|
|||||||
АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция |
Беттестіру тактикасы
Қылмыстық істі тергеу үстінде өте жиі кездесетін жағдай – бұрын жауап алынған адамдардың жауаптарында елеулі қайшылықтардың болуы. Мұндай жағдайда, осы қайшылықтарды анықтап, оны жою үшін оларды беттестіріп, жауап алынады. Яғни, беттестіріп жауап алу дегенімізбұрын жауап алынған екі адамды бірге отырғызып, бір мезгілде екеуінен қатар, қайтадан жауап алу. Беттестіру тек бұрын жауап алынған адамдардың арасында жүргізіледі. Куә мен куә, сондай-ақ куә мен айыпкер, немесе айыпкер мен айыпкер беттестіріледі. Жауаптағы қайшылықтар әр түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Бірде бұл жауап берушінің біреуінің жаңылуынан немесе кейде беттесуге қатынасып отырған жақтың біреуінің жалған жауап беруінен болады. Беттестіру өте күрделі тергеу әрекеті, сондықтан оны сапалы, нәтижелі өткізу үшін тергеуші оған мұқият дайындалып, беттестіру жүргізу үстінде белгілі тактикалық әдістерді қолдануы, заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізу тәртібін қатаң сақтауы керек. Тергеу әрекетінің мұндай түрін өткізуге дайындық кезінде тергеуші мынандай мәселелерді шешіп алуы тиіс: 1. Беттестіру үстінде қандай қайшылықтарды шешу керектігін; 2. Беттестіруге қатынасып отырған адамдарға қандай сұрақтар қою қажеттігін; 3. Беттестіруге қатынасатын адамдардан қандай кезекпен жауап алу қажеттігін. Тергеу әрекетін бастамас бұрын тергеуші беттестіруге қатынасатын адамдардың өзара қарым-қатынасын, егер олардың бас араздығы болса оның себебін, ал егер екеуі де куә болса олардың айыпкерге, жүргізіп отырған іске қандай қатынасы бар екенін анықтап біліп алуы керек. Беттестіру мезгілінде жауапқа қатынасып отырған адамдарға ұсынылатын заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алдын ала белгілеп, дайындап қоюы тиіс. Заң бойынша беттестіру тек бірімен-бірі таныс адамдардың арасында жүргізіледі. Егер беттесуші адамдар куәлер болса, оларға дұрыс жауап беруге міндетті екендіктерін түсіндіріп және жауап беруден бас тартқаны немесе біле тұра өтірік жауап бергені үшін жауапты болатыны ескертіледі. Бұдан кейін тергеуші беттестіруге қатынасып отырған адамның біреуіне істің мән-жайын, атап айтқанда, жауаптың қайшылықты тұстары жөнінде сұрақ қояды. Тактикалық тұрғыдан бірінші сұрақ тексеріп отырған фактіні дәлелдеп, растап отырған адамға беріледі. Ол өзінің осы факті бойынша бұрын берген жауабын растайтынын айтып, берген жауабын беттестіруге қатынасушы екінші адамның көзінше қайталап, баяндап береді. Беттестіруге қатынасып отырған екінші адам, бұл жауапты толық естігеннен кейін оны растайтынын немесе растамайтынын білдіреді, егер бекітпесе себебін айтып, өзінің бұрынғы берген жауабын қайталайды. Осыдан кейін тергеуші бірінші жауап берген адамға сұрақ қойып, екінші адамның жауабы жөнінде оның пікірін сұрайды. Беттестіру үстінде тергеушінің рұқсатымен беттестіруге қатынасып отырған адамдар бір-біріне сұрақ қоя алады. Бірақ мұндайда тергеуші бұл екі адамның бір-бірімен алдын ала өзара келісіп, істі жүргізуге бөгет болатындай сарында қоймауына мұқият назар аударады, егер қажетсіз, яғни іске тікелей қатынасы жоқ сұрақ қойылса, оны тоқтатып тастауы керек. Беттестіріп отырған адамдардың бір-бірімен сөз таластырып, айтысып кетуіне де жол берілмеуі тиіс. Өйткені беттестіруге қатысып отырған адамдар осы сәтті пайдаланып астарлы сұрақтармен алдағы қимыл-әрекеттерін бағдарлап ымыраласуы мүмкін. Беттестіру үстінде берген жауаптарды тергеуші хаттамаға жазып бекітеді. Беттесушілердің біреуінің жауабы хаттаманың оң жағына жазылса, екіншісінің жауабы қағаздың сол жағына жазылады. Кей жағдайда хаттаманы екіге бөлмей, жауап беру кезегіне сәйкес әуелі бірінші сұралған адамның жауабы, содан соң екінші адамның жауабы жазылады. Беттестіру үстінде берілген жауаптарды бекіту үшін кейде хаттамамен бірге дыбыс жазу аппараты да қолданылады.
