|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Мейрамхана бизнесі
Мейрамхана - қызмет көрсету деңгейі бойынша люкс, симпозиум қатысушыларына, банк және офис қызметкерлеріне арналады. Егер де бизнес-ланч үш тағамнан құралса, тұтынушылар төрт курстан тұратын жинақты тандайды: бірінші курс — салқын және ыстық басытқылардың бірнеше варианттары; екінші курс — көжелер; үшінші курс — негізгі ыстық тағамдар және төртінші — десерт. Бизнес-ланч мәзірі әр апта сайын өзгертілуі керек. Жексенбілік бранч мәзірі — мейрамханаларда 12—16 сағат аралығында отбасылық ас беру кезінде қолданылады. Бранч мәзіріне швед үстелі қосылады. Жеке-жеке шай үстелін, жеміс-жидекті және десерт үстелдерін ұйымдастырған жөн. Мәзірге міндетті түрде шарап немесе шампан бокалы кіргізіледі. "Мейрамхана" Жексенбілік бранч мәзіріндегі тағамдар бағасы алдын ала белгіленеді. Күндізгі рацион мәзірі симпозиум, мәслихат, конференция қатысушыларына құрастырылады. Мәзірді құрастырғанда тамақтанушылар контингенті (жасы, ұлты, жұмыс түрі) ескеріледі. Күндізгі рацион мәзірінің калориялығы 2000— 5000 ккал-ға дейін ауытқиды. Мәзірге басытқылар, бірінші және екінші ыстық тағамдар, тәтті тағамдар, нан-тоқаш өнімдері, ыстық және салқын сусындар кіреді. Күндізгі рацион мәзірін құру үшін әр тағамның калориялығын ескеру керек. Диеталық мәзір — тиімді тамақтанудың есебінен физиологиялық нормалардың негізінде құрылады. Мәзірдегі әрбір тағамға диета нөмірі жазылады. Балалар мәзірі — тез сіңетін және тез қорытылатын тағамдарға жоғарғы және 1-деңгейлі болып бағытталған мейрамханаларды айтады. Тапсырмалар: 1. Мейрамхана, бизнес, бизнес-ланч, жексенбілік бранч, симпозиум, мәслихат, конференция, мәзір, десерт, тамақтанушылар контингенті сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен қараңыз, дәптерге көшіріп жазыңыз.Сөйлем құраңыз. 2. Белгіленеді, құрылады, құрастырылады, кіргізіледі, қосылады, ескеріледі, арналады етістіктері қай тұлғада қолданылған, шақтарын анықтаңыз. Сөз тіркестерін құраңыз. 3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз. 4. Жексенбілік бранч мәзірі, бранч мәзірі, диеталық мәзір, балалар мәзіріне қысқаша сипаттама беріңіз. 5. Оқу орныңыздағы асханада күндізгі рационға қандай тағамдар кіреді? 6. Сіздің күнделікті өміріңіздегі күндізгі рационға қандай тағам түрлері кіргізілген? 7. Швед үстелі деген не? Оны қандай жағдайларда жасайды. Оның қазақи дастарханнан қандай айырмашылығы бар? 8. Берілген сөз тіркестеріндегі қарамен жазылған сөздердің қай септікте қолданылғанын анықтаңыз: десерт үстелдерін, конференция қатысушыларына, офис қызметкерлеріне, мәзірге, физиологиялық нормалардың, диета нөмірі. Апта Дизайнның қалыптасуы Қолөнер және дизайн "Дизайнер" термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды. Ақын және дизайнер Вильям Морис 1880 жылдары фабрика бұйымдарына қарсылығын білдірді. Ол қол өндірісіне қайта көшу үшін "Өнер және қолөнер" қозғалысын бастады. Шаңсорғыш сияқты алғашқы электр құралдары көрер көзге кескінсіз болды. Қазіргі уақытта біз үй құралдарының тек жақсы жұмыс істейтініне ғана емес, үй ішіне үйлесімділігіне де мән беріп жатамыз, соңдықтан дизайн - қазіргі тауарларды шығарудың маңызды қасиеті. Дизайн өнері Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының қобыз, домбыра, сандық, ожау,торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде. Тапсырмалар: 1. «Дизайн» сөзінің мағынасын түсіндірме сөздіктен қараңыз. 2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз: "Дизайнер" термині қай жылдары шыққан?. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші кім болатын? Қай жылдары фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды. Кімдер 1880 жылдары фабрика бұйымдарына қарсылығын білдірді. Ол қол өндірісіне қайта көшу үшін қандай қозғалысты бастады? Қандай электр құралдары көрер көзге кескінсіз болды? Қазіргі уақытта біз дизайнға байланысты неге мән береміз? 3.Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз: бұйым, қазіргі, безендіру, сай, даму, халық, заман. 4. Шығу, бастау, қалыптасу, даму, болу, жасау тұйық етістіктерін схема бойынша түрлі шақта жазыңыз. Үлгі: шығу – шықты – шығып жатыр – шығады. 5. Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады... Әрі қарай мәтінді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. 6. Мәтінді сұхбатқа айналдырыңыз.
