыңыз. Олармен сөйлем құрастырыңыз. (5 сөйлем)

5. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Қай елдерде халықтық шипагерліктің теориялық пен тәжірибелік жетістіктері әсері зор болды? Қай ғұлама ғалым «Адам ағзалары жайлы» және «Жануарлар ағзалары жайлы» т.б. медициналық еңбектерін жазып қалдырды? Кімді өзінің ұстазы атаған, оның ілімін дамытушы ғұлама ғалым әрі дәрігер Әбу Әли Ибн Cина медицинаға арнап 16 кітап жазғандығы мәлім болды? Қазақтың халық емшілігі өзімен іргелес қандай елдердегі халықтың емдік дәстүрлерімен, бір жағынан, өзінше ерекше, екінші жағынан, олармен ұқсас, сабақтас болды?

6. Курстасыңызбен қазақстандық шипагерлер жайында әңгімелесіңіз.

Апта

1.Қазақстан спорт әлемінде. Көсемше категориясы

Мәтінмен жұмыс

Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылы құрылып, 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада комитетінің мүшесі болды. Осы уақыттан бастап, қазақстандық спортшылар әр түрлі халықаралық жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетті.

Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 1998 жылы тамыз айында тұңғыш рет бүкіл Қазақстандық ұлттық спорт ойындарының түрлері өтті.

1986 жылы Азия ойындары тұңғыш рет Жапонияның Саппоро қаласында өтті. Төрт жылдан кейін тағыда сол Саппорода екінші Азияда жалауын көтерді. 1886жылы жапондар 29 алтынмен көш бастаған еді. Алтын алқа алу жөніндегі бұл рекорд 25 жыл бойы, 2011 жылға дейін өзгерісіз тұрды. Ол кезде Қазақстан Кеңес Одағы құрамында болғандықтан бұл дүбірлі жарысқа қатысуға мүмкіндігі болмаған. 1996 жылы Қытайдың Харбин қаласы үшінші Азия ойындарын қабылдап алды.Тәуелсіздік алғанына небәрі бес жыл ғана болған, сол кезде нарыққа төтеп беріп жатқан тәуелсіз еліміздің командасын Харбинге жіберу туралы Елбасы шешім қабылдады. Харбинде жерлестеріміз 14 алтын, 9 күміс, 8 қола, жиынтығы 31 медалмен командалық есепте Қытайды ғана алға жіберіп бір алтынды ғана артық алған болатын. Төртінші Азия ойындары арада үш жылдан кейін Қытайдың Кангвон қаласында өтті. Қытай тағы да 15 алтынмен бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орында Корея (11алтын), ал қола жүлде бізге бұйырды. 1999 жылы Кангвондағы он алты алқа жаман көрсеткіш емес еді. 2003 жылы Аомориде, 2007 жылы Чангчунда Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты алпауыт мемлекеттерді алға жіберіп, төртінші орында болдық.

7 Азиада ойындары Қазақстанның Астана мен Алматы қалаларында қаңтардың 30-ы мен ақпанның 7-і аралығында өтті. 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілдіі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды.

Орын Ел Алтын Күміс Қола Барлығы
  Қазақстан        
  Жапония        
  Корея Республикасы        

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыз.

3. Өзіңіз білетін қазақстандық спортшылар жайлы әңгімелеп беріңіз.

4. Мәтіннен септеулік шылауларды табыңыз.

5. Мәтіндегі сан есімдерді түрлеріне қарай ажыратыңыз.

2.Атақты спортшылар.

Шығыс Қазақстан - жеңімпаздар Отаны

Қысқы спорттың Отаны Өскеменде шайбалы хоккей, шаңғы, фристайл, тау шаңғысы спорт түрлері жақсы дамыған. Азия ойындарында қазақстандықтардың жеңіп алған 70 медальінің тең жартысы кенді Алтай шеберлерінің үлесіне тиесілі. Астана мен Алматыда өткен Ақ Азиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 47 спортшы аттанған еді. Оның ішінде: шаңғы жарысынан 6, тау шаңғысынан 1, биатлоннан 4, фристайл бойынша 4, қысқы спорттық бағдарлаудан 3, қыздар арасындағы шайбалы хоккейден 5, допты хоккейден 1 адам қатысты. Хоккейден Қазақстан құрамасының сапында жүрген жігіттеріміз тағы бар. Жерлестеріміз намысты жанып, 15 алтын, 11 күміс, 7 қола, барлығы 33 медалға ие болды. Спортшылар шеруінде Қазақ елінің туын талантты хоккейші Талғат Жайлауов алып шықты. Ол Өскемендегі «Казцинк - Торпедо» спорт клубының шәкірті. Олимпиада чемпионы Борис Александров, мұхиттың арғы жағында өнер көрсетіп жүрген атақты хоккейшілеріміз ел мақтанышы. Азия ойындарында шаңғышы Алексей Полторанин 4 алтын, 1 қола медальді, Оксана Яцкая мен Елена Коломина әрқайсысы 2 алтын, 2 күміс, 1 қоланы жеңіп алса, фристайлдан Юлия Галышева 2 алтын, Дмитрий Бармашов 1алтын, 1 қола, Дмитрий Рейхерд 1алтынды жеңіп алды.

2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.

· Септік жалғауларын тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

· Курстасыңызбен Қазақстан спорты жайлы сұхбаттасыңыз.

· Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз: спорт шебері, жеңімпаз, күміс жүлдегер, жеңіс, қола жүлдегер, жарыс.

· Мәтін бойынша жазбаша сұрақтар құрастырыңыз.

Ұлттық ойындар

Халқымыздың күштілікті, ептілікті, зеректілікті, зерделілікті қажет ететін ұлттық ойындары аз емес. Ұлттық ойындарымыз негізінен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс шаруашылығына, ұлттық ерекшелігіне, табиғи орналасу жағдайына байланысты болып келеді. Сондықтан да ұлттық ойындарымызда еңбекке баулу, жаугершілікте елді қорғау, аңшылық көріністері байқалады, шынықтыру, ақылға салу секілді мәнге ие. Жалпы, тек қазақ қана емес, қай халықтың да ұлттық ойындарында сол ұлтқа тән мәдениет пен мiнез-құлқы танылады. Негiзi қазақ халқында ел арасына кеңiнен тараған 200-ден астам ойындар бар. Оның бірқатары ұлттық спорт түрiне айналып, дамып келедi. Олардың қатарына қазақша күрес, тоғызқұмалақ, көкпар секiлдi ойындарды жатқызуға болады.

Аударыспақ –ашық алаңда көгалды жерде ойналатын өте қызықты ойын. Ойынға екі атқа мінген жігіт қатысады. Шабандоздарға белгілі бір уақыт беріледі. Осы уақыттың ішінде екеуі бірін – бірі аттың үстінен аударып түсіруі керек.

Бәйге –қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. Ойынды жүргізу үшін ара қашықтық белгіленеді. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін, олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі. Көмбеге алғаш шауып келген шабандоз жеңімпаз атанып, ол адамға сыйлық беріледі.

ептілікті, зеректілікті -понятливость, сознательность

мән-значение

1Мәтінді орыс тіліне аударыңыз 2.Сұрақтар құрастырыңыз.

3. Қазақтың ұлттық ойындары.

Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақ- тар мен алғашқы мемлекет- терде кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қаре- кеттерінен бастау алады.

Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқ-ты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, тө- зімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты не- гізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, бала-лардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүр-лі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».

1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр. 2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота. 3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?

4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.

5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қой- дың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.
Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Мәтіндегі таныс емес сөздерді сөздіктің көмегімен аударыңыз.

3. Мәтінге жоспар жасаңыз.

4. Қазақтың әр ұлттық ойынының мақсаты қандай?

5. Сізге қандай ұлттық ойын ұнайды және неге ұнайды? (ауызша әңгімелеңіз)

6. Мәтін ішінен көсемшелерді тауып жазыңыз, сұрақ қойыңыз, түсіндіріңіз.

 

Апта

АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ - ЕГІЗ

1. Қазақстанның экологиясы. Экологиялық мәдениет Ұлттық экомәдениет. Бұйрық мәнді сөйлем.

Экология ғылымы

Дербес ғылым ретінде экология 1900 жылы қалыптасты. «Экология» терминін 1869 ж. Неміс биологы Эрнест ұсынған.

Экология (грекше oicos – мекен, үй және logos - ғылым) сөзбе-сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым.

Экология – организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым.

Кез келген саласы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі – таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану.

Қазіргі кезде жер бетіндегі негізгі проблеманың бірі – экология. Адамдар қоршаған ортаны жан-тәнімен қорғамайынша дүниені аман алып қалуы мүмкін емес. Адамзат экологиялық апаттың құзар шыңының басында қалтылдап күн кешуде. Табиғат адамдардан өш алып жатыр. Жер-жерде табиғат апаты жиілеп барады, топан су қаптауда. Қазір жер бетінде табиғаты таза түпкір табу мүмкін емес. Бүгінде жер бетінің бір шетінде кішкене ғана экологиялық апат болса, ол бүкіл планетаға әсер етеді. Қазіргі таңда планетамызды ажалдан арашалап қалу – адамзат ұрпағын қорғап қалу деген сөз.

Сөздік

дербес – самостоятельный ұсынған – предложил

тіршілік ету – существовать байланыстар – связи

сала – область, сфера таным шеңбері – кругозор

бағыт – направление заңдылық – закон

даму – развитие

қоршаған орта – окружающая среда

жер бетінде – на земном шаре

қоршаған орта – окружающая среда

дүниені аман алып қалу – спасти мир

экологиялық апат – экологическая катастрофа

табиғат – природа

топан су – наводнение

әсер етеді – влияет

таза түпкір – чистый уголок

Тапсырма

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз

2. Сұрақтарға жауап беріңіз

а) «экология» терминін кім ұсынған?

ә) экология ғылым ретінде қай жылы қалыптасты?

3. Экология дегенімз не?

4. Экологияның қандай аспектілері бар?

5. Шығыс Қазақстан облысының экологиясы туралы мәлімет жинаңыз.

6. Жер бетіндегі экология туралы пікір алмасыңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз

а) Еліміздің экологиялық жағдайы сендерді толғандыра ма? Оны жақсарту үшін не істеу керек?

ә) Адам мен табиғат арасында қарым-қатынас қандай болу керек?

б) Экологиялық апатқа ұшыраған қандай жерлерді білесіздер?

в) Полигондарда өткен жаратылыстардан кейін табиғатта қандай құбылыстар байқалды?

г) Табиғат апаты адамзатты, тіршілікті жояды, соған қарсы адамдар не істеу керек?


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.021 сек.)