VI-ТАРАУ. ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ ТАКТИКАСЫ
§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
Қылмыстық істерді тергегенде кей жағдайда жеке адамның, заттардың, бұйымдардың және басқа да объектілердің осы тергеліп жатқан қылмысқа байланысын анықтау үшін оларды жәбірленушіге, куәге тану мақсатымен ұсынып, көрсетуге тура келеді. Бұл объектілерді тану үшін көрсету тергеу әрекетінің қылмысты ашуда, іске керекті дәлелдемелерді тауып, жинауда маңызы зор. Себебі осы әрекет арқылы қылмыс жасаған адамның кім екені анықталады, іс бойынша қажетті заттай дәлелдемелер табылады. Бұл тергеу әрекетінің мағынасы – ол қылмысқа байланысты бұрын көрген объектіні танушы адамның өзінің ойында қалған осы объектінің белгілері бойынша танып, айыруы. Яғни, психологиялық жағынан алғанда бұл да криминалистикалық идентификациялау процесінің бір түрі. Мұнда да танушы адам өзіне көрсетіп отырған объектідегі белгілерді, өзінің бұрын көрген объектіні ойында қалған белгілерімен салыстырып, теңдестіріп, сол бойынша мына көріп тұрған объектісі бұрын көрген объектінің нақ өзі, немесе ол еместігін айырып, шешуі керек. Тану үшін көрсетілетін объектілер қатарына жататындар: адамдар, мәйіт, зат, бұйым, мал, кей жағдайларда пәтер, бөлме не жеке бір жерлер де көрсетілуі мүмкін. Тану үшін көрсету дегеніміз ол жәбірленушіге, куәге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету арқылы, осы объектіні оның бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер көрген болса, қашан және қандай жағдайда көргендігін, оны нақты қандай белгілері бойынша танитындығын айырып, шешу үшін жүргізілетін заңда көрсетілген тергеу әрекеті. Бұл тергеу әрекетін өткізудің қажеттігі тергеу үстінде алынған жауаптан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетінің жауап алумен көп ұқсастығы бар. Тіпті, бұрынырақ бұл тергеу әрекеті жауап алудың бір түрі есебінде саналып жүрді. Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінде бұл тергеу әрекеті адамның кім екені, яғни, заттарды танытқанда жауап алу деп аталып, жауап алудың бір түріне теңестірілді. Бірақ бұл тергеу әрекетін өткізудің психологиялық процесіне талдау жасасақ, ол криминалистикалық идентификациялау процесінің бір түрі ретінде идентификациялық қағидалар тұрғысында өткізіледі. Бұл тергеу әрекеті объектілерге тән белгілерді теңдестіруге негізделеді. Әдетте, көзбе-көз көріп тұрған белгілерді салыстыру арқылы идентификациялық сұрақ шешілмейді. Салыстыруға негіз есебінде алған белгілердің бір тобын танушы адам көзбе-көз көріп тұрса, салыстыруға қолданатын екінші белгілер, олардың бейнесі жаңағы танушы адамның ойында. Сол ойында қалған белгілерді көріп түрған белгілермен салыстыру арқылы танушы адам осы салыстырып отырған объектіні бұрын көрген не көрмегендігін шешеді. Тануға байланысты мұндай психологиялык процеске әр түрлі факторлар, себептер әсер етеді. Айталық, танушы адам осы тану үшін көрсетіліп отырған объектіні қандай жағдайда, қандай қашықтықта көрді, көргенінен бері қанша уақыт өтті, осыны көрген танушы адамның денсаулығы, эмоционалдық жағдайы қандай болды және т.б. Осылардың бәрі тану мүмкіндігіне көп әсер етеді. Сондықтан тану үстінде осы жағдайлардың бәрі ескерілуі қажет.
§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
Объектілерді тану үшін көрсетер алдында тергеуші біраз дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Осы жұмыстардың ұқыпты, мұқият жүргізілуіне бұл тергеу әрекетінің сапасы, нәтижелілігі, қорытындысының объективтігі тікелей байланысты. Жоғарыда айтылғандай, объектілерді тану үшін көрсетудің керектігі бұдан бұрын куәден, жәбірленушіден, не айыпкерден алынған жауаптарынан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетін өткізу қажеттігін, оны өткізу мүмкіндігін шешер алдында тергеуші осы адамдардың объектіні қандай жағдайда көргендігі, оның сол объектіні қандай жеке белгілері, ерекшелігі бойынша тани алатындығы жөнінде жауап алады. Бұдан соң бұл тергеу әрекетін қашан және қай жерде өткізу керектігін, өткізетін жерін, уақытын тағайындайды. Бұл мәселелерді шешуде тергеушінің объектіні тануға неғұрлым тезірек көрсету керектігін қатаң ескертуі тиіс. Өйткені уақыт өткен сайын куәнің (жәбірленушінің) ойында көрген объектінің бейнесі, белгілері ұмытылып, көмескіленуі мүмкін. Сонымен бірге бұл жұмысты асығыс өткізуге де болмайды. Себебі дайындық кезіндегі асығыстық тергеу әрекетінің сапасына керісінше әсер етеді. Тергеу әрекеті объектілерді көрсетуге қолайлы, ыңғайлы жерде өткізілуі қажет. Дайындық жұмыстарының ең бір күрделісі – көрсетілетін объектіге ұқсас объектілерді табу. Айталық: адамды тану үшін көрсетуде осы адамға сыртқы тұрпаты, пішіні, келбеті жағынан ұқсас дублерлерді, ал заттарды тану үшін көрсету кезінде жалпы белгілері сәйкес келетін ұқсас заттарды табу қажет. Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде бұған белгілі бір мамандарды қатыстыруға тура келеді. Айталық: мәйіттің кім екенін тану үшін оны көрсетуге тура келсе сот-медицина саласындағы маманды, ал объектіні танушы жасы жетпеген куә, жас бала болса педагогты қатыстыру керек. Дайындық үстінде тергеуші керек құрал-саймандарды, ғылыми-техникалық құралдарды әзірлеп алуы тиіс. Суретке не бейнежазбаға түсіру керек болса, фото-бейне аппаратын дайындап оны қолданып, түсіретін адамдарды тағайындау қажет. Тану үшін көрсетілетін объектілерге байланысты бұл тергеу әрекеті бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтқанда: адамның кім екенін тану, заттарды тану үшін көрсету, мәйіттің кім екенін, оның аты-жөнін білу үшін тануға көрсету. Малдарды тану үшін көрсету: белгілі бір жерді, не бөлмені, тұрғын-үйді тануға көрсету. Объектілердің түрлеріне байланысты оларды көрсету тактикасында да ерекшеліктер бар.