СӘН ӘЛЕМІ Адам көркі шүберек. Әдемі киім кигенді барлық адам ұнатады. Біреулер сән қуып ең соңғы үлгідегі киімдер киеді. Сол сәнді киімдерді тігіп, өзіндік стилін әлемге танытқан сән мамандары – киім дизайнерлері. Киім дизайнері болу үшін нені білу керек? Дизайнер (ағыл.design-жоба, сызба, эскиз; designer- жобалаушы.)- жеңіл өнеркәсіп маманы. Киім дизайнері атауы XIX-XX ғасырларда сән саласы жаңа дами бастағанда пайда болған. Қазіргі кезде сән саласындағы негізгі мамандық иелері – дизайнер мен модельер. Киім дизайнері – жаңа сән үлгілерін ойластырушы маман. Алдағы уақытта қандай киімдер сәнді болуын, жаңа киімнің үлгісі, түсі, пішіні, матасын киім дизайнері жобалайды. Дизайнер ұсынған үлгінің өңдеу (детальдарының өлшемі, безендіру) істерін модельер орындайды. Осы екі жұмысты бірдей атқаратын маманды дизайнер-модельер деп атайды. Негізі екеуі де бір мамандық. Себебі, жұмысы бірдей: жаңа сәнді киім дайындау. Дайын эскизді тігін фабрикаларына бағыттау. Дизайнерлер мен технологтар бірге, жаңа өнім өндіру үшін қажетті техникалық құжаттар жасайды. Жаңа киімнің жарнамасы, серіктестер табу, сән көрсетілімдерін ұйымдастыру істерінің барлығы дизайнердің міндетіне кіреді. Киім дизайнерінде болуы керек қабілет, бұлар: · Пішім, тігін істеріне икемділік; · Киімдер тарихы, түрлі стильдер мен сән бағыттары жайлы білімі болу; · Қағазда және компьютерде сурет сала білу; · Көркемдік талғам(түстерді үйлестіру, киім түрлерін үйлестіре білу); · Мата түрлері туралы барлық ақпаратты білу; · Киімдер, аяқ киімдер мен аксессуарлардың жасалуының барлық кезеңін білу; · Жаңа өнімнің дайын бейнесін алдын ала ойша көре білу. Жеке қасиет: · Еңбекқорлық · Креативтік · Табандылық · Ұйымдастырушылық · Шыдамдылық Тапсырмалар: 1.Мәтіндегі жаңа сөздерді көшіріп жазыңыз. Түсіндірме сөздікпен жұмыс істеңіз, мағыналарын анықтаңыз. 2. Еңбекқорлық, креативтік, табандылық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық сөздерін қатыстырып сөйлем құраңыз. 3. барлығы, түрлі, керек, жайлы, түс, дайын, іс сөздеріне синоним теріп жазыңыз. 4. Дизайн, динайзер сөздері қай кезде пайда болды? 5. Киім дизайнерінің бойында қандай қасиет болу керек? 6. Сіздің отбасыңызда, туыстарыңыздың ішінде дизайн саласында қызмет ететін адам бар ма? Сол кісі туралы әңгіме құрастырыңыз. 7. Дизайнер болу үшін қандай оқу орнын бітіру керек? 8. Заманауи сән жайлы сіз не білесіз? Сұхбат құраңыз. 9. Сәнді киінетін адамды қалай атайды? 10. Ерлер киетін сәнді киімдер бойынша слайд жасаңыз. Ауызша әңгімелеңіз.
4. Ұлттық киімдер Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері:көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан,кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік,жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы,торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүзқазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды. Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық – күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық – шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақтымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді. Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды. Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім – “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі – сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім – кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей,жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік); 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.
Апта СӘУЛЕТ ӨНЕРІ Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Ғизадағы пирамидалар Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған.
