|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Как я стал профессионалом 3 страницаЕлтаңба туларда, мөрлерде, монеталарда, сәулет құрылысында, үй аспаптары мен қару-жарақтарда, өнер туындылары мен қолжазбаларда, кітаптарда, сондай-ақ құжаттарда бейнеленеді. 1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз 1.Біздің... – шеңбер ішінде. 2.Елтаңбадағы ең негізгі... – шаңырақ. 3.Қазақ халқында «... отбасынан...» деген... бар. 4.Шаңырақ – қазақ... белгісі,.... 5.Шаңырағы бар... тарихта болған емес. 6.Ұлтттық... қазақ халқының... өте байланысты, ал..., жылқы,... қазақ... негізі. 7.Елтаңбаның...... – алтын түстес. 2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап жазыңыз. 1.Шеңбер мағынасы тіршілік.... 2.Отбасы – шаңырақ.... 3.Елтаңба композициясында – ай мүйізді, алтын қанатты... 4.Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз.... 3 -тапсырма. Диалогты толықтырыңыз. - Мемлекеттік Елтаңбада нелер бейнеленген? -..................................................................... - Елтаңба қай жерлерде пайдаланылады? -...................................................................... - Елтаңбадағы шаңырақ ненің белгісі? -.................................................................... - Елтаңбадағы ай мүйізді қос пырақ қандай ұғымды береді? -.................................................................................. - Елтаңбадағы жұлдыздың қандай мағынасы бар? -...................................................................................
Қазақстан Республикасының Әнұраны Мемлекеттік гимн - егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы. Мемлекеттік Әнұран әр елде бар. Әнұран – мемлекеттің бірлік белгісі ретінде қабылданған салтанатты ұран өлең. Тарихи оқиғаларға, батырларға, жауынгерлерге, түрлі төңкерістерге арналған әнұрандар бізге бұрыннан белгілі. Мемлекеттік әнұран халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан-дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз. Еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының қазіргі Әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.Әнұранның музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов. («Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары» кітабынан.) Мәтін бойынша тапсырмалар: 1. Мәтіндерді әңгімелеңіз. 2. Әр мәтін бойынша 10 сұрақтан дайындаңыз. 3.Мәтіндердің мазмұнын айтыңыз. 4. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Әнұран қандай елдерде бар? 2. Әнұран қандай ән, қай кезде айтылады? 3. Әнұран неге шақырады? Неге үндейді? 4. Ұран туралы не білесіз? 5. Мемлекеттік Әнұранымыздың авторлары кімдер? 6. Мемлекеттік Туымызда нелер бейнеленген? 7. Қыран құс ненің белгісі? 8. Ұлттық ою-өрнек ненің символы?
АПТА Сабақтың тақырыбы: Халықаралық ынтымақтастық. Лексикалық тақырып: 1. Халықаралық ынтымақтастық. 2. Халықаралық ұйымдар. Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер қызметі. 1-тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыз. 2-тапсырма. Мәтінді аударып, мазмұнын ашатындай сұрақтар құрастырыңыз. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар фактролардың ықпалымен қалыптасты жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі. Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттардағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастығындағы позициясын нығайтады. Әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебе алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы өлім себетін қаруды иемденуден бас тарту сыртқы саясаттағы басымдық берілетін бағыт екенін бүкіл әлемге таныту маңызды қадам болды. Оның орнына Қазақстан жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіз өмір сүруіне сенеді, кепілдіктер алады. Қазақстанның қауіпсіздігінің кепілдері ретінде біздің еліміздің екі ұлы көршісінің – Ресей мен Қытайдың міндеттеме алуы – осы акцияның маңыздылығын арттыра түседі. Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ресеймен бірлесе отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің кең ауқымын, ең алдымен, көліктік және энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс, сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр ғарыш аймағының және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды объектілердің базасында өнеркәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт. Қытай Халық Республикасына қатысты саясат төтенше маңызды болып табылады. Стратегиялық тұрғыда бұл бағыт Қытай достық және тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды және дамытуды көздейді. Қазақстанның Қытайға тартылатын газ және мұнай құбырларын салуға екі жақты мүдделілік бар. Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті нығайту, экономикалық даму үрдістердін жақындастыру, сондай-ақ халықтардың тарихи бірлігі Орталық Азиядағы Қазақстан саясатының стратегиялық маңызын айқындайды. Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия экономикалық Қоғамдастығы құрылды. Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің түпкі мақсаты – Қазақстанның бүкіл шекарасы бойынша қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету, елдің егемендігін нығайту және экономикалық қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы жағдайларды құру болып табылады. Қазақстанның сыртқы саясатының басымдық берілетін негізгі бағыттарының бірі АҚШ-пен “демократиялық әріптестік” қарым-қатынастарын дамыту және нығайту. Бұл біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа, халықаралық саяси, қаржы-экономикалық және қорғаныс институттарына тиімді түрде қатысуының, сондай-ақ озық технологиялар мен инвестицияларға қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі. АҚШ-пен өзара қарым-қатынастарда экономикалық ынтымақтастыққа үлкен назар аударылады. Бұл ретте американдық жекеменшік инвестицияларды тарту; қорғаныс өнеркәсібін конференциялау саласындағы ынтымақтастық; Арал өңірі мен Семей ядролық сынақ полигонындағы денсаулық сақтау мен экологияның өткір проблемаларын шешудегі өзара іс-қимыл; гуманитарлық сала сияқты байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық аспектілеріне маңызды орын беріледі. (Қ.Тоқаев) 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1) Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты қалай қалыптасты? 2) Қазақстан Республикасы дипломатиясының негізгі бағыттары қандай деп ойлайсыз? 4-тапсырма. Жаңа сөздермен танысыңыз. Мына сөздердің мағынасын білесіз бе? Көкейкесті, кеудемсоқтық, кепілдік, міндеттеме, ынтымақтастық, құбыр, мүдделік, әріптестік, денсаулық сақтау, ықпалдастық.
5-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздерге жақшаның ішіндегі мағынасы жақын сөздерді белгілеңіз. 1) Жаһандану кезеңінде кез келген мемлекет көкейкесті (өзекті, үлкен) халықаралық проблемаларды шешуге ат салысу керек. 2) Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіздігіне кепілдік (жауап, кепілдеме) алды. 3) Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі – Ресеймен ынтымақтастықты (қызметтестікті, достықты) нығайту. 4) Қазақстаннан Қытайға тартылатын мұнай және газ құбырларын салуға екі жақты мүдделі (сүйіспеншілік, қызығушылық бар). 5) Қазақстан АҚШ-пен демократиялық әріптестікті (серіктестікті, татулықты) дамытуды көздейді. 6) Қазақстан экономикалық, экологиялық, әлеуметтік салардағы байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық (өзара ықпал, қысым) аспектілеріне маңызды орын береді. 6-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерімен бірнеше сөйлем құраңыз. Сыртқы саясат, ұлттық мүдде, геосаяси орналасуы, аумақтық тұтастық, әлемдік қоғамдастық, стратегиялық бағыттар, жан-жақты ынтымақтастық, мүдделілік, қауіпсіздікті нығайту, басымдылық, демократиялық әріптестік, қорғаныс, инвестициялар, гумантиралық сала, өзара ықпалдастық. 7-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің қазақша баламасын беріңіз. Оларды пайдаланып, бір-біріңізбен сұхбаттасыңыз. Үлгі: Стратегиялық направление-стратегиялық бағыт. Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық бағыттары қандай? – Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі – Ресей мен Қытай ынтымақтастықты дамыту. Георграфическое расположение, актуальные международные проблемы, экономические и военно-политические интересы, мировое сообщество, всестороннее сотрудничество, научно-техический потенциал, демократическое партнерство, финансовов-экокомические институты, передовые технологии, привлечение инвестиций, здравоохранение, экологические проблемы. 8-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қалай түсінесіз? Ұзақ мерзімді сипаты бар факторлар, экономикалық әлеует, сыртқы саясаттың ашықтығы, ядролық кеудемсоқтық, қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету, демократиялық әріптестік. 9-тапсырма. Топтық жұмыс. Берілген мәтінді өз тобыңызда талдап, ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыз. 1-топқа: Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймақтың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. 2-топқа: Ресей Федерациясымен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді. 3-топқа: Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді. 4-топқа: Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қазақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды. 5-топқа: Мұсылман елдерімен ынтымақтастық Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Катар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алғашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскіде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фарабимен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскідегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат құруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады. 6-топқа: Еуропа Одағымен ынтымақтастық Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймақтық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады. 7-топқа: ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрағасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрынғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. 10-тапсырма. Төменде берілген мәтінмен оқып танысыңыз. 11-тапсырма. Мәтінді аударып, мазмұнын ашатындай сұрақтар құрастырыңыз. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңғы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие болып келеді және де ЕҚЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕҚЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия құрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.) |