§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
Адамдардың кім екенін таныту үшін танушы адамнан алдын ала танылатын адамның сыртқы бейнесі, пішіні, киімі туралы, оны қандай жағдайда көргені жөнінде асықпай жауап алу қажет. Тану үшін көрсетілетін адам, өзіне ұқсас, кем дегенде екі адамның арасында, қалаған орында тұруы керек. Танушы адам тану үшін көрсетілетін адамды тергеу әрекеті басталғанша көріп қоймайтындай жағдай жасалуы тиіс.Танылуға тиісті адам кем дегенде екі адамның арасынан өзі қалаған орын алғаннан соң, танушы адамды кіргізіп: "Алдыңызда тұрған адамдардың ішінен кімді танисыз? Қандай нақты белгілері бойынша ол кісіні танитыныңызды түсіндіріңіз және қандай жағдайда кездескеніңізді айтып беруіңізді сұраймыз?" деп тергеуші ұсыныс жасайды. Танушы адам осы екі кісінің ортасында тұрған адамды тиісті жасалған қылмысқа байланысты белгілі бір жағдайда қалай көргенін, оны қандай белгілері, сыртқы бейнесінің қандай ерекшеліктері бойынша танығанын айтуы керек. Уақыт өткеннен кейін көрсетілген адамның сыртқы бейнесінде, әрине өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан көрсетілген адамды танығанмен оның бейнесінде қандай өзгерістер бар екенін де танушы адам толық айтып беруі тиіс. Осы тергеу әрекетін жүргізгенде танушы адамның өзіне көрсетілген адамды тануы сол адамның бейнесінде, пішінінде бар белгілерге негізделеді. Сол ойында қалған белгілерді, көріп тұрған адамның пішініндегі белгілермен танушы адам ойша салыстырады. Бұл сыртқы бейне және пішін белгілері криминалистикада – екі түрге бөлінеді. Біріншісін анатомиялық белгілер, ал екіншісін функционалдықне динамикалық,белгілер дейді. Анатомиялық (статикалық) белгілерге адамның бойы, дене құрылысы, бет әлпеті және дене мүшелерінің басқа ерекшеліктері жатады (басы, маңдайы, мұрны, аузы, ерні, иығы, қол, аяғы, т.б.). Функционалдық (динамикалық) белгілерге – дауысы, тіл ерекшеліктері, жүрісі, аяқ алысы және басқа да дене қимылының ерекшеліктері жатады. Адамдарды кім екенін тану үстінде, сонымен қатар кейде қосымша белгі есебінде оның киімі, көзілдірік киісі, сақал, мұрт қоюы, тағы басқа да жалпы бейнедегі барлық ерекшеліктері пайдаланылады. Танүшін көрсетуу жүргізілгенде осы көрсетілген белгілер бойынша белгілі адам танылса, оны бейнелеп, сипаттап айту кейде танушыға өте қиынға түседі. Осыған байланысты тергеуші криминалистикада қолданылатын адамды бейнелейтін әдісті – "ауызша суреттеу" әдісін қолдануы керек, яғни адамның келбетін, ауызша бейнелеу. Мысалы, бойы – биік, орташа, аласа бойлы; басы – үлкен, кіші; шашы – қою, сирек, қара, жирен; беті – жалпақ, сопақ; маңдайы – биік, кең маңдайлы, шот маңдай, төмен, т.б. Дене мүшесінде анатомиялык кемістік болса, олар ерекше белгілер есебінде есептеледі. Кісі тануда әр адамға тән, қалыптасқан дене қимылдары да жеке белгі есебінде пайдаланылады. Атап айтқанда: оның дауысы, сөйлеу мәнері, тіл ерекшелігі, жүрісі, аяқ алыс ерекшеліктері. Кей жағдайларда осы белгілерге ғана негізделіп кісіні тану үшін көрсетуге болады. Бірақ бұл динамикалық белгілерді өте оңай өзгертуге болатындықтан, мұндай көрсету көбіне тиісті нәтиже бере алмайды. Себебі танылатын адам даусын да, жүрісін де көрсету үстінде өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл белгілер, әдетте, анатомиялық белгілермен қоса көрсетіліп, пайдаланылады. §4. Мәйіттің жеке басын анықтау
Мәйіттің кім екенін анықтап, сөйтіп өлген адамның аты-жөнін білу үшін, ол тануы мүмкін делінген адамға көрсетіледі. Мұндай тану үшін көрсетудің өзіндік ерекшелігі бар. Басқа объектілердей емес мәйіт жеке көрсетіледі. Оны көрсетер алдында арнайы сот-сараптама жұмысы жүргізіліп, мәйітті кісі көретіндей жағдайға келтіреді (оны " мәйітті әрлеу" дейді). Тануға мәйітханада жатқан мәйіттің беті және басқа да дене мүшелері, әсіресе, ине шаншып әлеміштеген белгілер (татуировка) денедегі тыртық, басқа ерекше белгілері көрсетіледі. Танушы өлген адамның туысқаны, жолдасы, не басқа да таныс адамдары болуы мүмкін. Сондықтан мәйітті көріп, тану олардың көңіліне өте ауыр сезім туғызады. Осыған орай тану үшін көрсетер алдында сот сарапшысына мәйітті белгілі бір қалыпқа келтіруге ұсыныс жасалады. Тергеу тәжірибесінде кей жағдайларда, өздерінің хабар-ошарсыз кеткен туыстарын ²біреу өлтіріп кетті ме² деп күдіктенген тұлғаларға аты-жөні белгісіз мәйіткөрсетіледі. Егер олар мәйітті танып, оның кім екенін айтса, тергеуші осы жөнінде хаттама жазып, осы адамнан жауап алады. Мәйітті тану үшін көрсету тергеу әрекеті заңды түрде жүргізілсе тергеуші танушыдан мәйітті қандай бет келбетінің, дене кұрлысының ерекшеліктерінен танығандығы жөнінде анықтап сұрауы керек. Мәйіттің өзі ғана емес, оның жеке дене мүшелері де тану үшін көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы дене мүшесінің қандай ерекше белгілері бойынша танылғандығы анықталып, хаттамаға жазылады.
§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері Тергеу барысында, тінту жүргізілгенде, не сезікті адамды ұстағанда алынған заттарды жәбірленушіге, не куәге көрсету қажет болады. Мұндай жағдайда тергеуші осы адамдардан ұрланған заттардың белгілері туралы алдын ала жауап алып, анықтап сұрайды. Егер жауап беруші куә болса, одан ол затты қандай жағдайда көргені де сұралады. Тануға көрсету үшін бұл зат сол тектес басқа затгардың арасында танушыға көрсетіледі, егер ол көрсетілген затты таныса, оны нақты қандай белгілері бойынша танығандығы сұралып, анықталады. Кей жағдайда тану кезінде заттарды танушы адамның белгілі бір жағдайларға, не себептерге байланысты қате жауап беруі де мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Мысалы: танушы адам білімінің төмендігінен, көрсетілген киімнің қандай материалдан тігілгенін, оның бояуын немесе үлгісін дәл анықтап, айтып бере алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда алдын ала жүргізілген тергеу әрекеті негізінде алынған жауапты затты тану үшін көрсету кезіндегі жауаппен салыстырып, олардың бір-біріне сәйкес, не қайшы келетін жерлерін анықтау керек. Содан соң осы сәйкестік немесе қайшылыққа орай тиісті мамандарды шақырып, ақылдасқан жөн, ал заттарды танушы адамнан қайта жауап алып, одан алғашқы жауабында жіберген қатесінің себебін анықтап, мәселенің анық-қанығына көз жеткізу қажет. Тәжірибеде басқа да жәйттер кездеседі. Танушы адам затты тану үшін көрсету кезінде алғашқы берген жауабында айтылмаған ерекше белгілерді келтіруі мүмкін. Мұндайда ол мұны алғашқыда неге келтірмегенін дәлелдеп, негіздеуі тиіс.