2.. Көне және заманауи ескерткіштер Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады. 1. Мәтінді оқып, түсіндіріңіз. 2. Мәтінге жоспар құраңыз. 3. Сәулет өнері туралы білетініңізді баяндаңыз. 4. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Қазақстан жерінде қаншадан астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім? 2. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай неше түрге бөлінеді және олар қалай аталған? 3. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қай тайпалардың үлкен тобы қоныстанған? Олар қандай жерлерді игерген? 4. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Қазақстанның қай жерлерінде өте көп. 5. Бесшатыр қорымы қайда жайғасқан? 6. Алтын адам Қазақстанның қай жерінен табылған? 7. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде қандай қорған-бекіністер болған? 8. 10 – 11 және 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін қандай күмбездер танытады. 5. Сөйлемді теріске шығарыңыз. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. 1. ------------------------------ Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. 2. ------------------------------- Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. 3. ------------------ 6. Сөйлемді жалғастырыңыз. 1.Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары..... 2.Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса,.... 3.Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста,... 4.Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде... 5.Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын.... 7. Мәтін ішінен етістіктерді тауып, олардың қай шақта тұрғанын анықтаңыз. 8. Төмендегі сұрақтарды топ болып талқылаңыз. 1. Сәулет өнері деген не? 2. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттері ғаламат сәулет туындыларын дүниеге келтірді ме? 9. Пікіралмасу. Өзіңіз тұратын қаланың сәулеті туралы ой бөлісіңіз.
Апта МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТАР
Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сыйлық Нобель сыйлығы - әлемдегі ең беделді сый. Оның лауреаттары қатарында рентген сәулеленуін, пенициллинді ойлап тапқан атақты ғалымдар бар. Нобель сыйлығымен Нельсон Манделла, Барак Обама секілді танымал қайраткерлер марапатталған. Жыл сайын қазан айының басында бүкіл әлем назары Швеция мен Норвегия еліне ауысады. Дәл осы уақытта Стокгольм және Осло қалаларында Нобель сыйлығы лауреаттары есімі жарияланады. Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері әр жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет және бейбітшілік салалары бойынша елеулі жетістікке жеткен ғалымдар мен ұйымдарға беріледі. Марапаттау рәсімі жыл сайын 10 желтоқсан күні өтеді. Осы салтанатты марапаттау күнінде Швеция королі лауреаттарға Нобель медалін, диплом және де ақшалай сыйлық тапсырады. Альфред Нобель мұрасы Нобель сыйлығы швед өнертапқышы және өнеркәсіп иесі Альфред Нобельдің (1833—1896) өсиеті бойынша құрылған. 1895 жылы жазылған өсиетте Нобель өзінің қаржы жағдайын сенімді бағалы қағаз күйінде ұстауды бұйырған. Өсиетке сәйкес, марапат беруге Швеция мен Норвегия еліндегі төрт ұйым жауапты болуы қажет. Олар Швед ғылым академиясы, Стокгольмдегі Каролин институты, Стокгольм академиясы, сондай-ақ, бес мүшеден тұратын Норвегия парламенті сайлаған комитет.
Динамит атасы Нобель сыйлығын құрушы Альфред Нобель инженер-химик, өнертапқыш және ірі өнеркәсіп иесі болған. Ол 1833 жылы 21 қазанда Стокгольм қаласында туылып, 1896 жылдың 10 желтоқсанында Сан-Ремода дүниеден озды. Нобель өз еңбегінің көбін жарылғыш заттарға бөлген. Ол капсюль-детонатор, динамит, түтінсіз дәрі секілді өнертабыстардың авторы. Альфред Нобель есімі бүкіл әлемге 1882 жылы Сен-Готард туннелінің құрылысы кезінде алғаш рет динамит қолданылған бойда танылды. Өз өмірінде Нобель 355 өнертабысты бес түрлі елде патенттеген. Оның ойлап тапқан жарылғыш заттары әлемнің әр жерінде орналасқан 100 зауытта өндірілді. Атақты өнертапқыш Швеция, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия секілді елдерде жұмыс істеген. Ол сонымен қатар 5 тілді білген, әдебиет оқу мен өлең, пьеса жазуды сүйген адам болған. Тапсырмалар: ▲ Мәтінді оқып, аударыңыз. ◘ Берілген сан есімдерді пайдаланып, сөйлем құраңыз: Он шақты, оннан аса, онға жуық, жүз шақты, жүзге таяу, жүзге таман, жүздей. ◘ Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып жазыңыз: Отызға... қызметкер, бес түрлі елде, жыл сайын, 1833 жылы, бес он жылдан... уақыт. Сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. Нобель қоры қандай ұйым? 2. Нобель аманатында не айтылған? 3. Нобель сыйлығы лауреаттардан кімдерді атай аласыз? 4. Нобель сыйлығымен марапаттау неге 10 желтоқсанда өтеді? 5. Нобель сыйлығымен марапаттау неге Стокгольмде өтеді? 6. Нобель динамитті қандай мақсатта пайдалануды қалады? 7. Қазақстандық қандай сыйлық түрлерін білесіз? 8. Мемлекеттік сыйлық пен жеке сыйлықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыз? 9. Қандай халықаралық сыйлықтарды білесіз? 10. Қандай қорларды білесіз? 11. «Тарлан» сыйлығы туралы не айта аласыз?
