|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Как я стал профессионалом 1 страницаСеместр ПРАКТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР. Апта Лексикалық тақырып. Танысу. Сөз әдептері.Жай сөйлем. Интонация. Екпін.
Тілдік этикеттің танысуға қажетті формулалары: - Сізбен танысып (таныстырып) қоялық. - Танысуға (таныстыруға) рұқсат етіңіз. - Таныс болайық (болыңыздар). - Танысып қойыңыздар. - Танысқаныма қуаныштымын. - Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіздер. Жат ортаға, кеңсеге жаңадан келген адам сәлемдесіп, өзін таныстырады. Таныстырушы үшінші адам жасы, лауазымы кішілерді үлкендерге, ер адамды әйелге алдымен таныстырады. Мысалы: – Сізбен танысуға бола ма? – Әрине, танысып қоялық. Менің атым – Серік. – Мен Мөлдір боламын. – Атыңыз затыңызға сай көркем екен. – Рақмет, сіз де есіміңізге лайық екенсіз. – Өзімді кеңірек таныстыруға рұқсат етіңіз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студентімін. Болашақ мамандығым – қаржыгер. Жарысқа келген едім. – Ал мен № 73 Дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысымын. Мен де математикадан олимпиадаға келіп едім. – Сіздей әсем арумен танысқаныма өте қуаныштымын. Көріскенше сау болыңыз! – Сау болыңыз! 1-тапсырма. «Танысу» тақырыбына көршіңізбен сұхбаттасыңыз. 2-тапсырма. Тақырып бойынша жағдаяттық сұхбаттар құрастырыңыз. 3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. Будем знакомы, рад знакомству, передайте привет, познакомьтесь, студент по специальности экологии, главный специалист, грамотный специалист, квалифицированый специалист, опытный начальник, ладно, отлично, не плохо, до встречи, я тоже, все хорошо, прекрасно, привет, до свидания, жаль, простите, пожалуйста, прощайте, спокойной ночи, доброе утро. 4-тапсырма. Жай сөйлемге 5 сөйлем құрастырыңыз. Лексикалық тақырып. Әдептілік деген не?
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады. Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша көршіңізбен сұхбаттасыңыз. 2-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді мазмұндаңыз. 3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді құрамына қарай талдаңыз. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады.
Лексикалық тақырып. Әдептің басы –амандық. 1-тапсырма. Сұрақтар бойынша пікірлесіңіздер. · «Әдептілік-адамгершілік бастауы» дегенлді қалай түсінесіз? · Өз әрекетіңе немесе досыңның әрекетіне ұялған сәттерің болды ма? · «Әдеп-отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіз? 2-тапсырма.Жағдаятты талдау. Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді, аулада отырған кісілер: -«осы бала жақсы бала, түбінде жақсы азамат болады,-деп мақтай жөнелді. Арман туралы бұл пікірдің қалыптасуының сыры неде? 3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз. 1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Апта Лексикалық тақырып. Отбасы мүшелерін, туыстарын таныстыру. Бөгде сөз Отбасы – отанымыздың ошағы Отбасында адам бойындағы асыл туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Туыстық жүйенің ең негізі - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол болып есептеледі. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып қалады. Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алады. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге тәрбиеленеді. 1-тапсырма. Мәтінді қысқаша орыс тіліне аударыңыз 2-тапсырма. Әрбір азатжолда не туралы айтылады? Мазмұндаңыз. 3-тапсырма. Өзіңізді және отбасыңызды таныстырыңыз. 4-тапсырма. Берілген төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»,- дейді қазақ. «Сабаққа кешікпей келіңдер»,- деді декан. Ол менен: -Сен қайда барасың? – деп сұрады.