§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері Кейбір қылмыстарды тергегенде тұрғын пәтерді, жеке бөлмені, ал кей жағдайда бір жер учаскесін көрсетуге тура келеді. Осындай объектілерді көрсету арқылы қылмыс жасалған жерді анықтап, білуге болады. Айталық, жәбірленуші қылмыс жасалған үйдің мекен-жайын білмейді. Бірақ пәтердің жасауы, бөлмелердің орналасуы және басқа ойында қалған белгілер бойынша қылмыстың осы пәтерде жасалғанын танып біле алады. Мұндай жағдайда оған осы пәтерге ұқсас тағы екі пәтер бірге көрсетіліп, жәбірленушінің айтқаны тексеріледі. Жеке жер учаскесі де осындай әдіспен көрсетілуі арқылы қылмыстың қай жерде болғандығы анықталады. Әдетте, пәтер мен жер ең соңында көрсетіледі. Мысалы, әуелі қылмыс болды-ау деген жер мен пәтер емес, осыған ұқсас пәтер мен жер көрсетіледі. Қорытындысын танушы адам ақырында бәрін көріп біткеннен соң айтуы тиіс.
§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері Әр малдың өзіне тән сыртқы белгілері бар. Сондықтан малдың ұрланғаны туралы қылмыстық іс қозғалғанда оның осы сыртқы белгілерін білетін жәбірленушіге немесе куәге тану үшін мал да көрсетіледі. Көрсету объектісі ретінде малдың өзімен бірге оның мүшелері – басы, сирағы, тұяғы, терісі, т.б. пайдаланылады. Тергеу әрекетінің бұл түрін қолданғанда да жалпы заңдылық қатаң сақталуы тиіс. Айталық, мал тек ұрланған малдың сыртқы белгілерін жақсы білетін адамдарға ғана көрсетілуі тиіс. Тіпті, кейбір қажеттілік туған кезде малдың тұқымын, жасын дәл анықтау үшін бұған арнаулы мамандар, мысалы, мал дәрігерлері де шақырылады. Мұндайда танушы адамдар бұрын жауап алынған куәлер, жәбірленушілер, сезіктілер де болуы мүмкін. Сондықтан ұрланған малдың белгілері туралы бұрын жауап алынбаған адамдардың дәлелдемелері айғақтық мәнге ие бола алмайды. Сондай-ақ, көрсету кезінде малдың көруші адамға байқатқан мейірім райының мәні үлкен болғанмен, ол да айғақ ретінде пайдаланылмайды. Ұрланған мал соған ұқсас малдармен бірге көрсетілуі тиіс. Әдетте, малдың иесі ұрланған малының ерекше белгілерін, оның мінезін, табиғатын жақсы біледі. Одан күткендегідей жауап ала алуы үшін тергеушінің де мал шаруашылығынан белгілі бір дәрежеде білімі болуы тиіс. Өйткені жауап мал шаруашылығында қалыптасқан, малдың дене мүшелерінің орналасуының, дамуының ғылыми жүйесіне негізделіп алынады. Ең алдымен: малдың тұлғасы, тұқымы, жасы т.б. басты белгілері сипатталады. Содан соң жеке белгілері – басы, көзі, құлағы, тісі, кеудесі, т.б. бейнеленеді. Одан әрі ерекше белгілері – салынған ендері, жарақаттан қалған тыртықтары, т.б. көрсетіледі. Сондай-ақ, ұрланған малдың иесіне кездескен кезде байқататын мінез-қылықтарының да маңызы зор. Тергеуші мұның бәрін де назардан тыс қалдырмауы тиіс.
§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері Адамды бетпе-бет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда ол оның фотобейнесін көрсету арқылы танытылады. Мұндай әдіс танушы немесе танылушы қылмысты істі тексеретін органнан шалғай қашықтықта жүрген, сезікті немесе айыпталған адам тергеуден немесе соттан жасырынған, жәбірленушінің қайтыс болғандығын немесе хал үстінде жатқандығын, жерленгеннен кейін марқұмның түр-тұлғасын анықтау қажет болған және басқа да жағдайда қолданылады. Фотобейненің негізгі немесе жекелеген белгілері мүлдем өзгертіліп кететіні, сондықтан объектіні тану қиындыққа түсетіні тану үшін көрсету кезінде жиі кездеседі. Бұл көбінесе сурет түсірілген кездегі жағдайға, суретке түсірушінің шеберлігіне, суреттің, өңделуіне, сондай-ақ суретке түсірілгеннен кейін арада көп уақыт өткендігіне байланысты болады. Сондықтан мүмкіндігінше өнделген не ескірген суреттерді танушыға көрсетпеген дұрыс. Куәден жауап алған кезде, суреттің иесін анықтаудың да мәні зор. Танытылатын сурет осыған ұқсас басқа суреттерге қосылады, содан соң олар жалпақ қағаздың бетіне жапсырылады да, әрқайсысы жеке-жеке нөмірленеді және әрбіреуіне тергеу органдарының мөрі басылады, фотосуретке тергеушінің қолы қойылады. Осы күйінде ол танушыға ұсынылады. Егер көрсету кезінде танушы суреттің бірін көрсетсе, одан объектіні қандай белгілеріне қарап танығанын, суреттегі белгінің жаңағы адамның есіндегі белгілерге қалай сәйкес келетіндігін түсіндіру сұралады. Осылай тәптіштеп жауап алу арқылы танушының дәлелдемесін анықтауға болады. Мәйіттіңсуретін көрсеткенде ғана мұндай ұқсас суреттер іріктелмейді, яғни танушыға тек мәйіттің суреті ұсынылады. Қазір жеке объектіні анықтау үшін фотосуреттерді жинақтап және бейнені қолмен салып, сондай-ақ бас сүйекті қайта құрап түсірілген суреттер де көрсетіліп жүр. Бірақ азаматтарға ұсынылған мұндай суреттерді танудың негізі ретінде қабылдауға болмайды, өйткені қылмыстық іс жүргізу заңдылығы бойынша тек тікелей объектінің өзі немесе оның фотосуреті ғана тану үшін көрсетілуі тиіс. §9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