Апта ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАР
1.Қайырымдылық қорлары. Қарсылық мәнді сөйлем. Қазіргі заманда қайрымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға үлкен күш-жігер қажет. Кәсіпкерлерге қайырымдылық іс-әрекеттерінің қоғам үшін маңызы зор екенін түсіндіру өте қиын. Дамыған елдерде кәсіпкерлердің өздері қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға мүдделі болып тұрады. Өйткені, оларда қайырымдылықпен айналысқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жалпы мұндай үрдіс біздеде де бар. Мәселен Қазақстанда игілікті шараларға атсалысқан компаниялардың мемлекетке төлейтін салығының 3 пайызы шегеріледі. Меніңше, салықтық мөлшерлемені бұдан да төмендетуге болады. Айталық, Америкада қайырымдылық істерін қаржыландырған компания жалпы төлейтін салығының 10 пайызынан босатылады. 3 пайыз ғана салықтан босатылу ірі компаниялар үшін қомақты қаржы болып саналады. Ал шағын және орта бизнес үшін бұл соншалықты қомақты сомма емес. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдері мұндай жеңілдікке қызыға бермейді. Ал 10 пайыздық жеңілдік болса, олар қайырымдылық істерімен айналысатына сенімдімін. Болашақта біздің билік орындары да осындай деңгейге жетуі керек. Біздің қауымдастық алдағы уақытта осы мәселе бойынша тиісті орындарға өз ұсынысын жасайтын болады. Қазіргі таңда еліміздегі қоғамдық қорлар мен үкіметтік емес ұйымдар халықаралық гранттар мен мемлекеттік тарсырысын алуға күш салып жүр. Қазір еліміздегі ірі компаниялар қайырымдылық шарасын өткізуге жыл сайын қаржы бөліп отырады. Бір қызығы компаниялар өздерінің қомақты қаржысын қай бағытқа жұмсауды жетік біле бермейді. Қоғамдық өмірге байыппен қарасаңыз, компаниялар бірінші кезекте жетім балалар үйіне қаржы бөліп жатады. Жетім-жесірге көмектесу бұл өте орынды іс екені даусыз. Бірақ қоғамда халықтың мүддесін көздейтін бұдандан да шетін мәселелер бар ғой. Айталық қайырымдылық шарасына бөлінген қаржыны жас жеткіншектердің білім беру саласына жұмсайтын болсақ, жұмсалған қаржының өтеуі еселеп қайтар еді. Сондай-ақ, қоғамда өз орынын таба алмай жүрген әлеуметтік топтардың қандайда бір мамандықтарға баулитын орталықтар ашсақ, жұртқа да, мемлекетке де зор пайдасын тигізетіні анық. Жалпы ойымызда қайырымыдық саласын дамытуды көздейтін көптеген ойлар бар. Алдағы уақытта соның бәрін рет-ретімен іске асыратын боламыз. Қайырымдылық ұйымдары — Қазақстанда жалпы қоғамның немесе жеке адамның мүдделері үшін қайырымдылық қызметін жүзеге асыру мақсатымен құрылған бейүкіметтік, бейкоммерциялық бірлестіктер. Қоғамдық ұйым, қор, мекеме түрінде және басқа нысанда құрылады. Жеке және занды тұлғалар қайырымдылық ұйымдарының нысанына қарай оның құрылтайшылары бола алады. Ұйым белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Қайырымдылық ұйымдарының кірістері шығыстарынан асып түскен жағдайда артығы осы ұйым мақсаттарына ғана жұмсалады. Ұйымның саяси партияларды, қозғалыстарды, топтар мен компанияларды қолдау үшін өз қаражатын жұмсауға және өз мүлкін пайдалануға құқығы жоқ. Қайырымдылық ұйымдары қаражатының құралу көздері: · құрылтайшылардың жарналары; · қайырымдылық жылулары, соның ішінде азаматтар мен заңды тұлғалар ақшалай және заттай беретін мақсатты сипаттағы жылулар; · бағалы қағаздардан түскен табыспен оларды өткізуден тыс операциялардан түскен табыстар; · ақшалай қаражатты тарту жөніндегі қызметтен түскен түсімдер; · заңмен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар; · республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттерден және бюджеттен тыс қорлардан түскен табыстар; · Қайырымдылық ұйымдарының шаруашылық қоғамдарының, мекемелерінің қызметінен түскен табыстар; · еріктілер еңбегінің нәтижелері; · заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер. Қайырымдылық ұйымдары әкімшілік-басқарушылық қызметкерлердің еңбегіне өзінің қаржы жылы жұмсайтын ақшалай каражатының 20 пайыздан аспайтын мөлшерінде ғана ақы төлеуге хақылы. . Тапсырмалар: 1.