Лексикалық тақырып. Отбасы және ұлттық құндылықтар, дәстүрлер Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән берген халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз. Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді. Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Кең байтақ даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан. Қонақжайлылық – «қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынып, соған бір жасап қалу – ежелден келе жатқан ескі салтымыз. Қонақты ақжарқын көңілмен жақсылап күту – көргенділік, адамгершілік, азаматтық қана емес, тіпті міндет болған. Мысалы: құдайы қонақты қондырмай жіберген үй айып төлеген. Мұның бәрі қонақжайлылық, меймандостық дәстүрді берік орнықтыру, оны бұзуға жол бермеу мақсатынан туған. Қазақ халқының суды қадірлемеу, қорламау жөнінде де неше түрлі аталы сөздерін естиміз. Талшыбықты ат қып мініп ойнап жүрген балаларға ата-анасы, үлкендер «суды сабама», «бұлақты лайлама», «суды сапырма» деп жасынан үйретеді. Ал мал суаты болған бұлақ бастарын таза ұстап, оның көзін жыл сайын балдыр-батпақтан тазалап, су көзінің бітеліп қалуынан, не құрып кетуінен сақтаған. Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын үшін, саба-саба қымызын өздері ішпей, жиып тегін артып барады. Әрине, мұндай дәстүрлер біріншіден қасиетті ел берекесі болса, екіншіден суды, сусынды қадірлеу дәстүрі. 1-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, қысқаша мазмұндаңыз. 2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша көршіңізбен сұхбаттасыңыз. 3-тапсырма. Сұхбатты оқып, жолдасыңызбен әңгімелесіңіз. Ерлан: Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Жақсы жатып, жайлы тұрдыңыз ба? Бүгінгі жоспарыңыз қандай? Қонақ: Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң!Рахмет! Егер мүмкін болса,халқыңыздың қазіргі тұрмыс-салтымен таныссам деп едім... Ерлан: Өте жақсы. Бүгін менің досымның баласы үйленгелі жатыр. Сол тойға келуіңізді сұраймын. Сонда біздің елдің қазіргі жастарының үйлену салтымен жақын таныса аласыз. Қонақ: Маған ыңғайсыз болмай ма? Біздің халқымызда «Танымайтын жерге шақырусыз қонаққа барма» деген сөз бар. Ерлан: Өзіңіз де байқаған шығарсыз, біздің қазақ халқы өте қонақжай халық, қонақты еш уақытта жатсынбайды. Қайта Сіздің келгеніңізге қуанып, құрмет көрсетеді. Қонақ: Дегенмен, ыңғайсызданып тұрмын.... Ерлан: Біздің халқымызда «Құдайы қонақ» (құдай өзі арнайы жіберген қонақ), «Қонақты қусаң құт қашады» деген сөздер бар. Бізде ешқандай ыңғайсыз болып есептелмейді. Қонақ: Ерлан мырза, Сіз маған былай да көп қызмет көрсеттіңіз. Шексіз ризамын. Мына айтып отырғаныңызға әбден сенемін. Расында, Сіздің халқыңыз өте қонақжай халық екен! Ерлан: Онда келістік Кешкі сағат алтыда осында кездесейік. Сонымен, үйлену тойына баратын болдық. Көріскенше күн жақсы болсын! Лексикалық тақырып. Жас отбасы және дәстүр. Неке. Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз—бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады. Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдық көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы. 1-тапсырма. Әрбір азат жолда (абзац) не туралы айтылады? Өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. 2-тапсырма. Мәтін бойынша тақырыптық сөздік құрастырыңыз. 3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз. Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады. Апта Лексикалық тақырып. Баспана. Сұрау мәнді сөйлем «Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қолжетімді баспана мәселесін ерекше атап көрсетті. Әрине, бұл – үлкен мәселе. Қазір Үкімет арнайы бағдарлама дайындап жатыр. Осы бағдарлама бойынша, тұрғын үйлер салынады. Ұзақ мерзімге жалға беріледі. Кейін сатып алуға болады. Жоспар – тұрғын үй алаңын бір миллион шаршы метрге жеткізу, жарты миллион жас отбасыға баспана беру. Бұған мемлекет көп қаржы бөледі. Құрылыс саласын дамытады»,- деді. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі өз қызметін мынадай үш стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырады: 1) Тұрғын үй құрылысын дамыту 2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді жетілдіру 3) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «2020 жылға дейінгі қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының жобасы әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, мынадай бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысының көлемін өсіру және қолжетімдігін қамтамасыз ету ұсынылады: 1. Жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй салуы, оны «Тұрғын үй құрылыс жинақ" банкі арқылы сатуы 2. Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу 3. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жас отбасылар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу. 4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үй салуы 5. Жеке тұрғын үй құрылысы 6. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз 2-тапсырма. Болар, шығар, қайтеді етістіктерін пайдалана отырып, мәтін бойынша 5 сұраулы сөйлем құрастырыңыз. Мысалы: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «2020 жылға дейінгі қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының жобасы әзірленіп болатын шығар.
Менің бөлмем Менің атым - Қарақат.Мен – дәрігермін. Алматы қаласында тұрамын 9 қабатты үйдің 5-қабатында тұрамын. Үш бөлмелі пәтерім бар.Қонақ бөлме, балалар бөлмесі және жатын бөлме. Пәтерім өзіме қатты ұнайды. Әсіресе ас бөлмеде болғанды ұнатамын. Онда мен балаларым мен жұбайыма дәмді тамақтар пісіремін.Жұбайымның есімі-Дәулет.Ол-құрылысшы. Біздің екі баламыз бар.Есімдері- Ерлан, Ержан. Олар мектеп оқушылары. Жиһаздардың барлығын жұбайымыз екеуміз таңдағанбыз. Балаларымыздың да тілектерін ескеріп, бөлмелерін қалағандарындай етіп жабдықтадық. 1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Қарақат қайда тұрады? 2. Үйі неше бөлмелі? 3. Жұбайы мен балаларының есімдері кім? 4. Дәулет қайда жұмыс істейді? 5. Қарақат әсіресе қай бөлмеде болғанды ұнатады? 6. Жиһаздары туралы айтыңыз. 7. Балаларының бөлмелерін қалай жабдықтаған?