Тану үшін көрсетудін барысы және нәтижелері туралы хаттамада жазылады. Хаттама үш бөліктен – кіріспеден, баяндау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде объектіні тану үшін көрсетілген жер мен уақыт, бұл әрекетке қатысқан басқа да адамдар туралы мәліметтер көрсетіледі. Онда сондай-ақ көрсетуге ұсынылған ұқсас адамдар мен заттардың сыртқы белгілері суреттеледі. Хаттаманың бұл бөлігінде қатысушыларға бұл тергеу әрекетінің мәні түсіндірілгені, куә мен жәбірленушінің жауап беруден жалтарғаны немесе жалған жауапбергені үшін жауапты екендігін ескертілгені туралы айтылады. Жауап диктофон жазбасына жазылатын болса, бұл туралы да танушыға ескертілгені баяндалады. Хаттаманың баяндау бөлігінде тану үшін көрсетілген жердегі жағдай, көрсетілген адамдардың (заттардың, малдардың) қалай орналастырылғаны, жарықтың қалай түскені мен күші, уақыты туралы мәліметтер жазылады. Одан әрі танушының, дәлелдемелері қағазға мүмкіндігінше егжей-тегжейлі түсіріледі. Тергеушінің ақиқатты анығырақ аша түсу үшін қойған сұрақтары, әдетте, хаттамада көрсетілмейді, ол жалпы әңгіме түрінде беріледі. Егер объект танылмаса хаттамада мұны танушының баяндағаны айтылады. Айталық: ол мұнда ізделген объектінің жоқтығынан әрекетке қатысушылардың бірде-бірі оны танып, көрсете алмады немесе ешкім объектіні есіне түсіре алмады десе мұның бәрі танушының айтуымен, бірінші жақта беріледі. Хаттаманың қорытынды бөлігінде қолданылған ғылыми-техникалық құрал-жабдықтар туралы көрсетіледі. Бұл бөлікте қатысушылардың тану үшін көрсету кезіндегі тергеушінің әрекетіне және басқа да жекелеген жағдайларға байланысты ескертулері айтылады. Мысалы, танушы хаттамада танудың дұрыс-бұрыстығы туралы жазылғанын қаласа, ол қысқаша түрде көрсетілуі тиіс, хаттамаға тергеу әрекетіне қатысушылар қолдарын қояды. Хаттамаға тіркелген фотосуреттер кестеленіп, оны тергеуші куәландырады. Әртүрлі объектілерді тану үшін көрсетудің нәтижелері бойынша сезіккелтіруші мен айыпталушының айыбын ашатын немесе ақтайтын дәлел де, жанама да дәлелдемелер алынуы мүмкін. Алайда, мұны негізге алу үшін тергеушінің бұл нәтижелерді қайтара өте мұқият тексеріп алғаны жөн. Ол оның алдында басқа да тергеу әрекеттері кезінде алынған немесе жаңа дәлелдемелермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндайда сараптама, тергеу эксперименті, окиға болған жерді қарау тағы басқа да тергеу әрекеттері қолданылады. VII–ТАРАУ. АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУ ТАКТИКАСЫ §1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі Қылмыстық істерді тергеу үстінде көп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердің берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді. Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді оқиғаның болған жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындыққа жата ма, жоқ па деп сынап көреді. Осындай қарау үстінде жауапта айтылған жерді, онда орналасқан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар жөнінде толық ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру арқылы, оқиғаның болу жолын, осы жердің ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мұндайда қандай іздер қалады, олар қай жерде қалуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелдемелер тауып алуы мүмкін. 1960 жылға дейін процесуалдық заңда мұндай тергеу әрекеті жоқ болатын. Бірақ айғақты оқиға болған жерге шығып анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде колданылатын, оны жауап алудың жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін. Кейінірек бұл іске керекті дәлелдеме іздеу әдісі дербес процесуалдық тергеу әрекеті есебінде заңда көрсетіліп, тергеуде жиі қолданылатын болды. Әрине, бұл тергеу әрекетін жүргізгенде басқа тергеу әрекетінің кейбір элементтері, әдістері де қолданылады. Бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде жауап та алынады, іздерді қарау әдістері де қолданылады, кей жағдайда тергеу тәжірибелері де өткізіледі. Осыған байланысты бұл тергеу әрекеті жауап алумен де, оқиға болған жерді қарау, тергеу экспериментімен де көп ұқсастығы бар. Бірақ мұнда тергеу әрекетінің тек жекелеген кейбір әдістері ғана аралас қолданатындықтан айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау өзіне тән ерекшеліктері бар, дербес тергеу әрекеті деп саналады. Айталық, оқиға болған жерде тергеудің жауап алудан айырмашылығы мынада: оқиға болған жерде тексеру айғақ адамдардың қатысуымен жүргізіледі, жауапта көрсетілген деректер оқиға болған жерде қайтара тексеріліп, кейбір жауаптағы мәліметтерді қимыл-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тану үшін көрсету тергеу әрекетімен салыстырғанда, айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың ерекшелігі – танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілерді танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы өзі байқаған кейінгі өзгерістерді де баяндайды, өзінің, кейде оқиғаға басқа да қатысушылардың жекелеген әрекеттерін қимыл үстінде көрсетеді. Бұл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындықты анықтай түсу, жаңа дәлелдемелер алу мақсатында тергеуші оқиға болған жерді, жекелеген объектілерді жауап берушіні қатыстыра отырып тексереді, егер қажеттілік туындаса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп, пысықтайды. Егер тексеру кезінде айғақтық жаңа заттар, іздер табылса тергеуші оны да іске пайдаланады. Бір мысал келтірелік: А. бір пәтерде мүлікті ұрлағаны үшін жауапқа тартылды. Тағылған айыпты мойнына алып, қылмыс жасаған жерін көрсетуге ықыласын білдірді. Осыған байланысты оқиға болған жерге келгенде А. есікті қалай бұзғанын, құлыпты қайда лақтырғанын, ондағы заттарды қай жерлерден (шкафтан, серванттан, т.б.) алғанын пәтер жабдықтарының нақты қай жерде тұрғанын көрсетіп берді. Айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, сондай-ақ алдын ала тергеу кезінде берген жауаптың шындыққа жататынын не жатпайтынын анықтауға көмектеседі. Айталық, сезікті адам өзінің оқиғадан бұрын осы жердегі алдында тұрған ордан секіріп, тоғай жаққа кетіп қалғанын алдында берген жауабында айтқан болатын. Оқиға болған жерге келіп, қай ордан секіріп тоғай жаққа кеткенін көрсетуге келгенде 4м. ордан секіріп кетуге болмайтындығына көзі жеткен соң шьндығын айтуға тура келді.