Қайырымдылық сөзі нені білдіреді? Түсіндірме сөздікті пайдаланып, мағынасын ашыңыз. 2. Мүдделі, кәсіпкер, түсімдер, табыстар, қор, ақшалай қаражат, хақылы, ұйым, бюджеттен тыс сөздері мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз. 3.Қайырылымдылық сөзінің синонимдерім жазыңыз. 4.Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз. 5.Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
2.Бөбек қоры. Үміт балалар үйі
“Бөбек”, Сара Алпысқызы қоғамдық қоры — қайырымдылық шараларын өткізу және қоғамда балалардың құқығы мен заңды талаптарын қамтамасыз етумен шұғылданатын мемлекеттік емес ұйым. Қор президенті 1992 жылы С.Назарбаеваның ұйымдастыруымен “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры болып құрылды. Қызметінің басты бағыттары: ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Қор 1992 жылы Қазақстанда “Қуаныш пен Үміт үйі” аталатын тұңғыш халықаралық телемарафон өткізді, одан түскен қаржы “Бөбек” балаларды емдеу-сауықтыру орталығының (Алматы) құрылысына жұмсалды. 1994 жылы “Бөбек” қоры БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің мүшелігіне қабылданды. 1993 жылы Қарағанды, Өскемен, Көкшетау қалаларында “Мейір күндерін” өткізді, 1994 жылы балалар мен олардың аналарын, отбасын сақтауға, әлеуметтік қорғансыздыққа қарсы күресуге жәрдемдесетін алғашқы мекеме — “Үміт үйін” ашты. 1995 жылы Республикалық туберкулез институтының, Республикалық онкология институтының балаларға арналған бөлімдерін және “Бөбек” балаларды емдеу-сауықтыру орталығын жөндеуден өткізуге, оларды жарақтандыруға қажетті қаржы жинау мақсатында “Қазақстан бизнесі — ауру балаларға!” деген девизбен ірі қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам ұйымдар мен фирмалар қатысып, нәтижесінде 2 млн. доллардан астам қаржы жиналды. Қор халықараралық қарым-қатынас шеңберін ұлғайтып, Арал экология апат аймағындағы аналар мен балаларға көмек көрсететін “Аспера” ауқымды бағдарламасының қабылданып, іске асуына ықпал етті. 1995 жылы “Бөбек” қоры президенті Пекинде өткен халықар. әйелдер конференциясына, Париж қаласында ұйымдастырылған халықаралық балалар құқын қорғау форумына, т.б. дүниежүзілік ірі кеңестерге қатысты. 1996 жылы қор — “Бөбек” балалар қоғамдық қоры болып қайта құрылды. Қордың ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай дарынды жеткіншектердің “Айналайын” бірінші халықаралық фестивалі өткізілді. ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, “Алмағайып әлемдегі балалар жағдайы” деген тақырыпта бірінші рет халықаралық дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оған Орталық Азия мемлекеттерінің парламент, үкімет мүшелері, қоғам қайраткерлері қатысты. 1997 жылы Балаларды емдеу-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Қор президенті С. Назарбаева “Юнити” (“Бірлік”) халықаралық сыйлығымен марапатталды (1996). 1999 жылы ақпан айында “Бөбек” қоры — “Бөбек — Сара Алпысқызы қоғамдық қоры” болып қайта құрылды.
3.Қайырымдылық бағдарламалары.
