АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Как я стал профессионалом 4 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық жетістіктеріміз де осыны аңғартады. Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтын валюта қорының көлемі 9 есеге көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085 млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы саяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мүмкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмкіндігі мен мемлекеттің табиғи байлықтары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.

12-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіріп, жаттап алыңыз.

Ырыс алды – ынтымақ.

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

 

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.

Лексикалық тақырып: 1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары.

3. Ар-ождан бостандығы

Грамматикалық тақырып: Қимыл есімдер қызметі

 

1-тапсырма. Мәтінмен оқып, танысыңыз.

ҚҰҚЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органы – Парламент қабылдаған нормативтік актілер заң деп аталады. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады.

Әрбір мемлекетте құқықтық тәртіпті қорғайтын, заң бұзушыларды заң жолымен жауапқа тартып отыратын арнаулы органдар құрылады. Мұндай органдарға жататындар – полиция, сот, прокуратура, әскер.

Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар – нормативтік шешімдер қабылдайды.

2-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді қысқаша баяндап беріңіз.

3-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді қазақ тілінде айтып беріңіз:

Существуют различные формы государства. Республика Казахстан – унитарное государство. При унитарной форме государство делиться лишь на административно-территориальные единицы (области, районы). Таким государством является наша республика.

К федеративным относятся государства, возникшие в результате добровольного союза нескольких самостоятельных государственных образований, например, Российская Федерация, в которую входят самостоятельные республики.

4-тапсырма. Мәтінді толықтырыңыз. Тағы қандай мемлекет формасын білесіз?

5-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз:

Әлеуметтік нормалар, құқықтың пайда болуы, құқықтың адам өміріндегі рөлі, адамдардың өзін ұстау ережелері, дәстүр, мораль, этикет, мемлекет пәрменімен, нормативті актілер.

6-тапсырма. Ережелерді есте сақтаңыз.

Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтарды пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз.

Құқықтық мемлекет дегеніміз – құқық жүйесі қалыптасқан, заң бәрінен жоғары тұратын, заң талаптарының барлық субъектілерге міндеттілігі қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі түгелдей қабылданған заңдарға негізделіп жүргізілетін мемлекет.

7-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Құқық және мемлекет, адам бостандығы, заң бұзушылық, құқық қорғау ұйымдары, заң алдындағы теңдік.

8-тапсырма. «АДАМ ЖӘНЕ ЗАҢ» мәтінімен оқып танысыңыз.

Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамды заңмен басқару үшін нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.

Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері, мемлекеттік басқарудың формалары анықталады. Азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Сонымен Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды. Бұл заң өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өз миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкілхалықтық деп таниды. Мұның мәні: мемлекет халықтың бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық бермейді.

Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйытқысы болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп санауға болмайды. Өйткені, ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның байырғы тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар еді.

9-тапсырма. Мәтінге сәйкес берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Адам қоғамының заңсыз.... 2. Дамыған демократиялы елдерде.... 3. Сонымен Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция.... 4. 1993 жылы 28 қаңтарда.... 5. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді,.... 6. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына қарай алаламайды,.... 7. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық.... 8. Егер Қазақстанның байырғы тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі болмаса,....

10-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

1) Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?

2) Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесі қашан қалыптасты деп ойлайсыз?

3) Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіз?

11-тапсырма. Болашақ мамандығыңыздың тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі туралы әңгіме құрастырыңыз.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары.

 

14-тапсырма. Тірек сөздермен сөйлем құраңыз.

Адамның азаматтық алуы, жеке бас бостандығы, өрескел қателіктер, жеке өмірге қол сұғу, адамның ары мен абыройы.

15-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда прокуратураның рөлі қандай?

 Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы қандай деп ойлайсыз?

 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда шек қойылады?

16-тапсырма. Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының функцияларына сипаттама беріңіз.

17-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАР

БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын» қабылдаған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.

Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз құқықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адам туылғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және қастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін әрекеттерге, оның тұрғын орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.