§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
Куәден бе, жәбірленушіден бе, жоқ әлде айыпкерден бе кімнен жауап алынатынына орай айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау үстінде әр түрлі әдістер қолданылады. Сондай-ақ, дайындық жұмыстары жүргізілгенде қолданылатын тактикалық әдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге кірісер алдында тергеуші жоспар құрған кезде мұны мұқият ескеруі тиіс. Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, қылмыстық істің жедел-іздестіру шаралары кезінде жиналған материалдары мұқият зерттелуі тиіс. Егер тергеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса тергеу әрекетін өткізу жоспарын нақтылау үшін ол сол жерге алдын ала барып, алдағы жұмыстың бүкіл барысын пысықтауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде өткізілетін болса, оған қатысушылар онда дер кезінде жеткізілетін көліктің түрлері әзірленіп, тексерудің қай кезінде кімді қай жерге, қандай мақсатта орналастыру қажеттігі айқындалуы қажет. Әзірлік кезінде. жедел топтың құрамы белгіленеді. Оның құрамына тергеуші және жедел - іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірге ізге ит салатын кинолог, сондай-ақ маман-криминалист, сот-сарапшысы басқа да қажетті мамандар енгізілуі мүмкін. Содан соң куәгер адамдар қатыстырылады. Оларды іріктегенде тексерілетін істің күрделілігі ескерілуі тиіс, өйткені олар тексерудегі жағдайды түсініп, есте сақтай алатындай, кейін қажеттілік туындаса жүргізілген әрекеттің мазмұны мен нәтижесін баяндап бере алатындай болуы керек. Егер қосымша куәлерді бір жерге бірнеше рет шақыру қажет болса, олардың екінші қайтара шақырылмауын ескерген жөн. Куәні немесе айыпталушыны оқиға болған жерге олардың келісімімен ғана шығару керек. Әзірлік және тексеруді өткізу кезінде айыпталушының оқиға болған жерге баруға ішкі есеппен келісім беруі де мүмкін екендігін, оның ақиқатты ашуға шын ниетімен көмектесуге ықылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден сытылып, құтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен байланыс орнатуға, оқиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге немесе тергеушінің әлі неге назар аудармағанын білуге тырысатынын естен шығаруға болмайды. Аталған тергеу әрекетіне әзірлік кезеңі әрекетке қатысушыларға тиісті нұсқау берумен аяқталады. Онда тергеу әрекетінің мақсаты мен тәртібі, қатысушылардың құқығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, екі мәселеге айрықша назар аударылады: а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бұрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді; ә) барлық ұйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді; б) жауабы тексерілетін адамға сұрақ тек тергеушінің рұқсатымен беріледі, қандай әрекет болсын ол тек тергеушінің нұсқауымен жасалады. Тергеуші де өз әрекетіне өте мұқият қарауы, яғни өзіне икемдейтіндей әрекеттен немесе сұрақтан сақтануы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, айыпталушы немесе куә тергеушінің айтқанына ілесіп, оның сұрақтарын мақұлдай беретін болса тергеу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тергеу кезінде тергеушінің ақиқатқа көзі жеткен, тек оны оқиға болған жерде "нықтай" түсу қажет болғанда ғана мұндай әдістің қолданылуы мүмкін. Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды өзі анықтап, тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі керек. Бұл белгілі бір объектілерді көрсетуге де қатысты. Айталық, айыпталушы қылмыс жасаған бөлмеге оның қай терезесінен кіргенін көрсетуі тиіс делік. Мұндайда: "Сіз мына терезе арқылы кірдіңіз бе?" деп сұрақ қоюға болмайды. Өйткені мұндай сұрақ жауап берушіні тергеушінің ыңғайына құлауына итермелейді де, ақиқат толық ашылмай қалуы мүмкін. Ал, егер тергеуші айыпталушының бөлмеге осы тереземен кіргеніне сезік келтірсе, ол айыпталушыдан болған оқиғаны қайталап көрсетуін сұрайды. Мұндайда, айыпкер жалған жауап берсе, абыржып, айтқанын дәлелдей алмауы немесе шындықты мойындауы мүмкін. Тергеу әрекетінің, бұл әдісінде де оның нәтижесі хатталады. Мұнда басқа да тергеу әрекеттеріндегідей ортақ тәртіппен бірге аталған әрекеттің өзіндік ерекшелігі, яғни: а) тексерудің, немесе дәлелдеменің оқиға болған жерде пысықталуының қандай мақсатпен жүргізілгенін түсіндіруге; ә) жәбірленушінің немесе айыпкердің оқиға болған жерге баруға өз еркімен келісім бергенін жазу; б) айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауға қатысушылардың жүрген жолының бастауы көрсетіліп, жауабы тексерілетін адамның түсініктемесі келтіріле отырып жазылған тергеу жолы; в) оқиға болған жерді және ондағы заттарды танығаны бойынша барлық әрекеттерге берілген түсініктемелер мен баяндауларды келтіре отырып, жол үстінде тоқтаған жерлер мен оның соңғы бітетін тұсын белгілеу; г) түсірілген фотосуреттер, видеожазбалар, жасалған жоспар туралы жазбалар, т.б. ескерілуі тиіс. VIII-ТАРАУ. ҰСТАУ ТАКТИКАСЫ
§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
Ұстау дегеніміз – қылмысты жасауы мүмкін деген сезікті адамды, оның кінәсі анықталып, айып жариялағанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жүргізілетін, занда көрсетілген тергеу әрекеті. Қылмыс үстінде немесе кейін қылмысқа тікелей қатысты қолға түскен, көзімен көргендер, оның ішінде жәбірленушілер, жаңағы адамды қылмыскер ретінде көрсеткен, сезік келтірген адамның денесінен не киімінен немесе оның тұрған үйінен жасалған қылмыстың іздері табылған жағдайда ол адам тұтқынға алынады. Заң бойынша егер қылмыс жасады деуге негіз болатындай басқа да деректер кездескен, ол адам қашуға әрекет еткен немесе оның тұрақты мекені болмаған, сондай-ақ сезік келтірушінің аты-жөні анықталмаған жағдайда ғана ұсталуы тиіс. Сондай-ақ егер анықтау органдары жедел-іздестіру немесе қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес басқа да шараларды жүзеге асырғанда қылмыс жасаған адам анықталса оның ұсталуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қылмыс жасады деп сезік тудырған адамды ұстау үшін прокурордың рұқсаты талап етілмейді. Анықтау органы тек сезіктелушінің қандай негізде ұсталғанын көрсетіп хаттама жазуға және бұл жөнінде заңда көрсетілген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға міндетті. Негізсіз ұстау заңдылықты өрескел бұзғандық болып есептеледі. Сондықтан бұған мейлінше сақ болу керек. Егер қылмыстық іс тергеу үстінде болса, онда қылмыс жасағаны туралы сезік тудырған адамды ұстау мәселесін ең алдымен тергеуші шешеді. Ұстаудың тактикалық әдістері криминалистика ғылымында тәжірибеге негізделіп жасалады. Тактикалық жағынан, сезік тудырушылар жеке-жеке және тобымен ұсталуы мүмкін. Тобымен ұстау көп жағдайда қиынға түседі. Ұстаудың мұндай түрінде сезіктелуші және оның сыбайластары тобымен немесе жалпы қылмыстық іске қатысы жоқ, дегенмен, әр түрлі себептермен қылмыс жасалған жерде бірге болған бірнеше сезік тудырушылар бір мезгілде күзетке алынады. Сондықтан оларды тобымен емес жеке-жеке, яғни олар әр жерде бөлек жүрген кезде ұстау тактикалық жағынан тиімді. Бұл мақсатта алдын ала қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуі мүмкін.