2-тапсырма. Өз бөлмеңіз туралы шағын мәтін құрастырыңз. 3-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Сәлеметсің бе, Омар? - Сәлеметсің бе, Марат. - Пәтеріңде сенің бөлмең бар ма? - Иә, бар. - Ол жарық па, кең бе? - Бөлмем жарық, кең. - Бөлменің терезелері, едені қандай? Не тұр? - Бөлменің терезелері биік, жарық, еденде әдемі кілем жатыр, терезе алдында гүлдер тұр. - Бөлмеңде не бар? - Бөлмемде әдемі жиһаз бар. Оң жағында диваным, шкафым тұр және айнам бар. - Сол жағында не тұр? - Сол жағында үстелімде компьютерім тұр. - Сен бөлмеңде не істеуді жақсы көресің? - Мен бөлмемде сурет салу, кітап оқу, әңгімелесуді ұнатамын. - Иә, бөлмең өте жақсы, көп заттар бар екен. - Иә, маған жайлы. Лексикалық тақырып. Студенттер қалашығы. 1-тапсырма. Сұхбатты аяқтаңыз - Кешіріңіз.................. сұрауға бола ма? - ШҚМУ-дың бас ғимараты.......................? - Студентер қалашығында орналасқан. -........................... қалай жетуге болады? - № 44, 7, 47 автобустарымен.................. - Қай.................... түсу керек? - Шығыс Қазақстан Техникалық университеті.......................... түсесіз. - Алыс па? - Жоқ,................ алыс емес. Үш аялдамадан............... 2-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз. - Сәлеметсіз бе, мен жатақханаға орналасайын деп едім. - Сіз қай мамандықта оқисыз? - Экономика мамандығында оқимын. - Қажетті құжаттарыңыз бар ма? - Қандай құжаттар керек? - Жеке басының куәлігі және деканның атына жазылған сіздің өтінішіңіз керек. - Құжаттарым міне, көріңіз. - Қазір құжаттарыңызды тексеріп шығайын, содан соң қай бөлмеде тұратыныңызды айтамын. - Жарайды. - Құжаттарыңыз түгел екен. Он бесінші бөлмеге барыңыз. Кілтті кезекшіден аласыз. - Рахмет. 3-тапсырма. Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. «Мен басқа бөлмеде тұрғым келеді» ойыны. 4-апта 1. Лексикалық тақырып. Менің мамандығым. Болымсыздық категориясы
Менің аты-жөнім Ақмарал Алтай. Мен Өскемен қаласында тұрамын. Мен-оралманмын.Қазақстанға Қытай Халық Республикасынан көшіп келгенмін. Жасым елу бірде. Отбасым бар. Математика пәнінің мұғалімімін. Мамандығымды өзім таңдадым, себебі, есеп шығаруды бала кезімнен жақсы көремін.Осы салада жұмыс істегеніме 20 жылдан асты. Жұбайымның есімі –Нұртас. Ол-дәрігер. Ол да өзінің мамандығын жақсы көреді. Үлкен балам – заңгер, ал жұбайы- қаржыгер. Екінші балам – зергер, ал жұбайының лауазымы – бөлім бастығы. Қызым – сәулетші, оның күйеуінің мамандығы – тергеуші. Туыстарымның арасында балықшы, сауыншы, есепші, шаштараз, экономист бар. 1-тапсырма. Мәтінде кімнің отбасы туралы айтылады? Қандай мамандық иелері бар? 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1.Ата-анаңыздың мамандығы қандай? 2. Қай жерде жұмыс істейсіз? 3. Жұмыс орны қай жерде орналасқан? 4. Лауазымы қандай? 5. Қызметтік міндетіне не кіреді? (не кірмейді?) 3-тапсырма. Сәйкестендіріңіз. 1. Жүргізушінің міндеті шаруашылықты басқару 2. Мұғалімнің міндеті жолаушыларды жеткізу 3. Шекарашының міндеті тапсырмаларды орындау 4. Дәрігердің міндеті тауарларды өткізу 4-тапсырманы жазбаша орындаңыз. 1. Сізге мамандығыңыз бойынша жұмысқа орналасу керек. Газетке жарнама беріңіз. 2. Сіз бастықсыз. Жұмысқа орналасуға келген кісіден қандай мәліметтер сұрайсыз? 5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді болымсыздық мәнді сөйлемге айналдырыңыз. Аспаз тамақ дайындап жатыр. Наубайханашы қамырды қалыпқа салып тұр.. Кітапханашы оқырманға кітап беріп жатыр. Хатшы хат жазып отыр. Қызметкерлердің көліктері аулада тұр. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.023 сек.) |