Екінші топқа азаматтыққа байланысы құқықтар мен бостандықтар жатады. Бұлар – адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.

Үшінші топқа – экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар – адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.

Қоғам адамдарды жынысына, тегіне, нанымына, лауазымына, ұлтына, материалдық жағдайына, жасына, өзге де әлеуметтік белгілеріне қарап алаламауы керек. Заң алдында жұрттың бәрі тең.

Адамдар алған білімдері арқылы тек өздеріне ғана емес, қоғамға да пайда келтіреді. Еңбек ету бостандығына ие азаматтар тек өздері үшін ғана емес, қоғам үшін де материалдық және рухани игіліктер жасайды.

18-тапсырма. Мәтін бойынша өз пікіріңізді айтыңыз.

19-тапсырма. Айналамыздағы қоршаған адамдардың әрекеттерінен мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының өз міндеттерін қалай өтеп жүргендері туралы пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

20-тапсырма. Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз.

 

1. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі түсінігі бойынша –... 1 қылмыс деп танылады.
2. Біреудің сыртынан мәлімет жинау үшін,... 2 деген мақалы арды аса қастерлеудің көрінісі болып табылады.
3. Заң адамды басқа біреудің... 3 Отан қорғау ең қасиетті борыш болып табылады.
4. Заң бойынша, біреуді қорлау –... 4 адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге басты назар аударады.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымы... 5 барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қарастырылады.
6. Өзін өркениетті қоғам деп санайтын кез келген мемлекет... 6 оның өзінің келісімі керек, мұндай мәліметті сақтаудың және пайдала­нудың реттілігін білу керек.
7. Қазақ халқының «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы»... 7 күш көрсетуінен сақтап отырады.

 

21-тапсырма. Жағдаяттар бойынша сөйлеңіз.

1. Сот немесе тергеуші өзінің қызмет бабын пайдаланды.

2. Айыпталушыдан күш жұмсау арқылы айғақ алынды.

3. Бір азамат екінші азаматтың құқығы мен бостандығына нұқсан келтірді.

3. Ар-ождан бостандығы

22-тапсырма. Мәтінмен мұқият оқып, танысыңыз.

АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАС БОСТАНДЫҒЫ МЕН АБЫРОЙЫ

Адамның жеке басының қоғамдағы жағдайы – мемлекеттің даму деңгейін білдіретін көрсеткіш. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа заңдарында азаматтардың бас бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Егер өзінің өміріне, денсаулығына, қадіріне нұқсан келетін жағдай болса, адам мемлекеттік органдардан қорғаныс іздеуге, заң бойынша көмек сұрауға, президенттің өзіне шағым етуге құқылы.

Адамның ең қарапайым да табиғи құқығы – өмір сүру құқығы болып табылады. ҚР Конституциясы бойынша ешкімнің өз бетінше азаматты өмір сүру құқығынан айыруға, адам өмірін жоюға хақысы жоқ. Бұл тұрғыда КР Конституциясы тұжырымдары «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында» көрсетілген бағыттарға сәйкес келеді.

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағысыз құқықтарын

Конституция қорғайды. «Ешкімді азаптауға, оған зорлық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық абыройын қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Конституциясында.

Заң адамды басқа біреудің күш көрсетуінен қорғап отырады. Әдетте, мұндай әрекет күш жұмсау немесе күш қолдануды ескерту тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін. Өзінің азаматтық міндетін орындау үстінде қылмыскерді ұстау немесе оны тәртіп қорғау органдарына тапсыру үшін күш жұмсаған адам жауапқа тартылмайды.