§2. Ұстауға әзірлік
Ұстауға әзірлік дегеніміз не? Ол ұсталуға тиісті сезіктелушінің жеке басын, оны ұстау көзделген жердің жағдайын зерттеу; ұстаудың жоспарын жасау; жедел топты жасақтау, жабдықтау және оған нұсқау беру. Ұсталуға тиісті сезік тудырушының жеке басын зерттегенде қылмыс жасаған кездегі оның әрекетінің қаншалықты қатыгездігі, қауіптілігі, оның бойында қаруының бар-жоқтығы, бұрын ауыр қылмыс жасаған не жасамағандығы, сондай-ақ бұған дейін «полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен жоқ па, дәл қазір оның осындай әрекетке баруы мүмкін бе², міне осы мәселелердің бәрі егжей-тегжейлі зерттеледі. Осыған қоса, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі, өмір салты, мінез-құлқы, уақытын қайда, қалай өткізетіні, әдетте, қайда, қалай жүріп баратыны, қылмыстық байланысы, т.б. тексеріледі. Аталған әрекеттер ұстау кезінде қылмыскердің қалай әрекет ететінін дәл болжап, соған орай тиімді қимыл жасау, яғни жедел топтың, әрекет мәнерін дұрыс жоспарлау, ұсталатын жер мен ұстау уақытын дұрыс белгілеу, тиімді тактикалык әдісті іріктеу, жедел топтың сандық құрамын дәл анықтау үшін қажет. Сезік тудырушыны ұстау көзделген жерді зерттеу арқылы жедел топ ұстау кезінде төңіректі еркін болжап, батыл қимылдай алады, топ мүшелеріне нақты жағдайға орай міндет жүктеледі, бақылау нүктесі, көлік қоятын жер белгіленеді, қозғалыстың бағыты анықталады. Егер қылмыскерді белгілі бір құрылыс ішінде ұстау көзделсе, оның құтылып кетпеуі үшін осы құрылысқа кіретін не шығатын барлық жерлерді, бөлмелердің қалай орналасқанын, терезелерін, баспалдақтарын, қосалқы құрылыстарын алдын ала тексеру, құрылыс маңындағы жабынды жерлерді, бұта, ағаштарды, тығылуға болатын басқа да барлық орындарды анықтау керек. Егер қылмыскер ашық жерде ұсталса сол маңдағы көшелерді, жекелеген бұрылыстарды, аула ішіндегі іргелі қуыстарды, қала көлігі жүретін, бұта арасына, жыра-сайларға, тоғандарға апаратын жолдарды алдын ала қарап шығып, есте ұстау қажет. Қылмыскерді ұстайтын жерді жедел топтың жетекшісі тікелей өзі зерттейді. Содан соң оның схемалық жоспары жасалады, ол ұстау тактикасын белгілеу және жедел топ мүшелеріне нұсқау берер кезде пайдаланылады. Әзірлік барысында қажетті мәліметтер жиналған алғашқы материалдардан, қылмыстық істегі деректерден, жедел-іздестіру деректерінен, қылмысты тіркеу жүйесінен, архивтерден және басқаларынан алынуы мүмкін. Жиналған осындай мәліметтердің негізінде қылмыскерді ұстаудың жоспары жасалады. Онда ұстау мерзімі мен ұсталатын жер, кімнің қандай шараларды жүзеге асыратыны, жедел топты кімнің басқаратындығы көрсетіледі. Тобымен ұстау қажет болғанда жоспарда жедел топтың нақты қай мүшесі нақты қай қылмыскерді ұстайтыны дәл белгіленуі тиіс. Кей жағдайда, әсіресе ашық жерде қолға түсіру көзделген кезде, жедел топтың құрамына із кесетін иттерді де кіргізген жөн. Із кесетін ит қылмыскердің соңына түскенде, оны үй астынан, төбеден, үй маңындағы қосалқы құрылыстардан, ашық жерлерден іздегенде, қылмыскер қарулы қарсылық көрсеткенде қажет. Кейбір жағдайларда, мысалы: іздеу, соңына түсу, күзетпен айдап жүру, тағы басқа қажеттілікке орай жоспарда қылмыскерді көзбе-көз көргендердің, жәбірленушілердің, қоғамдық өкілдердің, лауазымды адамдардың көмегі де пайдаланылады. Мұндайда көмектесушілерге қылмыскердің ешқандай зақым келтірмеуі үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қолдануы керек. Полиция қызметкерлерінің қылмыскерді ұстайтын жерге қандай көлікпен, қандай жолмен жүріп баратыны да жоспарланады. Және мұны жоспарлағанда қылмыскердің полиция қызметкерлерін жол үстінде басқа жолаушылардан айырьш, танып қалмайтынына айрықша назар аударылады. Көлік, байланыс құралдары тиісті жерге дер кезінде жеткізіліп, көзден тасаландырылады. Бұған қоса қылмыскерді ұстағаннан кейін көлік тұрған жерге, одан соң полиция бөлмесіне жеткізетін жол белгіленеді. Өйткені сыбайластарының жолшыбай қылмыскерді туысқандарымен және басқа да таныстарымен кездестірмеуі үшін мұның маңызы зор. Бір мезгілде әр жердегі бірнеше адамды қатар ұстау қажет болған кезде қылмыскерлердің бір-бірімен кездестірілмеуі көзделеді. Олар тергеу орнына әр түрлі жолмен, әр түрлі көлікпен жеткізіледі және алғашқы тергеу жүргізілетін камераларға жеке-жеке қамалады. Жоспарда сондай-ақ жедел топтың қандай техникалық-криминалистикалық құралдармен жабдықталатыны көрсетіледі. Сонымен бірге, жедел топ мүшелерінің бір-бірімен қалай байланыс жасайтыны анықталуы тиіс. Бұл мақсатта жедел топтың автокөлігіндегі де, мотоциклдеріндегі радиоқондырғылар, жақын маңдағы телефондар және басқалары пайдаланылады. Ұстауға әзірлік жедел топқа нұсқау берумен аяқталады. Өйткені топтың барлық мүшелері өздеріне нақты қандай міндет жүктелгенін, яғни кімді, қашан, қай жерде ұстайтынын дәл білуі керек. Ол үшін оған ұсталатын адамның барлық белгілері, басқа да қажетті деректер толық айтылады. Егер топ мүшесінің қолында қылмыскердің суреті болса сонымен салыстырады, сондықтан мүмкіндігінше, топтың әр мүшесінде ұсталатын адамның суреті болғаны жөн. Жедел топтың мүшелері кімге, қай жерде бақылау жасайтынын, қылмыскер жасырынған жерге кімнің, қалай кіретінін, қылмыскерді қарусыздандыру үшін кандай қимыл жасайтынын, қылмыскер қарулы қарсылық көрсетсе не істеу керектігін, ұсталғаннан кейін қылмыскерді қалай алып жүру қажеттігін мүқият еске тоқып алуы тиіс. Нұсқау кезінде жедел топтың әр мүшесінің атыс қаруын қалай қолданатыны тексеріледі. Топ мүшелеріне қылмыскермен тілдеспеуді, қылмыскердің ұсталғаны, сондай-ақ ұстау мен тінтудің нәтижесі туралы құпияны жария етпеуі ескертіледі. Жедел топтың мүшелеріне, сонымен бірге, егер ұстау кезінде бұрынғы белгіленгеннен басқа жағдайларға тап болса, айталық, ұсталатын адам көрсетілген жерде жоқ болып шықса немесе онда бір немесе бірнеше қылмыскер қарсы кездессе қандай шешім қабылдау, қосымша күшті қалай шақыру қажеттігі түсіндіріледі. Тәжірибеде мұндай жәйттер жиі кездеседі. Сондықтан әзірлік кезінде ұстаудың бірнеше әдістері жасалады және ол алдын ала пысықталып, зерделенеді.