«Сәби» Қайырымдылық Қоры Ақтобе қаласының балалар үйлерінің түлектеріне арналған Әлеуметтік жатақханасын жоба бойынша салу жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда тиісті мекемелерде келісімде жатқан Нобай жобасы дайын. Жобаның құрылысына сәйкес жалпы ауданы 2,7 га болатын телімінде екі 2-қабатты 2-кіреберісті таунхаус және екі 2-қабатты 3-кіреберісті 80 орынды бірнеше бөлікке бөлінген таунхаус тұрғызылады. Бірінші қабаттар арбалы-мүгедектерге арналған. Сонымен қатар бірінші қабаттың әр бөлігінде 2 түсті тамбур, дәліз және баспалдақ торы бар және жалпы ауданы 41 шаршы метр болатын 4 бір бөлмелі пәтерлер бар. Барлық пәтерлерде кіреберіс, жуынатын бөлме, тұрғын бөлме, ас-үй және лоджия бар. 2-ші қабатта да 4 бір бөлмелі пәтерлер орналасқан. Әкімшілік ғимараты әлеуметтік жатақхананың басқаруына және қызмет көрсетуіне, сол жерде тұрып жатқандарға оқу-өндіріс жүрісін ұйымдастыруға сонымен қатар олардың бос уақытын өткізуге арналған. Сол мақсатпен ғимараттың ішінде бастыққа қабылдау бөлмесі бар кабинет, бухгалтерия, кеңселер және көмекші жайлар қарастырылған. Оқу – өндірістік аудандарға шаштараз, фото-көшірме жасайтын цех, аяқ киім жөндеу және тігін цехі бар, сол цехтердің аясында мекеменің тәрбиеленушілері әртүрлі кәсіптерді үйренеді, жұмыс тәжірибесінен өтеді және еңбек қызметімен айналысады. Сөйтіп өздеріне бастапқы қаржылай ауқаттылығын және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз етеді. Әкімшілік ғимараттың қоғамдық бөлігінде вестибюлімен мәжіліс залы және киім шешетін орынмен жабдықталған спорттық – оңалту залы орналасқан. Техникалық бөлімі мәжіліс залының артында болады. Жылумен қамтамасыз ету үшін аумақта дербес газ жылу бөлмесі қарастырылған. Мекеменің аумағында әртүрлі спорт ойындарына арналған көпфункционалды спорт алаңы салынады, таза ауада жаттығу алаңы болады, 30 көлікке арналған көлік тұрағы мен техникалық ғимарат блогі салынады. Сонымен қатар жоба бойынша құрылыстың аумағын аббаттандыру қарастырылған: өрттен сақтану ережелері бар асфальтталған жол, жаяужол, тас төселген бақша жолы ғимарат пен үйлердің арасымен қыдырып жүретін жол салынады. Оған қоса гүлбақша мен гүлалаң болады, кішкентай архитектуралы пішіндер қойылады, жас көшеттер отырғызылады. Аумақтық жалпы ауданы – 4,03 Га, қолданылатын ауданы 2,70 Га. Құрылыстың жалпы ауданы 4300 шаршы метр. Нысандардың барлығы заманауи ҚР нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес келеді. Тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Апта Бұқаралық ақпарат құралдары Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. французжазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді. · БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б. · БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. · БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады. · БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады. · БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті түсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бүқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік қүрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді. · БАҚ-тың жүмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жүмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады. · БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады. Алдапарбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бүл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бүл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бүл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді. Тапсырмалар: 1. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) деген не? 2. Қандай БАҚ түрлерін білесіз? 3. БАҚ –тың қоғамдағы рөлі қандай? 4. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуының маңызы қандай? 5. БАҚ-тың атқаратын қызметтерін атаңыз. 6. Мәтін ішінен қоғамдық-саяси лексканы (10 сөз) теріп жазыңыз: мысалы, билік, саясат, қоғамдық қатынастар.... 7. Үгіт-насихат, мінез-құлық, қоғамдық-құқықтық сөздерін пайдаланып сөйлем құраңыз. 8. Толыққанды, жүйелі, арнайы, әлеуметтік, әлеуметтендіруші, алғашқы, жағымсыз, бағынышты, қазіргі, өзекті, мінсіз, маңызды, негізгі, саяси сөздерін қатыстық және сапалық сын есімдерге бөліп жазыңыз. 9. Мәтінді сөхбатқа айналдырыңыз.
10. Ғаламтор жүйесі Интернет жүйесі жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютержелісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. 1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз. Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi. Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.[3] Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады. TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы. IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бµлетін желіаралық хаттама. Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.046 сек.) |