Сот және тергеу жұмыстарында куәгердің көрсетуінің маңызы зор. Куәгер тергеу үрдісінде, сотта айғақ болудан бас тарта алады. Мұны әр адам түсінуі тиіс. Егер адам біреудің қоғамдық не мемлекеттік заңды құқығына зиян келтіретін ісіне куә болса, істің шындығын айтып, тергеу органы мен сотқа көмектесу оның азаматтық борышы болып табылады. Сот қызметкерлері мен тергеушілер шындықты көрсетіп беретін куәгер көпшілікке кеңінен мәлім болып кетсе, қылмыскердің одан кек алу үшін әрекет жасайтынын ұмытпауы керек. Куәгердің өзінің азаматтық борышын өтегені үшін қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Конституция адамның өнегелі сапасы – оның ары мен абыройын жоғары ұстайды. Барлық халықта ар мен абырой кісінің жоғары бағалайтын құндылықтарының бірі саналады. Қазақ халқының «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген мақалы арды қастерлеудің көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген қоғамда ар мен намыс заң жүзінде қорғалады. ҚР Конституциясы адамның ар мен абыройына қол сұғуға жол бермейді.

Заң бойынша, біреуді қорлау – қылмыс деп танылады. Тіл тигізу – жалпы адамзаттық ұстаным қағидасынан алып қарағанда, адамның қадірін қорлау болып табылады. Заң жеке адамның арын, ұжданын және абыройын қорғаумен бірге, оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына жол бермейді.

23-тапсырма. Ар, намыс, абырой деген сөздерге түсініктеме беріңіз.

24-тапсырма Адамның ары мен абыройына нұқсан келген жағдайларға мысал келтіріңіз.

25-тапсырма. Халықаралық құқық қорғау органдарын атап шығыңыз.

26-тапсырма. ҚР азаматтары өз міндеттерін қалай өтеп жүргені туралы өз пікіріңізді ортаға салыңыз.

 

АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ ҚҰҚЫҒЫ МЕН БОСТАНДЫҒЫ

 

28-тапсырма. Сұраққа байланысты ойыңызды ортаға салыңыз.

Сіз өз құқықтарыңызды жақсы білесіз бе?

Қазақстанда азаматтар мен адам құқықтары немен қорғалады?

29-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін сөздікпен анықтаңыз.

Қазақстан республикасы конституциясының басым бөлігі (98 баптың 30-т) адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына арналған. Мұның өзі адамдардың мемлекеттегі, қоғамдағы орнын анықтайды. Адам өз құқығы мен бостандықтарын тек қана өз мүддесі үшін пайдаланбайды. Мәселен, алынған білім жеке адам үшін ғана емес, қоғам үшін де пайда келтіреді. Еңбек ету бостандығын пайдалана отырып, азаматтар өзі үшін әрі қоғам үшін де материалдық және рухани байлық жасайды. Саяси құқықтар мен бостандықтарды пайдалана отырып, мемлекетте демократиялық қатынастарды дамытуға ықпал етеді. сондықтан мемлекет азаматтардың өз құқықтар мен бостандықтарын толық пайдалануына мүдделі.

Қазақстанның конституциясында адам және азаматтардың тек негізгі құқытары мен бостандықтары жазылады. Бір ескеретін жай «адам» деген түсінік шетелдіктер үшін қолданылады.

Конституциядағы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары конституциялық заңдарда, нормативтік актілерде нақтыланады. Мысалы, кәмелетке толған қазақстан азаматы мәжіліске депутатарды сайлауға және сайлануға хақылы. Бұл мәселе қазақстанда «Сайлау туралы» президент жарлығымен реттелген. Конституцияда жазылған барлық құқықтар мен бостандықтарды қазақстан азаматтары ғана пайдалана алады, ал шетел азаматтары саясм құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алмайды. Сондықтан шетел азаматтарының мәртебесі туралы елбасының арнайы жарлығы бар.

30-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Конститутциядағы «адам» деген түсінік кімдерге қолданылады?

Мемлекет азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалануына мүдделі ме? Неге?

ҚР Конститутциясында адам және азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары жазылады?

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары немен нақтыланады?

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Еңбек нарығы

Лексикалық тақырып: 1. Еңбек нарығы.

2. Еңбек демалысы

3. Еңбек тәртібі.

Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем.

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)