§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
Тәжірибеде байқалғандай, ұстаудың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оның тактикалық әдісі де әр түрлі. Алайда, мұның өмірдегі қолданылуын талдай келе, күдік келтірушілерді жекелеп те, топтап та қолға түсірудің сыннан өткен, үлгі ретінде қолданылатындай ортақ әдістерін бөле айтуға болады. Ұстаудың тактикалық әдісін ұсталатын жерге орай қарау қалыптасқан. Сонымен қатар, қылмыскердің алдын ала әзірлік жүргізу арқылы және жағдай талап еткендей, ешқандай дайындықсыз-ақ ұсталатынын естен шығаруға болмайды. Алдын ала әзірлікжүргізу арқылы қымыскер ашық жерде, қоғамдық орындарда, айталық, мейрамханада, мәдениет орындарында, адам көп жиналатын сәулетті ғимаратгарда, қылмыс жасалған жерге барар жолда, ұрланған мүліктер жасырылған жерде, қылмыс жасалған жерде, жұмыс орнында, тұратын мекен-жайында ұсталуы мүмкін. Қылмыскерді ашық жерде кенеттен ұстаған жеңіл. Өйткені ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерін көпшіліктің арасынан айыра алмай қалады. Дегенмен, сонымен бірге, мұндайда қылмыскердің қарулы қарсылық көрсетуі, сөйтіп, айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкіңдігін де ескерген жөн. Сондыктансезік келтірушініңоқшауланып, жеке шыққан сәтін пайдаланып кенеттен қолғатүсіру керек. Ол үшін полицияның кем дегенде үш қызметкері сезіктелушіге жақындап, оған ойда жоқта тап береді де, оны қарусыздандырады, ал үшіншісі қаруын әзірлеп, қандай жағдайға болсын дайын тұрады. Өйткені, қылмыскер қарсы қарулы әрекет жасауы немесе бойындағы заттай дәлелдемелерді, құжаттарды жоқ қылып жіберуге тырысуы әбден мүмкін. Мұндайда, әрине қылмыстының күш-қайратьш алдын ала ескеріп. оған сан жағынан да, айла жағынан да басым күшті жұмылдыру қажет. Бір топ қылмыстыны ашық жерде ұстау үшін де жеке қылмыстыны ұстағандай әдіс колданылады, тек одан өзгешелігі әр қылмыскерді ұстауға жедел топтың жеке арнаулы қызметкері бөлінеді. Жедел топтың жетекшісі, мейлінше, ұтымды сәтті күтіп, сол сәт соққанда қимылға кірісуге бұйрық береді. Оның қарауында кез келген уақытта көмекке ұмтылатын қосымша күш әзір тұрады. Саябақтағы орманды алаңқайда, орман ішінде, далалық жерлерде қылмыстыны ұстаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мұндай жерлерді сүзіп шығуға тура келеді. Ол үшін аталғанаумаққа алдын ала оған кіретін жолдардың бәрі анық көрініп тұратындай етіп бақылаушылар қоршай орналастырылады. Бұл жер учаскелерге бөлініп, топ мүшелеріне кесіліп беріледі. Бір-бірімен, әсіресе кешкі және түнгі сағаттарда байланысып тұру үшін топ мүшелері арасында құпия хабарласу белгісі белгіленеді. Аталған жерді сүзіп шығу алдын ала келісілген белгі және бағыт бойынша қатаң тәртіппен басталады. Жедел топтың мүшелері жыра, шұңқыр, сондай-ақ қалың шөп, жыңғыл өскен, басқа да жасырынуға ыңғайлы жерлерді сүзіп, қылмыскердің қалдырып кетуі мүмкін іздерін, шындықты ашуға себепші әр түрлі заттарды (темекі тұқылын, шырпы қорабын, бүктеме қағаздарды, т.б.) іздейді. Із кесетін иттердің қимылындағы өзгерістерді қалт жіберуге болмайды. Сондай-ақ құстардың әдеттен тыс мазасыздануына да назар аударған жөн. Өйткені сол арқылы қылмыскердің қай жерге тығылғанын, қайда бет алғанын болжауға болады. Жерді сүзіп шығатын топтың құрамына сол аймақты жақсы білетін адамдар енгізіледі. Егер тексерілетін учаскелердің бірінен қарсылық байқалса, басқа учаскедегі топтар алдын ала келісілген жоспар бойынша әрекет етуге міндетті. Қылмыскер кәп жағдайда қылмыс жасауға бара жатқан жерінде ұсталады. Мұндайда қылмыс жасау ниетімен бағыт түзеген адамның соңына бақылаушы, қылмыс жасалуы мүмкін жерге қоршау қойылады. Өйткені жедел топтың назарына ілікпеген сырт күштің де қьлмысқа араласуы мүмкін. Қоршау, міне осындай әрекеттің алдын алуы тиіс. Егер ұрланған зат табылып, бірақ оны ұрлаушы белгісіз болса, қылмыскерді ұстау үшін жаңағы жасырылған бағалы заттың маңына күзет қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мұны білетін адамдардың мейлінше сақ болғаны жақсы. Күзет көбіне ұрланған заттың жасырылған жерін білетін адам анықталғаннан және онымен бұл туралы ешкімге тіс жармауға келіскеннен ке Поиск по сайту: |
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.034 сек.) |